Зерттеуші Исследователь – The Researcher



жүктеу 5.07 Kb.

бет8/20
Дата22.04.2017
өлшемі5.07 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

Әдебиеттер 
1 Мұғалімге арналған нұсқаулық // www.cpm.kz. 
2 Момышұлы Б. Шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 2004. 
3 Ыбырай Алтынсарин. Шәкәрім Құдайбердіұлы / Бас ред. Аяған Б. – Алматы: 
Қазақ энциклопедиясы, 2007. – 632 б. 
4  Чалагизова  А.  Біліктілікті  көтерудің  әлеуметтік-педагогикалық  шарттары  // 
Қазақстан мектебі. – №6. – 2012. – 12 б. 
 
СЕИТОВА Толқын Маратовна, 
ЖУНУСОВА Фарида Омаровна, 
№19 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімдері, 
Семей қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Аңдатпа 
Бұл  мақалада  бастауыш  сынып  оқушыларының  дүниетану  сабақтарында 
экологиялық  білімдерін  қалыптастыру  мен  тәрбиелеу  жолдарын  анықтауға, 
қоршаған  ортаны  қорғау  жұмыстары  туралы  жазылған.  Өз  тәжірибемізден  алынған 
материалдар қамтылған. 
 
Адамның  жеке  басын  қалыптастыру  негізі  бастауышта  қаланатыны  бәрімізге 
белгілі.  «Бастауыш  мектептің  негізгі  міндеттері  –  баланың  жеке  басының  алғашқы 
қалыптасуын  қамтамасыз  ету:  олардың  қабілеттерін  ашып,  дамыту,  оқуға  деген 
ынтымақтастықтық  тәрбиесінің  берік  дағдыларын  меңгерту»,  -  делінген  Қазақстан 
Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында. 
Еліміз  егемендік  алған  алғашқы  жылдарынан  бастап  білім  беру  мәселесінің 
дамуына  аса  мән  берілуде.  Білім  беру  барысында  оқушының  жеке  тұлғасын  жан-
жақты 
жетілдіруге, 
олардың 
танымдық 
әрекетін 
дамытуға, 
ой-санасын 
қалыптастыруға  ерекше  назар  аударылып  отыр.  Дүниетану  пәні  қоршаған  орта 
туралы  білім  бере  отырып,  балалардың  табиғатқа  деген  қызығушылығы  мен 
сүйіспеншілігін  арттырып,  оның  тылсым  тынысы  мен  сиқырлы  сырларын  білуге, 
табиғатты қорғауға, көркейтуге тәрбиелейді. Егер әр тақырыпты тиімді әдіс-тәсілдер 
арқылы  оқытса,  балалардың  сана  сезімін,  мәдениеті  мен  дүниетанымын  дамытуда 
пәннің  тигізетін  әсері  айрықша.  Әрбір  адам  табиғатты  аялап  сақтауға  өз  үлесін 
қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған бұлақ сол табиғаттың бір бөлшегі 
екенін ұмытпаған жөн. 
Тақырыптың  зерттеу  мақсаты  –  дүниетану  сабақтарында  оқушылардың 
экологиялық  білімін  қалыптастыру  мен  тәрбие  жолдарын  анықтау.  Оқушыға  өзін 
қоршаған өмірді, оның құбылыстарын танып білуге бастауыш сынып оқушылардың 
тілін,  ой-өрісін  дамытып,  оларды  өздігінен  жұмыс  істеуге  шығармашылыққа 
жетелейді. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
62 
Зерттеу  міндеттері  –  бастауыш  мектеп  оқушыларының  экологиялық  білімнің 
теориялық негіздерімен таныстыру: 
-  бастауыш  мектепті  экологиялық  білімді  қалыптастыру  ерекшеліктерін 
анықтау; 
-  дүниетану  сабақтарында  оқушылардың  экологиялық  білім  деңгейін  арттыру 
мен тәрбие жолдарын зерттеу; 
- оқушылардың  қоршаған ортаны  қорғауға  деген  жоғарғы  адамгершілік  сезімі 
мен жауапкершілігін тәрбиелеу жолдарын анықтау; 
- экология саласындағы ғылым жетістіктерінен хабардар болу. 
Зерттеу  нысаны:  бастауыш  сыныптарда  экологиялық  тәрбие  беру  саласында 
оқушы мен мұғалім арасындағы іс-әрекет. 
Зерттеу  болжамы  –  егер  мұғалім  дүниетану  сабақтарында  экологиялық 
материалдар,  тапсырмаларды  қолданып,  тиімді  пайдаланса,  онда  оқушылардың 
экологиялық  білімі  қалыптасады  және  оқушылар  қоршаған  ортаны  қорғауға 
үйренеді. 
Зерттеу  пәні  –  дүниетану  сабақтарында  экологиялық  білімін  қалыптастыру 
және тәрбие беру үрдісі. 
Зерттеу  әдісі  –  педагогикалық  психологиялық  әдістемелік  әдебиеттер  мен 
баспасөз материалдарын талдау, ұстаздардың іс-тәжірибесін бақылау, педагогикалық 
эксперимент тест, бақылау әдісі. 
«Экологиялық  проблемалар  –  ең  маңызды  өмірлік  проблемалардың  бірі, 
өйткені  әңгіме  адамның  өмір  сүретін  ортасы  туралы,  болашақ  ұрпақтардың  өмірі 
туралы  болып  отыр»,  -  дейді  заманымыздың  заңғар  жазушы  Шыңғыс  Айтматов. 
Қазіргі  кезде  экологиялық  проблемалар  өзінің  қоғамдық  мәні  жағынан  алдыңғы 
қатардағы  мәселелердің  біріне  айналды.  Экологиялық  дағдарыс  жағдайы  шын 
мәніндегі  қауіпті  төндіріп  отыр:  іс  жүзінде  тез  өріс  алып  бара  жатқан  дағдарыстық 
жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады. 
Экологиялық проблемаларды шешу үшін табиғат қорғау мен оның жұмысының 
құқықтық 
негізін 
қамтамасыз 
ету 
жеткіліксіз. 
Ол 
үшін 
кәсіпкерлерде, 
өндірісшілерде, 
мемлекеттік 
қызметкерлерде, 
барлық 
азаматтарда 
нақты 
экологиялық  мәдениет,  қоршаған  орта  деген  ойдың  орнығуын  қалыптастырмай 
болмайды.  Денсаулықтың  қадірін,  әдетте  адам  ауырғанда  білетіні  өкінішті-ақ. 
Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де байланысты. Дегенмен оған қоршаған 
ортаның,  тұтқан  ауаның,  ішкен-жеген  тамақтың,  судың  құрамының  лас  болуы  да 
айтарлықтай  ықпал  етеді.  Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының  мәліметіне 
жүгінетін  болсақ,  адам  денсаулығының  40  пайызы  өзінің  өмір  сүру  дағдысына 
байланысты болса, 18-20 пайызы ғана дәрігерлік-медициналық көмекке тәуелді екен. 
Қоғам  байлығы  –  адам.  Ал  адамның  байлығы  оның  денсаулығында.  Денсаулықты 
жақсарту үшін таза ауа, таза су, құнарлы тамақ қажет. 
Төменгі сынып оқушыларын экологиялық тәрбиелеу дүниетану пәнінен бастау 
алады.  Тәрбиелеу  дегеніміз  аясы  кең  түсінік,  бұл  процесс  мақсатты  түрде  тұлғаға 
тәрбие мен білім берудің әсерінен туындайтын нәтиже. 
Оқыту,  білім  беру  –  мұғалім  мен  оқушының  арасында  туындайтын  процесс, 
оның  нәтижесі  білімді  әрі  сауатты  адам  тәрбиелеу.  Кез  келген  сабақта  келесі  үш 
мәселе  шешімін  табады:  білім  беру,  тәрбиелеу  және  дамытушылық.  Сондықтан  да 
сабақ  төменгі  сынып  оқушыларына  табиғатқа  деген  көзқарастың  жаңа  бір  қырын 
қалауға  мүмкіндік  береді.  Экологиялық  білім  беру  процесі  негізсіз  болмас  үшін, 
оқушылардың бойында міндетті түрде  экологиялық сана қалыптастыру қажет. Егер 
адам  экологияық  білімді  боса,  зиян  келтіретін  экологиялық  әрекеттердің  ережелері 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
63
мен нормаларын сақтау, белгілі бір уақыттан кейін олардың ұстанымға айналуының 
кепілі.  Бұл  көзқарастардың  бастауы  «Қоршаған  ортамен  танысу»  курсында  (1 
сынып)  қалыптасады.  Алайда,  толықтай  бұл  түсініктерді  даму  «Дүниетану» 
курсында ғана мүмкіндік алады. 
Мұнда  оқушыларды  өздерінің  даму  деңгейлеріне  байланысты  жетік  тілде  тірі 
және  өлі  табиғат,  тірі  табиғат  компоненттері  арасындағы  айырмашылықтар 
(өсімдіктер,  жануарлар),  адам  мен  табиғат  арасындғы  қарым-қатынас  түсініктері 
қалыптасады.  Осы  арақатынастарды  меңгере  отырып  оқушылар  экологиялық 
байланыстармен де танысады. Осы байланыстарды қарастыру логикалық ойлау, есте 
сақтау, көз алдына елестету, сөйлеу мәдениеті сияқты қасиеттерін дамытады. 
Демек,  экологиялық  ахуалдың  нашарлауы  халықтың  денсаулығына  залалын 
тигізумен  қатар,  әлеуметтік  қиындықтар  туғызып,  халық  шаруашылығы  тұрақты 
дамуының  бірсыпыра  маңызды  бағыттарын  тікелей  тежеуге  әкеліп  соғуы  ықтимал. 
Осыған  орай,  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  38-бабында:  «Қазақстан 
Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты 
қарауға  міндетті»,  -  делінген.  1997  жылдың  тамыз  айынан  бастап  Республикамызда 
табиғатты  қорғау  туралы  жаңа  заң  қабылданып,  күшіне  енді.  Заң  әр  адамның  өмірі 
мен  денсаулығы  үшін  айналадағы  ортаның  барынша  қолайлы  болуын  қамтамасыз 
етіп,  табиғатты  қорғаудың  экономикалық  практикалық  және  әлеуметтік  негіздерін 
белгілеп берді. 
Жер  бетінде  өсімдіктер,  жануарлар,  өзен-көлдер,  адамның  жабайы,  рахымсыз 
іс-әрекетінің  нәтижесінде  ұшырауда.  Бұған  қосымша  біраз  аймақтар  өнеркәсіптері 
(химия, мұнай, көмір, АЭС, тағы басқа) және цемент зауыттары өндірістік пайдалы 
заттардан  бөлінетін  түрлі  газдар,  булар,  жергілікті  өндіріс  орындары  шығатын 
заттардың,  өнімнің,  яғни  азық-түлік,  ет-сүт  тағамдарының  қалдық  қоқыстары  іріп-
шіріп, 
бұзылуынан 
түрлі 
бактериялардың 
пайда 
болуы 
тұрғындардың 
денсаулықтарына  зиян  келтіреді,  аурудың  жаңа  түрлері  шыға  бастайды.  Көптеген 
ғылыми  мәліметтерге  қарағанда,  қоршаған  ортаға  әсер  ететін  екі  фактордың  өсуі 
және адамның іс-әрекеті. 
Экологиялық 
білімдерін 
қалыптастырудың 
негізгі 
мақсаттары. 
Экологиялық нормалардың ережелерінің қажеттілігін оқушылардың мінез-құлқында 
тәрбиелеу. Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу. 
Бастауыш  сынып  оқушылары  табиғат  қорғауға  тәрбиелеу  әдіс-тәсілдерін 
саралап,  қоршаған ортаны  сақтаған жағдайда  ғана  келешек  ұрпақ  үшін  табиғи  орта 
мен  оның  байлығын  қажеттілікпен  пайдалансақ,  соғұрлым  табиғаттың  қоғамға 
берері  мол  деген  тұжырымды  қолдайды.  Экологиялық  жағынан  сауатты  ұрпақтар 
даярлау, ертеңгі еліміздің болашағын табиғат тағдырын ойлау болып табылады. 
Бастауыш 
мектепте 
оқытуда 
экологиялық 
білімін 
қалыптастыруда 
шығармашылық  тапсырмаларды  қолдануды  керек  етеді  және  бұл  жастағы  балалар 
өздерінің  істеген  жұмыстарының  қорытындсын  тез  білгісі  келіп  тұрады.  Міне,  дәл 
осы кезеңді тиімді пайдаланған жөн. Сондықтан қай сабақты болмасын талапқа сай 
дайындалған  көрнекілікпен,  жұмбақ,  ребус  тағы  басқа  араластыра  отырып 
шығармашылық  тапсырмаларды  пайдаланған  дұрыс.  Бұл  оқушылардың  сабаққа 
деген қызығушылықтарын арттыра алса, оларға сапалы ықпал жасайды. 
Шығармашылық  тапсырмалар  оқушының  оқу  белсенділігін,  ойлау  қабілетін 
дамытады,  сөйлеу  әрекетін,  танымын  күшейтеді.  Бастауыш  сыныптың  дүниетану 
сабақтарында  қолданылатын  шығармашылық  тапсырмалар  баланың  тілін  дамытып, 
сөздік  қорларын,  қиялдарын  молайтады.  Шығармашылық  тапсырмаларды  қолдана 
отырып оқыту баланы дамытудың, тәрбиелеп, бала жанын түсіне білудің бірдей-бір 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
64 
жолы. 
Бастауыш  сынып  оқушы  тұлғасы  мен  санасының  дамуы  қуатты  жүретін, 
ерекше  құнды,  қайталанбас  кезең.  Сондықтан  бастауыш  білім  –  үздіксіз  білім 
берудің алғашқы басқышы, қиын да, жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға қиын 
да,  жауапты  жұмыс.  Бастауыш  мектеп  балаға  белгілі  бір  білім  беріп  қана  қоймай, 
оны  жалпы  дамыту,  яғни  сөйлеу,  оқу,  қоршаған  орта  жөнінде  дұрыс  көзқарас 
қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын 
дұрыс  айтуға,  салыстыра  білуге,  дәлелдеуге,  сөйлеу  мәдениетіне  үйретеді. 
Оқушының  өз  басын  тануға  көмектесіп,  қабілетін  ояту,  жаңа  рухани  күш  беру 
білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. 
Бастауыш  сынып  оқушысының  зейіні  тұрақсыз,  импульсивті,  қабылдау 
мүмкіндіктері  де  әр  түрлі  болады.  Дегенмен  де  әр  баланың  бір  нәрсеге  бейімі 
болады.  Бейімділік  –  оянып  келе  жатқан  қабілеттің  алғашқы  белгісі.  Оқушының 
шығармашылық  қабілетін  дамытуға  мектеп  қана  мақсатты  түрде  ықпал  ете  алады. 
Оқушыларды  шығармашылық  жұмысқа  баулып,  олардың  белсенділіктерін, 
қызығушылығын  арттыра  түсу  үшін  шығармашылық  қабілеттерін  сабақта  және 
сабақтан  тыс  уақытта  дамытуда  әр  түрлі    әдіс-тәсілдерді  қолдануға  болады.  Олар 
мынадай: 
- Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау; 
- Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру; 
-  Логикалық  ойлауын  дамытатын  ойындармен  берілген  тапсырмаларды  шешу 
(сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар т.б.); 
-  Берілген  тапсырманы  түрлендіру  бағытындағы  жұмыс  (мәтін  мазмұнын 
өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т.б.); 
- Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қайтару; 
- Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту; 
- Ой шапшандығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру. 
Зерек қабілеті жоғары оқушыларға үйден табиғат құбылыстары немесе табиғат 
объектілері  туралы  әңгіме  дайындап,  баяндап  жазып  келуге  болады.  Мұндай 
жұмысқа оқушыларды мұғалім өзі дайындап үйретеді, кейін олар біртіндеп өздігінен 
орындай алатын дәрежеге жетеді. Оқушылардың шығармашылық әрекетін, қабілетін 
арттырып,  баяндама  жазуға,  оны  сабақта  айтып  беру,  оқушыларды  қосымша 
әдебиетпен  жұмыс  істеуге  үйретеді.  Сонымен  қатар  оқушылардың  экологиялық 
білімдерін  қалыптастыруда  шығармашылық  тапсырманы  қолдануда  экологиялық 
ойындардың маңызы зор. 
Экологиялық  ойындардың  мақсаты  –  оқушылардың  ерекше  қабілетін  ашу, 
мотивацияның  жоғарғы  дәрежесін  қалыптастыру.  Экологиялық  ойынның  бір  түрі 
«Конкурс  –  Марафон».  Бұл  марафонға  қатысушылар  әртүрлі  станциядан  құралған 
бағытпен жүріп отырады (орман, көл, батпақ, жануарлар әлемі т.б.). Әрбір станцияда 
оқушылар әртүрлі тапсырмалар орындайды және белгілі бір сұрақтарға жауап береді 
және  соған  байланысты  ұпайлар  жинайды.  Көп  ұпай  жинаған  команда  жеңіске  ие 
болады. Қатысушылардың саны көп болады. 
Тағы  ойынның  бір  түрі  экологиялық  викторина  –  бұл  ойын  да  экологиялық 
конкурстар  мен  мейрамдарда  өткізіледі.  Викторинада  экологияға  қатысты  сұрақтар 
қойылады.  Мысалы:  «Неге?»,  «Неліктен?»,  «Қалай  түсіндіресіз?»,    тағы  басқа 
сұрақтар  қойылады.  Бұл  сұрақтар  арқылы  оқушыларда  логикалық  ойлау  қатысады. 
Сонымен  қоса,  алдын-ала  мынадай  дайындық  жұмысын  жүргізуге  болады.  Үлкен 
ауқымды  тақырыптарды,  мысалы  2  сыныптағы  «Жануарлардың  тіршілігі» 
тақырыбын  оқу  алдында  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  арттыру 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
65
мақсатымен оқушыларға алдын-ала тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды орындау 
барысында  оқушылар  жануарлар  тіршілігіне  қажетті  жағдайлар,  жануардың 
қоректенуі  туралы  мағлұмат  жинайды.  Ол  үшін  алдын-ала  сыныпты  3  топқа  бөліп, 
тақырыптар беріледі. Содан соң тақырыпты өткенде әр топтың оқушылары баяндама 
жасайды,  өз  нәтижелерін  қорытындылайды.  Оқушылардың  экологиялық  білімдерін 
қалыптастыруда  мынадай  шығармашылық  тапсырмалар  ұуымдастыруға  болады. 
Мысалы, сыныпқа кез-келген жануар суреті ілінеді, жанына бос қалталар қойылады. 
Мұғалім үлкен қалталардың біреуіне тапсырмаларды салады. Тапсырмада: «Неге?», 
«Неліктен?», «Қалай түсіндіресіз?», «Қалай қорғайсыз?», «Қызыл кітапқа енген бе?» 
деген сұрақтар жасалады. Мұғалім жауаптарын жинап, тексеріп, бағалайды. 
Сондай-ақ  «Ұрпақ  –  тіршіліктің  жалғасы»  деген  тақырыпты  өткенде 
оқушылардың 
экологиялық 
білімдерін 
қалыптастыруда 
шығармашылық 
тапсырмалар  беруінің  маңызы  зор.  Аңдар,  құстар,  үй  жануарларына  байланысты 
шағын  әңгіме,  өлең  жазу,  жұмбақ  құрастыру  сияқты  тапсырмалар  беру  арқылы 
оқушылардың  экологиялық  білімдерін  қалыптастырып  және  қызығушылықтарын 
арттыруға  болады.  Жалпы  тапсырмалардың  осындай  түрлерін  «Адам»,  «Табиғат», 
«Қоғам»  тарауларының  кез-келген  тақырыптарын  өткенде  қолдануға  болады. 
Өсімдіктер  мен  жануарлардың  «Қызыл  кітабы»,  «Қорықтар»  тақырыбына  баяндама 
жасалады. 
Дүниетану  пәні  –  айналадағы  дүниені  кең  қамтитын  білім  беретін  мектептің 
негізгі  сатысына  ұсынылған  оқу  бағдарламасы  бойынша  оқытылатын  материалдар 
дамыта  тәрбиелеу  бағытында  жүйелік,  сабақтастық  танымдарына  негізделіп,  білім 
беруге  арналған.  «Дүниетану»  оқулығына  енген  материалдар  көлемі  жағынан  2 
сынып  оқушыларына  сай  болғанымен,  мазмұны  терең,  мағынасы  кең.  Әр 
тақырыптың  мазмұнында  көптеген  деректер  берілгенін  түсіну  қиын  емес.  Әр 
тақырып  қарпайым  болса  да,  ғылыми  мазмұнға  ие.  Сондықтан  оны  жан-жақты 
талдап  түсіндіру  мұғалімнің  шеберлігіне  байланысты.  3  сыныпта  дүниетану  пәні 
бойынша барлығы 68 сағат берілген. Оқулық үш бөлімнен тұрады: «Адам» – 8 сағат, 
«Табиғат» – 33 сағат, «Қоғам» – 27 сағат. Әр тараудағы тақырыптардың мазмұны 1 
сыныпқа қарағанда күрделеніп берілген. 
Бағдарламаға  сәйкес  оқулық  мазмұнына  байланысты  материалдар  іріктеу 
кезінде табиғат зерттеушілердің қазақ тілінде жазылған ғылыми жеңіл әңгімелерінің 
аздығы  (тіпті  жоқтығы)  және  орыс  тіліндегі  материалдарды  қазақ  тіліне  аударып, 
мазмұнын  жеңілдетіп  беру  қажеттілігіне  байланысты  бірқатар  қиындықтар  туды. 
Сонымен қатар оқулық жасау кезінде мынадай талаптар басшылыққа алынады: 
- мәтін тілінің жеңіл және сөйлемнің ықшам болуы; 
- ғылыми терминдердің қазақ тілінде бұрмаланбай, дұрыс берілуі; 
- жеке тақырыптар мазмұнның жинақы және шағын болуы; 
- денелер мен құбылыстардың басты ерекшеліктерін ашып көрсету; 
- оқушылардың түсінігіне жеңіл, тартымды тілмен жазылуы; 
-  мәтіннің  оқушыларды  табиғатта  бақылау  жұмыстарын  жүргізулеріне,  сабақ 
барысында тәжірибе жасауға, оның нәтижесін қорытуға жол сілтеу; 
- жеке тақырыптар арасында байланыстың болуы; 
- проблемалық жағдай туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар беру; 
- табиғаттану мазмұнына байланысты жұмбақ, жаңылтпаштар, өлеңдер келтіру; 
- табиғат көріністерін бейнелейтін суреттер мен сызбалар ендіру. 
Жануарлардың  тіршілігіне  қажетті  жағдайлар  бейімделуі  туралы  танысып 
отырады.  Өсімдіктер  мен  жануарлардың  «Қызыл  кітабымен»  танысады.  «Қоғам 
блогында»  отанымыздың  рәміздері,  адамның  шаруашылығының  түрлерімен 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
66 
танысады,  оқулықтағы  мәтіндер  соңында  сұрақтар  мен  тапсырмалар  берілген. 
Кейбір текстілер диалог жұмысқа көп көңіл бөлінген. 
Ал 3-ші сыныпты аяқтағанда оқушы дүниетану пәнінен мынаны білуі тиіс: 
- айналадағы дүниені тани білу; 
- адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасы; 
- өлі табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығы; 
- өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі; 
- қоғам, Отан жайлы белгілі бір көзқарас қалыптастыру; 
- өсімдіктер, жануарлар және олардың бір-бірімен байланысы; 
- табиғатты бақылаудан соң өз байқағанын айқын дәлелдеп айта білу; 
- табиғатқа адамның пайдасы мен зиянын анықтай білу, табиғатты қорғау. 
Әр  тарау  тақырыпты  жыл  сайын  күрделеніп  отырады.  Оқулықта  берілген 
шығармашылық  тапсырмалар,  проблемалық  жағдаяттар,  сарамандық  жұмыстар 
оқушының дүниетанымын, ойлау қабілетін дамытып, арттыра түседі. 
Бастауыш сыныптарға арналған дүниетану оқулығында әңгімелеу, сипаттаудан 
гөрі  әрбір  мәтінде  көбірек  сұрақтарға,  проблемалық  жағдаяттарға  кездесіп 
отырамыз. Сол сұрақтарға жауап беріп, жағдаяттарды шешу барысында, оқушының 
өзінің  көрген,  естіген,  байқаған  тірек  білімдерін  пайдаланып,  оны  толықтырып 
отырамыз.  Оқулық  ерекшелктерін  ескере  отырып,  оқушының  шығармашылығын, 
ойлау қабілеттерін дамытып, дүниетанымын, таным қызығушылығын арттыру үшін 
дүниетану сабақтарында әртүрлі жұмыс түрлерін қолданамыз. 
Зерттеу барысында байқаудың әр түрін қолдана отырып, әр түрлі ғалымдардың 
пікірлерін  ескере  келе,  біз  оқушылардың  экологиялық  білімдерінің  қалыптасуын 
дамыту үшін шығармашылық тапсырмаларды қолданудың нәтижелі болу шарттарын 
тауып, құрдық. Мұндай шарттарға біздің ойымызша мыналарды жатқызуға болады: 
- шығармашылық тапсырмалардың мазмұн-түрін ойлап табу; 
- шығармашылық тапсырмаларды оқушыға ұсынудың жолын, әдіс-тәсілін білу 
керек; 
-  шығармашылық  жаттығу,  ойын  тапсырмалардың  мазмұны  балалардың  жас 
ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына үйлесуі керек; 
-  шығармашылық  тапсырмалар  сабақтың  тақырыптарына  сай  қолданылуы 
керек; 
-  оқушының  шығармашылықпен  айналысуына  мектепте,  сабақ  үстінде,  үйде 
қолайлы жағдай туғызу; 
- шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру. 
Келесі  кезекте  дүниетану  сабақтарында,  шығармашылық  тапсырмаларды 
қолдану 
арқылы, 
оқушылардың 
экологиялық 
білімдерін 
қалыптастыруға 
байланысты  экперимент  жұмысының  қорытындысын  қарастырдық,  эксперимент 
жұмысы өзінің жағымды нәтижесін берді. Шығармашылық тапсырмаларды қолдана 
отырып  оқыту  –  баланы  дамытудың,  тәрбиелеп,  бала  жанын  түсіне  білудің  бірден-
бір  жолы.  Оқушылардың  экологиялық  білімдерін  қалыптастыруын  дамытуда 
қолданылатын  шығармашылық  тапсырмаларды  жоғарыда  қарастырдық.  Бұл 
тапсырмалар  оқушылардың  дүниетану  сабағына  деген  қызығушылығын  арттырып 
қана  қоймай,  сондай-ақ  сабаққа  ынтасын  арттырып,  табиғатты  сүюге,  қорғауға 
үйретеді. 
Қорыта 
айтқанда, 
дүниетану 
сабағында 
басқа 
пәндердегі 
сияқты 
шығармашылық тапсырмаларды қолданған тиімді де жақсы жолдардың бірі дер едік. 
Сонымен,  бүгінгі  жас  ұрпаққа  жан-жақты  білім  беру,  тәрбиелеу  әрбір  ұстаздың 
басты борышы. Бастауыш мектеп бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
67
жүретін  қайталанбас  кезең.  Сондықтан  да  бастауыш  білім  –  үздіксіз  білім  берудің 
алғашқы  басқышы,  қиын  да  қадірлі  жұмыс.  Осыған  орай  оқушыға  белгілі  бір 
көлемдегі  білім  дағдыларды  меңгерумен  бірге  қоршаған  дүние  туралы  түсініктерін 
кеңейте  отырып,  оларды  шығармашылық  бағытта,  жан-жақты  дамыту  –  бүгінгі 
күннің басты талабы. 

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал