Қ а з а қ сср ғ ы л ы м а к а д е м и я с ы м. О. ӘУезов атындағЫ



жүктеу 0.78 Mb.

бет1/12
Дата09.01.2017
өлшемі0.78 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қ А З А Қ ССР  Ғ Ы Л Ы М  А К А Д Е М И Я С Ы 
М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ 
Ә Д Е Б И Е Т ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ 
АҚЫНДАР ЖЫРЫ 
ҚАЗІРГІ 
ХАЛЫҚ ПОЭЗИЯСЫ 
ҚАЗАҚ ССР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАСПАСЫ 
АЛМАТЫ-1963 

Қазақ ССР Ғылым академиясының Мұхтар Әуезов атын-
дағы Әдебиет және өнер институтының шақыруымен астана-
мыз Алматыда 1961 жылдың 3—5 август күндері халық 
ақындарының республикалық мәслихаты өтті. 
Мәслихат — ел өмірінің аса бір елеулі шағында, бүкіл 
совет халқы, жер жүзіндегі адал ойлы адам баласы заманы-
мыздың асқан ұлы документі — КПСС Программасының жо-
басына анық асыл көңілден зер салып отырған кезінде шақы-
рылды. 
Мәслихатқа отыздан астам халық ақындары, жыршы-
жыраулар, әншілер мен шешен-ділмарлар, дарынды күйшілер 
жиналды. 
Советтік халық поэзиясының бүгінгі жайын баяндайтын 
бұл кітап — халық ақындарының жоғарыда аталған республи-
калық мәслихатының материалдарынан тұрады. Жинаққа 
мәслихаттың алды-артында жазылған ғылыми зерттеулер мен 
мақалалар да енгізіліп отыр. 
Кітап әдебиет зерттеушілерге, жоғары және орта мектеп-
терде әдебиет пәнінен сабақ беретін оқытушыларға, филология 
факулътеттерінің студенттері мен мектеп оқушыларына арнал-
ған. 
Жинақты дайындауға Фолъклор бөлімі мен Совет тұсын-
дағы халық поэзиясы бөлімінің ғылыми қызметкерлері: 
М. Ғұмарова, Т. Сыдықов, Б. Адамбаев, Ә. Рахымжанов, 
Б. Ысқақов, Н. Төреқұлов, Қ Сейдаханов қатысты. Ақындар 
айтысының әуенін нотаға түсірген Музыка зерттеу бөлімінің 
ғылыми қызметкері Зәуре Кереева. 
РЕДАКЦИЯЛЫҚ КОЛЛЕГИЯ; 
М.  Б а з а р б а е в , А.  Ж ұ б а н о в , М.  Қ а р а т а е в , 
Е .  Ы с м а й ы л о в ,  О .  Н ұ р м а ғ а м б е т о в а , 
Б.  У а х а т о в (жауапты редактор). 

ХАЛЫҚ 
АҚЫНДАРЫНЫҢ 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ 
МӘСЛИХАТЫ 
(35 август 1961 жыл) 

БІРІНШІ КҮН 
Филология ғылымының кандидаты 
М. БАЗАРБАЕВТЫҢ кіріспе сөзі 
Қадірлі жолдастар! Бүгін республикамыздың әр 
облысынан келген ақын-жырауларымызбен бас қосып 
отырмыз. Келген ақындар сан жағынан көп болмаса да, 
күнделікті өмірге ілесіп, өнімді өлең-жыр беріп жүрген 
өнерпаздар түгелге жуық жиналды. Өздеріңізге мәлім, 
ақындық өнерді халық жоғары бағалайды. Халық поэ-
зиясы қазақ әдебиетінің қашаннан бергі мол тармағы. 
Кезінде халық ауыз әдебиеті арнасынан жазба әдебиеті-
міз нәр алғаны белгілі. Қазіргі ауыз әдебиеті мол сала-
лы, кең арналы. Соның бір мол бөлімі ақындар, жырау-
лар, өлеңшілер, суырып салып айтатын айтыс ақындары-
ның творчествосы. 
Советтік заманда ақындық өнер қаулап өсті. Оның 
Жамбыл, Нүрпейіс, Шашубай сияқты биік шыңы болды. 
Олар қалдырған үлгі, өнеге, дәстүр қалай ілгері дамып, 
өрлеп барады? Біздің бір мақсат осыны анықтау. 
Әр уақытта-ақ ақын жаңалықты тез көріп, тез ұғып, 
шапшаң өрлеп, өсіп бара жатқан өміріміздің колхоз бен 
совхоздағы, ауылдағы үншісі, жаршысы болушы еді. 
Көп ақындарымыз қазірде де сондай еңбек етеді. Соңғы 
бір-екі жылда өткізілген облыс ақындарының айтыстары 
осыны дәлелдейді. Рас, айтыс сапасы бар жерде бірдей 
емес. Бірақ мұны алдағы уақытта дұрыс жолға қоюға 
болады. 
Қазіргі ақын-жырауларымыздың ішінде республика 
жұртшылығына мағлұм болған Шипин Омар, Ахметбе-
ков Нұрхан, Баймұратов Нұрлыбек, Әзірбаев Кенен, 


Жанғабылов Сәттіғүл, Жүсіпов Құмар, Кәрібаев Үмбет-
әлі, Жапсарбаев Қалқа сияқты айтқыштарымыз бар. 
Осылардың көбі бүгінгі мәжілісімізге катысып отыр. 
Бұлармен және басқа ақын-жыраулармен де Ғылым ака-
демиясының Әдебиет жэне өнер институтының тығыз 
байланысы бар. Жинаған өлең-жырларын, жаңа дастан-
дарын халық ақындары институтқа жіберіп отырады. 
Олар, сөйтіп, бір жағынан халық өнерінің үлгілерін жи-
наушы, реттеуші қызметін атқарады. Қазір Әдебиет және 
өнер институты осындай 100-ден астам ақынмен хат жа-
зысып тұрады. 
Қазір біздің әңгіме еткелі отырғанымыз шығарушы-
лық өнер. Осында келген қадірлі ақындарымыздың тұр-
ған жерінде күнделікті өмірге араласуы қандай, тұрмы-
сымызда сан алуан өзгерістер, өрлеу, өсулер болып жа-
тыр, соны ақындарымыз жаңаша түсініп, ұғып жырлай 
ма? Партия ұсынып отырған ұлы жоспарлар, алда бол-
мақ съезд, қазір жарияланған Программа — осының бә-
рі кімнің де болса бойына шабыт бітіріп, ойына қанат 
жалғағандай. Қарт ақындарымыз осы думан жарысқа 
қалай ілеседі, немен ілеседі? Ал біздің мақсат — ақында-
рымыздың жаңа тақырыпта айтылған өлең-жырлары 
болса оны жазып алу және әрбір ақын-жыраумен жеке 
әңгімелесіп, оның ой-тілегін, шығарғыштық қалпын 
анықтау. 
Мұндай бас қосу жиналыстар 30-шы жылдар мен 
соғыс кезінде болған. Соңғы жылдары Қазақстан жазу-
шылар одағы облыс аралық кездесулер, айтыстар өткіз-
ді. Егер алдағы уақытта республикалық үлкен слет ке-
рек десек, оны тағы ойласып көрелік. 
Сонымен Академияның Әдебиет және өнер институ-
тының Қазақстан жазушылар одағымен бірлесіп шақыр-
ған республика ақындарымен бас қосу жиналысын 
ашық деп жариялаймын. 

Фшология ғылымының кандидаты 
М. ҚАРАТАЕВТЫҢ сөзі 
М. Базарбаев жолдас айтқандай, мен бір ұзақ баян-
дама жасағалы тұрғаным жоқ. Сіздермен азын-аулақ 
әңгіме, кедес ретінде бірнеше сөз айтуды мақсат көрдім. 
Менің әңгімемнің бүгінгі тақырыбы коммунистік құ-
рылыс дәуірінде халық ақындарының негізгі міндеттері 
жайында. 
Біздің бұл мәжілістің шақырылып отырған кезеңі 
алдымызда тұрған міндетті айқындай да, анықтай түсіп 
отыр. Сіздермен өте қолайлы, өте ғажайып, тамаша ке-
зеңде бас қосып отырмыз. Қазір Коммунистік партия-
ның жарияланып отырған ұлы Программасының жобасы 
біздің бүкіл совет халқының, бүкіл Советтік Социалис-
тік Отанымыздың алдында тұрған ұлы міндеттерін дәл, 
дұрыс көрсетіп беріп отыр. Біздің өнер иелерінің, көр-
кем сөз иелерінің міндеті де осы ұлы міндеттерден тара-
лады. Коммунистік партияның XXII съезі ұлы Програм-
маны қабылдайды. Сол қабылдауға тиісті Программа-
ны біздің халқымыз, совет адамдары қазірдің өзіңде ұл-
кен қуанышпен үн қосып, алда тұрған ұлы мақсаттың 
маңыз-мағынасын, бағдарын ұғып, тұс-тұстан, жер-жер-
ден өздерінің ой-сезімдерін ортаға салып жатыр. Міне, 
осы бір тамаша кезенде, үлкен маңызды кезеңде бас қо-
сып отырған халық ақындары өздерінің өнерімен байла-
нысты міндеттерін анықтап, сол жөнінде пікір алысып, 
кеңесіп, көп мәселелерді шешіссе, іске үлкен пайдасы 
тимек. 
Біздің халық ақындары деп аталатын — елден, кол-
хоздар мен совхоздардан, алыс аудандардан, облыстар-
дан келген ақындарымыз ұлы мақсатқа, коммунизм 
орнату мақсатына қызмет етеді. Бүкіл халқымызбен 
бірге Отан мақсатын көздей отырып, халықтың мұң-мүд-
десін, арманын жырлап келген жэне жырлайтын сол ел 
ақындары енді бүдан былай программа сызған жоспар, 
қағида бойынша қызмет ететін болады. 
Туысқан Коммунистік партиямыздың көркемөнер 
қайраткерлері мен әдебиет қызметкерлерінің алдына 
қойған ұлы мақсат-міндеттері халық ақындарының да 
мақсат-міндеті боп табылады. Демек, Н. С. Хрущев 
жолдас жазушыларды, әдебиетшілерді, ақындарды Ком-
мунистік партияның сенімді көмекшісі деп орынды баға-

лады. Біздің жазба ақындарымыз бар, елдегі халық 
ақындары бар, бүкіл көркемөнер қайраткерлері бар — 
мұның барлығы Коммунистік партияның көмекшісі деп 
есептелініп, халық алдында тұрған ұлы мақсатқа өздері-
нің бар өнерімен, қабілетімен, дарынды талантымен 
қызмет етеді. Бұдан былай да осы қызметін арттыра бер-
мекші. 
Біздің алдымызда тұрған нысана бүгінгі күндері ай-
қындала түсті. Бір кезде, бұдан жүз жылдар бұрын, бү-
кіл дүние жүзі халықтарының данышпан-ақылгөйле-
рі Маркс пен Энгельс адам баласы арман еткен ең 
жақсы, әділетті қоғам — коммунизм деген болса, сол 
коммунизмнің елесі қазірдің өзіңде Европаны кезіп жүр 
деген болса, енді, міне, содан жүз жыл өткеннен кейін 
адам баласының ең алдыңғы сапында сәулетті, жарқын 
қоғамға бастап келе жатқан біздің советтік Отанымыз 
болып отыр. Бұл үшін бүкіл совет халқы мықтап мақта-
на алады. Адам баласы арман еткен коммунизм қазір 
қиял емес, ол нақты іске айналды. Қаһарман халықтың 
ұлы творчестволық еңбегімен, совет адамының ерлік, 
қимыл-әрекетімен қабырғасы көтерілетін алтын сарай, 
нұрлы дүние. Бұл жаңа қоғамның бейнесін көз алдымыз-
ға елестетіп, ертең өзіміз ішінде өмір сүретін бақыт дү-
ниесін біз ұлы жобадан жақсы көріп отырмыз. Халық 
ақындары қай заманда болмасын, халықтың жүрегінде 
не асыл нәрсе болса, соны жұрттан бұрын көріп, шапшаң 
жырлап, төгілтіп тастайтын болған. Олай болса, бүгінгі-
дей қуанышты заманда осы тамаша дәстүрге лайық 
дәуір шындығын жырлауда халық ақындары өз бойын-
дағы бар күш-жігерін жұмсап, үлкен санамен, терең се-
зіммен құлай қызмет ететініне ешбір күмән жоқ. 
Осы күнге дейін социализм қоғамын орнатуда халық 
ақындары өздерінің тиісті үлестерін қосты. Бізге бұрын-
ғы өткен мол мәдениеттің тамаша дәстүрлерін жеткізді. 
Сол кездегі жүрек ұйытарлық жақсы арман, озық ой-
мүдде, сезім — осының бәрін өз бойына асылдай сақ-
тап, қорғаштап алып келді. Совет заманында халық 
ақындары социалистік қоғамның тез орнауыша, социа-
лизмнің өркендеуіне, коммунистік құрылысқа, халықтың 
коммунисше еңбек етуіне өз өнерлерімен көмектесіп 
отырғанын біз жақсы білеміз. Қолымызда бар, жинал-
ған фактілер алдымен осыны дәлелдейді. 
Біздің колхоз, совхоздарда, өндірістерде, аудан, об-


лыстарда көптеген халық ақындарымыз бар. Жұртшылы-
ғымызға белгілі болған ақындарымыздың саны жүз елу 
болды. Мұнан ақындардың барлығын таныдық, білдік 
дей алмаймыз, саны да бұдан әлденеше рет көп болуы 
керек. Сондықтан біз халық таланттарын әлі жете біле 
алмай жатырмыз деп мойындаймыз. Біз білген ақындар-
дың ішінен көп жазып, көп көрген, творчестволық жағы-
нан ысылған, жұртшылыққа танылған кексе ақындар, 
таңдаулы ақындар бізде жиырма-отыз шамалы. Осында 
отырған ақындар көптің ішіндегі ең таңдаулы, жұрт кө-
зіне түскендері. Бұл ақындар әр жерде, әр облыста бол-
ғанымен және бәрінің мақсаты да бір болғанымен әр кі-
сінің өзінің әдісі, тәсілі бар, өзінің өнер ерекшелігі бар, 
тіл байлығы бар, әрқайсысының өзінің бағдары бар. 
Поэзияда, өлеңде, творчестволық көркем сөз өнеріңде 
өзінше жеке алатын орны бар ақындар. 
Қазір халық ақындарының творчестволық күй-жайын 
аңғару үшін, таяудағы мақсаттарын айту үшін біздің 
қолымызда бар, осы күнге дейін жиналған, фактілердің 
өзі де жеткілікті. Бұл айтылғандардың растығына, бас-
қаны қойып, осы отырған ақындардың өзі айғақ бола 
алады. 
Жазба әдебиеттің совет заманында қарыштап, қау-
лап өскенінен хабардарсыздар. Бұл біздің жалпы халық 
шаруашылығының, мәдениетіміздің өскендігінің кепілі. 
Жазба әдебиеттің өсуімен қатар халық ақындарының 
творчествосы өшпейді, қайта өсіп дамиды. Совет тұ-
сында Жамбыл сияқты ірі поэзия алыбының шығыуы, 
Нүрпейіс, Нартай, Шашубай сияқты ақындардың шабыт-
ты шарықтауы, бұрынғыдан да мазмұнды, мағыналы 
жырлар туғызуы совет дәуірінде халық творчествосының 
жазба әдебиетімен қатар, қаулап өсіп келе жатқан өнер-
дің бір тармағы екенін дәлелдейді. 
Осы отырған ақындар да, бұл жиналысқа шақырыл-
маған ақындар да өздерінің творчествосының жазба 
әдебиетпен жарыса дамып, жетіліп келе жатқандығы-
ның куәсі. Өткен замандардағы Европа елінің әдебиет 
тарихына көз салсақ, онда үстем тап өкілдері жазба 
әдебиет үлгілерін жасағанда, халық творчествосын мен-
сінбейтін, мұнда ешбір қадірлі нәрсе жоқ деп түсіндір-
мек болатын. 
Сол замандардың өзінде прогресшіл жазушылар, қо-
ғамның көзі ашық өкілдері әр уақытта халық творчест-


восымен тығыз байланыса отырып, өздерінің шығармала-
рына нәр алып, образдар тудырып, көркемдік сөз құрал-
дарын пайдаланып отырған. М. Горысий айтқандай, көр-
кем сөздің асылы фольклорда, өйткені кесек бейнелер, 
сом тұлғалар, бай характерлер фольклорда жасалған. 
Сондықтан оның жазба әдебиетіміз фольклорды дамы-
та отырып, творчестволық пайдалану керек дегенін ес-
тен шығармауымыз қажет. 
Осы күнгі халық ақындарының шығармаларына көз 
салсақ, қазіргі халық поэзиясы кері кетіп, өшіп бара 
жатқан емес, жазба әдебиетпен қатар өркендеп келе 
жатқан сала екендігін көрсетеді. Халық өз таланттарын, 
дарынды адамдарын әр түрде, әр салада шығара береді. 
Қолына қалам алған қазіргі өнершілер өмірмен тығыз 
байланыса отырып, бұрынғы ауыз әдебиетінің тамаша 
үлгілерін дамытатын өкілдер боп табылады. 
Н. С. Хрущев жолдас Жазушылар одағының III съе-
зінде сөйлеген сөзінде халықтың қалың ортасынан шық-
қан адамдарға айрықша көңіл бөлу керек екенін айтты. 
Көркемөнерпаздар үйірмелеріне қатысу жөнінде айтқан-
да, бұлар халық өмірімен қоян-қолтық араласқан, бар-
лық қасиетті нәрді бойына сіңірген, халықтың мұң-мүд-
десін жақсы білетін адамдар, сондықтан олар біздің 
өміріміздің, өнеріміздің өсуіне үлкен пайда беретінін 
ескерткен. Заводта еңбек етіп, ерен ерлік көрсетіп жүр-
ген аса бағалы адамдар көркемөнердің асыл материал-
дарының бірі, қайнар көзі болуы керек деген. Олай бол-
са, ел ақындары жөнінде де осыны айтуға тура келеді. 
Бұлар халық өмірімен бірге араласып, еңбек етіп жүр-
ген адамдар, алдыңғы қатарда қызмет еткен халықтың 
не ой, не сезіммен ерлік еңбек ететінін ерекше жақсы 
түсінетін адамдар. Сондықтан бұл топ кісілер біздің 
өнеріміздің бұдан былай да өсе түсуіне өздерінің кұнды 
үлесін қосатыны сөзсіз. Ендеше жазба әдебиет бар жерде 
ауызша әдебиет өше береді-міс деген сыңаржақ пікірді 
теріс деп білу керек. Жазба әдебиетпен ауыз әдебиеті 
бір-бірімен қайшы жағдайда емес, қатар, жақын, өзара 
байланыс жағдайда өсіп отырады. Біздің өздеріміз ха-
лық творчествосының қазынасына әрдайым қызыға, 
үңіле қараймыз. Қазіргі халық ақындарының творчество-
сына зер салып қарасақ, қолдарына қалам алып жазу-
ды халық ақындары да үйренді. 
10 

Сөйтіп ауыз әдебиет пен жазба әдебиет деген ұғым-
ның өзі өзгеріп, бұл екі сала бір-бірімен алшақ қайшы-
лық халде емес, туысқандық, тұтастық жағдайда тізе қо-
са отырып, бүкіл халқымыздың ырызығына әрқайсысы 
өзінше үлес қосатын егіз сала. 
Ескі заманның өзінде, біздің халқымыздың екі про-
центі ғана хат танитын кездің өзінде, ақындардың бар-
лығы бірдей сауатсыз болмайтын, олардың ішінде де 
сауаттылары, хат танитындары кездесетін. Кезі келген 
жерлерде суырып салып айтысатын болса, кейбір кезде 
жазба түрінде шығаратын да ақындарымыз болған. Сон-
дықтан ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті бір-бірінің кө-
мегімен қатар өмір сүріп келе жатқан көркем өнердің 
туыстас салалары. 
Әсіресе совет заманында бұл екі сала қатты туысып 
кетті. Қазіргі уақытта, осында отырған, ақындардың 
барлығы да хат таниды. Реті келгенде бұлар суырып 
салып та айтады. Бұл өзі сөз өнерінің дамуындағы та-
биғи құбылыс болып отыр. Иса ақын ауызша айтқанда, 
халық ақындарының бұрынғы дәстүрін бойында сақ-
тап, өз жырларында молынан жүзеге асырған ақын еді. 
Еркін де тура тауып айтатын, ойлаған ойынан дәл түсетін 
ақын болатын. Сонымен қатар ол қолына қалам алса, 
барлық ой, сезімін қағазға төгетін жалынды жазушы, 
ақын екенін де жақсы танытқан. Сол Иса салған дәстүр 
бүгінгі көп ақындарымызда бар. Мәселен, әрі ақын, әрі 
әнші Кененнің өзі де хат танитын адам. Ол кісі жазып та 
айтады, кейде ауызша да айтады. Сонымен бірге халық 
жырларын жатқа айтып, халық арасына таратады. Сон-
дай-ақ Нұрхан Ахметбеков, Омар Шипин сияқты қарт 
ақындарымыз да екі жақты, қос қырлы қайраткерлер. 
Осы күнгі егде тартқан ақындардық көпшілігі-ақ сауат-
ты. Олар жазба әдебиеттің үлгілерінен де үйрене отырып, 
екінші жағынан халық ақындарының ауызша айтатын 
айтыс дәстүрлерінің байлықтарын жинап, оны өздерінің 
творчествосына жақсы, орынды пайдаланатын ақындар. 
Біздің тұсымыздағы халық ақындарының творчество-
сын талдап қарайтын болсақ, мұнда жазба әдебиет үлгі-
лері мен ауыз әдебиеті үлгілерінің қатар өмір сүріп, бі-
ріне-бірі жақсы әсер етіп жатқанын көреміз. Біздің пар-
тия мен үкімет халықпен араласып отырған өнер иелері-
не үлкен көңіл қойып, зор сеніммен назар аударады. 
Олардың бағалы жақтары — халықтық мұң-мүддесін 
11 

жақсы біледі. Олар байырғы талант иелері, ұзақ өмірін-
де үлкен өнер саласына еңбек етіп кете алмағанымен, 
колхоздар мен совхоздардың өмірін, құрылысшылардың 
өмірін жақсы біліп, соны жырлауға, еңбек адамдарының 
бейнесін жасауға, тәуір жырды еңбекші жұртшылыққа 
таратуға, көркем сөз қазынасын молайтуға олардың сіңі-
ретін еңбегі көп. 
Осында отырған ақындар творчестволық беттері, 
бағыт бағдарлары белгілі адамдар. Мұны олар өз еңбек-
герімен көрсетіп отыр. Бұл айтқандарымызды дәлелдей-
тін қыруар фактілерді түгелдей қолға түсіріп алдық деп, 
әрине, әзір айта алмаймыз. Біздің жуықта отау тігіп бө-
лінген Әдебиет және өнер институты, қазір осы мақсат-
ты алға қойып, халық ақындарының творчествосын кең 
зерттеуді зор мақсат етіп отыр. Осы мәжіліс әлгі мақсат 
тұрғысынан шақырылды. 
Халық ақындарының творчествосына көңіл аударар-
да біз қазіргі күйімен қанағаттанып, соны зерттеп қана 
қою емес, халық ақындарына көмектесуді де мақсат ете-
міз. Біздің тарапымыздан халық ақындарына қандай 
жәрдем, қандай творчестволық көмек керек және халық 
ақындарының білімін, мәдениетін қалай көтеріп, шебер-
лігін қалай ұстарта түсеміз, оларды қалай ұлы мақсат-
қа жұмылдыра түсеміз деген мәселе — бүгінгі күрделі 
мәселе. Халық ақындары бір ғана жыр жазу, айтысқа 
түсу түрінде ғана әрекет жасап отырған жоқ. 
Халық ақындарының творчествосының толып жат-
қан қырлары бар. Әдеби тілмен айтқанда, толып жатқан 
жанрлары бар. Халық поэзиясында қашаннан қалып-
тасқан жанрларды ақындар біздің заманымызда да өсі-
ріп, еркендетіп келеді. Мысалға лирикалы жырларды 
алайық, жақсы адамдар жөнінде таза сезімді толғап ай-
тушылық ертеден халық ақындарының жақсы дәстүрі 
болатын. Сол дәстүр бойынша ауылдағы еңбек ерлерінің 
жақсы істерін, жарқын бейнелерін өз жырларында оқу-
шы жұртшылыққа тебіренте жырлап беретін ақындар 
бар. 
Біздің Қоммунистік партия жөнінде, ұлы көсем Ленин 
туралы, қаһарман совет халқы туралы, бейбітшілік тура-
лы, ерлік еңбек туралы. совет ғылымының зор табыста-
ры жөнінде, көкке ұшқан Гагарин, Титов, сықылды ба-
тырлар жөнінде халық ақындарымыз үлкен, тәуір-тәуір 
толғаулар айтуда. Бұдан былай олардың мұнан да терең 
12 

толғаулар айтуға мүмкіншіліктері бар. Егер біздің тара-
пымыздан тиісті көмек болса, ұлы мақсат — коммунизм 
қоғамына тез жету үшін, коммунистік құрылыста ұлы 
табысқа жете беру үшін өмірде кездесетін кемшіліктер 
мен қиындықтарды тауып көрсетіп, сынап, шенеп айта-
тын әсіресе халық ақындары. Бұл жөнінде ел тұрмысын, 
ерсіліктерді, кемістіктерді халық ақындарынан жақсы бі-
летін, тез көретін адам жоқ дер едім. Олар бізге оралғы 
болатын адам санасындағы ескіліктің қалдықтарын жою 
жөнінде де, жаман қылықтарды ашу жөнінде де өздері-
нің өткір тілімен сықақ етуге, мысқылдауға өте шебер. 
Халық ақындары маскүнемдерді, ұры-қарыны, саудагер-
лерді, жатып ішер арамтамақтарды сынауда, өлтіре соқ-
қы беруде, орнынан тұрғысыз етіп әшкерелеуде басты 
құрал. Өткір тілмен айтылған ақын сөзін халық ықылас 
қоя тыңдайды. Мінді сынаған мысқыл, сықақ сөздер 
өтімді келеді. Міне, мұндай құралды біз коммунистік 
құрылыста кедергі болушыларға қарсы пайдаланбасқа 
қақымыз жоқ. Бізді кім де кім ескілігімен етегімізден 
тартатын болса, онымен күресуге біздің ақындар уытты 
сөзімен көмек көрсете алады деп білеміз. 
Ертеден келе жатқан көне жанрымыздың бірі — 
дастан. Бұрын батырлар қандай шабытпен жырланса, 
қазіргі заманымыздың еңбек ерлерін одан да мазмұнды, 
одан мағыналы етіп жырлауға мүмкіншілігіміз бар. 
Біздің қалам қайраткерлерінің алдына осындай міндет 
қойылып, еңбек ерлері жөнінде жедел түрде жақсы көр-
кем очерктер жазу талап етіліп отыр. Олай болса, халық 
ақындарының алдына да осындай міндетті қоюға болар 
еді. Батырларды жырлаған сияқты енбек ерлерін, Гага-
ринді, Титовты, ғылымның табыстарын, табысқа жеткіз-
ген коммунизм адамдарын мадақтап, колхозшылар мен 
совхоз жұмысшыларының, халықтық интеллигенцияның 
көрнекті өкілдері жөнінде біздің халық ақындарымыз 
ірі дастандар жазуға мүмкіндігі бар ғой дейміз. Эпика-
лық түрде жырлайтын ерлік істер, тамаша өмір баяндар, 
ұлы оқиғалар совет шындығында ұшан-теңіз. Тек халық 
ақындарын бұл жұмысқа бағыттау жөнінде біздер тара-
пынан жетек, көмек болған емес. Бұдан былай бұл жұ-
мысты міндетті түрде қолға алып, күнбе-күн басшылық 
етуіміз керек. 
Ертеден өмір сүріп келе жатқан жанр — айтыс. Ай-
тыс жанры тек қана ауызша түрде болуы мүмкін дейтін 
13 

пікір бар. Бұл меніңше, біржақты пікір. Ескі заманда да 
ақындардың жазып айтысатыны болатын. Қазіргі заман-
да айтысатын ақындарымыз өзінің айтысып отырған 
ақынының жерін, ауданының тұрмысын толық білмей, 
саяз мәліметпен айтысқа түскеннен гөрі әрбір ауданның 
экономикасын, жақсы-жаман жақтарын, кейбір жеке 
адамның басындағы кемшіліктерді толық біліп алып, 
жазба түрінде де айтыс ұйымдастыруды орынды деп бі-
лемін. 
Мынадай айтыстың түрлері де бар: кейбір айтыс 
ақындары жаңа жырлар туғызар едік, бірақ айтысатын 
адамымыздың жағдайын жете біле бермейміз. Елінің 
тұрмысын, өмірін, жетістігін, кемшілігін жете білмейміз 
дегенді айтады. Айтыста белгілі бір мақсат қойылып, 
саналы түрде өткені жөн. Мұндай ақындардың сөздері 
ел арасында кемшілікті жөндеуге жақсы әсер етеді. 
Сондықтан бұл жанрды халық жақсы көреді. Осы тұр-
ғыдан қарап, мысқыл, сын түріндегі айтыстардың етек 
алып өркендеуіне көмектесуіміз керек. 
Сәбит Мұқанов жол жүретін болғандықтан бүгінгі 
жиналыста бола алмайтынын айтып, айтыс жанры жөнін-
де, ақындар жөнінде өзінің сәлемін жеткізуді менен 
өтінді. Сәбит сәлемінде айтыс жанрын өрістету керек 
дегенді ескертті. 
Тың игеріп жатқан жерлерде, ауылдарда, құрылыс-
шылар арасында айтыс жанрының үлкен әсерлі жанр 
екендігі аян. Сондықтан айтыстың әзірлігін жүргізіп, ай-
тысатын ақындар асықпай ойланып, толғанып, жеке фак-
тілер мен құбылыстарды жақсы пайдалана отырып ай-
тысқаны мақұл. Бір кемшілікті сынап, ол жөнінде фелье-
тон газет бетіне шыққанда, аудандық партия комитеті 
немесе бастауыш партия ұйымы бұл кемшілікті талқыға 
салып, одан қорытындылар шығарып, шаралар қолда-
нып жатады. Сол сияқты айтысты да осы мақсатта пай-
даланып, екі жақтың ақынын ойландырып, толғандырып, 
кемшілікті дұрыс ашып, өткір түйреп көрсететін болса, 
сол айтыстар арқылы жергілікті жерде тиісті қорытын-
дылар шығарылса, біздің бүл айтысымыз партияның 
бүгінгі саяси-тәрбие жұмысына үлкен көмегін көрсетіп, 
жәрдемін тигізген болар еді. 
Ақындардың қолындағы құрал өте ұшқыр, өткір жә-
не уытты құрал дер едім. Бұл құралын, өзінің сөз өне-
рін ақындар тиісті жерінде ойдағыдай пайдаланса, осы 
14 

арқылы коммунистік қүрылыста, коммунистік тәлім-
тәрбиеде баға жетпес еңбек сіңірер еді. Толғау, лирика 
жырының да, сықақ, мысқыл жанрының да өсуіне бізде 
қазір мүмкіншілік мол. Сондықтан бұл жанрларды өріс-
тетуіміз керек. 
Әрине бұл жанрлардың мазмұны да, мақсаты да 
жаңаша болмақ. Ертеде, ескі заманда айтыс ақындары 
руын айтып, байлығын, кедейлігін, жаман адамдарын 
айтып, шекісумен қанағаттанса, біздің қазіргі халық 
ақындарымыздың өресі биік, сана-сезімі терең, көзі 
ашық. Бұлар шағын ру көлемінде ғана мәліметі бар 
адамдар емес, бүкіл Одақ көлемінде білігі, ұғымы бар, 
жетістік пен жеңістің қай салада болып жатқанын, та-
быстың тетігі мен кілтін білетін адамдар. Бұл ақындар 
бүкіл байтақ отанымыздың табысына куанады, қиыншы-
лығына күйзеледі. Бұлардың түсінігі мол, көз жанары 
кең, ұғымы терең. Соңдықтан бірен-саран жетістік, ке-
містік жайында ғана емес, біздің ұлы партия туралы, 
халқымыздың таудай тамаша табыстары туралы 
терең философиялық толғаулар жырлауына мүмкіндігі 
бар ақындар. Жыр атаулының өзегі — коммунистік 
идея, өмірге партиямыздың шыншылдық көзқарасымен 
қарау, коммунизм орнатып жатқан халыққа көмек ете-
мін деген ықыласпен қарау. Сонда ескі мен жаңаны, 
жақсы мен жаманды дұрыс ажыратамыз, дұрыс білген 
нәрсені дұрыс жырлап, жұртшылыққа дұрыс жеткізе 
аламыз. 
Сонымен, бізде, біздің бай халық поэзиямызда, 
дәстүр де бар, тіл байлығы да бар. Тек осыларға дұрыс 
мазмұн, бағдар беріп, халық ақындарын осы жақсы 
мұраны пайдалануға жұмылдыра отырып, поэзия үлгіле-
рін дамыта түссе деген тілек білдірер едік. Сонда ақын-
дардын, халқымызға үгітші-насихатшы ретінде қызмет 
ететін үлкен белсенділік, тәрбиешілік ролі арта түсер еді. 
Біздің халық ақындарымыздың айтатын сөздерінін 
мазмұны, тақырыбы жаңа. Оның түрі, кейбір дәстүрі 
байырғы, бұрынғыдай болғанымен, бағдары басқа. 
Жаңа заман тақырыбына жоғары идеялы, мазмұнды, 
жалынды жыр жасау — ардақты іс. Бұл іс партияға кө-
мек ету, коммунистік қоғам құрылысына қолғабыс тигізу 
болып табылады. 
Халық ақындарын аз ғана және шағын ғана тақы-
рыптың маңыңда тәрбиелеу жеткіліксіз. Оларды мол, 
15 

кең тақырыптың төңірегіңде тәрбиелейтін болуымыз ке-
рек. Халық ақындары елімізде болып жатқан істің бар-
лығымен де хабардар болуы керек. Олар советтік шып-
дықты жақсы білгенде ғана жақсы жырлай алады. Ха-
лық ақындарына қалай болса солай жырлай бер демей, 
олардың да білімін толықтырып отыруды қарастыру 
біздің бірден-бір міндетіміз боп табылады. Міне, сонда 
ғана жазба әдебиеті мен ауызша әдебиеттің арасы жа-
қындай түседі, ауыз әдебиетініқ дәрежесі көтеріле түседі. 
Халық ақындары дегеніміз қараңғылық, надандық 
деген сөз емес. Олай болса халық ақындарының алдына 
үлкен талап-тілек қойылуы орыпды. Біздің өміріміздің 
өсуімен қатар өсіп, толыскан саналы топтың санында 
қызмет ететін, заманымызбен адымдас жүретін халық 
ақындары ғана біздің тұрмысымыздың шыңдығын жыр-
лай алады дейміз. 
Енді бірер сөз сапа жөнінде. Біздін жазба ақындары-
ның арасында мынадай бір теріс ұғым бар: халық ақын-
дары не де болса ұйқастырып айтса, не де болса тез 
айтса, сөйтіп, осы екі қасиетімен тыңдаушыларын тан-
қалдырса жеткілікті деп біледі. Табанда өленді ұйқас-
тырып айта қою ақынның өнерлілігін, таланттылығын 
көрсететіні рас. Бірақ бұл бізге жеткіліксіз. Өлең шыға-
ру көп адамның қолынан келеді, ал жақсы, сапалы өлен 
шығару аз-ақ адамның қолынан келеді. Ал олай болса, 
халық ақындарымыз сапалы өлең шығаруға тырысса, 
поэзияға табыс, үлес деп тек соны есептеу жөн. Абай 
өлең жөнінде былай дейді: 
Өлең — сөздіқ патшасы, сөз сарасы, 
Қиыннан қиыстырар ер данасы. 
Бұл да сол сапа жөнінде айтылған баға. Ал өленді үй-
қастыру екінің бірінің қолынан келеді. Қиыннан қиыс-
тырып жасаған жақсы өлең ұйқастан басқа да көп шарт-
қа байланысты. Талант керек, терең ой керек, өткір, от 
шашқан сезім керек, көп іздену, үйрену, еңбектену ке-
рек. Сырты күміс, іші алтын болу өлең сөзге қойылатын 
зор талап. Өлеңге сын осы тұрғыдан болуы қажет. Біз 
қалам алған жазушыларға ана кемшілігің бар, мына 
кемшілігің бар деп айтып, көзіне көрсетіп жатамыз. Ал 
халық ақындарына мұндай сын айтылып көрген емес. 
Сондықтан халық ақындары өзіне-өзі сын көзімен қарап, 
16 

әз шығармасының сапасын көтере түскені дұрыс болар 
еді дер едік. Өлең сөзде мазмұны бай болса, әрбір сөз 
белгілі мағына білдіреді, ой-пікірді білдіреді. Егер сөз 
ақынның шын сезімін білдірсе, ол оқушы мен тыңдаушы-
сының да жүрегін тебірентеді. Олай болса, жұртшылық-
ты толғанту, тебіренту үшін ең алдымен ақын өзі тебі-
ренуі керек. Осы жағы кейбір айтыстарда, жырларда 
бола бермейді. Жалпылама айту, тізім түрінде яки бір-
деңенің атын айтып ұйқастыру түрінде өлең шығарудың 
маңызы аз, бағасы кем. 
Ең алдымен тақырып дэл, нақты болуы керек. Мыса-
лы, Гагаринді не үшін күрметтейміз, оны қандай халық 
туғызған, оның ерлігі неге байланысты, Гагариннің қан-
дай қасиеттерін айрықша бағалаймыз? Міне осылардың 
барлығы ақын өлеңіңде нақты айтылып жырланса ғана 
өлең мағыналы, мазмұнды болмақ. Кеше партия Про-
граммасының жобасы жарияланып, бүкіл халық болып, 
жазушылар болып қуана макұлдап отырғанда, біздің 
ақындарымыз, мына сіздер, бұл Программаның ұлы до-
кумент екенін ақындық шабытпен жырлап берсеңіздер 
қара сөзден гөрі, әрине, өтімді де әсерлі болар еді. Ақын 
өз тілімен, өз сөзімен осы сияқты ұлы оқиға жөнінде 
жұртшылықты тебіренте алатын болса, онда мақсаттың 
орындалғаны. Жай сөзбен де ұлы Программа туралы 
совет адамдары өздерінің жақсы сезімдерін білдіріп 
жатыр. Ал ақындарға қойылатын талап — осы ұлы оқи-
ғаны тың ой, соны сезіммен, ешкім айта білмеген жалын-
ды сезіммен жеткізуі керек. Осы жөнінде біздің жаңа, 
нәзік сезімімізді оятатын ұйтқы бола білу керек. Міне, 
халық ақынына қойылатын талап осы болады. Қара 
өлең түрінде тек ұйқастыру халықты қанағаттандыр-
майды. Біздің халық бұдан елу жыл бұрынғы халық емес, 
халқымыздың сана-сезімі өскен, коммунизм орнатып 
жатқан халық, не үшін күресіп жатқанын анық білетін, 
көзі ашық халық. Ендеше өленде ой мен сезімді асыл 
сөзбен өріп айтпаса, ондай өлең халыққа әсер ете ал-
майды, әсер етпегеннен кейін ол шығармаң құнсыз боп 
шығады. Сондықтан өлең жырларын, айтыс жырларын, 
лирикалық жырларды үлкен өнермен айтса, аз көлемде 
көп мағына берсе, тартымды, мағыналы сөздер иін тіре-
сіп арасында бос сөзге жол берілмесе, сонда ғана ақын-
дық шығармаң құнды болмақ. Кейбір жасық өлең жа-
2-153 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал