Зерттеуші Исследователь – The Researcher



жүктеу 5.07 Kb.

бет14/20
Дата22.04.2017
өлшемі5.07 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

Микробиологиялық ластану. Микробиологиялық ластану – адамның тіршілік 
етуі  барысында,  антропогенді  жүйелерде  түрлі  ауру  тарататын  зиянкес 
организмдердің көбеюін атаймыз. 
Өзен-көлдердің  микробиологиялық  ластануға  ыңғайлы  болу  себебі  су  бетінің 
ашық 
болуында. 
Осының 
нәтижесінде 
микробтық 
контаминация 
өтеді. 
Микробиологиялық  ластанудың  басты  себебі  –  ағынды  сулар  көмегімен 
қалдықтардың  таралуы.  Жауын-шашын  мен  ағынды  сулар  арқылы  көптеген 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
109 
микроағзалар  түрлері  суға  құйылады.  Нәтижесінде  ол  микробтық  биоценозды  және 
санитарлық режимді күрт өзгертеді. 
Миробиологиялық  ластанулар  тіпті  химиялық  ластанулардан  қауіпті  болуы 
мүмкін.  Ағынды  сулардағы  патогендік  ағзалар  көптеген  эпидемиялық  ауруларға 
әкелді.  Олардың  ішінде  гепатитті  атап  көрсетуге  болады.  Осыған  қоса 
микробиологиялық  ластанулар  халера  эпидемиясына,  паратифаға  және  т.б.  ішек 
ауруларына әкеліп соғады. 
Судың микробиологиялық ластануы физикалық және химиялық ластанулардан 
ерекшеленеді.  Мысалы,  патогендер  қатты  бөлшектерге  тұнады  да,  суда 
консентрациясы 
болмайды. 
Ауруға 
шалдығу 
биологиялық 
көрсеткіштерге 
байланысты  болып  келеді  (жасы,  жынысы,  салмағы  және  иммунитеті),  демек,  жас 
балалар және қарт адамдарға патогенді қауіп жоғары. 
Су қоймаларының микробтық ластануы адам  немесе жануарлардың шомылуы 
кезінде  пайда  болуы  мүмкін.  Көптеген  су  бассейіндерінде  ішек  таяқшалар  тобын, 
энтерококк, 
стафилококк, 
нейссерии, 
пигмент 
құрастырушы 
бактериялар, 
саңырауқұлақтар  және  басқа  да  микроағзалар  мен  вирустар  кездестіруге  болады. 
Егер де адам бактерияларға шалдыққан болса, онда суға сальмонелы және шигелли 
түсуі  мүмкін.  Тағы  бір  атап  көрсететін  жай,  жануарлардың  немесе  өсімдіктердің 
кездейсоқ  қоныс  аударуы  байқалса,  ол  экожүйелерге  кері  әсерін  тигізеді.  Осындай 
құбылыс  инвазия  деп  аталады.  Мысалы,  Гребник  мнемиопсис  Қара  теңізге  балас 
сулары  арқылы  түскен.  Аталған  теңізде  өте  жақсы  бейімделген  көптеген  жергілікті 
суда  мекен  ететіндермен  салыстырғанда.  Осының  нәтижесінде  теңіз  экожүйесіне 
үлкен  зиян  келтірді.  Осындай  жағдайларды  Балтық  теңізінде,  Ладожская  көлінде 
және Ұлы Американдық көлдерде байқауға болады. 
Судың  микробиологиялық  ластануында  судың  эвтрофикациясына  тоқтала 
кетейік. Судың эвтрофикациясы деп судың биогенді элементтермен, әсіресе азотпен, 
фосформен  немесе  құрамында  осы  элементтер  бар  заттармен  баюын  айтамыз. 
Эвтрофикация (грек тілінен аударғанда эу – жақсы, трофе – қоректену) – судың бай 
қоректенуі. Эвтрофикация мысалында экологияның маңызды құбылыстары, тізбекті 
табиғи реакциялар, шектеуші факторлар әсері, су сукцессиялары және басқа жүйелік 
қағидаларды көруге болады. 
Эвтрофикацияның  нәтижесі  –  балдырлар  мен  басқа  өсімдіктердің  қарқынды 
өсуі,  су  қоймасында органикалық заттар  мен басқа  да  ағзалардың  шіру  өнімдерінің 
жиналуы  болып  табылады.  Бұл  өлген  органикалық  затпен  қоректенетін,  оны 
бастапқы  минералдық  элементтер  мен  көмірқышқыл  газына  дейін  ыдырататын 
редуцент-ағзалардың  санының  артуына  әкеледі.  Редуценттер  тіршілік  процесінде 
өлген  органикалық  заттарды  интенсивті  түрде  сіңіреді.  Мұндай  құбылыстардың 
нәтижесі  су  ортасының  оттексізденуі  мен  аэробты  (оттегінің  қатысуымен) 
процестердің  анаэробтыға  өтуі  болып  табылады.  Анаэробты  процестердің 
нәтижесінде  қоршаған  ортаға  күкіртсутек  (Н
2
S),  метан  және  басқа  да  улы 
ластандырушы заттар шығарылады. Келтірілген мысалдан бірдей әсерге екі тіршілік 
ортасының  (су  және  топырақ)  әр  түрлі  реакциясы  анық  көрінеді.  Топырақтың 
биогенді  заттармен  байытылуы  барлық  жағдайда  қолайлы  ауыл  шаруашылық  және 
экологиялық эффектіге әкеледі. Яғни бірлестіктің өнімділігі артады, қоршаған ортаға 
қолайлы әсер етеді және өздігінен тазару қабілеті күшейеді. 
Сулы  ортада  аталған  әсер  судың  маңызды  қасиеті  тазалығының  нашарлауына 
әкеледі.  Эвторофикацияның  қолайсыз  әсері  олардың  жылулық  ластануы  кезінде 
артады.  Жылулық  ластану  судың  оттегімен  кедейленуін  жылдамдатады,  себебі 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
110
температура  артқан  сайын  оттегінің  ерігіштігі  және  биохимиялық  процестердің 
интенсивтілігі әсерінен кемиді. 
Эвторофикацияны табиғи және антропогенді факторларды туғызады. Олардың 
әр түрлі әсері тек интенсивтілігіне ғана емес,  жекелеген процестердің механизіміне 
де байланысты. 
Табиғи  эвторофикация  баяу  жүреді  және  су  қоймасының  маңызды  грунт  пен 
тау жыныстарының минералогиялық құрамына және химизміне байланысты болады. 
Су  қоры  мол  және  кристалдық  жыныстардың  арасында  орналасқан  су  қоймалар 
эвторофикацияға  сирек  ұшырайды.  Олар  мыңдаған  жылдар  бойы  олиготрофты 
жағдайда, олай болса таза күйінде қалады. 
Мұндай  су  қоймасының,  мысалы, Байкал  көлі.  Баяу  эвторофикация  мұздық 
шығу тегі бар көлдерге де тән. Олар көлдің таза суының негізгі қоймасы. Мұндай су 
қоймаларының  тіршіліктің  аз  болуына  және  төмен  температураға  байланысты 
өздігінен тазару қабілеті төмен. Сондықтан олар ластануға сезімтал. 
Келіп  түсетін  су  ағыстарынан  қоректенетін  шағын  су  қоймалары  азот  пен 
фосфордың  қозғалғыш  формаларымен  қамтамасыз  етілген  және  эвторофикацияға 
ұшырауы  бейім.  Олар  олиготрофты  күйден,  мезотрофты  және  эвтрофты  күйге 
батпаққа, одан шымтезекті субстратты құрылыққа айналу арқылы өтеді. 
Антропогенді  эвтрофикацияға  қазір  барлық  ішкі  су  қоймалары  мен  кейбір 
теңіздер ұшырайды. Оны туғызатын негізгі факторларға минералдық тыңайтқыштар, 
кейде жуғыш заттар (құрамына енетін беттік белсенді заттар фосфорлық қосылыстар 
негізінде жасалады) жатады. 
Эвторофикацияны  тұрмыстық  және  өнеркәсіптік  шайынды  сулар,  мал 
шаруашылығының  кешендері,  жылытылған  сулар,  рекреациялық  әсерлер,  ағын 
суларды ағынсыз суға айналдыру және т.б. адам қызметі туғызады. 
Қоректік  заттарға  кедей  (олигатрофты)  табиғи  сулардағы  өндіруші  ағзалар 
тобы  негізінен  ірі  өсімдіктерден  (макофиттер)  тұрады.  Бұл  өсімдіктер  су 
қоймасының  түбінде  орналасып,  қажетті  биогенді  элементтерді  су  түбіндегі 
құрылымдардан  сіңіреді.  Фотосинтез  нәтижесінде  бөлініп  шығатын  оттегі  судың 
төменгі  қабаттарында  ериді.  Судың  жоғары  қабаттары  су  түбінен  көтерілетін  және 
ауадан сіңірілетін оттегімен байытылады. Екі процессте тепе-теңдікте болады да, су 
тазалығын  сақтайды.  Эвтровтанған  суларда  өсімдіктердің  биогенді  элементтерді 
тікелей  қоршаған  судан  сіңіруге  қолайлы  жағдай  жасалады.  Бұл  судың  жоғарғы 
қабатында фитопланктонның интенсивті жиналуына және су түбіндегі өсімдіктердің 
оттегі  жетіспеуінен  жойылуына  әкеліп  соқтырады.  Мұнда  оны  өлген  планктонның 
органикалық затын өңдейтін редуцент-ағзалар сіңіреді. 
Эторофикация  кезінде  тек  судың  химизімі  ғана  өзгермейді,  сондай-ақ 
ағзалардың түрлік құрамы да өзгереді. Нәтижесінде судың терең қабаттарында оттегі 
азайып, аэробты процестер анаэробты процестер мен алмасады да, су улы заттармен 
ластанады. 
Антропогендік  жүктеменің  әсерінен  өзен-көлдер  суының  микробиологиялық 
ластануларын  саралап  және  баға  бере  отырып,  экологиялық  аппараттарға  жол 
бермеуге және оларды тез арада шешуге мақсат қойылады. 
Физикалық  ластану.  Құрлықтағы  табиғи  сулардың  физикалық  ластануы,  ең 
алдымен,  қатты,  лас  қалдықтардың  су  көздеріне  түсуімен  байланысты.  Олар: 
қалалардағы  шаруашылықтардың  күнделікті  қоқыстары,  орман  өнімдері  мен  өзен 
суларында сал ағызу және өзен аңғарларында пайдалы қазбаларды (алтынды шайып 
алу  және  т.б.)  өндіру  арқылы  ағып  келетін  қоқыстар.  Мұндай  ластану  судағы  тірі 
организмдер үшін әдетте тікелей қауіп-қатер туғызбайды, алайда рекреацияға, балық 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
111 
шаруашылығына,  су  көлігінің  жұмысына  зиян  келтіреді.  Физикалық  ластануға, 
сонымен қатар АЭС-тар мен ЖЭС-тарда аса қызып тұрған турбиналарды салқындату 
үшін  пайдаланатын  суларды  да  қосады.  Ондай  суларды  көп  жағдайда  бірнеше  рет 
қайталап пайдалану үшін су қоймаларына тастап отырады. 
Химиялық  ластану.  Құрлықтағы  табиғи  сулардың  химиялық  ластануы  әр 
түрлі  химиялық  заттар  мен  қоспалардың  түсуінің  нәтижесінде  болады.  Олардың 
құрамында  органикалық  емес  әр  түрлі  химиялық  заттар:  сілтілер,  қышқылдар, 
сульфаттар,  ауыр  металдар  және  ауыл  шаруашылығында  пайдаланылатын 
тыңайтқыштар (азот, фосфор, аммиак және т.б.) кездеседі. Сонымен қатар ластаушы 
заттардың  ішінде  органикалық  химия  өнімдері  де  кездеседі.  Олар:  спирттер, 
фенолдар,  көміртек,  пестицидтер  мен  гербицидтер  және  жуғыш  заттар  – 
детергенттер. Бұларға қоса су көздерін ластайтындардың ішінде радиоактивті заттар 
және  мұнай  қалдықтарымен  қатар  көмірсутектер,  целлюлоза  –  қағаз  өнеркәсібінің 
химикаттарымен ластанған қалдық сулары да жатады. 
Биологиялық  ластану.  Биологиялық  ластанудың  көздеріне  ауру  тудыратын 
ерекшеліктері  бар  көптеген  микроорганизмдер  жатады.  Олармен  қатар  мал 
шаруашылыға  кешендерінде  жинақталған  органикалық  қалдықтар  қалалардағы  үй-
тұрмыстық  шаруашылығы  мен  тамақ  өнеркәсібіне  байланысты  ластанған  қалдық 
сулар  да  табиғи  суды  ластаудың  биологиялық  көздеріне  жатады.  Мұндай  ағынды 
сулар әр түрлі жұқпалы аурулардың нағыз көзі болып табылады. 
Қалалар  мен  үлкен  өнеркәсіп  орындарында,  ауыл  шаруашылығында 
шаруашылық  жұмыстарын  жүргізу  барысында  пайда  болатын  ластанған  ағынды 
сулар  қоршаған  ортадағы  табиғи  таза  су  көздерін  ластаудың  ең  үлкен  көзі  болып 
табылады.  Статистикалық  мәліметтерге  сүйенетін  болсақ,  осы  ластанған  ағынды 
сулардың көлемі жылдан жылға көбейіп бара жатқанын айқындайды. Мысалға, 2000 
жылдардың басында оның көлемі 2300 шқ. асып түскен. Дүниежүзінің бөліктері мен 
ірі  аймақтары  бойынша  осы  ластанған  ағынды  сулардың  көлемі  жағынан  ең  үлесі 
молы  Солтүстік  Америкаға  тиеді,  одан  кейінгі  орындар  Азия  мен  Еуропаның 
үлесінде. Ал ауыл шаруашылығына байланысты ластанған ағынды сулардың ең мол 
көлемі  Азияда,  сонан  соң  Солтүстік  Америкада  және  ТМД  елдерінің  аумақтарында 
қалыптасады. 
Көлдер  экологиясы.  Балқаш  көліне  адами  факторлардың  әсері.  Балқаш 
көлі  –  Қазақстанның  оңтүстік  шығысындағы  тұйық  көл.  Аумағы  жағынан  Каспий, 
Арал  теңіздерінен  кейінгі  үшінші  орында.  Балқаш  –  Алакөл  ойысында  теңіз 
деңгейінде  340  м  биіктікте  жатыр.  Көл  шөлді  өңірде  орналасқан.  Балқаш  көлі 
фаунаға  бай.  Көл  түбінде  моллюска,  судағы  ұсақ  жәндіктердің  дернәсілдері,  шаян 
тәрізділер тіршілік  етеді, батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың жиырмадан 
астам  түрі  бар,  мұның  алты  түрі  ежелден  көлдің  өзінде  өскен  балықтар,  қалған 
түрлері басқа жақтан әкелінген. 
Балқаш  көлінің  ластануы  қазіргі  кездегі  өзекті  мәселелердің  біріне  айналып 
отыр.  Бұл  өңірде  болып  жатқан  қазіргі  антропогендік,  оның  ішінде  техногендік 
процестер  әсері  шегінен  асып  отыр.  Осыған  орай,  статитикалық  әдістерді  қолдана 
отырып,  оның  ішінде  корреляциялық  және  регрессиялық  талдау  арқылы  Балқаш 
көлінің  суының  мен  ихтиофаунаның  көлемінің  тәуелділігін  анықтадық.  Көптеген 
шетелдік  және  отандық  зерттеулерде  келешекке  болжау  жасау  үшін  статистикалық 
әдістер  қолданылады.  Бұл  әдістер  табиғи  ресурстарды  сақтауға  және  қалпына 
келтіруге,  пайдалану  стратегиясын  жасауға  көмектеседі.  Сондықтан  да  экожүйені 
қалпына келтіру және халықты қамтамасыз ету, сақтау үшін, биоресурстарды сақтау 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
112
сценарийлерін  қарастырып,  оның  техногендік  әсерінің  тәуелсіздігін,  оның  ішінде 
көлдің түрлі ингредиенттермен ластану деңгейін анықтау маңызды. 
Зерттеулердің  мақсаты  өңірдің  қазіргі  экологиялық  жағдайын  баға  беру, 
кешенді  ластаушы  ингредиенттердің  ихтиофаунаның  өсуіне  әсері  және  ауланатын 
балық көлемінің тәуелділігін анықтау, сонымен қатар осы ластаушы ингредиенттер 
әкелетін  экономикалық  шығынның  көлеміне  баға  беру  болып  табылады. 
Зерттеулерді қазіргі компьютерлердегі арнайы технологияны пайдалана отырып іске 
асыруға  болады.  Технология  негізгі  ақпараттық  банк  болып  табылады,  бұл  банкке 
зерттелетін ауданнан алынған мәліметтер кіргізіледі. Банкті  құрастырудың өзі жеке 
бір  күрделі  мәселе  болып  табылады.  Одан  әрі  ауданның  экологиялық  жағдайына 
баға  беріледі,  аумақты  экологиялық  жағдайына  және  ластаушы  ингредиенттеріне 
қарап  аудандастыру  және  ластануына  байланысты  шығын  есептеледі.  Бұл 
технология  осы  мәселерді  зерттеуде  және  оны  шешуде,  басқаруда,  болжауда 
көмектеседі. 
Алакөл  көлінің  экологиялық  жағдайы.  Жер  шарының  қандай  бөлігін 
алсаңыз  да,  біздің  қазақ  жеріндей  экологиялық  дағдарысқа  ұшыраған  аймақты 
кездестіре  алмайсыз.  Қазақ  жері  неше  түрлі  термоядролық  сынаулардың  табиғи 
полигоны болғаны әлемге әйгілі. 
Әлемде  теңдесі  жоқ,  тек  қана  Американың  Жоғарғы  көлдер  тобымен 
теңдесетін  Алматы  және  Шығыс  Қазақстан  облыстарының  шекарасындағы  жеті 
судың  төртеуі:  Алакөл,  Сасықкөл,  Ұялы  және  Жалаңашкөл  көлдері  (жеті  судың 
қалған  үшеуі:  Балқаш  және  Қытайдағы  Сайрам,  Ебінұр)  де  бүгінгі  таңда 
экологиялық зардапты басынан кешіруде. Бұл өңір екі атом полигонының: бұрынғы 
Семей  және  Қытайдың  Лоб-Норының  арасында  жатыр.  Аймақтың  өзіне  тән 
ерекшеліктері жиі-жиі болып тұратын атмосфералық құрғақшылық пен ыстық желде 
дер едік. Қытайдың әр атом сынағынан кейін түстік-шығыстан, Жоңғар қақпасынан 
жылдамдығы  60-80  м/сек  ыстық  жел  соғады.  Бұл  осы  өңірдегі  адам  өміріне  өте 
қауіпті болып тұр. 
Алакөлдің  су  құрамында  және  оған  құятын  өзендерде  1998  жылдан  бастап 
шоғырлануы қауіпті деңгейден асып кеткен бірқатар химиялық элементтер табылып 
отыр.  Олардың  бірі  –  кадмий.  Кадмийдің  су  көздерінде  табиғи  жағдайда 
кездеспейтіні және бұл металдың өмірге аса қатерлі екені мамандарға жақсы таныс. 
Бұл элементтің су экожүйелерінде пайда болуына себепші адамзаттың араласуы деп 
білеміз.  Бұның  қатерлілігі  сонда,  кадмийдің  ауыз  су  құрамында  болуы  ағзаларда 
қатерлі  ісік  жасушаларының  қалыптасуына  әкеліп  соғады,  яғни  өте  күшті 
концероген. 
Кадмиймен  су  көздерінің  ластануына  Лоб-Нор  полигонымен  қатар,  осы 
аймақтағы кез-келген өзендер мен бұлақтар бойында қой тоғытылу жұмыстарының 
ешқандай  бақылаусыз  жүргізілетіндігі,  осының  нәтижесінде  бұл  процеске 
құрамында  аса  көп  мөлшерде  кадмийі  бар  гексохлоран  химикатының  қолданылуы, 
сонымен  қатар  суармалы  жерлерде  пайдаланылған  өзендерге  қайта  құйылатын  улы 
химикаттармен  ластанған  сулар  және  60-80  м/сек  жылдамдықпен  соғатын  Ебі 
желінің өтіндегі ашық карьер әдісімен алынатын Алакөл көмір кенінен келетін қою 
улы шаң тозаңдар екені белгілі. 
Адамзат  баласының  айналасындағы  ортасында  көбейген  экологиялық 
факторлардың  ең  бастысы  –  иондаушы  радиация.  Осының  әсерінен  пайда  болатын 
жасанды  радионуклеидтер  өлкеде  қатерлі  ісік  ауруларының  көбеюінің  бірден-бір 
себебі  болып  отыр.  Қарастырылып  отырған  аумақтың  экологиялық  ахуалының 
нашарлап  бара  жатқаны  туралы  көзқарастар  келесі  заңдылықтарды  анықтап  берді: 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
113 
жалпы  аумақ  бойынша  атмосфералық  жауын-шашын  мен  өзен  ағындыларының 
тұздылығы  көбейген;  күшті  шаңды  дауылдар  саны  көбейген;  аумақтағы  аң-құс, 
өсімдік, балықтар және т.б. биосфера ағзаларының түр-түрінің мүлдем жойылып, ал 
барының  келешекте  болу-болмау  проблемасы туындаған;  адамдар  арасында  жүйке-
психикалық  аурулар,  туа  ақыл-ойы  кем  адамдар,  невроз,  жүйке,  тамыр  дерттері, 
сары ауру, іш ауруы, туберкулез, рак, т.б. аурулар көбейген. 
Таза  су  алу  әдістері.  Су  экологиясының  ең  үлкені  ауыз  су  екендігі  екені 
белгілі.  Әр  адам  тәулігіне  2-4  литр  су  қолданса,  жылына  1  адамға  100  метр  куб  су 
қажет екен. Ірі қалаларда әр адамға тәуліктік су сұранысы 0,2-0,3 м/куб болып отыр, 
ал дүние жүзі бойынша жылдық сұраныс 3500 м/куб және ол жылдан жылға өсуде. 
Сонда адамзатқа су жете ме? 
Ғаламшарымыздың 70%-ын су алып жатыр, ал күніне 25000 адам жер бетінде 
тұщы  судың  жетіспеуінен  көз  жұмады  екен.  Миллиардтай  адам  жуынатын, 
шаруашылыққа пайдаланатын және ішер су тапшылығынан зардап шегуде. 
Жер  беті  су  көздерінен  алынатын  суды  тазартудың  негізгі  міндеті  –  ол  суды 
қалқымалы  заттардан  толығымен  тазарту  (мөлдірлендіру)  және  оның  түсін  көзге 
көрінбейтіндей деңгейге дейін төмендету. Судың сапасын жақсарту әдістері және су 
құбырын  тазалау  қондырғыларының  құрамы  су  көздеріндегі  судың  қасиеттеріне 
байланысты  алынады.  Судың  сапасын  жақсартудың  негізгі  әдістері:  мөлдірлендіру, 
түссіздендіру және залалсыздандыру. 
Суды мөлдірлендіру – оның құрамынан қалқымалы заттарды шығару. 
Суды  түссіздендіру  –  ол  оның  құрамындағы  шынайы  еріген  заттарды  және 
коллоидтарды  шығару.  Бірқатар  жағдайда  арнайы  әдістерді  қолдануға  тура  келеді, 
оның мақсаты судың құрамынан қандайда бір  нақты химиялық қоспаларды шығару 
немесе  керісінше,  адамның  организміне  қажетті  элементтерді  суға  қосу  болып 
табылады.  Осыған  сәйкес  суды  тазарту  қондырғыларының  құрамына  келесі 
құрылымдар  кіреді:  коагуляциялауға  арналған  қондырғылар  мен  сыйымдылықтар, 
тұндырғыштар, сүзгіштер, хлорлауға арналған қондырғылар мен сыйымдылықтар. 
Судың  органалептикалық  қасиеттерін  жақсарту  әдістері:  мөлдірлендіру, 
түссіздендіру, дезодорация. Суды планктондардан және ірі қоспалардан тазарту үшін 
микросүзгіштер және барабанды торлар қолданылады. Судың құрамынан коллоидты 
заттарды шығару үшін алдын ала олардың құрамын бұзу және коагуляциялау қажет. 
Коагуляциялау  –  судың  коллоидты  және  жұқа  дисперсті  қоспаларын  ірілету, 
агрегациялау  процесі.  Бұл  процесс  –  олардың  молекулярлық  бір-біріне  тартылу 
күштерінің  әсерлері  арқылы  өзара  жабысу  нәтижесінде  жүреді  де,  көзге  көрінетін 
агрегаттардың – үлпектердің құралуымен аяқталады. 
Коагуляцияның екі түрін ажыратады: бос көлемде жүгізілетін коагуляция, оны 
үлпек  құраушы  камерада  жүргізеді;  жанаспа  түрде  жүргізілетін  коагуляция,  ол 
түйіршікті толтырғыштардың арасында немесе қалқымалы тұнбаның ішінде жүреді. 
Қорытынды.  Көптеген  жылдар  бойы  жер  қойнауындағы  байлықты  игеру 
барысында  еліміздің  шикізат  жүйесі  Жерге  зиянды  салдарын  тигізбей  қойған  жоқ. 
Мұнай, газ кешендерінің, жылу энергетика кәсіпорындарының, тау-кен және байыту 
өнеркәсіптерінің  ұлан-байтақ  жерімізді  ластауы  өте  үлкен  зиянын  тигізді.  2000 
жылдан  бастап  өндірістің  қайта  өрлеуіне  байланысты  кәсіпорындардың  зиянды 
қалдықтарының  өсе  түсуінен  тұншыға  бастаған  қалалар  бар.  Атап  айтқанда, 
Өскемен,  Алматы,  Шымкент,  Ақтөбе,  Теміртау  қалаларында  ауаның  бұзылуы 
бұрынғысынан көбеймесе, азайған жоқ. Дәл осы жағдай су қоймалары мен өзендерде 
де  байқалады.  Қазақстан  бойынша,  әсіресе,  Елек,  Ертіс,  Іле,  Нұра,  Сырдария 
өзендері ластануда. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
114
Біздің  дәулетіміз  де,  сәулетіміз  де,  бүгініміз  бен  болашағымыз  да  туған  өлке 
табиғаты.  Шебер  табиғаттың  ғажайып  кестесі  –  орман-тоғайы,  өзен-көлі,  оны 
мекендейтін  аң  мен  құс,  балықтар,  бәрі  де  халық  қазынасы.  Біз  табиғаттың  бұл 
байлықтарын қорғап, қорын молайтқанда ғана оны кәдеге жарата аламыз. Қоршаған 
ортаның  ластануы  –  қазіргі  күні  адам  баласын  алаңдатып  отырған  аса  маңызды 
мәселелердің бірі. Соңғы жылдары табиғат байлықтарын пайдаланудың салдарынан 
адамзаттың  табиғатқа  тигізетін  әсері,  ықпалы  өлшеусіз  өсуде.  Адам  баласының 
табиғатпен үйлесімді байланысын қалыптастыру үшін экологиялық білімнің маңызы 
зор. 
 
Әдебиеттер 
1 Сағымбаев Ғ. Экология негіздері. – Алматы, 1995. – 185-211 б. 
2 Аничев К.В. Қоршаған орта мәселелері. – М.: Прогресс, 1984. 
3 Бейсенова Ә. Қазақстан табиғатын зерттеу. 
4  Достайұлы  Ж.  Алакөл  ойысындағы  өзен  көлдер  өзгерістері  //  «Биология, 
география және химия» журналы. – №3. – 2000. 
5 Абросов В.Н. Озеро Балхаш. – Л.: Наука, 1973. – С. 180. 
 
Резюме 
В  данной  работе  рассматриваются  метод  и  способы  сохранения  водных 
ресурсов  от  загрязнений,  рациональное  их  использование,  а  также  рассмотрена 
экологическая задача сохранения водных ресурсов во избежании их уменьшения со 
временем.  В  работе  рассмотрены  методы  очистки  и  обработки  водных  ресурсов. 
Окружающая среда и чистая вода имеет огромное значение для человека. Особенно 
огромная  задача  стоит  перед  нами  –  это  сохранение  пресной  воды  для  будущего 
поколения. 
 
Summary 
Water is very important for life on Earth. At the same time there is little water on our 
planet, this is because very little water on Earth is good for drinking. And in many rivers 
and  lakes  the  water  is  very  dirty.  In  many  places  the  water  is  not  drinkable  and  it  is 
dangerous  to  use  it  when  you  cook.  This  Exploration  researchs  protection  of  water 
conservation and preservation of water for the Suture. 
 

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал