Құзыреттілігін арттыру үшін журналистің қоғамдағы статусын анықтау керек пе?



жүктеу 0.76 Mb.

бет1/7
Дата16.02.2017
өлшемі0.76 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

Жалғасы 2-бетте 

ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚҰРЫҚ

Қозы-Көрпеш Жаңбыршиннің айтуынша, діни 

ағымдардың интернет арқылы радикалды идеология-

ларды таратуы алаңдатады. Интернет беттерінде жи-

һад шылардың «ерліктері», жарылғыш заттардың жа-

са лу технологиясы, әртүрлі жағдайдағы террорлық 

әре кеттердің бейнесюжеттері еркін таратылады. «Елі-

міз  де орын алған бірнеше лаңкестік әрекеттің себебі 

осын дай «санаға сіңірілген удың» интернетте еркін жа-

рия  лануында» дейді Қауіпсіздік кеңесінің меңгерушісі. 

Қозы-Көрпеш ЖАҢБЫРШИН, 

ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары – 

Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі:

– Кейінгі кездері қауіпсіздік органдарының 

қызметкерлері террорлық фактілерді анықтап, 

радикалды идеологияның таралуына тосқауыл 

қоя білді. Қазақстанда 2005 жылы лаңкестік 

әрекетке қатысы бар 300-ге тарта адам 

құрықталса, 200-ге тарта қару-жарақ тәркіленген 

болатын. 

Арман СЕРІКҰЛЫ

Жеті жылда 46 лаңкестік 

әрекет залалсызданған 

ОЙ-КӨКПАР



Құзыреттілігін арттыру үшін журналистің қоғамдағы статусын анықтау керек пе? 

«Ащы суға» арбалған арулар

Расында, әйел-ананың ащы су-

мен достасуы қоғамдық қасіретке 

ай налып барады. Тек әйелдер ара-

сында ұйымдастырылатын «гәп», 

«чер ная касса» деп аталатын бас қо-

сулар да «алып қояйықтың» адымын 

ұзар тып отыр. Шынында, кейде құр-

бы 

лармен, кейде абысын-ажын-



дармен бас қосатын мұндай отырыс-

тарда ақ самайы ағарған абыстайлар 

қойыңдар деудің орнына келіндеріне 

«ішіңдер, жас кезде іш пегенде қашан 

ішесіңдер енді» деп тегін ақыл айта-

ды. Ал аламан тойларда ақаң ның 

ар 

қасында ортаның шаңын шы-



ғарып билеп жүрген де осы жау лық-

тыларымыз. Құда күтуде де, қонақ 

күтуде де «алып қоймен» аяқтап, 

ақыр аяғында тәлтіректеп талай 

жұрт қа күлкі болатын да осы бұрым-

ды ларымыз. Күлкі дейміз-ау, жылай-

тын дай жағдай. Расы осы. Арула ры-

мыз стақан толы арақтың толқынына 

тұншығып, тіпті тереңіне батып ба-

рады. Әйтпесе қайын атасымен ста-

қан соғыстырған келін болып па еді 

бұ рын? Мұның бәрі де қазақы тәр-

биеміздің төрден сырғып, төменнен 

төбе көрсетуінің «жемісі» демеске 

ла жы мыз жоқ.... Алып қойдың ала-

ма нына атам заманнан араласып 

жүргендері бар, бәйгеге бүйірлеп 

келіп қосылып жатқандары да тіптен 

көп. Статистиканың тетігін басып 

қал саңыз, түңіліп кетердей қорқы-

ныш ты цифрлардың атойлап шы-

ғары сөзсіз. 



Бүгінде байқайсыз ба, 

тойға барсаңыз тойып ішіп 

алған әйелдердің қарасы 

көбеюде. Соған қарағанда 

арақты еркектер қойып, 

«эстафетаны» әйелдер 

алған сияқты. Арақ та, 

есірткі де қолжетімді. Оның 

үстіне, көңіл көтерудің неше 

түрлі әдіс-айласы тағы бар. 

Арақты айранша, сыраны 

суша сіміретіндер тіптен 

көбейген... 

Біздің күнде көріп тұрсақ та, елегіміз 

келмейтін, байқап тұрсақ та мән 

бергіміз келмейтін бір шындық бар. Бұл 

шындық мынау: қазақстандық масс-

медиа идеялық тұрғыдан қазақтілді 

және орыстілді БАҚ болып екі топқа 

жіктелген. Осы қос ақпараттық 

лагерь өзара бәсекелес, тұғырнамасы 

бір-бірінен алшақ болғандықтан, 

кейде қайшылыққа түсіп жатады. 

КСРО құлаған соң онымен бірге өте 

құдіретті коммунистік идеология мен 

кеңестік ақпараттық үгіт-насихат 

машинасының күл-талқаны шықты. 

Алайда оның орнын тәуелсіз елдің 

идеологиялық қондырмасы нық 

баса алды ма? Ақпараттық һәм 

идеологиялық майданның көрігін бір-

біріне дес бермейтін қазақтілді және 

орыстілді БАҚ қыздырып тұр. Алайда 

осындай пайдасыз бақталастықтан 

сіз бен біздің шекеміз шылқығаны 

шамалы. Бұл – қазіргі қазақ масс-

медиа алаңындағы көп сұраққа толы 

өзекті жайт. 

ТҮЙТКІЛ


Жалғасы 6-бетте 

АҚПАРАТТЫҚ ДУАЛИЗМ

Баяғыда АҚШ-тың президенті Ричард Никсон 

ұлттық қа уіпсіз дік кеңесінде бюджет шығындары ту-

ра л ы сөй  леген сөзінде «ақпарат пен үгіт-насихатқа 

жұм сал ған 1 доллар қару жүйесін құруға жұмсалған 

10 дол   лар  дан әлдеқайда табысты, қаруға кеткен шы-

ғын сол мерзімде іске жаратылып үлгеретін болса, 

шы  ғын кетірген ақпа рат әр сәт бойы, әр сағат бойы 

жұ  мыс істей береді» деген болатын. Яғни қоғамдық 

са на мен идеялық бағыт-бағдарды айқындауда БАҚ-

тың рөлі орасан зор. Транзитті елдерде БАҚ қо ғам-

ның жаңа саяси мәдениетін қалыптастырушы бас ты 

фактор, қоғамдық пікірдің қозғаушы күші са на  лады. 

Қазақстандық масс-медиа ның ерекшелігі – ақ -

параттық дуализмнің орнығуы, яғни қоғамдық са на 

мен идеялық бағдар қазақтілді және орыстілді БАҚ-

қа кіндігінен байлаулы. Ақпарат тық һәм иде о-

логиялық  дуализм  постколония лық  ел дер дің  кө бі не 

тән болып келеді. Дегенмен біздің қо ғамда бұл құбы-

лыстың салдары күшті байқалады. Жой да сыз бәсеке-

де қазақтілді БАҚ-тың бәсі кем бо лып жатқаны қа-

быр ғаға батады. Орыстілді жә не ресейлік телеөнімдер 

ықпалының жоғары болуы ның себебін орыс тілінің 

күшті позициясымен және оның лексикалық кең 

таралуымен түсіндіруге тура ке леді. Әлеуметтік сауал-

намалар нәтижелері іс жү зінде Қазақ стан азамат -

тарының үштен бірінің ақ па раттың сыртқы көздерін 

алуды қалайтынын көр сетті. Бұл – еліміздің ақпа-

раттық-идеологиялық  са  ла   сын дағы  күрделі  мәселе. 

Отандық масс-ме диа кеңістігінде қазақтілді жә не 

орістілді БАҚ са ны біркелкі емес. Қазір елімізде 2514 

газет пен жур нал, 238 электронды БАҚ, оның ішін де 

100 теле ар на мен радиостансы бар екен. Жал пы, 

2011 жыл ғы дерек бойынша, отандық масс-медиа 

ке  ңіс  тігіндегі қазақтілді БАҚ үлесі 19,1%-ды құраған 

бол  са, орыстілді БАҚ – 33,4%, ал қазақ және орыс 

тіл де рін де БАҚ үлесі 35%-ды құрады. Бұдан қа зақ-

тілді БАҚ-тың пайыздық үлес салмағы әлі де олқы 

тү сіп жат қанын байқаймыз. Дегенмен соңғы жыл да-

ры ха лықтың сұранысына байланысты қа зақ тілінде 

шы  ға рылатын басылымдар саны өсіп ке леді. Әрине, 

бұ дан орыс тілді БАҚ-тың позициясы әлсіреді деген 

ой тумауы керек. Керісінше, қазақтілді БАҚ саны арт-

қан сайын он дай үрдісті қаламайтындар ақпараттық 

май данның көрігін қыздыруға тырысып бағады. 

Құбаш САҒИДОЛЛАҰЛЫ

Алматы


+27..  +29

о

+16..  +18



о

+24..  +26

о

+14..  +16



о

Астана


АҢДАТПА

ЭКОНОМИКА АЙНАСЫ

дедім-ай, ау!

-бетте

3

ИƏ



ЖОҚ

– Егер журналистің статусын ар-

найы заңмен, арнайы құжатпен бекі-

тіп бел 


гілейтін болсақ, онда ол 

бәрібір журналистің статусын, жур-

налистің бе д елін көтермейді. Себебі 

ол – тек қана қағаз,  тек қана сөз. 

Журналистің құзы ретін арт тыру үшін 

журналистер ел алдында бе делді, 

абыройлы болуы керек. Қа зіргі жур-

на листиканың тоқы рап тұрған жағда-

йы ның бірнеше се бе бі бар. Себебі 

оларға бақылау күшті. Ол абай сызда 

бірдеңе айтып қал сын шы, оны бірден 

«ар-намысыма тидің» деп сотқа 

сүйрейді. Екінші жа ғынан, ақпарат 

құрал дарының  мем лекет  қарамағын-

да болуы да олардың өз биігінен кө-

ріне алмауына ке дергі. 

– Қоғамды журналист өзгертеді, 

журналист әшкерелеуші, ақиқатты ай-

тушы дейміз, бірақ қазіргі жағдай да 

журналист жалғыз. Себебі қоғам ның, 

биліктің, мемлекеттің мүддесін қор-

ғайтын журналистің өзі қорғансыз. 

Олар ды қорғап отырған билікті, я бол-

маса басқа бір белсендіні көріп отыр-

ған жоқпыз. Ал шын мәнінде оның 

жасап жүрген еңбегінің маңыздылы-

ғы, ха лыққа жеткіземін деп жүрген 

ақпа рат тық ізденісі қандай құрметке 

болса да лайық. Ол сол ақпаратты 

үлкен қиын шылықпен қолына түсіреді, 

оны тек середі, екшейді, таразылайды, 

тал қыға салады, ол ақпараты содан 

кейін ғана үлкен қиыншылықпен 

халыққа же теді.  



Өркениетке ұмтылған ел журналистиканың өткірлігі 

мен ашықтығына, жеделдігіне мақтанса керек-ті. 

Қазақ баспасөзінің қарлығашын ұшырған Алаш 

зиялылары да мемлекеттің гүлденуіне жур-

налистика арқылы ықпал етуді армандаған. 

«Еуропада газета – ғұмыр айнасы. Ғұмырда 

не болса, бәрі газетада көрініп тұрады. Га-

зетаны оқып, жұрт өзін-өзі көреді, өзін-өзі 

біледі» (Ә.Бөкейханов) дескен. Араға 

ғасырға жуық уақыт салсақ та, осы бір 

жанкешті кәсіп иелерінің арқалаған 

жүгі жеңілдеген емес. Алайда олар 

осы уақыт аралығында өзіне тие-

сілі статусқа ие бола алды ма? 

Бүгінгі журналистика пәрменділігі 

қаншалықты, беделі мен 

ықпалы қай деңгейде? 

«Жоғалтып алма 

сен мені...»

-бетте

-бетте

-бетте

4

5



7

Мейрам БАЗАРҰЛЫ:

ДАТ!

Мейрам БАЗАРҰЛЫ:

Қазақ 


журналистикасының 

жаңа дәуірі басталды 



149,32

186,50

23,49

12534,67

961,30

1574,0

4,54

1,25

1301,7

92,78

ДОЛЛАР


ЕВРО

РУБЛЬ


ЮАНЬ

EUR/USD


DJIA

KASE


RTSI

BRENT


GOLD

(ICE)

(NYMEX)

с

с



с

с

Игорь ХОЛМАНСКИХ, 



Ресей Президентінің Уральск 

федералды аймағындағы өкілі:

– Институтта білім алу – маңдай 

тер мен болатын еңбек, ол жақсы. 

Алай да емтихан тапсыру – адамның 

пара беруді үйренетін алғашқы са-

бақ тарына айналып кеткені жаман. 



(www.aif.ru сайтынан)

Астана уақытымен сағат 18:00 бойынша

Қазақтілді және орыстілді БАҚ 

арасында идеялық бәсеке бар ма? 

Ғалия ӘЖЕНОВА, 

«Әділ сөз» 

халықаралық сөз бостандығын 

қорғау қорының ақпараттық дау-

жанжалдарды сараптау қоғамдық 

орталығының жетекшісі:

Сәкен БАЛБАЕВ,

 

Қазақстан Баспасөз клубының атқарушы 

директоры:

бетте

6

2005 жылдан бері Қазақстанда 46 терро-



рис тік-экстремистік сипаттағы әрекеттің 

дер кезінде «беті қайтарылған». «Кейінгі 

жылдары Қазақ елі террористік, әлеуметтік 

қайшылықтардың шырмауында қалды. 

Жекелеген халықаралық террористік 

және діни-экстремистік ұйымдар Орталық 

Азиядағы, оның ішінде Қазақстандағы 

өздерінің ықпалын күшейтуге барын салып 

бағуда» деп мәлімдеді еліміздің Қауіпсіздік 

кеңесі хатшысының орынбасары – Қауіпсіздік 

кеңесі хатшылығының меңгерушісі Қозы-

Көрпеш Жаңбыршин.

№112 (794) 

28 маусым, бейсенбі

2012 жыл


Гүлжан КӨШЕРОВА

       БІЗДІҢ ОЛИМПИАДАШЫЛАР

Жалғасы 7-бетте 

Карповтар отбасы

Ерлі-зайыпты Карповтар Лондон Олимпиада-

сында ел намысын отбасы болып қорғайды. 

Ал қазақта «Отан отбасынан басталады» деген 

мақалдың барын ескерсек, оларға артылып отырған 

жа уап кершілік жүгі екі есе ауыр болмақ. Оның үсті-

не, бұл дода Дмитрий үшін де, Ирина үшін де соңғы 

Олим пиада, соңғы мүмкіндік болмақ.

Аб

ай ОМАРОВ (к



олла

ж)

ЗАҢДАР  АРАСЫНДАҒЫ



ЗАҢДАР  АРАСЫНДАҒЫ

«ТЕКЕТІРЕС»

«ТЕКЕТІРЕС»

Кiтап саудасын

Кiтап саудасын

нарыққа қашан бейімдейміз?

нарыққа қашан бейімдейміз?


№112 (794) 

28.06.2012 жыл, 

бейсенбі


www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

САЯСИ БЮРО

 

Әлемде 11 миллион миллионер бар



Емделуге арналған визалар қандай жағдайда беріледі?

Қазақстанға келіп емделуші шетелдік азаматтарға қандай жағдайда 

емделуге арналған визалар беріледі? 

Нұрдәулет ЭРИТАЕВ, Оңтүстік Қазақстан облысы

Емделуге арналған визалар: 1) 

Қазақстан Республикасының әділет ор-

ган  дарында тіркелген медициналық ме-

кемелердің немесе ҚР Денсаулық сақтау 

ми нистрлігінің (бұдан әрі – ҚР ДМ) жаз-

баша өтініштері негізінде ресімделген 

ҚР СІМ визалық қолдауы болған жағ-

дай да, Қазақстан Республикасына ем-

делу, медициналық тексерілу және кон-

сультациялар үшін келетін шетелдіктерге

2) Қазақстан Республикасында уақытша 

болатын шетелдіктерге тұрақты емделу 

қажет болғанда жеке және заңды тұл ға-

лардың жазбаша өтініштері негізінде, 

медициналық мекемелер берген осы 

емделудің қажеттігін растайтын құжат-

та ры болған жағдайда;

3) Қазақстанға емделуге келген тұл-

ға лармен бірге жүретін шетелдіктерге  

Қа зақстан Республикасының денсаулық 

сақтау субъектілерінің немесе  ҚР ДМ 

жазбаша өтініштері негізінде беріледі.

Емделуге арналған визалар бір және 

екі мәрте келуге және кетуге беріледі.

МӘЖІЛІС


 Ұлттық банк кімнің сойылын соқпақ? 

«Сақалды жоба» демекші, «Микроқаржы 

ұйым  дары туралы» заң жобасы жыл басынан Мә-

жілістің суырмасында жатқан болуы керек. Әйтсе 

де  «ақжолдық» депутат Азат Перуашев «Атамекен» 

одағында жүрген тұста дәл осы құжатты талқылауға 

қатыс қанын еске алып, жаңа жобада «ескі дү ние-

нің толып жүргеніне» ренішін білдірді. Жалпы, 

құ жаттың мақсаты – микроқаржы қызметтері 

саласын дамыту, аталған ұйымдардың ашықтығын 

арттыру, осы саланың тұтынушылар мүддесін 

қорғау болып табылады. «Бұл ретте микроқаржы 

ұйымдарының қызметін реттеу, қадағалау және 

бақылау институттары енгізіледі. Атап айтқанда, 

микроқаржы ұйымдарын міндетті есептік тіркеу 

болады. Олардың жарғылық және меншікті 

капиталының ең аз мөлшері белгіленеді. Қада ға-

лау үдерісіне келетін болсақ, мұнда микро қар жы-

лық ұйымдарға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асы-

руы 


на, өзге де заңды тұлғаның капи 

талына 


қа ты суларына тыйым салынады», – дейді Ұлттық 

банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев. 

Оның айтуынша, заң жобасымен мик ро қаржы 

ұйым дарының қызметін тұтынатын қа уымның құ-

қығы мен мүдделері қорғалатын бо ла ды. Нақ-

тырақ  айтқанда,  микрокредит берудегі талаптар 

күшейеді. Мәселен, мөлшерлер ге комиссияларға 

қатысты шарттарды біржақты тәртіп пен бұзуға 

тыйым салынады. Алушылар қарыз сомасын 

мерзімінен бұрын толық немесе біртіндеп қайтару 

құқығынан шектелмейтін бола ды.  

Бір сөзбен сабақтасақ, заң жобасы уақ қарыз-

дар ға жұртшылықтың, оның ішінде ауылдағы аға-

йын ның қолын бұрынғыдан бетер жеткізу көз-

делетін  секілді көрінеді. Алайда депутаттар 

мұн дай бағытта нақты нормалар шетін қалғанын 

айтып дабыл қағады. Мәселен, депутат Жексенбай 

Дүйсебаев ауылдағылардың кепілдік құқы құжатта 

көрініс таппағанын меңзейді. «Расында, ауыл тұр-

ғын дарының басым бөлігі шағын несиеге зәру. 

Олардың малын да, баспанасын да қаржы 

берушілер кепілге алмайды. Осы жағын реттесек 

екен. Ал жобада кепілдік нормативтері қарас ты-

ры л маған. Не себептен? Бұлай болса, тіпті қазір 

жұ мыс істеп тұрғандардың өзі жабылып қалмай 

ма деген қатер бар», – дейді Жексенбай Қар та-

бай ұлы. Бұған Ұлттық банк өкілі Данияр Ақышев 

үзілді-кесілді қарсы ұстанымын білдірді. Оның 

айтуынша, заң жобасы микроқаржы ұйымдарына 

қатер төндірмейді, тек осы ұйымдардың қызметі 

жөнге салынады. «Әрине, бір жағынан, ауылдағы 

ағайынға микроқаржы ұйымдары айтарлықтай 

қолдау болып отырғаны сөзсіз, екінші жағынан, 

бұл секторда мақсатты теріс пайдаланушылық та 

жиі көрініс береді» дегенді алға тартады банкир. 

Тіпті Ақышевтың айтуынша, қадағалаудың жоқ-

тығынан микрокредиттік ұйымдар соңғы уақытта 

өсім қор ұйымдарға айналған. Ендеше, заң жо ба-

сы осындай олқылықтың орнын толтыруға ба ғыт-

талып, заемшылардың құқығын таптауға жол бер-

меуі шарт. Әйткенмен жоғарыдағы Жексенбай 

Дү й себаевтың пайымын әріптесі Владислав Ко са-

рев та қостап қойды. «Менің байқауымша, банктер 

ми крокредиттік ұйымдарды тұқыртып, оларды 

жұрт шылықпен емін-еркін жұмыс істеуден айы-

ратын тәрізді. Ұлттық банктің көздейтіні осы болып 

жүр месін?!», – дейді өздерін «халықтық ком му-

нистер» санайтын фракцияның басшысы. Мұндай 

бей берекет пайымға Ұлттық банк өкілі келіс пей-

тінін білдіріп қана қойған жоқ, әлгіндей сұраққа 

ләм деп жауап та қатпады. Есесіне, статистикалық 

деректі алға тартты. «Бүгінгі таңда елімізде 1756 

микрокредиттік ұйым қызмет етуде. Олардың 77 

пайызы қалада орналасқан. Яғ 

ни мұндай 

компаниялар ауылдағы жұртшы лық пен жұмыс 

істемейді десе де болады.  Өйткені олардың 23 

пайызы ғана ауылда. Қалғандарының қалада не 

бітіріп жатқанын, олардың жұмысының тиімділігін 

Құдай білсін!», – деді Данияр Ақышев.  Алайда 

«ақжолдық» Азат Перуашев әріптестері көтерген 

мәселені ары қарай жалғап, «микро кре дит тік 

ұйымдардың жұмысын реттеуді желеу еткен 

Ұлттық банкті еліміздегі ірі банктердің мүддесіне 

лобби жасады» деп айыптады. «Сіз тек 23 ұйым 

ғана ауылда жұмыс жасайды дейсіз, ал сол ауылға 

барған банктердің саны нешеу екен? Соны ай-

тыңызшы? Бірде-бір банк ауылға аттап басқан 

емес. Есесіне, сол ауылдың аймағынан ақша тап-

қан микрокредиттік ұйымдар сізге ұнамайды. Не-

ге? Сіз «микрокредиттік ұйымдар мақсатынан 

тай қыды» дейсіз. Ал ипотекашыларды далаға 

қуып, кепілдегі заттан айырып жатқан  банктер 

қан шама? Сонда сіз әлгі банктен жапа шеккендерді 

қорғай алдыңыз ба? Ендеше, аяқ астынан қор ған-

шы боп шыға келгеніңізді қалай түсінеміз?», – 

дей  ді таңданысын жасыра алмаған Азат Тұр лы-

бек 


 

ұлы. Оның айтуынша, заң жобасының 

же  ке  леген  нормалары  жеке  бизнесті  тұншықтыруға 

ке зекті қадам жасап отыр. Депутаттың айыптау ла-

рын естіп алғасын Ақышев мырза Ұлттық банкке 

қа тысты күдіктің бос сөз екенін дәлелдегісі келді. 

«Ұлттық банк қандай да біреулердің мүддесін 

қызғыштай қорғап отыр деген бекер сөз. Мен 

сенімді түрде мәлімдеймін, біз осы нарыққа он-

дағы олқылықты реттеу үшін кіріп отырмыз. Заң 

қа былданса, талап та күшейеді. Сол үшін біз на-

рық  тағы жағдайды алдағы уақытта да талдап бе-

руге әзірміз», – дейді ҰБ төраға орынбасары Да-

нияр Ақышев. Сөйтіп, басқаның мүддесіне һәм 

лоб бизмге қатысты айыптау дауға ұласқан тұста 

жарыссөзге депутат Гүлжан Қарағұсова араласып, 

Ұлт тық банкті арашалап қана қоймай, мәселенің 

мә нісіне, оның шығу тарихына талдау жасап таста-

ды. Сөйтсек, депутаттың айтуынша, ірі банктің 

мүддесін қорғады деп айыпталған Ұлттық банктің 

өзі микрокредиттік ұйымдарды реттеуге тар тын-

шақтап, әрең қадам басқан екен. Алайда де пу-

таттардың басым бөлігі бұған сенбейтіндей, бәл-

кім, сенгісі келмейтіндей кейіп танытқаны 

бай  қалады. Дегенмен заң жобасы бірінші оқы-

лым  да тұжырымдамалы түрде мақұлданып кет-

ті. 

Астана

ОЙТҮР


ТКІ

Қазақтілді және орыстілді БАҚ арасында идеялық бәсеке бар ма?

Бесінші сайланған Мәжіліс бес 

айдан бергі жұмысын тамамдап, 

кеше өзінің соңғы жалпы 

отырысын өткізді. Сессияның 

түндігі түсер тұста күн тәртібіне 

былтырдан бері Парламент 

қабырғасында талқыланып 

жүрген құжаттар да қамтылыпты. 

Сөйтіп, Мәжілістегі соңғы 

талқылау барысында депутаттар 

ұзақ күткен «сақалды 

жобалармен» де бетпе-бет 

кездесіп қалды.   

Басы 1-бетте

Қанат ҚАЗЫ

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


Дағдарыс жылдары әлемдегі миллионерлердің саны күрт төмендеп кеткені 

айтылып еді. Ал қазіргі жағдайда қалай?

Дияс, Алматы

World Wealth Report орталығы 

жуырда ғана соңғы жылдағы әлемдегі 

байлардың  саны мен сапасы жөніндегі 

зерттеуінің қорытындысын жариялаған 

болатын. Соңғы бір жыл ішінде әлемде 

миллионерлер саны 0,8 пайызға артты, 

алайда олардың байлығының  жалпы 

қоры 1,5 пайызға, яғни 42 трлн долларға 

кеміді. Әлем бойынша миллионерлер 

саны 11 миллионды құрайды екен. 

Соңғы жылдардағы көрсеткіштердің 

ерекшелігі, миллионерлер саны жағынан 

Азия-Тынық мұхит елдері көш бастады. 

Өткен жылы бұл орында Солтүстік 

Америка тұрған еді. Дегенмен 

миллионерлер байлығының қоры 

жағынан АҚШ, Жапония, Германия 

елдері – алдыңғы қатарда. Жалпы 

алғанда, әлемдегі барлық миллионер 

қорының 53 пайызы  осы үш мемлекетке 

тиесілі екен. Қазіргі кезде Бразилияда 

миллионерлер саны күрт өсіп жатыр. 

АҚОРДА 


ЫНТЫМАҚТ

А

С



ТЫҚ

БАЙҚАУ



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал