Земледелие, агрохимия, кормопроизводство, агроэкология, лесное хозяйство



жүктеу 69.9 Kb.

Дата27.05.2017
өлшемі69.9 Kb.

152 

 

ЗЕМЛЕДЕЛИЕ, АГРОХИМИЯ, КОРМОПРОИЗВОДСТВО, АГРОЭКОЛОГИЯ, 



ЛЕСНОЕ ХОЗЯЙСТВО 

 

 

ƏОЖ 575.24.1:633.11.16  

 

Ғалымбек Қ., Кохметова А.М., Маденова А.К., Кумарбаева М.Т.

 

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті



Өсімдіктер биологиясы жəне биотехнологиясы институты 

 

КҮЗДІК БИДАЙ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ҚОҢЫР ТАТ АУРУЫНА  

ТӨЗІМДІЛІГІН СКРИНИНГТЕУ 

 

Аңдатпа  Тат  ауруы  бидайдың  кең  тараған  жəне  қауіпті  ауруы  болып  табылады. 

Бидайды қоңыр таттан (қоздырғыш Puccinia recondita Rob. ex. Desm. f. sp. Tritici Erikss et 



Henn) қорғау, осы ауруды барлық қырынан зерттеуіне қарамастан, көкейкесті мəселе болып 

отыр. Қоңыр татқа бидайдың халықаралық зерттеу тəлімбағы (ICARDA–дан International 

Center for Agricultural Research in the Dry Areas) алынған  бидай  коллекциясын 

фитопатологиялық,  селекциялық  зерттеу  жүргізілді.  Өнімділік  белгілеріне  құрылымдық 

талдау  нəтижелері  бойынша 8 бидай  үлгілері (UIIAGEC-7, UIIAGEC-12, UIIAGEC-15, 

UIIAGEC-17,  UIIAGEC-22, UIIAGEC-24, UIIAGEC-27, UIIAGEC-28) іріктелініп алынды.  

ICARDA –дан  алынған  линиялар  фитопатологиялық  бағалау  барысында  олардың  басым 

көпшілігі қоңыр татқа əлдеқайда төзімді екені анықталды. Бұл құнды генотиптер болашақта 

қоңыр татқа төзімді сорттарды шығару үшін селекцияда бағалы бастапқы материал ретінде 

қолдануға болады. 



Кілт сөздер: бидай, сорт, коллекция, үлгі, патоген, қоңыр тат, төзімділік.  

Кіріспе  Қазіргі  заманда  азық-түлік  мəселесін  шешу  жер  щарының  халқының 

тіршілігін  қамтамасыз  ету  негізі,  бірінші  кезекте  ауылшаруашылығының  оның  негізгі 

саласы – өсімдік шаруашылығының тиімді жұмыс істеуіне байланысты. Астық дақылдарын 

өсіру Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуының əлеуетті бағыты болып табылады. 

Ал бидай тек стратегиялық дақыл болып ғана қоймай, сондай-ақ, халық шаруашылығында  

маңызы  бар,  ұлттық  байлық  болып  табылады.  Ол  елімізді  нан  өнімдерімен  қамтамасыз 

етуде.  

Бидайдың  саңырауқұлақтар  қоздыратын  ауруларының  ішінде  əлемдегі  ең  зиянды 

өсімдік  патогендері - тат  аурулары.  Тат  ауруларының  ішінде  кеңірек  таралғандарына 

бидайдың  сабақ  таты  (Puccinia graminis f. sp. tritici),  сары  тат  (Puccinia striiformis tritici

жəне  қоңыр  тат  (P. recondita)  жатады.  Тат  ауруларының  əрқайсысына  қолайлы 

жағдайлардың  аздап  айырмашылық  болғаныменен,  осы  аурулардың  барлығы 

Қазақстанның бидай егілетін барлық аймақтарында кеңінен таралған. Көбіне олар бір егісте 

бидайдың  өсу  кезеңінің  əртүрлі  кезеңдерінде,  сондай-ақ  əртүрлі  табиғат  жағдайларында 

тіршілік  ете  алады.  Дамыған  елдерде  тат  аурулары,  əсіресе  сабақ  жəне  қоңыр  тат  бидай 

өндірісін тежейтін биологиялық фактор болып табылады, бұл патогеннің жаңа нəсілдерінің 

тез  пайда  болатынын  жəне  ауа  ағымы  арқылы  алшақ  жерлерге  таралатындығымен 

түсіндіріледі. Тат ауруларының дамуына қолайлы жылдары, ауру тез өршіп, патоген 7-10 

күннің ішінде эпифитотий дəрежесіне дейін (75-100%) жетуі мүмкін. Аурудың эпифитотий 

дəрежесіне  дейін  дамыған  жылдары,  ауру  бидайдың  сабақтану-түтіктену  кезеңінде 

залалдаса,  қорғау  шаралары  қолданбаған  жағдайда  өнімнің  түсімділігі 50-60%-ға,  ал 

масақтану кезеңінде залалдаса 30-40%-ға, гүлдеу кезеңінде – 10-25%-ға төмендейді жəне 

өнімнің сапасы нашарлайды.  

Орталық  Азия  аймағы  бидайдың  ең  маңызды  дүниежүзілік  өндірушісі  болып 

табылады, жер аумағы 15 млн. га.  Осы аумақта соңғы жылдарды Puccinia recondite f sp. 


153 

 

Tritici бидайының қоңыр таты таралды, ол экономикалық шығын əкеліп, дəннің сапасын 

төмендетеді. 2001-2002 ж.  эпидемиясы  барысында,  өнімді  бидайдың  көбі  маңызды 

дəрежеде татпен ауырды. Генетикалық төзімді сұрыпты пайдалану аурудың тексерудің ең 

тиімді, экономикалық жəне экологиялық сенімді əдісі болып табылады. 

Қазіргі  таңда  əдебиет  бойынша  Макинтош  каталогында 67 Lr-ген  тіркелген,  оның 

ішінде 63 доминантты, 4 (Lr30, Lr37, Lr48 жəне LrVPM)-рецессивті, 2 (Lr27 жəне Lr 31) – 

комплементарлы.  Өкінішке  орай  бұл  гендердің  тиімділігі  жер  шарының  əр  түрлі 

аймақтарында  бірдей  бола  бермейді.  Сондықтан  бидай  егетін  əртүрлі  аймақтарда  тиімді 

гендер мен донорларды анықтап, оларды толығырақ генетикалық сараптаудың маңызы зор.  



Зерттеу  материалдары  мен  əдістері  Зерттеу  нысаны  ретінде  халықаралык  зерттеу 

тəлімбағы ICARDA-дан  алынған  бидай    үлгілері  зерттелінді.  Қоңыр  татқа  төзімсіз 

бақылауға Морокко сорты пайданалынды. Зерттеу жұмысы Алматы облысы, Алмалыбақ 

ауылы,  Қазақ  егіншілік  жəне  өсімдік  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  институтының 

тəжірибелік егіс алқабында жүргізілді. Егістік алқабының топырақ қабаты сорғылт түсті, 

сазды, жоғары қабатында қара шірік құрамы 3%-ке дейін жетеді. Қазақстанның оңтүстік-

шығыс  жағдайында ICARDA дан  алынған  бидай    үлгілеріне  қоңыр  татпен  зақымдалуын 

бағалау McIntosh et. all.(1995) əдістемесімен жүргізілді [5]. Бұл əдіске сəйкес реакцияның 5 

типі  қарастырылады: 0-иммунды,  зақымданудың  симптомдары  жоқ; R-төзімді, 

патогендерге  қарсы  тұру  қабілетінің  болуы  (майда,  нашар  дамыған  бірен-саран 

урединийлер  некрозбен  қоршалған); MR-қалыпты,  урединийлер  ұсақ,  хлорозбен 

қоршалған; MS-орташа  төзімсіз,  урединийлер  көлемі  орташа,  жапырақ  бетін 20-40%-ға 

дейін басқан; S-төзімсіз, урединийлері ірі, хлороз белгісі жоқ, зақымдалу қарқындылығы 

50%-дан жоғары. Қоңыр татқа төзімділік табиғи залалдану жағдайында бағаланды. Өнімнің 

құрылымын  талдағанда  мынадай  белгілер  қарастырылды:  өсімдіктің  биіктігі,  өнімділігі, 

масақтың  ұзындығы,  масақтағы  масақшалар  саны,  масақтағы  тұқым  саны,  масақтағы 

тұқым, өсімдіктегі тұқым жəне 1000 тұқымның салмақтары. Күздік егіс қыркүйек айының 

3-ші  онкүндігі  мен  желтоқсан  айының 1-ші  онкүндігі  аралығында 2012-2013 жылдары 

егілді.  Егістік  материалдарын  ені  бір  метрлік  қатарға 30 дəннен  егілді.  Қатараралық 

арақашықтық 15 см.  



Нəтижелер  мен  талқылаулар  Патогендерге  төзімді  бидай  сорттар  шығару  үшін 

біздің аймақтардағы тиімді төзімді ата-анасын нақты анықтау керек. Сол үшін 2011-2013 

жылдар  аралығында  Қазақ  егіншілік  жəне  өсімдік  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу 

институтының егістік алқабында халықаралық зерттеу тəлімбағы ICARDA-дан алынған 28 

бидай коллекциясын қоңыр тат ауруына төзімділігі зерттелінді. Бірінші кестедегі нəтижеге 

сүйене отырып бидай коллекциясына қоңыр тат ауруына төзімділігі көрсетілген (1-кесте).  

 

1-кесте. Халықаралық зерттеу тəлімбағы (ICARDA) - дан алынған бидай коллекциясын 



қоңыр татқа скринингі 

Генотиптің аты 

Қоңыр татқа төзімділігі 

2012 ж. 2013 

ж. 

1 2 


UIIAGEC-1 

0 5MR 

UIIAGEC-2 



0 5MR 

UIIAGEC-3 

0 0 

UIIAGEC-4 



0 0 

UIIAGEC-5 

0 20MS 

UIIAGEC-6 



0 0 

 

 



 

 

 



 

 


154 

 

1-кестенің жалғасы 



1 2 

UIIAGEC-7 0 



UIIAGEC-9 

0 0 

UIIAGEC-10 



0 0 

UIIAGEC-11 

0 0 

UIIAGEC-12 



0 0 

UIIAGEC-13 

0 30MS 

UIIAGEC-14 



0 0 

UIIAGEC-15 

0 0 

UIIAGEC-16 



0 40MS 

UIIAGEC-17 

0 5MR 

UIIAGEC-18 



20MS 50MS 

UIIAGEC-19 

0 20MS 

UIIAGEC-20 



0 0 

UIIAGEC-21 

0 5MR 

UIIAGEC-22 



0 0 

UIIAGEC-23 

0 30MS 

UIIAGEC-24 



0 0 

UIIAGEC-25 

0 0 

UIIAGEC-26 



0 10MS 

UIIAGEC-27 

0 0 

UIIAGEC-28 



0 0 

UIIAGEC-29 

0 0 

Morocco (тат ауруының төзімсіз 



стандарты) 30MS 

80S 


 

2012ж. UIIAGEC-18  бидай үлгісі қоңыр татқа 20МS реакциясымен орташа төзімсіздік 

көрсетті, ал аурумен зақымдануы 20%-ға дейін болды. 2013-жылы өсімдіктер қоңыр татпен 

ең қатты зақымдалған жыл болды деп айта аламыз, үйткені төзімсіз стандарт Morocco 80S 

реакциясымен  қатты  зақымдалды.  Бұл  жылы  қоңыр  татқа  төзімсіз  деп UIIAGEC-13 

UIIAGEC-16, UIIAGEC-18  бидай  үлгілерін  көрсетуге  болады.  Осы  линиялар 30-50%-ға 

дейін зақымдалды. Зерттеудің нəтижесінде ең жоғары төзімді деп 21 үлгіні көрсете аламыз. 

Олар: UIIAGEC-1, UIIAGEC-2,   UIIAGEC-3, UIIAGEC-4, UIIAGEC-6, UIIAGEC-7, 

UIIAGEC-9, UIIAGEC-10, UIIAGEC-11, UIIAGEC-12, UIIAGEC-14, UIIAGEC-15, 

UIIAGEC-17, UIIAGEC-20, UIIAGEC-21, UIIAGEC-22, UIIAGEC-24, UIIAGEC-25, 

UIIAGEC-27, UIIAGEC-28 жəне UIIAGEC-29. Бұл  бидай  материалдардың  тат  ауруына 

төзімділік көрсеткіші 0-MR аралығында болды. 3 бидай үлгілері UIIAGEC-5, UIIAGEC-19, 

UIIAGEC-26  қоңыр  тат  ауруына  төзімділігін  орташа  деп  баға  беруге  болады,  өйткені 

олардың зақымдалу көрсеткіші 10-20% асқан жоқ.  

Ауруға  төзімді  үлгілер  өнімділік  жағынан  да  ерекшеленуі  қажет.  Сол  себептен  

өнімділік  бойынша  құрылымдық  сараптама  жүргізілді. 2-кестеде  өнімділік  бойынша 

алынған  Икарда  тəлімбағының  бидай  үлгілеріне  жүргізілген  сараптаманың  нəтижесі 

көрсетілген.  Өсімдіктің  биіктігі  бойынша  ең  ұзыны 87см  болып UIIAGEC-7 үлгісі 

анықталды, ең төменгі көрсеткіш UIIAGEC-1 үлгісінде байқалынды ұзындығы 41см болды. 

Түптің  өнімділігі  бойынша  жоғары  көрсеткіш UIIAGEC-5, UIIAGEC-12, UIIAGEC-15, 

UIIAGEC-18, UIIAGEC-19, UIIAGEC-22 жəне UIIAGEC-28 қатарлы 7 үлгіде  байқалды  

бұлардың өнімділік саны 10 дана болды, ал ең аз UIIAGEC-26 үлгісі 6 дана болды. 

 


155 

 

Масақтың ұзындығы бойынша 13см асқан  UIIAGEC-24 жəне UIIAGEC-27 үлгілері ең 



ұзын  деп  анықталды,  ең  қысқасы UIIAGEC-3 үлгісі  болды  ұзындығы 9 см  аспай  қалды. 

Масақшалар  саны  бойынша UIIAGEC-27 үлгісі  ең  жоғарғы  көрсеткішке  ие  масақшалар 

саны 26 дана,  ең  азы 17 дана  болып UIIAGEC-3  жəне UIIAGEC-3 үлгілері  анықталды. 

Масақтағы  дəн  саны  бойынша  ең  жоғарғы  көрсеткіш 92 дана  болып UIIAGEC-27 үлгісі 

анықталды, ең аз көрсеткіш UIIAGEC-5 үлгісінде байқалды, дəн саны  40 дана. Масақтағы 

дəн салмағы бойынша UIIAGEC-17 жəне UIIAGEC-27  үлгілері жоғары көрсеткішке ие дəн 

салмағы 3,50 г  асты,  ал  ең  аз UIIAGEC-5 үлгісі 1,32 г  болды.  Өсімдіктің  дəн  салмағы 

бойынша жоғары көрсеткіш UIIAGEC-17 үлгісі анықталды 20 г-нан асты, ең азы UIIAGEC-

1 үлгісі 9,51 г болды . 

 

2-кесте. Халықаралық зерттеу тəлімбағы (ICARDA) дан алынған бидай коллекциясын 



өнімділік элементтеріне  құрылымдық талдау 

 

1000 дəннің салмағы бойынша  ең жоғары көрсеткіш UIIAGEC-17 үлгісі 51г-нан асты, 



ал ең аз көрсеткішпен UIIAGEC-13 үлгісі ерекшеленді 25г болды.  

 

 



Үлгілердің 

аталуы 


Өсімдік-

тің 


ұзынды-

ғы, см 


Түптің 

өнімді-


лігі, 

дана 


Масақ 

ұзын-


дғы, см 

Масақтағы 

масақшалар 

саны, дана 

Масақ-

тағы дəн 



саны, 

дана 


Масақта-

ғы дəн 


салмағы, 

г 

Өсім-



діктің 

дəн сал-


мағы, г 

1000 


дəннің, 

салма-


ғы, г 

1 2 


4  5  6 7 8 

UIIAGEC-1 



41 

7 9,50  18 

60  2,02 9,51 41,32 

UIIAGEC-2 

60 

7 10,50  19 



62  2,27 13,41 35,05 

UIIAGEC-3 

57 

8 9,00  17 



57  1,92 12,16 34,46 

UIIAGEC-4 

62 

8 11,20  18 



49  2,05 12,58 37,87 

UIIAGEC-5 

57 

10 10,50 



19 

40 


1,32  13,01 35,09 

UIIAGEC-6 

64 

7 12,50  21 



44  1,93 15,65 48,92 

UIIAGEC-7 

87 

8 10,50  17 



49  2,15 12,80 37,80 

UIIAGEC-9 

61 

8 11,50  22 



58  1,89 12,54 33,39 

UIIAGEC-10 

74 

7 10,50  21 



70  2,65 15,44 37,25 

UIIAGEC-11 

58 

8 9,90  20 



63  2,55 14,76 37,02 

UIIAGEC-12 

57 

10 11,50 



18 

70 


2,53  13,98 33,51 

UIIAGEC-13 

62 

7 11,50  20 



69  2,23 11,50 25,01 

UIIAGEC-14 

75 

8 11,50  19 



66  2,61 14,53 40,89 

UIIAGEC-15 

66 

10 12,00 



20 

69 


2,57  18,84 38,99 

UIIAGEC-16 

62 

7 11,50  20 



59  2,33 11,99 41,92 

UIIAGEC-17 

76 

8 12,00  22 



70  3,58 20,09 51,14 

UIIAGEC-18 

81 

10 12,50 



19 

66 


3,36  17,67 45,68 

UIIAGEC-19 

70 

10 11,40 



22 

66 


3,02  16,91 43,86 

UIIAGEC-20 

69 

8 9,60  19 



51  1,88 13,38 42,01 

UIIAGEC-21 

68 

9 10,50  19 



46  1,97 12,57 40,23 

UIIAGEC-22 

73 

10 12,00 



20 

59 


2,66  18,82 37,68 

UIIAGEC-23 

73 

9 12,50  25 



79  2,91 15,75 34,09 

UIIAGEC-24 74 

9  13,00 

24 


78 

2,86  15,80  34,92 

UIIAGEC-25 

75 


8 11,50  19 

59  2,39 12,99 38,76 

UIIAGEC-26 

73 


6 11,30  22 

79  3,33 16,01 39,85 

UIIAGEC-27 

76 


7 13,30  26 

92  3,57 18,31 36,33 

UIIAGEC-28 

75 


10 12,50 

25 


73 

2,30  19,54 38,48 

UIIAGEC-29 

72 


8 10,00  22 

60  2,02 11,97 33,15 



156 

 

Қорытынды  Қорыта айтқанда  UIIAGEC-7, UIIAGEC-12, UIIAGEC-15, UIIAGEC-17,  

UIIAGEC-22, UIIAGEC-24, UIIAGEC-27 UIIAGEC-28 қатарлы 8 бидай үлгілері тат ауруына 

жəне құрылымдық элементтеріне талдау бойынша жақсы нəтиже көрсетті.       Бұл  үлгілерді 

селекциялық бағдарламаларға қоңыр тат ауруының доноры ретінде ұсынуға болады.  

 

Əдебиеттер  

1.  Прогноз  развития  и  распространения  болезней  зерновых  колосовых  культур  на 

территории Украины в 2011 году // http: // www. Exp: Agro.  

2. Чумаков А.Е. Защита пшеницы от ржавчины. - Л., «Колос», 1964. 

3. Вердеревский Д.Д. Иммунитет растений к инфекционным болезням, Кишинев, 1968. 

4. Вавилов Н.И. Учение об иммунитете растений к инфекционным заболеваниям. – М. 

–Л.: Сельхозгиз, 1935. – C.100. 

 

 

Галымбек К., Кохметова А.М., Маденова А.К., Кумарбаева М.Т.



 

 

СКРИНИНГ ОБРАЗЦОВ ОЗИМОЙ ПШЕНИЦЫ НА УСТОЙЧИВОСТЬ  



К БУРОЙ РЖАВЧИНЕ 

 

Проведена фитопатологическая селекционная оценка устойчивости к бурой ржавчине 

коллекции  пшеницы  из  Международного  питомника ICARDA.  Из  изучсенных 21 

генотипов  пшеницы  отобрано 8 образцов (UIIAGEC-7, UIIAGEC-12, UIIAGEC-15, 

UIIAGEC-17,  UIIAGEC-22, UIIAGEC-24,  UIIAGEC-27 и UIIAGEC-28), устойчивых  к 

болезни  и  комбинаровавших  высокие  уровни  показателей  продуктивности.  Выделенные 

образцы пшеницы рекомендуются для использования в качестве доноров устойчивости к 

бурой ржавчине пшеницы и продуктивности в селекционных программах. 



          Ключевые  слова:  пшеница,  сорт,  коллекция,  образец,  патоген,  бурая  ржавчина, 

устойчивость. 

 

Galymbek K., Kokhmetova A.M., Madenova A.K, Kumarbayeva M.T. 



 

SCREENING OF WINTER WHEAT CULTIVARS TO LEAF RUST 



 

        Phytopathological  and  breeding evaluation for resistance to leaf rust of set of wheat entries 

from International Nursery ICARDA was carried out. 8 of 21 wheat entries  (UIIAGEC-7, 

UIIAGEC-12, UIIAGEC-15, UIIAGEC-17, UIIAGEC-22, UIIAGEC-24, UIIAGEC-27, and 

UIIAGEC-28) resistant to disease and combining the high level of productivity traits were 

selected. These samples are recommended to use as donors of resistance to leaf rust and 

productivity in wheat breeding programs.  

 

Keywords: wheat, variety, collection, design, pathogen, brown rust, resistance. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал