«Îòêðûòàÿ øêîëà» ¹ 7 (128), ñåíòÿáðü 2013 о деятельности консультативно



жүктеу 309.96 Kb.
Pdf просмотр
бет3/3
Дата25.04.2017
өлшемі309.96 Kb.
1   2   3

I. Диагностикалық бағыт: 

- баланы алғашқы дефектологиялық тексеру 

-баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі 

түрде кезең бойына бақылау 

-баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер мен 

таңдалған бағдарламаның тиімділігін анықтау 

-оқушының жеке ерекшіліктерін, танымдық қызметін, 

ерік-жігер саласын, отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму 

ерекшеліктерін зерттеу 

-  жалпы  білім  беретін  мектептің  бағдарламасын 

меңгерудің деңгейін анықтау 

-компенсаторлық мүмкіндіктерді іздеп табу 

-баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала 

дамуындағы ауытқулардың алдын алу. 

Сонымен диагностика мынадай міндеттерді шешуге 

бағытталады: 

Баланы алғашқы тексеру. Оның мақсаты: баланың жақын 

даму аймағы мен актуалды даму аймағын, оқу барысындағы 

қиыншылықтардың себептері мен механизмдерін анықтау. 

Диагностикалық  зерттеу  жұмысы  қыркүйек  айы 

бойы  жүргізілді.  Бұл  диагностиканың  қорытындысы 

дефектологиялық  тексеру  хаттамасында,  балаға 

дефектологиялық анықтама бергенде тіркеледі. 

Баланы  динамикалық  тексеру  -оқыту  процесінде 

оқушының  даму  деңгейіне  таңдалған  оқытудың 

түрі,  әдістері  мен  тәсілдердің  сәйкестігін  анықтау, 

баланың даму динамикасын бақылап отыру мақсатында 

жүргізіледі.  Динамикалық  тексеру  жылына  екі  рет 

жүргізіледі.  Сонымен  бiрге  баланы  динамикалық 

зерттеу баланың пән бойынша жеткен жетістіктерімен 

баланың даму нәтижесін салыстыруды көздейді. Баланың 

оқу  дағдыларының  қалыптасқандығын  (ақпаратты 

қабылдауы,  оқу  қызметін  ұйымдастыра  алу,  өзін-өзі 

бақылау) тексереді. 

Кезеңдік диагностика- бұл диагностиканың түрі бала-

мен жүргізілген түзете-дамыту жұмысының баланың оқу- 

танымдық қызметіне тигізген әсерінің тиімділігін анықтауға 

мүмкіндік береді. Түзете-дамытудың бағдарламасының 

игеру деңгейінің нәтижесін бағалағанда баланың білім- 

білік дағдылары игеруге қажет танымдық қабілетінің 

қаншалықты  қалыптасқандығына  ғана  емес,  баланың 

игерген білімін берілген мәселеде өз бетімен қаншалықты 

қолдана алатынына көңіл бөлінеді. 

Ағымдық диагностика – бұл диагностика әртүрлі ма-

мандар тарапынан (психолог, логопед, сынып жетекшісі, 

пән бойынша ұстаздардың) сұрау бойынша жүргізіледі. 

Бұл диагностиканың белгілі бір өткізу уақыты болмайды. 

Ол жыл бойына сұрау бойынша жүргізіледі. 

Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудағы 

диагностикалық бағыттың тағы бір негізгі міндеттерінің бірі – 

бастапқы кезеңде баланың алда кездесетін қиыншылықтары 

мен оқу процесінде бүгінгі күні бар қиыншылықтардың 

себебін, механизмін анықтау болып табылады. 

Диагностикалық жұмыстың негізгі қағидалары: жан- 

жақтылық,  кешенділік,  жүйелілік,  тұтастық.  Аталған 


68

«Îòêðûòàÿ øêîëà» ¹ 7 (128), ñåíòÿáðü 2013

қағидаларды ескере отырып әр ППҚ қызметінің маманы 

өз бағыты бойынша балаға психологиялық-педагогикалық 

қолдау көрсетеді. Мұғалім-дефектолог, психолог, логопед 

диагностиканы 12 бағыт бойынша жүргізеді: 

- Сенсорлы-перцептивті жағдай; 

- Зейіні; 

- Есте сақтауы

- Ойлауы; 

- Сөйлеу ерекшеліктері; 

- Өзін-өзі бағалауы; 

- Ерік-жігері; 

- Психомоторлық жағдайы

- Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы; 

- Оқу біліктілігі; 

- Еңбек біліктілігі

- Коммуникативтілігі; 

Әр бағыт арнайы диагностикалық әдістермен тексеріліп, 

қорытындыланып тиісінше балл қойылады. Шығарылған 

балға сәйкес психологиялық-педагогикалық профиль тол-

тырылады. Профиль – баланың даму деңгейін көрсететін 

құжат. Профиль баланың қатер даму зонасын анықтап 

береді. 


Диагностика  қорытындысы  мектепішілік  конси-

лиумда талқыланады. Әр маман баламен жүргізілген 

алғашқы  диагностикалық  тексеру  бағыты  бойынша 

өзінің қорытындысын ұсынады. Консилиумда баланың 

дамуының  мінездемесі,  оның  одан  әрі  дамуы,  балаға 

түзете дамыту бағдарламасын құру бойынша мәселелері 

қарастырылып  ортақ  шешімге  келеді.  Тексерудiң 

нәтижелерiн талдау баланың одан әрi дамуының бол-

жамын анықтап, әр оқушыға оқыту процесінде тиiмдi 

әдiстерді іріктеп, түзете- дамыту жұмысының мазмұнын 

анықтауға мүмкіндік береді. Диагностиканың нәтижесі 

баланың тек өзекті даму аймағының даму деңгейін ғана 

анықтау емес, баланың жақын даму аймағы деңгейін 

бағалап баланың ықтимал мүмкіндіктеріне бағытталады. 

Қорыта келе, баланы психологиялық-педагогикалық 

қолдау мақсатында баламен жүргізілген диагностикалық 

бағыт бойынша дефектолог диагностиканың нәтижесін 

негізге ала отырып, баланың жасына сай жұмыс түрін 

анықтап, балаға түзете-дамыту бағдарламасын құрады. 

II. Түзете-дамыту бағыты бойынша: 

Ақаудың құрылымымен оның айқындылық дәрежесіне 

байланысты түзету жұмысының мазмұны анықталады. 

Баламен жүргізілген диагностиканың қорытындысы 

түзете-дамыту жұмысы бойынша мынадай бағыттарды 

айқындап берді: 

- сенсорлық және сенсомоторлық дамуын қалыптастыру; 

- кеңістік-уақыт түсініктерін қалыптастыру; 

- пішін мен көлем, түсті қабылдауын қалыптастыру

-салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы 

ойлау операцияларын қалыптастыру; 

- зейіннің тұрақтылығын, зейін шоғырлануын дамыту; 

- көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту; 

- психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, 

сөздік қорын арттыру. 

Айқындалған  бағыттар  негізінде  балаға  түзете-

дамыту  бағдарламасы  құрылады.  Түзете  –  дамы-

ту  бағдарламасы  баланың  танымдық  қабілеттерін 

дамытуға, баланың дамуындағы бос орынды толтыруға 

бағытталады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін баланың 

жеке жас ерекшеліктері, қабылдау деңгейі ескеріліп, әр 

тақырыпқа  тапсырмалар  тізбегі  даярланады.  Баламен 

жеке жұмыс сабақтан тыс уақыттарда өтеді. 

III. Кеңес беру мен ағартушылық бағыт бойынша: 

- ұстаздармен жеке жұмыс жүргізу 

- баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере оты-

рып ата-аналарға, ұстаздарға бірқатар ұсыныстарды даярлау; 

- оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып 

мұғалімнің оқу жоспарына түзету жұмыстарын енгізу

- эксперименталды топта жұмыс істейтін педагогпен 

жеке кеңес жүргізу; 

- әлеуметтік қызметкерлермен жұмыс; 

- ата-аналармен жұмыс: 

-  ба ла мен  ж ү рг ізі л г ен  ж ұ м ыс т ы ң  жа л п ы 

қорытындысымен ата-аналарды таныстыру; 

- ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары 

туралы нақты ұсыныстар даярлау; 

- ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне 

сай баланы оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын 

түсіндіру; 

-ППҚ қызмет мамандарымен тығыз қарым-қатынаста 

болу. 

Ата-анамен жұмыс бұл бағыттың басты міндетінің 



бірі.  В.  А.  Сухомлинский  ата  –  анамен  жұмыстың 

мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Ол: «Тек 

ата  –  аналармен  бірге  жалпы  күш  жігерді  біріктіру 

арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты 

беруі мүмкін», – дейді. Демек, ата-ана бала тәрбиесінде 

балаға  ықпал  етуші  бірден-  бір  фактор.  Сондықтан, 

психикалық  дамуы  тежелген  баланы  психологиялық-

педагогикалық  қолдау  қызметінде  ата  –  аналарға 

психологиялық  кеңес  беру,  оларды  бала  дамуының 

мазмұнымен ақпаратттандырып отыру, жалпы ата-ана-

лармен жұмыстың маңызы ерекше. 

Педагогикалық процестiң сапасын жоғарылатудың 

тиiмдi жолы ППҚ қызметі мамандарының өзара байланысы 

мен бiр-бiрiнiң сабағына қатысу мен баланың қалыптасуы 

туралы талқысы және зерттеу қорытындыларымен өзара ал-

масу болып табылады. Мұндай бағыт бiрнеше қызметтерді 

қоса атқарады, яғни тәжiрибемен алмасу, бақылау, өзiн-өзi 

бақылау, кеңес беру. 



IV. Әлеуметтік-бейімдеу бағыты 

- баланың әлеуметтенуіне, қоршаған ортаға бейімделуіне 

жағдай жасау; 

- баланы шығармашылыққа тарту; 

-  баланы  мектепішілік,  мектеп  аралық  мереке,  іс- 

шараларға қатыстыру; 

-баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету; 

-мектепте өзін еркін сезінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзі 

өмір сүретін ортаны толық бағдарлай білуге үйрету. 

Сонымен қатар баланы психологиялық-педагогикалық 

қолдауда  әлеуметтік-бейімдеу  бағыты  оқушылардың, 

қоғамның  толеранттылығын  қалыптастыруды  жүзеге 

асырады. 

V. Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт: 

Бұл бағыттағы жұмыс консилиумға дайындық, іс- 

шараларға дайындық, баланың жеке құжаттарын толтыруды 


Èíôîðìàöèîííî-ìåòîäè÷åñêèé æóðíàë

69

қамтамасыз етеді. Сонымен қатар төмендегідей міндеттерді 



жүзеге асырады: 

-ұстаздар  мен  ата-аналарға  арналған  әдістемелік 

құралдарды жасау. 

-оқушыға портфолио құрастыру 

Портфолио – бала жеткен жетістіктердің, баланың білім- 

білік дағдыларының, баланың жеке өсуін қадағалайтын, 

бала дамуының көрсеткіші. 

Бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі баланы ортаға кіріктіру, 

жалпы білім беру процесіне қосу, мүмкіндігі шектеулі 

балалардың құқығын қамтамасыз ету маңызды мәселенің 

бірі болып отыр. Осы мәселеде баланы психологиялық- 

педагогикалық қолдау күрделі де маңызды процесс. 

Баланы  психологиялық  -педагогикалық  қолдау  – 

инклюзивті білім беру жүйесінде баланың тәрбиесіне, оқу 

процесіне, жақтын дамуына, әлеуметтенуіне, бейімделуіне 

жағдай жасауға бағытталған кәсіби белсенді жүйе. 

ППҚ  қызметіндегі  мұғалім-дефектолог  баланы 

психологиялық-педагогикалық  қолдауда  тек  білім 

мазмұнына  ғана  өзгерістер  енгізіп  қоймай,  баланың 

танымдық  қабілеттерін  дамыту  мен  жалпы  баланың 

өмірін  ұйымдастыруды  көздейді.  ПДТ  баланың 

танымдық  мүмкiндiктерін  қалыптастыруда  басты 

маңызды шарт – мұғалім-дефектологтың психологиялық 

құзырлығы  болып  табылады.  Яғни,  ол  сыпайылық, 

педагогикалық әдеп, оқу процесінде балаға көмек қолын 

созу, сәтсiздiктердiң себептерi мен жетістіктерді ұғыну 

мен өз мамандығын сүю. Мұның бәрі баланың танымдық 

қабілетінің  дамуына  мүмкіндік  жасау  мен  баланың 

өзіне деген сенімінің артуына, жетістіктерге бірқадам 

жақындауға жағдай жасайды. 

Жүсіпбек  Аймауытов  «Мұғалім  істеген  ісі  өнімді, 

берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен 

жақсы көрсін» деген екен. Олай болса, өз мамандығын 

шексіз сүйе білген маман иесі ғана үздіксіз ізденіс пен 

асқан шыдамдылық, қажырлы еңбектің арқасында баланың 

біліміне, оның болашағына үлкен сәулесін түсіріп, бала 

өмірін дұрыс бағытқа бағыттары сөзсіз. 

Қорыта келгенде баланы психологиялық-педагогикалық 

қолдаудың негізгі қағидалары төмендегідей: 

-ППҚ қолдауының мақсаттылығы 

-ППҚ қолдаудың үздіксіздігі 

- ППҚ қолдаудың бірізділігі 

-ППҚ  қызметінің  кешенділігі  (біртұтас  тәсілдік 

жүйені меңгерген, біртұтас ұйымдасқан ППҚ қызметі 

мамандарының біріккен жұмысы) 

-  ППҚ  қызмет  мамандарының  гумандылығы 

(адамгершілік, ізгілік) – баланың мүмкіндігіне сенетін 

мамандар құзыреттілігі. 



Қолданылған әдебиеттер: 

1. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық 

– педагогикалық түзу арқылы қолдау туралы» заң. 2002ж, 

11 шілде. 

2. Проект Концепции развития инклюзивного образова-

ния в Республике Казахстан на 2005-2010г. 

3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 

2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 

Астана, 2010 ж. 

Инклюзивті жалпы білім беруші мектеп 

оқушыларының жазбаша сөйлеу 

тілінің жағдайы



АБДИКАРИМОВА С. А., 

№27 ЖББОМ 

дефектолог-мұғалім, 

Караганды қ. 

Қазақстан Республикасының Елбасы Жолдауында әлеуметтік мәселелерге көп көңіл 

бөлді. Қазақстанда әлеуметтік келісім мен толеранттылық идеялары кеңінен таралуда. 

Бұл мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекеттік қарым-қатынастарды да өзгертіп, 

олардың  білім  алуға  деген  жалпыға  бірдей  тең  құқығын  мойындатты.  Қазақстан 

Республикасының білім беру ісін дамыту жөніндегі 2011 – 2020 жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарламасында аса маңызды міндеттердің бірі «мектепте инклюзивті 

білім беру жүйесін жетілдіру» екендігі атап көрсетілген. Мемлекеттік саясаттың басты 

міндеттерінің бірі – мүмкіндігі шектеулі балалардың Қазақстан Республикасының 

заңнамасына сәйкес білім беру құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз ету болып 

табылады. 

Осы заң аясында жалпы білім беруші мектеп оқушыларының жазуында кездесетін 

қателер түрлерін анықтау мақсатымен Қарағанды қаласындағы инклюзивті білім беруді 

жүзеге асыратын № 27 ЖББОМ 2 – 3 сыныптарында анықтаушы (констатациялық) экс-

перимент жүргізілді. Тексеруге жалпы 2 қазақ сыныбы қатысты. Барлық оқушылар саны 

– 40. Әр сыныптың бағдарламасына сай мәтіндер іріктеліп, балаларға диктант жазғыздық. 

Оқушыларға берілген мәтінде кездесетін қиын сөздер екі-үш рет қайталанып оқылды. 

Сөздердің жазылуы мен айтылуы сәйкес келетін болды және талдауында қиындық туды-

ратын сөздерді жазуына сәйкес анық айтып отырдық. Балалардың жазбаша жұмыстарын 

тексеру кезінде қателер түрлеріне және олардың сипатына көңіл бөлінді. 

ИНКЛЮЗИВНОЕ 

ОБРАЗОВАНИЕ


70

«Îòêðûòàÿ øêîëà» ¹ 7 (128), ñåíòÿáðü 2013

Арнайы  әдебиеттердегі  мағлұматтарды,  Леви-

на  Р.Е.,  Садовникова  И.Н.,  Корнев  А.Н.,  Лалаева  Р. 

И.  т.  б.  авторлардың  қате  түрлерін  топтастырула-

рын  басшылыққа  ала  отырып  зерттеу  барысында 

жинақталған жазу жұмыстарында кездескен кателерді 

келесідей бөлдік: 

1 т оп – әріптерді шатастыру. Ә ріптерді шатастыру 

түрлері кинетикалық, оптикалық және артикуляциялық 

ұқсастығы бойынша топтастырылды. 

2 топ – әріптер мен буындарды тастап кету. 

3 топ – артық әріп пен буынды қосып жазу. 

4 топ – әріптер мен буындардың орнын алмастырып 

жазу. 

5 топ – сөздерді бірге жазу. 



Инклюзивті жалпы білім беруші мектебінің бастауыш 

сынып оқушыларының жұмыстарын талдау барысында 

әр түрлі қателердің жиі кездесетіні байқалды. Әр топтағы 

қателерге толығырақ тоқталайық. Жазу жұмыстарының 

ішіндегі ең көп кездесетін қате түрлеріне сөзде дыбы-

старды шатастыру, яғни дыбыстық құрамының бұзылуы, 

соның  ішінде  әріпті  акустикалық-артикуляциялық 

ұқсастығы  (айтылуы)  бойынша  шатастыру  бастапқы 

орынды алды. Әсіресе оқушылар к-қ, н-ң, з-с, б-п, д-т, 

г-к, і-ы әріптерді шатастыруы жиі байқалды. Мысалы, 

бақдаршан – бағдаршам, таспақа – тасбақа, гөбелек – 

көбелек, бұгын – бүгін, дәпдер – дәптер, ілгш – ілгіш, 

қарндаш – қарындаш (ы, і дыбыстарының түсіп қалғанын 

көреміз). 

Акустикалық-артикуляциялық ұқсастығы (айтылуы) 

бойынша  фонемаларды  жиі  шатастыру  балалардың 

фонематикалық естіп қабылдау, ажырату дағдыларының 

толық денгейде жетілмеуінің салдары деп қарастыруға 

болады. 

Арнайы әдебиеттерде кинетикалық ұқсастығы бойын-

ша әріптерді шатастыру сөйлеу тілінің дыбыс айту жағымен 

де, орфографиямен де байланысты емес деп қарастырады. 

Ондай қателердің бірден-бір себебі оқушыларда дыбыс 

пен әріп арасында байланыстың толық қалыптаспауы. 

Бір жағынан фонема мен артикулеманың, екінші жағынан 

графема мен кинеманың байланыстарының жеткіліксіздігі 

деп есептейді. 

Кинетикалық ұқсастығы бойынша жіберетін қателер 

саны да аз емес: Мысалы, ошіргіш – өшіргіш, дайаң – 

дайын, орналыста – орналасты, тырғойға – торғайға, 

кітопқа – кітапқа. 

Оптикалық ұқсастық бойынша шатастыру жазуда 

с – е, о – с, у – д – з, л – п, м – ш, в – д, э – ә, е-ә, и – м, і – у 

әріптерді ажырата алмауымен сипатталады. 

Тексеру барысында шатастыруға байланысты қателер 

көбінесе ауызша сөйлеу тілінде бұзылыстары бар ба-

лаларда (фонетикалық жетіспеушілігінің салдарынан 

дыбыс айтуы бұзылған) жиі кездесті. 

Сөзде әріптердің түсіп қалуы бойынша, артық әріпті 

(буынды) қосу қателері кездесті. Балалардың жазуында 

дауысты да, дауыссыз да әріптерді сөзде жазбай кетуі 

байқалады. Оқушылардың жұмыстарында сөздің соңғы 

әріпі немесе бірінші әрпі жиі жазылмай қалады. Мы-

салы, кемейтін – келмейтін, ұнады – ұнатады, таспқ – 

тасбақа, етк – етік, телдида – теледидар, қыыл – қызыл, 

тарады- тартады, женебіп – небір, бөгет – бөгеттер т. б. 

Әріптер мен буындардың орнын алмастыру балаларда 

сирек кездесетіні анықталды. Сөйлем ішінде сөздерді бірге 

жазу дисграфияға тән қателердің ішінде жиі кездесетінің 

байқадық. Мысалы, (орланасып – орналасып, алменен – ал 

менің, қыс тау – қыстау, кей бір – кейбір, шана мен – ша-

намен, ағашараларында т. б.). 

Тексеру барысында персеверациялар, антиципациялар 

орын алды. Жазбаша сөйлеу тілін зерттеуге арналған 

арнайы әдебиеттерде қателердің осы түрі көп таралғаны 

жайында мәліметтер аз. О. А. Величенкованың зерттеулері 

бойынша  персеверациялар  ерекшеленген  қателердің 

соның  ішінде  әріптердің  қайталануы  жиі  кездеседі 

[4]. Балалардың жұмыстарынан бір әріпті бірнеше рет 

жазғандарын  байқауға  болады  (аайнала,  теледадаар, 

келдді-  келеді).  Мұндай  қателер  бірінші  сыныпта  са-

уат  ашу  кезеңіндегі  балалардың  графо-моторикалық 

дағдыларын механикалық бекіту нәтижесінде байқалуы 

мүмкін және әріптерді дауыстап айтып отыру нәтижесінде, 

фонематикалық есту қабілетінің жеткіліксіз даму салда-

рынан болады. Антиципация – алдын алу (келесі сөзде 

кездесетін  әріпті,  буынды  алдын  ала  жазу).  Мысалы, 

жаңбыр  жауды  –  жабдыр  жауды;  балапан  –  бапапан. 

Бұл  аталған  екі  түрлі  қателер  қозу  процесінің  әлсіз 

дифференциялауының әсерінен болады 

Зерттеу  кезінде  жалпы  инклюзивті  білім  беруші 

қазақ  мектебінің  бастауыш  сыныптарында  дисграфи-

ясы бар оқушылар жиі кездесетіні анықталды. Жалпы 

инклюзивті білім беруші қазақ мектебінің бастауыш сынып 

оқушыларының жазу жұмыстарында сөздің дыбыстық 

құрамын сақтамауы: әріптерді айтуы және жазуы бойын-

ша шатастыру, персеверациялар, лексика- грамматикалық 

қателері кездесті. Көптеген авторлардың пікірі бойынша 

жоғарыда аталған қателердің жиі болу себебі ретінде 

балалардың  мектеп  жасына  дейін  жазудың  функцио-

налды  базисін  (бейнелі-графо-  моторлы,  сукцессивті, 

конструктивті және кеңістіктік түсініктерінің) дамытуға 

арналған арнайы жұмыс ойдағыдай жүргізілмегендіктен 

осы  процестердің  толық  дамымауы  танылды.  Осы 

процестерді  дамыту  үшін  жеке  түзету  бағдарламасы 

әзірленді, сол бағдарламаға байланысты жазбаша сөйлеу 

тілінде кездесетін қателерді түзетуге арналған көмекші 

құрал  ретінде  жұмыс  дәптерін  дайындау  үстіндемін. 

Әрбір тақырып ережеден, жаттығу жұмыстарынан тұрады. 

Оқушының қызығушылығын арттыру мақсатында тап-

сырмалар түрлі-түсті болып келеді. Мысалы: Дауысты 

дыбыстар. Оның түрлері тақырыбына арналған ережедегі 

тапсырма оптикалық дисграфияны түзетуге арналған. 

Тапсырмада дауысты дыбыстар берілген, оқушыларға 

дыбыстарды бояуы керек. Әріпті бояу арқылы көзбен 

қабылдауын,  есте  сақтауын  (түсті,  пішінді,  өлшемін, 

көлемін) дамытуға болады. 1-тапсырманы орындау арқылы 

жуан дауысты дыбыстарды ажырата алуын анықтауға 

болады, ұсақ қол моторикасын дамытуға болады. 2-тап-

сырма арқылы жіңішке дыбыстарды меңгеруін бекітуге 

болады. 3-тапсырма акустикалық дисграфия түрін түзетуге 

арналған. Жуан, жіңішке дауыстыларды ажырата алуын 

бекітуге арналған. Осылай әрбір сабаққа жазбаша сөйлеу 

тілін түзетуге арналған тапсырмалар дайындап отырамын. 



жүктеу 309.96 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет