Ӛзін ӛзі тану пәні бойынша түсінік хат Курстың мақсаты



жүктеу 179.94 Kb.

Дата11.05.2017
өлшемі179.94 Kb.

 

 

 

 



 

Ӛзін 

- ӛзі тану пәні бойынша түсінік хат 

Курстың  мақсаты:  Психологиялық  зерттену  әдіс-тәсілдерінің 

психологиялық    табиғатын,  болмыс  құбылыстарына  деген    ғылыми 

принциптерімен  студенттерді  қаруландыру,  зерттеу  жүргізе  алуға  кәсіби 

дағдылары  мен    шеберліктерінің  жалпы  сипатымен  студенттерді  оқытып 

үйретеді. 

 

Курстың  міндеттері  -    Психологиялық  эксперименттерді  жоспарлау, 

ұйымдастыру,  нәтижелерін  ӛңдеу,  зерттеу  қорытындысын  жасай  алуға 

жоғарғы  ғылыми  білімдерді  қалыптастыру;  Психолог-зерттеуші,  зерттеуші-

экспериментатор  еңбегіне  қатысты  жалпы  психологиялық  принциптерді 

беру. 


 

Курс  пререквезиттері:  Ӛзін-ӛзі  тану  психотехнология  пәнін, 

студенттерді психологиялық әдіс-тәсілдерінің кӛмегі арқылы зерттеу жүргізе 

алуға  кәсіби  дағдылары  мен    шеберліктеріктерігіне  үйрету.  Сонымен  қатар,  

конспектілей алу, реферат жаза білу, аннотациялай алу және әдебиеттермен 

жұмыс істей алу ептіліктерінің болуы, тестілеу әдістерін білу. 

Курс  постреквезиттері:  студент    пихотехнология  курсынан  алған 

білімдерді  практикада,  білім  беру  салаларында,  балаларды  оқыту  және 

тәрбиелеуде,  ұжымда,  ата-аналармен  және  оқушылармен  жұмыс  істеуде 

пайдалана алады 



Курс  мазмұны.  Оқу  барысында  студенттер  тӛмендегідегі  негізгі 

білімдерді білуі керек:   

1)  студенттердің    «Ӛзін-ӛзі  тану  психотехнология»  бойынша  біліктілігін 

дамыту; 


2) «Ӛзін-ӛзі тану психотехнология» әдістерін жетілдіру;   

3) «Ӛзін-ӛзі  тану  психотехнологияны»  оқыту  процесінде  студенттердің 

кәсіби субьективті белсенділігін арттыру. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



1.

 

Мифологиялық сана - сезімнің негізгі белгілері. 

Ежелгі әлемдегі ӛзін-ӛзі тану идеиясы. Дүние танымның ең ежелгі типі – 

мифология.  Ежелгі  шығыс  философиясындағы  адамгершілік,  тұлға  жайлы 

идеялар.  Ежелгі  үнді,  Ежелгі  қытай    философиясында  адам  туралы  ойлар. 

Кун–Цзы құрған «моральдің алтын ережелері» (адамгершілік императив). 

2.

 

Антик  дәуіріндегі  ойшылдардың  адам  туралы,  оның  мәні  мен 

танымдық қабілеттері туралы ойлары.  

Пифагор, Протагор, Сократ, Платон және т.б. ойшылдардың адам туралы 

ойлары.  Пифагордың  алмасу  ілімі.  Протагор  «барлық  заттар  ӛлшемі» 

ретіндегі  адам  туралы  танымал  тезисті  ұсынды.  Сократтың  «Ӛзіңді  –  ӛзің 

таны»  деген  нақыл  сӛзі  әлем  тарихы  бұрылысының  түйінді  идеясы  болып 

табылады.  Платонның  шын  бақыт,  адам  жанның  құрылымы  туралы 

идеялары.  «Идеалды»  мемлекет  жобасы.  Аристотельдің  адам  табиғаты 

туралы түсінігі.   



3.

 

Орта ғасыр адамының қоршаған ортаға деген кӛзқарасының 

ерекшеліктері. 

Аврелий  Августиннің  «Христиандық  сократизм»  атты  ілімі.  Орта 

ғасырларда  тұлғаның  басты  «ӛлшемдерінің»  қалыптасуы.  Орта  ғасырлық 

араб  әлемінде  адам  мәселесіне  қатысты  жетекші  үш  идеялық  бағыт: 

теологиялық, мистикалық және философиялық. Әл – Фараби тағылымындағы  

адамның  ӛмірлік  мақсаты  ретінде  қарастырылған  бақыт  туралы,  ақыл–

парасат туралы ілімі. Шығыстың ойшылдары Жүсіп Баласағұн, М. Қашұари, 

Ахмет Йасауи адамгершілік жайлы ойлары.  



4.

 

Қайта ӛрлеу мен Жаңа заман дәуіріндегі ӛзін – ӛзі тану. 

Қайта  ӛрлеу  (Ренессанс)  дәуірінің  ойшылдары  Н.  Кузанский,  Э. 

Роттердамский,  М.Монтень,  Пикко  делла  Мирандола  кӛзқарастары.  Қайта 

ӛрлеу  дәуірі  үшін  адамның  ӛзінің  ішкі  жан–дүниесіне  жіті  кӛңіл  аудару,  

ӛзін–ӛзі  тану,  ӛзіне  –  ӛзі  талдау  жасау,  ӛзін  және  ӛзгені  дербес  бағалау 

қажеттілігі тән. Ф.Бэкон, Р. Декарт, Спиноза, Лейбниц, Дж.Локк, А.Вольтер, 

Ж.Ж. Руссо адам бойындағы ақыл–ой, ойлау қабілеті жайлы идеялары. 

Философ  –  материалистер  Ламетри,  Дидро,  Гельвецийлердің  тұлға, 

адамгершілік нормалары, жеке тұлға мүдделері жайлы ойлары.  

5.

 

XIX-XX ғасырдағы батыс философисындағы ӛзін–ӛзі тану 

идеялары. 

Карл  Маркс  философиясындағы  тұлға  түсінігі.  Батыс  философиясының 

персонализм,  «ӛмір  философиясы»,  «экзистенциализм»,  философиялық 

антропология  сияқты  бағыттарының  адамды  философиялық  зерттеуге 

тұрарлық мәселе ретінде қарастыруы.  

6.

 

Немістің классикалық философиясында ӛзін–ӛзі тану мәселесі. 

Ұлы философ, немістің классикалық философиясының кӛшін бастаушы 

Иммануил  Канттың  адами  тұлға,  адамгершілік  және  ізгілік  жайлы  негізгі 

идеялары.  Кант  философиясындағы  махаббат  пен  сыйластық.    Гегельдің 

пайымдауынша  адам  –  ең  алдымен,  рухани  әрекеттің  субъектісі,  ақыл– 

парасат  иесі.  Адам  –  ӛзін–ӛзі  тану  және  ӛздігінен  кемелдену  құралы. 



Материалист  Людвиг  Фейербахтың  адамның  ӛзіндік  құндылығы  мен 

маңыздылығына қатысты идеялары.  



7.

 

Орыс философиясында ӛзін–ӛзі тану мәселесі. 

Орыс  ағартушылары  А.Н.  Радищев,  И.П.  Пнин,  А.П.  Куницын,  А.Ф. 

Бестужев,  В.В.  Попугаев  идеяларындағы  адам  туралы  пікірлер.  Орыс 

ағартушылары  адамның  басқа  тірі  жаннан  ерекшеленетін  айырмашылығын 

зерделеп  кӛрді.  Орыс  ағартушылары  үшін  басқа  маңызды  құндылық 

бостандық және бостандықты сүю идеясы болды. XIX-XX ғасырдың бірінші 

жартысындағы  орыс  философиясындағы  негізгі  тақырып  адам,  оның  жаны, 

рухани  ізденістері    жайлы.  Ф.М.  Достоевский  мен  Л.Н.  Толстойдың  руани 

шыңға «шығуы» туралы ілімі.   

8.

 

Қазақ философиясындағы ӛзін–ӛзі тану мәселесін пайымдаудың 

негізгі  тарихи кезеңдері. 

Қазақтың  мақал-мәтелдеріндегі  –    адамгершілік  –  этикалық  идеялар. 

Қазақ 

халқының 



мақал-мәтелдеріндегі 

жақсылық 

пен 

жамандық 



тақырыбы.Қонақжайлылық  ең  басты  этикалық  адамгершілік  ретінде 

түсіндіріледі. Қазақтың ділінде адамның ӛзін-ӛзі тануы қауымның, ұрпақтың, 

халықтың ӛкілі ретінде  ӛзін  анықтау  ұғымымен  біртұтас.   Дала ойшылдары 

Асан  Қайғы,  Қазтуған  жырау,  Доспамбет,  Шалкиіз,  Ақтамберді,  Бұқар 

жырау,  Шал  ақындар  жырларындағы      тәуелсіздік,  бейбітшілік,  әділеттілік, 

адамдардың  теңдігі  идеялары.  Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин,  Абай 

Құнанбаевтардың адам табиғаты, адамгершілік, ӛзін–ӛзі тану жайлы ойлары. 

ХХ  ғасырдың  басында  ӛмір  сүрген  қазақ  зиялылары  Ә.  Бӛкейханов, 

М.Дулатов, А. Байтұрсынов еңбектеріндегі ӛзін–ӛзі тану мәселелері. Ӛзін–ӛзі 

танудың философиялық негізін алғаш рет А.Н. Нысанбаев пен Г.Г. Соловьева 

қалады.  

9.

 

Қазақтың ХIХ ғасырдағы ағартушылық классиктерінің 

(Ш.Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин) антропоцентризм мен 

гуманизм туралы идеялары. 

Ш.Уәлиханов  адамға,  адамның  ӛмірге,  келуі  және  ӛмірден  кетуі 

мәселерлеріне  басты  назар  аударды.  Ұлы  ағартушы,  жаңашыл  педагог, 

жазушы  Ыбырай  Алтынсарин  да  халық  ағарту  идеясын  ұстанды. 

Ы.Алтынсариннің  адамгершілік,  еңбек  ету  жайлы  идеялары.  ХIХ  ғасырдың 

екінші  жартысында  ӛмір  сүрген  ойшыл,  қазақтың  ұлы  ақыны  Абай 

Құнанбаевтың адамгершілік, адам болу, ӛзін–ӛзі тану жайлы ойлары.  

10.

 

Тұлғаның ӛзін–ӛзі жетілдіру процесіндегі ӛзіндік сана –сезімнің 

рӛлі

Ӛзара 


қарым–қатынастың 

ӛзіндік 


сана–сезімді 

дамытудағы 

маңыздылығы  және  ӛзіндік  сана–сезімнің  дамуы,  қалыптасуы  жайлы  басты 

идеялар.  Ӛзіндік  сана  түсінігі  мен  «рефлексия»  термині.Жиырмасыншы 

ғасырдың  басында  психолог  Ч.Х.  Кули  «бейнелі  Мен»  теориясын 

қалыптастырды.  Танымның  дүниетанымдық  аспектісі  Б.Г.  Ананьевтің,  А.Н. 

Леонтьевтің,    С.Л.  Рубинштейннің  және  т.б.  кӛрнекті  психологтардың 

еңбектерінде  кӛрініс  тапқан.  К.Роджерстің  тұлғаның  феномологиялық 



теориясындағы  «Мен  тұжырымдамасы».    Психолог  У.Джемстің  ӛзін–ӛзі 

сыйлаудың деңгейін анықтайтын қарапайым формуласы.  



11.

 

«Тұлға» ұғымы. Тұлғаның ӛздігінен жүзеге асуы. 

Тұлға  –  адамның  индивидуалды  ерекшеліктері  мен  мінез-құлық 

тұрақтылығын  шарттайтын  индивидуалды  сипаты  және  мінез-құлық 

тәсілдерінің ұйымдастырылған құрылымы. 

  Адам  индивид  болып  дүниеге  келгеннен  кейін,  қоғамдық  ӛзара 

қатынастар  және  процестер  жүйесіне  енеді.  Нәтижесінде  ерекше  әлеуметтік 

сапаға ие болады, яғни ол тұлға болып қалыптасады. 

  Бұл-адамның  қоғамдық  байланыстарға  түсіп,  субъект  сапасында 

кӛрінуіне  байланысты  жүзеге  асады.  Ӛз  кезегінде  адамның  индивидтік, 

тұлғалық 

және 

субъектік 



деңгейлерінің 

даму 


ерекшеліктерінің 

қайталанбастығы индивидуалдылықты кӛрсетеді. 

  Қазіргі  психологияның  барлық  мектептерінің  тұлға  жайлы  ӛз 

кӛзқарастары бар. 

  Бихевиоризм  бағыты  бойынша  тұлға  сыртқы  оң  және  теріс 

нығайтуларға байланысты әсерлерге жауап беруші реактивті жүйелер. 

  Бихевиоризм 

бағытында 

тұлғаның 

мінез-құлқы, 

оның 

ішкі 


толғаныстарына емес, әрекет жасауға стимул беретін сыртқы орта әсерлеріне 

байланысты.   Машинаның түсі оның жылдамдығына әсер етпейтін сияқты, 

адам әрекетіне психика, сана, мінез де әсер етпейді. 

  Психоанализ  бағытында  тұлға  адам  қуаты  құрылымы,  адам  қуаты 

бағыттылығы, адам қуатының қарқындылығы ретінде қарастырылады. 

  Психоанализ  бойынша  адамға  қандай  инстинктивті  күштер  әсер 

еткенін  білу  арқылы  адамның  қазіргі  кездегі  ғана  емес  және  ӛзгерген 

жағдайдағы мінез-құлқын анықтай аламыз. 

  Бұл  пікір  авторы  психоанализ  бағытының  ӛкілі  Эрих  Фромм.  Оның 

ойынша, шығармашылық психоанализ ӛкілдері «адам тұлғасы туындауының 

теориясы  және  практикасын,  оның  ӛзіндік  «Менінің»  қалыптасу»  әдісіне 

айналдырған. 

Когнитивті  психология.  Тұлғаға  негізгі  сипаттар  бойынша 

анықтама  береді.  Негізгі  сипаттар  ретінде:  шындыққа  қатысты  зерттеушілік 

бағдар,  тағдырын  дербес  белгілеу  және  әлеуметтік  ортадағы  белсенді 

әрекетті кӛрсетеді. 



12.

 

«Адам», 

«индивид», 

«тұлға» 

ұғымдарының 

бір–бірінен 

айырмашылығы.  

Индивид ұғымының анықталуы. Жеке адам және индивид ара-қатынасы. 

Даралылық  және  индивид.  Адамның  даралығын  көрсететін:  темперамент, 

мінез, қабілет. Оардың жалпы сиаты. Индивид адамның «homo sapiens» текті 

өкіл  екендігінің  көрінісі.  Индивид  ұғымындағы  екі  белгі:  1)  субъектінің 

біртұтас  бөлінбейтіндігі;  2)  осы  тектілердің  басқа  өкілдерінен  ерекшелейтін 

айрықша  қасиеттердің  болуы.  «Тұлға»  және  «индивид»  ұғымдарының 

айырмашылығы. Тұлға – тұтас, оның тұтастығы қоғамдық сипатты. Индивид 

-  генотип,  ал  тұлға  –  фенотип  қызметін  атқарады.  «Адам  индвид  болып 

туады, тұлға болып қалыптасады» (С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев).  



13.

 

Адамың сана – сезімінің қалыптасуы.  Тұлғаның ӛсу процесінің 

мәнісі неде және оның ӛзін–ӛзі танумен байланысы. 

Тұлғалық ӛсудің ішкі критерийлері:  



-

 

ӛзін–ӛзі қабылдау; 



-

 

күй кешудің ішкі тәжірибесін қабылдауға дайын болу



-

 

ӛзін түсіну; 



-

 

жауапты еркіндік;  



-

 

динамикалық. 

Тұлғалық ӛсудің сыртқы критерийлер: 

-

 



басқаларды қабылдау; 

-

 



басқаларды түсіну; 

-

 



әлеуметтену; 

-

 



шығармашылық бейімділігі.  

14.

 

 Тұлға туралы  гуманистік теорияның басты идеясы. 

«Ӛзін–ӛзі тану» курсының маңызды идеяларының бірі – адамның шексіз 

мүмкіндіктеріне,  оның  ӛзін  жетілдіруге  қабілетіне,  тұлғалық  ӛсуіне  сенім. 

Американдық  психологтер  А.Маслоу  мен  К.  Роджерс  тұлға  жайлы 

гуманистік кӛзқарастың танымал ӛкілдері. Олардың теорияларындағы сана–

сезім мен ойлау процесінде адамның ӛзіне кӛрініс беретін ішкі тәжірибесінің 

құрылымы  мен  дамуын  сипаттауы.  Реоджерс  теориясындағы  басты  орын 

адамның  ӛзін–ӛзі  тануы  мәселесі.  Абрахам  Маслоу  теориясының  басты 

бағыттарының бірі – ӛзі құрастырған қажеттіліктер пирамидасы.   

15.

 

Адамның тұлғалық қалыптасу процесіндегі мәдениеттің рӛлі. 

Тұлғаның  қалыптасуында  мәдениеттің  әсері  басты  фактор  болып 

табылады. Адам тұлғасын психологиялық ғылымның жас саласы – мәдени – 

тарихи 


психология 

(МТ– 


психология) 

зерттейді. 

Мәдени–тарихи 

психологиясының  пайда  болуына  Л.С.  Выготскийдің,  А.Лурияның,  А.Н. 

Леонтьевтің  қосқан  үлесі.  А.  Кардинердің  базалық  тұлғалық  тип  туралы 

тұжырымдамасы. 

 Кеңес  психологтаы  мен  отандық  психолог–ғалымдардың  тұлға 

жӛніндегі теориялары, пікірлері.  

Кеңес  психологиясында  тұлға  саласындағы  неғұрлым  танымал 

зерттеулер  Н.Я.  Грот,  Л.С.  Выготский,  А.Н.  Леонтьев,  Л.И.  Божович,  К.А. 

Абульханова–  Славская  және  т.б,  кӛрнекті  ғалым–психологтардың 

теориялық  еңбектерімен  тығыз  байланысты.  Тұлға  дамуын  зерттеуге  А.В. 

Петровский де бңршама үлес қосты. С.Л. Рубинштейн ӛз еңбектерінде оқыту 

процесінде  адамға  білім  беру,  шеберлікке  және  дағдыға  баулумен  қатар 

тұлғаны қалыптастырудың маңыздылығына баса назар аударды.  

Қазақстандық  психолог–ғалымдардың  қазіргі  тәрбие  бағыттарының 

негізіне  алынған  идеяларының  бірі  –  ӛзін–ӛзі  тану  мәселесіне  кеңінен 

тоқталды. Ж.Әбиев,  С.  Бабаев,  А.  Құдиярованың  пайымдауларындағы ӛзін–

ӛзі тану, тұлға дамуы және қалыптасуы жайлы идеялар. 



16.

 

Трансперсоналды 

психология 

негізінде 

құрылған 

тұлға 

теорриялары. 

 Трансперсоналды  ағымдардың  негізін  салушылар  ретінде  К.Юнг, 

Р.Ассаджиоли, А.Маслоуды атауға болады. Трансперсоналды жүйенің бірі  – 

психосинтезді  италия  психиатры  Р.Ассаджолии  құрды.  Трансперсоналдық 

кӛзқарастардағы  басты  деңгейлер.  Адамды  түсінуді  трансперсоналдық 

айқындамасына  Станислав  Грофтың  жүргізген  зерттеулері.  Ч.  Тойчтың 

психогенетикалық кӛзқарасы.  



17.

 

 Адамның тұлғалық дамуы барысындағы негізгі кезеңдер. 

Тұлғаның  Э.Эриксон  бойынша  ӛмірлік  жолының  кезеңдері.  Тұлғаның 

дамуы.  Тұлға  филогенезі.  Әлеуметтену.  Тұлға  даму  кезеңдерімен  З.Фрейд, 

Ж.Пиаже, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин, А.Газел, Э. Шпрангер және басқа 

да кӛптеген психологтар айналысқан. Тұлға дамуының негізгі сатылары.  

18.

 

 Жастық кезеңнің негізгі ерекшеліктері. 

Жастық  шақ  адамның  ӛзін-ӛзі  танытуына  ең  қолайлы  кезең  деп 

саналады.  Адам  ӛмірінің  басқа  да  кезеңдері  секілді  жастықтың  да  тек  ӛзіне 

ғана  тән  сапалық  белгілері  болуы  заңды.  Студенттің  жастық  шақтағы 

жетекші  құндылықтарының  қатарына  махаббат,  отбасы,  достық  және 

таңдаған  мамандығы  кіреді.    Махаббат  пен  достық.  Қамқорлық, 

жауапкешілік, құрмет пен білім ӛзара тығыз байланысты. Кәсіби қызмет.   



19.

 

 Әлеуметтік толымды (ересек) тұлға. 

      Жалпы  тұлғаның  әлеуметтік  толысуы  мәселесімен  түрлі  ғылымдар 

айналысады.  Олардың  қатарына  педагогика,  психология,  әлеуметтану  және 

басқа  кӛптеген  ғылымдар  бар.  Г.Олпардтың  пікірінше,  ересек  адамның 

психологиялық қырын танытатын белгілер.  Американдық психолог Лоренс 

Кольберг еңбектеріндегі дара тұлға, адамгершілік даму сатылары. Адамның 

есеюіндегі  негізгі  құрамдас  бӛліктер:  1)  жағымды  ойлау,  дүниеге  жағымды 

қатынас; 2) толеранттылық; 3) ӛзін–ӛзі дамыту; 4) жауапкершілік.     

20.

 

 Пайдейя және гуманизм ұғымдарын сипатта. 

Қалыптанудың 

антропологиялық 

негіздемелеріне 

қатысты                          

Г.Б.  Корнетовтың  пікірі.  «Қалыптану»  ұғымы  және  оның  мәні.    Ежелгі 

Грекияның  атақты  пайдейяға:  «жалпы  алғанда,  қалыптану  дегеніміз  – 

адамның бүкіл қабілеттері мен мүмкіндіктерін жүзеге асыратын тәндік және 

руханилық жағынан  үйлесімді  түрде қалыптасуы»  деген  анықтама  берілген. 

Цицерон  іліміндегі  гуманизм.  Ежелгі  Римде  қалыптасқан  адамгершілік 

қасиеттер,  моральдық  кемелдік.  Ортағасырлық  христиан  дәуірінде  адам 

«жаратылыс шыңы» ретінде қарастырылады.  

21.

 

 Әл–Фарабидің адам тәрбиесі туралы идеялары. 

Шығыс ойшылдарының рухани мұраларындағы гуманистік идеялар. Әл–

Фараби оқыту, тәрбиелеу, мадақтау, мақтау, бетіне басу, мәжбүрлеу, бақыт, 

білім,  дағдылар,  әдеттер,  қабілеттер  және  т.б.  сияқты  педагогикалық 

категорияларға  баса  назар  аударды.  Әл–Фарабидің  әлеуметтік–этикалық 

кӛзқарастарының  ішінде  адамгершілік  пен  кемелденген  тұлға  тәрбиелеу 

мәселесі.  

22.

 

 Я.А. Коменскийдің педагогикалық мұралары мен негізгі 



идеялары. 

   Я.А. Коменскийдің адамгершілік тәрбиесі туралы идеялары. Оның 

«Ұлы дидактика», «Жалпыға ортақ кеңесте» адами тұлғаға жоғары сенім 

білдіреді.  

23.

 

 Ш. Уәлихановтың  жастарды тәрбиелеу және оқыту туралы  



ұсынған идеялары. 

Қазақтың  ағартушы,  этнограф–ғалымы  Ш.Уалиханов  адамгершілік 

тұрғыдан қалыптану мәселесіне аса кӛңіл бӛлді.Ол жастарға білім беру және 

тәрбиелеудің  ғылыми  негізделген  тұжырымдамасының  негізін  қалады. 

Ш.Уәлихановтың  халық  мінезі,  адамгершілік  қасиеттері,  білім  алу  жайлы 

ойлары.  



24.

 

 Г. Гегельдің пайымдауындағы «ізгілікке ӛркендеу» түсінігі. 

Г.  Гегель  қалыптануды  адам  бойындағы  жалпыға  ортақ,  саналы  бастау 

ретінде түсіндіреді. Г. Гегельдің қалыптану жайлы басты идеялары, пікірлері.  



25.

 

 М. Шелердің пайымдауындағы жан мәдениеті ұғымы. 

Философиялық антропологияның классигі М.Шелер қалыптанудың ұлт, 

мәдени орталар және жекелеген адамның жеке және бірден  – бір «тағдыры» 

болып  табылатындығына  сенімді  болды.  Ол  адамның  қалыптануы  «cultura 

animi»  (лат.)  «жан  мәдениеті»  ретінде  бағалайды.  М.Шелердің    қалыптану 

жайлы пікірі.  



26.

 

 Абайдың «Адам болу» гуманистік уағызының мазмұны. 

Абайдың  шығармашылық  мұрасындағы  гуманистік  дәстүр.  Ағарту  ісі 

Абайдың  түсіндіруінде  адам  мен  қоғамның  кемелдену  құралы  ретінде 

қарастырылады.  Абай  еңбектеріндегі  адам  болу,  руханилық,  адамгершілік  

формуласы.  



27.

 

 Қалыптану – адамның ӛзін–ӛзі тануының жолы.  

Қалыптанудың  мақсат–  мүддесі  адамды  әлеуметтендіру  және  қоғамды 

ізгілендіру болып табылады. Адамның қалыптануы. Қалыптану барысындағы 

адамда  қалыптасатын  қасиеттер.  Қалыптанудың  негізгі  сипаттамалары. 

Психология  ғылымының  зертеулеріндегі  қалыптану  ұғымына  қатысты 

психологтердің басты пайымдаулары.  

28.

 

 А.С. Макаренко жүйесіндегі гуманизм. 

А.С.  Макаренко  еңбектеріндегі  тәрбие,  білім  беру,  ағарту,  сұлулыққа 

ұмтылу  жайлы  басты  пікірлері.  Оның    теориялық  еңбектері  және  кӛркем 

шығармаларындағы парасатты әрекет, қасиетті мінез–құлық, шығармашылық 

пен тәртіп сұлулығы жайлы идеялар.  

29.

 

 Постмодерн педагогикасына сәйкес білім берудің мақсаты.  

Постмодерндік  педагогика  ұғымының  мәні,  оның  адам  үшін 

қалыптандыру 

мүмкіндіктерін 

кеңейтудегі 

мақсаты. 

Постмодерн 

педагогикасындағы  қалыптану  мәселелерінің  алға  қойылуы.  Постмодерн 

педагогикасындағы  білімнің  саласын  моноцентрліктен  полицентрлікке 

айналдыру міндеті. 

 

 



 

 


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 

1. Семененко И.И. Афоризмы Кунфуция. М., 1987. 

2.  Богомолов  А.С.  Диалектический  логос.  Становление  античной 

лиалектики. – М., Мысль, 1982. 

3. Аристотель. Политика. Соч. В 4 т. – М., 1984. Т.4. 

4. Әл – Фараби. Философиялық трактаттар. Психология. Адамзат ақыл–

ойының қазынасы. 10 томдық: Қазақтың психологиялық ой–пікірлері. 10 том/ 

Жетекшісі  –  акад.  Ә.Н.  Нысанбаев.  –  Алматы:  «Таймас»  баспа  үйі,  2006.  – 

480б. 

5. Қазақ даласының ойшылдары (XI - XII). – Алматы: Ғылым, 1995. 



6. Абай. Қара сӛздер. Алматы: Ел, 1993.  

7.  Құдайбериев  Ш.  Үш  анық.  Психология.    Адамзат  ақыл–ойының 

қазынасы.  10  томдық:  Қазақтың  психологиялық  ой–пікірлері.  10  том/ 

Жетекшісі  –  акад.  Ә.Н.  Нысанбаев.  –  Алматы:  «Таймас»  баспа  үйі,  2006.  – 

480б. 

8. Первин Л., Джон О. Психология личности: Теория и исследования. – 



М., 2000. 

9.  Шенцов  А.А.  Введение  в  общую  культурно–историческую 

психологию. Спб.: Тропа Троянова, 2000.  

10.  Олпарт  Г.  Становление  личности:  избранные  труды.  –  М.:  Смысл, 

2002.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

Әлеуметтік педагогика пәні бойынша түсінік хат 

«Әлеуметтік  педагогика»  пәні  базалық  пән  болып  табылады, 

сондықтан  «Әлеуметтік  педагогика  және  ӛзін-ӛзі  тану»  магистранттарын 

жалпы кәсіби даярлауда маңызды болып табылады, себебі олардың кәсіби 

іс-әрекеті  бірнеше  элементтен  тұрады,  соның  бірі  -  әлеуметтік  – 

педагогикалық болып табылады.  



Курс мақсаты:  

Пәнді оқыту мақсаты – магистранттарға кәсіби іс-әрекеттегі әлеуметтік-

педагогикалық  жұмысты    жүзеге  асыруда  қоғамдағы  әлеуметтік 

мәселелердің педагогикалық аспектілерін оқыту.  



Курс міндеттері: 

 



тұлғаның  әлеуметтену  процесіндегі  педагогикалық  аспектінің  ғылыми 

білімдерін қалыптастыру; 

 

 негізгі  әлеуметтану  институттарының  әлеуметтік-педагогикалық  іс-



әрекет  ӛзгешелігі  мен  сипаты  жайлы  магистранттарды  теориялық  және 

практикалық білімдермен қамтамасыз ету

 

Магистранттарда  қоғамдағы  тұлғамен  әлеуметтік-педагогикалық  



жұмыс жасау икемділігі мен дағдысын қалыптастыру.  

 Курс  пререквезиттері:  "Әлеуметтік  педагогика"  оқуда  тӛмендегідей  

педагогикалық  пәндер  оқытылады:  "Педагогикалық  мамандыққа  кіріспе", 

"Педагогика".  Бұл пәндер   балаларды әртүрлі  жас  ерекшелігіне байланысты  

оқыту,  даму,  тәрбиелеудің  теориялық-  әдістемелік  негізін,  кәсіби 

қызығушылықтары  мен  бағыттылығын,  кәсіби  педагогикалық  білімдер, 

дағдылар, біліктіліктерді қалыптастырады.  



Курс  постреквезиттері:  Әлеуметтік  педагогиканы  оқытудағы  аралас 

пәндерге  «Этнопедагогика»  және  «Педагогика  тарихы»  пәндері  жатады. 

Әлеуметтік – педагогикалық іс-әрекетте оқыту, тәрбие, тұлға әлеуметтенуінің 

ұлттық  ерекшеліктерін  ескеру  қажет,  бұндай  білімдерді  магистранттар 

«Этнопедагогика»  пәнінен  алады.    «Педагогика  тарихы»  пәнінде  әртүрлі 

кезеңдегі  әлеуметтік,  экономикалық,  мәдени  дамуын  ескере  отырып, 

педагогика ғылымының дамуын және қалыптасуы қарастырылады.  

«Әлеуметтік педагогика» пәнін оқу барысында магистарнттар білуі тиіс: 

 

әлеуметтік педагогиканың мазмұнын және мәнін; 



 

әлеуметтік  педагогика  пәнін,  міндеттерін,  қызметтерін,  басты 



қағидаларын, әлеуметтік-педагогика процесінің мәнін;  

 



адам қалыптасуындағы әлеуметтік-педагогикалық аспектілер туралы;  

 



тұлға  қалыптасуындағы  әлеуметтік  ерекшеліктер,  әлеуметтену  процесі, 

оның мағынасы жайлы; 

 

мектептегі,  отбасындағы,  әлеуметтік  ортадағы  әртүрлі  әлеуметтік- 



педагогикалық технологиялардың теориялық негізін;  

Тӛмендегі дағдылар мен икемділіктерді игеру қажет: 

 

әлеуметтік-педагогикалық 



іс-тәжірибенің 

теориялық-қосымша 

мәселелерін аналитикалық бағалау және түсіну;  


 

басылымдар  мен  баспалардағы  материалдарына  ӛзбетінше  талдау 



жүргізу;  

 



әртүрлі жас кезеңіндегі балалардың, әртүрлі категориядағы отбасымен 

әлеуметтік-педагогикалық  іс-әрекетті  тиімді  жүзеге  асыру  жолдарын 

негіздеу;  

 



отбасымен,  мектептермен,  қиын  балалармен,  жасӛспірімдердің 

формалды емес бірлестіктерімен әлеуметтік-педагогикалық зерттеу жүргізу 

әдістемесін жасау және қолдану;  

 



тәрбиелеу,  диагностикалық,  профилактикалық,  ұйымдастырушылық, 

коммуникациялық 

жұмыстарда 

игерілген 

теориялық 

білімдерді,  

икемділіктер мен дағдыларды практикада қолдану.  

 

Қарастырылатын сұрақтар: 

1. Әлеуметтік педагогика білім беру саласы ретінде.  

Әлеуметтік-педагогикалық  іс-тәжірибе  мен  білім  генезисі.  Әлеуметтік 

педагогика  мазмұны  мен  мәні.  Әлеуметтік  педагогика  пәні,  объектісі. 

Әлеуметтік  педагогика  міндеттері,  категориясы,  қызметі.  Адам  тану 

ғылымдарындағы 

басқа 


ғылымдармен 

салыстырудағы 

әлеуметтік 

педагогиканың  орны  және  құрылымы.  Әлеуметтік-педагогикалық  зерттеу 

әдістері.  

2.  Әлеуметтік  педагогика  ғылым  ретінде  және  оның  практикалық 

іс-әрекет аймағы.  

Әлеуметтік  педагогика  ғылыми  білім  саласы  ретінде.  Әлеуметтік 

педагогика  адам  туралы  ғылым  жүйесінде.  Әлеуметтік  педагогиканың 

педагогикамен,  әлеуметтанумен  байланысы.  Бала  және  оның  әлеуметтену 

заңдылығы.  Әлеуметтік  педагогиканың  анықтамасы,  объектісі,  пәні. 

Әлеуметтік  педагогика  міндеттері.  Әлеуметтік  педагогика  әдістері. 

Әлеуметтік  педагогика  қызметі.  Отбасы,  дін,  мәдениет  –  баланың 

әлеуметтенуіндегі  негізгі  институттар.  Әлеуметтік  педагогика  практикалық 

іс-әрекет аймағы ретінде. Әлеуметтік педагогика және әлеуметтік жұмыстың 

ӛзара байланысы. Әлеуметтік педагогика оқу пәні ретінде.  



3. Әлеуметтік педагогиканың негізгі идеялары мен қағидалары.  

Әлеуметтік-педагогикалық  практикадағы  тұлғалық-іс-әрекеттік,  тұлғалық-

орта,  мәселелі,  ақпараттық,  жүйелік  тұрғылар.  Әлеуметтік  педагогикадағы 

қағидалалар  мәні  және  түсініктер.  Әлеуметтік  педагогиканың  ғылым 

ретіндегі  қағидалары.  Қағидалардың  негізгі  талаптары.  Қағидалар 

арасындағы байланыстар.  



4.  Әлеуметтік  педагогиканың  даму  кезеңіндегі  және  пайда 

болуындағы тарихи-мәдени алғышарттар.  

Қайырымдылық  және  қамқорлық  әлеуметтік-педагогикалық  іс-

әрекеттегі  мәдени-тарихи  дәстүр  ретінде.  «Қайырымдылық»  және 

«қамқорлық» түсініктерінің мәні. Қайырымдылық жасаудың даму кезеңдері.  

Европа  және  АҚШ-та  әлеуметтік  педагогиканың  қалыптасу  кезеңдері, 

жағдайы,  алғышарттары.  20  ғасырдың  60-80  жж  әлеуметтік  педагогика 

ғылымы  мен  практикасының  дамуы.  Қазақстан  Республикасындағы 


әлеуметтік  педагогиканың  дамуы.  Қазақстандағы  балалардың  құқығын 

қорғаудағы әлеуметтік саясат.  



5. Әлеуметтік педагогика  қағидалары мен категориялары.  

Ғылымдағы категориялар мен  түсініктер жүйесі.  Әлеуметтік  педагогика 

мен  педагогиканың  категориальды  ӛзарабайланысы.  Педагогикалық  және  

әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет: жалпы және ерекше белгілері. Әлеуметтік 

білімдер мен икемділіктер. Әеуметтік оқыту және әлеуметтік тәрбиелеу мәні. 

Әлеуметтік  педагогикадағы  «қағида»  және  «ереже»  түсініктернің  мәні. 

Әлеуметтік  педагогикадағы  қағидаларды  тағайындау.  Табиғи  жинақтылық 

қағидасы.  Мәдени  жинақтылық  қағидасы.  Гуманизм  қағидасы,  оны  жүзеге 

асыру ерекшеліктері.  

6.  Әлеуметтік  –педагогикалық  процесс  және  оны  жетілдіру 

жолдары.  

Әлеуметтік-  педагогикалық  процесс  мазмұны,  мәні  және  түсініктері. 

Әлеуметтік-  педагогикалық  процесс  кезеңдері.  (  А.В.  Мардахаев  бойынша). 

Әлеуметтік- педагогикалық іс-әрекет тиімділігін жоғарлату жолдары.  



7. Адамның әлеуметтік даму ерекшеліктері.  

«Тұлғаның әлеуметтік даму» түсінігі. Адамның әлеуметтенуі әлеуметтік –

педагогикалық  құбылыс  ретінде.  Адамның  әлеуметтенуіне    әсер  етуші 

факторлар.  Әлеуметтану  түрлері.  Әлеуметтену  сатылары  және  кезеңдері. 

Адамның  әртүрлі  жас  ерекшелік  кезеңіндегі  әлеуметтену  ерекшеліктері. 

Әлеуметтену механизмдері. Әлеуметтену институттары.  



8. Әлеуметтік тәрбиелеу: мәні және мазмұны. 

«Әлеуметтік  тәрбиелеу»  түсінігі.  Мемлекеттік  (қоғамдық)  кӛзқарас 

негізінде әлеуметтік тәриелеу мазмұны мен мәнін түсінудегі негізгі тұрғылар. 

Әлеуметтік  институттар  позициясы  тұрғысынан  әлеуметтік  тәрбиелеудегі 

негізгі бағыттар.  

9.  Отбасы  тұлға  дамуындағы  және  тәрбиелеудегі  әлеуметтік  мәдени 

орта ретінде.  

Отбасы 


институты 

дамуындағы 

қазіргі 

тенденциялар. 

Отбасы 

сипаттамасы. Адамның ӛмірі барысында отбасының негізгі қызметі. Қоғамның 



әртүрлі  даму  кезеңіндегі  отбасының  тәрбиелеу  қызметінің  ӛзіндік  ерекшелігі. 

Отбасындағы  баланы  тәрбиелеудің  негізгі  механизмдері.  Қазіргі  жағдайдағы 

отбасылық  тәрбиелеу  қиындықтары.  Отбасындағы  тәрбиелеу  типтері. 

Отбасындағы тәрбиелеу мүмкіндіктерін жоғарлату жолдары.  



10.  Оқу-тәрбиелеу  орталықтары  дамушы  жастардың  әлеуметтену 

институты ретінде.  

Тұлғаның  әлеуметтенуіндегі  мектептің  рӛлі.  Мектептің  әртүрлі  типтері, 

мектептен  тыс  тәрбиелеуші  орталықтар.  Мектеп  және  қоғам  байланысы.  

Мектептің  тәрбиелеу  жүйесі,  тәжірибесі,  дәстүрі  мен  инновациясы,  тиімділік 

критериийі. 

Тәрбиелеу 

күштерінің 

ықпалдасуы. 

Балаларды 

және 


жасӛспірімдерді  тәрбиелеуде  білім  беру  аймағындағы  әлеуметтік  саясатты 

белсендіру мәселелері.  



11. Әлеуметтік ортадағы баланың дамуы.  

Бала  дамуындағы  ішкі  және  сыртқы,  бақылаушы  және  бақыланбайтын 

факторлар.  Баланың  дамуындағы  қарым-қатынастың  және  іс-әрекеттің  рӛлі. 

Тұқымқуалаушылықтың  бала  дамуына  әсері.  Әлеуметтік  рӛлді  игеру 

әлеуметтену  процесінің  құрылымы  ретінде.  Баланың  әлеуметтенуіндегі 

тәрбие  мен  ӛзін-ӛзі  тәрбиелеудің  рӛлі.  Баланың  дамуындағы  әлеуметтік 

дезадаптация  және әлеуметтік реабилитация.  



12. Әлеуметтік тәрбиелеу. 

Әлеуметтік  тәрбиелеу  қоғамдық  қызмет  ретінде.  Әлеуметтік  тәрбиелеу 

және  әлеуметтік  ортаның  ӛзараәрекеттестігі.  Әлеуметтік  тәрбиелеу 

қағидалары. Әлеуметтік тәрбилеу жүйесі. Әлеуметтік тәрбиелеу мәселелерін 

шешудегі әлеуметтік қызметкер рӛлі.  

13.  Баланың  субмәдениеті  және  баланың,  жасӛспірімнің  әлеуметтік 

мәдени әлемі.  

«Субмәдениет"  термині.  «Баланың  субмәдениеті"  түсінігі.  Баланың 

әртүрлі  жасерекшелік  даму  кезеңіндегі  балалық  субмәдениет  ерекшелігі.  

"Әлеуметтік  мәдениет",  "баланың  әлеуметтік  мәдениет  әлемі"  түсініктері.  

Баланың    жеке-дара  және  типтік  әлеуметтік  мәдени  әлемі.    Баланың 

әлеуметтік 

мәдениетіндегі 

негізгі 


әлеуметтік-педагогикалық 

сапалық 


сипаттамалары.  Жасӛспірімнің,  баланың  әлеуметтік  мәдени  әлемінің  кӛріну 

және  оны  ескеру  ерекшелігі.  Баланың  әлеуметтік  мәдени  әлеміне  әсер  етуші 

факторлар.  

14. Әлеуметтену. 

Тұлғаның  дамуындағы  әлеуметтену  рӛлі.  Әлеуметтену  құрылымы, 

кезеңдері,  формалары,  сатылары.  Әлеуметтену  және  тәрбие,  тұлғаның 

әлеуметтенуі  және  дамуы:  жалпы  және  арнайы.  Әлеуметтену  механизмдері. 

Әлеуметтену институттары және агенттері. 

15. Әлеуметтену факторлары.  

«Әлеуметтену  факторлары»  түсінігі  және  олардың  әлеуметтік 

тәрбиедегі 

мағынасы. 

Әлеуметтену 

факторларының 

жіктелуі. 

Әлеуметтенудің  мегафакторлары.  Әлеуметтенудің  макрофакторлары. 

Әлеуметтенудің  мезофакторлары.  Әлеуметтенудің  микрофакторлары. 

Әлеуметтену  факторларының  ӛзараәрекеттесу  және  ӛзараәсерлесу 

ерекшеліктері.  



16. 

Әлеуметтік-педгогикалық 

іс-әрекет, 

әдістемесі 

және 

технологиясы.  

Әлеуметтік-педагогикалық  іс-әрекет  түсінік  ретінде.  Педагогикалық 

және әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет: жалпы және арнайы. Әлеуметтік- 

педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны және мәні. Әлеуметтік- педагогикалық 

іс-әрекеттің  негізгі  кезендері.  «Әлеуметтік-  педагогикалық  іс-әрекеттің 

әдістемесі»  түсініктемесінің  мәні.  Әдістеме,  тәсіл,  құралдар:  жалпы  және 

арнайы  ерекшеліктері.  Әлеуметтік-педагогикалық  технология  сипаттамасы, 

құрылымы, түрлері.  



17. Әлеуметтік ауытқу, оның себептері және алдын-алу жолдары. 

Психологиядағы,  әлеуметтанудағы,  педагогикадағы  «норма»  түсінігі. 

«Әлеуметтік  норма»  түсінігі,  түрлері.  Әлеуметтік  ауытқу,  оның  түрлері. 


Адамның  девиантты  мінез-құлқының  қалыптасу  теориясы.  Девиантты  мінез-

құлықтың  қалыптасу  кезеңдері.  Адамның  девиантты  мінез-құлқының 

қалыптасуына әсер етуші факторлар тобы. Балалардың және жасӛспірімдердің 

девиантты мінез-құлқымен жұмыс жасау және алдын-алу бойынша әлеуметтік-

педагогикалық іс-әрекеттің негізгі бағыттары.  

18. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік тәрбие ретінде.  

«Девиантты  мінез-құлық»  түсінігінің  мәні,  оның  «әлеуметтік  норма», 

«нормадан ауытқу» түсініктерімен ӛзарабайланысы.  Девиантты  мінез-құлық  

себептері және факторлары. Девиантты мінез-құлық кӛрінісінің формалары. 

Антиәлеуметтік мінез-құлық генезисіне шартталған факторлар.   

19. Жасӛспірімдердің әлеуметтік дезадаптация себептері.  

Жасӛспірімдердің  әлеуметтік  дезадаптация  себептері.  Балалар  мен 

жасӛспірімдердің  девиантты,  делинквентті,  қылмыстық  мінез-құлқы. 

Девиантты  мінез-құлық  балалармен  әлеуметтік  –педагогикалық  жұмыс. 

Девиантты мінез-құлықты әлеуметтік бақылау.  

20. Қиын тәрбиеленуші балалар, оларды тәрбилеу мәні, себебі, 

мәселелері.  

«Қиын  балалар»  ,  «қиын  тәрбиеленуші  балалар»    түсініктері.  Оларды 

жалпы  және  әртүрлі  түсіну.  Қиын  тәрбиеленуші  балалар  мәселелерін 

зерттеу  (Д.  Дриль,  Кащенко,  Сорока-Росинский,        Макаренко,    

Сухомлинский).  Қиын  тәрбиеленуші  балалардың  мәнін  және  себептерін 

анықтаудағы  тұрғылардың  ерекшеліктері.  Қазақстан  ғалымдарының 

зерттеуі:  Трифонова  В.В.,  Керимова  Л.К.,  Байсерке  және  т.б.  Қиын 

тәрбиеленуші балалардың типтік себептері.  



21. Әлеуметтік –педагогикалық іс  – әрекет процесс ретінде.  

Әлеуметтік –педагогикалық іс  – әрекеттің мақсатын анықтау. Әлеуметтік –

педагогикалық іс–әрекеттің гуманитарлық, демократиялық сипатын қамтамасыз 

ету.  Әлеуметтік  –педагогикалық  іс    –  әрекеттің  қағидасы.  Әлеуметтік  –

педагогикалық технология түсінігі, оның әлеуметтік тип технологиясы ретіндегі 

ӛзгешелігі.  Әлеуметтік  –педагогикалық    технология  типтері.  Әлеуметтік  –

педагогикалық  іс    –  әрекеттің  әдістемесі.    «Технология»  және  «әдістеме» 

түсініктерінің қатынасы.  



22.  Тұрғындардың  әртүрлі  топтарымен  педагогикалық  жұмыс 

жасау ерекшеліктері.  

Тұрғындардың  әртүрлі  топтарымен  әлеуметтік  –педагогикалық  жұмыс: 

мақсаты, міндеттері, бағыты. Әлеуметтік –педагогикалық  кӛмекті қажет етуші 

әлеуметтік топтар (балалар, жасӛспірімдер, девиантты мінез-құлықты жастар, 

әйелдер  және  т.б.).  Әлеуметтік  –педагогикалық  кӛмек  кӛрсетуші  әлеуметтік 

институттарының сипаттамасы.  



23.  Тұлғамен  әлеуметтік  –педагогикалық  жұмыс  технологиясы  мен 

әдістемесі.  

Тұлғаны  диагностикалау  әдістемесі.  Әртүрлі  категориядағы  балалармен 

әлеуметтік 

–педагогикалық 

жұмыс 

жасау 


әдістемесі. 

Мектеп 


дезадаптациясының, педагогикалық  және әлеуметтік қамқорсыздықтың  алдын-

алу.  Әлеуметтік  ауытқудың  алдын-алу.  Тұлғааралық  қақтығыстарды  шешу 

және алдын-алу технологиялары.  



24. Отбасымен әлеуметтік –педагогикалық жұмыс технологиясы және 

әдістемесі.   

Отбасын 


диагностикалау 

әдістемесі. 

Әртүрлі 

отбасы 


категорияларымен  жұмыс  әдістемесі.  Әлеуметтік  патронаж  және  бақылау 

әдістемесі. Әлеуметтік –педагогикалық отбасылық кеңес беру әдістемесі.  



25. Отбасымен әлеуметтік –педагогикалық жұмыс.  

Отбасы:  түрлері,  қызметі.  Отбасы  тәрбиесі.  Отбасының  әлеуметтік 

портреті.  Отбасына  кӛмек  кӛрсетуші  әлеуметтік  институттар  жүйесі. 

Отбасымен  әлеуметтік  –педагогикалық    жұмыс  ӛзгешелігі.  Қазақстан 

Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы.  

26.  Айрықша  білім  беруге  қажеттіліктері  бар  балаларды  әлеуметтік 

қорғау.  

Мүгедектік  түсінігі  және  оның  түрлері.    Мүгедек  –бала,  органикалық 

мүмкіндіктері  шектеулі  балалар:  жалпы  және  әртүрлі  ерекшеліктері. 

Айрықша  білім  беруге  қажеттіліктері  бар  балаларды  әлеуметтік  қорғаудың 

құқықтық  негіздері.  Айрықша  білім  беруге  қажеттіліктері  бар  балаларды 

кәсіби  бағдарлаудағы,  жұмыспен  қамтудағы  және  тұрмыстағы  әлеуметтік 

қорғау.    Айрықша  білім  беруге  қажеттіліктері  бар  балаларды  тәрбиелеуші 

отбасымен  жүргізілетін  әлеуметтік-педагогикалық  жұмыс  технологиясы. 

Айрықша  білім  беруге  қажеттіліктері  бар  балаларды  әлеуметтік  қорғау 

бойынша  Қазақстан  Республикасының  ӛкілетті  емес  және  мемлекеттік 

ұйымдардың жұмыс тәжірибесі.  

27. Мектеп және әлеуметтік орта: ӛзара әрекеттестік жолдары. 

Әлеуметтік  орта  және  мектептің  ӛзара  әрекеттестік  жағдайы  мен 

ерекшеліктері.  Ӛзара  әрекеттестік  қағидалары.  Әлеуметтік  орта  мен 

мектептің  ӛзара  әрекеттестік  ӛнімділігін  қамтамасыз  етуші  педагогикалық 

факторлар;    серіктестік  ӛнімділігіне  кедергі  келтіруші  факторлар.  Мектеп 

ашық әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде.  



28. Балалықты әлеуметтік қорғау жалпы қоғамдық мәселе ретінде.  

Балалықты  қорғау  түсінігі.  Қазіргі  жағдайы,  мәселелері.  Баланың 

құқығын  қорғаушы  нормативті-құқықтық  құжаттар.    Балалықты  әлеуметтік 

қорғаудағы  әлеуметтік  қызметкер  рӛлі.  Ата  –ана  қамқорынсыз  қалған 

балаларды  әлеуметтік  қорғау.  Бала  асырап  алу.  Қамқорлық  (опека)  және 

патронат.  Жетім  балаларды  мемлекеттік  қорғау  жүйесі.  Ата  –ана 

қамқорынсыз қалған балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс.  

29.  Балалар  құқығын  қорғаудағы  әлеуметтік  –  педагогикалық 

технологиялар.  

Отбасы тәрбиесіндегі балалар құқығын  әлеуметтік-педагогикалық қорғау. 

Кәмелеттік  жасқа  толмағандардың  мүліктік  құқығын,  баланың  білім  алудағы, 

денсаулығын  сақтаудағы,  ӛз  қабілетін  дамытудағы,  еңбек  іс-әрекетіне 

қатысудағы құқығын әлеуметтік-педагогикалық қорғау.  

30. Кіші аймақтағы педагогикалық жұмысты ұйымдастыру.  


Кіші аймақтардың әлеуметтік инфрақұрылымы. Кіші аймақтар типі. Кіші 

аймақтар  тұрғындарын  әлеуметтік-педагогикалық  диагностикалау.  Кіші 

аймақтағы  спорттық-сауықтыру,  мәдени  іс-әрекеттер.  Кіші  аймақтағы 

жастардың 

ресми 

емес 


бірлестіктері. 

Әртүрлі 


жастағы 

бірлестіктер.Отбасылық клубтар мен клубтық орталықтар.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Әдебиеттер тізімі: 

1.

 



Агафонов  А.Н.,   Буйнова Л.П.  Социальная работа с молодежью 

девиантного поведения. - Петропавловск, 2001. 

2.

 

Баймуканова   М.Т.    Социальная   работа   с семьей. - Караганда, 2004. 



3.

 

Бочарова В.Г. Педагогика социальной работы. - М.: SvR-Apryc,1994.- 124 



с. 

4.

 



Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная педагогика: курс лекций. - 

М: Издательский центр «Академия», 1999. 

5.

 

Василькова Ю.В. Методика и опыт работы социального  педагога:  



учебное  пособие.  - М.: Изд. центр «Академия», 2002.- 160с. 

6.

 



Гуров   В.Н.   Социальная   работа   школы   с семьей.- М.: Изд. 

«Педагогическое общество России», 2003.-192с. 

7.

 

Дубинский В.И. Социальная работа в Германии. - М., 1996. 



8.

 

Загвязинский В.И., Зайцев М.П., Кудашов Г.Н., Селиванова О.А., 



Строков Ю.П. Основы социальной педагогики: учебное пособие / Под 

ред. П.И. Пидкасистого.- М.: Изд. «Педагогическое общество России», 

2002.-160с. 

9.

 



История социальной педагогики: Хрестоматия / Под ред. М.А. 

Галагузовой.- М.: ВЛАДОС, 2000.- 544с. 

10.Липский И.А. Социальная педагогика. Уч.пособие. -М.. 2004.  

11.Методика и технологии работы социального педагога:  Учебное пособие/ 

Б.Н. Алмазов, М.А. Беляева, Н.Н. Бессонова и др.; под ред. М.А. 

Галагузовой, Л.В. Мардахаева.- М.: Академия, 2002. - 192с.  

12.Мудрик А.В. Социальная педагогика / Под ред. В.А. Сластенина.- М.: 

Изд. центр «Академия», 2002.-200с. 

13. Мустаева    Ф.А.     Социальная    педагогика: учебник. - М.: 

Академический проект; Екатеринбург: Деловая книга, 2003.-528с. 

14. Никитина Л.Е. Социальная педагогика - М., 2003. 

15. Овчарова Р.В. Справочная книга социального педагога. - М.: ТЦ 

«Сфера», 2001. 

16. Олифиренко Л.А., Шульга Т.И., Дементьева И.Ф.  Социально-

педагогическая  поддержка детей группы риска: Учебное пособие.  - М., 2002. 

17. Педагогика. /Под ред. С.А. Смирнова. - М., 2003. 

18. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Мищенко А.И., Шиянов Е.Н. Педагогика. 

Уч. пособие. - М., 2004. 

19. Социальная педагогика: курс лекций / Под ред. М.А. Галагузовой.-М.: 

ВЛАДОС, 2000. 



 

 

Document Outline

  • ‎D:\НОВЫЙ САЙТ\Раздел сайта Послевузовское образование\Магистратура\Поступающим\программма вступительных каз\каз маг\6М012300 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану.doc‎




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал