З. О. Дүкенбаева ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағЫ Ұлт зиялылары



жүктеу 5.01 Kb.

бет16/16
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Гимн  (әнұран) - (гр.тілінен аударғанда салтанатты ән) мемлекеттің 
ресми символдарының бірі.
Ғылыми-техникалық революция - XX ғасырда өндіргіш күштерді 
ғылыми жолмен түбірімен өзгерту.
Д
Дағдарыс - күрт құлдырау, ауыр өтпелі жағдай.
Демилитаризация
 -   белгілі   бір   территориядағы   әскери 
құрылыстарды халықаралық келісім негізінде жою және онда әскери базалар 
мен әскерді ұстауға тыйым салу.
Демография  -   халық,   халықтың   саны,   өзгерісі   туралы   ғылым; 
демография халық санын, оның географиялық бөлінісін, құрамын, халық 
құрамын,   қозғалысының  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени  факторға 
тәуелділігін зерттейді.
Дін  -  дүниеге көзқарас және дүниені сезіну, сонымен  қүдайдың бар 
екенінен туындайтын сенімге негізделген спецификалық әрекет.
Декларация - (лат.жариялау) - мемлекеттің ішкі сыртқы бағыттары, 
саяси   партиялардың   бағдарламалық  тұжырымдамалары   туралы   ресми 
жариялым.
Декрет  -   (лат.қаулы)   -   мемлекеттің   жоғарғы   органдарының 
нормативтік акт.
Демократия  -  халық  билігі,   саяси   құрылыс,   онда   халық  билігінің 
тәсілдері мен түрлері бекітіліп, тәжірибе жүзінде іске асырылады.
Деспотия - абсолюттік, шексіз, заңсыз билік.
Депортация -жеке адамдарды, халықтарды ( оларды бөлігін ) еріксіз, 
күшпен жер аудару. Мысалы: бұрыңғы Кеңестер Одағыңда неміс, шешен, 
ингуш және басқа халықтар жер аударылып, осындай халге душар болды.
Диктатура  -   (лат.   шексіз   билік)   -   тұлғаның,   топтың,   тың   шексіз 
билігі. Лидері бар белгілі бір адамдар тобы асыратын саяси, экономикалық, 
идеологиялық билік. 
Диктатор - заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз 
билеп төстеуші.
Дискриминация  -   жекелеген   тұлғалардың   немесе  топтардың 
белгілеріне қарай құқығынан шектеу немесе айыру (ұлты, нәсілі, жынысы, 
мүліктік жағдайы).
221

Диссидент - үстемдік етуші, билеуші идеология келіспеген адам. 70-
жылдарда   КСРО-да   қоғам   өмірінің   әр  түрлі,   әсіресе   саяси   жақтарымен 
келіспей ашық қарсы шыққан адамдарды айтады. 
Дүниежүзілік соғыс  - капиталистік елдер арасында  келіспеушілік. 
Бүкіл   әлемге   қожалық   етуге   тырысушылық  Шикізат   көзіне   ие   болып, 
байлығын   асыруды   көздеп,   басқаның   меншігіне   көз   алартып,   одақтастар 
жинап, бүкіл әлемді отқа орау.
Е
Егінші - жер өндеуші.
Егемеңдік  -   мемлекеттің,   халықтың,   ұлттың,   адамның   саяси 
тәуелсіздігі. Мемлекеттік егемеңдік деп шетелдің араласуына жол бермейтін 
мемлекеттің   ішкі   және   сырткы   істері  мен   қатынастарындағы   саяси 
тәуелсіздігі және елді басқа руда, шешімдер қабылдауда, жоғарғы билік 
жүргізудегі   еркіндігін   айтады.   Егемендіктің   саяси,   экономикалық 
құқықтық жақтары болады.
Ескерткіш - адамзаттың мәдениетінің бір бөлігі тарихи, археология 
жазба мәдениет ескерткіштері болады; 2) даңқты  адамдарға немесе тарихи 
оқиғаларға байланысты қойылады.
Енбек өнімділігі - өнім өндіруді ұлғайту, жемісті еңбек.
Екінші дүниежүзілік соғыс - 1939 ж. 1 қыркүйекте басталған жаңа 
дүниежүзілік соғыс; азамат тарихындағы ең үрейлі аяусыз және қиратушы.
Екінші майдан - фашистік Германияға қарсы соғыс кезеңінде АҚШ 
пен   Ұлыбритания   тарапынан   1944   ж.  шілдесінде   одақтастар   әскерін 
түсірілуімен ашылды.
Ж
Жайлау - жазғы жайылым, көшпелілер тұрақтары.
Жаңа экономикалық саясат  - 1921 жылы РКП(б)-ның  Х съезінде 
қабылданған.   Сол   уақыттағы   саясатқа   қанағаттанбағандықтан,   осы   саясат 
енгізілді.
Жаңаша   саяси   ойлау  -   КСРО   мен   СОКП   басшыларының   жалпы 
адамзаттық   мұраттар   мен   құндылықтарды   басшылыққа   алып,   бұрынғы 
"қырғи қабақ соғыс" қалпына бас тартуы.
Жазу  - адам өмірінде маңызды орын алады. Жазу  кіргеннен бастап 
адамзат өмірінің дамуы қарқын алды.
Жалпы көзқарас - ымырашылдық, саяси көзқарас пен шешімділік, 
белгілі бір мақсаттың жолын қуушылық.
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы - бұлардың қыс қыстауы, 
жаз жайлауы болады.
Жазалау шаралары - жазалау түрі.
Жаңаша   ойлау  -   КСРО   мен   СОКП   басшыларьшың   жалпы 
адамзаттық   мұраттар   мен   құндылықтарды   басшылыққа   алып  бұрынғы 
"қырғи-қабақ соғыс" қалпынан бас тартуы.
222

Жиырма   бес   мыңдықтар  -   БК(б)П   қараша   пленумының   (1929ж) 
шешімімен 1930 ж. басында  ұжымдастыру мен тәркілеуді жүзеге асыру 
үшін   ауыл-ауылдарға   партия   мен  комсомолдар   мүшелерінің   арасынан 
жіберілген жүмысшылары.
Жәрмеңке  - жыл сайын өткізілетін сауда. Белгілі бір  жерде кезең 
сайын   өткізілетін   сауда   түрі.   Орта   ғасырларда  батыс   Европаның 
экономикалық өміріне үлкен рөл атқарды.
Жер иелену - белгілі бір негізде - жеке меншік, аренда т.б. жерге ие 
болу.
Жеке басқа табынушылық - саяси қайраткерді шексіз дәріптеу. Ол 
азаматтардың демократияльқ құқықтары тапталған, жанышталған елдерде 
дамиды.   Бір   партиялық  тоталитарлық жүйенің орнығуы кезіңде  бұрынғы 
КСРО-да орын алды. (Сталиндік билік). Жеке басқа табынушылык тумауы 
үшін   демократияны   барынша   дамыту,   азаматтық,   құқықтық   мемлекетті 
орнату керек.
Жекешелендіру  -   мемлекеттік   меншікті   (   кәсіпорын,  тұрғын   үй, 
көлік   құралдары   т.б)   жеке   меншікке   беру   немесе  сату.   Ол   -   нарықтық 
экономикаға өту үшін қажетті шарттың бірі.
Жер аудару - саяси т.б қылмысқа сәйкес берілетін жаза түрі. Мұнда 
қылмыскер туған жерінен тыс жерге белгілі уақытқа немесе шексіз уақытқа 
жер аударылады.
Жеңілдік - біреуге берілетін артықшылық.
Жерді   национализациялау  -   жердің   жеке   меншіктен  мемлекетке 
өтуі. Оны тұтастай немесе шағыңдап мемлекеттің сатып алуы.
Жұмысшы   депутаттар   кеңесі  -   халық   бұқарасы   ұйымдастыру 
нәтижесінде пайда болған саяси жұмысшы орган.
Жүздер - тайпалардың ірі территориялық бірлестіктері.
3
Заң - мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының нормативті актісі.
Заң шығару  - мемлекет заңдарының немесе басқаруының актілер 
жиынтығы.
И
Идеология  - идеялар мен көзқарастардың  жүйесі: саяси  құқықтық, 
философиялық, діни, эстетикалық онда адамдардың   шындыққа   қатынасы 
анықталады, әлеуметтік топтың  мүддесі көрінеді. Идеология адамдардың, 
таптардың,   партияның  шындыққа   деген   қатынасын   білдіреді,   олардың 
дүниетанымын білдіреді.
Император — 1721 ж. Ресей империя болып жарияланғаннан бастап 
Ресей мемлекеті басшысының титулы, 1917 ж. ақпанға дейін.
Империя 
-   император   басқарған   монархиялық   мемлекет 
орталықтандырылған қатал саясат жүргізді.
223

Импичмент  -   мемлекеттің   жоғарғы   тұлғаларын  қызметтен 
босатудың ерекше тәртібі.
Инаугурация  -   мемлекеттің   жоғарғы   басшыларының  қызметке 
кірудегі салтанатты процедурасы.
Инвестиция  - еліндегі және шетелдердегі экономика  саласына  ұзақ 
мерзімге капитал салу.
Индустриализация - 1) ірі, техникалық жағынан дамыған өнеркәсіп 
құру,   ең   алдымен   елдің   халық   шаруашылығының  негізгі  және   алдыңғы 
қатарлы секторы өндіріс құралдарын өндіретін салалардың негізін қалау.
Инновация - жаңалық енгізу, жаңарту.
Интеллигенция  -   (лат.ойшыл)   –   кәсіби   ой   еңбегімен,  күрделі 
творчестволық еңбекпен, мәдениетті дамытумен айналысатын  адамдардың 
қоғамдық тобы.
Интервенция  -   (лат.   араласу)   -   бір   немесе   бірнеше  мемлекеттің 
басқа мемлекеттің ішкі істеріне күшпен араласуы, оның егемендігін бұзуы. 
Ол   әскери  экономикалық,  дипломатиялық,   идеологиялық   болуы   мүмкін, 
Халықаралық құқық тарапынан тыйым салынған.
Ислам  -  VII  ғ; Арабияда пайда болған дүниежүзілік  діндердің  бірі 
(христиан,   буддизм,   діндермен   қатар).   Негізін  салушы  өзін   Алланың 
жердегі  өкілі   деп   жариялаған  Мұхаммед.   Ислам   аят-хадистері   құранда 
берілген. Ислам орта, Таяу Шығыс, солт. Африка, оңт. Шығыс Азия, т.б. 
елдерге тараған.
К
Капитализм  -   қоғамдық   құрылыс,   онда   өндіріс   құралдарының 
негізгілері   капиталистер   табының   меншігі   болып  табылады,   олар 
жалдамалы   жұмысшылар   табын   қанаушылар.  Капитализм   өндіріс 
құралдарының   жеке   меншігіне   және  жалдамалы   еңбекті   пайдалануға 
негізделген қоғамдық-экономикалық формация.
Капитуляция
 -   қарулы   күрестің   тоқтатылып,   соғысушы 
мемлекеттердің бірінің қарулы күштерін жеңген мемлекетке беру.
Кәсіподақтар  - жалдамалы жұмысшылардың қоғамдық  ұйымы. Өз 
мүшелерінің   жағдайын   жақсартуға   қызмет   етеді.  Солардың   мүдделерін 
қорғайды.   Қазіргі   уақытта   кәсіподақтың   саяси   белсенділігі   артуда.   Бұл 
қоғам өмірінің даму көрсеткіші.
Кирилица  - ІХ ғасырдың аяғы мен  X  ғасырдың басында  грек   әрпі 
негізінде   пайда   болған   әліппе.   Негізін   қалаушы   Кирилл   мен   Мефоди. 
Славяндар арасында таралып, 1708 ж. І Петр реформалайды.
Коалиция  1)   бірігіп   әрекет   ететін   мемлекеттердің   саяси   немесе 
әскери одағы; 2) бірнеше партия өкілеттікпен құрған үкімет.
Киіз   үй  -1)   көшірмелі,   доға   тәріздес   үй.   Ол   негізінен   Азия  мен 
оңтүстік   Сібірдің   көшпелі   халықтарына   тән;  2)   көшпелілердің   көшіп   - 
қонуға ыңғайлы ағаштан жасалған үйі.
224

Коммунизм  -   маркстік   теорияға   сәйкес   капитализмді  ауыстырған 
қоғамдық -экономикалық формация, ол қоғамдық меншікке негізделген
Консолидация  -   нығайту,   күшейту,   бірдеңені   біріктіру,  мысалы, 
үйым, жеке топтарды біріктіру, ортақ мақсаттар үшін, күшті біріктіру.
Конституция  - мемлекеттің басты заңы, мемлекеттік  органдардың 
құрылымы мен құрылысының принципі, азаматтың құқы мен міндеттері.
Контрреволюция  -   революцияға   қарсы   немесе   революция 
нәтижесінде   құрылған   қоғамдық   мемлекеттік   құрылысқа   қарсы 
бағытталған   реакциялық   тап   күресі.  Контрреволюция   ескі   реакциялық 
топтардың үстемдігін сақтауды немесе революция барысында жойылған ескі 
қоғамдық саяси тәртіпті қайта құруды мақсат етеді.
Конфедерация - 1) одақ, ұйым, мемлекеттік құрылыс формасы, оның 
құрамындағы   мемлекетгер   өз   тәуелсіздіктерін  толығымен   сақтайды, 
мемлекеттік   билік   пен   басқарту   органдарын   иеленеді.   Олар   белгілі   бір 
мақсаттар   үшін   біріккен   органдар   құрады;   2)   тәуелсіз,   толық   егеменді 
мемлекеттердің қоғамдастығы;
Конфискация  (тәркілеу) - жеке тұлға мүлкінің қайтарылмайтындай 
етіп күштесу арқылы алынуы.
Көші   -қон  -   жайылым   ауыстыру.   Жайылым   тозғанда,   малды   шөбі 
шүйгін   жерлерге   апарады;   2)   көшпенділердің   карсылығы,   өз   мекенінен 
кетіп қалуы.
Келісім - екі жақты тиімді шешім қабылдау үшін жасалатын келісім.
Кеңестер  -   1905-1907   жылдардағы   революция   барысында   пайда 
болған жүмысшылар кеңесі, крестьян депутаттар кеңесі сияқты саяси ұйым.
Консенсус  -   келісім,   белгілі   бір   мәселеге   байланысты   өзара 
түсіністік.
Кооперация  -   шарттарды   бірігіп   жүргізу   үшін   құрылған   ерікті 
жолдастық.
Көшпелілік  -   жайылым   ауыстырып   отыруға   негізделген   көпшелі 
өмір.
Кульминация  -   бір   нәрсенің   немесе   бір   мәселенің   шегіне  жетуі. 
Дамып, өсіп, тоқырауы.
Кулак  -   байыған   шаруа.   Социализм   кезіндегі   түсінік   бойынша 
қанаушы тап өкілі.
Қ
Кауым -адамдардың қауымдасуы, сөйтіп, өмір сүруді жеңілдету.
Қақтығыс - қарама-қайшы күштердің, көзқарастардың соқтығысуы; 
алауыздық.
Қарусыздану  -   қарусыздануға   бағытталған   шара.   Қарулануды 
шектеу, қысқарту, жою. Оның қайтадан пайда болуына жол бермеу. 
Қырғыз-қайсақтар - Ресейдің ресми құжаттарында қазақтар осылай 
аталған.
225

Қоғам  -   өздеріне   тән   ерекшеліктеріне   сәйкес   адамдардың  бірігуі, 
бірігіп тіршілік етуі.
Қоныс аудару - патша үкіметінің орталық Ресейден шаруаларды шет, 
алыс өлкелерге қоныс аударуы.
Құрбан   шалу  -   діни   табыну   салты,   құдайға   жануарларды   кейде 
адамдарды сыйға тарту.
Құқық  -   заңмен   бекітілген   нормативтік   жүйе.   Қоғамдық 
қатынастарды, адамның іс-әрекетін, ұйымдардың, мемлекеттік орындардың 
жұмысын реттеп отырады.
Құқықтық   қатынас  -   құқықтық   нормалар   арқылы   реттеліп 
отыратын қоғамдық қатынас. 
Құқықтық   мемлекет  -   барлық   заңдылықтарды   сақтау   әр   -  адам 
бостандығы   мен   құқығын   қорғау.   Ата   заңды   реттей   отырып,   оны 
басшылыққа алу.
Л
Ланиста   –  ертедегі   Римдегі   гладиаторлардың   ұстазы,   әрі 
гладиаторлар мектебін ұстаушы.
Латын   тілі  –   ертедегі   Римді   мекендеуші   латийлер   латын 
тайпаларына жатты. Римдіктер латын тілімен сөйлегендіктен ол латын тілі 
деген ат алды. Олар Тибр мен Аниен өзендерінің аңғары және Апеннин 
жотасы мен Тиррен теңізі аралығын мекендеген. Осы облыстың өзі латий 
деп   аталған.   Латын   және   грек   тілдерінің   сөздері   әлемге   кең   тарап, 
халықаралық темин, ұғым түрінде алынып, дүниежүзілік ғылым салалары 
мен өнерде кеңінен пайдаланылды.
Лауазымды адам  – қандай да бір қоғамдағы мемленкеттік өкімет 
қызметін атқаратын адамдар.
Лафет – зеңбірек қаруының стволы орнатылып бекітілген станок. Ол 
стволды   керекті   жағдайға   қоюға   және   қаруды   бір   жерден   екінші   жерге 
қозғалтуға қолайлы.
Легендарлық  –   1.   Аты   аңызға   айналған,   ертедегідей.   2.   Бұрын 
сонды болмаған, шындыққа жатпайтын, ойдан шығарылған.
Легитимділік  -   мемлекет   өкілдігін   тану,   яғни   халық   пен 
халықаралық қоғамдастықтың сол мемлекетті мойындауы.
Лидерлік  - әлеуметтік дәреже, үкіметтің шешімдерін  асырушы, сол 
арқылы   басқаға   билік   жүргізуші.  иерализм   -   саяси   теңдік,   бостандық 
туралы ілім, бірақ адамның пікірі негізінде.
Лира  – 1. ертедегі  гректің ішекті, шерпелі музыкалық аспабы, ол 
поэтикалық творчествоның, шабыттың символы деп есептеледі. 2. Италия, 
Түркия елдерінің ақшасы.
Лордаттар   палатасы  –   Англия   парламентінің   жоғарғы   палатасы. 
Орта   ғасырлық   Англияда   ірі   шонжар   жер   иелерінен,   епископтардан, 
абаттардан лордаттар палатасына адам сайланбай, король тағайындайтын 
226

болған.   Кейін   тұқым   қуалайтын   ақсүйекте   немесе   король   тағайындаған 
буржуазия өкілдері болды.
Лоцман  –   арнайы   су   учаскесінде   «порттарға   кіруде   каналдарда 
жүзуде) кемелерді өткізетін маман адам. Онда жүзу жұмысында жергілікті 
жағдайға қарай білім қатаң талап етіледі.
М
Манифест - 1) жолдау, саяси жағдайға байланысты халыққа үндеуі; 
2) қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың үндеуі; 3) шақыру, жоғарғы 
үкіметтің елге тастаған үндеуі.
Мандат  –   1.   Адамның   белгілі   бір   өкілдігі   мен   правосын 
куәландыратын документ. 2. саяси мандат елді басқаруға берілген құқық. 
Мысалы,   бірінші   дүние   жүзілік   соғыста   жеңілген   Германия   отарларын, 
Түркия иеліктерін жеңімпаздардың (Англия, Франция, АҚШ) басқауына 
берілген мандат. Ол территориялар мандатты территория деп аталды.
Марксизм  -   ілім,  XІX  ғасырдың   ортасында   Маркс   пен   Энгельс 
негізін салған.
Мародер  –  1.  Соғыс   жүріп  жатқан   жердегі  өлген,   жаралы  болған 
адамдар   заттарын   және   соғыс   кезінде   бейбіт   халықты   тонаушы.  
2. Бұйымды, затты арзанға алып, қымбатқа сатушылар.
Медресе  – 1. Орта және жоғарғы діни мұсылман мектебі, онда дін 
қызметшілерін,   мұғалімдерді   және   таяу,   Орта   Шығыс   елдері   мемлекет 
аппаратының   қызметкерлерін   дайындайды.   ССРО-дағы   медресе   Бұхара 
қаласында жұмыс істейді.
Меншік - материалдық және рухани байлықтарды иелену. Жеке тұлға 
топ,   тап,   қоғам,   мемлекет   мүлкі.   Ол   қажеттілікті  ру   мақсатында 
пайдаланылады.
Меньшевизм  -   Ресейдегі   социал-демократтар   ағымы.   1903   жылы 
РСДРП-ның  II  съезіңде   құрылған.   Қойылған   мәселе   бойынша   аз   дауыс 
алған.
Менталитет - жеке адамдардың және қоғамның қалыптасқан ойлау 
жүйесі.
Метрополия - мемлекет. Басып алған колонияларына иелік етуші.
Мешіт  - мұсылмандардың дінге табынып, құдайға құлшылық ететін 
орны. Ғимарат.
Миграция - халықтың шет елден қоныс аударушылар тобы.
Милитаризм - саясат. Мемлекеттің әскери қуаты арқылы ішкі және 
сыртқы мәселелерін шешуге бағыт ұстайды
Минарет  –   мінажат   етушілерді   намазға   шақыратын   мұнара. 
Мешітпен бірге не оның жанынан салынады.
Миссионерлік  – 1. Басқа  діндегі  халықтар арасына  екінші бір дін 
ілімін  тарату   тәсілдері.   Христиан  миссионерлігі   басқа   елдер   халықтарын 
құлдануға, отарлау жүйесін жасауға пайдаланылды. Миссионерлік барлық 
227

діндерге   тән   іс   болып   табылады.   2.   Батыс   Европа   елдерінде   арнайы 
құрылған дін таратуды жүргізе жаулаушылық жасаушы, христиан дінінің 
жауларымен   күресуші   және   монахтық   миссионерлік   ордендер   мен 
қоғамдар.
Мобильді - іс-әрекетке тез бейімделу.
Модернизация  -   саяси   жүйенің   саны  мен   сапасына   байланысты 
өзгеруі. Көне салт-дәстүрлер қолданыстан шығып, қоғамның жаңа бағытқа 
бет алуы.
Моғолстан  (   монғол   тайпасының   атынан   шыққан)   –   Шағатай 
әулетінің билігі ыдырағаннан кейін бөлініп шыққан, ХІV ғасырдың орта 
шені мен ХVІ ғасырдың 70 жылдары кезінде  Орта Азияның  Солтүстік-
Шығыс Түркістан жерінде және сібірдің Оңтүстік бөлігінде орнаған дербес 
феодалдық мемлекет. Моғолстан тұсында шаруашылық жанданды, сауда 
күшейді, бірақ феодалдық тартыс қалмады.
Моғолдар империясы  – 1526 ж. Бабыр (жолбарыс деген сөз) орта 
Азия тұрғындары мен ауғанстан тайпаларынан құрылған жақсы атты әскер 
мен   артиллериясын   пайдаланып,   үнді   князьдықтарының   әскерлерін 
талқандап,   Үндістанның   солтүстігінде   мемлекет   құрады.   Ол   мемлекетті 
европалықтар   Ұлы   моғолдар   империясы   деп   атады.   Бабыр   өзін 
Шыңғысханның ұрпағымен деді. Оның мирасқорлары тұсында Үндістан 
түгелге   жуық   жауланып   алынды.   Елде   тыныштық   орнап,   шаруашылық, 
қолөнері, сауда дамыды. Моғолдар империясы Үндістандағы  феодалдық 
ірі держава болды, 18-ғасырда бірнеше мемлекетке бөлінді.
Монархия - басқару жүйесінің түрі. Жоғарғы өкімет. Бір басшының, 
монархтың билігінде болады.
Монополия  - белгілі бір меншікке иелік ету. Олардың  іс  әрекетіне 
биліктік құқы бар. '
Монументальді - көлемі және қуаты арқылы әсер ету.
Мүліктік  ценз  –  белгілі  бір  мүлікті  иелену  қажеттігі, оның  ақшалай 
эквиваленті немесе салықты кажетті сомада төлеу.
Н
Натуралды   шаруашылық  -   шаруашылық   түрі.  Өндірілген   өнім 
көздерін ғана қанағаттандырады, базарда сатпайды.
Национализация - жеке кәсіпорындардың мемлекет меншігіне өтуі, 
яғни, мемлекеттің тұтастай немесе жекелеп сатып алуы.
Насихат  -   ақпар,   саясаттың   бір   немесе   бірнеше  түрін  көпке 
таныстыру.
Нарық - сатушы мен сатып алушыны біріктіретін механизм.
Нарықтық экономика - тауар айырбасы сферасы. Ол қажеттіліктен 
бақыланады және мұнда еркін баға үстемдік етеді.
Нәсіл - сыртқы түрлері ұқсас, туыстық жақындықтары көзге көрініп 
тұратын адамдар тобы. 
228

Нәсілшілдік - нәсіл мен ұлттың артықшылығын үндейтін насихат.
О
Олигархия - қалталы топ. Өкімет осындай шағын топтың ықпалында 
болуы мүмкін.
Отаршылдық   саясат  -   басқа   бір   ұлттың   территориясындағы 
халықты, елді әскери, саяси және экономикалық күштеу арқылы жүргізілген 
қанаушылық саясаты.
Отарлау - елдің бос жатқан өңірлеріне орналасу және шаруашылық 
жағынан   игеру   (ішкі   отарлау),   сондай-ақ   территориядан   тыс   отарлау 
(сыртқы отарлау).
Оппозиция  -   өз   пікірін   өзгенің   пікіріне   қарсы   қою.   Үкімет   пен 
Өкіметтің ұстаған саясатына қарсы топ.
Охлократия  - кейбір тұлғаларды негізсіз қуғындау немесе  мемлекет 
ісіне қарсыларды бұғалықтау.
Орташа - кулак пен кедейдің арасындағы шаруа.
Орыстандыру  -   мемлекеттің   Ресей   империясының   орыс  емес 
аймақтарына   орыс   тілін,   мәдениетін,   басқаруын,   салт-дәстүрін   енгізу. 
Көбінесе   күштеу   арқылы   жүргізіліп,   орыс  еместердің   наразылығын 
туғызды.
Орталық мемлекет - саяси және экономикалық ұйымдардың мықты 
орталықтанған билік төңірегіне топтасқан мемлекет, онда шексіз монархия 
- абсолютизм орын алды.
Отырықшы   мал   шаруашылығы 
-   шаруашылық   түрі. 
Жайылымдағы малдың қолға қарауы.
Отырықшы  - өмірдің түрі. Бір орында өмір сүруші. Балық  аулау 
мен жер өңдеуге байланысты, неолит дәуірінің басында пайда болған.
Отан   соғысы  -   басқыншыларға   қарсы   азаттық   соғысқа  аттану, 
отанды қорғау. (Ресей-1611-12.1812. 1941-1945).
Ө
Өнім   өндіретін   шаруашылық  -   жер   өңдеу   мен   мал 
шаруашылығының дамуы, табиғаттың дайын өнімін тұтынудан, адамның өзі 
өңдірген өнімге ұмтылу кезеңі.
Өнер  -   шыңдықтың   көркемдік   образдарда   көрініс   табуы;  адамзат 
қызметіндегі   көркемдік   творчествосы   жиынтығы  (   әдебиет,   архитектура, 
мүсін, скульптура, музыка, театр, кино т.б.)
Өкіметтің   бөлінісі  -   ешқандай   мемлекеттік   орган,  ешқандай жеке 
тұлға мемлекеттің тұтастығына кепілдік бере алмайды. Сондықтан үкімет үш 
бұтаққа бөлінген. Олар заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі.
Өркениет  -   материалдық   және   рухани   мәдениеттің,   қоғамдық 
дамуының деңгейі.
Өзін-өзі тану - жеке тұлға ретінде қоғамдағы өз рөлін тану, өзін-өзі 
тануға бағытталған топтардың әлеуметтік топтың күресі.
229

П
Пакт - келісім, халықаралық келісім шарт.
Партия  -   ойлау   жүйелері   бір   мақсатқа   біріккен   қоғамның  өкілдік 
тобы.
Парламент  -   жоғары   заң   шығарушы   орган   Әлеуметтік  топтың 
қамын   жейді.   Кей   жерде   тағайындалады,   кей   жерде  дауысқа   түсіп 
сайланады.
Парламенттік   республика  -   республиканы   басқару   түрі   Жоғарғы 
өкіметтің басыңда Парламент отырады.
Президенттік   республика  -   республиканы   басқару   түрі.   Жоғары 
билік президентке беріледі.
Патриотизм  - Отанға   деген   сүйіспеншілік,  әр   адамның  өз отанын 
қорғауы, сол үшін жанын да, қанын да береді.
Плюрализм  - саяси жүйе ұйымының түрі. Әртүрлі  бағыт ұстайтын 
партия - қозғалыстардың бағдарламасына карсы негізделген.
Пролетариат диктатурасы - маркстік теорияда - жұмысшы табының 
саяси   билігі,   ол   еңбекші   шаруалар  мен  еңбекшілердің   басқа   топтармен 
одақта іске асырылады.
Пролетариат  -   капиталистік   қоғамдағы   негізгі   класс.   Жалдамалы 
жұмысшылар   класы.   Өндіріс   меншігінен  шеттелген   қауым.   Олардың 
күнкөріс көзі өз күшін, қуатын сату. Иесі - капитализм.
Р
Революция  -1) түпкілікті төңкеріс, бір сапалы жағдайда екіншісіне 
ауысуы.   Ойдың,   қоғамның   және   табиғаттың   диалектикалық   даму 
заңдылықтарының   көрінуі   2)   мәдениеттегі   ғылымдағы,   дүниеге   деген 
көзқарастағы экономика мен қоғамдағы түбегейлі сапалы өзгеріс.
Әлеуметтік   революция  -  жаңа   мен   ескі   арасындағы   өткір   соғыс. 
Мұндай соғыс өршіген саяси процестер, билік түрі  өзгеріп, басшылыққа 
жеңіске   жеткен   революциялық   күштер  келіп   өздерінің   жаңа   әлеуметтік-
экономикалық қоғамның негізін калаған кезде болды.
Реквезиция - жеке тұлғалардың немесе юристік тұлғалардың мүлкін 
мемлекеттік органдардың уақытша тартып алуы.
Репатриация  -   соғыс   барысында   елінен   тыс   жерлерге  кеткен 
эмигранттар   мен   тұтқында   болған   азаматтардың   еліне   оралуы. 
Репатрианттар - ол еліне репатриация арқылы оралғандар.
Репрессия  -   қатаң   жазалау   шаралары,   мемлекеттің   оқшау 
ойлаушыларға қарсы әрекеті.
Республика  - мемлекеттің түрі. Мұнда билік немесе оның  жартысы 
халықтікі.
Реставрация - монархиялық билікті қалпына келтіруі.
230

Референдум  -   жалпы   халықтың   сайлау   немесе   мемлекет  өмірінің 
маңызды проблемалары бойынша сұрақ.
Реформа - қайта құру, өзара, қоғамдық өмірдің бір қырын қайта кұру. 
Мұнда өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылыстың негізі жойылмайды.
РСДРП  -   Ресей   социал-демократтардың   жұмысшылар   партиясы. 
1898   ж.   құрылды.   Түпкі   мақсаты   пролетарлық   революцияның   жеңісін 
көрсету болды.
Ру - бір атадан тарап, ортақ рулық атауды иеленетін қандас туыстар 
ұжымы.
Ру басы  -ру басшысы. Ол көшпелі қауым өмірінің барлық  саласын 
басқарып, бақылап отырады. Ол үлкен біліммен тәжірибеге интеллектуалдық 
потенциалға ие.
Рулық қауым - қандас туыстардың ұйымы. Мұнда жеке меншік пен 
ұжымдық еңбек үстемдік етеді.
Т
Тайпа - өкімет пен басқарудың қоғамдық ұйымы. Айырмашылығы - 
жеке аты-жөні, өз территориясы, мәдениеті т.б.
Тарихнама  -   гр.   тарихи   баяндау   -   арнайы   тарихи   ғылым.  Тарихи 
білімің және тарих ғылымының дамуын зерттейді.
Тарих  -   (өткен   туралы   әңгіме)   -   1)   Табиғат   пен   қоғам   дамуының 
процесі; 2) адамзат дамуың, оның көпжақтылығын қоғамдық, арнайы және 
қосалқы ғылымдарының'  мағлұматтарын пайдаланып, тарихи процестердің 
заңдылықтарын   анықтай   отырып   зерттейтін   қоғамдық   ғылымдар 
комплексі.
Таптар - қоғамдағы мүліктік, құқықтық, саяси жағдайына, қоғамдық 
өндіріс жүйесіндегі орнына байланысты үлкен әлеуметтік топтар.
Территория  -   рудың,   қауымның,   тайпаның,   халықтың  немесе 
мемлекеттің иелігіндегі белгіленген жер.
Территориялық  -   мемлекеттік   құрылыс   түрі   -   мемлекеттің   ішкі 
саяси   және   территориялық   бөліністерін   айкындайды.   Сонымен   қатар, 
үкіметтің   жергілікті   және   орталық   органдары   арасындағы   өзара   қатынас 
принциптерін айкындайды.
Тирания - бір тұлғаның шексіз билігі.
Тауар  -   ақша   қатынасы   -   экономикалық   байланыстар,   барлық 
қажеттіліктер товар ретінде ақшаға алынады.
Толеранпық - шыдамдылық.
Тоталитаризм  -   қоғамдық   өмірдің   барлық   саласына   бақылау 
орнатқан мемлекеттік билік.
Тотемизм  -   ерте   рулық   құрылыс   кезеңіндегі   дін   түрі.   Рудың 
жануарларға, яғни тотемге табынуы.
Трагедия - соңы өліммен аяқталатын үлкен бақытсыздық.
231

Төңкерістік   жағдай  -   экономика   саласында,   саясат   пен  қоғамдық 
өмірде туындайтын жағдай. Осындай мәселелердің әсерінен жағдайдың күрт 
өзгеріп, басқа арнаға бет бұруы.
Төлемдер - өз қожасының пайдасына болысу, соған міндеттену.
Төтенше   жағдай  -   ерекше   құқықтық   тәртіп.   Ол   соғыс  кезінде, 
мемлекеттік   төңкеріс,   табиғи   апат,   т.б.   жағдайларда|  енгізіледі.   Мұнда 
көбінесе азаматтардың құқықтары шектеледі.
Тұрмыс (быт) - күнделікті өмір тәртібі, өндірістен тыс сфера, тамақ, 
киім,   тұрақ,   денсаулық   сияқты   материалдық
 қажеттіліктерді 
қанағаттандыру ғана емес, рухани игілігтер мен мәдениетті, демалыс, көңіл 
көтеруді игеру.
Түмен - 1) монғол әскеріндегі 1000 адамнан тұратын әскери топ; 2) 
монғол-татар әскерінің 10 мың адамнан тұратын бірлестігі. Мыңдыктарға, 
жүздіктерге және ондыктарға бөлінеді. Оларды түмен басы басқарады.
Түркістан  -   ХІХ   ғасырдың   басы  XX  ғасырдағы   түрік   халқы 
мекендеген Орта Азия территориясының атауы.
Салық  -   міндетті   төлем.   Салық   табыстан   ұсталады.  Сондай-ақ, 
қосымша, жанама салымдардың түрі болады.
Самодержавие  -   революциялық   Ресейге   дейінгі   патшаның  шексіз 
билігі, сонымен қатар осындай жүйеге негізделген басқару жүйесі.
Сайлау   жүйесі  -өкілетті,   атқарушы   және   сот   органдарына   сайлау 
және ұйым тәртібі.
Сайлау   құқы  -   азаматтардың   өкілетті   оргаңдарда   сайлануы   және 
сайлану құқы.
Сайлану кезеңі - сайлау құқын алуға шектеулі жағдайлар
Саяси   партия  -   саяси   бірлестік.   Қоғамдық   құрылысты   дамыту 
саласында   арнайы   бағдарламасы   бар,   өкімет   жұмысын   ұйымдастыруда, 
мемлекет өміріне араласатын үйым.
Саяси жүйе - әлеуметтік институттардың жүйесі. Саяси  міндеттерді 
орындайды.
Саяси   әлеуметтендіру  -   адамның   бойына   мәдениеттің   Саяси 
тәртіптің түрі, бағасы.
Саяси элита - саяси жетекшілер тобы. Үкімет мемлекет ісіне ықпал 
ететін саяси күш.
Саяси   тәртіп  -   мемлекет   және   қоғамды   басқарудың   әдісі.,  әрине 
үкімет   тарапынан.   Саяси   тәртіптің   демократиялық,  авторитарлық, 
тоталитарлық жүйелері болады.
19 ақпан 1861 жылғы ереже  - Ресейдегі шаруалар  реформасының 
басталуы. Крепостнойлық правоны жою туралы заңды құжат.
Саясат  -   қоғамда   әлеуметгік   топтар   арасында,   ұлттар   арасында 
маңызы зор сөз жүйесі және оны іспен қабыстыру.
Сепаратизм  - жеке мемлекет немесе автономия алуға бағытталған 
саяси қозғалыс.
232

Сепараттық әлем - бір мемлекеттің өз одақтастарының келісімінсіз 
жау мемлекетпен жасаған бейбіт келісімі.
Соғыс  -   мемлекеттердің   бір-біріне   өз   үстемдігін   орнату, 
территориялық мүдделерін шешу мақсатында болатын бір-бірімен қарулы 
қақтығысы.   Соғыс   ішкі   күштердің   қақтығысының   нәтижесі   (азамат 
соғысы).
Сословие – дәстүр бойынша немесе заңмен бекітілген міндеттер мен 
мұрагерлік кұқықты иеленетін қоғамдық топ.
Социал-демократтар  -  XIX  ғасырдың аяғы  XX  ғасырдың басында 
пайда   болған   жұмысшы   табының   партиясына   ұқсас   әлемдік   жұмысшы 
демократиялық   қозғалысындағы  ықпалды   күш.   Революциялық   жолмен 
социализмге   жетуді  кең   түрдегі   демократиялық   қайта   құрулар   жасауды 
мақсат етеді.
Социализм - марксизм теориясына сәйкес капитализм орнына келетін 
қоғамдық   және   мемлекеттік   құрылыс   Коммунизмнің   1   фазасы; 
социализмің   басты   принципі  "Әркімнен   қабілетінше,   еркімге   еңбегіне 
қарай".
Сталинизм  -   екінші   дүниежүзілік   соғыстан   кейінгі   "әлемдік 
социализм   жүйесі"   -   КСРО-дағы   Сталинн   террористік   диктатурасының 
кезеңі.
Столыпиннің аграрлық реформасы  - 1906 ж. 9 карашадағы  заң 
бойынша жүргізілген реформа. Авторы П.Л. Столыпин.
Сұлтан  -   1)   бірқатар   мұсылман   елдеріндегі   монарх   титулы;   2) 
ақсүйек өкілі.
Ф
Фальсификация - лат. қолдан жасау, деректерді бұрмалау.
Фашизм - құқықтық экстримистік саяси қозғалыс Негізінен бірінші 
дүниежүзілік соғыстан кейін және Россиядағы 1917ж. революциядан кейін 
пайда болды.
Федерация  -   жаңа   біріккен   мемлекет   құру   мақсатында  бірнеше 
мемлекеттер   одағы.   Оның   құрамына   енген  мемлекеттер   федерация 
субъектісі ретіңде құқықтарының бір бөлігін сақтап қалады.
Феодал - феодализм тұсындағы үстем таптың өкілі.
Феодализм  -   құл   иеленушілік   құрылысты   ауыстырған   адамзат 
дамуының бір сатысы.
Формация  -  маркстік   теория   бойынша,   қоғамдық   -  экономикалық 
формация- бұл адамзат дамуының бір сатысы.
Ш
Шайқас  -   соғыс   нәтижесіне   әсер   ететін   ірі   әскер   операциялар 
жиынтығы.
233

Шариат  -   құранға   негізделген   юристік   және   діни  нормалардың 
жиынтығы, мұсылман құқығы.
Шаруа - көшпелі - малшы, ұсақ малшылар.
Шаруашылықты иелену  - адам өміріндегі ертедегі тарихи кезең. 
Тіршіліктің   басты   мақсаты:   аңшылық   қоғамдасып   өмір   сүру,   кейіннен 
балық аулау, табиғаттың дайын өнімін пайдалануды меңгеру.
Шаруашылық   есебі  -   КСРО-дағы   шаруашылық   жүргізудің 
жоспарлы әдісі.
Шежіре  - бір рудың аталар тізімі. Онда негізінен туыстық деңгейі 
көрсетіледі.
Шіркеу  -   діни   көзқарастары   мен   салттары   ортақ  сенімшілердің 
ұйымы.
Шовинизм  -   жеке   бір   ұлттың   артықшылығын   насихат-ұлттық 
қақтығыстарға   бағытталған   саясат.   Ол   империалистік   буржуазия   қаруы, 
фашизм саясаты тұсында ерекше көрінді. Ұлтшылдықтың ең биік шыңы.
X
Хан - тайпа көсемі, түрік және монғол халықтарындағы патша.
Халық  -   елдегі   тұрғындар   аталық,   тайпалық   ұлттық  қоғамдастық 
болып бөлінеді. 
Харизматикалык тұлға - ерекше қасиеттерімен көзге түскен тұлға.
Христиандық-   буддизм   және   исламмен   қатар   әлемде   кең  тараған 
діндердің бірі. Бұл атау осы діннің негізін қалаушы  Христостың атымен 
байланысты. Христиандық 1-ші  басында пайда болды. 4-ші ғасырда Рим 
империясы үстем діндердің біріне айналды. Исус Христос - христиан дінінің 
негізін қалаушы, құдайы адам, адамзат күнәсінан арылу мақсатында крестке 
қағылған, одан қайта тіріліп, аспанға ұшқан Әлем құтқарушысы үш кейіпті 
құдайдың екінші да. Діни оқулардың басты көзі - қасиетті жазу (библия). 
Хронология - ( гр. уақыт+ғылым) - қосалқы тарихи пән, уақыт санау 
жүйесін   үйретеді,   оның   дамуын   оқытады,   оқиғалар  мен   құжаттардың 
уақытын анықтайды.
У
  Уақытша үкімет  — буржуазияның және помещиктердің  бөлігінің 
диктатурасын   қолдаған   билік.   Бұл   үкімет   парламенттік   монархиялы 
Ресейде ұсақ тауарлы уклад үстемдік етті.
Унитарлы   мемлекет  -   мемлекеттік   құрылыс   формасы,  оның 
жекелеген территориялары әкімшілік бірлік болып табылады және мемлекет 
ішінде өз алдына бөлек құрылымға  жол бермейді. Унитарлы мемлекетте 
бір ғана билік жүйесі болады. Мысалы, заң шығарушы, әділ сот.
Утопия - идеалды қоғам жобасы.
Ұ
234

Ұлыс  – тұрақ, кең мағынасында - бір орталықтан басқарылатын  ел 
немесе облыс.
Ұлт  - тарих қалыптастырған әлеуметтік жағдайы, тілі, діні белгілі бір 
жерді мекен еткен мәдениеті, тілі бір елдің тобы. Немесе әр тілде сөйлеп, 
әр дінге  табынып, өздерінің  ұлттық дәстүрін сақтап, бірақ бір мемлекетке 
бағынып, соның Заңын мойындап өмір сүретін ұлттар да бар. Мысалы, бұрын-
ғы КСРО, АҚШ, т.б елдер.
Ұлттық тәуелсіздік  - ұлттың өзін-өзі билеуге мүмкіндк  алуы. ¥.т - 
ұлтқа жаңа мәртебе беретін күрделі, жан-жақты процесс, этникалық, саяси, 
экономикалық,   мәдени,   халықаралық,   діни,   психологиялық   салаларда 
жаңару.
Ұлтсыздық - ассимиляция салдары, ұлт болмысындағы ауыр дерт. ¥. 
Басқа ұлттармен аралас-құраластық, жақындасудың шегінен аттап, оларға 
сіңіп кету.
Ұлтшылдық  -   дүниежүзілік   тәжірибеде   ¥.   -   қоғам   өміріндегі 
объективтік   этникалық   процестерді   білдіретін   бейтарап   ұғым.   Кеңестік 
кезеңде   жағымсыз   іс-әрекеттер,  идеялар   ретінде   түсіндіріліп,   саясатпен 
байланыстырылды.
Ұлттар   лигасы  -   халықаралық   ұйым.   1919   жылы   халықаралық 
қоғамдастықта ұжымдық мәселелерді шешу мақсатында құрылған. ¥лттық 
лига бейбітшілік келісімінің түлегі өз жарғысы бар. 26 баптан тұрады.
Ұжымдастыру-1)   біріктіру,   социалистік   елдердегі   ауыл 
шаруашылығын   ұжымдастыру;   2)   20-жылдардың   соңы   30-жылдардың 
басындағы КСРО-дағы ауыл шаруашылығын күштеп қайта құру.
Э
Эвакуация  -   (лат.   кетіру)   -   қауіп   төніп   тұрған   аймақтан  халықты 
көшіру. Әскерді әкету, әскери мүлікті, т.б. шығару.
Экономика  - (гр. шаруашылыкты басқару). - Өндіргіш  күштер мен 
қоғамның   өндірістік   қатынастарының   жиынтығы  Өндірістің   түрлері   мен 
саласынан тұратын елдің халық шаруашылығы.
Экономикалық   дағдарыс  -жекелеген   елдер   мен   әлемнің  жалпы 
экономикадағы шаруашылық қызметі бұзылуының кезеңдік қайталануы.
Экспроприация - күштеу арқылы біреудің меншігін тартып алу.
Экстенсивтік әрекет  - интенсивтікке қарсы сандык өзгерістермен 
байланысты.
Экстенсивті шаруашылық - өндірістің кеңеюі есебінен оның дамуы. 
Интенсивтікке   қарама-қарсы   сапалы   жаңа   әдістер   мен   техникалық 
жетістіктерді пайдалану. Бұл еңбектің өндіргіштігін арттырады.
Электорат  -   1)   сайлауға   қатысуға   құқы   бар   азаматтардың 
жиынтығы; 2) сайлаушылар тобы.
Элита  - қоғамның, топтың ерекше көзге түскен өкілдері.  Қанаушы 
қоғамда үстем таптың немесе оның жекелеген топтарының жоғарғы тобы.
235

Эмиграция  -   (лат.   қоныстану,   кешу).   1)   әртүрлі   жерлерге 
байланысты   бір   елден   екінші   елге   қоныс   аудару.;СХ-ХХ   ғасырда   кең 
тарады; 2) кез келген бір елдегі эмигранттар жиынтығы.
Эпоха  -   гр.   тоқтау   -   өзіне   тән   бір   жеке   ерекшеліктерді  иеленетін 
мәдениет, ғылым, қоғам, табиғат т.б дамуындағы уқыт аралығы.
Эра  - 1) ұзаққа созылған тарихи кезең; 2) хронологияда жыл санау 
жүйесінің басы. Жыл санау жүйесі - христиандық немесе жаңа эра - біздің 
эра. Мұнда жыл санау Исус Христостың туған күнінен басталады.
Эсерлер  -   социалист   революцинерлер   партиясы,   ықпалды  әрі   ірі 
революциялық партиялардың бірі.
Этимология -1) сөздің түп төркіні және оның сол тілдегі және басқа 
тілдердегі сөздермен туыстық байланысы; 2) әр түрлі тілдердегі сөздің шығу 
төркінін зерттейтін тіл білімінің іс саласы.
Этникалық   бірлік  (этнос)   -   тайпа,   халық,   ұлт,   халықтар  тобы 
ретінде   танылған   тарихи   түрде   пайда   болған   адамдардың  әлеуметтік 
тобының түрі.
Этногенез  -   (гр.   халықтың   шығуы,   пайда   болуы)   -   қалыптасу 
кезеңіндегі   халықтардың   пайда   болуы,   сонымен   қатар  олардың 
этнографиялық антропологиялық ерекшеліктерін әрі карай қалыптастыру.
Этнография  -   1)   халықтарды   зерттейтін   тарихи   ғылым,   сонымен 
қатар   олардың   тұрмысы   мен   мәдениетін   зерттейді.  Термин   халықтану 
дегенді   білдіреді.   Этнография,   археологиямен,   антропологиямен, 
географиямен   және   тіл   білімімен  тығыз   байланысты.   Ол   жер   шарындағы 
халықтың тұрмысын, мәдени-тарихи қатынастарын зерттейді.
Этнос  - тарихи қалыптасқан адамдардың берік жиынтығы.  Олар тек 
қана   сыртқы   физикалық   ерекшеліктерді,   сондай-ақ   тұрақты  мәдени 
ерекшеліктерді иеленеді.
Я
Ядролық   қару  -   атом   қаруы.   Ол   жаппай   қырып   –   жоятын  қару 
болып   табылады.   Қуаты   мен   қашықтықта   әрекет   ету  түріне   қарай   ол 
тактикалық, стратегиялық болып бөлінеді.
Янычарлар-ХІV   ғасырдан   ХІХ   ғасырдың   20   жылдарына   дейінгі 
сұлтандық   Түркияның   іріктелген   артықшылық   жағдайдағы   ауыр 
қаруланған   тұрақты   жаяу   әскері.   Ол   сұлтан   тағының   тірегі   болып, 
деспоттық өкіметті күзету, полицейлік жұмыстарды және жазалау істерін 
де атқарды.
Ясак-Батыс   Сібір   және   Солтүстік   орыс   мемлекетінің   құрамына 
кірісімен   ондағы   әскери   қызметтегі   адамдар   мен   кәсіпші   көпестердің 
патша үшін халықтан жинаған заттай алымы (аң терілері). Еділ бойы, Орал 
аймағы астық, мал,т.б.төлеген.
236

Студенттердің өздік жұмысына арналған сұрақтар
1. Ұлттық   интеллигенцияның   қалыптасу   тарихы   қашан   және   қай 
уақытта пайда болды?
2.
Ұлт   зиялылары   Т.Рысқұлов,   С.Қожанов,   Ә.Бөкейханов, 
С.Сәдуақасов   еңбектеріндегі   қоғамдық   –   саяси   және   тарихи 
көзқарастарына баға беріңіз?
3. Ұлт   зиялысы   С.Сәдуақасов   пен   Ф.Голощекиннің   жер   мәселесі, 
оқу – ағарту мәселесі және ұлт зиялылары мәселесіндегі көзқарастарына 
талдау жасаңыз.
4. ХХ   ғасырдың   20-30   жж.   қоғамдық   –   саяси,   әлеуметтік   – 
экономикалық мәселелер жайлы тарихи дерек көздерін атаңыз.
5. «Тоталитарлық   жүйе»   мәселесінің   зерттелуі,   қазіргі   кезеңдегі 
сараптамалары қандай?
6. «Тоталитаризм» ұғымы, мәні мен мазмұны.
7. Алаш қайраткерлерінің ұстанған саясаты.
8. ХХ   ғасыр   басындағы   Қазақстан   халықтарының   әлеуметтік 
құрылымы мен саны.
9. Қоғамда қалыптасқан ұлт саясатындағы бұрмалаулар.
10.Шығармашылық және ғылыми интеллигенциясының қалыптасқан 
жүйе саясатына наразылығы.
11.Ғалым, тарихшы Е.Бекмахановтың 50-жылдар басындағы тарихи 
тағдырына өзіндік баға беріңіз.
12.ХХ ғасыр басындағы мәдениет саласындағы жетістіктер.
13.Қазақстандық   ғалымдар   Т.Омарбеков,   М.Қозыбаев,   М.Тәтімов, 
А.Тасымбековтердің   еңбектеріндегі   жаңаша   көзқарастар   мен   өзіндік 
ғылыми тұжырымдамаларды атаңыз.
14.«Репрессия» ұғымына аңықтама беріңіз.
15.«Репрессия» Қазақстанда қандай бағытта жүргізілді?
16.ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі.
17.«Айқап»,   «Қазақ»   баспасөздеріндегі   көтерілген   мәселелер 
тұжырымдамасы.
18.«Алаш»   қайраткері   Ә.Бөкейхановтың   қоғамдық-саяси   қызметін 
атаңыз.
19.
Оқу   –   ағарту   саласындағы   «Алаш»   қайраткерлерінің   көтерген 
мәселесі.
20.Ұлттық   интеллигенцияның   түрлі   топтарының   идеялық   саяси 
көзқарастарының бірдей болмағанын атаңыз.
21.Аграрлық   мәселелер   жөніндегі   ұлттық   интеллигенцияның 
ұстанған бағыттарына талдау жасаңыз.
22.Қазақстандағы тоталитаризм және қуғын-сүргін тарихы.
23.Қазақстандағы сталиндік-голощекиндік геноцид қасіреті.
24.1925-1930 жж. аралығындағы Қазақ Өлкелік партия Комитетінің 
бірінші хатшысы Ф.Голощекиннің жүргізген саясатына талдау жасаңыз.
237

25.1932 ж. шілде айында жазылған «Бесеудің хаты» кімге жолданған 
және мазмұны қандай?
26.Жаңа   экономикалық   саясатының   хронологиялық   шеңберін 
көрсетіңіз.
27.Индустрияландыру   нәтижесінде   «Қазақстан   отар   болып   келді 
және солай болып қалады» деп баға берген қазақ зиялысын атаңыз.
28.1920   ж.   бастап   Қырғыз   (Қазақ)   АКСР   Орталық   Атқару 
Комитетінің төрағасы Т.Рысқұловтың еңбегіне баға беріңіз.
29.Қазақстандағы «Кіші қазан» саясаты.
30.«Алаш»   қайраткері   М.Шоқайдың   эмиграция   кезеңдеріне   баға 
беріңіз.
31.Араб   әрпінің   латын   әрпіне   ауыстырылуына   өзіндік   талдау 
жасаңыз.
32.Қ.Сәтпаев – техникалық интеллигенциясының өкілі.
33.КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы базасының құрылу 
тарихын атаңыз.
34.Қазақстандағы «Оңшыл» ағымға айыпталған қазақ зиялыларының 
есімдері.
35.Қазақстандағы «солшыл» ағым өкілдері.
36.Қостілдік және ана тілін оқыту әдістемесінің авторы.
37.Жеке   адамға   табыну   жайлы   мәселе   партияның   қай   съезінде 
талқыланды?
38.Қазақстан  Компартиясы  Орталық Комитетінің бірінші хатшысы 
қызметін Ж.Шаяхметов қай жылдары атқарды?
39.Е.Бекмахановты ресми түрде айыптаудың басы болған «Қазақстан 
тарихы мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыда баяндайтын» деген мақала 
қай газетте жарияланды?
40.ХХ   ғасырда   тоталитарлық   жүйеге   қарсы   болған   халық 
наразылықтарын атаңыз.
41.ХХ ғасырдың 20-40 жылдарында жүзеге асырылған іс-шараларға 
тарихи көзқарастар беріңіз.
42.Т.Омарбековтың   «ХХ   ғасырдағы   Қазақстан   тарихының   өзекті 
мәселелері» еңбегіне тарихи талдау жасаңыз.
43.Тоталитарлық жүйе тұсындағы мәдени үрдістер.
44.Қазақстан сталинизмнің дағдарысы кезеңінде.
45.Қазақ халқының тоталитарлық жүйеге қарсы күресіне сипаттама 
беріңіз.
46.Кеңестік   интеллигенцияның   пайда   болуының   алғышарттарына 
тұжырымдама жасаңыз.
47.ХХ   ғасырдың   реформаторы   А.Байтұрсыновтың   қоғамдық-саяси 
қызметіне сараптама жасаңыз.
48.Ғылыми интеллигенцияның қалыптасу тарихы.
49.Ұлттық   шығармашылық   интеллигенцияның   жаңа   топтарының 
шығу тарихы.
238

50.Ұлттық идея, ұлттық элита және ұлттық патриотизм мағынасына 
түсініктеме беріңіз.
239

Реферат тақырыптары (курстық және дипломдық жобалардың 
тақырыптары)
1. Ұлттық интеллигенция ұғымы: қазіргі интерпретациялар.
2. Ұлттық шығармашылық интеллигенция тарихы.
3. Кеңестік   шығармашылық   интеллигенциясы   қалыптасуының 
бастапқы кезеңі (1917-1925 жж.).
4. Ұлттық интеллигенцияның алғашқы өкілдерінің қызметі.
5. Қазақстандағы тоталитаризм және саяси құғын-сүргін тарихы
6. С.Сәдуақасовтың қоғамдық – саяси қызметі.
7. Қазақ   демократиялық   интеллигенциясының   1905-1917   жж. 
қоғамдық-саяси қызметі.
8. Тоталитаризм және зиялы қауым.
9. Ұлттық интеллигенциясының тарихнамасы.
10.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көркемөнер интеллигенциясы.
11.Ж.Досмухамедовтың қоғамдық – саяси қызметі.
12.Жеке   басқа   табынушылық   жылдарындағы   ұлттық   ғылыми 
интеллигенциясының тарихи тағдыры.
13.Қазақстан тарихнамасындағы «Алаш» және Алашорда мәселесі.
14.1937-1938 жж. Қазақстандағы саяси репрессия тарихы.
15.Қазақстан және Мемлекеттік Дума.
16.Ұлы Октябрь және ұлттық интеллигенция тағдыры.
17.ХХ ғасыр басындағы Қазақстан білімі мен ғылымы.
18.ХХ ғасырдың 20-30 жж. шығармашылық одақтардың құрылуы.
19.М.Шокайдың қоғамдық – саяси қызметі.
20.Т.Рысқұлов – қоғам және саяси қайраткері.
21.Қазақстандағы тоталитарлық билік және дін.
22.Қазақстандағы   ауыл-селосының   интеллектуалдық   және 
этномәдени тарихы: тарихнамалық талдау.
240

Қосымша ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.
Әбжанов  X.,  Әлпейісов  Ә. Қазақ интеллигенциясы  мен  мәдениеті  туралы. 
-А., Республикалық мәдениет қызметкерлерінің мамандығын арттыру институты, 1992. 
29-6. (128).
2.
Байтұрсынов А. Ақжол. А., Жалын, 1991. 252-6. (464).
3.
Кекілбаев Ә. Тәуелсіздік толғауы // Егемен Қазақстан. 2001. 28 ақпан.
4.
Рыскулов Т. Собрание сочинений в трех томах. Том 3. - А., Казахстан, 1998. 
268-6. (444 6.).
5.
Рысқұлұлы Т. Төңкеріс және қазақ  халқы // Еңбекші  қазақ,  1926,8 маусым. 
Соныкі. Жастардың хатына жауап // сонда 1926 маусым, Рыскулов Т. Избранные труды. - 
А-А., Казахстан, 1984.206-212, 226-6. (260).
6.
Аспандияров С. Қазақстан тарихының очерктері. А., Санат, 1994. 91-6. (120).
7.
Сулейменов Р.Б. Ленинские идеи культурной революции и их осуществление в 
Казахстане. - А.- А., Ғылым, 1972. (494).
8.
Сүлейменов Р.Б.  Ұлт интеллигенциясының қалыптасуының кейбір қырлары // 
Қазақстан коммунисі. 1982. № 9.86-91 6.; Сонікі. История культурного строительства в 
Казахстане в публицистике и литературе 20-х - первой половине 90-х годов // Известия 
АН КазССР. Сер. обществ. наук. 1987. № 6. С. 23-35.; Сонікі. Ответы на вопросы журнала 
"Вестник АН КазССР" // Вестник АН Каз ССР, 1990. № 8. С.3-5.
9.
Сулейменов Р.Б., Бисенов Х.И. Социалистический путь культурного прогресса 
отсталых народов. (История строительства советской  культуры  Казахстана.  1917-1965 
гг.). - А-А., Наука, 1967. 132-6. (424).
10.
Қозыбаев М.К. Жауды шаптым ту байлап.  А., Қазақстан,  1994.41-47 б. (192); 
Соныкі. Тарих зердесі, Замана асуы. Бірінші кітап. А., Ғылым, 1998. 289-296 б. (344).
11.
Қозыбаев М.К. Өркениет және ұлт. А., Сөздік-словарь, 2001.238-6.(369).
12.
Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. А., Ататек, 1995.122-123 6.(256).
13.
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А., Санат, 1994. (368).
14.
Абжанов   Х.М.   Сельская   интеллигенция   Казахстана   в   условиях 
совершенствования социализма. А., Наука, 1988. (188);
15.
АбжановХ.М.,   Гуревич   Л.   Интеллигенция   Казахстана:   история,  теория, 
современность. А., 1991. (141);
16.
Әбжанов  Х.М.,  Әлпейісов  Ә.  Қазақ  интеллигенциясы  мен  мәдениеті  туралы. 
А.,  Республикалық  мәдениет  қызметкерлерінің  мамандығын  арттыру  институты, 1992. 
29-6. (128).
17.
Қабдолов   3.   Жебе.   Әдеби   толғаныстар   мен   талдаулар.  -  А.,  Жазушы,   1977. 
45,66,112-6. (380).
18.
Қабдолов 3. Арна. Зерттеу-сын-эссе. - А., Жазушы, 1988. 208-6. (256).
19.
Бейсембиев К. Победа марксистско-ленинской идеологии в Казахстане. - А., 
Казахстан, 1970. 358 - 359 6. (384).
20.
Альджанов   Ш.   Проблемы   национальной   культуры   в   Казахстане   и   задачи 
научно-исследовательского педагогического института // Большевик Казахстана.  1933. 
№ 6. 23 - 6.
21.
Ақын-жыраулар. - А., Ғылым, 1979. 146-177 6. (184).
22.
Мухтар Ауэзов в воспоминаниях современников. А.-А., Жазушы, 1972. 301-
315 б. (360).
23.
Боранғалиев Т. Алыптарға әліппе үйреткен // Социалистік  Қазақстан, 1991. 23 
сәуір.
24.
Сүлейменов Р. Моисеев В. Шоқан Уәлиханов - шығыстанушы. - А., Ғылым, 
1985. 102, 107-6. (112).
241

25.
Мұқанов С. Өмір мектебі. Азатты жолда. Екінші кітап.  -  А.,  Жазушы, 1970. 
448-6. (520).
26.
Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. - А., Жазушы, 1985.331-6.(368).
27.
Ахмет Байтұрсынов. Шығармалар. - А., 1989. 166,169-6. (320).
28.
Галиев В. Караванные тропы. - А.,Атамұра, 1994.114-1166. (128).
29.
Елеукенов  Ш., Шалғынбаева  Ж. Қазақ  кітабының  тарихы  (Ежелгі   дәуірден 
1917 жылға дейін). - А., Санат, 1999. (192).
30.
Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. - А., Ататек, 1995. 43 б. (256).
31.
Жүргенов  Т.  Қазақстанда  мәдениет  революциясы  -  А.,  Қазмембас, 1935 (45); 
Сонікі. Қазақстанның ақындары мен жыршылары. //Әдебиет майданы. 1936. №6.91-92 
6; Сонікі. Очуждых   явлениях   в   казахском   литературном   языке   //   Казахстанская 
правда.   1935.17,18   мая;   Казахские   народные   акыны.  А-А.,   Госиздат,   1936.   (68). 
(Вступительная статья) т.б.
32.
Бурабаев М. Общественная мысль Казахстана в 1917-1940 гг. А.-А.,  Ғылым, 
1991. (256).
33.
Қойгелдиев М., ОмарбековТ., Тарих тағлымы не дейді? А., Ана тілі, 1993; 
Қамзабекұлы Д. Смағұл Сәдуақасұлы. А., Қазақстан, 1996. (256).
34.
Қозыбаев М. Тарих зердесі. 1-кітап. А., Ғылым, 1998. 65-68, 70-71 б.
35.
Бес арыс.  Естеліктер, эсселер және зерттөу мақалалар.  -  А., Жалын, 1992. 
489-6. (544).
36.
Культурное строительство в Казахстане. Сб. документов и материалов. Т.2. - 
А., Казахстан, 1985. 207-6. (283).
37.
Ураз Джандосов. Документы и публицистика (1918-1937 гг.). В двух томах. 
Том 2. - А., Казахстан, 1999. 88-6. (304).
38.
Нурпеис К. Предисловие к сб.: Ураз Джандосов. Том 1. - А., Казахстан, 1999. 
8-6. (400).
39.
БектүровЖ. Ақиқаты осы еді. - А., Ғылым. 1995.11-6.(116).
40.
Тастанов   Ш.   Советский   опыт   формирования   и   развития   интеллигенции 
ранее отсталых народов. - А., Казахстан.1975.103-104 6.(200).
41.
Чокин Ш. Четыре времени жизни. Воспоминания и размышления. 2-е. изд. - 
А., Білім, 1998. 269-6. (432).
42.
Видный ученый-экономист // Қазақ ССР Ғылым академиясының  хабарлары. 
Қоғамдық ғылымдар сериясы. 1977 №2. 93-6.
43.
Сәрсеке М. Ғасыр перзенті // Егемен Қазақстан. 1999. 29 қаңтар.
44.
Мәшһүр  Жүсіп Көпеев. Шығармалары. 2-том. - А., Ғылым,  1922,  118,  2176. 
(224); Соныкі. Қазақ шежіресі. А., Жалын, 1993, 70-71 6. (76).
45.
Хасенов Ә. Қазақ тарихының бес мың жылдық баяны(Көне заманнан  XX 
ғасырға дейін). А., Мектеп, 1998. 302-6. (403).
46.
Мырзахметұлы  М.  М.  Әуезов  ғұмырының  ташкенттік   кезеңі  //  Түркістан. 
1997. 24-30 қыркүйек.
47.
Тасымбеков А. Жан дауысы. АЛЖИР архипелагі. - А., Жалын, 1994. 27-6. (176).
48. Кәкішев Т. Ескірмейді естелік. А., Жазушы, 1994. (432).
49. Бес арыс. А., Жалын, 1992. 175-176 6. (380)
50.
Алаш-Орда. Сб. Документов. Составитель Н. Мартыненко.  - А.-А., Айқап, 
1992. 27 б. (192).
51.
Заки   Валиди   Тоган.   Воспоминания.   Борьба   народов   Туркестана   и   других 
восточных мусульман-тюрков за национальное бытие и сохранение культуры. Книга I. 
Уфа, Китап, 1994, 182-266 6.(400).
52.
"Қазақ". Библиографиялық көрсеткіш. - А., 1998. 508-6.
53.
Қожакеев Т. Сара сөздің сардарлары. - А. Санат., 1995. 81-89 б. (168);
242

54.
Қозыбаев М. Тарих зердесі. Арыстар тұғыры. 2-ші кітап. - А., Ғылым, 1997 
67-6. (280).
55.
Затаевич В.А. 500 казахских песен и кюйев. - А.- А., Казиздат, 1931,28-96.(316).
56.
Жұбанов   А.   Замана   бұлбұлдары.  -   А.,   Қазақтың  мемлекеттік көркем 
әдебиет баспасы, 1963. 232-239 б. (432)
57.
Бегалин С. Сахара сандуғаштары. - А., Қазақстан, 1976, 144-6.(168).
58.
Алғашқы қарлығаштар. Жинақ. - А., Қазақстан, 1993, 3-17 6.(208).
59.
Социалистическое   строительство   в   Казахстане   в   восстановительный   период 
(1921-1925 ж.). Сб. документов и материалов. А.-А., издательство АН КазССР, 1962. 98-99 б.
60.
Мұстафа Шоқай. Таңдамалы. Бірінші том. - А., Қайнар, 1998, 1546. (512).
61.
Ғабитова   Ф.   Алыптар   тағдыры.  -   А.,   Жазушы,   1995.   (144).  Дөнентаев   С. 
Ұрпағыма айтарым. - А., Жазушы, 1989,247-252 б. (304).
62.
Дулатов М. Шығармалары. - А., Жазушы, 1991. 319-322б. (384).
63.
Бөкейханов Ә. Шығармалары. Құрастырған М. Қойгелдиев. - А., 1994. 293-298 
6. (348).
64.
Әлихан Бөкейханов. Таңдамалы. А., Қазақ энциклопедиясы, 1995. 319-326 6. (478)
65.
Елеукенов Ш. Мағжан. А., Санат, 1995, 7-8 6. (384).
66.
Сералин   Мұхаметжан.   Қадірменді   оқушылар!  Кіт.:  "Айқап".  Құраст.  Ү. 
Сұбханбердина, С. Дәуітов. А., Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1995, 93-6. (367).
67.
Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. І-том. А.,  Рауан, 1994. 250-252; 
300-301 (320).
243

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.....................................................................................................3
Дәріс 1 Ұлттық шығармашылық интеллигенция тарихының 
теориялық мәселелері..............................................................................7
Дәріс 2 Зиялылардың шығармашылық бөлігіндегі 
сапалық өзгерістер..................................................................................21
Дәріс 3 Шығармашылық қауым тарихын 
кезендерге бөлу мәселелері...................................................................35
Дәріс 4 Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы 
қалыптасуының бастапқы кезеңі (1917-1925 жж.)..............................45
Дәріс 5 Ескі интеллигенцияның тағдыры............................................56
Дәріс 6 Кеңестік шығармашылық интеллигенцияның 
алғашқы өкілдерінің қызметі.................................................................70
Дәріс 7 Ұлттық интеллигенцияның шығармашылық 
және қоғамдық қызметі (1926-1932 жж.)..............................................85
Дәріс 8 Көркемөнер интеллегенциясының 
өсуіндегі қайшылықтар........................................................................106
Дәріс 9 Шығармашылық интеллигенцияны республика 
оқу орындарында дайындала бастауы................................................116
Дәріс 10 Кеңес өкіметінің ұлттық шығармашылық 
интеллигенциясынап қатысты ұстанған саясаты 
(1933-1941 жж.).....................................................................................124
Дәріс 11 Ұлттық шығармашылық интеллигенцияның 
жаңа топтарының шығуы.....................................................................140
Дәріс 12 Қазақстан кеңесік шығармашылық 
интеллегенциясының қуғындалуы......................................................170
Қорытынды............................................................................................183
Пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімі.....................................190
«ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы ұлт зиялылары» 
тақырыбына арналған тест сұрақтары................................................196
«ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы ұлт зиялылары» 
тақырыбына арналынған тест сұрақтарының дұрыс жауаптары.....212
Глоссарий...............................................................................................213
Студенттердің өздік жұмысына арналған сұрақтар...........................237
Реферат тақырыптары (курстық және дипломдық 
жобалардың тақырыптары)..................................................................239
Қосымша ұсынылатын әдебиеттер тізімі...........................................240
244

З.О. Дукенбаева
ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-40 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫ
Оқу құралы
(Екінші басылым, қайта қарастырылған және толықтырылған)
Басуға қол қойылды 05.11.2008
Гарнитура Times
Форматы 29,7 х 42
1
/
47. 
Офсеттік қағазы.
Көлемі 14,6 шартты б.т. Таралымы 1000 дана.
Тапсырыс № 0324
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының
Ғылыми-баспа орталығы
140000, Павлодар қ., Мир көшесі, 60
245

Document Outline



1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал