Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту



жүктеу 108.18 Kb.

Дата11.09.2017
өлшемі108.18 Kb.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы 

оқытушы: Сапаева Гүлжан Едігеқызы 

 

ЗАТ ЕСІМНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫН ОҚЫТУ 



 

(İSIM GRAMER KATEGORILERI ÖĞRETIMI) 

 

Университетте  оқылатын  қазақ  тілі  курсының  бағдарламасында  зат 

есімнің  грамматикалық  категорияларының  алатын  орны  мен  оны  оқытудың 

мәні  зор.      Зат  есімнің  грамматикалық  категорияларын  оқыту  -  студенттің 

сөйлеу,  жазу  тілі  дағдысының,  мәнерлі  оқуының,  орфографиялық, 

пунктуациялық білім дағдыларының қалыптасуының, дамуының негізгі кілті 

болып  табылады.  Бұл  тақырыпты  оқыту  арқылы  студенттерге  зат  есімнің 

грамматикалық  категориялары  танытылады.  Осы  тақырыптан  берілетін 

теориялық  білімінің  аясы  кең.  Атап  айтқанда,  студенттер  мынадай  білім 

алады: 


1.

 

Зат есімнің грамматикалық категориялары туралы түсінік; 



2.

 

Зат есімнің грамматикалық  категорияларын оқудағы мақсат; 



3.

 

зат  есімнің  грамматикалық  категорияларының  өзіндік  белгілері  мен 



ерекшеліктері. 

Зат 


есімнің 

грамматикалық 

категорияларын 

оқыту 


принципі 

педагогиканың  дидактикалық  принциптеріне  негізделіп  оқытылады. 

Мәселен,  дидактиканың  берілетін  сабақ  тақырыбы  өткен  тақырыппен 

байланыстырылып  отырылуы  керек  және  өтілетін  материалдар  бірімен-бірі 

тығыз  байланысты  болсын  деген  ережесіне  негізделіп  отыратын  болса,  зат 

есімнің  грамматикалық  категорияларын  оқыту  оның  алдында  өтілген  сөз 

құрамымен байланысты өтіледі. 

Зат  есімнің  басқа  сөз  таптарынан  ерекшеленетін  бір  белгісі  –  көптік, 



тәуелдік,  септік,  жіктік  категорияларының  болуы.  Зат  есімнің 

грамматикалық категорияларын шығармашылық тұрғыда жүйелі оқыту және 

оны  студенттерге  сапалы  білгізіп,  тиянақты  меңгерту  оған  керекті 

әдістемелік  әдіс-тәсілдерді  дұрыс  қолданып  отыруға  бойланысты.  Ол  үшін 

оқытушы  зат  есімнің  грамматикалық  категорияларына  тән  белгілерін 

бағдарлама бойынша жоспарлап, одан ұйымдастырылатын сабақ түрлері мен 

өтілетін материалдардың  көлеміне қарай әдістерін белгілейді. Ол әдістердің 

жеке тәсілдерін ұтымды қолданудың нәтижесінде зат есімнің грамматикалық 

категорияларына тән белгілері шығармашылық тұрғыда түсіндіріледі 

Оқытушы  солардың  мағынасын  түсіндіру  арқылы  зат  есімнің  жекеше, 

көпше  түрі  болатынын  аңғартады.  Зат  есімдердің  жекеше,  көпше  тұлғада 

жұмсалатыны,  заттың  көптігін  білдіру  үшін  көптік  жалғауы  жалғанатыны 

туралы  ережемен  таныстырады.  Сонымен  қатар  студенттерге  көптік 

жалғауының    қосымшаларын,  олардың  сөздерге  жалғану  варианттарын 

шатастырып  алушылық  және  неліктен  бір  жалғаудың  түрленіп  вариантқа 

бөлініп кету заңдылықтарын мектеп қабырғасынан үйретудің маңызы зор. Ол 



үшін  буын  үндестігі  мен  дыбыс  үндестігі  еске  түсіріліп  қайталанылады  да, 

үндестік  заңына  байланысты  сөздердің  соңғы  буынының  жуан,  жіңішке 

әуеніне қарай үйлесіп келуіне байланысты екендігі түсіндіріледі. 

Көптік жалғауының қосымшаларын, олардың сөздерге үндестік заңының 

заңдылығына бой ұсына жалғанатын ерекшелігін мынадай көрнекілік арқылы 

түсіндіруге болады. 

Көптік жалғау 

-лар, -лер                                       

балалар 

кемелер 


 

-дар, -дер 

қыздар 

өзендер 


 

-тар, -тер 

кітаптар 

мектептер 

 

 

дауысты 



   

  р 


  й             -лар, -лер 

  у 


 

  з 


  ж 

  л 


  м                -дар, -дер 

  н 


  ң 

 

  қатаң 



  дыбыстан       -тар, -тер 

  соң 


 

Бұл көрнекілікті түсіндіру жолы мынадай: 

Алдымен  көптік  жалғау  деген  сөз  тіркесіне  түсінік  беріледі.  Көптік 

жалғауы  жалғанған  сөзіне  көптік  мағына  беріп,  оны  екінші  бір  сөзбен 

жалғастыратын болғандықтан, бұл қосымшаға берілген атау өзінің атқаратын 

қызметіне  толық  сай  келіп,  өзінің  мазмұнының  қандай  екенін  бірден-ақ 

аңғартып тұрғанын ескертеміз.  

Екінші  ретте,  көптік  жалғауының  арнаулы  –лар,  -лер,  -дар,  -дер,  -тар,  -

тер тұлғалы жалғауының барын және бұлардың буын үндестігіне байланысты 

жуан,  жіңішке  вариантта  айтылатынын,  сол  тұлғада  жазылатынын  балалар, 

кемелер,  көлдер,  кітаптар,  мектептер  сөздері  арқылы  түсіндіреміз.Көптік 

жалғауы  жалғанатын  сөздердің  соңы  дауысты,  сонор  р,  у,  й  дыбыстарының 

біріне  аяқталса,  көптік  жалғауы  үнді  л  дыбысынан  басталып,  -лар,  -лер 

тұлғасында  жалғанатындығын  сұрақ-жауап  әдісімен  өздеріне  жинақтатып, 

осы тәрізді мысалдар айтқызамыз. 

Осы жолмен түсіндірілген жаңа материалды студенттердің қаншалықты 

дәрежеде  түсінгендіктерін  байқау  үшін,  магнитофонды  пайдалана  отырып, 

мынадай жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады: 

Біріншіден, студенттерге мынадай мазмұнда жазылған кеспе қағаздарын 

үлестіріп береміз: 

1.

 

Дауысты дыбысқа біткен екі сөз ойлап, оған көптік жалғауын жалға. 



2.

 

Өнерпаздар, егіншілер сөздеріндегі көптік жалғауы неліктен –дар, -лер 



болып тұр? 

3.

 



Күректер,  кілемдер  сөздеріндегі  көптік  жалғауының  түрлеріне  талдау 

жаса. 


4.

 

Көптік  жалғауы  қандай  жағдайда  д  дыбысынан  басталады,  мысал 



келтір. 

5.

 

 Көптік  жалғауы  қандай  жағдайда  т  дыбысынан  басталады,  мысал 



келтір. 

Сондай-ақ,  зат  есімнің  сөздерінің  кейбір  тобы  көптік  мағынада 

қолданылып,  оларға  көптік  жалғауы  жалғанбайтынын    да  ескеру  керек. 

Көптік  жалғауда  қолданбайтын  зат  есімдер  нақты  мысалдар  төңірегінде 

мынадай жүйемен түсіндіріледі: 

1.

 



Сұйықтық ұғымды білдіретін зат есімдердің атаулары: су, шай, сорпа. 

2.

 



Газ тектес зат есімдердің атаулары: бу, түтін, шаң. 

3.

 



Уақ, ұнтақ, майда зат есімдердің атаулары: қант, ұн, құм. 

4.

 



Дерексіз зат есімдердің атаулары: қуаныш, шындық, өкініш. 

5.

 



Табиғат байлығы, кен атаулары: алтын, мыс, алмас. 

6.

 



Табиғат құбылыстарының атаулары: жел, боран, қар. 

7.

 



Жұптық ұғымды білдіретін зат есім атаулары: көз, қол, аяқ. 

Көптік жалғауы кейде зат есімнен басқа да сөз таптарына жалғанса, оларға 

заттық    мағына  үстеп,  заттандырып  тұрады.  Көптік  жалғаудың  бұл  қасиеті 

әрқашан  дұрыс  түсініле  бермейді.  Бұл  «Көптік  жалғауының  бұл  жердегі 

қызметі  жұрнақ  қызметімен  пара-пар  дерлік»  -  деп  жалпы  жалғаудың 

табиғатына  терең  үңілмегендіктен  туып  отыр.

/1/

  Біріншіден,  басқа  сөз 



таптарын  заттандыру  қасиеті  тек  көптік  жалғауда  емес,  септік,  тәуелдік 

жалғауда да жиі кездесіп отырады: Еріншектің ертеңі таусылмас, Білімдіден 

шыққан  сөз,  талаптыға  болсын  кез.(Абай).  Екіншіден,  көптік,  тәуелдік  және 

септік  жалғауларының  бұндай  қасиеті,  басқа  сөз  таптарынан  жасалғанда, 

оларды заттандырып жіберу қасиеті, бұл тұлғалардың зат есімге тән түрлену 

жүйесі  екендігін,  зат  есімнің  таза  грамматикалық  категориясы  екендігін 

дәлелдейді. 

Зат  есімнің  тәуелдік  категориясын  түсіндіру  көптік  категориясына 

қарағанда,  күрделі  де,  қиынырақ.  Сондықтан  тәуелдік  категориясын 

түсіндіруде  оқытушының  үлкен  шеберлігі  керек.  Мұны  ұстаз  шеберлігіне 

байланысты  әр  түрлі  жолмен  түсіндіруге  болады.  Зат  есімнің  тәуелдік 

категориясы да сөздері өзара байланысқа түсіретін  категория екенін ескерте 

отырып, нақтылыдан нақтысызға, белгіліден белгісізге қарай үйрету, таныту 

әдістері арқылы баяндалады. 

Оқытушы күні бұрын өзіне тән кітабын, қарындашын, дәптерін ала келуі 

керек.  Ол  күндегі  әдетінше,  сабақтың  мазмұнын  бірден  ашып  кетпей,  ең 

алдымен,  меншік  және  тәуелді  деген  сөздердің  ұғымын  студенттерге 

түсіндіргені дұрыс. Оқытушы өзінің алып келген заттарын  көрсете отырып, 

бұл  заттың  иесі  өзі  екенін,  заттың  басқаға  емес  өзіне  ғана  тән,  меншікті 

екенін  балалардың    көру  қабілеті  арқылы,  әрі  ойландыру    арқылы 

түсіндіргені жөн. Мұнан соң заттың иесін менің, сенің, сіздің, оның деген ілік 

жалғаулы  сөздер  білдіретінін,  жеке  тәуелді  заттар  кітабым,  кітабың, 

кітабыңыз, кітабы деген тұлғада айтылатынын айтып, тақтаға: 

Менің кітабым                                              Біздің кітаптарымыз 

Сенің кітабың                                               Сендердің кітаптарың 

Сіздің кітабыңыз                                          Сіздердің кітаптарыңыз 

Оның кітабы                                                 Олардың кітаптары 


деген  мысалдарды  жазып,  ілік  жалғауының  қосымшасы  мен  тәуелдік 

жалғауының  қасымшаларынының  байланысын  ойыс  сызықтар  арқылы 

түсіндіреміз.  Бұл  жерде  ілік  жалғаулы  тәуелдік  жалғаулы  сөздермен  қарым-

қатынасқа  түсіп,  үнемі  бір  тіркесте  айтылатынын  аңғарту  керек.  Сонымен 

қатар,  ІІ  жақта  қолданылатын  тәуелдік  жалғауының  анайы  және  сыпайы 

түрлерінің  болатындығы  туралы  да  студенттерге  көрнекі түрде  салыстырып 

түсіндірген жөн. 

Мұнан кейінгі ретте төменде көрсетілген кесте арқылы тәуелдік жалғауының 

арнаулы  үш  жағы  бары,  оған  лайықты  қосымшаларының  болатыны 

түсіндіріледі.

/2/

 

Зат есімнің тәуелденуі 



жақ 

жекеше 


Көпше 

І 

(мен, біз) 



-м, -ым, -ім 

әкем, үйім 

-мыз, -міз, -ымыз, -іміз 

қозыларымыз, үйлеріміз 

ІІ 

(сен, сіз) 



-ың, -ің 

әкең, қозың 

-ың, -ің, -ыңыз, -іңіз 

үйлерің, үйлеріңіз 

ІІІ 

(ол, олар) 



-сы, -сі, -ы, -і 

қозысы, үйі 

-ы, -і 

қозылары, үйлері 



Бұл кестенің көмегімен оқытушы тәуелдік жалғауының І, ІІ, ІІІ жақтары 

болатынын  көрсете  отырып,  І,  ІІ  жақтардың  үнемі  адамға  қатысты 

айтылатынын,  ал  ІІІ  жақ  адамға  да,  басқаға  да  қатысты  айтылатыны 

түсіндіреді.  Осыдан  кейін  тәуелдік  жалғауының  үш  жаққа  тән  арнаулы 

қосымшалары  барлығы,  жекеше,  көпше  түрде  тәуелденетіндігін  осы  кесте 

арқылы оқушылардың өздерін қатыстыра отырып әңгімелейді. 

Тәуелдік  жалғауы  ілік  септік  пен  тәуелді  сөздердің  арасын 

байланыстырады. Сондықтан да тәуелдік жалғауы қосылған сөз тәуелденуші 

сөздің ілік септік жалғауда тұруын керек ететіндігін  

           Атам + ның мал + ы 

           Оспан + ның киім + і 

           Ахмет + тің бала + сы 

деген  сияқты  мысалдар  арқылы  түсіндіріп  және  тәуелдік  жалғауы 

қосылғанда,  сөздердің  соңындағы  кейбір  қатаң  дауыссыздар  ұяңданып 

кететіндігін де (кітап – кітабым)  түсіндіре кеткен жөн. 

Тәуелдік  жалғауын  танытқаннан  кейінгі  күрделі  мәселе  –  түбір  сөзге 

дауысты  дыбыстан  басталған  тәуелдік  жалғауы  жалғанғанда,  түбір  сөздің 

соңындағы  «ы»,  «і»  дыбыстарының  түсіп  қалатындығы  (бөрік+ім  –  бөркім, 

халық+ым  –  халқым,  ауыл+ым  –  аулым)  берілген  ұғымды  бекіте  түсу 

мақсатында мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады: 

 Төмендегі  сөздерді  жеке  кеспе  қағаздарына  жазып,  оларды  І,  ІІ,  ІІІ 

жаққа  қойып,  жекеше,  көпше  түрде  тәуелдеу  міндеттеледі.  Студенттердің  

жауаптарын  үнтаспаға  жазып,  өздеріне  тыңдатып,  тәуелденген  сөздерінің 

дұрыс-терісін аңғарттырамыз.  



Отан                 ел              ауыл,            шана             ой                 сөз 

ақыл                 тілек         көмек           газет              үй                бақша 

өз                     қоян          мектеп         доп                кітап 

 

Осындай ретпен септік жалғауының атқаратын қызметі мен әр септіктің 

беретін мағынасы қоса түсіндіріледі. 

Тақтаға ақ, қызыл бормен септік жалғауының аттары мен сұрақтарын жазып, 

әрбір  септіктердің  өздеріне  тән  арнаулы  сұрақтары,  қосымшаларының  бары 

айтылады.  Бұл  жұмыс  былайша  орындалуға  тиіс:  тақтаға  7  септіктің 

атаулары  бірінен  соң  бірі  ақ  бормен  рет-ретімен  баған  ретінде  тізіліп 

жазылады. 

Сөйтіп,  студенттерге  түсіндірген  септік  жалғауының  түрін,  сұрағын, 

мағынасын,  қосымшаларын  жинақтап,  өздеріне  бала,  шеге  деген  екі  сөзді 

ауызша  септетіп,  олардың  жауабын  ақ,  қызыл  бормен  әр  септіктің  тұсына 

жазып тұру керек. Осындай жұмыстың нәтижесі тақтада мына түрде көрінуі 

тиіс: 

 Атау             кім?        не?                  бала                     шеге 



 Ілік              кімнің?   ненің?            баланың               шегенің 

 Барыс          кімге?     неге?              балаға                  шегеге 

 Табыс          кімді?     нені?              баланы                 шегені 

 Жатыс         кімді?     неде?              балада                  шегеде 

 Шығыс        кімнен?  неден?            баладан                шегеден 

 Көмектес     кіммен? немен?            баламен               шегемен   

 

Септіктер 



Септіктердің жалғаулары 

1.

 



Атау 

2.

 



Ілік 

3.

 



барыс 

4.

 



табыс 

5.

 



Жатыс 

6.

 



Шығыс 

7.

 



Көмектес 

Жоқ 


-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің 

-ға, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е 

-ды, -ді, -ты, -ті, -ны, -ні, -н 

-да, -де, -та, -те, -нда, -нде 

-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен 

-мен, -бен, -пен 

Осылайша  жаңа  сабақ  материалы  түсіндірілген  соң,  мынадай  жаттығу 

жұмыстарын жүргізуге болады: 



1.

 

Кеспе  қағазымен  жұмыс  істеу.  Кеспе  қағазымен  жұмыс  істеудің 

мазмұн-мақсаты  түрліше  болып  келеді.  Септік  жалғауын  студенттерге 

меңгертуде  екі  түрлі  мазмұнда  құрастырылған  кеспе  қағазын  ұсынуға 

болады.  Атап  айтсақ,  бірінші  түрінде  бірнеше  жеке  сөздер  жазып,  оларды 

дұрыс  септеуді  талап  ету  .  Екінші  кеспе  қағазында  қысқа  сөйлемдер 

жазылып,  ондағы  септік  жалғаулы  сөздерді  таптырып,  оларды  сұрағы  мен 

қосымшасына ажыратып, қай септікте тұрғанын таптыру мақсат етіледі. 



2.

 

Тақтамен  жұмыс  істеу.  Тақтамен  жұмыс  істеу  күнделікті  оқытылып 

жүрген  сабақтардың  әдетіне  әбден  қалыптасқан  әдіс-тәсілдің  бастысы. 

Тақтаға  екі  студентті  қатар  шығарып,  тақтаны  екіге  бөліп,  екеуіне  екі  сөзді 

сұрағымен қоса 7 септікте септеу талап етіледі. 

3.

 

Үнтаспамен  жұмыс.  Сабақ  үстінде  қолайлы  деп  тапқан  жерлерде 

техникалық  құрал-жабдықтарды  пайдаланудың  мәні  үлкен.  Сабақ 

материалын  саналы  түсіндіруде,  сабақты  қызықты  өткізуде,  уақыт  мерзімін 



ұтуда  үнтаспаны  пайдаланудың  да  пайдасы  мол.  Кеспе  қағазы  арқылы 

ойландыру  үшін  берілген  тапсырмалардың  жауаптарын  үнтаспаға  жазып 

алып,  студенттердің  өздеріне  қайта  тыңдатып,  дұрыс-терісін  байқатып, 

жіберген  қателерін  түзеттіру  керек.  Бұл  арқылы  студенттерді  ойланып, 

ұқыпты жауап беруге дағдыланады, аңғарымпаздыққа баулиды. 

   


Зат  есімнің  морфологиялық  көрсеткіштерінің  келесі бір  түрі  –  жіктік 

жалғауы. Мұнан бұрынғы өтілген жалғаулар сияқты жіктік жалғау да сөз бен 

сөзді байланыстырады. Жіктік жалғауы септік жалғаулары сияқты кез-келген 

сөз  арасын  байланыстыра  бермейді,  тәуелдік  жалғауы  тәрізді  арнаулы  бір 

тіркесті  ғана  байланыстырады.  Атап  айтсақ,  бастауыш  пен  баяндауышты 

өзара қарым-қатынасқа түсіреді. Тәуелдік жалғауы өзі жалғанып тұрған сөзін 

ілік  жалғаулы  сөзге  тәуелді  етіп  тұрса,  жіктік  жалғаулы  сөз  өзі  жалғанып 

тұрған сөзінің кім? не? қандай? қаншасыншы? екендігін білдіретіні, сонымен 

қоса,  іс-әрекеттің,  қимылдың  қай  жақта  істелгенін,  істелетінін  білдіретіні 

салыстыру    әдісі  арқылы  түсіндіріледі.  Тақтаға  мұғалім  деген  сөзді  жазып, 

оған  тәуелдік  жалғауын  қосып,  оқытушы/мұғалім  сөзінің  студентке  тәуелді 

екені  айтылады.  Осыдан  кейін  мұғалім  сөзін  тақтаның  орта  тұсына  жазып 

қойып,  оған  ең  алдымен  -мін  қосымшасын  жалғап,  мұғаліммін  сөзінің 

кіммін?  Деген  сұраққа  жауап  болып  тұрған  мағынасын  аңғартамыз.  Мұнан 

соң  –мін  қосымшасынан  мен  сөзінің  ұғымы  туып  тұрғанын  түсіндіріп,  мен 

сөзін  мұғаліммін  сөзінің  алдынан  жазып  қойып,  мұғаліммін  деген  сөздің 

астынан  мұғалім  сөзін  қайта  жазып,  оған  -сің  қосымшасын  қосып  жазып, 

қандай  өзгеріс  болғанын  студенттердің  өздеріне  айтқызып,  -сің 

қосымшасынан  сен  деген  ұғымның  туып  тұрғанына  көздерін  жеткізіп,  сен 

сөзін  мен  сөзінің  астына  мұғалімсің  дегеннен  бұрын  жазып  қоямыз.  Жіктік 

жалғауының қалған жалғауларын да түсіндіріп І,  ІІ, ІІІ  жақтарға бөлінетінін 

білдіреміз. Сөйтіп бұл мысал арқылы жіктік жалғауы жалғанған сөзінің  кім? 

не?  қандай?  қаншасыншы?  нешінші?  екендігін  аңғартатын  категория  екенін 

танытсақ, келді, оқыды деген етістіктерді үш жаққа қойып:  

 

І жақ              мен келдім,        оқыдым,           жаздым 



ІІ жақ             сен келдің,         оқыдың,            жаздың 

сыпайы          сіз келдіңіз,       оқыдыңыз,        жаздыңыз 

ІІІ жақ            ол келді,            оқыды,              жазды 

 деген      тұлғаларда      түрлендіріп      айтуға    болатынын  көрсетіп,  жіктік 

жалғаулары қимылдық ұғымды білдіретін сөздерег жалғанғанда, қимылдың, 

іс-әрекеттің қай жақта болатынын, не болмағандығын білдіретінін айтады. 

Сөйтіп,  жіктік  жалғауы  сырттай  қарағанда  тәуелдік  жалғауына  ұқсас 

болғанымен,  бір-біріне  ұқсамайтын  мынадай  айырмашылықтарына  тоқталу 

керек: 

1.

 



Тәуелдік жалғауы мағына жағынан меншіктілікті, тәуелділікті білдірсе, 

жіктік жалғауы заттың кім? не? қандай? нешінші? екендігін білдіреді. 

2.

 

Тәуелдік  жалғаулы  сөз  үнемі  ілік  жалғаулы  сөзбен  байланыса,  жіктік 



жалғауы үнемі атау септігіндегі есімдіктермен қарым-қатынасқа түседі. 

3.

 

Тәуелдік  жалғауы  кез-келген  есім  сөздерге  жалғана  береді,  ал  жіктік 



жалғауы  тек  қана  адамға,  мамандыққа  байланысты  ұғымды  білдіретін 

сөздерге ғана жалғанады. Сонымен қоса, қимылды білдіретін етістік сөздерге 

талғамсыз жалғана береді, мұндай қасиет тәуелдік жалғауыныда жоқ. 

Жіктік  жалғауының  есім  сөздер  мен  етістік  сөздерге  жалғану  ретін  және 

олардың қосымшаларын төменде берілетін кесте арқылы түсіндіріледі. 

жақ 


жекеше 

көпше 


мысалдар 

мен 


 І     біз 

       біздер 

-мын, -мін 

-бын, -бін 

-пын, -пін 

-мыз, -міз 

-быз, -біз 

-пыз, -піз 

  баламын, баламыз 

  үлкенмін, үлкенбіз 

   қазақпын, қазақпыз 

    сен, сіз 

 ІІ   сендер 

       сіздер 

-сың, -сің 

-сыз, -сіз 

-сыңдар, -сіңдер 

-сыздар, -сіздер 

  баласың, баласыңдар 

  үлкенсің, үлкенсіңдер 

   қазақсыз, қазақсыздар 

ІІІ   ол 

      олар 

 

жоқ 



 

жоқ 


   бала, балалар 

   үлкен, үлкендер 

   қазақ, қазақтар 

 

Қорыта  келгенде,  адам  баласының  барлық  таным  процестері  тіл 



заңдылығын  білуден,  оқудан,  ой  сауатын  ашудан  басталады.  Сондықтан  зат 

есімнің грамматикалық категорияларын оқытудың маңызы ерекше зор. 

Университетте  студент  зат  есімнің  грамматикалық  категорияларымен 

танысады,  сөздердің  түрленуі  мен  сөйлемдегі  өзгерісін,  олардың  ғылыми 

жүйесімен әр алуан фактілерін зерттеп біледі. Соның нәтижесінде студенттер 

өздерінің  тілден  алған  білімдерін  молайтады,  жазу,  сөйлеу  тілін  дамытады, 

дұрыс  оқуға  үйреніп,  ұғу  қабілеттілігін  жетілдіреді,  грамматикалық, 

орфографиялық  ережелерді  үйренеді,  сауатты  жазып,  тыныс  белгілерін 

дұрыс қоя білудің тиімді дағдысын қалыптастырады. Студенттер зат есімнің 

грамматикалық категорияларын оқу арқылы қазақ халқының ана тіліндегі сөз 

байлығын меңгереді, сөздерді түрлендіріп, олардан алуан түрлі ұғым беретін 

мағыналарды туғызады, сөйлемдер құрап логикалық ойын дамытады, соның 

нәтижесінде грамматикалық категориялар мен оның қызметін талдап білетін 

болады. 


Жоғарыда 

айтылғандардан 

зат 

есімнің 


грамматикалық 

категорияларын  жақсы  білгізу  студенттердің  ақыл-ойын  дамытып,  дұрыс 

сөйлей  білуге  және  сауатты  жазуға  үйрену  жағынан  маңызы  ерекше  зор 

екендігін байқаймыз. 



Пайдаланылған әдебиеттер 

 

1.

 

Исаев  С.  Қазақ  тіліндегі  негізгі  грамматикалық  ұғымдар.  Алматы, 

«Рауан» 1992ж, 62 бет 

2.

 

Әуелбаев Ш. Грамматикалық кестелер. Алматы. 1980ж 



3.

 

Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз, 2003ж. 



4.

 

Исаев С.М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, «Қайнар» 1993ж. 



5.

 

Исаев  С.М.,  Назарғалиев  К.,  Дәулетбекова  Ж.  Қазақ  тілі.  6-сынып, 

(оқулық) Алматы, «Атамұра» 2002ж. 


6.

 

Исабаев  Ә.    Қазақ  тілін  оқытудың  дидактикалық  негіздері.  Алматы, 

«Қазақ университеті» 1993ж. 

7.

 

Ұйықбаев И.Қ. Қазақ тілі методикасының мәселелері. Алматы, 1996ж. 



8.

 

Қараев М.Ә. Қазақ тілі. Алматы, «Ана тілі» 1993ж. 



9.

 

Құлмағанбетова  Б.  Қазақ  тілін  оқыту  методикасы.  Алматы,  «Мектеп» 

1988ж. 

10.

 

Рахметова. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, «Ана тілі» 1991ж. 



11.

 

Қазақстан мектебі. №3, №4, 2004ж. 



12.

 

Қазақ тілі мен әдебиеті. №4, 2006ж 



 

Резюме  

Предметом  настоящей  статьи  является  вопрос  об  изучении  некоторых 

особенностей  имен  существительных  казахского  языка.  А  также 

рассматривается 

образование 

грамматических 

категории 

имен 


существительных  посредством  падежей,  имен  собственных,  личных 

местоимений и  множественного числа. 



 

Resume (turkce) 

Bu yazı (makalenin) ana konusu, kazak dilindeki isimlerin bazı özellikleriyle ilgili 

bir    çalışmadır.  Ayni  anda  yazıda    hal,  şahıs  ismi,  şahıs  zamiri  ve  çoğul  hal 

yardımıyla isimlerin gramer kategorisi  oluşturma araştırması yer almaktadır. 

 

Resume 


Subject of  the present article is the question of studying of some features of nouns 

of  the  Kazakh  language.  And  also  education  grammatical  categories  of  nouns  by 

means of cases, proper names, personal pronouns and plural is considered. 

 

Тірек сөздер: 

грамматикалық категория-  gramer kategorileri 

дидактикалық принцип-       didaktik prensibi 

тәуелдік, меншіктілік-           özgün isimleri 

көптік форма-                       çoğul 

әдіс-тәсілдер-                        metodoloji 

түбір-                                    kök 

қосымша-                              uç 

тіркес-                                   düzenleme 

айырмашылық-                    fark 

дағды-                                   alışkanlık 

ереже-                                   yönetmelik 

кеспе қағаз, үнтаспа-            kart, audio 

жіктеу-

                                                   



personals 

септеу-


                                                   

kılıflar 

тәуелдеу-

                                              

özel isimler 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал