Зерттеуші Исследователь – The Researcher



жүктеу 5.07 Kb.

бет15/20
Дата22.04.2017
өлшемі5.07 Kb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
115 
ӨСЕРХАН Гүлбану, 
үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар 
«Мұрагер» мектебінің 8 «В» сынып оқушысы, Қызылорда қаласы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ТУРАБАЕВА Манат, 
үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар 
«Мұрагер» мектебі «Химия» пәнінің мұғалімі, Қызылорда қаласы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТҮЙЕ СҮТІНІҢ 
ФИЗИКАЛЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аңдатпа 
Бұл  ғылыми жобаның  басты  мақсаты  –  Қызылорда облысындағы  түйе  сүтінің 
физикалық-химиялық  құрамын  біле  отырып,  медицина  ғылымына  қосар  үлесін 
айқындау.  Қызылорда  облысындағы  бактриан  түйе  түрлеріне  тоқталып,  оның 
дромедар түйе түрінің сүтінен химиялық құрамы жағынан айырмашылығына талдау 
жүргізілген. 
Қызылорда  облысы,  Арал  ауданындағы  «Құланды»  ААҚ  шаруашылығындағы 
түйе  сүтінің,  жүнінің,  етінің  өнімділігін  басқа  қалалармен  салыстырмалығы 
көрсетілген.  Түйе  сүтінің  белоктары  –  казеиндер,  иммуноглобулиндер,  лизоцим, 
лактоферрин  қасиеттері  мен  қызметі  толық  қарастырылған.  Түйе  сүтінің 
витаминдері,  түйе  сүтiндегi  антимикробтық  факторлар,  түйе  сүтінің  минералдық 
құрамымен  әртүрлі  үй  жануарлар  сүтінің  минералдық  құрамы  салыстырмалы 
зерттеулер жүргізіліп, қарастырылған. 
Шұбатта  жылқы  және  сиыр  сүтінен  ашытылып,  дайындалған  өнімдерге 
қарағанда  көректік  заттар  жоғары.  Алайда,  оны  қалай  ұзақ  мерзімге  сақтауға 
болады? Жаңа сауылған түйе сүті мықтағанда екі аптаға шыдас береді екен. Әрі қа-
рай айнып кетеді. Ол үшін не істеу керек? Ұзақ шыдайтындай ингибитор ойлап табу 
керек. Түйе сүтінен йогурт және шалап дайындауды өндіріске қою қажет. 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
116
 
 
Кіріспе.  Түйе  –  адамзатты  мыңжылдықтар  бойы  шөлейтпен  байланыстырып 
келе  жатқан  жануар.  Түйеден  басқа  бір  де  бір  үй  жануары  шөлейт  пен  жартылай 
шөлейттерге  биологиялық  жағынан  төзімді  емес.  Үй  жануарларының  ішінде  түйе 
ғана ет, сүт, жүн беріп және көлік ретінде қолданылады. 
Түйенiң систематикасы: 
Тип – Chordata – Хордалылар; 
Тип тармағы – Vertebrata – Бас сүйектілер; 
Бөлім – Gnatostomata – Жақтылар; 
Класс үсті – Tetrapoda – Төрт аяқтылар; 
Класс – Mammalia – Сүтқоректілер; 
Отряд – Artiodactyla – Жұп тұяқтылар; 
Тобы – Ruminantia – Күйіс қайтаратындар / тіс, ай тәрізділер; 
Тұқымдас – Camelidae – Түйелер. 
Әлемде  түйелердің  бір  өркешті  –  дромедар,  қос  өркешті  –  бактриан  түрлері 
және олардың гибридтері, жабайы түрлерi таралған. 
Дромедарлар.  Дромедарлар  Солтүстік  Африкада,  Арабияда,  Иран,  Иракта, 
Ауғанстанда,  Үндістанда,  Пәкістанда,  Түркіменстанда  таралған.  Орта  Азия 
шөлейттерінде  дромедарлардың  аруана  типі  таралған.  Бұл  Түркіменстанда  және 
Қазақстан жерлерінде кең тараған, сонымен қатар Өзбекстанның Арал аймақтарында 
кездеседi.  Қазақстанда  бір  өркешті  түйелерден  –  түркімен  «Аруанасы»  таралған. 
Бұлардың сүт өнімділігі бактриандарға қарағанда бірнеше рет жоғары болып келеді. 
Бірақ бұлардың ұстау жағдайлары мен жемге деген сұранысы жоғары. Осыған орай, 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
117 
түйелердің  сүттілігін  көтеру  және  олардың  жемге  деген  сұранысын  есте  сақтай 
отырып, селекциялық жұмыстар жүргізілуде. 
Бактриандар.  Бактриандар  –  Алтайда,  Моңғолияда,  Қытайда,  Ресейдiң 
Оңтүстiгiнде  таралған.  Бактриандардың  қалмақ,  қазақ,  моңғол  және  қытай  тұқымы 
бар.  Бұлардың  ішіндегі  ең  ірісі  және  өнімділік  қасиеттері  бойынша  ең  жақсысы 
қалмақ  тұқымы;  орташасы  –  қазақ,  ал  моңғол  –  ең  кіші  болып  табылады. 
Бактриандардың  ірілігінің  кішіреюі  климаттық  және  қоректену  жағдайларына 
байланысты. Орта Азияның ішкі аймақтарына қарай, яғни батыстан шығысқа қарай 
осы  жағдайлар  қатая  түседі.  Қазақстан  Республикасындағы  бактриандар  өзара  үш 
типіне бөлiнедi – Оңтүстік Қазақстан типі, Қызылорда типі және Оралбөкей типі. 
Сүтті  түйе  шаруашылығы  ауыл  шаруашылығының  саласы  ретінде  енуінде 
белгілі  қиыншылықтар  туындайды.  Республикамызда  бактриан  түрінің  қазақ  типі 
аумақталғанын  еске  алған  жөн.  Олардың  ет-жүнді  бағыттағы  жануарлар 
болғандықтан, сүт өнімі салыстырмалы төмен. 
Гибридтер.  Көне  заманнан  Орта  Азияда  екi  түрлi  түйелердi  өзара 
шағылыстырған.  Гетерозис  негiзiнде  бактриан  және  дромедарлардың  сүт,  ет  және 
жүн  өнiмдiлiгiн  көбейту  үшiн  F1,  F2,  F3  гибридтерiн  шығарады.  Гибридтердi  атау 
үшiн Лакозаның ұсынған терминологиясы қолданылады. 
Түраралық  гибридтер  2  әдiспен  алынуы  мүмкiн:  қазақ  әдiсi  –  аналық  қазақ 
бактрианды және түркімен әдiсi – аналық түркiмен дромедарды шағылыстыру үшiн 
айтады. 
Басқа  дүние  жүзiндегi  елдермен  салыстырғанда  тек  біздің  елімізде  ғана 
бактриандар, 
дромедарлар 
және 
олардың 
әртүрлi 
гибридтері 
бiр 
шаруашылықтарда бiрге өсiрiледi. 
Сүттiң  физикалық-химиялық  көрсеткiштерi.  Қызылорда  облысы,  Арал 
ауданындағы  «Құланды»  ААҚ  шаруашылығындағы  250  бастық  селекциялық  топта 
аналық түйелердің орташа тірі салмағы 670 кг, 6 ай лактация  ішінде 650-700 л сүт, 
жүні – 6,3-6,5 кг дейін өсті. 
Белоктар.  Сүттің  амин  қышқылдары  толығымен  қамтамассыз  ету  үшін  адам 
күніне  28,4  г  сүт  белоктарын  немесе  14,5  сарысу  белоктарын  жеуі  керек.  Сүтте 
казеин  казеинкальций  фосфорлы  комплекс  түрінде  болады.  Мәйекті  фермент  және 
әлсіз  қышқылдар  әсерінен  казеин  тұнба  түзеді.  Ол  түйе  сүтінде  ақ  үлпілер  түзеді, 
араластырған кезде кішкентай бөлшектерге бөлініп кетеді. 
Казеин – сүттің және сүт тағамдарының негізгі белогі ғана емес, ол гетерогенді 
белок.  Казеин  –  фосфопротеид,  сүттiң  ең  үлкен  бөлiмiнiң  –  азоттық  заттардың 
компоненты.  Сиыр  сүтінде  казеинді  фракция  жалпы  белоктың  80%  құраса, 
альбуминдер  –  өсу  процесінде,  ал  глобулин  –  иммунды  денелердің  синтезінде 
маңызды  рөл  атқарады.  Альбуминдер  мен  глобулиндер  сүт  плазмасында  ерітілген 
және сары су белоктарына жатады. 
Казеин,  альбумин  және  глобулиннің  құрамында  барлық  ауыстырылмайтын 
амин қышқылдары бар. Казеин құрамында Met (~ 3,5%), Lys (~ 6,9%), Trp (~ 1,8%), 
Leu  (~  12,1%),  Val  (~  7,0%)  мөлшері  жоғары болып  келеді.  Амин  қышқылдарының 
жетіспеушілігі  көбінесе,  жас  организмде  –  өсу  процесінің  бұзылуына,  қан 
айналымының  бұзылуына,  бауыр  функциясының  бұзылуына  әкеп  соғады.  Әсіресе, 
ауыстырылмайтын амин қышқылдарына сары су белоктары бай. 
Майлар. Сүт  құрамында  тіршілікке қажетті  күрделі  май  тәрізді қосылыстар – 
фосфатидтер, органикалық фосфор, азоттық зат – холин, тағы басқа заттар бар екені 
дәлелденді. 
Фосфотидтер 
организмнің 
ұлпаларының 
және 
физиологиялық 
ерітінділердің  құрамына  кіреді,  зат  алмасуға,  май  және  холестериннің  алмасуын 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
118
реттеуге  қатысады,  бауырда  артық  майдың  жиналуына  қарсы  әсер  етеді, 
антисклеролды  әсер  етеді.  Сүт  құрамында  стериндерде  кездеседі.  Ішіндегі  ең 
маңыздысы эргостерин, ол күн сәулесінің немесе ультракүлгін сәулелерінің әсерінен 
Д2  витаминіне  айналады.  Сүт  майымен  бірге  болатын  липоидтар  (фосфотидтер, 
цереброзидтер, 
стериндер) 
клеткалық 
зат 
алмасуда, 
майларды 
сіңіру 
интенсивтілігінде, бүйрекүсті қыртысындағы гармондардың түзілуінде маңызды рөл 
атқарады. 
Көмірсулар.  Сүт  көмірсулары  негізінен  лактозамен  (сүт  қанты)  берілген. 
Мөлшері орташа 4,5-5% құрайды. Лактоза организмдегі биохимиялық процестердің 
энергия  көзі  және  кальций,  фосфор,  магний,  барийдің  сіңірілуін  жоғарылатады. 
Лактозаның  сахарозаға  қарағанда  ерігіштігі  төменірек,  5-6  есе  тәттілігі  төмен, 
сондықтан  сүттің  тәттілігі  айқын  білінбейді.  Барлық  қанттар  сияқты  лактозада 
организммен  жеңіл  сіңіріледі.  Сіңірілуі  98%  құрайды.  Ас  қорту  ферменттерінің 
әсерінен  лактоза  глюкоза  мен  галактозаға  ыдырайды.  Олар  қанға  өтіп,  энергияның 
көзі  ретінде  қолданылады.  Сонымен  қатар  лактоза  ішектердегі  пайдалы 
микрофлораның  қалыптасуына  және  шірігіш,  ауру  қоздырғыш  микробтардың  өсуін 
тежеуге  қатысады.  Лактоза  жүйке  жүйесінің  стимуляторы,  жүрек  –  қан  тамыр 
ауруларынан сақтайды. 
Витаминдер.  Сүттің  физиологиялық  құндылығы  –  оның  құрамындағы  басқа 
майлар  құрамында  жоқ  А,  Е,  Д,  К  майда  еритін  витаминдерінің  болуына 
байланысты.  Сүттің  құрамында  барлық  суда  ерігіш  және  майда  ерігіш  витаминдер 
болады.  Олардың  мөлшері  үлкен  болмаса  да,  сүт  адамның  күнделікті  тағамы 
болғандықтан,  организмді  белгілі  мөлшермен  қамтамасыз  етеді.  Сиыр  сүтіндегі 
витаминдер  мөлшері  қорегіне  және  жыл  мезгіліне  байланысты  болады.  Жазда  сүт 
витаминдерге ең бай кезі. 100 мл сүтте орташа витамин А – 0,025 мг, В – каротин – 
0,015 мг, С – 1,3 мг, РР – 0,1 мг, В1 – 0,04 мг, В2 – 0,15 мг. Адам рационында сүт 
жеткілікті  түрде  болса,  онда  организмнің  В2  витаминінің  күнделікті  нормасының 
жартысымен қамтамасыз етеді. 
Минералды  заттар.  Сүт  құрамындағы  минералды  заттар  ұлпалардың  жаңа 
клеткаларының,  ферменттердің,  витаминдердің,  гормондардың  қалыптасуында, 
организмнің  минералды  зат  алмасуында  үлкен  рөл  атқарады.  Кальций  фосфаты 
сүйектердің қалыптасуында қажет; кальций – қан қысымын реттеуде, рак ауруының 
кейбір  түрлерімен  ауру  мүмкіншілігін  төмендетеді;  йод  –  қалқанша  безіндегі 
тироксин гормонының синтезіне қатысады; натрий мен калий хлоридтері, фосфаттар 
қан мен протоплазманың элементтерінің қалыптастыруында қатысады. 
Сүт 
ферменттері. 
Ферменттер 
биологиялық 
активтi 
катализаторлар 
болғандықтан, сүт ферменттерi сүттiң сапалық көрсеткiштерiнiң өзгеруiнде маңызды 
рөл атқарады. Бұл өзгерiстер зоотехникалық (түр, лактация периоды, сүт өнiмдiлiгi, 
жыл  мезгiлi,  қоректендiру,  ұстау  жағдайлары,  жануардың  өзiндiк  ерекшелiктерi, 
физиологиялық 
күй 
және 
аурулар) 
және 
технологиялық 
(механикалық, 
температуралық, тағы басқа) факторларға байланысты болады. 
Сүттi  алудағы санитарлы-гигиеналық ережелердiң сақталмауынан және сүттiң 
алғашқы өңделуiнiң қателiгiнен шикi сүттiң микробтармен ластануы ферменттердiң 
активтiлiгiн  жоғарылатады.  Бұл  практикада  сүт  сапасын  бағалауда  кеңiнен 
қолданылады. 
Сүт  ферменттерін  олардың  сүт  өндірісіндегі  мағынасына  қарай  2  топқа 
бөлінеді: 
1.  физикалық-химиялық  көрсеткіштерге  себеп  болатын  және  сүт  сапасын 
бағалайтын ферменттер; 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
119 
2.  сүтке  механикалық,  жылумен  әсер  етуінің  сатысын  анықтайтын  тест 
түріндегі 
ферменттер. 
Ферменттердің 
активтілігінің 
практикалық 
маңызы 
сүтқышқыл  бактерияларының  ашытқыларының  активтілігіне  ғана  емес,  сонымен 
қатар ашыту жолымен жасалған сүт өнімдерінің дәмі мен иісінің қалыптасуына әсер 
етеді. 
Санитарлы-гигиеналық 
жағдайда 
алынған 
сүтте 
10% 
психотрофты 
микрофлора,  10%  микрококктар,  Corynebacterium,  E.coli  және  5%-ға  дейiн 
температураға  төзiмдi  сүт  бактериялары  болады.  Микробтық  ферменттер 
эндоферменттер,  яғни  клеткаларда  тұрақты  болады  және  экзоферменттер  – 
клеткалардан сүтке бөлiнiп шығады. 
Сау  жануардан  алынған  сүт  құрамында  100-дей  фермент  болады.  Сүттегі  70-
тей  фермент  сүт  безінің  секреторлы  клеткаларынан  келеді,  сонын  жартысының 
көбінде бір мезгілде нативті және микробты шығу тегі болады. 
Ферменттердің  сүттегі  орналасу  жерлері  әртүрлі  болып  келеді:  10  фермент 
сулы фазада, бос күйде болады; 15 фермент казеин мицелдарымен және сирек сары 
су  белоктарымен  байланысқан;  30  фермент  май  тамшыларының  сыртқы 
қабаттарымен байланысқан. 
Кейбір  ферменттер  бір  уақытта  белокты  және  майлы  сүт  фазаларында  болуы 
мүмкін.  Сүттің  құрамындағы  ферменттер  мөлшері  үлкен  емес,  100  мл  бірнеше 
микрограммнан 
бірнеше 
миллиграмға 
дейін 
болады. 
Сүт 
құрамындағы 
компоненттердің  өзгеруіне  себеп  болатын  негізгі  ферменттер:  оксидоредуктазалар 
(дегидрогеназалар, 
оксидазалар, 
пероксидазалар, 
оксигеназалар, 
т.б.); 
дегидрогеназалар немесе редуктазалар; алкогольдегидрогеназа; лактатдегидрогеназа; 
пируватдегидрогеназа. 
Түйе сүтi және одан жасалып шығарылатын өнiмдердi бұрынан берi Қазақстан, 
Орта  Азия  және  Африка  елдерiнде  қолданылып  келе  жатыр.  Соңғы  жылдары 
ғылыми  зерттеулердiң  обьектiсiне  айналды.  Түйе  сүтi  басқа  жануарлар  сүтiнен 
өзiнiң ерекше химиялық құрамы мен қасиеттерi бойынша айрықшалынады. 
Сүтқоректiлер сүтiнiң химиялық құрамы, % 
 
Май 
Белок 
Лактоза 
Су 
Түйе 
4,33 
4,02 
4,21 
86,6 
Сиыр 
4,4 
3,8 
4,9 
86,2 
Ешкi 
4,1 
3,7 
4,2 
87 
Бие 

2,6 
6,9 
90,1 
Шошқа 
5,1 
7,1 
3,7 
82,8 
Қой 
6,4 
5,6 
4,7 
82 
Адам 
3,8 
1,2 

88 
Түйе  сүтiнiң  органолептикалық  қасиеттерi:  әппақ  түстi,  ащы-тәттi  дәмдi, 
консистенциясы  қою,  құйған  кезде  қатты  көбiктенедi.  Физикалық-химиялық 
көрсеткiштерi лактациялық периодқа, жыл мезгiлiне, қоректенуiне және жануардың 
түрiне байланысты болып келедi. 
Жаңа  сауылған  сүттің  қышқылдылығы  орташа  21,5Тº  (Тернер)  тең  болады. 
Теңселуі  20Тº-дан  25Тº  аралығында  болады.  Түйе  сүтінің  тығыздылығы  орташа  – 
1,030  г/см
3
.  Теңселуі  1,025  г/см
3
  пен  1,032  г/см
3
  арасында  болады.  Сүт  тығыздығы 
оның құрама заттардың мөлшерiне байланысты болады, әсiресе майлылығына. 
Түйе  сүтiндегi  орташа  белок  көрсеткiшi  5%  аралығында.  Херасковтың 
мәліметтері  бойынша  қазақ  бактриандарының  сүтінде  белоктың  жалпы  мөлшері  – 
4,45%, оның  ішінде  казеин  –  3,22%,  альбумин  және  глобулин  –  0,87%,  ал  гибридті 
нарларда  белок  –  3,69%,  казеин  –  2,71,  басқа  фракциялары  –  0,84%  құрайды.  Бiр 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
120
өркештi  түйелердiң  сүтiне  қарағанда,  бактриандардың  сүтiнiң  майлылығы  2  есе 
жоғары.  Дромедар  сүтiндегi  минералды  заттардың  концентрациясы  сиыр,  бие  және 
адам сүтiне қарағанда жоғары, бiрақ қой мен шошқадан төмен, ал ешкi сүтiмен ұқсас 
болып келедi. 
Херасковтың  мәліметтері  бойынша  қазақ  бактриан  тұқымдасының  сүтінің 
нәрлілігі 900-950 ккал, ал қыста 1100 ккал дейiн жетеді. Түйе сүтiнiң 4 кг-мы ересек 
адамның бiр тәулiкке қажеттi калориялар мөлшерiмен қамтамассыз ете алады. 
Түйе  сүтінің  белоктары.  Казеиндер.  Түйе  сүтiнде  казеин  мөлшерi  сиыр 
сүтiмен салыстырғанда аз болады. Сондықтан түйе сүті сиыр сүтіне қарағанда жақсы 
сіңіріледі.  Швейцария  ғалымдарының  мәліметтері  бойынша  сиыр  сүті  мен  түйе 
сүтінің  4  негізгі  казеин  фракцияларының  синтезіне  жауапты  гендерді  зерттеу 
бойынша  фундаментальды  жұмыс  жүргізді.  мРНК  молекулаларындағы  нуклеотид 
қосылыстарының  тізбектері,  экзон  және  интрондардың  орналасу  жерлері 
анықталған.  Осыған  байланысты  αs1-,  αs2-,  β-,  χ-казеиндерінің  молекуласының 
алғашқы құрылымы анықталған. Мәйекті фермент әсерінен жинақталу ол χ-казеинге 
байланысты екені анықталды. 
Түйе  сүтіндегі  χ-казеиндері  өте  аз  болады.  Олардың  молекулаларында 
фосфорленген  серин  қалдығы  бір-бірден  идентифицирленген.  Түйе  сүтінде 
треониннің  гидроксилді  группасының  10  гликолизденген  қалдығы,  ал  сиыр  сүтінде 
12 қалдығы бар. Сонымен қатар оларда құрамында күкірті бар амин қышқылдары – 
цистеин және метионин болады. Түйе сүтінде β-казеин мөлшері 65%-ке жетсе, сиыр 
сүтінде  39%  құрайды.  αs1-казеин  мөлшері  түйе  сүтінде  22%,  сиыр  сүтінде  38% 
болады,  αs2-казеині  екi  сүттеде  мөлшері  бірдей.  χ-казеиннің  гидрофилді  белогінің 
мөлшері түйе сүтінде 3,5%, ал сиыр сүтінде 13% құрайды. 
Түйе  сүтіндегі  χ-казеинiң  мөлшерi  жалпы  казеиннiң  5%-ын  құрайды,  ал  сиыр 
сүтiнде – 13,6%. Түйе сүтiндегi казеиндердiң ерекшелiктерi казеиндi мицеллалардың 
көлемiне байланысты болуы мүмкiн: олардың орташа диаметрi (300 µm) сиырдiкiне 
(160  µm)  қарағанда  2  есе  үлкен.  Нәтижесiнде,  түйе  сүтiнiң  коагуляциясы  үшiн 
сиырдiкiне қарағанда 2-3 есе уақыт көп керек. 
Farah  1986  жылы  дромедар  сүтiнiң  сары  су  белоктары  қыздыру  кезiнде 
сиырдыкiне қарағанда төзiмдi болатындығын көрсеттi. 
Иммуноглобулиндер.  Түйе  сүтiнде  антибактериалды  қасиеттерi  бар  белоктар 
иммуноглобулиндер (IgA, IgG1, IgG2), лизоцим, лактоферин және лактопероксидаза. 
Иммуноглобулиндер  организмнiң  қорғаныш  қызметiнде  үлкен  рөл  атқаратыны 
белгiлi.  Atarhouch  жұмыстарында  дромедарлардың  иммуноглобулиндерi  өзiнiң 
құрылысы  жағынан  басқа  жануарлардан  ерекшелетiндiгiн  көрсеттi  [01].  Сиырмен 
салыстырғанда  дромедар  иммуноглобулиндерi  жоғарғы  термотөзiмдiлiгiн  бiрнеше 
авторлар дәлелдеген. Сонымен қатар, түйе сүтiндегi иммуноглобулиндердiң мөлшерi 
(Манчини әдiсi) жануардың географиясына және генетикасына байланысты болады. 
Бактриандардың, дромедарлардың, гибридтердiң және құрама сүттегi 
иммуноглобулиндер географиясына байланысты мөлшерi (мг/мл) 
Аймақ  
Бактриан  
Дромедар   
Гибрид  
Құрама сүт 
Алматы  
0,59 
5,97 


Шымкент  
1,07 
0,91 
0,68 
0,68 
Арал  
2,54 
0,75 
1,13 
0,59 
Атырау  
0,61 
0,65 

0,43 
Қызылорда  облысындағы  бактриандар  сүтiндегi  иммуноглобулиндердiң 
мөлшерi  2,54  мг/мл  болды,  бұл  Алматы,  Оңтүстiк  Қазақстан  және  Атырау 
облыстарымен салыстырғанда 4,3; 2,4 және 4,2 есе рет жоғары. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
121 
Дромедарлардың сүтiндегi IgG иммуноглобулиндерiнiң ең жоғарғы көрсеткiшi 
Алматы  облысынан  алынған  сынақтарға  тән  –  5,97  мг/мл.  Гибридтердiң  сүт 
сынақтарындағы 
иммуноглобулиндердiң 
мөлшерiн 
қарастырсақ, 
Арал 
сүт 
үлгiлерiнде  Шымкент  үлгiлерiне  қарағанда  1,6  есе  артық.  Құрама  сүттегi 
иммуноглобулиндердiң мөлшерi бойынша облыстарда аса айырмашылық байқалған 
жоқ. 
Алматы 
облысының 
мәлiметтерi 
бойынша 
дромедарларда 
иммуноглобулиндердiң  мөлшерi  бактриандарға  қарағанда  жоғарырақ.  Ал  Аралда 
керiсiнше бактриандар дромедарлардан иммуноглобулиндер мөлшерi жағынан асып 
тұр. 
Дромедарлардың,  бактриандардың,  гибридтердiң  және  құрама  сүттегi 
иммуноглобулиндердiң  мөлшерi  жыл  мезгiлiне  байланысты  өзгередi.  Көктемгi  сүт 
сынақтарында  иммуноглобулиндер  мөлшерi  жоғары.  Дромедарлардың  сүтi  жыл 
бойы  басқа  түрлерге  қарағанда  иммуноглобулиндерге  бай  болып  келедi.  Жазғы 
мезгiлде 0,57 мг/мл болса, көктемде 8,9 4мг/мл-ге дейiн жетедi. 
Бактриандардың, дромедарлардың, гибридтердiң және құрама сүттегi 
иммуноглобулиндердің жыл мезгiлiне байланысты мөлшерi (мг/мл) 
Түр 
Қыс 
Көктем 
Жаз 
Күз 
Бактриан 
0,57 
1,63 
0,50 
0,61 
Дромедар 
1,06 
8,94 
0,57 
0,77 
Гибрид 
0,84 
0,91 
0,64 

Құрама сүт 
0,49 
0,72 
0,51 
0,59 
Лактоферрин.  Лактоферрин  темiрдiң  екi  атомын  байланыстыра  алатындығы 
ашылған.  Ол  жас  төлдiң  iшек-қарнындағы  темiр  адсорбциясында  маңызды  рөл 
атқарады.  Лактоферрин  белгiлi  бiр  мөлшерде  бактерицидтiк  қасиетке  ие,  ас 
қорытылу  кезiнде  толығымен  гидролизденбейдi  және  iшек-қарындағы  темiрдi, 
темiрге 
тәуелдi 
бактерияларды  қайта 
байланыстыра 
алады. 
Лактоферрин 
микроорганизмдердiң  сыртқы  қабықшаларының  бетiндегi  металл  иондарын  және 
басқа металлдарды байланыстыру арқылы микроорганизмдердiң тiршiлiгiне қажеттi, 
тыныс  алу  тiзбегiнiң  цитохромдардың,  каталазалардың,  пероксидазалардың, 
супероксиддисмутазалардың  құрамына  кiретiн  микроэлементтерден  айырады. 
Нәтижесiнде,  оттегiнiң  химиялық  реактивтi  улы  әсерiне  деген  резистенттiлiгi 
төмендейдi.  Metz-Boutigue  M.N.  айтуынша,  жануар  организмнiң  iшкi  ортасында  LF 
және  TF  темiрiнiң  қалуы,  инфекцияларға  және  iсiктi  өсуге  қарсы  қорғаныштық 
механизмдердiң бiрi болып табылады. 
Лизоцим.  Лизоцим  –  бактеридцидтiк  қасиеттерi  бар  және  антиденелердiң 
активтiгiн  жоғарылататын  сүт  белогi.  129  амин  қышқылдарының  қалдықтарынан 
тұрады. β (1-4) – гликозидтi байланыстарының гидролизiн катализдейдi. 
Duhaiman  1988  жылы  лизоцинiң  Escherichia  coli  мен  Micrococcus  lysodeikticus 
активтiлiктерiн 
басуын 
зерттедi. 
Алынған 
нәтижелер 
бұл 
молекуланың 
антибактриалды  активтiлiгi  адам  сүтiнiң  белогынан  төмен  екенiн  көрсеттi.  1992 
жылы  Elagamy  лизцимнiң,  лактоферриннiң,  лактопероксидазаның  және  G,  A 
иммуноглобулиндердiң  L.actis  subst,  S.typhimurium,  E.  Coli,  S.  aureus  деген 
активтiлiгiн  зерттедi.  Дромедар  сүтiндегi  лизоцимнiң  антибактериалдық  қасиеттерi 
жұмыртқаның  лизоцимiмен  бiрдей.  Дромедар  сүтiндегi  лактопероксидаза  Gram+ 
бактерияларына  бактериостатикалық,  ал  Gram-  бактерияларына  бактерицидтiк  әсер 
етедi. 
Түйе  сүтінің  майлары.  Сүттің  липотрофты  қасиеттері  бар,  май  алмасуын 
реттеп, тағамның баланс жасауын және басқа белоктардың сіңірілуін жоғарылатады. 
Сүт майы диаметрі 0,5-20 мкм (1 мл 3*10
9
) судағы ұсақ май тамшыларынан тұратын 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
122
ұсақдисперсті  эмульсия  түрінде  болады.  Әр  тамшының  сыртында  сирек  кездесетін 
фосфолипидті  комплекстер,  микроэлементтерден  тұратын  қабат  болады.  Түйе 
сүтiнiң майы 38,3-44,2˚С температурада ерiп, ал 27,2-37,5˚С қатады. Бiрақ Терентьев 
бойынша, түйе сүтінің майы 43-44,5ºС ериді, 24-28ºС қатады. 
Сүт майы жақсы сіңіріледі – 95% дейін. Бұған себеп, майдың ұсақ бөлшектерге 
бөлінуі, еру температурасының адам денесінің температурасынан бірнеше градусқа 
төмен болуы. Сүт майы биохимиялық процестердің энергия көзі болып табылады. 
Май  қышқылдары.  Сүт  майының  құрамына  30  астам  май  қышқылдары 
кіреді, оның ішінде адам организміне қажетті ауыстырылмайтын май қышқылдары – 
линолен (С
18: 2
), арахидон (С
20: 4
) қышқылы бар. 
Түйе  сүті  зат  алмасуда  маңызды  рөл  атқаратын  қанықпаған  май 
қышқылдарының кездесуімен бағаланады. Қанықпаған май қышқылдары организмді 
жүрек,  қан  тамырлары  ауруларының  сонын  ішінде  атеросклероздың  дамуынан 
сақтайды,  бауыр  клеткаларының  қызметін  реттейді.  Олардан  атап  айтқанда, 
арахидон (С
20:4
) қышқылынан эйкозанондар синтезделеді. 
Эйкозанондар  жергілікті  әсер  ететін  гормондар  қатарына  жатады.  Олар 
биологиялық  активті  заттардың  алғы  заттары  болып  табылады  (простогландин, 
лейкотриен,  тромбоксан,  простоцикилин).  Бұл  негізінен  пальмитин  (С
16:0
),  стеарин 

18:0
), олеин (С
18:01
), миристин (С
14:00
) қышқылдары. 
Қазақстандағы түйе сүтiндегi қанықпаған май қышқылдарының мөлшерi сиыр 
сүтiне қарағанда жоғарырақ болып келедi, түйе сүтінде 35,54%, сиыр сүтінде 26,6%. 
Түйе  сүтiндегi  ұзын  тiзбектi  май  қышқылдарының  мөлшерi  жоғарырақ.  Жоғары 
молекулалы қанықпаған май қышқылдарының кездесуі бойынша түйе сүті мен сиыр 
сүтінің айырмашылығы аз. Түйе сүтінде 58,9%, сиыр сүтінде 54,0%. 
Полиқанықпаған  қышқылдардың  көп  кездесуі  сонымен  қатар  түйе  сүтінің 
бактерициттік  қасиетінің  негізі  болып  табылады.  Бұлар  тағамда  ауыстырылмайтын 
болып  саналады.  Сонымен  қатар,  полиқанықпаған  қышқылдар  липид  алмасуын, 
бірінші кезекте  холестерин алмасуын жақсартады және биологиялық активті заттар 
простоглагиндердің  алғы  заттары  болып  табылады.  Полиқанықпаған  май 
қышқылдарының  түйе  сүтінің  майындағы  жалпы  саны  4,7%,  ал  сиыр  сүтінде  тек 
2,1% құрайды. 
 
Әдебиеттер 
1  Сеитов  З.С.,  Дүйсембаев  К.И.,  Хасенов  А.Н.,  Чурепанова  В.И., 
Беолокобыленко В.Т. Кумыс. Шубат. – Алматы, 1979. – 204 с. 
2 Барақбаев Б. Сүт және сүт тағамдары. – Алматы: Қайнар, 1989. 
3  Кадырова  Р.Х.,  Жангабылов  А.К.  Национальные  продукты  в  лечебном 
питании. – Алма-Ата, 1981. 
4 Дарманьян Е.Б. Структурные превращения сывороточного белка в растворах 
при высокого и низкотемпературном и микробиология. – М., 1997. 
5  Шорманов  Т.Ш.,  Жангабылов  А.К.  Лечебные  свойсива  кумыса  и  шубата.  – 
Алма-Ата: Ғылым, 1991. 
 
Резюме 
Главная  цель  научного  проекта  рассмотреть  полезные  качества  молока 
верблюдицы  с  медицинской  точки  зрения,  на  основе  знании  физико-химического 
состава.  Проводились  исследования  химического  состава  молока  верблюдиц 
дромедара  и  бактриана.  Ведется  сравнительные  анализы  молока,  шерсть,  мяса 
верблюдов  Кызылординской  области,  Аральского  района  АО  «Куланды». 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
123 
Рассмотрены 
польза 
и 
роль 
белков 
молока 
верблюдицы 
– 
казейнов, 
иммуноглобулинов. 
Проведены 
сравнительные 
анализы 
витаминов, 
состав 
минералов,  антимикробных  факторов  молока  верблюдицы  с  составом  минерала 
молока других животных. 
В  шубате  много  питательных  веществ,  чем  в  кислом  молоке  приготовленных 
из коровьего молока. На вопрос в том, как сохранить его как можно дольше. Свежее 
молока  верблюдицы  не  портится  в  течении  двух  недель,  но  не  больше,  дальше  он 
портится. Что можно сделать? Найти ингибитор, который мог бы сохраниться долгое 
время. На производстве поставлены выработка йогурта и напитков из молока. 
 
Summary 
The purpose of the scientific research is taking into account the physical – chemical 
properties of camel milk to determine contributing to medicine. Dwelling on the Bactrian 
camel  species  in  Kyzylorda  region,  and  made  an  analysis  of  the  dromedary  camel  milk 
species. In the  Aral  farm LLP  «Kulandy» were shown  in comparison with other cities of 
camel milk, wool, meat products. Fully considered the benefits and role of proteins camel 
milk  –  kazein,  immunoglobulins.  A  comparative  analysis  of  vitamins.  mineral 
composition, antimicrobial  factors camel  milk with  mineral composition of  milk of other 
animals. 
In shubat many nutrients than yoghurt made from cow's milk. The question is how to 
preserve it as long as possible fresh camel milk does not deteriorate within two weeks, but 
a  little  farther  he  spoils.  What  can  be  done?  Find  inhibitor  that  could  persist  for  a  long 
time. In the production of yogurt and put products drinks milk. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
124
САҒЫНДЫҚОВ Рыскелді, 
Құлан шағын орталықты орта мектебінің 7 «А» сынып оқушысы, 
Құлан ауылы, Т. Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: КУСЕПОВА Шолпан Алпысбаевна, 
Құлан шағын орталықты орта мектебі «Физика» пәнінің мұғалімі, 
Құлан ауылы, Т. Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы   
 
 
АУА РАЙЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРМЕН 
БАЙЛАНЫСТЫЛЫҒЫ 
 
Кіріспе.  Замана  талқысынан  өтіп,  өңі  өзгерген  де,  сөлі  қалған,  көк  шыбықтай 
майысқақ,  атадан  балаға  мұраға  қалған,  жүрек  қылының  пернесі  –  ауызекі  тараған 
математикалық есептерді жинап, ұсынып отырмыз. Оның өз қыры мен сыры бар. Әр 
ғасырда  өмірге  келіп,  қазақ  ауылының  тыныс-тіршілігін,  әл-ауқатын,  өмірге 
араласуын,  мақсатқа  жету  ізін,  философиялық  күрмеуін,  қазақ  халқының  тәлімінің 
сыр-сипатын  бейнелейді.  Осыдан  да  оның  өз үні,  өз  лебі,  өз  көз  жасы,  өз  лебі  бар. 
Қалай болғанда да, екшеліп, бізге жеткен. Бүгінгі күннің ой-өрісін де көрсетіп, қысқа 
орам,  иіріммен  қайыратын  қағидалар  келешекте  де  кәдеге  жарайтын  асыл  тас. 
«Керек тастың ауырлығы жоқ» дейді халық. 
Республикамыздың Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Жолдауында әлемдегі ең 
озық  50  елдің  қатарына  кіру  стратегиясын  айқындаған  болатын.  Сонымен  бірге 
Елбасы  Қазақстанның  әлемдік  экономикаға  ойдағыдай  кіруі  бағытындағы  басты 
міндеттерінің  бірі  –  ғылым  мен  білім,  жаңа  технологиялар  бәсекелестіктің  шешуші 
факторы  екендігін  атап  көрсетті.  Осы  ғылым  мен  білімді  меңгеру  үшін  ең  бірінші 
адамның табандылығы, еңбекқорлығы, ынтасы болуы керек. Осы қасиеттер болғанда 
ғана адамда бәсекелестік туады. 
Ол  физикалық  (климат  жасайтын)  процестердің,  күн  радиациясының, 
атмосфералық  циркуляцияның,  жер  беті  бедерінің  туындысы.  Белгілі  бір  жердің 
климатын  толық  білу,  оның  басқа  жердің  климатымен  салыстырғандағы 
ерекшеліктерін айыру, сонымен қатар берілген жердің климатының өзгеруін байқау 
тек  көп  жылдар  бойы  жүргізілген  байқауларды  жүйелеу,  қорыту  негізінде 
айқындалады.  Жер  шарының  әр  нүктесіндегі  климаттың  әр  түрлі  болуы  –  климат 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
125 
құрайтын 
факторлардың, 
яғни 
осы 
процестерді 
жасайтын 
географиялық 
жағдайлардың айырмашылығынан туады. 
Ғылыми-зерттеу  жұмысы  да  осы  сияқты  табандылықты,  шыдамдылықты,  көп 
ойлануды, сондай-ақ еңбекқорлықты талап етеді. 
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, 
еңбекқорлыққа  тәрбиелеу  аса  маңызды.  Оларды  ғылыми  ізденістерге,  өмір  бойы 
білім  алуға  құштарлығын  арттыру,  мектепте  алған  білімдерін  одан  әрі  дамыту, 
әлеуметтік бейімделуде әр түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білуіміз керек. 
Ғылыми жұмыстың мақсаты: ауа райын зерттеу. 
Ғылыми жұмыстың міндеттері: ауа райын қадағалау; ауа райын болжау; айға 
қарап, ауа райын болжау; жан-жануарларға қарап, ауа райын болжау. 
Күтілетін  нәтиже.  Осы  жобада  анықталған  зерттеулер  мен  жинақтар 
математикадан  қосымша  сабақтарда  кеңінен  қолданылса,  оқушылардан  логикалық 
ой-өрістері  кеңінен  дамыған,  шыдамдылыққа,  еңбекқорлыққа  тәрбиеленген  тұлға 
қалыптасады. 
Зерттеу барысында мынадай болжам ұсынылды: оқу процесінде ауа райын 
физикада оқып-үйренудің тиімділігін арттырады. 
Зерттеу  обьектісі.  Жоғарыдағы  болжамды  дәлелдеу  үшін  жекелеген  бірқатар 
мәселелерді тұжырымдау қажет. 
Негізгі  бөлім.  Ауа  райы.  Ауа  райы  дегенiмiз  –  белгiлi  жердегi  сол  уақыт 
аралығында  атмосфералық  күйi.  Ауа  райы  сипаттамасына  ауа  температурасы, 
атмосфералық қысым, ауа ылғалдылығы, бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын, 
жердiң күшi мен бағыты жатады. 
Ауа  райының  негiзгi  ерекшелiгi  –  тұрақсыздығы  және  өзгергiштiгi.  Бүгiн 
аспанда Күн сәулесi өте жарық, ал ертең бұлттар қаптап және майда жаңбыр жауады. 
Ауа райы белгiлi жерде өзгермейдi, ол 1 күнде жер шарының әр түрлi жерлерiнде де 
өзгередi. 
Тропосфера  ауасы  бiртектi  еместiгiнен  әр  түрлi  ауалық  массалар  бар.  Ауалық 
масса  тропосферадағы  ауаның  үлкен  көлемi,  ол  бiртектi  және  қозғалысы  да  бiрдей.
 
Ауалық  массаның  мөлшерi  өте  үлкен.  Мысалы,  1  ауалық  масса  толығымен  барлық 
Е
у
ропаның ауданын жауып қала алады. 
Ауалық  массаның  қасиеттерi  әртүрлi.  Олар  жылы  және  суық,  түссiз  және 
шаңданған болуы мүмкiн, ылғалды және құрғақ ауа алып жүруi де мүмкiн. Мысалы, 
бiздiң  елiмiздiң  ауданына  Атлант  мұхитынан  ауалық  массалар  келедi,  олар  жазда 
ылғалды  және  суық  ауа  және  қыста  ылғалды  және  жылы  ауа  алып  келедi.  Онымен 
жауын-шашыны  бар  бұлтты  ауа  райы  байланысты.  Оңтүстiктен  бiзге  жылы  ауалық 
массалар  келедi.  Соларға  байланысты  ыстық  және  құрғақ  ауа-райы  болады.  Ал 
Солтүстiк Мұзды мұхитынан келетiн ауалық  массасы суық түсудi қамтамасыз етедi 
және бұлтсыз ашық ауа-райын әкеледi. 
Берiлген  жергiлiкке  тән  көпжылдық  ауа-райының  ауысу  тәртiбiн  климат  деп 
атайды.  Мысалы,  жазда  бiздiң  жергiлiкте  ыстық  және  құрғақ  немесе  салқын  және 
жаңбырлы, қыста
 – 
аязды немесе жылы, қарлы немесе қары аз болуы мүмкiн екенiн 
байқадыңыз. Бұл өзгерiстер ауа
 
райының өзгергiштiгi туралы айтады. Ешқашан қыс 
– 
жаздан  жылы,  ал  жаз
  – 
қыстан  суық  болмайды.  Климат  осы  ерекшелiкпен 
сипатталады. Теңiздер мен мұхиттар, таулы массивтер және жергiлiктi жердiң басқа 
да ерекшелiктерi климатқа әсер етедi. 
«
Климат
»
 сөзi грек тiлiнен аударғанда 
«
ылди, еңiс
»
 мағынасын бiлдiредi. Яғни 
климат  жер  бетiне  түсетiн  жылу  мөлшерi  тәуелдi  күн  сәулесiнiң  түсу  бұрышын 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
126
анықтайды.
 
Көкжиектен күн неғұрлым жоғары болса, соғұрлым күн сәулесiнiң түсу 
бұрышы үлкен және сондықтан жер бетi жақсы қызады. 
Экватор  ауданында  климат  ыстық,  ол  жерде  Күн  жыл  бойы  көкжиек  үстiнде 
жоғары орналасқан,  сондықтан  жер  бетi  күн  сәулесiнiң  көп  мөлшерiн  қабылдайды. 
Бұл жерде жыл бойы ауа температурасы 
ыстық
. Ыстық климатта жыл маусымы жоқ 
және  жыл  бойы  жаз  болып  тұрады.
 
Бұл  жерде  климат  ыстық  немесе  ылғалды, 
сондықтан  жылусүйгiш  өсiмдiктер  тез  өседi,  олардың  гүлдеуi  мен  жемiстеуi  жыл 
маусымымен байланысты емес. 
Бiз  сiзбен  қоңыржай  климатта  өмiр  сүремiз,  ол  жерде  күн  сәулесiнiң  түсу 
бұрышы  экваторға  қарағанда  аз.  Сондықтан  жер  бетi  аз  жылу  қабылдайды. 
Қоңыржай климатта жыл маусымдары анық көрiнедi. Осы жағдайда тiршiлiк ететiн 
өсiмдiктер  мен  жануарлар  да  қолайсыз  қыс  кезеңiне  шыдай  алатын  бейiмделгiштiгi 
бар.  Өсiмдiктер  қыс  кезiнде  тыныштық  күйде  болады.  Олардың  өсуi  тоқтап, 
жапырақтары  түседi.  Жәндiктерде  де  тыныштық  кезең  туады,  кейбiр  жануарлар 
ұйқыға  кетедi.  Көптеген  құстар  жылы  жаққа  ұшады,  қыстауға  қалған  жануарлар 
қоректiк қорын қысқа жинайды. 
Ауа  райы  өзгергiш,  ал  климатқа  тұрақтылық  тән.  Ауа  райының  өзгергiштiгi 
әртүрлi  қасиеттерi  бар  ауалық  массаның  ауысуына  байланысты.  Ыстық,  қоңыржай 
және суық климат түрлерi бар. Тiрi организмдерде әртүрлi климаттық жағдайда өмiр 
сүру бейiмдiлгiштiгi бар. 
Ауа  райын  болжау.  Ауа  райын  зерттеу  адамның  күнделікті  тұрмысы  мен 
шаруашылық  әрекеті  үшін  қажет.  Ауа  райы  болжамынсыз  ұшақтар  аспанға 
көтерілмейді.  Ауа  райын  болжау  бүкіл  жер  бетіндегі  метеорологиялық  стансаларда 
және атмосфераның біршама биік қабаттарында жүргізілетін бақылауға негізделеді. 
Қазіргі  кезде  Жер  шарында  10  мыңнан  астам  метеорологиялық  станса  бар. 
Бүкіл  дүние  жүзінің  метеоролог  мамандары  бірыңғай  Гринвич  уақытымен  бақылау 
жүргізеді.  Қазақстан  жерінде  күннің  кенет  суыту  мәнісі  көбінесе  арктикалық  суық 
ауа  массасының  баса-көктей  кіруінен.  Бүгінгі  күні  ауа  райын  ғарыштан  бақылауға 
болады,  бірақ  жалғыз  адамның  қолынан  келмейді.  Ауа  райы  –  жеріміздің  алып 
күшінің бірі. 
Ауа райы бұзылар алдындағы белгілер: 
- Будақ бұлттар кешке қарай тарап кетпей, қайта көбейіп, қалыңдай түседі; 
- Ертеңгі және кешкі күн шапағы қызғылт түсті болады; 
- Түнгі және күндізгі температураның айырмасы азаяды; 
- Кешке қарай жел тынбайды, қайта күшейеді; 
- Шық және қырау түспейді; 
- Күн немесе Ай қораланады; 
- Ауа қысымы төмендейді. 
Ауа райының түрлері. Дауыл – циклон және тайфун ретінде белгілі осы үлкен 
құйындататын борандар ғимараттарды қиратып, жоларды бұзады. 
Күннің  күркіреуі  –  жылы  ауа  жоғарыға  қарай  көтеріліп,  салқындаса,  үлкен 
бұлттар  жоғарыға  қарай  өсе  бастайды.  Осындайда  боран  болуы  мүмкін  және  қатты 
жаңбыр жауады. 
Су  тасқыны  –  төтенше  ауа  райынан  туындайтын  кез  келген  басқа  сұрапыл 
апатты құбылыстармен салыстырғанда, су тасқыны көптеген зардаптарға әкеледі. 
Бұршақ – жаңбырлы бұлттарың арасында пайда болып, боран кезінде жауады. 
Әдетте олардың өлшемі жасыл бұршақтың көлеміндей болады. 
Торнадо  –  жер  бетімен  қозғалатын  және  жолында  барлығын  қирататын  әуе 
құйыны. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
127 
Айға  қарап,  ауа  райын  болжау.  Ай  және  Айға  байланысты  сан  алуан 
құбылыстарды  зерделеу 
арқылы  ауа  райын  болжау  қазақтың  халықтық 
астрономиясы  мен  метеорологиялық  тәжірибесінің  ең  іргелі  бағыттарының  бірі 
болып  табылады.  Аймен  байланысты  құбылыстарға,  әсіресе,  олардың  басқа  аспан 
денелерімен  байланыстарына  ерекше  мән  берілді.  Осы  арқылы  бір  жылдағы,  бір 
айдағы  немесе  алдағы  күннің  ауа  райына  болжамдар  жасалды.  Ай  есебі  бойынша 
Айдың көк жүзінде көріну фазаларына байланысты айдың бірінші жартысын айдың 
жаңасы, ал соңғы жартысын айдың қараңғысы деп жіктейді. 
Халық  арасында  жаңа  туған  Айдың  көзге  көрінбейтін  алғашқы  екі  күні  мен 
батар Айдың соңғы көзге көрінбейтін екі күні өліара деп аталады. Ай жүзінің көзге 
көрінетін  алғашқы  4-6-ы  күндері  (яғни  өліарадан  кейін)  «туған  ай»  деп  аталады. 
Бітер айдың көзге көрінетін соңғы 4-6-ы күндері (яғни өліараға дейін) «батар ай» деп 
аталады.  Туған  ай  мен  батар  айдың  арасындағы  фазасы  –  шамамен  12-15  күн  «ай 
арасы» деп аталады. 
Халықтық түсінік бойынша, Айдың 15-і күні, яғни Айдың толық көрінетін кезі 
«толық ай» немесе «толған ай» деп аталады. Анығында, аталмыш толық Ай мерзімі 
3-4  тәулікті  қамтиды.  Ал,  халықтық  күнтізбеде  толған  ай  мерзімінің  тек  басталу 
уақытының  (яғни  айдың  15-і)  ғана  көрсетілуі  нақтылыққа  емес,  айтулы  оқиғаның 
немесе  құбылыстың  басталуына  ерекше  мән  беретін  мифопоэтикалық ой  жүйесінің 
принципімен түсіндіруге болады. 
Айдың Үркерді басып өтуі тоғыс деп аталған. Тоғыс кезінде Үркер мен Ай бір-
бірінен алыс болса, халық тәжірибесінде «бұл екеуі бір-бірінен қырбай болған екен, 
қырсығы мал  мен жанға немесе  игі  еді»  деп  қауіп  ететін  болған.  Егер олай  болмай 
Үркер  мен  Ай  жақын  орналасса:  «Екеуі  жараса  қалған  екен,  мал  мен  жанның 
жағдайы  жаман  бола  қоймас»,  -  деп  жақсылыққа  жорыған.  Жаңа  туған  Ай  орағы 
қылдырықтай  болып,  батыс  көкжиектен  кеш  қараңғысында  көрінетіні  белгілі.  Егер 
Ай шалқалап туса, күн райы мал баққан шаруаға, шаруашылыққа қолайсыз болады. 
Ал  қыста  шалқасынан  туған  Ай  аяздың  қатты  болатындығын  білдіреді.  Сондықтан 
шаруа баққан адам шалқалап туған Айды жақтырмай, үйелеп қалған малға ұқсатады. 
Ондайда:  «Жарықтың,  жатысың  өзіңе  жайлы  болса  да,  елге  жайсыз»,  -  деп  кейіс 
білдірген. Ай тігінен туса, «Ай жайлы туыпты, күн райы шаруаға қолайлы болады», 
«Ай қырынан туса – күн жылы болады», - деп жақсылыққа жорып, қуанатын болған. 
Сондай-ақ, Ай қораланса, ауа райы бұзылып, жайсыз болады деп болжаған. 
Осындай  түсінікпен  байланысты  байырғы  мәдени-тілдік  ұжымда  Ай  оңынан 
туды деген тұрақты сөз орамы және «Айың оңынан тусын!» деген оң мағынадағы әрі 
тілек, әрі бата сөз тіркестері қалыптасты. Күнделікті тіршілікте айтылатын байырғы 
бата-тілек мәтіндерінде әлгі бата-тілектің тағы бір нұсқасы: «Айың тусын оңыңнан, 
Жұлдызың тусын соңынан!» деген жолдар жиі кездеседі. 
Жан-жануарлар 
арқылы 
ауа 
райын 
болжау 
мен 
табиғат 
құбылыстарының  бейнелену  дәрежесі.  Қазақтарда  жануарлар  қылықтарына 
бақылау негізіндегі көптеген болжамдар бар. Олар алдымен шаруашылығындағы үй 
жануарлары: жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе. 
Қазақ  халқы  жылқы  малын  сергек  мал  дейді.  Олардың  қылығы  арқылы  ауа 
райының  алдын  алып  болжайды.  Жылқылар  топтасып,  жүйткіп,  кісінеп  ойнақтаса, 
шапқыласа,  кешікпей  күн  суытып,  ызғар  соғып,  боранды  жауын  қарлы  борасын 
болады  деп  біледі.  Жылқылардың  жүні  үрпиіп,  жайылуға  зауқы  жоқ  болса,  онда 
біраздан кейін күн суытып, ауа райы бұзылады. Ат әлсін-әлсін пысқырса, жазда жел 
күшейіп,  жауын  жауардың,  ал  қыста  қар  жауып,  қарлы  борасын  болады.  Жылқы 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
128
ыққа  жайылса,  жел,  жауын,  қарлы  борасындар,  ызғар  суық  жел  болады.  Айғыр 
үйірін, мойынын жерге сала, жиса, ауа райы кешікпей бұзылады. 
Жылқы  малы  қыста,  көктемде  жайылғанда,  қай  жаққа  қарап  жайыла  берсе, 
жайлы жылы күндер болады, ал желге қарсы жайылса, жайсыз күндер болатынының 
белгісі.  Бие  кенет  суалса,  кешікпей  жауын  жауатын  болады.  Соғымға  сойылған 
жылқынын  бауыр  жүні  (қылшығы)  ұзын  болса,  алдағы  қыста  қар  көп  жауады. 
Жылқынын  жүні  бүршіп  үрписе,  жазда  жауын  жауып,  қыста  күн  суытады.  Егер 
жылқы  осқырынып  жұтынса,  онда  жылқы  кешікпей  қар  суын  ішіп,  асайтынының 
белгісі. Жылқы жазда ыққа қарап жусаса, қыс қатты болады. Жылқы ішір тартса, ауа 
райы  бұзылады.  Жылқы  оқыранып,  жусаса,  боран  соғады.  Қыста  оқыранып,  ернін 
жыбырлатса, кешікпей, күн жылынып, қар суын ішеді. 
Қазақтар  қойдың  қылығы  арқылы  ауа  райын  алдын  ала  болжайды.  Қой 
тынышсызданып,  көңді  тарпып,  қызып,  мазасызданса,  қар  жауып,  борасын  соғып, 
қарлы  борасын  болатындығының  сыңайы.  Таңертең  ерте  қойдың  жағдайын 
байқағанда  олар  желге  қарсы  күйсеп  жатса,  ауа  райы  жақсы  болатынының  белгісі. 
Қой  көп  түшкіріп,  пысқырса,  аспанға  бұлт  жиылып,  тұмандатып,  жауын 
жауатынының ишарасы болады. Қой жүнін сілкіп, сілкінсе, жауын жауғанын қойып, 
күн  ашылады.  Қойдың  жүні  дымқылданып,  суланса,  жас  болса,  жауын  жауардың 
белгісі.  Қыстың  басында  қой  қорадан  өзі  шығып  жатса,  сол  жылғы  қыс  жайдарлы 
жақсы болады. Қой күйездеп, жиыла бастаса, кешікпей, күн шіліңгір ыстық болады. 
Қыста,  көктемде  қой  кез-келген  жаққа  қарап,  жайыла  берсе,  келер  күндер  жайлы 
болатынының  белгісі,  ал  желге  қарсы  жайылса,  күн  суытудың  ишарасы.  Қыста 
сойылатын  қойлардың  бауыр  жүні  ұзын  өскен  болса,  алдағы  жылы  қыста  қар  көп 
болады. 
Егер  қойлар  өрістен  қайтқанда  ауызына  бір-бір  тал  шөп  тістеп  қайтса,  сол 
жылы жұт келеді деп көреді халық. Қойлар тісін қайраса, кешікпей күн борандатады, 
ал  қой  тұяғымен  кеудесін,  төсін  қасыса,  қыста  қар  қалың  жауатынның  ишарасы 
болмақ. Өріске өрер қой қорадан еркін шықса, өрістен қайтып келгенде олар қораға 
еркін  кіретін  болса,  жыл  жақсы  болуының  сыңайы  болмақ  деп  көреді  қойшылар. 
Қотандағы қой бір бағытқа қарап жусаса, кешікпей ту сыртынан боран соғады. Күзде 
қозылар  енелерінен  қалғыштап,  отардан  жиі  бөлініп  қала  беретін  болса,  қыс  қатты 
болады.  Ал  егер  қозылар  қоралы  қойдың  алдына  шыққыштап  жайылса,  қыс  аса 
жайлы  болмақ.  Күзде,  қыста  өріске  шығардың  алдында  қойлар  секіріп  ойнақтап, 
бірін-бірін  қуалап,  сүзісуі  жиі  байқалса,  кешікпей  қатты  суытудың  хабары.  Ал 
мұндай  қылық  жылы  маусымда  байқалатын  болса,  онда  ауа  райы  бұзылады.  Қой 
өрісте  тоқтамай  тұрақсыздана  жүгірсе  немесе  қорадағы  көңді  тұяғымен  қазып 
тебіндесе,  кешікпей  боран,  мүмкін  күшті  дауыл  тұрады.  Қыстың  басында  қорадағы 
қойлар  жиектеп  шашырай  жатса,  қыс  жайлы  жұмсақ  болады.  Қозы,  лақ  секеңдеп, 
ойнақтаса,  жауын  жауады.  Егер  қойлар  сілкініп,  сүйкенсе,  маңырап  шуылдаса, 
жауын басылып, күннің көзі шығады. 
Қазақ  халқы  ешкі  малын  ауа  райына  төзімсіз  мал,  сондықтан  олар  ауа  райын 
алдын  ала  сезінуге,  сергек  сезімтал  келеді  деп  есептейді.  Егер  ешкілер  тасқа,  биік 
жерге  шығып,  секеңдеуін  қойып,  тас,  үй,  қораға  үйген  тезек,  жүк  ықтасынына 
тығылып  тұрса,  онда  кешікпей  жауын-шашын,  қар  жауып,  бұрқасын  суық  жел 
соғатынының  белгісі  болады.  Кешке  өрістен  қайтқан  ешкілер  ауылға  қарай  асыға 
жүгірсе,  қораға  асықса,  түнде  күн  суытып,  ауа  райы  бұзылады.  Қорадағы  ешкілер 
тынышсызданса,  ауа  райы  қолайсыз  болудың  белгісі.  Таңертең  ешкілерге  назар 
салғанда, олар ешбір қаперсіз күйсеп жатса, сол күні тымық жылы болады. Ешкілер 
«шыбжыңдап»,  салқын,  тығылатын  жер  іздеп  жүгірсе,  күн  шыбынды,  мұнартқан 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
129 
болады.  Бұл  күн  ысудың  да  ишарасы  болмақ.  Ешкі  басқа  малдан  бұрын  өрсе,  күн 
тымық болады. Ешкі малы «түшкіріп, пысқырып» мазасызданса, онда аспан түнеріп, 
жауын жауады. Ешкі қорадан тыс, дөңес жерге жатса, қыс жақсы болады. Ешкі малы 
ыққыш  келсе,  жел  соғып,  күн  суытудың  сыңайы  болмақ.  Ешкілер  кенет  суалып 
кетсе,  жауынды  күндер  болады.  Ешкі  малдары  кез-келген  бағытқа  қарай  жайыла 
берсе  күн  жайлы,  ал  желге  қарай  жайылса,  күн  ызғарлатады.  Ешкі,  серке,  текелер 
көң тарпып, тынышсызданса, қар жауады. 
Қорытынды.  Адамзаттың  тіршілігі  өмір  сүрген  ортаға,  табиғат  болмысы  мен 
құбылысына,  төңіректегі  жан-жануарлар,  жәндік-мақұлықтар  мен  өсімдік  әлеміне 
тығыз  байланысты.  Ертеде,  ғылым  мен  техника  дамымаған  заманда,  Құдайдан  өзге 
сенері жоқ халық қарапайым күнкөрісі мен шаруашылығын қоршаған ортаның қилы-
қилы  жағдайына  сәйкестіре  қалыптастырып  жүргізу  мақсатында  көп  ізденіп,  тиісті 
қаракет жасаған. 
Шаруа  адамына  егін  егіп,  өнімін  молайту  және  төкпей-шашпай,  мезгілінде 
жинап  алу,  малды  шығынсыз,  жатқа  ұшыратпай  бағып  өсіру,  қауіп-қатерсіз  сапар 
шегу,  тағы  басқа  да  тіршілік  проблемалары  жергілікті  жердегі  ауа  райы 
құбылыстарын  алдын-ала  болжап  білуді  қажет  етті.  Ол  үшін,  бір  жағынан,  ауа 
райының  өзгермелігі  қалай,  не  себепті,  қандай  ізділікте  жүретіні  зерттелсе,  екінші 
жағынан, ондай өзгеріс болар алдында үй және түз хайуандары, жәндік-мақұлықтар 
қандай  әрекет-құлық  танытатынын  байқау  керек  еді.  Ғасырлар  бойы  осы  бағытта 
жүргізілген оңды, кейде сәтсіз бақылау, зерттеу ауа райы құбылыстарын болжаудың 
халықтық жүйесін жасақтатуға мүмкіндік берді. 
Ауа  райын  алдын  ала  болжаудың  тәжірибеде  ақталған  халықтық  нұсқалары 
баршылық. Олар әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Әрине, нақтылы тұста кейбір 
ауытқулар  болуы  мүмкін.  Өйткені,  соңғы  жылдары  республиканың  барлық 
аймақтарында  қалыпты  экология  өзгерді.  Әуе  кеңістігі  ластанды,  өзен-көл  сулары 
тартылды,  жер  асты  сулары  кермектенуде.  Ондаған  өсімдік  тұқымын  жойды. 
Топырақ  эрозиясы  біраз  жер  көлемін  шарпыды.  Мұның  бәрі  қай  аймақта  болса  да, 
ауа райының қалыптасқан табиғи сипатына қолайсыз өзгерістер енгізді. Әйткенмен, 
талай  жылғы  өмір  дәлелдеген  халықтық  тәжірибе  нұсқалары  негізін  сақтап  қала 
бермек. 
Ауа  райы  өзгергiш,  ал  климатқа  тұрақтылық  тән.  Ауа  райының  өзгергiштiгi 
әртүрлi  қасиеттерi  бар  ауалық  массаның  ауысуына  байланысты.  Ыстық,  қоңыржай 
және суық климат түрлерi бар. Тiрi организмдерде әртүрлi климаттық жағдайда өмiр 
сүру бейiмдiлгiштiгi бар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
130
СҮЛЕЙМЕНОВА Аружан, 
Шиелі аудандық Оқушылар үйі «Windows XP» үйірмесінің мүшесі, 
7 сынып оқушысы, Шиелі кенті, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ЖИЕМБАЙ Гүлшат Серғалиқызы, 
Шиелі аудандық Оқушылар үйі «Windows XP» үйірмесінің жетекшісі, 
Шиелі кенті, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ИНТЕРНЕТ-ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
 
Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  еліміздің 
даму  стратегиясының  негізгі  бағыттарының  бірі,  себебі  ХХІ  ғасыр  –  білім  беру 
жүйесін ақпараттандыру ғасыры. 
«Информатика» пәнінің орта білім беру жүйесіндегі рөлі ақпараттық білімнің, 
ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа 
ақпараттық  қоғамда  кәсіпкерлік  қызметтің  басты  құрамды  бөлігі  болып  табылатын 
ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі. 
Білім  беру  жүйесіндегі  компьютерлерді  пайдаланудың  маңызы  зор.  Өйткені 
компьютер  адам  қызметінің  барлық  саласында  еңбек  өнімділігін  арттыру  құралына 
айналды.  Болашақ  мамандардың  ақпараттық  мәдениеті  негіздерін  қалыптастыру 
оқушылардың  компьютерде  жұмыс  жасауды  игеруімен  тығыз  байланысты. 
Компьютерді  мектепте  оқытуды  практикаға  енгізу  әлеуметтік,  экономикалық, 
теориялық  және  практикалық  сипаттағы  түйінді  мәселелерге  жол  ашып отыр  [1,  3-
б.]. 
Бүгінгі  таңда  компьютерлік  дизайн,  Web-дизайн,  жүйелік  программалаушы, 
администратор  және  тағы  басқа  мамандардың  қажет  екендігін  түрлі  жарнамалық 
газеттерден,  бұқаралық  ақпарат  құралдарынан  да  көруге  болады.  Аталған 
мамандықтарды  қалай  дайындап,  оларға  қандай  программалық  құралдарды  үйрету 
арқылы  жетілдіруге  болатыны  әдістемелік  жұмыстың  өзекті  мәселелерінің  бірі 
болып отыр. 
Интернеттегі ақпарат веб-сайттар түрінде ұсынылады. Веб-сайт (сайт, интернет 
қор  көзі,  портал)  –  ортақ  тақырыппен,  навигациямен,  ортақ  URL-мекен-жайымен 
біріктірілген, өзара ерен сілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан 
веб-беттері  жиынтығы.  Әрбір  веб-сайттың  өзінің  бірегей  мекен-жайы  –  URL 
(ағылшынша  Uniform  Resource  Locator)  бар,  оны  желіден  осы  мекен-жай  бойынша 
тауып алуға болады [2, 100-б.]. 
Жұмыс  екі  бөлімнен  тұрады,  біріншісі  теориялық:  мәтінді  форматтау, 
графиканы  қолдану,  тізім  жасау,  кесте  құру.  Ал  екіншісі  болса,  практикалық,  сайт 
жасап шығамын. 
Web-сайт бұл дүниенің кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайтты бір адам 
–  Web-мастер  жасаған  болса,  қазіргі  кезде  Web-сайттарды  бірнеше  адам  жасайды. 
Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, 
менеджер.  
Web-сайтты құрудың негізгі әдіс-тәсілдері. Олар: 
1) Гипермәтіндік тіл көмегімен; 
2) Арнайы редакторлар көмегімен; 
3) Интернетте арнайы сайттарды пайдалана отырып құру. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
131 
Бұның  негізгі  белгісі  Интернет-жобаларға  өсіп  жатқан  инвестициялар,  Web-
сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, коммерциялық мүмкіндіктері. 
Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр: 
- Web-технологиялар; 
- Сайт жасау экономикасы; 
- Web-дизайн және Web-программалау маркетингі; 
- Адам ресурстары және т.б. 
Web-сайт жасақтау жұмысы бірнеше кезеңнен тұрады: 
- Жоспарлау; 
- Элементтерді жасақтау; 
- Бағдарламау; 
- Тестілеу; 
- Жариялау; 
- Жарнамалау; 
- Бақылау. 
Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек: 
1. Сайттың орны; 
2. Сайттың аудиториясы кімдер; 
3. Қандай ақпарат жарияланады; 
4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады. 
Элементтерді  жасақтау  кезеңінде  сайттың  программалық  өнім  түрінде  жүзеге 
асырылуы қарастырылады: 
1. Навигациялық құрылымын жасау; 
2. Беттің дизайнын жасау; 
3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу. 
Бағдарламау. Бұл кезеңнің мәні сайтты форматтауда. 
Тестілеу.  Сайт  жасаудың  негізгі  кезеңдерінің  бірі –  тестілеу.  Тестілеу  кезеңде 
сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде: 
1. Сілтеменің жұмысы; 
2. Мәтіндегі қателер; 
3. Навигацияның тиімділігі; 
4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы; 
5. Графикалық файлдардың ашылуы; 
6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы. 
Жариялау.  Тест  аяқталғандан  кейін  Web-сайт  серверде  жарияланады  және 
қайтадан тексеріледі. 
Жарнамалау. Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі 
болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау 
керек. 
Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады: 
1. Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек; 
2. Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу; 
3. Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарға кіргізу; 
4. Баннерлерді жарнама ретінде қолдану. 
Бақылау.  Web-сайтта  жариялап,  жарнамалаған  соң  оған  қатысу  деңгейі  оның 
беттерінде  орналастырылған  ақпараттың  қажеттілігімен,  жаңалығымен  және 
көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты 
әрдайым жаңартып тұру керек. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
132
HTML  тілі  World  Wіde  Web  қызмет  бабымен  бірге  дами  отырып,  Web-
парақтарының  ең  жақсы  деген  мүмкіндіктерін  жүзеге  асырып,  оны  кең  пайдалану 
жолдарымен  толықтырылып  отырылды.  Ол  World  Wіde  Web  жүйесінің  негізі  бола 
отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. 
World  Wіde  Web  сөзі  қазақ  тіліне  кеңейтілген  бүкіләлемдік  өрмек  болып 
аударылады.  HTML  тілінің  мағынасы  мен  атқаратын  қызметін  оның  атынан 
анықтауға  болады.  Web-тораптарындағы  құжаттардың  негізгі  форматы  HTML  тілі 
болып табылады. HTML (Hyper Marker Language) ағылшын тілінен аударғанда мына 
мағынаны  білдіреді:  гипермәтінді  белгілеу  тілі.  Ол  құжаттың  бастапқы  мәніне 
енгізілетін  қарапайым  командалар  жиынынан  тұрады,  олар  осы  құжаттың  экранда 
көрсетілуін  басқаруға  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар,  кез  келген  мәтіндік 
редакторда  даярланған  құжаттар  HTML  форматы  ретінде  сақталғаннан  кейін  Web-
бет түрінде бейнеленеді [3, 10-б.]. 
HTML  негіздері.  Компьютер  немесе  басқа  да  электронды  құрылғыларда 
оқылатын  мәтіндер  гипермәтін  деп  аталады.  Гипермәтінді  оқу  барысында  оқырман 
тінтуір  (mouse)  немесе  батырма  басу  арқылы  жедел  түрде  мәтіндерді  ауыстыра 
алады. Оның қарапайым мәтіннен айырмашылығы – гипермәтінде кесте, сурет және 
басқа  да  элементтер  болады.  Гипермәтіндер  интернет  құрылымының  негізін 
құраушы болып есептеледі. Себебі мұндай форматты пайдалану оңай, әрі ыңғайлы. 
Гипермәтін  сөзіндегі  «гипер»  сөзі  грек  тілінен  «үстінде»,  «жоғарыда»  деп 
аударылып, ағылшын тіліндегі «super» сөзінің мағынасына сәйкес келеді. 
«Гипермәтін»  және  «гипермедия»  терминдерін  америкалық  әлеуметтанушы, 
философ,  АТ  (ақпараттық  технология)  саласын  алғаш  рет  зерттеушілердің  бірі  Тед 
Нельсон  1963  жылы  айналымға  енгізді  және  1965  жылы  кең  қолданысқа  ие  болды. 
Автор  1992  жылы  шыққан  «Literary  Machines»  атты  кітабында  бұл  екі  терминге 
мынадай түсініктеме береді: «Қазіргі таңда «гипермәтін» сөзі мәтінді тармақтандыру 
және  оған  жауап  беру  ретінде  қабылданып,  сәйкесінше  «гипермедия»  сөзі  график, 
аудио-видеоларды тарату мен хабарласу жиынтығы болып есептеледі» [4, 6-б.]. 
Гипермәтіннің  қысқаша  тарихы.  1963  жылы  Тед  Нельсон  алғаш  рет 
сілтемелері  бар  контентті  енгізу  мен  қолдану  үшін  «гипермәтін»,  «гипермедия» 
терминдерін қолданды. Ол кейінірек 1967 жылы Браун университетінде Андриес ван 
Дам  деген  информатика  ғылымының  профессорымен  бірігіп,  мәтін  редакциялаушы 
Hypertext  Editing  System  (аудармасы  «Гипермәтін  Редакциялаушы  Жүйе»)  жобасын 
жасады. 
Ал,  1977  жылы  шыққан  ең  алғашқы  гипермедиа  қосымшасы  –  Aspen  Movie 
Map  қаладағы  жер  қыртыстарының  виртуалды  картасын  қамтиды  және  оның 
көмегімен қолданушылар көлікпен жүрер жолдарды таңдай алды. 
Алғаш  рет  1991  жылы  интернет  арқылы  гипермәтінді  ақпарат  алмасатын 
механизмге сұраныс пайда болды. Сол кезде Тим Бернерс – Ли қаңқа ретінде SGML-
ді таңдап, оның негізінде HTML, яғни «гипермәтінді белгілеу тілін» ойлап тапты [4, 
11-б.]. 
HTML 
(HyperTextMarkypLanguage)  – 
бұл 
құжаттарды 
кодтау  үшін 
қолданылатын  гипертексттік,  декларативті  белгілеу  тілі.  Белгісіз  құрылғылар 
арқылы  қарауға  болатын  экрандық  құжаттарды  безендіруге  арналған  арнайы  тіл. 
HTML-ды көбі программалау тілі деп ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML 
мәтінді белгілеу тілі. 
Белгілеу  тілі  –  бағдарлау  тілдер  қатарына  емес,  компьютерлік  тіл  қатарына 
кіреді.  Белгілеу  тілі  –  символдар  мен  жүйеліліктер  жиынтығы,  ол  қарапайым 
мәтіннен  синтактисі  жағынан  өзгешелеу  болып  келеді.  Белгілеу  тілінде  жазылған 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
133 
мәтіндік құжат тек қана мәтіннен емес, сондай-ақ тізім, ерекшеленген сөздер немесе 
тақырыптардан құралады [4, 14-б.]. 
HTML  командалары.  HTML  тілінде  қолданылатын  командаларды  біз  «тег» 
деп  айтамыз.  Барлық  тег  «кіші»  (<)  символынан  басталады  да,  «үлкен»  (>) 
символымен аяқталады. HTML тілінің элементтерінің көпшілігі негізінен жақшалар 
болып  табылады.  Ашылатын  жақша  парақтың  кейбір  қасиеттеріне  тән  бастапқы 
бөлігін  белгілесе,  жабылатын  жақша  осы  бөлімнің  соңын  білдіреді.  Бұрышты 
жақшалар  арқылы  ашылып,  жабылатын  тег  (мысалы  <  html>)  деп  аталушы  HTML 
элементтерінен құралған HTML тілі веб – бет  контентін тудырады. HTML тіліндегі 
әрбір тег бір арнаулы қызмет атқарады [1, 26-б.]. 
Сонымен  

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал