Зернебек Шілдебайұлы Ұлылар ұЛАҒаты (өлеңдер мен толғаулар)



жүктеу 2.8 Kb.

бет1/13
Дата02.06.2017
өлшемі2.8 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1
Зернебек Шілдебайұлы
ҰЛЫЛАР
ҰЛАҒАТЫ
(өлеңдер мен толғаулар)
Алматы – 2014

2
УДК 821.512.121
ББК 84 (Қаз)
Ш 82
Шілдебайұлы З
 
Ш  82    Ұлылар  ұлағаты.  /Өлеңдер  мен  толғаулар

 
Алматы, «Ан Арыс» баспасы, 2014ж., 200 б.
ISBN 978-601-7476-11-2
 
Өлең сүйер қауымға белгілі Зернебек Шілдебайұлының 
осы жыр жинағына ұлылар әлемінің мазмұны бай, идеясы 
жарқын, ғибратты тереңіне бойлаған шайырлық сырлары 
топтастырылған. 
Еліне  ерен  еңбегі  сіңіп,  азаттық    пен  бостандық 
жолында  арыстандай  айбат  шегіп,  жолбарыстай 
жұлқысып өткен, ғұмыры жастарға мәңгі өнеге, мол тәлім-
тәрбие, өмір мен ұлты туралы тағылымды нақыл айтып, 
өсиет еткен халқымыздың біртуар дана тұлғаларын, аңыз 
абыздары  мен  кемел  қайраткерлерін,  ғұлама  ғалымдарын, 
көреген  көсемдері  мен  ділмар  шешендерін,  қаһарман 
батырлары  мен  арқалы  ақындарын  жырлаған,  іштегі 
шерімізді  қозғап,  қазақ  мұраты  мен  жастары  жайында 
жазылған поэзиялық туындылары біріктіріліп берілді.
Жыр  жинағы  мұғалімдердің  күнделікті  сабағында 
ғылыми-педагогикалық  және  әдістемелік  көмек  беру 
қызметін де атқарады. Сонысымен де құнды.
УДК 821.512.121
                                                                    ББК 84 (Қаз)
ISBN 978-601-7476-11-2
                                                © Шілдебайұлы З,. 2014ж.
© «Ан Арыс» баспасы,. 2014.

3
Осы еңбегімді әкем  Шілдебай
мен шешем Күмісжанның  аруағына 
бағыштадым.
«ОРАҚ ТІС, ОТ АУЫЗДЫ» АҚЫН
Қолымызда – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, 
білім  беру  ісінің  үздігі  Зернебек  Шілдебайұлының  «Ұлылар 
ұлағаты»  деген  атаумен  берілген  өлеңдер  мен  толғаулар 
қолжазбасы.  Оқып  шығып,  соңғы  парағын  жапқан  кезде 
қандай сезім күйінде болдық, көкейімізге не түйдік мәселесі 
бой  көтеріп,  жанға  тыныштық  бермегені  -  шындық.  Сол 
шындыққа  көз  жеткізу  үшін  ойымызға  оралған  алғашқы 
сырларымызды ақтарайық.
Ең  бірінші,  жазушы,  мемлекеттік  сыйлықтың 
лауреаты Дүкенбай Досжанның автор Зернебектің «Қазақ 
университеті»  баспасынан  жарық  көрген  тұңғыш  өлеңдер 
жинағы  –  «Кеудемдегі  кептерім»  кітабы  туралы  мақала 
жазып,  оқырмандық  әсерін  бөліскені  есімізге  түсті.  Онда 
ол  былай  дейді:  ««Кеудемдегі  кептерім»  жинағы  –  осы 
замандағы  кітап  тасқынының  ішінде  бойға  азон  ауасын 
дарытқандай,  кәусардің  тастай  суын  ішкендей  ерекше 
әсер, ғибратқа бөлейтін ырғағы бай, өрнегі сан алуан, кірсіз, 
риясыз көңілдің көшірмесі».
Біз де көрнекті қаламгердің ағалық қамқорлығын білдіріп, 
жүрегі таза ақ пейілмен төгілте төгіп айтқан сүйіспеншілік 
ыстық ықыласты лебізіне толық қосыламыз, алаңсыз кәміл 
сенеміз. Өйткені оған шайырдың мына бір шумақ ойын дәлел 
ретінде келтірсек те жеткілікті: «Шіркін-ай, сүйсе ол мені, 
Дәл  мендей  ессіз  ынтығып,  Жанымның  осы-ақ  болды  емі, 
Кетер ем жайнап, құлпырып...».
Осы  шумаққа  қатысты  Дүкенбай  ағаның  пікірі  де 
салмақты. Ол «Бұл баяғы сарыуайымға салынған бәйітшіл 
ақындардың  сарыны  секілді  сезілсе-дағы,  ұстаз  жырлаған 
таза  сезім,  тұғырлы  сүйіспендіктің  сөзі.  Зернебек  ақын 
өлеңдеріне  сусыныңыз  қанбай,  соншалық  іңкәр  сезіммен, 
ынтық пейілмен оқыған үстіне оқи түскіңіз келетіні тегін 
емес» деп махаббат теңізіне батырып жібереді. 
Мұны  оның  жаңа  жыр  жинағындағы  ғашықтық 
дүниесі де растай түседі. Мысалы, ол Айша бибі мен Қарахан 
махаббатын жыр еткен толғауында:

4
Тыңдаған құдіретті күйді мұндай                       а
Алдында тұра алмайды құлдық ұрмай.               а
Қарахан – Айша бибі махаббаты                        ә
Жастарға ғашықтықтың символындай.          а
Болса егер ерекше ыстық өз ошағы,                  а
Айшадай сүйсе жарын ер қосағы,                      а
Жүреді жас жұбайлар шырайланып,                ә
Бақытты күн кешеді болашағы! -                    а
деген әдемі түйіні жаныңызды жадыратады, байыпты 
да байсалды ойларға жетелейді.
Иә,  шайыр  диапазоны  өте  кең.  Бір  толғауын  бір 
толғауына,  бір  өлеңі  бір  өлеңіне  мүлде  ұқсамайды.  Түр 
жаңалығы  да  бай,  мазмұн  жаңалығы  да  сан  алуан.  Ең 
алдымен мына төмендегі түр мен мазмұн жаңалықтарына 
көз  қырын  салайық.  Бірінші  мысал  «Жолбарыс  жыры 
Жамбылдың» толғауынан алынды. Онда ол былай дейді:
«Сол кезде заман құйтырқы еді,                     а
Бетінен зәрі ушығып тұрған.                          ә
Арманы байдың – қу құлқын еді,                     а
Шалғаны батты батырын құрбан.               ә
Өр ақын нағыз тілімен өткір                          а
Хандардың ісін әшкере еткен.                         ә
Тәкаппар Тезек төреңді жеп бір                    а
Орақ тіс жырау Сүйінбай өткен».                ә
Өлеңді  ақын бастан-аяқ қатаң тәртіпке бағындырып, 
он  буындық  күрделі  өлшеммен  жазып  шыққан.  Көсіліп 
шабатын  қара  өлең  құдіретінің  ығында  кетпей,  өз 
ұстанымын  берік  сақтап,  еш  ауытқымай,  бірде-бір  рет 
кібіртіктемей, ой жүйесін он буындық шалыс ұйқас өлшеміне 
түгел мойынсұндырып, еркін сілтеген. Түр мен мазмұны әсем 
үйлесіп,  керемет  келісім  тауып,  жарасып-ақ  тұр.  Артық 
буын, артық өлшем, ақсақ ұйқас таппайсыз.
«Бетінен  зәрі  ушығып  тұрған»  заманның  түсі  қандай 
сұсты  болса,  «құйтырқылығы»  сондай  зымиян,  зұлым 
еді.  Ал  қауіптілігі  одан  да  зор,  халықтың  соры  болатын. 
Шумақтағы өмір шындығы бүгінгі дәуірде де сол зар күйінде 
ботадай  боздайды.  Еш  өзгеріс  байқалмайды.  «Қой  терісін 
жамылған»  қасқыр  тәрізді  ақ  гвардияшылары  да,  қызыл 
гвардияшылары да, болшевиктері де, меншевиктері де өте 

5
сұм  айлакерлігімен  өз  мемлекетінің  жерін  кеңейтіп,  басқа 
ұлтты қанау арқылы өз ұлтын байыту мақсатын көздейді. 
Патша өкіметі де, Кеңес үкіметі де сол жолдан айырылмады. 
Халық жаулары өз үстемдігін қолда нық ұстап тұру үшін 
ешнәрседен тайынбады. 
Енді  1986  жылғы  Желтоқсан  оқиғасына  ой  жүгіртіп 
көрейік.  Сол  көтерілістің  басты  қаһармандарының  бірі  – 
Рысқұлбек  Қайрат  Ноғайбайұлының  азаматтық  ерлігіне 
тоқталайық.  Қанды  қырғынды  коммунист  ретінде  өз 
көзімен көрген лениншіл педагогтың өз ұлтының батырына 
айналған  ержүрек  ұлына  арнаған  «Жанымды  жеген  дерт» 
өлеңінің түйіні мына соңғы екі шумағында мен мұндалайды:
«Бауыр десе езіліп елжіредің,                        а
Таза бұлақ сияқты мөлдір едің.                    а
Күйі өзің боп кеудемнің туған жыры,          ә
Сені жоқтап көзімнің тамды жасы,           б
Тәуелсіздік туындай желбіредің.                  а
Байқоңырдан зорға бұл қазақ ұшқан,           а
Ал Семейі у ішіп, аза құшқан.                       а
Азаттықтың алғашқы құрбандығы,          ә
Азаттықтың алғашқы қарлығашы           б
Болған саған – қарыздар Қазақстан!»        а
Бұл  арада  ақын  бүкіл  ойын  екі  шумақтан  тұратын, 
он  тармақтан  құралған,  қазақтың  өзіндей  қарапайым, 
кәдімгі  он  бір  буындық  жыр  жолдарына  сыйдырып,  соны 
да көркем өрнекпен, көрікті сұлу тілмен жырлаған. Поэзия 
заңдылығына  еш  қылау  түсірмей,  тәртіпті  басшылыққа 
алған ақын шеберлігіне еріксіз риза боласыз, «туған жыры», 
«құрбандығы»  (б)  және  «тамды  жасы»,  «қарлығашы» 
(в)  ұйқастарының  шымырлығына,  көріктілігіне,  көтеріп 
тұрған ой жүгінің салмақтылығына сүйіспеншілік сезіммен 
қарайсыз.
  Үшінші  дәлелді  ақынның  Махамбет  Өтемісұлын 
жыр  еткен  «Тулады  торда  барыстай»  өлеңінен  алғанды 
орынды  санадық.  Осы  арнаудың  соңғы  екі  шумағы  былай 
аяқталады:
«Күн кештім қилы заманда,               а
Әділет болды қорғаным,                      ә
Шындықтың туын ұстадым.            б
Өсекке толып жан-жағым,                г

6
Мертігіп аппақ арманым,                  г
Балшықта жастай малтығып,       ғ
Құрдымға баттым тартылып,       ғ
Алыстым аңдай жаралы!                 д
Жалғыздық жаман жалғанда,         а
Тарылды барар аймағым.                  ә
Жауыздан қорқып құспадым,           б
Шайнауда қалды бармағым,             г
Атпады асыл таңдарым.                  г
Жарасқан сәні ұямның,                     в
Аңсаған тәтті қиялдың                   в
Қашты үркіп Азат маралы...»        д
Мұндағы  «Азат  маралы»  деп  отырғаны  –  Бостандық 
таңы!    Идеологиялық  жағынан  теңдік  алсақ  та, 
экономикалық  жағынан  қолымыз  құрсауда,  басымыз 
байлаулы,  жағымыз  қарысқан.  Үркек  қояндай  жан-
жағымызға жалтақтаймыз.
Өлең  әріптермен  берілген  неше  түрлі  үлгідегі  жұмыр 
ұйқастар – қазақ поэзиясына қосылған тың жаңалық. Бұған 
әр жолдағы шынайы көркем бейнені қосыңыз, соны жаңалық 
құндылығы оқыған адамды өзіне магниттей тарта түсетін 
қасиетімен бағалы.
Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйініне  келсек, 
жоғарыда  біз  мысал  ретінде  алған  өлең  шумақтары  ақын 
қаламының қуаттылығын, ойының тереңдігі мен кемелдігін, 
мазмұн  байлығын,  қазақ  поэзиясына  қосқан  жаңалығын 
танытады.  Ең негізгісі – кітапты түгел оқып шықсаңыз, 
қазақ халқының сонау қадыл заманынан бастау алатын, небір 
«тар  жол,  тайғақ  кешуді»  басынан  өткізген,  бұлтарысы 
мен  бұралаңы  бітпей  келе  жатқан  тарихи  тағдырын  көз 
алдыңызға  елестетеді,  бүкіл  өмірінен  хабар  береді.  Демек, 
тұтас қазақ тарихының панорамасын жасап, дәріс оқыған 
ұстаз тағылымын ұққандай сезімде жүресіз. 
Сондықтан да Зернебекке жыр сапарындағы тағы бір 
сәтті қадамына ұзақ ғұмыр тілеп, қанаты талмасын дегіміз 
келеді.
Сман Бақтияр Өрісбайұлы,
педагогика  ғылымдарының докторы, профессор,
Халықаралық педагогикалық білім беру
(Ресей) және Еларалық Айтматов 

7
(Қырғызстан) академияларының 
академигі, Қазақстан Республикасының 
білім беру ісінің құрметті қызметкері, 
Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, 
ұлағатты ұстаз.
 

8
АДАМ АТА - ХАУА АНА
(VII-VIIIғ.ғ.)
Дүнuенi ауызына қаратқан
Алла
1
 әлемді алты күнде жаратқан.
Оған дейін тіршілік жоқ жер жүзiн 
Топан су мен қараңғыға қаматқан.
Бәрінен бұл қоя тұрып Адамды
Ең әуелі пішіндепті Ғаламды. 
Бұйрыпты «Жарық болсын!» деп тілеп, 
Сөйmiп алғаш «Күн менен түн» жаралды. 
Сырт келбеті топан сумен жарасқан ,
Содан кейін пайда болды көк аспан. 
Ізінше оның бой көтерген тәрізді 
Бiр-бiрiмен мұхит, құрлық санасқан. 
Осыдан соң Құдай жерді жарылқап,
Басқалары түйсігімен таңырқап,
Сыйға тартқан шөп пен түрлі жемісті,
Өкпелілер қалғандай ма жабырқап?!
Төртінші күн – күрт өзгеріс білінді,
Көк аспанға сан алуан шам ілінді.
Күндіз – Күнің, түнде – Ай, жұлдыз жарқырап,
Санаттырды жылың менен күніңді.
Сүп-сүйкімді жаратылыс әдемі
Керек еді болғанымен әлегі.
Ал бесінші күні мұхит, теңізде
Орнады зор балық, балдыр әлемі!
Алтыншы күн – Қара жердің бетінде,
Мейлі боран, мейлі дауыл өтінде,
Жан-жануар, хайуанаттар қаптады,
Тәңір берген өз қызығы еркінде.
Ісіне ырза Жаратушы  иеміз,
Алдында оның біз де басты иеміз.
1  «Аңыз Адам» журналына (№16(52), тамыз, 2012ж.) сүйендік.

9
«Енді Адамды жасайтұғын кез келді, 
Ерекше өңді түр-тұлғасын сүйеміз»,- 
Деген сөзі кешірімді Алланың
Жанға жағып, балқығандай жан-жағың. 
Қабырғасын сөгіп Адам атаның
Әкелді әйел, жанды жайнап аймағың.
Екеуі де жүрек үнін тыңдасып, 
Серуендеген киялымен шыңды асып. 
Шаңырағын махаббатпен бастапқы 
Құрған екен Хауа анамен сырласып! 
Осылайша Адам ата, ойлаңдар, 
Құдай қосқан қосағымен болды айбар! 
Хауа анадай жұбайымен ең сұлу
Атанды ғой ең бірінші пайғамбар!
Тұла бойда әдемілік азайып
Көрген емес, ақты бұлақ тазарып.
Теңдесі жоқ асқан ару екен-ау, 
Мейірім мен адалдыгы ғажайып! 
Бүкіл мынау пайғамбарлар досы нар –
Адам ата жолын кім бар басынар?!
Мынау жарық дүниеде ең алғаш 
Ұрпақтарды таратқан да - осылар! 
Жаңылдырмас қанағатшыл тобаңнан 
Айналасың сол бiр таза қоғамнан! 
Адам ата, Хауа ананың алаңсыз 
Дәуірі, әттең, қайтып келсе – жоқ арман!

10
АБЫЗ ҚОРҚЫТ АҢЫЗЫ
(Қарақожаұлы Қорқыт атаға, VII-VIII ғ.ғ.)
 
Пайымдар өзінше әркім өмір мәнін, 
Бұзды әбден күшті Ислам Тәңір сәнін. 
Өз  халқын теспей сорған бай-манаптар 
Шырқап жүр еш алаңсыз көңілді әнін. 
Жетінші ғасыр соңы болатын бұл,
Бағына жайды оғыздың қанатын ұл. 
Үш ханға бас уәзір атанғаны 
Жасады оны Аллаға жағатын құл. 
Жан екен тоқсан бес жыл ғұмыр кешкен, 
Күреспен абыройлы mұғырда өскен. 
Елінің бақыты үшін жаралыпты, 
Шығарма,оқырманым, мұнымды естен. 
Көріпкел, ақын, жырау, жыршы, бақсы, 
Абызды жағалапты өңкей жақсы. 
Бүгінге оннан астам күйі  жеткен 
Қорқытты
2
  бізден басқа ұлттан тапшы!
«Шіріген мақтаңыздан мата шықпас», 
«Жауыңнан ескілікті досың шықпас». 
«Бас аман болса бөрік табылады»,
«Жауса да жапалақ  қар жазға қалмас». 
Осында шымыр ұйқас жарасымды,
Жинаған нақыл да тұр бар асылды. 
Ұғасыз Қорқыт ата қасиетін,
Тұлпарын жырау жырдың таң асырды.
Айmайын  кім екенін сұрасаңыз, 
Сырына қанығасыз шыдасаңыз. 
Баласы Қарақожа – Қорқыт ата 
Жайында аңыздар мол, сірә, нағыз. 
Жұртыма баяндайын жөн білетін,
Пенде көп бір ісі жоқ көзге ілетін.
2«Аңыз Адам» журналы (№6(18), наурыз, 2011ж.).

11
Бұл аңыз көптен бері толғандырды,
Келтірер кезі келді сөз ретін.
Басыпты қара түнек ол туғанда,
Соқты ауыр дүлей боран жол  қуғанға.
Қоршады Қаратауды сұп-сұр бұлттар,
Құт қашты жүргендерден  жайдақ құмда.
Сәбиден сөйлеп туған ел қорықты, 
Түрінен қатты шошып, шын торықты. 
Алайда ол туған соң бұлт ыдырап, 
Күн шығып, шуаққа жұрт кiл молықты. 
Ал халық балап мұны жақсы ырымға, 
Тойлады ұлан-acыp сай-қырыңда. 
«Есімі Қорқыт болсын!»- деп үш рет 
Айқайлап ат қояды бақ  сынында.
Өмірге келуi оның қандай бөлек 
Десек те, тiршiлiгi сондай ерек! 
Ұшқан құс, жүгiрген аң, жауған жауын 
Тiлiне болды Қорқыт жастай зерек. 
Бiр күні, қатқан шақта бұғанасы
Бердi аян түсіне енiп шал данасы. 
«Уа, Қорқыт, тұр орныңнан!»- дейдi әулие, 
Бiлген жоқ соның жайын жан баласы. 
«Нар атан жiлiгiндей саз аспабын 
Сен жаса, ойыма құр таласпағын. 
Шанағын қара бақыр сияқты қыл, 
Көнінен аруана адаспағын. 
Құтылмас ешкім құдай бұйрығынан, 
Ішегі – бесті айғырдың құйрығынан
Тиегi – ортекенің мүйiзiнен, 
Иесi болсын өнер тұнығынан. 
Атансын аспабыңның аты - Қобыз, 
Қолына ұстамасын заты - доңыз. 
Сол Қобыз қиялыңды шарықтатып, 
Жолыңа шырақ жақсын, қолда Оғыз!» 

12
Оянды соны Қорқыт естiгендей
Тәтті күй көкірегін тесті керней. 
Орындап әулиенің барлық шартын, 
Шерткенде қобызды алып есті желдей.
Көштi күй жүрегiнен Қобызына, 
Дүние құлақ түрді аңызына. 
Ерекше ғажайып бiр күй дарытты 
Қаптаған батыр, жомарт оғызына. 
Бiр аңыз ой салады бiзге былай: 
«Кiредi оқысаныз Сiзге шырай, 
Сол үшін дәріптейсіз Қуанұлын
3
Қаншама қарасақ та iзге сынай. 
Әлемнің  шетсіз, шексіз кеңдiгiнде 
Жас Қорқыт түс көрiптi ендi бiрде. 
«Қырық жыл өмір сүріп өтесің» деп 
Тiл қатқан қарт аяны көнді кімге?!
Содан соң Қорқыт іздеп өмiрдi өлмес, 
Мiндi ерттеп Желмаясын елге көнбес. 
Таба алмай Жерұйықты діңкелепті, 
Ұмытты қу өлiмдi ешкiм жеңбес. 
Жолығып бiр топ жанға қабір қазған
Сұрапты «Мұның не?» деп тағдыр жазған. 
«Қорқыттың көрін қазып жатырмыз» деп
Құрметпен қабіршілер қолын созған. 
Өлiмнен бұл жерде де құтылмасын 
Сезiнген Қорқыт күтiп үкім жасын, 
Одан да әpi iздедi үміт үзбей, 
Азаптап қайғысымен жұмыр басын. 
Барына шүкiр етiп ағайынның, 
Сырына қанықты ол әp ауылдың. 
Сандалып қайтып келе жатқанында 
Желмая ұқты ойын қожайынның. 
Сондықтан «мұңды әні» шердi қозғап, 
Астында иесінің жүрдi боздап. 
3. Қуанұлы – композитор Ахмет Жұбанов.

13
Түйенің боздағаны қобызынан 
Сүйектi сырқыратты шоқтай қоздап. 
Нәр құйған пендешiлiк өзегiне 
Оралды Сырдария өзенiне. 
Сол жерде Желмаясы ажал құшып,
Түсірдi зiлдей салмақ өз елiне. 
Тірліктің опа таппай жеңісінен, 
Қызықтың күдер үздi көбiсiнен. 
Ғұмырлық жан сepiгi - Қобызын ол 
Қаптады Желмаяның терісімен. 
Бір күні тағы қашты ажалды ойлап,
Кілеммен жүзді суда өзен бойлап.
Ойнады  күндіз-түні қобызында,
Көзінде өкініштің буы қайнап.
Бара ма күллі әлемге өзі сыймай,
Кете ме қыл-қыбырды бекер жинай?!
Күй бітсе тіршілікте, білді өлерін,
Сүйген жар, сүйікті ұлын жаны қимай!
Тоқтамай тарта берді «Өмір әнін»,
Кеміріп жеді уайым «Темір тәнін».
Осы әуен аяқталмай жолай алмас,
Алыстан аңдып ажал бітірді әлін.
Бір кезде сәл-пәл қалғып мызғағында
Тойымсыз қу құлқыны құмар жанға
Сұм өлім «қайрақ жылан» кейіпіне еніп,
Зәрлі уын шаққан сәтте құйды қанға.
Осылай Қорқытты ажал жеңді ақыры, 
Соңынан қалмай оның алды ақыны. 
Алайда музыкасы әділетті
Шайқасын жалғастырды, кем бе ақылы?!
Кем емес, түйіні зор пенделерге,
Ән-күйдің зардабына төзген ерге.
Мәңгілік жасампаз күш – өнер ғана,
Бұйырар соны аңсап көздегенге.

14
Десек те, адам үшін ғұмыр құнды,
Әйтеуір, күнелтеді шыбын құрлы.
Өлімге бас имейтін шын құдірет – 
Тек өнер екендігін  ұғындырды.
Сондықтан өнер үйрен заманыңда,
Ізденіп тапқын соның амалын да.
Әрине, алла сыйлар дарыныңды,
Сәттілік жалын атсын қадамыңда! 
Сондықтан жетілдіргін өнеріңді,
Қайғырма босқа ойлап өлеріңдi.
Даналық нақылыңды мұра қылғын,
Ардақта қобызың мен көне күйді!


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал