Зерттеуші Исследователь – The Researcher



жүктеу 5.07 Kb.

бет11/20
Дата22.04.2017
өлшемі5.07 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

«Әжелер сайысының» бағдарламасы 
Ұраны: «Әжелердің айтқаны – асыл»! 
Мақсаты: Әжелердің айтқандарын күнделікті өмірде пайдалану. 
Міндеттері: 
1. Әже мектебінің ерекшеліктерін ашу. 
2. Осы айтылған пікірлердің тиімділігін көрсету. 
3.  Қазіргі  ата-аналарымызға  үлгі  болатындай  педагогикалық  шарттар  жүйесін 
құрастыру. 
Бұл  топта  25  бала  болатын  болса,  оның  жартысының  көбі  әже  тәрбиесінде, 
сондықтан сайысқа 12 әже қатысты. Сайыс 3 түрлі кезеңнен тұрды. 
Сайыстың тапсырмалары: 
1. Ұлттық тағамдар әзірлеу. 
2. Қолөнер үлгілерімен таныстыру. 
3. Салт-дәстүрден үзінді көрсету (бесікке салу, тұсау кесу). 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
87
Осы көріністерден үзінділер көрсетіледі. Балалар өз әжелерін тыңдап, олармен 
бірге қуанып, әжелерінің қойған көрністеріне үлкен ілтипат білдіріп, әжелерінің көп 
білетіндіктеріне мақтанышпен қарады. 
Осы  сайыстарды  түрлендіре  отырып,  балабақшамызда  мерекелер  қарсаңында 
әртүрлі кештер өткізіп, жаңғыртуды жыл сайын дәстүрге айналдырудамыз. 
Балабақшада  ата-аналар  жиналысы  әр  түрлі  қызықты,  дәстүрлі  емес  түрде 
өткізіледі.  Соның  ішінде  әкелерге  арналған  жиналыс  өткізу,  отбасында  бала 
тәрбиесіне  әке  тарапынан  қаншалықты  тәрбиелік  іс  жүргізіледі  деген  сауалға 
жауапты әкелер жиналысынан көреміз. 
Біріншіден, әкелерге бірнеше сауалдар қойылады: 
1. Балаңызбен қандай ортақ істеріңіз бар? 
2. Сіз өз балаңызбен қанша уақытты бірге өткізесіз? 
3. Жалпы бос уақытыңызды қалай өткізгенді ұнатасыз? 
Осы сұрақтардан соң балаларға сұрақтар қойылады: 
1. Сенің әкең көп жағдайда немен айналысады? 
2. Сенімен көп уақытты кім өткізеді (әкең, анаң)? 
3. Сенің әкең сені неге үйретеді? 
Міне,  осындай  сауалдарды  балаларға  қоя  отырып,  әкелері  өздерінің  бала 
тәрбиесіне қаншалықты дәрежеде байланысты екендіктерін түсініп, бала тәрбиесіне 
көбірек  көңіл  бөліп,  қателері  болса  түзетіп,  бала  тәрбиесіне  аз  да  болса  өз  үлесін 
қосады. 
Міне,  осындай  тәрбиелік  мағынасы  үлкен  жиналыстардан  кейін  ата-аналар  өз 
балаларына  деген  махаббаттары  оянады.  Кейде  өмір  талабына  сай  күнделікті 
тірліктермен  жүріп,  ата-аналар  өз  балаларына  тәрбие  беруге  уақыттары  жетпей 
қалып  жатады.  Оны  түсінеміз,  бірақ  осындай  жиналыстардан  кейін  ата-аналар 
балаларына көп көңіл бөлініп жатады. 
Осы аталған жұмыстармен қоса балабақшада тәрбиелік мақсатта ата-аналармен 
біріге  отырып,  «Отбасы  бөлмесі»,  «Отбасы  газеті»  тақырыбында  жұмыс  түрлері 
бірнеше  жылдар  қатарымен  тәжірибемізге  енгізілген.  Енді  «Отбасы  газеті» 
беттерінде  ата-аналармен  ынтымақтаса,  серктесе  отырып  біріккен  жұмыстардың 
нәтижелерін 
шығарамыз. 
Айталық: 
отбасы 
мүшелерінің 
шығармашылық 
жұмыстары,  отбасылық  жарыстар,  бірлесе  отырып  жасалған  іс-шаралары,  баланың 
салауатты  өмір  салтына  бейімдеуі,  ең  бастысы  –  ата-ананың,  баланың,  балабақша 
ұжымының бірлесе, ортақтаса атқарған жұмыстарының нәтижесі. 
Бұл шаралар тұсында балалардың әке-шешесі, ата-әжесінің  де, бауырларының 
да  өзара  сүйіспеншілігі  артады.  Осындай  шаралар  арқасында  біз  ата-аналармен 
ауызбіршілік деп аталатын жақсы байланысқа қол жеткіздік. Балалардың бәрін, тіпті 
оның  үй-ішін,  әке-шешесін,  жағдайларын  білетін  болдық.  Біз  өткізетін  мереке 
шараларына  әзірлік  тұсында  бір-біріміздің  үйлерімізге  барып,  хал-жағдайымызды 
сұрап, біріміздің жоғымызды біріміз іздейтін болдық. 
Ата-аналар  бір-бірімен  жарыса  түскендей,  отбасы  газеттерін,  кітапшаларын 
шығара отырып,  педагогикалық  басылымдармен,  әдебиеттермен  танысып,  ізденіске 
түсті. 
Міне,  осындай  іс-шаралардың  жалғасы,  ертеңі  тәуелсіз  Қазақстанның  бүгінгі 
таңдағы  білім  жүйесін  жетілдіруде,  болашақ  ұрпақ  тәрбиесінде  белсенді  рөл 
атқарады. 
 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
88 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Біз спортшы боламыз» атты қалалық спорт сайысына №10 «Қарлығаш» 
балабақшасының отбасы Әлімбаевтар бас жүлдеге ие болды 
 
КАЛДАУЛЕТОВА Тлектес Бишеновна, 
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «№10 «Қарлығаш» балабақшасы» 
жедел басқару құқығындағы МКҚК тәрбиешісі, Жаңаөзен қаласы, 
Маңғыстау облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
               
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ЕРТЕҢГІЛІК ЖАТТЫҒУДЫҢ БАЛА ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
89
Мектеп  жасына  дейінгі  баланы  дене  жағынан  тәрбиелеу  ерекше  орын  алады. 
Мықты  денсаулықтың,  дененің  дұрыс  жетілуінің,  жоғары  жұмыс  қабілетінің  негізі 
нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта қаланады. 
 
 
Балабақшада  дене  жаттығулары  мынандай  түрлерге  бөлінеді:  таңертеңгі 
жаттығу, 
қимылды 
ойындар, 
спорттық 
жаттығулар, 
қарапайым 
туризм. 
Таңертеңгілік  жаттығу  балаларды  ақыл-ой  адамгершілік,  еңбек  және  эстетикалық 
жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні 
бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
90 
Таңертеңгі  жаттығу  балаларды  сауықтыру  мен  тәрбиелеудегі  бағалы  құрал 
болып  табылады.  Таңертеңгі  жаттығумен  жүйелі  айналысушыларда  ұйқышылдық 
жоғалады,  эмоционалдық  өрлеу  басталады,  ең  қабілеттілігі  артады,  балаларды 
тәртіптендіреді. 
Сөйтіп  таңертеңгі  жаттығу  жасау  алдында  мүлде  ерекше  міндеттер 
қойылмайды,  атап  айтқанда:  бала  ағзасын  «ояту»,  оны  әрекетшіл  қалыпқа  келтіру, 
жан-жақтылыққа, бірақ бұлшық ет жүйесіне жайлап ықпал ететіндей, ағзаның жүрек 
тынысы  және  басқа  жұмыстарының  қызметін  белсендіру,  ішкі  ағзалар  мен  сезім 
ағзаларының 
жұмысын 
ынталандыру, 
тұлғаның 
дұрыс, 
жүрістің 
жақсы 
қалыптасуына ықпал ету, табанның қисайып кетпеуін болдырмау. 
Егер  балалар  күн  сайын  таңертең  дене  жаттығуын  жасауға  дағдыланса  және 
мүдделі болса, ертеңгілік жаттығу сонысымен құнды. Осындай пайдалы әдет адамда 
өмір бойында сақталады. 
Таңертеңгі  жаттығу  балалар  бақшасында  күнді  ұйымдасқан  түрде  бастауға 
мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді. Бір уақыттың ішінде бірге 
жүргізілген  бірқалыпты  қимыл  қызметінде  жүгіріп,  секіріп,  үлгеріп,  алып  ұшқан 
балалар  тынышталады,  ал  белсенділігі  төмендері  белсенділенеді.  Мұның  бәрі 
балалардың  барлығының  да  көңіл  күйін  бірдей  етеді,  сергітеді,  оларды  келесі 
сабаққа  даярлайды.  Сөйтіп  таңертеңгілік  жаттығуды  бірден  ұйқыдан  кейін  емес, 
біршама  уақыт  өткен  соң  жасағанда  оның  тәрбиелік  маңызы  кеңейеді.  Ол  күн 
кестесінің  бөлінбес  ұйымдастырушы  сәті  болады,  балаларды  белгілі  бір  тәртіпке, 
жинақылыққа үйретеді. 
Таңертеңгі  жаттығу  жылдың  жылы  мезгілдерінде  алаңда,  ал  суық  кездерде 
залда  өткізіледі.  Белгілі  бір  тәртіппен  іріктелінген  дене  жаттығуларының  үйлесуі 
комплекс  деп  аталады.  Бір  ғана  комплекстің  өзі  2  апта  бойы  қайталанады.  Егер 
комплекстің 
жекелеген 
жаттығулары 
тым 
қарапайым 
болса, 
балаларды 
қызықтырмаса  немесе  жалықтырса,  онда  ол  тәрбиешінің  қалауына  қарай 
күрделеніңкіруі мүмкін. 
 
 
 
Ұлттық  тәлім-тәрбие  беруде  түрлі  жаңашыл  әдістерді  қолдануға  болады. 
Соның  бір  түрі  –  ұлттық  сипаттағы,  сондай-ақ  салт-дәстүр  элементтерін  жаттығуға 
кірістіруге болады. Ұршық иіру, жүн сабау, киіз басу жаттығуларын жасауға болады. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
91
Мектепке  дейінгі  жастағы  таңертеңгілік  жаттығуды  «сезім,  зейін,  ерік,  сұлулық, 
мәдениеті мінез-құлықтың бүкіл мәдениеті» деп есептеуімізге болады. 
Қорыта  айтқанда,  балалар  бақшасындағы  таңертеңгілік  жаттығулардың 
ерекшелігі  –  балаларды  дұрыс  қимылдауға  үйрету.  Бұл  жағдайда  балаларда 
кеңістіктегі орнын бағдарлай білуі, қимылды айқын, дәл, тәрбиеші ұсынған екпінде, 
ырғақта,  бағытта  орындауы,  әр  баланың,  қимылы  бүкіл  ұжымның  қозғалысымен 
үйлесуі  пісіп-жетіледі.  Таңертеңгілік  жаттығудың  ұйымдастырушылық  және 
тәртіптеушілік үлкен маңызы бар. 
 
ЧАНКУРБАЕВА Салима Бозаевна, 
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «№10 «Қарлығаш» балабақшасы» 
жедел басқару құқығындағы МКҚК тәрбиешісі, Жаңаөзен қаласы, 
Маңғыстау облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
МЕН ШЫҒАРМАШЫЛ ПЕДАГОГПЫН, ӨЙТКЕНІ... 
(Эссе) 
 
Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл сөзді мен жай 
ғана айта салмаймын. Өйткені бұлай айтуым – маған үлкен жауапкершілік жүктейді. 
Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Егер де 
өмір  қоғамға  бейім,  білім  нәрімен  терең  сусындаған,  тәрбиелі  де  ізгі  жүректі  адам 
өмірге  үлкен  мақсаттар  қойып,  талапшылдықпен,  мақсаткерлікпен  алға  аттатсам  – 
бұл  менің  өмірімнің  ең  шынайы  әрі  ғажайып  мәні.  Өйткені  мен  –  тәрбиешімін, 
келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. 
Менің  шәкірттерім  егемен  елдің,  Тәуелсіз  Қазақстанның  толыққанды  азаматы 
болып шықса, одан артық менде қандай арман болсын!? 
Міне,  осындайда  «Ұстаз  –  ұлық  емес,  ұлы  қызмет»  деген  Бауыржан 
Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме аламын. 
Әрине, тәрбиеші болуға педагогикалық оқу орнын бітіру аздық етеді. Тәрбиеші 
атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың. Өзің шын мәніндегі үлкен шәкірт 
болғанда  ғана  кемел  ұстаздыққа  қол  жеткізе  аласың  деп  білемін.  Бұл  менің  ұзақ 
жылдар ұстаздық еткен қызметімнің алтын арқауы, бәйтеректей биік діңгегі. 
Мен кіммін? 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
92 
Мен  –  Чанкурбаева  Салима  Бозаевна,  1961  жылдың  23  мамыр  күні 
Түркіменстанның Мары облысы, Захмет елді  мекенінде дүниеге келдім. 1983 жылы 
«Мектепке  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу»  мамандығы  бойынша  Красноводск 
қаласының педагогикалық училищесін бітірдім. 
1983  жылдың  1  қыркүйегінде  Сүйлі  ауылында  №30-шы  мектепке  мұғалім 
қызметіне орналастым. 
1989  жылы  Қазақстан  Республикасының  Жаңаөзен  қаласындағы  №13 
«Балдырған»  балабақшасына  тәрбиеші  қызметіне  орналастым.  2008  жылы  №8 
«Ақбөбек» балабақшасына, 2012 жылы №10 «Қарлығаш» балабақшасына  ауыстым. 
2012  жылы  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетін 
сырттай оқып тәмамдадым. 
2012 
жылы 
«Көркемөнер 
пәндерінің 
оқу 
процесінде 
ақпараттық-
коммуникациялық  құзіреттілікті  қалыптастыру»  тақырыбында  «Өрлеу»  АҚ 
филиалының  Маңғыстау  облысы  бойынша  педагогикалық  қызметкерлердің 
біліктілігін  арттыру  институтында  біліктілігімді  шыңдадым.  Осы  жылдар  ішінде 
жыл сайынғы өтетін мерекелік шараларды жоғары деңгейде өту үшін үлкен ізденісте 
боламын. 
2013  жылдың  06  мамырында  «Тәй-тәй»  иновациялық  технологиясы  бойынша 
«Көктем құпиясы» атты тақырыпта қалалық ашық оқу іс-әрекетін өткіздім. 
2014  жылдың  28  қарашасында  «Тәй-тәй»  иновациялық  технологиясын  енгізу 
арқылы  педагогтардың  білімін  жетілдіру,  мектепке  дейінгі  мекемелердегі  тәрбие-
оқыту  процесіне  жаңашылдық  енгізу,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу, 
оқыту мен дамытуды ұйымдастыру және әдістемелік көмек көрсету барысында қала 
көлемінде  «Күз  кереметі»  тақырыбында  ересектер  тобына  арналған  оқу  іс-әрекетін 
көрсеттім. 
 
 
 
Не  үшін  керек?  Бұл  уақыт  мені  тәрбиешіліктің  қыр-сырына  баули  білді. 
Педагог  –  балаға  білім  беруші  тұлға  ғана  емес,  сонымен  қоса  ол  –  тәрбиеші. 
Сондықтан  мен  өз  шәкірттеріме  білім  берумен  шектеліп  қана  қоймай,  тәрбие  де 
беретін, педагогикалық шеберлігі мол, әдебі зор, шәкіртіне үлгілі бола алатын тұлға 
болуым керек. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
93
Мен  не үшін  оқытамын,  не үшін  тәрбие  беремін? Әрбір  баланы  жеке  тұлға 
болып қалыптастыру үшін; Әрбір шәкірт сауатты болу үшін; Әрбір бала болашақта 
терең сауатты болу үшін; Әрбір бала ертеңіміз, еліміздің болашағы үшін оқытамын. 
Кімді үйретемін? Менің  мақсатым  –  алдымдығы  әрбір  баланы өмірге үйрету. 
Табиғи заңдылық бойынша олардың толық үйреніп алуы әр деңгейде болуы мүмкін. 
Дегенмен әрбір бала белгілі бір деңгейде білімді болуы шарт. Мұндай жолға мен бар 
күшімді салып, қолайлы әдістерді пайдалана отырып жетуім керек. 
Ұлы ғұлама Әл-Фараби атамыздың «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас 
жауы» деген қанатты сөзіндей, қашанда балаға алдымен тәрбие берілуі тиіс. Себебі 
тәрбиесіз,  білімсіз  адам  әрқашан  ел  дамуына,  адамзаттың  өркендеуіне  кедергісін 
келтіретіні  хақ.  Сол  себепті  де  алдыма  келген  әрбір  шәкіртке  сапалы  білім  мен 
тәрбие беру менің міндетім деп білемін. 
Қалай?  Кез-келген  тәрбиеші  –  баланы  жан-жақты  зерттеген  ерекше  тұлға. 
Білім  беретін  балаға  ұстаз  –  тәрбиеші  ретінде,  педагог  ретінде,  ата-ана  ретінде, 
қамқоршы  ретінде,  дос  ретінде  жан-жақты  зерттеп  білгенім  дұрыс.  Мұндай 
зерттеулер тәрбиешінің тәрбие мен білім беру әрекетінің әдісін айқындап береді. 
Менің  мақсатым  –  қандай  әдісті  қолдансам  да,  баланың  есінде  қалатын  білім 
мен  санасына  жетер  тәрбие  беру.  Осы  орайда,  балабақшада  өткізген  «Тіл  дамыту» 
тақырыбы:  «Қыс  қызығы»,  жас  мамандарға  арналған  есеп  сабағының  тақырыбы: 
«Жалпақ, жіңішке», «Біз Аяз атаны қалай қарсы алдық?», «8 наурыз», «Тұсау кесу» 
рәсімі, Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік, жас мамандарға арналған тәлімгерлік 
жұмыс, «4 саны мен цифрын» таныстыру. 
Бұл  жасаған  жұмыстарымның  нәтижесінде  балаларға  мен  елін  сүйетін, 
патриоттық,  рухани-адамгершілік,  азаматтық-құқықтық  тәрбие  беріп,  мақсатыма 
жеттім. 
Тәрбиеші  ретінде  мен  тек  қана  жалаң  білім  беріп  қоюмен  шектеліп  қалмауға 
барынша тырысамын. Ешбір сәтте есімнен ұлы ғұламамыз Әбу Насыр Әл-Фарабидің 
«Адамға  ең  бірінші  білім  емес,  тәрбие  беру  керек,  тәрбиесіз  берілген  білім  – 
адамзаттың  қас  жауы»  деген  ұлағатты  сөзі  шыққан  емес.  Басты  өмірлік  кәсіби 
ұстанымым ретінде мақсатымды алтын қазыққа байлап келемін. 
Менің  ұғымымда,  біріншіден,  тәрбиеші  міндеті  өз  пәнін  шәкірттеріне  жақсы 
үйретуден  де  тереңірек  жатыр.  Алдымыздағы  әрбір  бала  қайталанбас  бір  ғажайып 
әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын 
ерекше  қасиеттерін  тану,  оның  жүрегіне,  жан  дүниесіне  жол  таба  білу  –  біздердің, 
тәрбиешілердің бұлжытпас борышымыз. 
Екінші,  ең  бастысы,  тәрбиеші  шын  мәнінде  баланы  жан-тәнімен  беріле  сүюі 
керек.  Алдымен  рухани  қуат  беруі  керек.  Мейірімділік,  шыдамдылық,  кешіре  білу, 
баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя 
тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана мұғалім өз мәртебесін көтере алады. 
Үшінші,  балаға  үнемі  қолдау  көрсету  –  үлкен  мәнді  гуманистік  ізгі  ұстаным. 
Оның  астарында  не  бір  қағидалар  бар:  баланы  жақсы  көру,  оның  адами  өмір  сүру 
ортасын  шама  жеткенше  ұйымдастыру,  баланың  бойынан  өзінің  балалық  шағын 
зерделі көзбен көру. 
Төртінші,  тәрбиеші  әр  баланың  мінез-құлқын,  көзқарасын,  талғамы  мен  әдет-
дағдыларын  зерделеп,  әр  баланың  өз  шамасына  сай  дамуын  қамтамасыз  ететін 
тәрбие жұмыстарына бейімдеу қажет. Бұл әрекеттер – ғибратты да әсерлі болуы тиіс-
ақ. 
Қазіргі  таңда  еңбек  өтілім  –  30  жыл,  жоғары  санатты  маманмын.  Өзімді 
бақытты тәрбиеші ретінде сезінемін. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
94 
Менің  тәрбиешілік  ұстанымым.  Мақсатым:  жеке  тұлғаны  дамытудағы 
толыққанды, парасатты, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау  дәрежесі 
биік, мәдениетті, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер азаматтың бейнесін қалыптастыру, 
ұлттың  тілін,  мәдениетін,  өнерін,  тарихын,  әдет-ғұрпын,  салт-санасын,  дәстүрін 
балалар  санасына  сіңіріп,  жас  ұрпаққа  лайықты  тәрбие  беру,  олардың  бойына 
имандылық пен ізгілік қасиеттерін дарыту. 
Ата-анамен 
жұмыс. 
Ата-аналармен  өткізілетін 
тренингтер,  ойындар 
жиынтығы. 
Тақырыбы:  «Балабақша  мен  отбасы».  Мақсаты:  Ата-аналардың  өзара 
қарым-қатынасын  жақсарту.  Балабақша  өмірімен  таныстыру,  тәрбиешімен  дұрыс 
қарым-қатынаста болу. Психологиялық кеңес, ағарту жұмыстарын жүргізу. 
Көрнекілігі: музыка жазылған үнтаспа, қағаз-қаламдар, ағаш, алмалар, шарлар, 
себет. 
Шаттық шеңбері: ата-аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. 
-  Мен  сіздермен  кездескеніме  өте  қуаныштымын.  Қане,  бәріміз  бір-біріміздің 
қолымыздан ұстап, шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық 
шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? 
Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн 
сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен 
жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. 
Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. 
Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық. 
Танысу:  Әр  ата-ана  өзін  таныстыру  керек,  өзінің  атына  екі-үш  сын  есімін 
қосып таныстыру. Мысалы: Айдай сұлу – Айсұлу. 
Тренинг:  Енді  ата-аналар,  «Табиғатсыз  адамдардың  күні  жоқ,  оны  айтуға 
табиғаттың тілі жоқ», - демекші, адам табиғатпен тығыз байланысты. Табиғаттағы ең 
маңызды нәрсе – ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз? Тамыры ма, әлде діңі ме, 
әлде жапырағы ма? 
Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді. 
-  Ал  енді  ата-аналар,  тамырлар  –  бір  бөлек,  жапырақтар  –  бір  бөлек,  діндер  – 
бір бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар? Сіздер не 
үшін  жапырақты  таңдадыңыздар?  Сіздер  не  үшін  діңін  таңдадыңыздар?  Соны 
тобыңызбен  келісе  отырып  бір  келісімге  келіп,  топтан  бір  адам  шығып, 
қорғайсыздар (әр топтың сөзі тыңдалып, қошаметпен шапалақ ұрылып отырады). 
Сіздердің  бұл  таңдауларыңыз  кездейсоқтық  емес,  психологиялық  сәйкестік. 
Тамыр таңдағандар  –  істің  нәтижесіне  мән  беретін  адамдар.  Діңгекті  таңдағандар  – 
берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар – сұлулықты, 
әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар. 
Енді ата-аналар, мына үлкен қағазға «Тамыр тобы» – тамырды, «Діңгек тобы» 
–  діңгекті,  «Жапырақ  тобы»  –  жапырақты  саламыз  (Музыкалық  сүйемел,  қалам-
қағаздар). 
Ұстаздарыңызға  деген  талап-тілектеріңізді  «Тамыр  тобы»  –  тамырға,  «Діңгек 
тобы» – діңгекке, «Жапырақ тобы» – жапыраққа жазыңыздар. Осы ағаштың тамыры 
– ата-ана, діңгегі – тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз. 
Егер  тамырдан  нәр  алып,  діңгегі  мықты  болып,  бұтағы  жапырағын  жайса, 
ағашымыз жемісін береді. 
Енді мына себеттен алмаларды алып, өз балаларыңызға тілек жазып, ағаштың 
жемісін  іліп,  балаларыңыздың  қызығын  көрейік  (музыкалық  сүйемелдеу,  тілек 
жазу). 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
95
Ойын:  «Қай  жұп  күшті?»  Қазір  әркім  өзіне  серік  таңдайды,  шарды  алып, 
көңілді  музыкаға  билеп,  шарды  жарады.  Шардың  ішінен  жақсы  тілектер  алып 
шығып,  қалған  ойыншыларға  дауыстап  оқып  беру  керек.  Әр  жұп  кезектесіп, 
белгіленген  уақыттан  белгіленген  жерге  дейін  шарды  апарып,  бір-бірін  құшақтап, 
шарды жарады. 
Ойын:  «Кім  екенін  тап».  Әрбір  адам  өзінің  аты-жөнін  көрсетпей,  өз-өзіне 
психологиялық  мінездеме  жазады.  Өзінің  ұнамсыз  қасиеттерін  жазуы  керек.  Бұл 
мінездеме  жазылған  беттерді  жетекші  жинап,  араластырады  да,  арасынан  біреуін 
алып, дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табу керек. 
«Тілек  гүлі»  (қорытындылау).  Мақсаты:  тренинг  туралы  пікірлерін  ортаға 
салу. 
-  Міне,  қоштасатын  да  сәт  жетті.  Біз  сіздермен  отбасындағы  ата-ана  мен 
балабақша  арасындағы  қарым-қатынастың  түрлі  жақтарын  тануға,  жан-жақты 
талқылауға тырыстық. 
Отбасы,  ұшқан  ұя  –  жылылықтың,  жылулықтың  мекені.  «Отбасы»  атауының 
мәніне  терең  үңілер  болсақ,  оттың  да  үлкен маңызы  бар  екенін  сеземіз.  Сондықтан 
оттың  басы,  ошағымыздың  түтіні  түзу  болуы  үшін  «Тілек  шамы»  жаттығуын  бір-
бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. 
Ата-аналар, алтын уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңізге көп рахметімді айта 
отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін деген тілек айтамын! 
 
 
 

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал