Закиева арайлы аленхановна



жүктеу 0.6 Mb.

бет1/9
Дата15.09.2017
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті  
 
 
 
ӘОЖ: 633.81/.85   
 
 
 
 
 
 
Қолжазба құқығында 
 
 
 
 
 
 
 
ЗАКИЕВА АРАЙЛЫ АЛЕНХАНОВНА  
 
Қазақстанда өсімдік шаруашылығын әртараптандыру үшін тез пісетін 
майбұршақ сорттарын пайдалану  
 
6D080100 – Агрономия 
 
Философия докторы ( PhD)  
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация  
 
 
 
 
 
 
 
 
Ғылыми кеңесшілері  
б.ғ.докторы, профессор  Искаков А.Р.   
б.ғ.докторы, ҚР АШҒА академигі 
 Кудайбергенов М.С.  
PhD профессор Василев А.  
(Болгария) 
 
 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы  
Алматы, 2016 
 


 
 
 
МАЗМҰНЫ 
 
 
 
 
 
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 

 
АНЫҚТАМАЛАР 

 
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 

 
КІРІСПЕ 


ЗЕРТТЕУ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАУ 

1.1  Майбұршақтың  маңызы және  оның егістікті әртараптандырудағы  
рөлі 

1.2  Майбұршақтың  ботаникалық  сипаттамасы    және  биологиялық 
ерекшеліктері  
15 
1.3  Майбұршақты солтүстік өңірлерде өсірудің ерекшеліктері 
19 
1.4  Майбұршақ 
дақылына    өсу  реттегіштерін  пайдаланудың 
перспективасы
 
22 

ЗЕРТТЕУ  ЖҮРГІЗУ  ЖАҒДАЙЫ,  МАТЕРИАЛЫ    ЖӘНЕ  
ӘДІСТЕМЕСІ    
24 
2.1  Аймақтың топырақ – климаттық  жағдайы  
24 
2.2  Зерттеу материалы  
31 
2.3  Зерттеу әдістемесі  
32 
2.4  Майбұршақты өсірудің  агротехникасы  
40 

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ 
43 
3.1  Майбұршақты салыстырмалы экологиялық зерттеу   
43 
3.2  Тез  пісетін  майбұршақ  сорттары    тозаңдарының  тіршілікке 
қабілеттілігін анықтау 
53 

МАЙБҰРШАҚТЫҢ 
ӨСІП 
– 
ДАМУЫНА 
 
ӨСУ 
РЕТТЕГІШТЕРІНІҢ ӘСЕРІ 
56 

МАЙБҰРШАҚ 
СОРТТАРЫНЫҢ 
 
ТӨМЕНГІ 
ТЕМПЕРАТУРАҒА 
ТӨЗІМДІЛІГІН 
ЗЕРТХАНАЛЫҚ 
БАҒАЛАУ 
59 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІКАЙМАҒЫНДА ТЕЗ ПІСЕТІН 
МАЙБҰРШАҚ СОРТТАРЫН ӨСІРУ 
65 
6.1  Тез  пісетін  майбұршақ  сорттарының  егістік  сапасы  және  тұқым 
сапасын бағалау 
66 
6.2  Тез  пісетін  майбұршақ  сорттарының  вегетациялық  кезеңінің 
ұзақтығы 
71 
6.3  Тез пісетін майбұршақ сорттарының өнімділік элементтері 
75 
6.4  422 перспективалық сортүлгіге сипаттама 
79 

СОЛТҮСТІК  АЙМАҚТА  ЖАҢА  СОРТТЫ  ӨСІРУДІҢ 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ 
840 
 
ҚОРЫТЫНДЫ  
ӨНДІРІСКЕ ҰСЫНЫС  
86 
87 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                                                                     
88 
 
ҚОСЫМШАЛАР 
97 


 
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР  
 
Диссертацияда келесі стандарттаға сілтемелер қолданылған: 
ҚР МЖСБ 5.04.034 – 2011. ЖОО кейінгі білім беру. Докторантура. Негізгі 
қағидалар.  
Филосоия  докторы  (
PHD
),  профиль  бойынша  доктор  дәрежесін  алу  үшін 
диссертация жазу бойынша нұсқаулаық.   
МемСТ  2.105 -95 Конструкторлық құжаттардың бірегей жүйесі. Мәтіндік 
құжаттарға ортақ талаптар.  
МемСТ  2.11-98  Конструкторлық  құжаттардың  бірегей  жүйесі.  Норма 
бақылау.  
МемСТ  7.32-  2001  Ғылыми  –  зерттеу  жұмысы  туралы  есеп.  Рәсімдеудің 
құрылымы мен ережелері.  
МемСТ    7.1-  2003  Библиографиялық  жазба.  Библиографиялық  сипаттама. 
Құрастырудың ортақ талаптары мен ережелері.  
МемСТ  Р  52325  –  2005.  Ауыл  шаруашылығы  өсімдіктерінің  тұқымдары. 
Сорттық және егістік сапасы.  
МемСТ 12042 – 80. 1000 тұқымның массасын анықтау әдістемесі.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
АНЫҚТАМАЛАР  
 
Диссертацияда  сәйкесінше  анықтамалары  бар  келесі  терминдер 
қолданылды: 
Әртараптандыру  –  бұл  көптеген,  бір  бірімен  байланысы  жоқ  қызмет 
түрлерінің  біруақытта  дамуы,  өндірілетін  өнім  түрлерін  кеңейту,  негізгі 
бизнестен тыс белсенділікті арттыру.  
Экологиялық сортсынау  - жаңа сортты жанжақты және жылдам бағалау 
үшін  түрлі  экологиялық  жағдайда  жүргізіледі,  бір  селекциялық  –  тәжірибелік 
мекемеден басқасына жіберіледі. 
Ақуыз -молекулалары  өте  күрделі  болатын   аминқышқылдарынан
 
құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық 
қосылыс.  
Нитрагин – бірінші рет бұршақты өсімдіктер өсірілетін топыраққа енгізу 
үшін түйнек бактерияларынан дайындалған препарат.  
Өсімдіктердің  өсуі  және  дамуы  –  негізіне  ағзаның,  оның  онтогенезінің  
өсуін қалыптастыру жататын   маңызды тіршілік процесі. 
Фенологиялық  бақылау  –  табиғаттағы  және  дақылды  өсімдіктердің 
тіршілігінде жүретін маусымдық құбылыстарды бақылау.  
Фенологиялық  фаза  –  өсімдіктердің  онтогенетикалық  дамуының  этапы, 
морфологиялық белгілері бойынша анықталады. 
Тез пісетін сорт – жылдам және ерте пісетін, дамитын өсімдік сорты.  
Вегетациялық кезең – 
өсімдіктің өсіп, дамуына қолайлы жыл маусымы.
 
Белсенді 
температураның 
жиынтығы 
– 
жылудың 
мөлшерін 
сипаттайтын  және  ауа  температурасының  орташа  тәуліктік  температурасымен 
көрсетілетін  көрсеткіш  немесе  белгілі  бір  өсімдіктің  дамуы  үшін  қажетті 
температураның биологиялық минимумы.  
Биостимулятор  – қандай да бір органға немесе тұтас ағзаның тіршілігіне 
ынталандырушы әсерін тигізетін биологиялық белсенді зат.  
Перлит  -    жанартаулық  тау  жынысы,  өсімдік  шаруашылығында 
өсімдіктерді  өсіруге  арналған  субстраттарда  қопсытқыш  компонент  ретінде 
пайдаланылады.  
Гидропоника - бұл топырақсыз жасанды ортада өсімдіктерді өсіру тәсілі. 
Тозаңдық  талдау  –  тозаңдық  дәндердің  морфологиялық  ерекшеліктері  
(мөлшері,  тозаңдық  дәннің  экзин  суреттері,  тозаңның  ұрықтылығы  және 
тіршілікке  қабілеттілігі)  бойынша  өсімдіктің  репродуктивті  потенциалын 
анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу  әдісі.    
Тозаңдардың  ұрықтылығы  (фертильность)  –  бұл  тозаңдардың 
ұрықтануға қабілеттілігі. 
Тозаңның  тіршілікке  қабілеттілігі  –  тозаңдардың  қолайлы  жағдайда 
аналық аузында өнуге қабілеттілігі.  
 
 
 


 
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР  
 
ҚР БҒМ -  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
 
АӨК –  
агроөнеркәсіптік кешен 
АШҒЗИ –   ауылшаруашылығы ғылыми зерттеу институты 
0
С –   
градус Цельсия 
ҒЗИ –  
ғылыми зерттеу институты 
км –   
километр 
АҚШ – 
Америка құрама штаттары 
млн.га-  
миллион гектар 
мг/кг –  
миллиграм килограмына  
кг –    
килограмм 
ц –    
центнер 
кг/га –  
килограмм гектарына  
т/га –  
тонна гектарына  
с.е. –   
солтүстік ендік  
КСРО -  
Кеңестік социалистік республикалар Одағы
 
о.е. –   
оңтүстік ендік  
ТМД -  
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы 
млн.т –  
миллион тонна 
млрд. $ -   миллиард доллар 
ц/га –  
центнер гектарына 
мм –   
миллиметр  
га –    
гектар  
МаЖиКо –  Масла, Жиры, Корма бағдарламасы  
АҚ –   
акционерлік қоғам  
ЖШС –  
жауапкершілігі шектеулі серіктестік  
м –    
метр  
см –    
сантиметр  
г –    
грамм 
м
3
 /га - 
метр куб гектарына
 
АШҒА –   Ауылшаруашылығы ғылыми академиясы  
ҒЗЖТИ
  -  
ғылыми – зерттеу және жобалық – технологиялық институт
 
ш.ұ –  
шығыс ұзындықта  
БӨИ –  
Бүкілресейлік өсімдік шаруашылығы институты  
м/с –   
метр секундына  
км
2 –    
квадрат километр  
ЭСС –  
экологиялық сортсынау  
БМДҒЗИ –  Бүкіл ресейлік майлы дақылдар ғылыми – зерттеу институты  
л/га –  
литр гектарына  
S t   –     
с тандарт  
ЕМА-   
ең aз мәндi aйырмa 
 
 


 
КІРІСПЕ 
 
Өзектілігі  Мемлекет  басшысы  Н.Назарбаев  Қазақстан  халқына 
жолдауында      елдің  өсімдік  шаруашылығының  алдында  тұрған  міндеттерді 
айқын  белгілеп  берді,  бұл  егістікті  әртараптандыру,  тиімділігі  аз  дақылдарды 
қысқарту  және  инновациялық  технологияны  енгізу  [1].  Ауыл  шаруашылығы 
алдында    өсімдік  шаруашылығын  әртараптандырып,  бәсекеге  қабілетті  өнімді 
қамтамасыз  ететін  аса  маңызды  ауыл  шаруашылығы  дақылдарының  жаңа 
технологиясын әзірлеу және енгізу бөлігі бойынша жаңа міндеттер қойылды. 
Әртараптандыру бірінші кезекте егіншіліктің тұрақтылығына ықпал етеді 
[2,3]. 
Қазіргі  күні  өсімдік  шаруашылығындағы  құрылымдық  және 
технологиялық  әртараптандырудың  нәтижелерін  байқауға  болады,  мысалға 
бидайдың  егістік ауданы қысқартылып, орнына майлы, мал азығы, жарма және 
бұршақты  дақылдардың  егістігінің  ауданы  кеңейтілді,  сәйкесінше  өсімдік 
шаруашылығы өнімдерінің өндірісі өсіп отыр. Бұл мал шаруашылығының  мал 
азығы    базасын  нығайтуға,  өңдеуші  кәсіпорындарды  шикізатпен  қамтамасыз 
етуге септігін тигізеді.   
Елімізде    өсімдік  шаруашылығын  әртараптандыру  үшін  перспективті 
дақыл  болып  майбұршақ  табылады  [4].  Майбұршақ  –  Соя  -  Glycine  max  (L.) 
Merrill–  кеңінен қолданылатын   маңызды ақуызды – майлы дақылдардың бірі.  
ЮНЕСКО  ұйымы  майбұршақты  жоғары  азықтық  құндылығы  және  протеин 
құрамы бойынша   стратегиялық дақыл ретінде есептеп отыр [5].
 
Майбұршақ  тұқымында    ақуыздың  (40-45%)    және  майдың  (20-25%) 
мөлшері    көп.  Ақуыздың  құрамы    және  оның  сапасы  бойынша  негізгі  егістік 
дақылдардың  ішінде  майбұршаққа  тең  келетіні  жоқ.  Сонымен  қатар, 
майбұршақтың тұқымында көмірсулар, қант, пектинді және минералды заттар, 
бірқатар витаминдер кездеседі.   
Майбұршақ  атмосфералық    азотты  байланыстырып  және  оны  түйнек 
бактериялары  арқылы  топыраққа  жібере  алады.  Осы  қасиетінің  арқасында  ол  
азотты  тыңайтқыштардың  аз  мөлшерін  қажет  етіп,  өз  кезегінде  қоршаған 
ортаны  қорғауға  септігін  тигізеді.  Бұл    оны  көптеген  ауылшаруашылық 
дақылдары үшін бағалы алғы дақыл ете алады.    
Майбұршақ экономикалық тиімді және қалдық қалдырмайтын дақыл, егер 
одан  алынған  шикізатты  дұрыстап  өңдей  алсақ,  ол  өзіне  кеткен  шығынды 
толығымен ақтап алады.   
Қазақстан  Республикасы  ауыл  шаруашылығы  министрлігінің  «МаЖиКо» 
бағдарламасы  аясында  майбұршақтың  егістігін  кезең  –  кезеңімен  ұлғайту 
жоспарланып  отыр.  2016  жылы  майбұршақ  егістігі  130  мың  га,  2017  жылы  – 
180  мың  га,  ал  болашақта  400  мың  га  жерді  алатын  болады.  Бұл  майбұршақ 
егістігін солтүстік өңірлерде де ұлғайту арқылы жүзеге аспақ.  
Майбұршақты  республикамыздың    өзге  өңірлерінде  өсіру  арқылы  оның 
егістік  көлемін  ұлғайтуға,      елімізді  азық  –  түлік  қауіпсіздігімен,  ауыл 
шаруашылығын  экологиялық  және  экономикалық  тұрғыдан  тиімді  дақылмен  
қаматамасыз етуге, ал ауыл шаруашылық өндірісін тұрақтандыруға болады. 


 
Майбұршақтың  егістік  ауданын  солтүстік  өңірлерде  ұлғайту  үшін  
шектеуші  фактор  болып  өсуінің  бастапқы  кезеңіндегі  төменгі  температура  
және ерте жүретін күзгі үсіктер табылады. 
Сол  себепті  еліміздің  солтүстік    аймақтарындағы  егістік  алқабын 
әртараптандыру  үшін,  әрі    майбұршақтың  егістік  ауданын    ұлғайту  
мақсатында,    тұқымы  төменгі температура жағдайында өніп – өсуге қабілетті  
және  вегетациялық  кезеңі  қысқа,  өнімділігі  жоғары  сорттарды  өсіру,  сонымен 
қатар вегетациялық кезеңін қысқарту үшін өсу реттегіштерін пайдалану  өзекті 
болып табылады. 
Зерттеудің мақсаты  
Жүргізілетін  зерттеудің  мақсаты  Қазақстанның  солтүстік  аудандарының 
топырақ  –  климаттық  жағдайына    бейімделген,  жаңа  тез  пісетін  майбұршақ 
сорттарын  өсіру,  өсу  реттегіштерінің    майбұршақ  дақылының  вегетациялық 
кезеңіне және өнімділік элементтеріне  әсерін зерттеу. 
Негізгі міндеттері  
1
 
 Отандық және шетелдік майбұршақ сорттарына экологиялық сынау 
жүргізіп,  тез  пісуі,  жоғары    және  тұрақты  өнімділігі  бойынша  ерекшеленетін 
сорттарды анықтау.  
2
 
 Зерттелінетін сорттардың өсу реттегіштеріне реакциясын анықтау. 
3
 
 Өсімдік өсуінің ерте кезеңінде майбұршақ сорт үлгілерінің төменгі 
температураға төзімділігін зертхана жағдайында бағалау. 
Нәтижелердің    ғылыми  жаңалығы  Алғаш    рет  Солтүстік  Қазақстан 
жағдайында  майбұршақтың  әртүрлі  генотиптеріне  жан  –  жақты  талдау 
жасалып,  жергілікті  жағдайға  бейімделген  сорт  анықталды.  Өсу  реттегіштерін 
қолдану  арқылы  майбұршақ  өсімдігінің  өсіп  –  дамуын  реттеуге  болатыны 
көрсетілді.  Майбұршақ  сорттарының  төменгі  температураға  төзімділігіне 
зертханалық бағалау жасап, оларды себудің қолайлы мезгілі белгіленді.  
Тәжірибелік  маңыздылығы  Жүргізілген  зерттеулердің  негізінде 
Қазақстанның  солтүстік  өңірлерінде  өсімдік  шаруашылығын  әртараптандыру 
үшін  майбұршақтың  422  селекциялық  үлгісі  перспективті  деп  анықталып,   
Ивушка деген атаумен  Мемлекеттік сорт сынауға жіберілді (қосымша А). Өсу  
реттегіштерін  пайдалану  майбұршақтың  вегетациялық  кезеңін  5-7  күн 
аралығында  қысқартты.  Жаңа  сорттың,  төменгі  қолайлы  температураның 
майбұршақтың өнімділігіне және вегетациялық кезеңіне әсері зерттелді.   
Диссертация тақырыбының мемлекеттік бағдарламамен байланысы  
Диссертация  жұмыстары  мемлекеттік  тіреку  номері    №  0113РК01041   
болатын  «Бейтарап  фотопериодты  реакциялы  сорттарды  шығару  мақсатында 
биотехнологияның  заманауи  әдістерін  пайдаланып  майбұршақ  өсімдіктерінің 
генотиптік өзгергіштігін кеңейту» ғылыми жобасы бойынша жүргізілді. 
Зерттеу  нәтижелерін  енгізу  Зерттеу  нәтижелері  Қостанай  облысы, 
Қостанай  ауданы,  Заречный  поселкісі  «Қостанай  АШҒЗИ»  ЖШС  2  га  жерге 
енгізілді. Өндіріске  конкурстық сорт сынау нәтижелері бойынша ерекшеленген 
00 пісу тобының 422 сортүлгісі Ивушка атауымен енгізілді (қосымша Б).  


 
Жұмыстың  апробациясы  Диссертация  материалдары  Қазақ  ұлттық 
аграрлық  университетінің  Агробиология  және  фитосанитария  факультетінің 
және  Агрономия  кафедрасының  отырысында  (2016  ж.),  «Молодежь  и 
инновации  -  2015»  жас  ғалымдардың  халықаралық  ғылыми  –  практикалық 
конференциясында  (Беларусь  Республикасы,  қ.  Горки,  27  –  29  мамыр  2015) 
тыңдалды   және талқыланды.  
Зерттеу  нәтижелерінің  жарияланымдары  Диссертация  тақырыбы 
бойынша  9  ғылыми  мақала  жарияланды.    ҚР  БҒМ  саласындағы  Бақылау 
комитетімен  ұсынылған  ғылыми  баспаларда  -    3;  халықаралық  ғылыми  – 
тәжірибелік конференцияларда – 5; скопус - 1. 
Қорғауға шығарылатын диссертация қағидалары 
1  Қазақстанның  солтүстік  аудандарының  топырақ 
–  климаттық 
жағдайында өсуге  бейімді, перспективті сортты анықтау. 
2    Қолданылатын   өсу реттегіштерінің  майбұршақ сорт үлгілеріне әсері. 
3      Зертханалық  жағдайда  тез  пісетін  майбұршақ  сорт  үлгілеріне  төменгі 
температураның әсері.  
4   Экологиялық сорт сынаудан өткен майбұршақтың жаңа сортын өсірудің 
экономикалық тиімділігі. 
Диссертацияның көлемі және құрылымы 
Диссертация  компьютермен  терілген,  онда  кіріспе,  7  тарау,  қорытынды 
және  өндіріске  ұсыныстар  берілген.  Жұмыс  31  кестеден,  22  суреттен,  5 
қосымшадан  тұрады.  Пайдаланылған  әдебиеттер    тізімі  142  атауды  құрайды, 
соның ішінде 20 шетелдік авторлардың еңбектеріне сілтеме жасалған. 
Диссертация  жұмысын  орындау  барысында  үлес  қосқан  ғылыми 
кеңесшілеріме  және  Қазақ  егіншілік  және  өсімдік  шаруашылығы  ҒЗИ  дәнді  – 
бұршақты дақылдар бөлімінің ж.ғ.қ С.В. Дидоренкоға  және Қостанай АШҒЗИ 
зертхана меңгерушісі И.В. Сидорикке алғыс білдіремін.     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
1 ЗЕРТТЕУ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАУ 
 
1.1 
Майбұршақтың 
маңызы 
 
және 
 
оның 
егістікті 
әртараптандырудағы рөлі  
Майбұршақ – әлемдік егіншіліктің көне дақылы, 6000 жыл бұрын белгілі 
болған дақыл.  Бұл дақылдың шығу тегінің бірнеше орталықтары бар, бірқатар 
зерттеушілер (ЕнкенВ.Б., 1959; Лещенко А.К., 1948, 1962) майбұршақтың шығу 
тегінің  алғашқы  геоорталығы  ретінде    Солтүстік  –  шығыс  Қытайды,  Шығыс 
Қытайдың  орталық  және  оңтүстік  бөліктерін  есептеген  [6-8].    Мұнда,  яғни 
Ляохе және Сунгара өзендерінің бассейндеріндегі 100 -200 км жіңішке жолақта, 
өте ертеде майбұршақ дақылы пайда болған [9]. 
Қытайда  ол  6-7  мың    жыл  бұрын  дақыл  болып  енгізілген.  Оны  ежелден 
Жапонияда,  Үндістанда,  Индонезияда,  Вьетнамда,  Корея  түбегінде  және 
Азияның  басқа  аудандарында  өсіреді.  Майбұршақ  Қытайдан  Қиыр  Шығысқа 
біздің  эрамызға    дейін  3  мың  жыл  бұрын  енген,  мұнда  жергілікті  халық  оны 
Амур, Уссуридың жағасына өсірген. Көнелігі бойынша ол күрішпен тең түседі. 
Біздің  эрамызға  дейін  2838  жылы  Шен  –  Нун  трактатында  майбұршақтан 
әртүрлі азық өнімдерін дайындаудың принциптері көрсетілген, олар тіпті біздің 
заманымызға  дейін  өзгерместен  жеткен  –  майбұршақ  майы,  майбұршақ  ұны, 
майбұршақ  сүті,  майбұршақ  ірімшігі,  майбұршақ  тұздығы,  сонымен  қатар 
майбұршақ қосып жасайтын ыстық және салқын тағамдар.  
XVIII  ғасырда  майбұршақ  Еуропаға  әкелінген,  ал  XIX  ғасырдың басында 
оны алғаш рет Солтүстік Америкада еге бастады. Ресейдің Еуропалық бөлігіне 
майбұршақты  XIX  ғасырдың  аяғында  өсіре  бастады,  алайда  климаттық 
жағдайға бейімделген сорттадың болмауы, оның таралуын тежеді  [10 - 13]. 
В.Б.  Енкен  майбұршақ  формаларының  көп  әртүрлілігін  Жапонияда, 
Кореяда,    АҚШ-  та  байқайды  және  оларды  форма  түзілудің  екінші  орталығы 
деп есептеді. Н.И. Корсаков шығыс Африканың және Австралияның флорасын 
зерттей  келіп,  бұл  елдердегі  майбұршақтың  түрлік  алуандығын  және 
майбұршақ белгілерінің тұқымқуалаушылық өзгергіштігін байқаған  [14]. 
Қазіргі  күні  майбұршақты  барлық  континентте  60  –тан  аса  елде  өсіреді. 
Майбұршақ  егістігінің  жартысынан  көбі  және  60  %  жоғары  әлемдік  астық 
өндірісі АҚШ-қа тиесілі. Бұл дақылдың айтарлықтай ауданы Қытайда (14 млн. 
га  жоғары),  Бразилияда  (7,5  млн.  га),  сонымен  қатар  Оңтүстік  Америка 
елдерінде, Канада, Австралия, Батыс Еуропада кездеседі. 
КСРО-да  майбұршақ  1  млн.  га  жуық  жерді  алып  жатқан.  Оның  егістігі 
негізінен  Қиыр  Шығысқа  шоғырланған,  азғантай  ауданы  Солтүстік  Кавказда, 
Украинада,  Еділдің  жағасында,  Молдавияда,  Қазақстанда,  Алтайда,  Күнгей 
Кавказда  орналасқан.    Майбұршақ  егістігі  Украинада,  Солтүстік  Кавказда, 
Молдавияда,  Ресейде  ұлғайып  келеді.  Елдің    еуропалық  бөлігінің  суармалы 
жерлерінде, Орта Азияда және Қазақстанда майбұршақтың егістік аудандарын 
кеңейту жобаланған.  
Майбұршақ  ақуыздың  әлемдік  өндірісінде  басты  дәндібұршақты  дақыл 
болып  табылады.  Тұқымында  жоғары  сапалы  ақуыздың  және  майдың 

10 
 
болуының, өндірістегі  үнемділігінің және аз энергия сыйымдылығының, азық – 
түліктік, 
жемшөптік, 
техникалық 
және 
медициналық 
мақсаттарда 
пайдаланылуының  әмбебаптығының  арқасында  бұл  дақыл  аймақтық  және 
ұлттық азық – түлік бағдарламаларында айтарлықтай үлестік салмаққа ие . 
  Әлемдік  тәжірибеде  майбұршақ  астығы  негізінен  май  алу  үшін,  ал 
күнжарасы  және  жомы  –  жемшөптік  мақсатта  құрама  жемге  бағалы  ақуызды 
қоспа ретінде пайдаланылады.  Майдан басқа, майбұршақтан алынатын негізгі 
азықтық 
өнімдерге 
жататындары: 
майбұршақ 
сүті, 
тофу, 
окара, 
текстурирленген  майбұршақ  ақуызы,  майбұршақ  изоляттары  және  басқалары. 
Азық – түлік өнеркәсібінде нан – тоқаш, жармалық және кондитерлік өнімдерін 
дайындау  үшін  майы  алынған  майбұршақ  ұны  кеңінен  қолданылады. 
Майбұршақ майы сабын қайнату және лак және бояу шығару өнеркәсібінде де 
қолданылады.  Ақуызды  майбұршақты  изоляттар  тоқыма,  парфюмерия, 
фармацевтика,  қағаз  өнеркәсібінде  және  басқа  да  техникалық  мақсаттар  үшін 
тұтынылады [15]. 
  Оның  тұқымында  орта  есеппен  37—42%  ақуыз,  19—22%  май  және  30% 
дейін  көмірсу  кездеседі;  бұршаққаптардың  толысу  фазасында  орылған 
вегетативті  массасы  ақуызға  (16-18%),  көмірсуға  және  дәрумендерге  бай. 
Аминқышқылдық  құрамы  бойынша  майбұршақтың  протеині  тауық 
жұмыртқасының  ақуызына  пара  –пар,  ал  майы  тез  сіңімді  және  жануар  мен 
адамның ағзасы өндіре алмайтын  май қышқылдарына ие. Бұл тұрғыдан  оған 
тең келетіні жоқ. Мысалы, лизиннің құрамы бойынша ол құрғақ сүт және тауық 
жұмыртқасынан  кем  түспейді.  Ол  85-90    %  суда  ериді  және  жақсы  сіңіріледі 
(80-95%).  
Өсімдік майының әлемдік өндірісінде майбұршақ бірінші орынға ие. Оның 
үлесіне  өсімдік  майының  жалпы  өндірісінен  32,8  %  тиесілі,  ал  күнбағысқа  – 
17,1%.  Әлемде  жылына  8,5-9,2  млн.  тонна  майбұршақты    азықтық  май 
өндіріледі, маргарин, майонез және басқада жоғары калориялы азық өнімдерін 
дайындау үшін пайдаланылады [16]. 
Майбұршақ майында  қанықпаған май қышқылдары басым –олеин  (25 % 
дейін), линол (43-59%) және линолен (7-10 %); қаныққан қышқылдар аз -  15 % 
жуық.  Қоректілігі  және  сіңімділігі  бойынша  ол  күнбағыс  майына  пара  –  пар 
және сиыр майынан сәл кем түседі. Майбұршақ майында пайдалы заттар көп – 
фосфотидтер,  каратиноидтар,  витаминдер  және  т.б.  Майбұршақ  тұқымында 
кездесетін витаминдер:   B

- 11-17 мг/кг, В
2
 - 2,1-2,7, В3 - 13-16, В
6
 - 4-9, РР - 
22-34, Р - 1000-1600, К - 1,5-2,5, С - 100-200 мг/кг және басқалары. Витаминдер  
қатары  майбұршақтың  тұқымына    қарағанда,  майында  көп  болады  [17]. 
Ақуызының  қорытылуы    77-92%  және  жалпы  сіңімділігі  84-100%  жоғары 
[18,19]. 
Майбұршақ  ұнында  астық  тұқымдастарға  қарағанда  10  есе  көп  лизин, 
жүгеріге    қарағанда  9  есе  және  бидайға  қарағанда  3,5  есе    көп  триптофан, 
жүгері  және  күрішке  қарағанда  7  есе  көп  метионин  және  цистин  кездеседі. 
НижнеВолжск  АШҒЗИ  мәліметтері  бойынша  сорттық  ерекшеліктерді  есепке 
алғанда  1  кг  майбұршақ  астығында  1,31-  1,47  азықтық  бірлік,  280  –  340 

11 
 
қорытылатын  протеин  болады,  сәйкесінше  1  кг  майбұршақ  ұны  –  1,20  және 
3,75, күнжарасы – 1,21 және 420, жемі – 1,19 және 410, жасыл массасы  – 0,21 
және  35,  пішені  –  0,51  және  140,  сабаны  –  0,38  және  48,  жүгері  –  майбұршақ 
сүрлемі – 0,15 және 22 [20,21]. 
Майбұршақ  тұқымының  құрамы  протеин  мен  майдың  үйлесімімен  ғана 
ерекшеленбейді,  онда  сонымен  қатар  биологиялық  белсенді  заттар  кездеседі: 
фосфотидтер  (2,5%),  витаминдердің    кешені,  минералды  жеңіл  сіңетін  тұздар  
(Са,  К,  Мg,  Р).  Биологиялық  белсенді  заттардың  осындай  бай  қоры 
майбұршақты  әртүрлі    мақсатта  кеңінен  және  әмбебеп  пайдалануға  мүмкіндік 
береді [22]. 
Майбұршақ  өнімдерінің  диеталық  мәні  зор.  Етпен  салыстырғанда 
майбұршақта    жүрек    ауруларына,  ісікке  және  остеопорозға    әкелетін 
холестерин  және  қаныққан  майлы  қышқылдар  кездеспейді.  Майбұршақ 
қандағы  холестериннің  деңгейін  төмендетеді,  диабет  кезінде  ондағы 
глюкозаның  құрамын  оңтайландырады,  сүйектің  қатаюына  септігін  тигізеді, 
жүректің және қан тамырлары ауруларының дамуының алдын алады, бүйректе 
және  бауырда  тастың  түзілу  қаупін  төмендетеді  [23].  Майбұршақта  өте  сирек 
кездесетін  майлы  қышқыл  омега    3  бар,  ол  жаңа  туған  сәбилердің  миының 
дамуына  қажет,  жүрек  және  обыр  ауруларының  қаупін  сейілтеді.  Онда  обыр 
ісіктерінің дамуына қарсы және оны тоқтататын антиканцерогенді заттар көп.  
Майбұршақ    жан-  жақты  қолданылуымен  қатар,  қалдық  қалдырмайды, 
яғни  100  %  қолданылады.  Мал  азығына    майбұршақтың  күнжарасын,  жомын, 
ұнын,  астық  қалдығын,  жасыл  массасын,  шөптік  ұнын,  шөбін,  сүрлемін  және 
сабанын  пайдаланады.    Майбұршақ  күнжарасы  және  жомы  –  құрама  жемнің 
сапасын  жақсартатын  маңызды  ингредиенттер  (5-15%  көлемде  қосқан  кезде) 
[24]. 
Майбұршақтың  жасыл массасын малды азықтандыру үшін және  сүрлем, 
пішен,  шөптік  ұн,  түйіршіктер  дайындау  үшін  пайдаланады.      Майбұршақ  
сабанының 1 ц құрамында  3% ақуыз және 30 азықтық бірлік бар. Одан жемдік  
ұн,  түйіршік  немесе  аралас    сүрлем  (қант  қызылшасының  сабағымен  немесе 
жүгерінің  жасыл  массасымен)  жасауға  болады  [25].  Майбұршақты    сүрлемге 
өсірген кезде, басқа өсімдіктерге қарағанда, жүгерімен жақсы үйлеседі, өйткені 
бұл дақылдардың жасыл массасының максималды өнімі бір уақытта тамыздың 
соңы  –  қыркүйекте  қалыптасады,  және  олар  жақсы  биологиялық 
сәйкестілігімен ерекшеленеді [26]. 
Майбұршақ  азығын  малдың  және  құстың  рационына  қосу  өнім  бірлігіне 
кететін  шығынды  төмендетуге  мүмкіндік  береді  және  еттің,  сүттің,  жүннің 
өнімділігін және сапасын жақсартады  [27]. 
Майбұршақты  өсіру  маңызды  агротехникалық  мәнге  ие.  Түйнек 
бактерияларымен  селбесе  отырып,  ол  ауадан  азотты  сіңіріп,  оны  топыраққа 
өткізеді  және  жиын  –  теріннен  кейін  тамыр  және  шабындық    қалдықтармен 
топырақта  қалдырады.  Бұған  қоса,  майбұршақ  дақылы  табиғи  азот  түзуші 
бактериялардың  көбеюіне  септігін  тигізеді,  топырақтың  су  –  физикалық 
қасиетін  жақсартады.  Оңтайлы  ылғалдылық  жағдайында  нитрагинмен 

12 
 
(ризоторфин) инокуляциялаған кезде  ол топырақта айтарлықтай мөлшерде (40-
60 кг/га) азот жинақтайды және көптеген ауыл шаруашылығы дақылдары үшін 
жақсы алғы егіс болып табылады. Тамырының белсенді сіңіргіш қабілетіне ие 
бола отырып, майбұршақ дәнді дақылдар үшін қол жетіңкіремейтін және қиын 
еритін  минералды  қосылыстарды  жыртылған  қабаттан  ғана  емес,  тереңірек 
қабаттардан  да  ала  алады.  Майбұршақ  жасыл  тыңайтқыш  ретінде  де  жақсы 
пайдаланылады [28]. 
Шетелдік  тәжірибелердің  талдауы  көрсеткендей  майбұршақтың    өндірісі 
ақуызды  –  майлы  өнімдерге    деген  қажеттілікпен  тепе  –  тең    ұлғайып  келеді.  
Майбұршақ  өндірісін  жетілдіру  түрлі  топырақ  –  климаттық  аумақтардың 
биоклиматтық  әлеуетін  толық  пайдалану  есебінен    туындауы  керек.    В.И. 
Чернышовтың    диссертациялық  зерттеулері  көрсеткендей,  жетілдірілген 
агротехнологияларды қолданған кезде майбұршақтан 2,5-3,0 т/га майлы тұқым 
алынады және ол инвестиция үшін қызықтыратын нысан бола алады[29]. 
Майбұршақты ұзағынан өсіру оны өсіріп – баптаудың агротәсілдерін жете 
меңгеруге  мүмкіндік  берсе,  егіншілердің  және  халық  селекционерлерінің  көп 
еңбегі  бұл  өсімдікті    механикаландырылған    өсірудің  барлық  технологиялық 
процестеріне бейімделген дақылға айналдырды[30]. 
  Майбұршақ – аса бейімделгіш, мәңгілік тоң аймағынан (54-56 с.е. КСРО-
ның  Қиыр  Шығысында,  Швеция  және  Канадада)  тропикалық  ендікке  дейін 
созылып жатқан, ареалы кең өсімдік [31]. Майбұршақ муссонды, ылғалы және  
күн сәулесі мол климатта өсірілген. Майбұршақтың таңғажайып қасиеттерінің 
бірі  -   оның биологиялық  әлеуеті  өте жоғары.  Азияда майбұршақ гектарына  7 
центнер  бұршақ  берсе,  АҚШ-та  –  орта  есеппен  12-15,  ал  Ресейдің  еуропалық 
бөлігінің  озат  шаруашылықтарында  –  20-24  центнер  береді.    Майбұршақты 
молынан суарған жағдайда ол гектарына 37 центнерге дейін бұршақ және 300-
325 центнер жасыл масса бере алады, мысалға Херсон тәжірибе станциясында 
мұндай жағдай байқалған.   
Майбұршақ  өсіру  шаруашылығын  әртүрлі  экологиялық  аймақтарда    
ұлғайтудың мәні зор. Әрбір аймақ үшін өзінің тұқымы, өзіндік айрықша сорты 
болуы  керек.  Әйтпесе  қандай  да  бір  аймақ  үшін  «бөтен»  сорт  тұқымы 
өнімділігінің төмендігімен сипатталады.  
Соңғы  20  жылда  әлемде  майбұршақ  астығының  өндірісі  2,16  есеге  өсті, 
егіс  ауданы  1,6  есеге  және  өнімділігі  -1,35  есеге  ұлғайды.  Бұл  дақылға  деген 
үлкен  қызығушылық  АҚШ-  та,  Бразилияда,  Аргентинада,  Қытайда    және  
Үндістанда  артуда,  мұнда  90%  жуық  майбұршақ    егістігі  шоғырланған. 
Сарапшылардың  мәліметі  бойынша  ТМД-да    майбұршақтың  үлкен  өндірісі 
Ресей және Украинаға тиесілі (кесте 1, сурет1) [ 32]. 
Соңғы  уақытта  нарықтық  экономикаға  көшуге  байланысты  Қазақстан 
Республикасын  азық  –  түлік  қауіпсіздігімен  қамтамасыз  ету  мақсатында  ауыл 
шаруашылығы өндірісінде айқын өзгерістер жүрді.  
Негізгі мақсат болып өз елімізде өндіруге болатын тауарлардың импортын 
шектеу болып отыр. Бұл өз кезегінде жаңа өндірістердің құрылуына және  жаңа 
жұмыс  орындарының  ашылуына  жағдай  жасайды.  Ет  консервілері,  макарон 

13 
 
өнімдері,  маргарин,  йогурт,  минералды  сулар,  этил  спирті,  нан  өнімдері, 
балмұздақ,  шоколад,  өсімдік  майлары,  ет  сияқты  кең  тізімді  азық  -  түлік 
тауарларын  өз  елімізде  шығарсақ    ішкі  сұранысты  қанағаттандырып,  содан 
кейін экспортқа бағыт алатын боламыз. 
 
Кесте 1-  Майбұршақтың әлемдік өндірісі, млн.т 
 
Елдер  
2001ж.  2004ж. 
2007ж.  2009ж.  2010ж.  2011ж. 
 
2013ж. 
 
2014ж. 
АҚШ 
78,7 
77,2 
70,4 
91,4 
90,6 
83,2 
89,5 
108,0 
Бразилия 
43,5 
60,0 
61,0 
56,96 
70,0 
72,0 
81,7 
94,5 
Аргентина 
30,0 
39,0 
47,0 
30,99 
49,5 
48,0 
49,3 
58,5 
Қытай 
15,4 
17,5 
14,3 
14,5 
15,2 
13,5 
12,5 
12,3 
Үндістан 
5,4 
7,0 
9,3 
10,2 
9,6 
11,0 
11,9 
9,8 
Парагвай 
3,55 
5,0 
7,0 
3,9 
7,5 
6,4 
9,1 
8,5 
Канада 
1,4 
2,9 
2,7 
3,5 
4,3 
4,2 
5,1 
6,0 
Украина 
0,12 
0,36 
0,72 
1,04 
1,67 
2,3 
2,8 
3,9 
Басқалары  
6,63 
8,44 
7,38 
9,61 
9,93 
10,9 
11,5 
11,7 
Барлығы: 
184,7 
217,4 
219,8 
222,1 
258,3 
251,5 
273,4 
313,2 
 
Британ ғалымдарының пайымдауынша, Украина, Польша және Аргентина 
елдері  сияқты  Қазақстанның    әлеуеті  жақын  болашақта  әлемдік  азық-түлік 
дағдарысы  мәселесін  шеше  алатын  басты  мемлекеттердің  бірі  бола  алады.  
Соңғы  уақытта  әлемдік  нарықта  ұннан  және  дәнді-дақылдардан  жасалған 
дайын өнімдерге сұраныс өсіп отыр. Сондықтан, еліміздің ауылшаруашылығы 
тауарларының  өндірушілері осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланулары қажет. 
Өсімдік  шаруашылығын  әртараптандыру  –  саналы  таңдау.  Және  әрбір 
шаруашылықта  аймақтың  топырақ  –  климаттық  жағдайын  және  мал 
шаруашылығының қажеттілігін, азық – түлікке деген сұранысты ескере отырып 
өсірілетін дақылдардың жиынын көбейту керек.  
«Алқаптарды  әртараптандырып,  өңдеу  саласын  өркендету-  ауыл 
шаруашылығын  дамытудың  бірден-бір  жолы»  -  деп,  Қостанай  облысына 
сапарында  берген  сұхбатында  ел  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев,  қазір  біз 
дәнді  дақылдардың  бір  түрін  өсірумен  өзімізді  күтпеген  шығындардан 
сақтандыра алмайтынымызды түсінуіміз керектігін атап көрсеткен. 
Қазақстанда  өсімдік  шаруашылығын  әртараптандыру  үшін  перспективті 
дақыл  болып  майбұршақ  табылады.  Соңғы  он  жылдықта  әлемдік  егіншілікте 
майбұршақ  өндірісі  қатты  ұлғайды.    Майбұршақ  барлық  дәнді  бұршақты 
дақылдардың  арасында  құрамында  адамның  және  жануарлардың  қалыпты 
тіршілігі үшін қажетті қоректік заттардың болуымен ерекшеленеді, сондықтан 
оған  әлемдік  тәжірибеде  ақуыз  мәселесін  шешуде  үлкен  мән  беріледі. 
Қазақстанның  солтүстігінде  (ылғалдану  деңгейі  300  мм  кем  емес 

14 
 
агроэкологиялық аумақтар) егіншілікті қарқындату үшін  майбұршақты басқада 
дәнді  бұршақты  дақылдармен  қатар  (асбұршақ,  ноқат)  ауыспалы  егісте 
пайдалануға болады, бұл парлы егістен толықтай бас тартуға, ауыспалы егістің 
өнімділігін ұлғайтуға септігін тигізеді.
 
 
 
 
 
Сурет 1- Майбұршақтың ТМД-ғы өндірісі 
 
Қазақстанда  және  ТМД  елдерінде  майбұршақ  өнімдері  азық  –  түлік 
өнеркәсібінің  әртүрлі  салаларында  кеңінен  қолданылады.  Көбінесе  сүт 
өнімдерін  шығаратын  салада  сары  май,  ірімшік,  сүт,  кілегей  және  басқа 
өнімдердің    өндірісінде  пайдаланылады.    Ет  –  консерві  саласында  ақуызды  – 
майлы  толтырғыш  ретінде  пайдаланылады.  Қазақстандық  азық  –  түлік 
өнеркәсібі  үшін  барлық  майбұршақ  өнімдері  импортталады.  Майбұршақ 
изоляттарын,  текстураттарын  және  басқа  өнімдерін  тұтыну  аз  бірақ  тұрқаты 
түрде өсуі байқалады.  
Майбұршақ  күнжарасы  Қазақстанда  құстардың  және  өнеркәсіптік 
бордақылауда  тұрған  малдардың  азықтық  рационының  негізі  ретінде 
пайдаланылады.  Тұтынудың  жылдық  көлемі  75  мың  тоннаға  жуық,  құс 
шаруашылығының,  мал  шаруашылығының,  азық  –  түлік  және  өңдеуші 
өнеркәсіптердің дамуына байланысты өсу қарқыны байқалады.    
Қазақстанда  тұқымдық  материал,  майбұршақтың  элиталы  сорттары, 
майбұршақты өсірудің  және  одан    өнім  өндірудің    әзірленген  технологиялары 
бар.  Шикізатты  сатып  алуға  дайын  кәсіпорындар  (әсіресе  құс  фабрикалары), 
және  бұл  бағдарламаны  қолдауға  қызығушылық  танытқан  және  оған  несие 
беруге  дайын  банктер  бар  (Эксимбанк,  Центркредит).  Қазіргі  уақытта  ҚР-да 

15 
 
майбұршақ өңдейтін зауыттар: АҚ – «Вита - Соя» - шикізат бойынша өнімділігі  
150 000 тонна жылына; ЖШС «Завод по переработки сои Экстра» - 24 000 тонна 
жылына;  ЖШС  «Компания  Сары  Булак»  -  24  000  тонна  жылына.  Барлық 
кәсіпорындар  Алматы  облысында  орналасқан  («Вита  -  Соя»  кең  ауқымды 
өндірістің  технологиялық  өндірісіне  ие),  шикізаттың  жетіспеушілігіне 
байланысты толыққанды жұмыс істей алмай отыр.   
Қазіргі  уақытта  елімізде  дақылдардың  ұлттық  генқорын  құру  бойынша 
ауқымды  жұмыстар  жүргізілуде.  Осыған  байланысты  Қазақ  егіншілік  және 
өсімдік шаруашылығы ҒЗИ  азықтық,  майлы және дәнді  - бұршақты  бөлімінде 
2001  жылдан  бастап  қазіргі  күнге  дейін  майбұршақтың  генқорын  жинау, 
зерделеу,  бөлу,  құжаттау  [38]    және  сақтау  бойынша  жұмыстар  жүргізіліп 
жатыр.  Қазір    майбұршақтың  530  сортүлгілері    Қазақстан,  Ресей,  АҚШ, 
Украина,  Белорусия,  Сербия,  Франция,  Канада,  Швеция,  Болгария,  Румыния, 
Молдавия, 
Польша, 
Венгрия, 
Қырғызстан, 
Өзбекстан 
елдерінен 
жинақталды[33,34].   
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал