Зайсан,тарбағатай өҢірі тұРҒындарының тіліндегі жергілікті ерекшеліктер және олраға негіз болған факторлар



жүктеу 82.1 Kb.

Дата09.03.2017
өлшемі82.1 Kb.

А.Байтұрсынов атындағы  

Тіл білімі институтының            

«Тілтаным» журналы. 2007.№4  

Г.Кәрібаева 



 

ЗАЙСАН,ТАРБАҒАТАЙ ӨҢІРІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТІЛІНДЕГІ 

ЖЕРГІЛІКТІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ЖӘНЕ ОЛРАҒА НЕГІЗ БОЛҒАН  

ФАКТОРЛАР 

 

Диалектілік  лексиканың  сипатына  тоқталмас  бұрын  алдымен  ленгвистикалық 



әдебиеттерді  диалект,  жартылай  диалект,  диалектизм,  диалектілік  сөз,  этнографизм 

атаулаының  қандай  мәнде  қолданылып  жүргеніне  тоқталайық.  Диалект  ұғымын 

айқындауда  ғалымдар  арасында  бірқатар  таластар  кездеседі.  Т.С.Коготкова  [1]  оны 

ұлттық тілдің бір тармағы ретінде сөз етсе, Н.В.Баландина ұлтық тілдің аймақтық және 

әлеуметтік  ретінде,  Ф.П.Сороколетов,О:Д.Кузнецова  сияқты  ғалымдар  жалпыхалықтық 

тілдің  бір  тармағы  ретінде  [2],  Л.И.Баранникова  белгілі  бір  этникалық  бір  бөлек 

қоданылатын,  шектеулі,  өзінің  ерекшелігі  мол  құралдардың  аймақтық  жұмсалымы 

ретінде  сипаттайды  [3].  Сол  сияқты  бір  қатар  еңбектерде  диалекті  тіл  деген  термин 

қолданылады. Алайда бұл атау қайта қарауды қажет етеді,себебі диалекті тілі жекелеген 

аймақтық жүйелердің түрі  ретінде  қолданылатындықтан, ол қазіргі кездегі ортақ тілдік 

жүйенің  жекелеген  көрінісі  ретінде,  ұлттық  тілдің  бір  көрінісі,  соған  тәуелді  құбылыс 

болып  табылады.  Олар  өз  бетінше,  дербес  қолданылмайтындықтан,  Ұлттық  тілдің 

генетикалық  дамуна,  негізгі  даму  тенденсиясы  тәуелді  болады.  В.В.Виноградовтың 

сөзімен  айтқанда,  диалектілер  «качественно  иной  уровень  того  же  языка,  диалекты  в 

современных  приспосабливаются  к  национальному  языку,  постепено  оттесняются  и 

приобразуются им»[4].  

Диалектологиялық  зерттеулерде  диалектілік  ерекшелік  атауы  жарыса  қолданылады. 

Ф.П.Сороколетов пен О.Д.Кунецованың «Очеги по русской диалектной лексикографий» 

атты еңбегіндегі диалектілік сөз  былайша сипатталған: «Диалектное слово – это слово, 

имещее  распространениене  только  на  части  территории  русского  языка  (очерченной 

изоглоссой),  и  в  этом  отношении  оно  становится  в  один  тяд  с  диалектными 

фонетическими, морфологическими и с синтаксическими явлениями» [2].  

Диалектизм  термині  диалетілік  сөз  атауымен  салыстырғанда,  кең  мағынада 

қолданылады.  Ол  диалектілік  лексикалық,  граматикалық  фонетикалық  өзгешеліктерін 

түгел  қамтиды.  Сондықтан  диалектілік  сөз  туралы  әңгіме  қозғағанда,  оны  нақтылап, 

лексикалық диалектизм деп қолданған жөн.  

Сонымен 

қатар, 


бірқатар 

зерттеушілердің 

еңбектерінде 

этнографизмдерді 

диалектілік 

ерекшеліктер 

ретінде 

қарастырып 

жүр. 

Мәселен, 



Н.М.Шанский 

этнографизмге  былайша  анықтама  береді:  «Этнографизмами    называются  такие 

диалектные слова которые обозначают предметы и явления быта и труда, специфичные 

для 


определенной 

местности 

и 

не 


известные 

литературному 

языку 

»[5].  


Этнографизмдерді осы тұрғыдан ғана қарастыру олардың өзіндік ерекшелігін толық аша 

алмайды,  онда  диалектілік  ерекшелігі  бар,  жалпыхалықтық    сипат  ала  алмаған,  белгілі 

бір аймақтық қолданыспен ғана шектелген сөздер ғана тексеріледі. 

Бір тілде сөйлейтін екі адам өзара түсініскенімен, жекелеген сөздерді  түсіне алмауы, 

бір  жағынан,  екінші  жағынан,  сол  сөзге  ерекше  назар  аудартады  .  Фонетикалық, 

граматикалық  ереккшеліктердетыңдаушы  сөилеуші  тіліндег  кейбір  ерекшелікті 

байқағаны  мен,  оларды  өзара  түсінуге  елеулі  ықпал  ете  алмайды.  Ал  лексикалық 

ерекшеліктерді  жекелеген  дыбыс,  фонема,  қосымша  морфема  көлемінде  емес,  тұтас 

лексикалық  бірлік  болғандықтан,  адресанттың  ойын  түсінуде  олар  маңызды  қызмет 


атқарады.  Жапон,өзбек  т.с.с.  көптеген  тілдерде  сөйлеушілердің  тіліндегі  ерекшеліктер 

өзінің күрделілігімен, тұтастығымен бір тілде сөйлейтін түрлі диалект иелерінің бірін – 

бірі  түсінбеу  дәрежесіне  дейін  жетсе,  қазақ  тілінде  жергілікті  тіл  ерекшеліктері  ондай 

денгейге  жетпеген.  Яғни  жекелеген  лексикалық,  фонетикалық,  громатикалық 

ерекшеліктер болғанымен, қазақ тілінде тілінде сөйлейтін екі аймақтың бірін – бірі еркін 

түсінеді.  Осыған  XXI  ғасырд  П.М.Мелиорански:  «особенно  замечательно  то 

обстоятельство,  что  несмотря  на громадное  пространство,  занимаемое  киргизами,  язык 

их  даже  в  наиболее  удаленных  друг  от  друга  местах,  почти  совершенно  одинаков,  до 

такой степени, что дальнейшее дробление на поднаречие едва ли возможно», - дейді [6]. 

Әдеби  тілдің  даму  барысында    тілдегі  диалектілік  ерекшеліктер  жойылып,  жергілі 

жерлерге  тән  нұсқа  әдеби  тіл  әлементтерін  алмастырып  отырады.  Бұл,әрине,  табиғи, 

заңды  құбылыс.  Себебі  өзін  дамыған  қоғамның  мүшесі  ретінде  сезінетін,  әдеби  тіл 

нормаларын,  оның  қалыптану  үлгілерін  түсінетін  кез  келген  адам  сөздік  қорындағы 

жергілікті тілге тән ерекшеліктер орнына әдеби тілдегі баламаны қолдануға тырысады.  

Жергілікті  тіл  ерекшеліктері  қалада  біршама  орнығып  қалған  немесе  орталыққа 

жақын  жерде  тұратын  тұрғындардың  тілімен  салыстырғанда,  көбінесе  орталықтан 

шалғай  жерлерде,  ауылдық  жерде  тұратын  тұрғындардың  тілінде  жиі  кездеседі.  Ол 

ерекшеліктерді тұрғындар жергілікті ерекшелік ретінде қабылдамауы да, әдеьи тілге тән 

норма  есебінде  тануы  да  мүмкін.  Ал  оның  жергілікті  екенін  түсінген,  басқа  аймақтың 

тұрғындарымен  күнделікті  қарым  қатынас  жасайтын  адам  басқалардан  ерекшеленбеу 

мақсатымен  және  әдеби  тіл  нормаларын  сақтау  мақсатымен  оның  әдеби  тілдегі 

баламасын қолдануға тырысады. 

Сөйлеу барысында сөз жеке-дара қолданылмайды, тілде белгілі бір парадигмалармен 

байланысты  болатын  сияқты,  сөйлеуде  де  белгілі  бір  семантика  аясындағы,  белгілі  бір 

нұсқадағы  лексикалық  бірліктерді  қажет  етеді.  Сол  себепті  сөздердің  лексикалық  жіне 

синтаксистықтіркесімдік  қабылеті  болады.  Сөздердің    тіркесімділігі  –  оның 

синтогамалық  позицияларының  жиынтығы.  Лексикалық  тіркесімділік  (семантика) 

әдетте  сөздің  басқа  лексикалық  бірліктерімен  тіркесе  отырып,  синтагмалық  деңгейдегі 

ерекшеліктерін 

көрсете 


алу 

қабылетімен 

байланысты 

болса, 


синтаксистік 

(грамматикалық)  тіркесімділік  осы  лексикалық  бірліктердің  белгілі  бір  тұлғадағы 

келуіне байланысты болады. Бұл ерекшеліктеріне түрлі сөз табына  байланысты өзіндік 

ерекшеліктері  болады.  Мысалы,  етістіктің  синтаксистік  әлеуеті  жоғары  болуына 

байланысты  лексикалық  та,  синтаксистік  те  тіркесімділік  деңгейі  жоғары  болса,  сын 

есімді олардың лексикалық тіркесімділігіне  ерекше мән беріледі, сын есімдер негізінен 

зат  есімен  тіркеседі.  Синонимдердің  әдеби  тілдегі,  диалектілердегі  тіркесімділік 

(дистрибутивті)қасиеттерін сөз ете отырып, Т.С.Коготкова былай дейді: «...как правило, 

такой материал в диалекте добывается трудно, получение его должно быть спетсальной 

задачей  исследования.  А  это  требует  продолжительного  экспедиционного  этапа,  и 

тщательного  изучения  лексического  фонда  говора  вообще.  Обычные  картотечные 

собрания  диалектных  слов  для  облостног  словаря  (да  еще  дифференсального!)могут 

нечего  не  дать  для  постоновки  дистрибутивного  анализа  семантики»[1.118].  Сөздердің 

синтагмалық  ерекшеліктері  диалектологиялық  зерттеулер  үшін  өте  маңызды,  себебі, 

олрдың  мәні  дұрыс  анықтауға  мүмкіндік  береді,  синонимдердің  атқаратын  қызметін 

көрсетеді.  

Жергілікті  тіл  ерекшеліктерін  индуктивті  тұрғыдан  зерттеу  семасиологиялық 

сипаттарын  қамти  отырып,  кешенде  түрде  зерттеуге  жол  ашады.  Мұндай  талдауларды 

мына сызбамен көрсетуге  болады: мәтін – түсіндірмелі сөздік – жүйе  бөліктері – тұтас 

жүйе.  Бұл  бөлшектердің  әрқайсысы  лексикалық  бірліктердің  мағынасын  анықтап, 

талдауға арналған кешенді семасиологиялық  зерттеулерде маңызды орын алады. Сонда 

ғана тілдің қызметі жан-жақты ашыла түседі. 



Қазақ даласында бекіністер, кейін қалалар салынып, қазақ халқы жартылай көшпелі 

тұрмыстан  отаршылыққа  бет  алған  кезеңнен  бастап  жергілікті  ерекшеліктер  одан  әрі 

көбейе, тереңдей түскені белгілі. Қазақстаның шығысында орналасқан керей, наймандар 

монғол империясына дейін де өз алдына ел болып, хандық құрған. Кейін шыңғыс ханың 

шапқыншылығынан  соң  олар  біраз  уақыт  Моғолстаның  қарауында  болған.  Керей, 

найман тайпалары кейін қазақ халқының негізін құруға қатысқан рулурдың тірі болғаны 

мәлім.  Жергілікті  халық  мекн  еткен  жерлердің  оңтүстік-шығыс  жағы  монғол,  қалмақ, 

қытай  елдерімен  шектесіп,  көршілес  елдермен  тығыз  қарым-қатынаста  болғандықтан, 

оның  үстіне  бір  қатар  монғол,  қалмақтардың қазақ  арасына  келіп,сіңісуіне  байланысты 

осы  өңірдегі  қазақтардың  тілінде  тілінде  монғол  тілінің  элементері  жиі  кездесіп 

отырады. Мұндай ерекшеліктер тілдің лексикалық қабатында ғана  емес,громатикалық , 

фонетикалық  қабаттарында да анық байқалады. Зайсан өңірінде қиын сөзі әдеби тілден 

өзгеше  реңктерде  жұмсалады:  қиын  қызық  кітап  екен,  қиын  жақсы  көрдім  т.б.  бұл 

тіркестерде  қиын    сөзі    өте,  аса  сияқты  күшеиткіш  үстеу  орнына  қолданылса,  басым      



қиын  аурып  тұр  деген  сөйлемде  қатты  деген  сөздің  орнына  қолданылған.  Қиын  сөзін 

осындай  түрлі  ренктерде  қолдану  Абай  шығармаларында  да  кездеседі:Сабырмен  талап 

беріпті, Ақылың рақымның қиын-да(Абай. Таңдамалары. 1-т. 244-бет). 

Ж.Досқараев  мұндай  сөздердің  этимологиясы  туралы  айту  қиын  екенін  айта  келіп: 

«Түрік,  моғол  тілдерінің  бір  сапыра  сөздері,  кейбір  громматикалық  формалары  біріне-

бірі алыстап, басқа елдердің мәдени-шаруашылық, қоғамдық әсеріне ұшыраған. Тілдегі 

ұқсас формалар бірте-бірте өзгеленіп, кейбіреулері өзінің бұрынғы қалпын сақтап, әрбір 

түрік, моғол тілдерінде қолданылып келген», - деген тұжырым жасайды [8.56]. 

Зайсан 

өңіріне 


тән 

громматикалық 

ерекшеліктер 

қатарына 



–ғалы/-гелі 

көсемшілерінің  орнына  -ғайы/-гейі  түрінде  қолданылуын  жатқызуға  болады. 

Н.К.Дмитриев  «Громматика  кумыкского  языка»  атты  еңбегінде  –ғанлы/-генлі, -ғалы/-

гелі қосымшалары –ған/-ген жұрнағынан өрбеген құранды қосымша ретінде түсіндіреді. 

Ал  Ж.  Досқараев  –ғайы/-гейі    жұрнағының  этимологиясына  байланысты  мынадай 

тұжырым  жасайды:  -ғайы,  -қайы            (-кейі,-гейі)  қосымшаларының  пайда  болуы 

етістіктің көне қосымшасы ғай, -қай формаларымен байланысты бола ма деп ойлаймыз. 

Өйткенде  ол  барғай,  ол  жүргей,  ол  барғайы  отыр,  ол  жүргейі  отыр  деген  сөйлемдегі 

етістіктердің  тұлғалық,  мағыналық  жағынан  бір-біріне  байланысы  бар;  семантикалық 

жағынан ішінара аз-маз айырмашылығы болғанымен, қайсысын алсақ та, келер шақтың, 

тілек-мақсаттық мағынаны білдіреді.  

Сонымен қатар айттым емес пе? бардым емес пе? түрінде келетін жедел өткен шақ 

тұлғалы етістікке е көмекші етістігінің есімшенің болымсыз тұлғасында келіп, сұраулық 

шылаумен тіркесінен құралған формалар жиі кездеседі. Мәселен:  

Жалпы,  біздің  жаунгерлердің  көпшілігі  қып-қызыл  оттың  ішінде  жүрді  емес  пе? 

(«Зайсан асулары»/Б.Құдабаев «Күркіреп өтті ғой соғыс»110-бет).  

Осы  өңірге  тән  грамматикалық  ерекшеліктердің  қатарында  қарында  жіктік 

жалғауының ықшамдалып қолдануын да атауға болады:  

Бұлттардың биік көшінде, 

Сауырдың сұлу төсінде.  

Ұмытпан сені, өскен жер,  

Тұрасың мәнгі есімде 

(«Зайсан асулары»/Ә.Нілібаев «Менің жаңа тұрмысым»16-бет) 

Сезім кәдік, асқақ әрі,  

Көзден кейде жас тамады. 

Жершіл емен, отаншылмын, 

 Отан сенен басталады.  

(«Зайсан асулары»/Т.Қызықбаев «Мерей тойың құтты болсын»17-бет) 


Ж.Досқараев  көптеген  сөздер  монғол,  қалмақ  сөздерімен  ұқсас  келетінің,  мұндай 

сөздердің этимологиясы туралы айту қиын екенін айта келіп: «Түрік, моңғол тілдерінің 

бірсыпыра  сөздері,  кейбір  грамматикалық  формалары  бір-біріне  ұқсас  болған.  Ол 

халықтар  кейін  бір-бірінен  алыстап,  басқа  елдердің  мәдени-шаруашылық,  қоғамдық 

әсеріне  ұшыраған.  Тілдегі  ұқсас  формалар  бірте-бірте  өзгеленіп,  кейбіреулері  өзінің 

бұрынғы  қалпын  сақтап,  әрбір  түрік,  моңғол  тілдерінде  қолданылып  келген»,  -  деген 

тұжырым  жасайды. [8.56] 

Сондай-ақ  Ж.Досқарбаев  Шығыс  Қазақстан  өңіріндегі  топонимикалық  атаулардың 

да  көпшілігі  моңғол,  қалмақ  сөздері  екенін  айта  келіп,  Тұғылдан  Ақжарға  қарай 

жүргенде жолдың Маңырақ жағында Толағай деген тау бар екенін, ол таудың да моңғол 

тілінің толағай – бас сөзімен байланысты түсіндіреді [8.54]. Академик Р.Сыздық мектеп 

оқулықтарына  толағай  сөзінің  «бас»  деп  дұрыс  түсіндіріліп  жүргенін  айта  келіп: 

«Толағай  –  таза  түркі  (қазақ)  сөзі  емес,  ол  –  не  түрік-моңғол  тілдеріне  ортақ,  не  тек 

моңғол тілдеріне тән сөз. Қалмақ тілінде молhо-«бас», моңғол тілінде толгой -1) «бас»; 

2) «бастық, басшы,ие»; 3) «бастаушы»; 4) «бір нәрсенің басы (мысалы, таудың)»; 5) «бір 

бөлік,бір  дана».  Осы  сөзден  «басшы  болу,  басқару,  жетекшілк  ету»  мағынасын  беретін 



толгойло(х)  (толғайлау)  деген  етістік  жасалған.  Ал  қазақ  тілнде  бұл  сөз  қу  толағай 

тіркесі  түрінде  жұмсалғанда,  біздің  байқауымызша,  тек  «бас»  деген  ұғымды  емес, 

«тақыр бас, жалаңаш бас» дегенді білдіреді»,-дейді.  

Сонымен,  Зайсан  өңіріне  тән  жергілікті  ерекшкеліктерді  негізінен  осы  өңірден 

тарихи  жағдаймен  байланыстыра  қарастыруға  болады.  Бұл  жердегі  жер-су  аттары  да, 

бұйым  атаулары  т.с.с.  көбінесе  мқңғол  тілінің  әсері  байқалады.  Тілдегі  ерекшеліктерді 

тексергенде,  тілдің  ішкі  даму  заңдылықтарымен  қатар  сыртқы  экстралингвистикалық 

факторлар  да  ескерілуі  тиіс.  Диалектілік  ерекшеліктердің  көркем  шығармадағы 

қолданысы  туралы  айта  келіп,  академик  Р.Сыздық  былай  деп  тұжырым  жасайды:  «Сөз 

жоқ,  жалпы  көпшілікке  ортақ  емес,  қолдану  аясы  шектеуілікке  оортақ  емес,  қолдану 

аясы  шектеулі  сөздер  мен  тұлға-тәсілдері  ешбір  себепсіз  тоғытып  жұмыс  принсіпінде 

әдеби нормаға, оның ішінде ұлттық көркем сөз нормасына қайшы екендігі даусыз, бірақ 

текстегі  беитаныс  элементерінің  қолдану  себептерін,  уәжде-уәжсіздігін,  қажетілік 

дәрәжесін,  лексика  қазынасын  байыту  мүмкіндігін,т.т.  жан-жақты  түгел  есепке  алған 

күнде  ғана    «иесі»  диалектизмнен  қашудың  жөн  еместігі  және  әңгіменің  бір  ұшы 

жазушы  шеберлігіне  (автор  идеясына  қызмет еттіре  сипатына)  тікелей  қатысты  екндігі 

байқалады. Демек, бұл жерде норма проблемасыстилистика мәселелерімен ұштастырыла 

қаралуға тиіс. 

Көркем  әдебиет  тілінде  диалектизмдердің,  кәсіби  сөздердің  немесе  басқа  да  тосын 

қолданыстардың  орын  алуын  сөз  еткенде,  оларды  әрдайым  нормадан  ауытқу,  тіл 

мәдениетін  бұзу  деп  тануға  болмайды.  Бүгінгі  қазақ  көркем  сөзінің  тіл  мәдениетін 

сақтау  дегенде,  ең  алдымен  сөзді  дәл  қолданбау,  яғни  сөзді  орнымен  дұрыс  жұмсай 

алмау, қажетсіз кірме сөздерді енгізуді айтукерек» [9.246]. 

Диалектологиялоқ  сөздіктер  құрастыруда  белгілі  бір  аймаққа  тән  жергілікті  тіл 

ерекшеліктерін  тексеру  барысында  жинақталған  тілдік  материалдар,  мәтіндер  маңызды 

қызмет  атқарады.  Олар  сөз  мағынасын  айқындап,  нақтылаумен  қатар  иллюстрациялық 

материал  ретінде  қолданылып,  тілде  бар  фактілердің  бұлтартпас  айғағы  болып 

табылады. 

Сөздік  мақала  құрастыруда,  сөз  мағынасына  нақтылауда  немесе  сөздердің  өзара 

байланысын зерттеу мақсатында қолданылатын контекстерді  үш топқа жіктеуге болады. 

Атап айтқанда: ақпаратты контекст, аз ақпаратты кқнтекст, ақпаратсыз контекст. 

Ақпаратты  контекстің  семантикалық  талдаулар  үшін  маңызы  зор.  Олар  сөз 

мағынасының  анықталу  үшін  қажетті  деректерді  толығымен  бере  алады.  Белгілі  бір 

сөздің сөздіктегі анықтамасын беру үшін бір ақпараты контекстің өзі жеткілікті. Мұндай 



контекстер  сөздіктерде  илльстрациялық  материал  ретінде  қолданылып,  осы  сөздің 

семантикасына берілген анықтаманы нақтылап, дәйектеп тұрады. Аз ақпаратты контекст 

талдауға  алынған  сөз  туралы  толық  ақпарат  бере  алмайды,  жекелеген  ерекшеліктерін 

ғана қамтуы мүмкін. Сол себепті сөздікте мұндай контекстердің біреун ғана қолдану сөз 

мағынасын  толық  сипттап  бере  алмайды,  ол  үшін  бірнеше  контекст  қолдану  қажет. 

Мұндай  контекстер  негізіненг  көп  мағыналы  сөздерді  беруде  жиі  қолданылады. 

Олардың  жекелеген  мәндері  нақты  бір  контекспен  беріліп,  келесі  мәнін  беруде  басқа 

контекст  қолданылады.  Мұндай  жұмыстар  көбінесе  сөздік  құрастырушылар  үшін 

зерттеудің  бастапқы денгейлерінде қолданылады.  

Бұл  оайда  мәтін  үзіктерінің  ақпаратты  қамту  деңгейі  материал  жинау  тәсіліне 

байланысты  емес.  Ақпаратты  және  ақпараты  аз  контекстерге  информанттарымен 

бірнеше  рет  әңгімелесу,  нақтылау  нәтижесінде  қол  жеткізуге  болады.  Бұл  орайда  бір 

емес,  бірнеше  тұрғының  ақпараты  қамтылып,  сол  аймаққа  тән  тілдік  сана  туралы  да 

мәлемет жинақталуы мүмкін. Алайда, мұндай ақпарат сөйлеуші тарапынан еркін, табиғи 

болмайды.  Себебі,  зерттеуші  оған  нақтылау  үшін  сұрақтар  қойып  отырады  негізінен 

сөйлесу, әңгімелесу  барысунда туындайды, оған сөйлеуші сөзін микрафонға түсірп алу 

арқылы  қол  жеткізуге  болады.  Бұл  лексикалық  бірліктерді  тексеру,  қолданыста  бар 

екенін көрсету мақсатында қолданылады.  

Белгілі  бір  аймаққа  тән  лексикалық  бірліктердің  жүйелік  қатынастарының  талдау 

нәтижесінде  жекелеген  сөздердің  контекстік  қолдануысын  ескере  отырып,  мағынасын 

толтырып,  мағынасын  толық  анықтауға  мүмкіндік  береді,  диалектілік    ерекшеліктер 

жүие  ретінде  түрлі  қырынан  сөз  болады,  сөздердің  лексика-семантикалық  және 

тақырыптық топтарының, синонимдік қатарлар мен антонимдік жұптардың құрамы мен 

құрылымын айқындауға жол ашылады. Оларың әрқайсысы белгілі бір микрожүйе түзеді. 

Сөздердің лексикалық парадигмадағы орнын зерттеу тіл біліміндегі өзекті  мәселелердің 

бірі болып табылады. Сөздердің тіркесімділігін тексеру үшін алдымен олардың жүйедегі 

орнын анықтау қажет. Лексикалық  бірлік микра жүйе орталығына  жақын болған сайын 

ол  алуан  түрлі  қызмет  атқарып,  тіркесімділігі  жоғары  болады  да  керісінше,  сөздің 

семантикалық  құрылымы  нақты  семалар  қосқан  сайын  оның  синтагма  түзетін 

лексемалар    аясы  да  тарыла  беркді.  Сол  себепті  диалектілік  ерекшеліктер  лексика 

семантикалық және тақырыптық топтардың төмендегі денгейлерінде пайда болады, бұл 

олардың тұрақтылық сипатын көрсетеді.  

Белгілі бір аймаққа тән жергілікті ерекшеліктер, лексикалық бірліктердің мағынасын 

түсініп, оның қолданысын айқындау үшін мәтінің орны ерекше. Себебі, ол сөздің қандай 

мәнде  қолданылатынын  контексте  ғана  анықталады.  Мәселен,  Арқа  жақта    әжептәуір 

сөзі  жағымды  мәнде  қолданылса,  Орал,  обылысында  ол  жағымсыз  мәнде  жұмсалады. 

Сол сияқты әрекет сөзін Сыр бойының қазақтары «бәле» деген мағынада қолданылады. 

Мұндай  мәндерді    контесптен  тыс  анықталуы  мүмкін  емес,  жеке  тұрғанда  оның 

мағынасын анықталуы өте қиын.  

Сол  себепті  жергілікті  ерекшеліктердің  мәнін  анықтап,  қолданыстағы  сипатын  сөз 

ету  үшін  мәтіндерге  иек  арту  керек.  Сөз  мағынасына  мәтінде  ғана  анықталып,  айқын 

көріне  алады.  Осыған  байланысты  бұл  бағыттағы  зеттеулерде  контекстік  талдау  әдісі 

негізгі  әдістердің  бірі  болып  табылады.  Бұл  әдісті  қолданбай  лексикалық  синтагманы 

айқындау,  сөздердің  тіркесімділігін,  олардың  қолданылу  ерекшелігін  анықтау  мүмкін 

емес.  Сонымен  қатар,  сөз  мағынасын  нақтылауда  тілден  тыс  тілдік  жағдаятты  ескере 

отырып, сөздердің денотат ерекшеліктеін, жалпы денотаттық  жағдаятты зерттеудің мәні 

зор. Сөз дифинициясын толық, нақты, анық түрде контекстік талдаулардың маңызы зор.  

 

 



 

 

 

ӘДЕБИЕТ

 

 

1. 



Коготкова Т.С. Русская диалектная лексикология (состояние и перспективы) 

М.,1979. 335 с.  

2. 

Сороколетов Ф.П., Кузнецова О.Д. Очерки по русской лексикографии. Л.: 

Наука, 1987.1987. 232 с.  

3. 

Баранникова Л.И. Русские говоры в советские период. Саратов, 1967. 218 с.  

4. 


Виноградов В. О некоторых вопросах русской исторической лексикологии // 

Известная  АН СССР. 1953. Т.12. Вып. 3. С. 185-210.  

5. 

Шанский Н.М. Лексикология современного русского языка. М.: Просвещение, 

1964. 327 с.   

6. 

Мелиорански П.М. Краткая грамматика казах-киргизского языка. СПб., 1897. 



7. 

 Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзікті мәселелері. Алматы, 1998. 304 б.  

8. 

Досқараев Ж. Күршім, Зайсан, Тарбағатай аудандарындағы қазақтардың тіл 

өзгешеліктері  //  Досқараев Ж. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілінің жергілікті 

ерекшеліктері. Алматы, 1951. 1-бөлім. 28-81-бб.  

9. 


Сыздық Р. Сөз құдыреті. Алматы: Атамұра, 2005. 272 б.  

 

Р Е З Ю М Е  

       Статья посвящена языковым особенностям жителей Зайсана Тарбагатайского 



региона восточной группы говоров казахского языка.  

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал