Зернебек Шілдебайұлы Ұлылар ұЛАҒаты (өлеңдер мен толғаулар)



жүктеу 2.8 Kb.

бет4/13
Дата02.06.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ЖАНАРЫНАН НАМЫС ОТЫ ӨРІЛІП
(Көркем Уәли сұлтанның ұлы Абылай ханға, 
1711-1781ж.ж.)
Көз жіберсек тарихи ел көшіне,
Көп оқиға түседі екен есіңе.
Әсіресе, қалмақтары жоңғарлық
Неге айналды ата-баба өшіне?
Мұның сыры қиын емес ұққанға,
Өмір сүру өте ауыр бұққанға.
Көздің құрты – Қазақтың кең даласы,
Жетіп жатыр ебін тауып жұтқанға.
Өмір сүру болса да шын қолында,
Ғұмыры өтті Тәуелсіздік жолында!
Қорғанды ылғи анталаған жаулардан,
Кезенді оғын оңында да, солында.
Тыныштықты таппай талай қаңғыды,
Қасы жоқта өзін-өзі аңдыды.
Іргетасы он бесінші ғасырда
Қаланған жұрт – Ұлы Қазақ хандығы!
Құрды солай Татулықтың ордасын,
Мойындады қарсыластар Елбасын.
Қыздырды еңбек қарапайым адамдар,
Малын жайып, күтіп-баптап алмасын!
Буын бекіп, қабырғасы қатайған
Шағында осы шығып кеткен аты ойдан,
Көтерілді қайтадан сол қалмақтар
Тіршілікте іздеген бұл заты – ойран!
***
Жанды ауыртар өткен өмір сұмдығы,
Еңсеңді езер патшалардың ұрлығы.
Абылайдың
59
 Қалдан Серен тұтқыны
Болуын да жатыр тарих Шындығы!
59. Абылай хан.

46
Қалмақ ханы – Қалдан Серен ақылды,
Сынар жауын сәтте дәйім ақырғы.
Қыспаққа алды Абылайды аяусыз,
Тұңғиыққа тіреп қойып қатырды.
Өйткені ол өлтірді ұлын қалмақтың, 
Зілі басым сынағында салмақтың.
Қалдан Серен Абылайға тіл қатты:
«Шарыш
60
 қайда, ең бірінші, қайда аттың?»
Деді Абылай: «Өзің біліп, айт емін,
Садақ атқан тым көп еді, қайтемін?
Жаман  аты қалды бізде, амал не,
Кінәлінің басын кескін, жер тегін!»
Тыңдап тұрған Қалдан Серен ақырды,
«Шарыш қайда?» - деп қатты ашу шақырды.
Бұл екінші сауалы да жауыздың
Састырған жоқ Абылайдай батырды.
Деді Абылай: «Қиян-кескі ұрыста
Қарайтындай сәт болмайды туысқа.
«Шарышпын!»-деп айтпады ол есімін,
«Кеспеймін!» -деп тіл қатқан жоқ қылыш та!»
Арың биік түбінде кіл жаныңның,
Жолы айқын «Намыс» дейтін нанымның.
Үшінші рет басылмады ашуы
«Шарыш қайда!» деп долданған ханыңның.
Жанарынан намыс оты өріліп,
Деді батыр ашуы бет тебініп.
«Іздегенше көрінбеген Шарышты,
Өзіңді ізде тұрған мынау көрініп!»
Болған жақсы-ау тазалықтың қалтқысы,
Болсаң өлім қатарыңның артқысы.
Жөн сөзге ол тоқтады ма, әлде ерді
Келді ме екен өз жағына тартқысы? 
60. Шарыш – Қалдан Сереннің баласы.

47
***
  
Қалмақ ханы бой алдырмай кегіне,
Тартып туған жаужүрек ер тегіне!
Не десек те, Қалдан Серен құрметтеп
Абылайды аттандырды Еліне!
ҚАЙЫРЛАДЫ ҚҰМҒА БАТЫП КЕМЕМІЗ
(Сұлтан Абдоллаұлы Әбілқайыр ханға, 1693-1748ж.ж.)
Ататегі Шыңғыс ханнан тараған,
Тамыр жайған әз Жәнібек данадан.
Жеті атасы – түгел ханның тұқымы,
Абдолла әке сұлтандыққа жараған.
Өйткені оның төрт баласы кіл мықты,
Алысқанын бет қаратпай шын жықты.
Жолбарысы ұлы жүзге хан болып
Ел басқарды, айтсақ егер шындықты.
Содан кейін Әбілқайыр
61
 топ жарды,
Талантты ердің Құдай жолын оңғарды,
Кіші жүздің ханы атанды атақты,
Бағындырды небір биік заңғарды.
Бақ бекерге қонбайды екен, тегінде,
Қыран ғана шарықтайды көгінде.
Нағыз сұлтан – Ниязы мен Досалы,
Ең беделді жандар болған елінде.
Әңгімеміз Әбілқайыр жайында,
Батыр жастай жүрген дәйім бабында.
Ақылы мен парасаты сай келіп,
Шешкен талай жұрт тағдырын тағында.
Белін жазып ат үстінен түспеген,
Қарсы шапқан дұшпанына күштеген.
Төрт жағынан жабыла жау анталап
Қоршап алған, бар білгенін істеген.
 
61. «Аңыз Адам» журналы (№2(38), қаңтар, 2012ж.)

48
Бәрінің де беріп әбден сазайын,
Өкіндіріп азаптады жаз айын.
Аңырақай шайқасында жоңғарды
Талқан қылып, үстем етті қазағын!
Мойындатып орысыңдай алыпты,
Башқұрт, казак тынысын да тарылтты.
Осылайша бас қолбасшы атағын
Биікте ұстап, нар тұлғасын танытты.
Сөйткен сондай ерге жала жауыппыз,
Масаттандық балағынан қауып біз.
«Тастап кетті неге майдан даласын?» - 
Деп нақақтан бойынан мін тауыппыз.
Сол заманның байыбына бармастан
Ұят болды-ау жағасына жармасқан.
Неге үш жүзге бас қолбасшы сайладық?
Мұны ескермей, жауға айналдық арбасқан.
Хас батырға хан атағын қимадық,
Сөйтіп оның шыбын жанын қинадық.
Қу дәстүрмен сағын ердің сындырып,
Тозған сасық кеудемізге симадық.
Соғып ылғи қол шоқпарын жақынның,
Кеттік алыс ауылынан ақылдың.
Сәмеке мен Әбілмәмбет таласып
Жолын кесті Әбілқайыр батырдың.
Содан кейін қазақ жолы оңбады,
Көк аспанын қайғы бұлты торлады.
Ешқашан да хандар басы бірікпей,
Өз ұлтының болашағы сорлады.
Дәл осыдан сабақ алмай келеміз,
Байлық, мансап жолында шын өлеміз.
Әлсіретіп ұлық билер кеңесін,
Қайырлады құмға батып кемеміз...

49
ЕРЖҮРЕК АЗАМАТТАР АТҚА ҚОНДЫ ...
(Кенесары Қасымұлына, 1802-1847 ж.ж.)
Қаһарман Қасымұлы Кенесары
62
-
Қазақтың дара туған есіл нары!
Өйткені қан майданда қас батырдың
Ерлігін асқақтатқан жердің шары!
Тарайды арғы тегі хан Шыңғыстан,
Атасы Абылайдың даңқы шыққан.
Әкесі Қасым сұлтан осал емес,
Ресей бұғауымен арпалысқан.
Ешқашан қиналмаған халық бұлай,
Қалтылдап өмір сүрді қалытқыдай.
Шайқасты соғыс құмар орысыңмен
Жолынан ата-баба ауытқымай.
Қорғады бар болғаны өз өлкесін,
Сүйреді алға қарай өнер көшін.
Өзгені қорламады тіршілікте,
Біреуге түсірмеді көлеңкесін.
Кенелтіп қуанышқа жүрсін көпті,
Шынында, кейінгілер қусын кекті.
Сұлтандар Саржан, Әділ, Есенгелді
Бостандық әперсем деп қыршын кетті.
Осылай үш ағасы өлді елім деп,
Қалайша күнелтеді кім жеңілдеп?!
Құрысын ар-намыссыз бүйткен тірлік,
Далақтар тойған аттай құр жемін жеп.
Ал оған Кенесары намыстанды,
Жинады маңайына арыстарды.
Ержүрек азаматтар атқа қонды,
Қу түлкі мінезділер қалыс қалды.
62.  Өлеңдегі  мағлұматтар  «Аңыз  адам»  жұрналынан  (№21  (33),  қараша, 
2011 жыл) алынды.

50
Бас тартпай жүрегінің әмірінен,
Тіледі тек жақсылық Тәңіріден.
Мұраты – азат ету дана халқын
Қоқанның қоқаңдаған зәбірінен.
Босатып құсбегілер құрығынан,
Құтқарып бай-манаптың қулығынан,
Мақсаты – алты алашын аман сақтау
Қырғыздың шолтаңдаған бұйрығынан.
Қолдамай жауыз дұшпан желік ісін,
Сездірмей іштегі зор өкінішін,
Кәпірдің өртеймін деп сес көрсетті
Қаптатып салған барлық бекінісін.
Қанқожа
63
, Шыңғыс
64
, Мұса
65
, Ыбырайлар
66
-
Жан-жағын жалмап жұтқан сұмырайлар.
Би, сұлтан атанғаны кімге дәрі?!
Сүлікше сорды-ау елді түбі лайлар.
Шықпады тәтті жеміс бұдан әлі,
Шырқалды қазағымның құрақ әні.
Жоқ қылдық ақырында Қасымұлын,
67
Қайда деп жұрттың текті сұра мәні?!
Ешкім де оған жауап таба алмады,
Табам деп шімірікпей және алдады.
Осылай өтіп жатыр ғұмырымыз,
Жанды жер бабалардың ақ арманы...
63.  Қанқожа  Тәтенов  –  арғы  атасы  Жәңгір  Абылай  ханмен  бірге  туған, 
әкесі Тәтен де – аға сұлтан болған кісі, ал өзі – Көкпекті дуанының аға сұлтаны.
64. Шыңғыс Уәлиханов – Көкшетау дуанының аға сұлтаны, подполковник.
65. Мұса Шорманов – Баянауыл дуанының аға сұлтаны, жасауыл.
66. Ыбырай Жайықов – Ақмола дуанының аға сұлтаны.
67.  Кенесары  Қасымұлы  –  қазақтың  ең  соңғы  ханы,  ең  ірі  ұлт  азаттық 
көтерілістің ұйымдастырушысы әрі қолбасшысы.

51
ҚҰДІРЕТТІ КҮЙШІ
(Құрманғазы Сағырбайұлына, 1818 – 1889 ж.ж.)
Мың тоғыз жүз он сегізінші жыл еді,
Бұрынғы Бөкей Жиделісі түледі.
Қызылқұрт кірер кіші жүзде Байұлы
Жұпыны кедей Сағырбайдың жүрегі
Шаттанған үйде естілді үні нәресте,
Босанып Алқа, емізді ұлын, бәрі – есте.
Сүт шықпай қойды, сорды сәби емізік,
Бірінші көрген «қуанышы» емес пе?!
Осылай бала жөргегінен жарымай,
Ақ сүтін ана ембей өсті танымай.
Шақыртып молда, ат қоятын жоқ шама,
Мұқтаждық езді түп етектен тартып-ай.
Сағырбай сонда екі көзі күлімдеп:
«Сыйлаған Алла Құрман айт қой бүгін деп
Есімің сенің Құрманғазы
68
 атансын»,- 
Деді үш мәрте дауысы зор гүжілдеп.
Амалсыз өсті балауса ұлан жоқтықта,
Қызыға қарап бай ұлы мен тоқтыққа.
Әкесі оның тым момын-ақ өнерсіз,
Шешесі Алқа мінезге ырза соқтықпа.
Қағылез балғын тез ер жетіп шынықты,
Тұрмыстан тапшы сарқылмас зор сыр ұқты.
Көңілі қалып ерте емшектен суалған,
Тәртіпке салды небір есер бұзықты.
Домбыра жасап, тартуды оны үйренді,
Әуенге елтіп, ғажайып бір күйге енді.
Сағырбай шошып, өнерінен сескенді,
Апасы ғана іштей гүлдеп түрленді.
Сом дене – сұлу, жауырыны қақпақтай,
Жас балуан жықты ар-намысын таптатпай.
68. Құрманғазы туралы мағлұмат академик Ахмет Жұбановтың «Ғасырлар 
пернесі» («Жазушы» баспасы, Алматы, 1975, 26-114- беттер) кітабынан алынды.

52
Көркемдік бірге ерен күшке қосылып, 
Талайдың мынау қойды ғой көгін жайқалтпай.
Қол қысқа бірақ, тарылтты әбден тынысын,
Не жазды сонша, кетті ме ішіп ырысын?!
Шағбала байдың бақты малын зорығып,
Итшілеп өткен жалтақ күні құрысын!
Не дейін бұған, ештеңеден торықпай,
Күдерін үзбей, өлімнен де қорықпай,
Күйлерін тартты, қайшылығын тағдырдың
Шеше алмай сорлап, жүрсе де мейлі соны ұқпай.
Есейді жиі дәмін тартып түрменің,
Тепкісін жеді қатыгез қу кірменің.
Сонда да дұшпан сындыра алмады сағын да,
Шіренген байда да төрінде әсем күйменің.
Бірде байқап өр ұлының көз жасын,
Жағынан ұрды аямай Алқа өз басын.
«Батырды тудым деп ерлесем өмірде,
Болды ма балам шірік қуыс қорғасын?!»
Осыдан кейін Құрманғазы қатайды,
Тәні сау құрыш, жаны сірі аталды.
Күн-түні жортып ауыздықпен су ішті,
Жау қашты ерден Махамбеттей қаһарлы!
Бозбала жастай күй өнерін дамытты,
Онсыз да «кесел, ауыр дертке» шалықты.
Домбыра көрсе, отыра алмас тыпыршып,
Өзінен-өзі шабыттанып жанықты.
Домбыра сырын жеңді ақыры жан-жақты,
Ғұмырын түгел соған ғана арнапты.
Дәулескер күйші болды ол нағыз ғаламат,
Қарсыластарын шаң қаптырып салмақты.
Күйлерін төкті айтары асқақ нөсердей,
Сөйледі дейсің халқына абыз шешендей!
Қосылды барып Исатайға сенгеннен,
Басқарды жасақ топтарын да көсемдей!

53
Күйдің де өзі – шын құдірет екенін
Танытты Ахаң, қасиетті мекенін.
Құрманғазы атындағы оркестір
Ойнаса үні арқа қозып кетерін
Біледі елі, біле тұра шыңына
Жеткізе алмай, ұшырадық сынына.
Бақ қонған сол-ау – күллі нұрлы әлемнің
Айызы қанса сегіз қырлы сырына!
 
 
ЖАМПОЗ
(Майкөт Сандыбайұлына, 1837-1902ж.ж.)
Айтпаймын мақтау сөзді кекіріп құр,
Сөйлеймін мен де бүгін желпініп бір.
«Жампоздың» тұсау кесер кешінде бұл
Ретін Майкөт бабам келтіріп тұр.
Бабамның шертілмеген күйі неге,
Дегенде жұрты қайда жырына еге?
Қуаныш, Баян, Аян, Серікбектер
69
Тірілтіп қайта әкелді дүниеге!
Сол үшін соларға мың айтам алғыс,
Өйткені ақындар бар қалған жалғыз.
Төртеуі ізгілікті іс тындырды,
Қумады біреулердей жалған намыс.
Міне, біз соған ырза сезімдеміз,
Күншілдің мұңға батар көзінде күз.
Армансыз жанға балар өзін анық
Қалдырса әркім туған жерінде із.
Санайтын шын данышпан өзін білдей 
Қу ғалым кесірінен келдік білмей.
Жатпайды алтын біткен шаң астында,
Жарқырап шықты Майкөт нұрлы Күндей!
Себебі – жыры жауһар артындағы,
Жамбыл да шәкіртінен тартынбады.
69.  Бәрі де - Майкөт ұрпақтары.

54
«Именіп өзге ақындар бәйпектеген»,
Айтыста ешқашан да алқынбады.
Өтті ол өмір, өнер мектебінен,
Сыр түйген қарт Қаратау бөктерінен.
Арқасы қозып кеткен сәттерінде
Аумаған асыл текті көк бөріден.
Жырын да нөсерлетіп төгеді үдей,
Қалапты сөзді құрлыс шеберіндей.
Айтысы Құлан аяң Құлмамбетпен
Ойымның бұлтартпайтын дәлеліндей.
Майкөттей шайыр аз-ау таза нағыз,
Мынадан құдіретін бағалаңыз:
«Сүйінбай, Майлықожа, Бақтыбайдың
Бәпігін басқандығы – ғажап аңыз!»
Жырау ол дарынымен баққа жеткен,
Сондықтан ұрпағы оны мақтан еткен.
Бүгінде ақынсымақ толып жатыр
Байлыққа бола ардан аттап өткен.
Соқса да алдан талай дауыл қатты,
Ел мұңын жоқтап жаны дабыл қақты.
Мықты ақын шығатынын аз Ыстыдан
Басқаға бас идіріп мойындатты.
Жанары қадалғанда шың басына
Табиғат айналғандай сырласына.
Ғажайып шырай қосқан серілігі
Түйілген қаршығадай тұлғасына.
Жанына ұлт қайғысы батып іштей,
Жырлады дастандарды алқымы іспей.
Көрінді ел көзіне ерекше ерлік
Артына қалдырған бір жарқын істей.
Майкөттің қатарынан зор құлашы,
Бізге сын – жиналмаған мол мұрасы.
Бүгінгі «Жампоз» атты кітабымыз –
Алдағы ұлан-асыр тойдың басы!

55
ӨЛЕҢ ОҚЫП ЖАТЫПТЫ ҚОС ӨКПЕСІ
(Ұлбике Жангелдіқызына, 1825-1849 ж.ж.)
Топырағы Таластың ақынға бай,
Аян беріп түсімде шақырғаны-ай...
Соның бірі – Ұлбике қылыш тілді
Айтысқанда шығатын жарқылдап-ай.
Жастайынан айналған аты аңызға
Бас иеміз бүгін біз апамызға.
Нағыз шайыр атанған кіл қожалар
Тыпырлапты «орақ тіс, от ауызда».
Әттең, жары тоздырды-ай шын жүйкені,
Кесірінен Ай жүзін мұң бүркеді.
Бірақ небір мықтылар іздеп келіп
Жеңе алмапты ару қыз –Ұлбикені.
Әлі жетпей Бойтандай шірігіне,
Көміліпті дертінің күйігіне.
Өмірі өксіп, азапты күн кешсе де,
Айналасын табынтқан білігіне.
Көп ұзамай білсе де өзі өлерін,
Биік ұстап өтіпті сөз өнерін.
Қызғалдақтай ғұмыры ерте үзіліп,
Өкініші өртеді ел өзегін.
Жұртқа мәлім дүмшелер көгертпесі,
Шариғатқа жүгінген желөкпесі.
Сенбей сойып қараса көкірегін,
Өлең оқып жатыпты қос өкпесі.
Көрген қауым ботадай боздағанда,
Сұр қалмапты қайғырған боз даламда.
Тау теңселіп аһ ұрған көрінеді,
Бір әумесер өкпені қозғағанда.
Келмеп еді бәріңді мұңайтқым да,
Алдарыңда шер толы сыр айтқым да.
Амал қанша, тағдыры Ұлбикенің
Осылайша қорланған шөлейт құмда.

56
Қорланғанмен пәк тәні ұлы ақынның,
Отты жыры – өзі еді сұрапылдың!
Жолындағы дұшпанын жайпап өтті
Кесек атып тасада тұратын  мың.
Енді қазір куәміз дәл осыған,
Қайта түлеп өмірі, бағы ашылған.
Шешендігі – сарқылмас бай қазына,
Сөздерінің қыл өтпес арасынан.
Кейінгі ұрпақ үлгі етіп өнегесін,
Кеңейтеді ақындық керегесін.
Туған күнін ел-жұрты мәңгі тойлар,
Жалғастырып бүгінгі мерекесін.
Сондықтан да нұр жанған маңдайында,
Ұясы бар өлеңнің таңдайында.
Көсіліп бір жыр оқу қандай бақыт
Ұлбикедей ғажайып жан жайында!
АБАЙ – ДАНАМ
(1845-1904 ж.ж.)
Бірінші өлең
Пайғамбарым, Өзіңіз қара өлеңде,
Жырыңды оқыр қамықса ел егерде.
Құдіретті өнердің арқасында,
Қазағыңды таныттың бар әлемге.
Сізге, бабам, ешкімді теңгермейміз,
Ақылыңмен тыныстап, өрге өрлейміз.
Спиноза, Платон, Сократтан
Санамасақ Сізді артық, кем көрмейміз!
Сондықтан да келгенің 150-ге
70
Жер жүзінде ерекше еленуде.
Бүкіл дүние тойлауда барын салып,
Сіз арқылы халқың да көгеруде.
70.  Туған күні – 10 тамыз 1845 жыл.

57
Мен де бүгін сиынып аруағыңа,
Өзің болып қараймын жан-жағыма.
Абай бабам, әрдайым жебеудесің
Қанат беріп балалық арманыма.
Ұққандаймыз жырыңның қасиетін,
Бойтұмар ғып тағамыз өсиетін.
Қазақ қандай дегенде Сізді айтамыз,
Пірімізсіз мәңгілік бас иетін!
Екінші өлең
Қайтем енді, тойыңа бара алмадым,
Көру еді тәлімін – ой-арманым.
Кіргізбеді қу әкім тізіміне,
Қатты батты үйіме қамалғаным.
Қатты батты қалғаным тоғышардан,
Тойда отырмақ халқынан қарғыс алған.
Ел үстінен күнелткен алаяқтар
Мақтан үшін барынша жанын салған.
Жетпесе де ақылы сөзіңізге,
Алыпсатар тайраңдар төріңізде.
Ұқпайтындар жас ұрпақ тәрбиесін
Кісімсініп сөз сөйлер еліңізге.
Абай данам,
Бара алмадым тойыңа, қалдым жасып,
«Өшімді» алдым өлеңнен ұйқым қашып.
Ең болмаса бір өлең жатқа оқымай
Мырзасымақ жүреді-ау алшаң басып.
Қайтем енді, болмады басқа амалым,
Дәрменсізбін, малынды жасқа жаным.
Рухыңмен өзімді қайрасамда,
Бүгін менің мұңдылау қос қабағым...
Үшінші өлең
Абай данам,
Құдіретің жоғары тұр санадан,
Есті ақындар Өзіңді пір санаған.

58
Ессіздері сыртыңнан жала жауып,
Зор тұлғаңды барынша тұмшалаған.
Кей пақырлар сыныңа шыдамаған
«Ұлтшыл ақын» деп талай кінәлаған.
Саған деген сырымды ақтарылып
Айтпай кетсем, болмай ма күнә маған?!
Қырқысуды өзді-өзі қоя алмаған,
Ызаң қайнап халқыңа оянбаған,
Бар өшіңді өлеңнен алғандайсың,
Ал, жүрегің  оған еш тоя алмаған.
Бай-болыстар ел басын құрамаған,
Арлы ақындар оларға ұнамаған.
Мыңмен жалғыз алыссаң ел қамын жеп,
Бүгінгі әкім байлықтан тұралаған.
Өзіңнен мен сол үшін ұяламын,
Ақылыңды есіме жиі аламын.
Поэзия көгінің пайғамбары,
Отты жырың кеудеме құяр ағын.
Абай данам,
Аруағыңның баспайды мысы кімді,
Өз сөзіңмен емдеймін ісігімді.
Кеудемдегі сағыныш жырдан қашап,
Соқсам деп ем ғажайып мүсініңді.
Соға алмасам айыпқа бұйырмағын,
Білесіз ғой балаңның қиын бағын.
Быт-шыт болды бұрынғы көзқарасым,
Түсіне алмай қойдым-ау миымдағын.
Десем-дағы, ырзамын тағдырыма,
Күн сәулесі түскендей бар қырыма.
Өмір мәнін енді-енді ұққандаймын,
Арты – өкініш, шамшырақ – алды мына.
Мақтан еткен киелі жыр тағыңды
Жанарымнан қайғының бұлты арылды.
Ғасырлардан ғасырға ұзатып сап
Жүрер дана ойыңыз ұрпағыңды!

59

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал