Зерттеуші Исследователь – The Researcher



жүктеу 5.07 Kb.

бет3/20
Дата22.04.2017
өлшемі5.07 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Перед  началом  работы.  Одеть  рабочую  одежду  (халат  или  передник  с 
нарукавниками, берет или косынку).  
 
 
Рабочая одежда учеников 
 
Внимательно  осмотреть  рабочее  место.  Привести  его  в  порядок,  убрать  все 
посторонние предметы. 
Подобрать  необходимый  инструмент.  Разместить  его  так,  чтобы  во  время 
работы избегать лишних движений. 
Проверить, чтобы все инструменты (напильники, отвертки, шила и т. п.) были 
оснащены 
ручками 
с 
металлическими 
кольцами, 
предотвращающими 
их 
раскалывание,  и  не  имели  трещин,  заусенцев,  косых  и  сбитых  бойков,  а  боковые 
стороны  –  острых  ребер.  Столярные  молотки,  киянки  должны  быть  надежно 
закреплены на ручках. 
Проверить  наличие  необходимого  инструмента  и  оборудования,  а  также 
устройств  и  средств  индивидуальной  защиты (защитных  очков,  рукавиц,  защитных 
экранов и т.п.).  
Во время работы: 
- Пользоваться только исправным инструментом; 
- Содержать в чистоте и порядке рабочее место; 
-  Для  перенесения  рабочего  инструмента  пользоваться  укладками.  Не 
переносить инструмент в карманах; 
- Следить, чтобы свет на рабочем месте падал с левой стороны или спереди; 
- Производя работы сидя, следует сидеть прямо, на всей поверхности стула, на 
расстоянии  10...15  см  от  края  верстака.  Расстояние  от  глаз  до  изделия,  которое 
изготавливается, должно быть 30...35 см. Неправильная рабочая поза портит осанку, 
вызывает быструю утомляемость и вредит работе органов пищеварения; 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
25
 
Удобная рабочая поза ученика 
-  Не  работать  вблизи  подвижных  частей  станочного  оборудования  и 
механизмов; 
- Проверять надежность закрепления обрабатываемой детали; 
- Не отвлекаться от работы, не мешать работать другим; 
- Соблюдать технологическую дисциплину при выполнении заданий. При этом 
беречь оборудование и инструменты от повреждений; 
- Строго соблюдать правила безопасного труда.  
После работы: 
- Убрать рабочее место; 
- Инструменты положить в отведенные для них места; 
- Сдать рабочее место дежурному; 
-  Обо  всех  недостатках  (неисправностях),  обнаруженных  в  инструментах  и 
оборудовании, сообщить учителю; 
- Сдать учителю на проверку готовые изделия (детали); 
- Вымыть руки. Привести себя и одежду в порядок. 
Запомни! 
Порядок 
на 
рабочем 
месте 
– 
необходимое 
условие 
производительного труда. 
 
БИМУРЗАЕВА Гүлфайруз Мұсақызы, 
Н. Шойынбаев атындағы №33 шағын жинақталған 
жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Ақбастау ауылы, 
Сайрам ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
БАЛАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЕРТЕГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ 
 
Қай  елдің  ауызша  әдебиет  шығармаларын  алсақ  та,  барлығында  ертегі 
халықтық  шығармалардың  мол  саласы  екенін  көреміз.  Сол  барлық  елдер 
фольклорында  ертегі  деген  атау  әрі  саны  мол,  әрі  алуаны  көп  шығармалардың 
тобына арналған жинақты атау болады. Жалпы, барлық ертегілерге ортақ ерекшелік: 
бұлар қара сөзбен айтылатын оқиғалы көркем әңгіме. Ғажайып хал, қиял әңгімелер 
түрінде  немесе  орасан  оқиғалы  қызғылықты  әңгімелер  ретінде  құрылған  ертегінің 
бәрі  де  негізінде  шаруа  кәсіппен,  қоғамдық  құрылыс  тартыстарымен,  тарихпен 
байланысты  боп  келеді.  Осы  аталған  қызғылықты  әңгіменің  бәрі-бәрі  де  ертегінің 
түрлеріне қосылады. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
26 
Сондай 
көп 
алуандас 
тақырыптардан 
құрылатын 
ертегілік 
қор 
– 
фольклористика  ғылымының  түгел  шолып,  зерттейтін  бұйымдары.  Ұлы  ойшылдар 
айтқан,  халық  шығармалары  жөніндегі  пікірлерді  еске  алсақ,  олар  сол 
шығармалардан  халықтық  көзқарасты  айыра  білу  керек,  халық  шығармасы  халық 
жанының айнасы деген. Зерттеушілер ертегілер жайын сөз қылғанда, ең алдымен сол 
ертегілердің  халық  ортасында  сақталу,  айтылу  жағдайларын  сипаттау  керек  дейді, 
әрі  «Ертегі  –  бізге  ең  алдымен  халықты  мінездейтін  материал  есебінде  қажет»,  - 
деген. 
Қазақ  ертегілерінің  жеке  түрлерін  тексеруден  бұрын  бұл  уақытқа  шейін  сол 
қазақ  ертегісін  зерттеуде  істелген  еңбектер  жайын  қысқаша  шолып  өту  қажет. 
Жалпы  алғанда,  қазақ  ертегілері  негізінде  оқымыстылардың  еңбегімен  жиналып, 
зерттеле бастайды. 
Қазақ ертегісін зерттеу жұмысының басы сол ертегілерді жинап, жариялаудан 
басталады. Бұл жөнінде бір топ зерттеушілер қазақ ертегілерін қазақ айтушылардың 
аузынан  қазақша  жазып  алып,  жинап  бастырған.  Жалпы,  ХХ  ғасырдың  басында 
қазақ  ертегілерін  жинап,  жариялаушылар  арасында  ғылымдық  жолмен  еңбек  етіп 
зерттеуші  –  академик  В.В.  Радлов  болған.  Өзі  естіп,  өзі  көрген,  жазып  алған  тіл 
деректеріне  қарап,  Радлов  қазақ  халқының  тіл  өнері  жөнінде  тұтас  пікір  айтады. 
«Өзге  туыстас  елдерінен  қазақтың  ерекшелігі  –  сөз  орамына  шебер  және  тамаша 
шешен», - деген. 
Халық  шығармасы  жөніндегі  ғылымның  методологиясын  дамытуда  зор  еңбек 
еткен қаламгерлердің ертегіге жанастыра айтқан біраз ойларын және еске алу қажет. 
Бұл  жөнінде  олардың  аса  маңызды  пікірінің  бірі  –  халық  ертегісінің  негізі  еңбекке 
сүйенетіндігін  ашады.  Әрекет,  қимыл,  тартыс  үстіндегі  адамның  еңбегін  қадірлеу 
халық  ертегісінің  ең  зор  қасиеті  екенін  айтып,  ғылымдық  ойды  тың  соныға  бастай 
түседі. 
Осындай  негізгі  мәселелермен  қаламгер,  ғалымдардың  ертегіде  және  барлық 
басқа халықтық фольклорда еңбектің орны өзгеше екенін танытқаны қазақтың халық 
ертегілерін  зерттеуде  негізгі  арқау  есепті  болу  шарт  еді.  «Фольклор  деген  сөзбен 
халықтың еңбек тәжірибесінен туып, дамыған барлық білімнің жиынын атаймыз. Ол 
білімдер ұзақ ғасырлар бойында жасаған: малшылардың, аңшылардың, диқаншылар 
мен 
ұсталардың, 
құмырашылардың, 
омарташылардың, 
балықшылардың, 
балташылардың  және  басқа  талай  бағзы  замандардан  бергі  мәдениет  негізін 
салушылардың еңбектерінен туған білімдер», - дейді олар. 
Міне,  қазақтың  да  халық  ертегілерін  зерттеп,  тексергенде,  ең  алдымен  еңбек 
иесі  болған  халықтың  еңбек  адамы  турасында  тудырған  ертегілерін  зерттеуді 
фольклористика ғылымының ең қадірлі міндеті деп ғылымдық тексеру жасау қажет. 
Онан  соң  осы  ертегілерді  бір  ғана  дәуірдің  туындысы  есебінде  түсінген  бұрынғы 
теріс  әдісті  жойып,  оның  орнына  қазақ  ертегілерін  өзге  ауыз  әдебиет  үлгілеріндей 
белгілі  қоғамдық-тарихтық  дәуірлерге  бөліп,  соларға  байланыстырып,  жалғастыра 
отырып тексеру қажет. 
Осы  ғылымдық  бағыт  бойынша  біз  қазақ  халық  ертегілерін  де  тарихтық  үш 
үлкен  дәуірге  бөліп  талдаймыз.  Бұның  бірінші  дәуірі  –  есте  жоқ  ескі  замандардан 
басталып,  ХХ  ғасырдың  60-шы  жылдарына  дейін  созылған  Қазақстандағы 
феодализм  дәуірімен  байланысты  ертегілер  болады.  Екінші  топ  ертегілер  –  ХХ 
ғасырдың  60-шы  жылдардағы  Қазақстанда  болған  реформалардан  соңғы  тарихи 
дәуірдің  шаруашылық-қоғамдық,  тарихтық  ерекшеліктерімен  байланысты  болған 
ертегілер тобы. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
27
Үшінші  топ  ХХ  ғасыр  дәуірінің  ертегілері  есебінде  топталып  тексерілетін 
болады.  Қазіргі  ең  алдымен  зерттеліп  талданатын  бірінші  дәуір  –  феодализм 
дәуірінің  ертегілерін  жалпы  фольклористика  ғылымы  қолданған  методология 
бойынша  шартты  түрде  үш  салаға  бөліп  зерттеу  жүргіземіз.  Олар  –  феодализм 
дәуіріндей:  қиял-ғажайып  ертегілері,  хайуанат  жайындағы  ертегілер  және  салт 
ертегілері болады. 
Бастауыш  сынып  оқушыларының  дүниетанымын,  ой-өрісін  кеңейтіп,  сөздік 
қорын  байыту  олардың  эстетикалық  талғамын  арттырып,  адамгершілікке  баулу 
ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. 
Қазіргі 
өркениетке 
ұмтылған 
қоғам 
талабына 
сәйкес, 
Қазақстан 
Республикасының дамыған елдермен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен 
қазіргі  кезеңі  үшін  білімді,  зерделі,  өз  бетімен  іс-әрекет  ете  алатын,  қоғамнан  өз 
орнын таба алатын шәкірттерді дайындау – ұстаздың міндеті. 
Мектептегі  оқушы  өмірінің  көп  бөлігі  45  минуттық  сабақ  кезінде  өтеді.  Міне, 
осы  кезде  оқушы  тек  білім  алып  қана  қоймай,  шығармашылықпен  зерттей  білуге 
үйренуі керек. Білімді алуда іс-әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ 
уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге,  ізденуге, таңдауға т.б. үйренеді. Сол үшін 
ескі  дәстүрдегі  сабақтан  қашып,  ең  озық,  тәжірибеден  өтен  технологиялардың 
бірінің тиімділігіне сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу 
мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол 
жоқ. 
Ертегі,  шағын  әңгіме,  өлең,  мақал-мәтел,  жұмбақ  сияқты  балаларға  лайықты 
көркем сөз жанрларының ежелден-ақ тәрбие ісінде зор көмекші екені белгілі. 
Бастауыш  сыныптарда  ертегі  оқытудың  маңызы  зор.  Ертегі  балалардың  ой-
өрісін,  сөйлеу  тілін  дамытады,  өз  Отанын  сүюге,  ана  тілін  қадірлеуге  үйретеді. 
Танымал  педагогтар:  «Ертегі  –  Отанға  деген  сүйіспеншілікке  тәрбиелеудің  ең 
қолайлы  және  ештеңемен  алмастыруға  болмайтын  қайнар  көзі»,  -  деген  болатын. 
Ендеше  ертегіні  құр  оқып  қана  қоймай,  ондағы  әрбір  кейіпкердің  іс-әрекеттерін 
талдай білу керек. 
Ертегілер,  көбінесе,  қаншама  қиыншылық  көрсе  де,  оны  қалайда  жеңіп 
шығатын, ақыл-айланы, алпауыт батырларды, халық ерлігін қызғылықты баяндайды. 
Сондықтан  ертегі  –  әр  оқушының  сүйіп  оқитын,  қызыға  тыңдайтын,  оны  айтып 
беруден жалықпайтын көркем шығармасы. 
1  сыныптан  бастап  ана  тілі  сабағында  ертегіге  көп  орын  берілуі  қуанарлық 
жайт. Сабақ барысында ертегілердің ғажайып оқиғаларға құрылған сюжеті, мазмұны 
оқушыларға  түсінікті  болуын  қадағалау  керек.  Оқу  жылының  басында  көбіне 
балалардың  қандай  ертегілер  білетінін  сұрай  отырып,  кейбір  оқушыларға  ертегінің 
мазмұнын  айтқызамыз.  Сонда  балалардың  ертегіні  мазмұндап  айтуында,  сөйлеу 
тілінде,  кейіпкерлерді  талдауда  кемшіліктер  бар  екені  байқалады.  Себебі,  олардың 
кейбіреуі  балалар  бақшасында  тәрбиеленбеген,  тіпті  кейбір  ата-аналар  әлі  де  болса 
бала тәрбиесіне жете көңіл бөле бермейді. Тіпті ертегі білмейтін, ертегінің не екенін 
түсінбейтін бала кездесті. 
Көркем  шығармаларды  тыңдауға  бала  сәби  кезінен-ақ  құмартып,  қызығады. 
Қысқа  ертегі  оқып  берсе,  тез  жаттап  алады.  Жаттау  арқылы  оның  тілі  жетіледі. 
Әдеби  кейіпкерлердің  жақсы  ісіне  сүйсінеді,  жаманынан  жиренеді  –  бойын 
қорқыныш  билейді.  Кішкентай  балаларда  жақсы  және  жаман  іс-әрекет  жөнінде 
түсінік  пайда  болады.  Сөйлеу  тілі  жетіле  түседі.  Ал  тілінің  дамуы  –  баланың 
бойында  қабылдай-ести  білу  сияқты  психологиялық  үрдістердің  бірте-бірте 
қалыптасуына негіз болады. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
28 
Мұғалім  бастауыш  сыныптың  алғашқы  сабағында  ертегі  туралы  оқушыларға 
түсінік  беріп,  көбіне  жануарлар  туралы  ертегісін  айтып  береді.  Жаңа  материалды 
кіріспе  әңгімеден  бастап,  ертегідегі  жануарлардың  суреттері  тақтаға  ілінеді. 
Ертегілерді  осындай  жан-жануарлардың  бәріне  «тіл  бітеді»,  яғни  сол  арқылы 
адамдар  шындық  пен  өтірікті,  ақылдылық  пен  ақымақтықты,  қайырымдылық  пен 
жауыздықты қатар көрсетіп, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуді мақсат етеді. 
Мұғалім  ертегіні  алдымен  жеңіл  тілмен  баяндап,  содан  соң  дауыс  ырғағын 
сақтап,  оқып  береді.  Қулықты,  аңқаулықты,  ақылдылықты  мысалмен  дәлелдей 
отырып, ертегінің мазмұнын қаншалықты түсінгенін білу үшін сұрақтар қояды. 
Сұрақтарға  толық  жауап  алған  соң  кейіпкерлердің  іс-әрекеті  талданады.  Бір 
оқушыға мазмұнын айтқызып, екіншісіне ертегіге салынған сурет бойынша қысқаша 
әңгімелету керек. 
Жалпы, 2 сыныпта ертегіні оқыту бұған қарағанда күрделене түседі. Өйткені 1 
сыныптағыдай  емес,  оқушылар  ертегіні  өз  беттерімен  оқып,  ертегі  кейіпкерлерінің 
тағдырымен араласып, өздері бастарынан кешкендей сезінеді. 
«Еңбекпен  тапқан  тиын»  ертегісін  алатын  болсақ,  әрине,  кіріспе  әңгімеде  осы 
уақытқа  дейін  қандай  ертегі  оқығандарын  қысқаша  еске  түсіріп  алғаннан  кейін 
ертегідегі  халықтың  арманы  шындық  пен  адамгершілік,  еңбек  сүйгіштік  екенін 
түсіндіре  отырып,  ертегінің  мазмұнымен  таныстыру  қажет.  Ертегіні  оқиғаның 
сюжетіне  қарай  бөлім-бөлімге  бөліп,  әрбір  бөлімге  ат  қойғызып,  тақтаға  қажетті 
оқушыларды  шақырып,  тексті  рөлге  бөліп  оқытқан  тиімді.  Оқу  үрдісінде  олардың 
дауыс  ырғағына,  сөйлеу  мәнеріне,  түсінікті  оқи  білуіне  көңіл  аудара  отырып, 
ертегідегі жеке  кейіпкерлерге мінездеме бергізіп, бірнеше оқушыға ертегінің толық 
мазмұнын  айтқызу  қажет.  Тіпті,  сабақ  барысында  ертегі  кешін  өткізетінін, 
«Еңбекпен 
тапқан 
тиын» 
ертегісінен 
инсценировка 
қоятынын 
хабарлап, 
ұйымдастыру керек. 
Әрине,  ертегілер  кеші  үлкен  дайындықты  қажет  етеді.  Себебі,  оған  мейлінше 
ертегі  кітаптар,  төс  белгілер,  әр  түрлі  суреттер  жинап,  оқушылар  өздері  ертегі 
кейіпкерлері  бойынша  суреттер  салып,  еңбек  сабақтарында  ертегі  кейіпкерлерінің 
бейнелерін қолдан жасау керек. Ертегі жазылған күйтабақтарды, әр түрлі аңдардың 
маскаларын  жинап,  жетпегенін  қолдан  жасау  керек.  Көрермен  залға  алдын  ала 
ертегілерден  салынған  суреттерді  іліп,  «Оқушылар  шығармашылығы»  бойынша 
көрме ұйымдастырудың тиімділігі жоғары болмақ. 
Мұнан  шығатын  нәтиже,  ертегілер  балаларды  батыл  да  адал,  еңбекқор  болуға 
жетелейді. Ертегі кейіпкерлері арқылы жағымды-жағымсызын ажыратып, жақсыдан 
ләззат алып, жаманы жеке өміріне сабақ болады. 
 
Әдебиеттер 
1  «Қазақстан»  ұлттық  энциклопедиясы.  –  Алматы:  Қазақ  энциклопедиясы, 
1998. – 3 т. 
2 Қасқабасов С. Ертегі // Ғаламтор. – 2012. 
3 Қайроллина Р. Ертегі оқуға үйрету. – №12. – 1988. 
4 Ысқақова Д. Ертегі туралы түсінік // «Ашық сабақтар» сайты. 
 
 
 
 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
29
ДӘМЕНОВА Айсұлу Қабылқызы, 
ШЫНБЕРГЕНОВА Мариям Ерсерікқызы, 
№6 орта мектебі жанындағы интернат тәрбиешілері, 
Шалқар қаласы, Ақтөбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 
РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР АРҚЫЛЫ 
«САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ» ҰҒЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Тақырыптың  өзектілігі.  Дені  сау  адам  –  табиғаттың  ең  қымбат  жемісі. 
Қазақстан  Республикасы  өз  тәуелсіздігін  алғаннан  бастап  осы  ұстанымды 
басшылыққа  алып  келеді.  Қоғамның  денсаулығы  бәсекеге  қабілетті  елу  елдің 
қатарына кіру міндетін жүзеге асыру жолындағы басты тірек. 
Елбасының  «Қазақстан  –  2050»  жолдауында  ұзақ  мерзімді  басымдықтардың 
бірі  –  «Қазақстан  азаматтарының  денсаулығы,  білімі  мен  әл-ауқаты»  тармағында: 
«…азаматтарымыздың  өз  өмірінің  аяғына  дейін  сай  болуы  және  оларды  қоршаған 
табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу 
қажеттігі көрсетілген. Сонымен қатар, бұл стратегиялық бағдарламада: «Салауатты, 
әрі гүлденген экономика құрмайынша біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра 
алмаймыз,  демографиялық,  экономикалық  және  әлеуметтік  міндеттерді  шеше 
алмаймыз,  әрбір  адамның  жеке  басының  қадір-қасиеті  мен  әл-ауқатын  арттыра 
алмаймыз», - деп Елбасы ойын түйіндейді. 
Сонымен,  Елбасының  жолдауын  Қазақстан  азаматтарының  денсаулығын 
нығайту,  салауатты  өмір  салтын  ынталандыру  егемендіктің  кілтін  ұстар  жастардың 
болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. 
Салауатты  өмір  салтын  жастардың  бойында  қалыптастыру  мемлекетіміздің 
«Білім  туралы»  заңында  білім  беру  жүйесінің  негізі  ретінде  көрсетілген.  Онда 
ұлттық  және  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде 
жеке адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім 
алу үшін қажетті жағдайлар жасау жолдары белгіленген. 
Салауатты  өмір  салтының  аса  қажеттілігі  басқа  да  мемлекеттік  ресми 
құжаттардан  көрініс  табады.  Атап  айтқанда,  Қазақстан  Республикасында 
азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы (1997), 
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жастар  саясатының  тұжырымдамасы 
(1999) және т.б.   
Денсаулық  –  тән,  рухани  және  әлеуметтік  игіліктің  жиынтығы  Қазақстанның 
болашағы – ертеңгі ұрпағында болғандықтан жастардың денсаулығы халықтың өсімі 
мен  санасын  анықтайды.  Денені  үнемі  шынықтыру,  сананың  сапа  деңгейін  көтеру, 
интеллект  өрісін  биіктету,  рухты  шыңдау  –  бәрі  де  денсаулыққа  қызмет  ететін 
әрекеттер. Ал мұны жүзеге асыру, жас ұрпақтың салауаттылығын қамтамасыз ету ең 
алдымен  отбасы  мен  мектепке  жүктеледі.  Сондықтан,  бүгінгі  күні  Қазақстан 
мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат 
тұтатын жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған. 
Бүгінгі  таңда  салауатты  өмір  салты  ұлттық  идеяға  да  айналуы  тиіс  мәселе. 
Өйткені  қазақ  халқында  бұл  идеяны  жүзеге  асырудың  негізі  болатындай  Қазақ 
хандығы  тұсында  өмір  сүрген  белгілі  ойшыл  Өтейбойдақ  Тілеуқабылұлының 
«Шипагерлік  баяны»,  Құртқа  Сұлтанқожаұлының  тәлімдік  мұрасы,  ұлттың 
генетикалық  тазалығын  сақтау  үшін  жеті  атаға  дейін  қыз  алыспауға  тиым  салған 
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдары және Тәуке ханның 
«Жеті жарғысы». 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
30 
Ұлттық  идеяға  айналатындай  салауатты  өмір  салты  бүгінгі  күні  жан-жақты 
қарастыруда.  Педагогика  ғылымында  бұл  мәселе  төңірегінде  назар  аударатын 
көптеген  зерттеулер  жүргізілуде.  Оларды  ғылыми  тұрғыда  жүйелей  келе,  мынадай 
бағыттарын атап айтуға болады: 
-  салауатты  өмір  салтын  философия  мен  әлеуметтану  ғылымы  тұрғысынан 
(Л.Н. Арутунян, Ю.Б. Бромлей, И.Т. Левкина, Р.В. Рыбкина, Т.Ж. Нақыпбеков және 
т.б.); 
-  оқушылардың  бойында  құндылық  бағдар  негіздерін  қалыптастыру  (Г.К. 
Нұрғалиева, С.С. Тілеуова және т.б.); 
-  оқу-тәрбие  үрдісінде  жастардың  салауатты  өмір  салтын  адамгершілік 
құндылықтар  арқылы  қалыптастыру  (А.  Каплиева,  Б.Қ.  Мұхаммеджанов,  Г.Ж. 
Нұрышева,  Ж. Торыбаева және т.б.); 
- салауатты өмір салтын тарихи дамуы және халықтық педагогика тұрғысынан 
зерттелуі (Ж. Ембергенова, Э. Құрманалиева және т.б.); 
- валеология ғылымын теориялық және әдістемелік тұрғыда зерттеу мәселелері 
(А.С. Иманғалиев, А. Ақанов, Ж.Ж. Нұржанова және т.б.); 
-  оқушылардың  бойындағы  салауатты  өмір  салтының  психо-физиологиялық 
аспектілері (Ш.Ә. Тулебаева, Т.Қ. Игисинов, И.В. Мордвинцева және т.б.). 
Қоғамдық  жаңару  кезеңінде,  еліміздегі  әлеуметтік-саяси,  экономикалық 
қатынастардың  сипатының  өзгеруі  өз  кезеңінде  қоғамдық  білім,  тәрбие 
институттарының  да  жұмыс  бағыты  мен  мазмұнына  жаңа  талаптар  қойып  отыр. 
Сондықтан  жоғарыда  аталған  зерттеулерді  негізге  ала  отырып,  қоғамдағы  мектеп, 
отбасы  бала  тәрбиесіне,  әсіресе  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыратын  тиімді 
жолдарын іздестіру – заман талабы болып отыр. 
Адам  өмірінің  өзегі  –  рухани-адамгершілік  құндылықтар,  ал  басқа  мақсаттар 
оған  жеткізетін  баспалдақтар  ғана.  Осы  қағидаға  сүйенсек,  қоғамның  жаңару 
кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі – рухани-адамгершілік құндылықтар.  
Қазақстан  Республикасы  тәлім-тәрбие  тұжырымдамасында  «Ұлттық  мәдениет 
пен өнер негізінде жан-жақты рухани-адамгершілік тәрбие беру;  ізеттілікке, рухани 
жан  дүниесін  үнемі  жетілдіруге  үйрету»  міндеті  ерекше  аталады.  Жастардың 
бойында 
салауатты 
өмір 
салтының 
қалыптасуына 
рухани-адамгершілік 
құндылықтардың әсер ететіні сөзсіз. Өйткені, салауатты өмір салты адам табиғатына 
аса  қажетті  сананың  байлығын,  ішкі  түсініктің  тереңділігін  талап  етеді.  Сондықтан 
рухани-адамгершілік  құндылықтар  арқылы  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  – 
ерекше мәселе болып, арнайы зерттеуді қажет етеді. 
Рухани-адамгершілік  негізін  құрайтын  сана,  ізденіс,  жақсылыққа  жанының 
бейімділігі,  жүрек  жылулығы  құндылықтары  мектептің  негізгі  білім  беру  сатысы  – 
жеткіншектік кезең оқушыларының дамуына ерекше ықпалын тигізеді. 
Жоба  –  оқу-тәрбие  үрдісінде  жеткіншектердің  жас  ерекшеліктерін  ескере 
отырып,  рухани-адамгершілік  құндылықтар  арқылы  олардың  бойында  салауатты 
өмір  салтын  қалыптастыру  мәселесін  зерттеу  қажеттігін  айқындайды.  Бұл  мектеп 
қабырғасында  жеткіншектік  кезеңде  оқушылардың  салауатты  өмір  салтын  рухани-
адамгершілік  құндылықтар  негізінде  қалыптастыру  қажеттілігі  мен  бұл  мәселенің 
теориялық  тұрғыда  жеткілікті  дәрежеде  зерттелмегендігі  және  ғылыми-әдістемелік 
жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі арасында қайшылық орын алып 
отырғандығы  байқалады.  Осындай  қайшылықтың  шешімін  ғылыми  тұрғыда 
іздестіріп,  анықтауға  және  шешімін  қарастыруға  жоба  тақырыбын  «Рухани-
адамгершілік  құндылықтар  арқылы  «Салауатты  өмір  салты»  ұғымын  қалыптастыру 
жолдары» деп таңдап алуыма негіз болды. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
31

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал