Қ а з а қ сср ғ ы л ы м а к а д е м и я с ы м. О. ӘУезов атындағЫ



жүктеу 0.78 Mb.
Pdf просмотр
бет11/12
Дата09.01.2017
өлшемі0.78 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

ДАРЫН ИЕЛЕРІ 
(Халық ақындарының республикалық 
мдслихатынан) 
Осынау үлкен төрде Кенен ақсақал отыр. Жылдар 
жүгі жыға алмаған биік еңсесі топ ақынның тең ортасы-
нан Талғар шыңындай асқақ көрінеді. Өлең-жырдың Ке-
нені. Өз елінің Кенені. Ол кәрі домбырасын қағып-қа-
ғып, тау қыранындай қомданып, салалы саусақтарымен 
беліне төгілген күміс сақалын желпіп қойып, алысқа көз 
тастайды. Асыл жырдың ағылар шағы. Алатау етегіндегі 
астана биігінен оған туған жердің ұлан-асыр кең даласы, 
дарқан шежіресі кітап бетіндей жайылып жатыр. Оның 
Тяньшань сілемдеріндей қатпар-қатпар әжім сайларыи-
да халық өмірінің, қазақ даласының талай сырлары мен 
жырлары, талай оқиғаға куә боларлық асыл ескерткіш-
тері жатқан тәрізді. Міне, бебеу қаққан «Кенен әуені» 
домбыраның сағағына барып тоқтады да, жаппасын аш-
қан арық суындай ағынды жыр, әлгі бір сәтте нар дене-
сін құрсандыра, тұла бойды шиыра торлаған кең ойлар-
дың құлама тасқыны жез көмейден ағыла жөнелді. 
Ол бақытты заманды, Космосқа ұшқан адамды, ком-
мунизмнің нұрлы сарайына жақын қалған Советтік Ұлы 
Отанын жырлайды. Кейінгі халық ақындарын, талапкер, 
талантты жастарды соған шақырады. Оның әр шумағы 
құнарға тамған нұр тамшыдай жұрт ойында гүл боп 
еседі. 
Онымен тізелес майталман ақын Майасар отыр. Тоқ-
саннан асса да, дауысы элі зор, тұйғындай ширақ, қияқ 
мұрт, шоқша сақалды қадірменді ақсақал. Ол Қараған-
дының Шет ауданында тұрады. Мынау алқалы жиында 
206 

сол өз ауданының, өз колхозының жайқалып өскен жа-
сыл дария мол егінін жырға қосады Майекең. Жалпыла-
ма сыпыртпай, бет көбігін лепіртпей, шаруаны білетін, 
өмір талабын түсінетін, егінші тұрмысының, ерлік еңбе-
гінің егжей-тегжейін саралап ұғынған, қартайса да со-
лардың нақ ортасында болған адамның тілімен сөйлеп 
отыр. Қария ақынның ең үлкен қасиеті де осында. Иә, 
бұл ғажап нәрсе емес, өз елімен біте қайнасып, оның ең 
игі қасиетін жанымен ұққан халық ақыны қартайдым деп, 
ошақ басында жантайып жата алмайды. Бұл Жамбыл-
дан қалған дәстүр. Майасар сөзінің дәмді, салмақты бо-
луы да осыдан. 
Кенен, Майасар бастаған бір топ ақын Қазақ ССР 
Ғылым академиясының Мұхтар Әуезов атындағы Әдеби-
ет және өнер институтының шақыруымен Алматыда үш 
күн болды. Отыздан астам халық ақындары, жыршы-
жыраулар, әншілер мен шешен-тілмарлар, дарынды күй-
шілер бас қосып, өз өнерлерін ортаға салды, халық 
фольклорын жинау, ауыз әдебиетін дамытудың келелі 
мәселелері жөнінде пікірлесті. Алғашқы күні мәслихат 
Ғылым академиясының кіші мәжіліс залында ашылғаны-
мен, оған қатысқысы келетін адамдардың көбі үйге сый-
май сыртта қалды. Өйткені жай ғана мәслихат емес, шын 
мәнісінде астана жұртшылығының тойына ұласты бұл. 
Академияның Алатау жақ алаңындағы көгалға тігілген 
сегіз қанат ақ үйге ежелден республикаға атағы мәлім 
болған суырып салма ақындар, бал таңдайлы әншілер 
мен жыршылар жиналды. Бұл 1943 жылы жыр алыбы 
Жамбыл бастап өткізген үлкен айтыстан кейінгі аса бір 
елеулі оқиға еді. Ақындардың коммунизм орнату жолын-
дағы күрес дәуіріндегі қасиетті борышы туралы филоло-
гия ғылымының кандидаты Мұхамеджан Қаратаевтың, 
ауыз әдебиетінің асыл мұраларын зерттеу, сұрыптау, жи-
нау жайлы филология ғылымының докторы Есмағамбет 
Ысмайыловтың баяндамаларында халқымыздың қаһар-
ман өмірінде халық дарындарының айырықша роль ат-
қаратындығы атап көрсетілді. 
— Халық ақындары, — деді М. Қаратаев, — қашан 
да өз өнеріне ел өмірін, халықтың арман, тілегін, түйінді 
мәселелерді арқау етіп келеді. Отанымыздың ілгері бас-
қан әрбір қадамына олар іле жалынды жырларымен үн 
қосып, совет адамдарын ерлік еңбекке, қайсарлыққа, ба-
тырлыққа баулиды. 
207 

Шынында да ауыз әдебиетінің советтік дәуірдегі көр-
некті өкілдері — суырып салма ақындардың данышпап 
Коммунистік партия мен жеңімпаз совет халқын, оның 
коммунизмге қарай алға басқан жедел қарқынын жыр-
лауда атқарған еңбегі орасан зор. 
Мәслихаттың бір тамашасы, ол тек баяндама мен жа-
рыс сөзден ғана құралмай, нағыз өнер сайысы, талант 
таразысы, думан той болып өтті. 
... Сәл қарлығыңқыраған, бірақ әлі де тот баспаған 
болат шыңылындай күшті дауыс үдере көтерілгенде үй-
дегілер де, тұс киізі түрілген кереге сыртынан, жабықтан 
қараған қалың топ та сілтідей тына қалды. 
Ау, бейбіт жайлау, өрісте мал өседі, 
Заманаға ылайық бала өседі. 
Жетеміз коммунизм асқарына, — 
Адамзат игілікті келешегі. 
Пау, шіркін, кәрі тарлан әлі де мұқалмаған екен-ау! 
Қайтсін-ай! Үдет! Шырқа, шырқа, сабазым! —деген дау-
ыстар тұс-тұстан ду ете түсті. «Шын жүйріктің бүйірі 
дуда қызар» деген емес пе. Қарт ақын домбырасын шер-
тіп-шертіп, ақ шалғян шоқша сақалын алға изей, иегін 
тәкаппар көтеріп, шабыттана қомданды да шырқай жө-
нелді. Қараторы дөңгелек жүзді, қияпатты келген осы-
нау қария бір кезде күллі Әулиеата, Жетісуда, одан әрі 
Бетпақ шөлінде ойын-сауықтың гүлі болған әйгілі ақын 
Есдэулет Кәндеков еді. Домбыраның соңғы әуезі үзілмей 
жатып, Қазақстанның халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаев 
термелей женелді: 
Сөйле, бұлбұл қызыл тіл, 
Таңдайымда тынасың. 
Сәлемет тәнің сау болса, 
Сән-салтанат құрасың. 
Халқым сүйіп қаласа, 
Сөйлемей неге тұрасың. 
Советтік Ұлы Отаннан 
Ұшты көкке лашын... 
Халық саңлақтары бірінің әуенін бірі іле жөнеліп, 
бәйгеге қосқан сәйгүліктердей, саңқылдата соқты өлең-
жырды. Атыраудың ардагер жыршысы Құмар Жүсіпов 
мүдірмей, бипылдата, дікілдете, екпіндете лек-легімен 
желдірмені төкті. Одан кейін Рахметолла Тоқтарбаев 
езі туып-өскен Алтайдың тамаша сұлулығы мен сарқыл-
208 

мас байлығын асқақтата мақтайды. Оның сазы екпінді 
речитативтен гөрі байсалды, сабырлы. Ойлы өлеңге, сөз-
ді көздеген нысанаға дөп тигізуге машықтанған егде 
ақын. Оңтүстіктің сырбаз ақыны, сырнаймен үн қосқанда 
дабылдатып, дауысын құбылта, аққу үніндей әсем бір әу-
езбен қайыратын парасатты қарт Белгібай Бектұрғанов 
Кенен ақынды қағыта жырлайды. Енді бір сәтте Абай-
дың немересі Әрхам Ысқақов нақыл, ғақлия сөздерді 
тақпақтай жөнеледі. 
Дәл биыл келіп тұрмын сексен бірге, 
Сексен бір ұқсайды екен көк сеңгірге. 
Өзімше жас жігіттей болдым бүгін, 
Сайраңдап отырған соң көппен бірге. 
Бұл — Арқаға аты шыққан, әйгілі Қарағандының 
қарт ақыны Болман Қожабаев. Мұртының қос жебесі 
қарлығаштың қанатындай Алматы ақыны Мұқаш Бай-
батыров, күңірене ән шырқаса кең сарайды дірілдеткен 
карт әнші Қали Байжанов, Шығыс тілдерінің біразына 
ғұлама, эпикалық поэмалар жазған Шәкір Әбенов, Тың 
өлкесінің теңіздей толқыған мол астығын жырына арқау 
еткен Аманжол Әлжанов пен Ереймен ақыны Меркеме-
лиденұлы Бекболат, семейлік Тәңірберген Әміренов пен 
павлодарлық Нұрлыбек Баймұратов, — бәрі де туған 
елдің ұлылығын, халқымыздың бақытты тұрмысын тебі-
рене жырлайды. 
Мәслихаттың үшінші күні болған айтыс өте қызық. 
Ақындардың ақсақалы Кенен Әзірбаев өзімен өкшелес 
келе жатқан құрбысы Халима Өтеғалиеваны әзілмен 
қағытып, айтысқа шақырды. Халима жеңгей де тайсал-
май топқа түсіп, әзілге әзілмен жауап берді. Екі қария-
ның қуақы, күлдіргі, әзіл-сықақ аралас жыр бәсекесіне 
жүрт ду күліп, рахаттанып қалды. Ұлытаудың Болманы 
Оңтүстіктің Желеуімен, халық ақыны Қалқа Есдәулет-
пен, Нұрлыбек Белгібаймен айтысты. Он ақын екеу-екеу-
ден бәйгеге түсіп, өз облыстарының табысы, бір-бірінің 
шаруашылық, мәдениет, тұрмыс саласындағы олқылық, 
кемшіліктерін жырға қосты. Айтыстың ең бір құнарлысы 
жастардан шықты. Семейдің дарынды талапкері Қали-
хан Алтынбаев Жетісу ақыны Әбікен Сарыбаевпен ай-
тысқанда, жиналған жұрт бұл екеуінің суырып салма ше-
берлігіне, сөз тапқырлығына, әлеуметтік мәнді мәселе-
лерді көтере білетіндігіне, ақындық мәдениетінің 
14-153 209 

жоғарылығына дән разы болды. М. Қаратаев айтқандай, 
кейбіреулердің: «халық мәдениеті өрге басқан сайын, 
айтыс, суырып салу бірте-бірте жойыла береді, ол жас 
ақындарға онша тән қасиет емес» деген желеулерінің 
орынсыз екенін осының өзі айқын көрсетті. 
Совет ақындары халық ақындарының мол қазына, 
өрен шеберлігінен үйреніп өсті. Иса мен Нартай бір кез-
де ауыз әдебиеті мен жазба поэзияның арасында дәне-
кер боп, халықтың небір асыл мұра, ардақ дәстүрлерін 
өз творчествосына қорек еткен болатын. Тамаша ақын 
Қасым Аманжолов та өз шабыты мен шеберлігінің сар-
кылмас көзі халық поэзиясы деп есептеген. Ғалым ақын 
Әбділда Тәжібаевтың айтысты ашардағы бұл сөзі тари-
хи шындықтан туған. Қазақстан Жазушылар одағы бас-
қармасының бірінші секретары Ғабит Мүсірепов өзінің 
қорытынды сөзінде халық ақындарының творчествосын 
өрістете беру жөнінде түбірлі-түбірлі бірсыпыра мәселе-
лерді қамтыды. Ел арасында, — деді ол,—дарын иелері 
өте мол, оларды дер кезінде көтермелеп, туындыларын 
көп игілігіне айналдыруға қамқоршы болуымыз керек. 
Оның ең басты жолдарының бірі — ақындар айтыстарын 
жандандыру. 
Алдағы жылдарда халық ақындарының республика-
лық слеті өтпек. Оның алдында жер-жерде аудан мен ау-
дан, облыс пен облыс, жеке ақын мен жеке ақын арасын-
да айтыстар болып ең таңдаулылары, суырыла тартып 
озып шыққандары ғана астанаға келетін болса, онда рес-
публикалық айтыс өте мәнді қызғылықты болған болар 
еді. Ескеретін бір жай, соңғы жылдары айтысқа келген 
ақындар айтатын сөздерін алдымен жазып алып, майдан-
ға шыққанда бір қолында домбырасы, бір қолында қаға-
зы отыратын әдет шықты. Айтыстың осындай түріне ға-
на ойысу онша пайда бермейді. Ол ақындардың ұшқыр-
лығына ұтымды сөзді табан астында тауып кетуіне нұқ-
сан келтірмек. Мұндай түрді де жойып жібермей, бірақ, 
абзалы ауызекі еркін айтысқа көбірек бой ұрған жөн. 
Ондай дарын иелерінің арамызда бар екенін осы мәсли-
хат айқын көрсетті. Сонымен қатар әр ақынның стиль, 
машық ерекшелігін ескерген жөн. Біреу қайым айтысқа, 
біреу әлеуметтік—эпикалық айтысқа, біреулер жүйрік-
тік-тапқырлық айтысқа ұста болуы мүмкін. Айтыстың 
түр-түрін қатар дамытқан дұрыс. Оның үстіне, бір тақы-
рып төңірегінде талай ақын суырып салып өлең шығар-
210 

са, «мүшәйра» айтыстың да етек алуы мүмкін. Оған 
ақындарды өнер машығына қарай сұрыптап, іріктеп шы-
ғарудың пайдасы мол. Белді ақындардың тәуір туынды-
ларын жаттап алып, ел арасындағы ойын-тойларда нәші-
не келтіре орындаудың да қажеті зор. 
Айтыс кезінде Қазақстан Компартиясы Орталық ко-
митетінің секретары Н. Жанділдин жолдас қатысты. 
Мәслихат өтісімен, Жазушылар одағының президиу-
мы халық ақындарына творчестволық көмек беру жөнін-
де арнаулы мәселе қарады. Бірсыпыра адамдарды Қа-
зақстан Жазушылар одағының мүшелігіне алу, Қазақ-
станның халық ақыны құрметті атағына ұсыну ұйғарыл-
ды. Қазақтың көркем әдебиет баспасы халық ақындары-
ның екі томдық жалпы жинағын және біраз адамдардың 
жеке кітаптарын басып шығаруға уәделесті. Ел арасын-
да атағы кең тараған дарынды жыршылардың өлең, дас-
тандарын жиі-жиі жариялап тұру «Жұлдыз» журналы 
мен «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторларына тапсы-
рылды. Халық ақындарымен байланыс жасап, көмек көр-
сетіп отыратын арнаулы комиссия кұрылып, оның пред-
седательдігіне Сапарғали Бегалин бекітілді. 
Коммунистік партияның елімізде коммунизм орна-
тудың нақты жолдарын белгілеген Ұлы Программасы-
ның жобасында әдебиет пен өнер қайраткерлеріне ора-
сан зор міндеттер жүктеледі. Бұл міндетті орындауға 
«орақ ауызды, от тілді» майталман халық ақындарының 
атқаратын ролі өте үлкен. 
Заманымыздың ұлылығын, коммунизм адамының та-
маша қасиеттерін, ерлік бейнесін асқақтата жырға қо-
сыңдар, дарын иелері. 
«Қазақ әдебиеті», 11 август 1961 ж. 
Ш. ҚҰМАРОВА 
ХАЛЫҚ АҚЫНДАРЫНЫҢ МӘСЛИХАТЫ 
Алматыда, Қазақ ССР Ғылым академиясы Әдебиет 
және өнер институтының ұйымдастыруымен, поэзиямыз-
дың карт саңлақтары халық ақындарының мәслихаты 
болып өтті. Ақындар бұл жолы ел өмірінің аса бір елеулі 
211 

шағында, бүкіл совет халқы, жер жүзіндегі адал ойлы 
адам баласы заманымыздың асқан ұлы документі — 
КПСС Программасының жобасына көңіл аударып, зер 
салып отырған кезінде жиын құрды. Республикамыздың 
жер-жерінен шақырылған ақындардың басын қосып пі-
кір алысу, кім нені жырлайды, қалай жырлайды, өске-
лең әдебиетіміздің алтын қорына қосылатын асыл жыр, 
терең толғауларды жинау ақындардың творчестволық 
шабытына шабыт косып, қиялына қанат жалғарлықтай 
партияның ұлы Программасының мазмұнын кеңінен 
ұғындырып, ұлы мяқсат үшін қызмет етуге жұмылды-
ру — мәслихатта сөз болған келелі міндет те осы еді. 
Міне, осындай игі істің басына тұғырынан түлеп ұш-
қан жас майталман Қалихан Алтынбаевтан бастап, поэ-
зия алыбы Жамбылдың ізбасарлары, дәмдес-тұздас шә-
кірттері — Кенен, Үмбетәлі сияқты ақындар ағасы бол-
ған қариялар да жырға толы қоржындары мен домбы-
раларын өңгере кепті. Сонымен бірге, астықты Тың ал-
қаптан Меркемелиденов Бекболат, Әлжанов Аманжол, 
өрісі малға толы, қамбасы дәнге толы, өнер ордасы бол-
ған Семейден Әрхам Ысқаков, Шәкір Әбенов, Тәңірбер-
ген Әміренов, ақ алтынды Оңтүстіктен сырнаймен ән 
қосқан Белгібай ақын, мұнайының мұнарасы көк тіреп, 
теңізін балық кернеген Гурьевтен ақын-жырау Құмар 
Жүсіпов, сексен көлді Көкшетаудан — Жұматай ақын, 
қара алтынның түпсіз мекені Қарағандыдан Майасар 
Жапақов, Талдықорғанның қарт дауылпазы, атақты 
«Қалқа» әнінің авторы — Қалқа Жапсарбаев, сөз зергері 
Халима Өтеғалиева, тағы басқа әр облыстың да өкілдері 
келген. 
Мәслихатты ашқан Академияның Әдебиет және өнер 
институтының директоры М. Базарбаев «Ақындардың 
коммунистік құрылыс дәуіріндегі міндеттері» деген та-
қырыпта баяндама жасау үшін сыншы М. Қаратаевқа 
сөз берді. 
Баяғы заманнан бері халықтың мұң-мүддесін, ой-ар-
манын жырмен, өлеңмен кестелеп келген ақындар бүгін-
гі таңда да ел үшін, халқының игі мақсаты үшін қызмет 
етеді, дей келіп баяндамашы: халық ақындарының тек 
өзара айтысып қана жүрмей, поэзияның басқа да жанр-
ларында, мәселен, толғау, жыр, дастан сияқты түрлерін-
де еңбектеніп келгенін де айтты, қазіргі еңбек ерлерін, 
заманымыздың жақсы адамдарын халық ақындары тебі-
212 

рене, толғай жырлап, үлкен дастандар, терен толғаулар 
жазу үстінде. Сөзінің соңында баяндамашы өткен ға-
сырда Маркс пен Энгельс Европаны коммунизм елесі 
кезіп жүр деп жарияласа, бүгін ол елес емес, бейнелі 
алып тұлға болып, көз алдымызда көрініп тұрғанын, 
өмір шындығына айналғанын, мұны дана партиямыздың 
ұлы Программасы айкындап ашып бергенін айта келіп, 
кәне, осы ұлы документ жөнінде ешкімнің аузына түспе-
ген жаңа сөз, тың пікір айтыңыздар, елді асыл сөзбен 
ұйытыңыздар деп ақындар қауымына жора салды. 
Келесі сөз, — ақындарды жырмен құттықтау — Ке-
нен Әзірбаевқа берілді. Жасы сексенге келсе де дауысы 
мүлтіксіз әнші-ақын өзінің ашық кең үнімен: 
Зор бақытқа жеткізген, 
Еркін еңбск еткізген, 
Жеңістерге бастаған, 
Қиындықтан саспаған. 
Рахмет саған, партия, — 
деп өзінің Коммунистік партияға, Отанға деген мол ал-
ғыстың шексіз ризашылдығын толғап, жол бастады да, 
сөзді өзге ақындарға тастады. 
Қызылордалық Таубай Қирабаев: 
Таң атып, Октябрьде түсті жарық, 
Еңбекші нұр бақытты құшты анық, 
Жетеміз коммунизм асқарына 
Партия сара жолды берді салып, — 
деп шырқады. 
Майасар Жапақов: 
Уа, кұрбым замандас, 
Көз жіберші, ойлашы! 
Қазақстан емес пе, 
Мол байлықтың қоймасы! 
Қойма көзін ашушы — 
Коммунистік партия! — 
деп бастап, Қазақстанның табыстарын толғана жырлап 
өтті. 
Бұлардан басқа да ақын-жыраулар асқан шабыттың 
шалқарында жүзгендей, советтік ұлы заман туралы сөз 
маржанын төкті. Олардың барлығының да әр дауыспен 
бір мағынада айтар тақырыбы — өз облысының қол 
213 

жеткен табыстары, жетіжылдьіқтың шам-шырақтары, 
әлемді таң қалдырған советтік тұңғыш космонавт Га-
гарин, кемеңгер Ленин, ұлы партия. 
Партия нұсқаған коммунистік жарқын келешек, 
ұлы Программа жобасында көрсетілген алып адымды 
жиырма жыл! — ақындардың ойына оралып, кестелі сөз 
орамына ілінген басты үн де, тақырыбы кеңейген зама-
на поэзиясының өкілдерінің бүгінгі өресі биік, көз қара-
сы кең, ұғымы терең халық ақындарының жырлаған жы-
ры, толғанған толғауы, шерткен дастаны да осы еді. 
Ақындардың мәслихатында профессор Е. Ысмайы-
лов «Ауыз әдебиетінің асыл мұраларын зерттеу, сұрып-
тау, жинау міндеттері» деген тақырыпта баяндама жа-
сады. 
Мәслихаттан кейін халық ақындарының айтыс өлең-
дері болды, олардың ең таңдаулы өлеңдерін жазып алу 
жұмысы жүргізілді. Академияда олардың сұрақтарына 
жан-жақты жауаптар берілді, елден келген қарт ақын-
дар астананың тамаша жайларын аралап көрді. 
Жақында ғана қазақ республикасының 40 жылдық 
мерекесіне байланысты бірнеше кісіге Қазақ ССР Жо-
ғарғы Совет Президиумының Указы бойынша Халық 
ақыны деген құрметті атақтың берілуі де, республика-
ның Ғылым академиясының бүгінгі күні халық ауыз әде-
биетінің белгілі өкілдерінің бас қосып, осындай мәсли-
хат өткізуі де — мұның бәрі халық поэзиясының дамуы-
на партия мен үкімет тарапынан, бүкіл жұртшылық та-
рапынан қамқорлық жасалып, үнемі назар аударылып 
отыратындығына мысал. Сондықтан да бұл мәслихаттан 
соң Академияның Әдебиет және өнер институтының ғы-
лыми коллективі, республиканың Жазушылар одағы бо-
лып халық поэзиясының асыл шығармаларын әдебиеті-
міздің қорына ендіре беру, халық арасында өсіп жетіл-
ген таланттарды тауып, тәрбиелеу, осының бәрін твор-
честволық тұтас істің игі бір тарауы ретінде жүргізу жө-
нінде келелі жұмыстар істеуге тиіс екендігін көрсетеді. 
«Социалистік Қазақстан», 6 август 1961 ж. 

Б. ӘБДІРАЗАҚОВ 
МАЙТАЛМАНДАР МӘСЛИХАТЫ 
Өнер көзі — халықта дейміз. Иә, өнердің неше бір 
асыл-інжу маржандары қарапайым халықта. Ол да бір 
сарқылмайтын бұлақ қайнарындай мөлдір де тұнық, тау-
сылмайтын шыңыраудан көз тартады. Астанамызда үш 
күн бойы халық ақындарының мәслихаты болып өтті. 
Бұл мәслихат халық поэзиясының алыбы Жамбыл қа-
тысқан сонау қырқыншы жылдардағы кеңестен кейінгі 
үлкен бас қосу еді. Осындай бас қосудың болатын кезі 
келген. Сондықтан да Қазақ ССР Ғылым академиясы-
ның Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инсти-
туты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ел ақындары-
ның мәслихатын өткізу ұйғарылды. Еліміз, халқымыз 
қашаннан да нелер дүл-дүл шешендермен, нелер бұлбұл 
әншілерге бай. Олардың асыл тастай әдемі сөздері көп 
ұлтты совет әдебиетінің, оның ішінде фольклорымыздың 
бай қазынасына келіп қосылып, оның кемерін кеңейте 
түседі. Айтыс дәстүрі ежелден келе жатқан халықтық 
дәстүр. Бұл совет үкіметі тұсында Жамбыл, Нұрпейіс 
бастаған ел жүйріктерінің атсалысуымен өсіп, дамып, 
жетіліп жаңа мазмұнға, жаңа түрге ие болды. 
Қазір қырық жылдық белеске шығып отырған шағы-
мызда өміріміз де, өнеркәсібіміз де, өлкеміз де, өзіміз де 
табыстан-табысқа жетіп көктем гүліндей құлпырған ша-
ғымызда халық фольклоры жаңа бір арнаға түсіп дамы-
ды. Халық ақындары Жамбыл бастап берген елді жыр-
лау, оның ер еңбекті адамдарын жырлау дәстүрін да-
мытып келеді. Халық ақындары: Кенен Әзірбаевтың, 
Омар Шипиннің, Үмбетәлі Кәрібаевтың, Қалқа Жапсар-
баевтың көркем де терең мазмұнды жырлары советтік 
Қазақстанды, оның өрге өрлеген өнеркәсібін, Тың өлке-
дегі дән теңізін, еңбегімен елді сүйсінткен ерлерді жыр-
лайды. 
Соңғы жылдары айтыс дәстүрі күрт қаулап өсті. Мә-
селен, аудан мен аудан, колхоз бен колхоз, облыс пен об-
лыс ақындары өзара айтысқа түсіп жүр. Олардың көпші-
лігі жас таланттар екенін ескерсек советтік фольклор-
дың, қазақ халқының игі дәстүрінің алға алып барушы-
лары бар екеніне көзіміз жетеді. Бұған өткен жылы бас-
падан шыққан «Ақындар шықты айтысқа» атты кітап 
215 

дәлел. Сол жинақтағы айтыстарды оқып отырсаңыз ай-
тыстың ауыл арасы, үй маңында, тар шеңберде қалып 
қоймай, қоғамдық мәселелерді қозғап, жетістігі мен кем-
шілігін салыстыра отырып, өнер сынасатынына сүйсіне-
сіз. Ендеше осы бір дәстүрді дамыту керек. Міне, мәсли-
хат осындай ойларды қозғаған еді. 
Мәслихатқа көптеген облыстардан ақындар қатысты. 
Халық ақындарының бүгінгі таңдағы міндеті жайлы, со-
веттік халықтық фольклордың дамуы жайында бөлім 
бастығы Мұхамеджан Қаратаев пен профессор Есма-
ғамбет Ысмайылов баяндама жасады. Бұл мәслихатқа 
Кенен, Қалқа, Үмбетәлі сияқты Жамбылды көзі көріп, 
сөзін естіген кәрі тарландар қатысты. Мәслихаттың ал-
ғашқы күні халық ақындары өздері шығарған өлең-жыр-
ларын, толғау термелерін айтып берді. Үмбетәлі Гагарин 
туралы, бүгінгі қазақ елінің табысын толғаса, Шығыс 
Қазақстан облысы, Зайсан ауданынан келген Рахметол-
ла Токтарбаев бүгінгі алтынды Алтайдың асыл қазына-
сы жайлы шабыттана жырлады. Ал Жамбыл қарттың 
шәкірттерінің бірі Есдәулет ақын Қазақстанның табы-
сын айта келіп, бүгін отпен ойнап отырған американ им-
периалистерінің адамзатқа жат жексұрын қылықтарын, 
арам ниеттерін әшкереледі. Сондай-ақ Семей облысынан 
келген Тәңірберген Әміренов, Қарағандылық Көшен 
Елеуов, қарт ақын Майасар Жапақов Коммунистік пар-
тия туралы, Отан туралы, ел байлығы, жер байлығы ту-
ралы шығарма, терме өлеңдерін жиналған көпшілікке 
айтып берді. Бұл жерде айта кететін бір жай халық 
ақындары қандай жыр, қандай терме айтпасын бәрінде 
де Коммунистік партияның ұлы қуатын, әкелік қамқор-
лығын, бүгінгі табысымызды өз жырларына арқау етті. 
Сондай-ақ бүгін бүкіл халқымызға жігер кұйып отырған 
Коммунистік партияның Программасын да, әлемді таң-
дандырған тұңғыш космонавт Юрий Гагариннің ерлігін 
де асқан махаббатпен шебер жырлайды. 
Мәслихатқа қатысушылар бұрын ел арасында ғана 
белгілі болып, әлі кағаз жүзіне түсе қоймаған халық ау-
ыз әдебиетінің ескі мұраларын да айтып берді. Мәселен, 
Гурьевтен келген қарт ақын Құмар Жүсіпов Қашаған 
ақынның Ізбасар ақынға айтқанын, ал Павлодардан кел-
ген Мұқаш Кәрібаев бұрын көп естіле бермейтін «Иран 
бағы», «Алтын шоқ» сияқты әндерді шеберлікпен шыр-
қады. 
216 

Мәслихаттың соңғы күнінде халық ақындары өзара 
өнер жарыстырды. Мұның ішінде әсіресе, жас ақындар 
семейлік Қалихан Алтынбаев пен алматылық Әбікен Са-
рыбаевтың айтыстары жырларының мәнділігімен, көр-
кемдігімен, өткірлігімен, тапқырлығымен тыңдаушыла-
рын қатты сүйсіндірді. 
Бұл екі жас болашағынан үлкен үміт күттіреді. Бұ-
ларда халық акындарына тән суырып салмалық та бар. 
Әзірге айтыстың — қайымдасу айтысының жақсы үлгі-
сін Қалқа ақын мен Есдәулет ақын көрсетті. Бір-бірін 
жеңіл әзілмен қаға отырып, олар өз облыстарының та-
быстарын мақтана жырласа, кемшіліктерін шын жеткі-
зіп, тапқыр сөзбен сынап та отырды. 
Халық айтысының майталман өкілдері ретінде Оңтүс-
тік Қазақстаннан келген Желеу Жақыпов пен Көкше-
таулық Жұматай ақын да өздерін танытты. Мәслихатқа 
қатысқан қарт әнші Қали Байжанов та өзінін әншілік 
өнерін жиналған көпшіліктен іркіп қалмады. Осылайша 
ақындар мсн жыраулар үш күн бойы астанамызда өнер 
көрсетті. 
Мұның бәрі халқымыздың ауыз әдебиеті мұраларына 
әлі де бай екенін байқатады. Тек қана осы бір талант-
тарды уақытында тәрбиелеп, тың арнаға салып, жаңа 
міндеттерді жүктеп отыруды тілейді. Жасыратыны жоқ 
халық ақындары әлі де Жазушылар одағының көзінен 
сырткары қалып келеді. Мәслихаттың соңында сөйлеген 
Қазақстан Жазушылар одағының бірінші секретары Ға-
бит Мүсірепов халық ақындарына деген қамқорлықтың 
күшейе түсетіндігіне уәде берді. Бұл мәслихат келесі 
жылдарда болатын үлкен бас қосудың увертюрасы сияқ-
ты болды. Халық ақындары өз міндеттерін айқын түсі-
ніп, жаңа күш, жаңа жігер алып қайтты елдеріне. Енде-
ше өнерлері өркендеп, жемісті болсын. 
«Лениншіл жас», 9 август 1961 ж. 
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет