Зайниддин Мұхаммад Имам Ғаззали бақЫТҚа жету әліппесі астана 2014



жүктеу 0.88 Mb.

бет1/9
Дата19.02.2017
өлшемі0.88 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Зайниддин Мұхаммад Имам Ғаззали

БАҚЫТҚА ЖЕТУ ӘЛІППЕСІ



Астана - 2014

1


Зайниддин Мұхаммад Имам Ғаззали. Бақытқа жету әліппесі // 

Өзбек тілінен аударған Тұрсынәлі Айнабекұлы



Жалпы көпшілікке, мешіттер мен медреселердің оқытушыларына,  

шәкірттеріне,   мұсылман   және   халықтық   педагогикалық   мектептеріне  

арналып оқырман қолына тиіп отырған бұл дүние мұсылман әлемі әйгілі  

ғұламасының   адамның   өзін   танып   білуі   арқылы   бір   Жаратушының  

барлығын   мойындауы   керектігі,   жантану,   тәнтану,   ділтану   мен   тіл  

жайлы   руханият   мәселелерінің   шындықтағы   көрінісі   туралы  

философиялық көзқарастарынан тұрады.

Кітаптың ең басты ұйытқысы  –  мәні терең көптеген мысалдар, 

дәлелдер арқылы Алланың барлығына иландыру, имандылыққа шақыру.

Аударманың   түпнұсқа   қолжазбасы   Әмзе   Қалмырзаұлының  

жүйелеуі негізінде «Қасиет» баспасынан  (Алматы, 1998 жыл, 120 бет) 

жарыққа   шыққан.   Бұл   еңбек  Қазақстан   Республикасы   Дін   істері 

агенттігінің қолдауымен  марқұм  Тұрсынәлі  Айнабекұлының отбасында 

сақталған   нұсқадан   құқықтық   мұрагерлікті   иеленуші   балаларының  

келісімі бойынша көшіріп басылды.

2


Кітапқа кіріспе сөз

Бұл   еңбекте   діни   мәселелерді   теориялық   сыни   көзқараста   аса  

мұқият   саралаған.   Оқырман   зердесіне   терең   түсінікті   оңай   жеткізу  

үшін мысал-хикаялар тәсілін кемел дәрежеде пайдалана білген. Адамның  

адамдық   қасиетін,   Пәруердігер-Алла   тағаланың   құдірет   күшімен  

жасалған ерекше жаратылысын, ақыл-ойдың иесі ретінде кереметтей  

ұлылығын,   оның   тән   және   жан-ділі,   рухани   дүниесін   жан-жақты  

талдауда   –   аз   сөзбен   кең   мағынасын,   жан-жақты   терең   ашып  

көрсеткен. Алла сыйлаған адамның алуан түрлі қасиеттерін тануды  – 

ақиқаттың анық жолын іздеуден бастайды. Пенде алдымен өзін-өзі тану  

арқылы  –  Алла тағаланы, әулие-әнбие, пайғамбарларды таниды. Ғаззали 

міне   осы   құбылысты   этика-әдеп,   психология-жантану,   табиғаттану,  

астрономия,   анатомия,   тәуіптік   ілімдерін   тану   мәселелерімен  

байланыстыра,   ғылыми   дәйектемелерді   келтіре   отырып  оқырман 

қауымға   жеткізе   білген.   Бүгін   оқырмандар  назарларына   ұсынылып 

отырған «Әдеп әліппесі», «Бақытқа жету кілті», «Ей перзент» атты  

ғибратнама еңбектерінде де ислам діні негіздерін бұдан мың жыл бұрын  

қал-қадірінше   терең   мағынада   талдай   білуі   нәтижесінде   болашақ  

ұрпаққа өлмес мұра қалдырғаны таңданарлық жағдай.

Ғазали   адам   тәнін   мемлекетке   теңесе,   ішкі   жан-ділін   оның  

падишасы,   ақыл-ойын   –   падиша   уәзірі,   көкіректің   сол   жағындағы   бір  

парша ет – жүректі ділдің, яғни рухтың аяқ ұлау көлігі, адам тәніндегі 

басқа да ағза мүшелерін ділдің сарбаз қызметкерлеріне теңеген.

Адамға Алла тағала сый еткен бес сезім, төрт элемент – ақыл-ой,  

парасат кереметтерін кең түрде әңгімелеп, тек көкірек көзімен, ақыл-ой  

парасатымен көре алатын ділді рух деп атауға болатынын баяндай келіп  

дәлелдемелермен тұжырымдайды. Діл, яғни рухты жан-жақты талдап  

дәлелдеуге   шариғат   тыйым  салатынын   айта   келіп,   оған   адамдық  

қасиеттер тән екенін ашып айтады... 

Сонда   бұл   имам   Ғаззали   кім,   қандай   еңбектері   бар,  оқырманына 

қаңшалықты дәрежеде таныс – енді соған тоқталайық.

Қазақ совет энциклопедиясының ІІІ-томындағы Әбу Хамид Ғаззали  

жайында   қысқаша   мәлімдеме   бар.   Онда   «Ғаззали   –   араб   философы,  

ислам діні философияның ірі өкілі, көп жыл мүттәкәлимшілер жағында  

болып,   өмірінің   соңғы   кезінде   суфизм   жағына   шыққан   ол   «Адасудан  

арылу» атты кітабында өзінің философиялық ішкі сырын ашып, тану-

білу теориясы саласындағы толғаныстарын ортаға салады. Сезім, ақыл-

ой қабілетін сын көзімен қарап бағалайды. Әдістемелік күмәндану тәсілін  

–  ақиқатты   ашудың   жолы   деп   түсіну   туралы   мәселе   қояды»   деп  



жазылған. (445-бет, 1973 ж)

«Исламның төлқұжаты», «Теңіз бауыры» деген жоғары атаққа ие 

болған Мұхаммад  Ахмад әл-Ғаззали 450-хижра жылында, (қазіргі 1058  

3


жыл,   екінші   деректе   1059   жыл)   Хорасанның   Туси   қаласынан   20-

шақырым   солтүстік   батысындағы   Ғаззали   қыстағында   туылды  

делінген.   Ол   жастайынан   ілім-білім   алуға   ерекше   ынта-ықыласымен  

сусап өседі. Әуелі Тусидегі Ахма ар Радгонийден, кейін Нишапурдегі әл  

Жуванийден   тәлім   алады.   Ұстазы   өмірден   өткеннен   кейін   Нишапурды  

тастап, Самарханға қарай жол алып, сол жерде уәзір Низамул Мүлікпен  

жолығып,   құрметіне   бөленеді.   Ол   көптеген   ғұлама   ғалымдармен  

танысып, сұхбаттас болады. Өзінің жоғарғы дәрежедегі ғалым екенін  

танытқан   соң,   484-хижра   жылында   (1095-міллет   жылы)   Низамия  

медресесінде сабақ беретін ұстаз мұғалім болады. Бағдатта төрт жыл  

мұғалімдік   ісін   атқарып   1095-міллет   жылында   қажылық   сапарға  

шығады.   Қажылықтан   қайтқан   соң   Дамашық-Сүрия   қаласына   келіп,  

тағы да біраз жыл мұғалімдік қызметін атқарады. Одан Искандрияға  

келіп,   біраз   уақыт   тұрғаннан   соң,   суфи   Ташифийдің   қарауына   бара  

жатып, жолда сұлтанның қаза болғанын есітіп, өз отанына қайтады.  

Тусиде   бірнеше   жыл   ұстаздық   жасап,   Низамия   медресесіне   барады.  

Бірақ онда көп тұра алмастан туған жеріне қайтып келеді.

Түсиде Имам Ғаззали өзіне үй-жай салып, оның жанынан медресе  

ашып, қалған өмірін ілім  және  тағат-ғибадатпен өткізеді. Хижраның  

505-жылында дүниеден өтеді.

Имам Ғаззалидің жазған шығармалары өте көп. Оньщ ішінде халық  

арасындағы   көп   тарағандары   «Жәуһар»,   «Орталық»,   «Қысқа»,  

«Қорытынды»,   «Мұстафа»,   «Жас   шыбық»,   «Философтардың   бекерге  

шығаруы»,   «Адасудан   арылу»,   «Көзқарасты   анықтау»,   «Ілім   өлшемі»,  

«Мақсаттар», «Өзғе халықтардың жаңылыс пікірлері», «Әдемі есімдер – 

Алла   есімдері»,   «Шығыс»,   «Мақсат   пен   уақыт   аралығында»,   «Құстар  

жайлы   кітапша»   болса,   өмірінің   соңғы   жылдарында   шәкірттерінің  

өтініші   бойынша   «Хақ   жолының   бастамасы»,   «Ей,   перзент»,   «Діни  

ілімдердің   тірілуі»,   «Алла   есімдерінің   мағынасы»,   «Түсінулер»   деген  

кітаптар  жазды.  Ал  бүгінгі  қазақ   оқырмандарына  жол  алып  отырған  

ғибратнамалық   дүние   «Бақытқа   жету   алхимиясы»   кітабы   мен   «Ей  

перзент» кітапшасынан тәржімаланған...

Мысалы,   үшінші   бөлім   –   ілім   және   оны   іске   қосу   жайлы.  Адам 

өмірінің әрбір сәтін босқа өткізбей барлық күш-қайратын жақсы істерге  

жұмсау, есі-дерті дүние жинауға ауып кетпеу, айтқан насихат сөзге сай 

болуға  –  берген   уәдесі   үдесінен   шығуы   керектігін,   алған   ілімі   пайдаға  

аспаған ғалымның ақыретте азабы көп болатынына тоқталады.

Ей, перзент, ісіңде амалсыз болма,

Сопылардың сөзінен хабарсыз болма, - дейді. Яғни, «жүз жыл ілім 

үйреніп,   мың   кітапты   оқып   шықсаң   да   ондағы   айтылғандарды   іске  

асырмасаң,   Алланың   шапағатынан   үміт   етуге   хақың   жоқ»   дейді.  Бұл 

ойлар   Елбасымыз   Н.Назарбаевтың   «Қазақстан   –   2030»   жылға   дейін  

жоспарлаған   стратегиялық   бағдарламасымен   үндесіп   жатыр.   Осынау  

4


бағдарламаны жүзеге асыруда мыңдаған жылдар бойы қазақ халқының  

рухани игілігіне айналып, тұрмыс-тіршілігімен біте-қайнасқан мұсылман  

қауымының   идеологиясын   насихаттау   да   артық   болмаса   керек.  

Халықтың   көкейіне   қонатын   Құран   Кәрімдегі   сүрелердің   мән-

мағынасына,   пайғамбарымыздың   хадистеріне   терең   түсінік   беретін  

Имам   Ғаззали   сияқты   ірі  ғұламалардың   жас  ұрпаққа  ғибраттары 

арқылы  қоғамымызда   салауатты   өмір  салтын   қалыптастыру   қажет

Сонда   ғана   бүгін   кез   келген   елде   бой   көрсетіп  жатқан  маскүнемдік, 

нашақорлық,   парақорлық,   дүниеқоңыздық,   екі   жүзді   жалтақтық   пен  

опасыздық   сияқты   қоғамдық   дерттерден   мемлекетіміздің   алтын  

тамыры – болашақ жас ұрпағымызды таза сақтарымыз хақ.

Міне, осындай  үлкен мәнді идеяға ие Имам  Ғаззали, өзінің қысқа  

өмірінде өнімді еңбек етуімен қатар, дүние жүзіне шығыс ойшылдары  

ішіндегі ең ірі Алланы танушы ғалымдығымен белгілі болды. Оның ислам  

діні   жөніндеғі   кереметтей   танымдық   шығармалары   тоғыз   ғасырдан  

астам қолдан-қолға тимей дүние жүзі тілдеріне тәржімаланып, қайта-

қайта басылып шығарылуда. Ислам дүниесінде «Ғаззалиға Алладан аян  

келмеген.   Уахи-аян   келсе,   ол   пайғамбар   болар  еді»  деп   бұл   ұлы 

білімдардың   терең   еңбегіне   лайықты   баға   берген.   Осыған   қарағанда  

имамның   қазақ   тіліне   тұңғыш  тәржімелеген  бұл   жинағы   ғибрат 

аларлық қымбат баға, рухани азық болатынына кәміл сенуге болады.

Манап Өтебайұлы,

Шымкент экономика және құқық колледжі Бас директоры

экономика ғылымдарының кандидаты

5


БІРІНШІ БӨЛІМ

ӘДЕП — БАҚЫТҚА ЖЕТУ ӘЛІППЕСІ

Жақсы перзент – ата-ана қолындағы аманат.

Барлық жамандық – нашар мінез-құлықты адамдармен 

сұхбаттас болудан  пайда болады.

Жалған сөйлеу және жалған ант – екіжүзділіктің иәтижесі деуге 

болады.

6


Бірінші тарау

Сөздің апаты және тілдің зияны

Аңғарсаңыз, тіл – бір жапырақ ет. Алайда ақиқатқа жүгінсек, онда 

көптеген мәселелердің түйіні жатыр. Өмірге келген, келмеген нәрселердің 

көбісіне себепкер – тіл. Мүмкін амалдардың кеңесші уәзірі, оның қызмет 

басындағылары, әр нәрсені ақыл-ой елегінен өткізіп істегісі келсе, оны тек 

тіл арқылы ғана жүзеге асыра алады.

Тіл мен діл – сөз гауһарының негізі. Діл де, тіл де – ақыл-ой, ар-ұят 

жауһарының сәулесін қажет етеді. Мысалы, кейде тіл тотысы  налынған 

зарлы сөздерімен сайрап кетсе, шуақты көктемдей діл айнасына қайғы-

қасіреттің   көлеңкесін   түсіріп,   үкім   етуімен   көз   бұлағынан   жас   ағызар; 

Керісінше,   тіл   дұрыс   сөйлесе   –   діл   тіктеліп,   ақиқатты   айтса   –   раушан 

болар; Егер жалған айтса, көңіл ділі көр болар. Білген жақсы, сөз апаты 

есепсіз   көп,   одан   сақтана   білу   қажет.   Адамның   сөздерінің   залалсызы 

болмайды.   Пайғамбарымыз   былай   деген   екен:   «Кісі   үндемесе,   үйдей 

пәледен құтылар» және «Кісі – қарын, нәпсі, тіл апатынан сақтана білсе, 

басқа апаттардың бәрінен де өзін аман сақтайды».

«Қайсы   амал   дұрыс?»   деп   сұрағандарға   пайғамбарымыз   аузынан 

тілін шығарыпты да қайтадан аузын жауыпты, яғни  «үндемеген дұрыс» 

дегені екен. Пайғамбарымыз «Адам баласының көптеген қатесі себебінен, 

сіздерге айтатыным – ғибраттың ең жақсысы тілді тістей сөйлеп, үндемеу 

және   құш   көңіл   бөлу»   десе   және   бірде   «Бақытты   деп   сөздің   сарасын 

сақтап, малдың сарасын беретін, яғни әмиянын ашып, аузын жауып, тілін 

байлай білетін адамды айтамыз»  деген екен.

Білген адамға тілдің ұзындығынан зиян еш нәрсе жоқ.



Екінші тарау

Өсекшілдік – кесапат

Өсекшілік, яғни сөз тасымақ. Алла оның сұмдығы жөнінде көптеген 

хабар   берген.   Пайғамбарымыз   «Өсекші   жұмаққа  жуый   алмас   және 

сендердің араларыңдағы жаман адам – сөз таситындар» депті, Біреу бір 

әкімнен былай деп сұрапты: «Аспаннан кең не? Оттан ыстық не? Темірден 

қатты   не?   Жетімнен   қор   не?».   Сонда   әкім:   «Ақ   іс   –   аспаннан   да   кең, 

күнәсізді   балағаттау   –   жерден   ауыр,   ұрық-аймағында   кек   сақтап, 

өшпенділікпен  қарау  – мұздан  суығырақ,  қаскөйлік – оттан да  қызулы, 

кәпірдің   көңілі   –   темірден   де   қаттырақ   және   өсекші,   сөз   тасушылар   – 

жетімнен   де   қор»   деп   жауап   беріпті.   Білген   жөн,   өсекшілік   –   екі   кісі 

арасында сөз тасу ғана емес, ол  кісінің сөзі мен пейіл-құнын әшкерелеп, 

7


ренжіту. Біреу әкімнің алдына келіп «Пәлен кісі сізді жамандады» дегенде, 

әкім:   «Маған   бұл   хабарды   айтып   үш   қиянат   жасадың:   бірі   – 

көңілсіздендірдің,   ашық   көңілімді   уайымға   қалдырдың   және   өзіңнің 

жылпостығыңды көрсеттің» депті.  Хасан Басри айтқан екен: «Егер саған 

біреу сөз жеткізсе, ол сенің сөзіңді де біреуге жеткізер»  деп. Сондықтан 

да өсекшіден өзіңді аулақ ұстап, оны дұшпаным деп есептеу қажет. Оның 

құны-пейілі – қиянат, қастандық, тазалықтан жұрдай. Өсекшіліктің үлкен 

апат екенін білген жақсы. Оның себебінен нақақтан қан төгіледі. Мысалы, 

біреу   құл   сатып   аларда   «Мұның   қандай   айыбы   бар?»   деп   сатушыдан 

сұрағанда: «Өсекшіліктен басқа айыбы жоқ» депті. Сатып алушы «Айыбы 

ауыр   екен»   деп   қабылдайды.   Келген   соң   құл   қожасының   әйеліне 

«Қожайынның саған деген махаббаты кем екен және бір сұлуды алғысы 

келетінін   байқадым.   Қожайын   ұйықтап   жатқанда   сақалының   астынан 

ақырын ұстарамен қыл кесіп алып берсең, мен оған жады дуасын оқып, 

саған ғашық етіп қояр едім» дейді де, қожайынына барып «Қатыныңыз бір 

кісіге   ғашық   болыпты,   сізді   өлтірмекші   ниетте,   егер   сөзіме 

күмәндансаңыз, ұйықтаған адам сияқты жатыңыз, өзіңіз байқайсыз» депті. 

Қожайын жалған ұйықтаған кісі болып жатады. Сөйтсе, әйелі ұстара алып 

келіп, қожайынының сақалынан ұстай береді. Осы кезде «Мені өлтірмекші 

екен» деп ойлаған қожайын орнынан секіріп тұрып, әйелін табанда мерт 

етеді. Сөйтіп, бір өсекшінің жала сөзінен соң жазықсыз кісі қаза табады.

Үшінші тарау

Перзент тәрбиесі

Жақсы перзент – ата-ана қолындағы аманат. Діл гауһары сияқты сап 

таза,   момақан,   әртүрлі   өрнектегі   жаңалықты   қабылдауға   құштар,   лайық 

және   жерден   өнім   өндіргендей   әр   нәрсені   үйренуге   бейім   болады.   Әр 

нәрсенің   ұрығын   сепсең,   оның   дақылы   егерде   ұрықтың   асылын   тапса, 

дүниенің   де,   ақыреттің   де   шарапатын   табады.   Ата-анасы   ұстаз   ретінде 

оған серік болады. Перзент тәрбиелеп, оған ілім, әдебиет үйрету – жақсы 

тағлым   берумен   қатар,   жаман   сұхбаттан   сақтандыру   қажет.   Барлық 

жамандық – жаман мінез-құлықты адамдармен сұхбаттас болудан пайда 

болады. Перзентті тәтті тағам, жақсы киімге үйір қылмаған жөн. Ондайға 

үйренген перзент бар өмірінде жақсы киім, тәтті тағамды таңдап, босқа 

уақытын   өткізеді.   О   бастан   баланың   жан-дүниесін   рухани   пәктікке 

тәрбиелеген абзал. Сондықтан баланың тәрбиешісі сыпайы да адал болуы 

шарт. Сонда ол дәйім жаман қылықтардан аулақ ұсталады. Артық ет – 

арам сүттен пайда болар, арамдық – бұзықшылық, күнәкәрліктің анасы 

деуге   болады.   Мұндай   апаттар   тағамды   тоя   жеуден   пайда   болады. 

Тамақты   аз-аздап   жеуді   үйреткен   жөн.   Сонымен   қатар   тағамды   оң 

қолымен   «Бисмилла»   деп   алып,

 

балдырап   сөйлемей,   артығымен   тоя 



8

жемесін.   Біреудің   алдындағыға   көзін   тікпей,   қолына   алғанын   жеп 

болмағанша,   басқа   кесеге   қол   ұзатпау,   еңсесін   асқа   қарай   түсіріп 

жібермей,   нанды   халықтан   артық   жемеу   сияқтылардан   көңілін   суытқан 

жөн.   Қалыптан   артық   тоя   жеу   –   хайуандар   мен   надандардың   ісі   деп 

түсіндіру керек. Перзентіңді бейәдеп балаларға үйір қылмай, аулақ ұстап, 

әдепті   балалардан   үлгі-өнеге   алуды   үйрету   керек.   Тек   жібекпен   ғана 

киіндіруден сақтан. Жаман балалармен сұхбаттас болуға тыйым сал. Әрбір 

баланы жаман, бейбас балалармен бірге жүргізсең, өтірік айтуды үйреніп, 

жаман жолға түсіп кетуге душар болады.

Егер бала қателессе, екі-үш рет көрмегенсіп, білмегенсіп қоя салғын. 

Оған жауап беретін дәлелі болмауы да мүмкін. Оқтын-оқтын жаман іске 

үйір болып әдеттенсе, кемшілігін бетіне басып ұялтқын, түсіндіргін. «Егер 

бұл   ниеттен,   бұл  бағыттан   тез   қайтпасаң,   адамгершіліктен   шығасың   да 

халық  арасында   масқара   боласың»   деу   қажет.   Әкесі   өзінің  перзентіне 

сабыр,   шыдамдылық   пен   айбаттылығын   өнеге  ете   білсін.   Күндіз 

ұйықтаудан сақтандырса жақсы болады. Түнде жұмсақ төсекке жатқызуға 

әдеттенбесе   денесі   қуатты  болып   өседі.   Әр   күні   бір   сағаттан   ойнатып, 

болмашыға алаңдаушылық, жаман қылық, қара көңілділікке салындырмау 

қажет. Жас балаларға біреулерден тілеп алу  лажы жоқ қайыршының ісі 

екенін   ескертіп,   біреуден   бір  нәрсе   дәме   қылмауын   ескерту   керек. 

Көпшілік   арасында  ісіп-кеуіп   мақтанбасын,   отырғанда   кісіге   арқасын 

беріп  отырмасын. Қолын жерге таянбасын. Лепіріп сөйлеп,  сұрамағанға 

жауап бермесін. Өзінен үлкенді құрметтеп, тілін  қылжақы мазақ сөзден 

сақтай   білсін.   Әрдайым   ыждаһатпен   тәрбиеленсе,   тасқа   қашап   жазған 

жазудай   баланың   көңілінде   өрнектеліп,   берік   орналасып   қалады.   Егер 

әдепсіз,   дөң   мінезді   болса,   үйге   топырақ   шашқандай,   бұл   сөздер   жан-

дүниесіне жайлана алмайды.

Төртінші тарау

Уәдеге опа етпеу

Пайғамбарымыз   айтқан   екен   «Мынау   үш   нәрсенің   бірі   –   адам 

бойында   кездесе   қалса,   тіпті   намаз   оқып,   ораза   тұтса   да   екіжүзділікке 

жатады:   біріншісі   –   жалған   сөйлесе,  екіншісі   –   уәдесіне   опа   қылмаса, 

үшіншісі – аманатқа қиянат жасаса. «Уәде  – қарыз».  Оны орындамауға 

болмайды.

Әзіреті Исмаил  әлейһиссалам бір кісіге бір жерге барып тұрмаққа 

уәде   қылыпты.   Ол   кісі   келмепті.   Солай   болса   да   үш   күн   бойы   оны 

кездестіруге   ынтызар   болып,   күтіп  жүріпті.   Білген   жақсы  –   әр   уақытта 

кінәлі, залалды іске уәде бермегін. Егер адал іске уәде қылсаң, өте зәру 

жағдай   болмаса,   уәдеңді   орындауға   әрекеттен.   Білгенің   жөн,   кісіге   бір 

9


нәрсе   беріп,   оны   өндіріп   алу   уәдеге   опа   қылмаудан   да   жаман. 

Пайғамбарымыз ондай кісіні өз қиын өзі жеген итке балаған.



Бесінші тарау

Көре алмаушылық

Пайғамбарымыз «Көре алмаушылық  – жақсы қызметкерді  пішенге 

түскен   от-жалындай  жайпап   түсіреді   және   үш  жаман   нәрсе  бар,   одан 

кейбір   пенде   құтыла   алмас:   ол   –  күмәндану,   жаман  пейілділік,  көре 

алмаушылық»  депті.  Бұлардан  құтылудың   жолын  үйретіп:  «Егер 

күмәнданушылық  пайда   болса  –   алдымен   өз   нәпсіңді   мұқият  тексеріп, 

байқап  көргін.   Жаман   пейіл   жаныңнан  жай  ала   бастаса  –   оны   жүзеге 

асырмауға әрекеттен. Күншілдік, көре алмаушылық пайда болса – тіл мен 

қолдарыңды  сақтай  біліңдер.   Өйткені   көптеген  Пайғамбарлардың 

үмбеттері  жойылып   кетуіне   басты  себепкер   –   осы:   күншілдік,   көре 

алмаушылық» депті.

Алтыншы 

 

 тарау

 

 

Жалған сөйлеу

Жалған   сөйлеу  және  жалған  ант   –   екіжүзділіктің   нәтижесі  деуге 

болады.  Пайғамбарымыз  «Пенде   бір   рет   жалған   айтса,   жаратқанның 

кеңдігінде  тағы  да бір  өтірікші пайда болып,  оның ризық-несібесі  кеми 

түсер.  Екіншісі   саудагер   күнәһарлардан   деуге   болады.   Өйткені,  олар 

әрдайым   жалған   айтып,   жалған   ант   ішеді.  Олар  кісінің   хал-жағдайы 

жөнінде жалган сөйлейді» депті.

Абдулла Әмир «Е, расуллах момын  (мұсылман)  зінә қылады ма?» 

деп Мұхаммед  пайғамбарға  сұрақ  қойғанда: «Зінә  қылуы ықтимал» деп 

жауап қайтарыпты.  Және  «Момын жалған  сөйлей ме?» дегенде, «Жалған 

сөйлемейді, жалған сөзді тек иманы жоқтар айтады» депті.

10


ЕКІНШІ БӨЛІМ

БАҚЫТҚА ЖЕТУ КІЛТІ

Сенің қалыбың екі нәрседен құралады. Бірі – көзіңе көрініп тұрған

дене құрылысың: мұны тән деп атайды, мұны көзбен анық көруге 

болады;

екіншісі – ішкі жан-дүниең: оны жан деп те, діл деп те атайды.

Ақиқатында адам денесіне тән төрт сипат бар.

Олар – иттік, доңыздық және диюлық пен періштелік.

Ділдің шарапаты – салыстыра қарасаң, барлық нәрселерден 

ғажайыптығымен ерекшеленеді. Көптеген адамдар оның қыр-сыры 

ақиқатынан хабарсыз.

11


Бөлімге кіріспе тарау

Мұсылмандық дәрежесін дәлелдеу

Ол   негізінде   төртке   бөлінеді:   әуелгісі   –   адам   өз   жан-дүниесін 

танымақ. Білген жөн, хазіреті-һақ тағаланы танымақтың кілті – өз жан-

дүниенді   тани   білу.   Әр   кісі   өз   жан-дүниесін   таныса,   шын   мәнінде,   ол 

пәруердігерді де таниды. Бұл туралы нұрлы Алла тағаланың хабарлаған 

Фуссулят   сүресі   53-аятында   «Көрсетермін   оларға   құдіретімнің   ғаламат 

нышандарын – өздерін қоршаған жер мен көк, жан-дүниесін – кітаптың 

шындық   екені   оларға   мәлім   болғанша»   депті.   Бұл   сөздің   шешуі   –   бар 

нәрсе өзіне өзі жуық, әруақытта алдымен өзіңді танымасаң, өзгені қалай 

танығайсың?   Әрдайым   өзімді   танимын   деп   айтасың.   Танданарсың   һақ 

нұрлы Алла тағаланы танымауға ешқандай себеп жоқ деп, төрт аяқтылар 

да өздерін өздері таниды ғой дерсің.

Ей адам! Сырт-сипатыңды тануда – бас, бет-пішін, аяқ, қол, сүйек, 

еттен басқаны танымайсың. Ішкі жан-дүниеңнің ақуалын білуден: уақыты 

келіп қарның ашса – нан жерсің, шөлдесең – су ішерсің, кейде  ашуың 

келсе – бір кісіге тиісіп зәбір берерсің, шаһуат талабымен қатын аларсың – 

бұлардың бәрі де төрт аяқты хайуанаттарда да бар қасиет.

Енді   сен   өз   ақиқатыңды   жан-жақты   білуге   талап   қылғайсың.   Өз 

нәсілің не, ол қандай нәрсе, қай жерден

 

кездің және қай жерге барасың? 



Бұл   ғаламның   қонақжайына   не   үшін   келдің?   Соңыңдағы   ұрпақ   сені   не 

үшін мадақ етпек? Мұрат-мақсаттарың не?

Бұл істерді білгейсің. Бұл сипаттар, жұмбағы көп ішкі жан-дүниеңе 

жайласқан.   Оның   кейбірі   төрт   аяқтылар   сипатында,   бағзысы   диюлар 

сипатында, бағзысы періштелер сияқты тазалардан. Сен осы сипаттардың 

қай   тобынансың?   Көңіліңнің   гауһары   бұл   сипаттардың   қайсысын 

қайтарып тұр және қай сипаттарды өзіңе лайықты не лайықсыз дейсің? 

Бұларды білгеннен соң, өзіңнің мұрат-мақсат, бақытыңды іздегейсің. Бұл 

сипаттардың   аялап   асырайтын   қамқор   қорегі   бар.   Мәселен   төрт 

аяқтылардың   мұрат-мақсат   қорегі   –   ішпек,   жемек,   ұйықтамақ,   жыныс 

қатынасы талабын орындамақ. Егер сен төрт аяқтылардан болсаң, ертелі-

кеш зор беріп ішіп-жеу мен нәпсіңді қанағаттандыру қамын жей бергін.

Ал  жыртқыштардың   басты   мұрат-мақсаты   –   тістемек,   ғазап   беру, 

өлтірмек. Ал диюлардың мақсаты – қулық, сұмдық, айла-шарғы, азғыру 

ісімен   шұғылдану.   Егер   сен   төрт   аяқтылар,   яғни   хайуандар   мен 

жыртқыштардан   болсаң,   солардың   ісімен   шұғылдана   бер   де,   солардың 

істеген   ісін   өзіме   лайықты-ләзім   деп   біліп,   төрт   аяқтылардың   мұрат-

мақсатына жете бер.

Періштелердің   мұрат-мақсаты   мен   қорегі   –   Алла   тағаланың 

дидарына   қарай,   тамсана  

:

таңдану,   оның   кемелдігіне   әуестену.   Ғазап, 



шаһуат – төртаяқтылар мен жыртқыштардың және шайтанның сипаттары. 

12


Олардың   табиғи   болмысы   егер   сен   періштелер   гауһарынан   болсаң, 

маңайыңа жол тауып жуи алмас. Өз әсіліңді періштелердің әсіліндей етуге 

тырысқан күнде тана, Хақ тағаланы танығайсың. Оның көрікті жамалын 

танымаққа жол тапқайсың. Хайуанат сипаттары болмысы жаратылысының 

ішінде   нендей   қасиеттердің   бар   екенін   біліп   алғын.   Олардың   айуандық 

сезімі сені тұтқын етпек, өз қызметіне пайдаланбақ, ертелі-кеш сені өзіне 

тәуелді   ету   әрекетінде   екенінен   хабарың   болсын.   Ал   бұл   жаман 

қасиеттерді   жөнге   салып,   өзіңе   тұтқын   етіп   бағындырып   ала   алсаң,   ол 

дастархандай   сенің   алдыңда   болар.   Бұл   сипаттарды   өзіңе   мойын 

ұсындырып   пайдаланғайсың.   Қанша   күн   бұл   ғаламның   қонақжайында 

болсаң, бұл сипаттарды қызметіңе жегіп, бұлардың жәрдемі арқылы алға 

қойған мұрат-мақсат, бақыт ұрығын қолыңа келтіре біл. Уақтылы сәтімен 

мақсатыңа   жетіп,   бақыт   ұрығын   қолыңа   келтірсең,   жаман   қасиеттерді 

аяғыңның астына салып, ол бақытыңды  баянды еткейсің. Ғалымдардың 

мұраты,   баянды   бақыты   –   Әзіреті   күллі   ғаламның   падишасының 

жамалының   нұры.   Ал   қарапайым   халықтың   мұрат-мақсаты   –   жұмақ 

жайынан   ірге   тебу   болып   табылады.   Міне,   бұлардың   бәрінің   мән-

мағынасын толық білгенде ғана өзіңді-өзің таныған боларсың. Әрбір кісі 

бұл жайттардың мән-мағынасын тани бермейді. Олардың несібесі, иманы 

– кәміл сенімді жолдан аулақ және ақиқат дін жолын танудан құралақан 

болар.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал