З. О. Дүкенбаева ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағЫ Ұлт зиялылары



жүктеу 5.01 Kb.

бет15/16
Дата08.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ГЛОССАРИЙ
Абсентеизм  –   халықтың   саяси   өмірге   немқұрайды,   селқос   қарауы, 
азаматгық   міндетгі   атқарудан   бас   тартуы.   Ол   әсіресе  сайлаушылар 
тарапынан   өкіметтің   өкілдік   органдарына   сайлауға  катынасқысы 
келмеуінен   байқалады.   Оны   әркім   әртүрлі   бағалайды.   Біреулер   адам   не 
істесе   де   (сайлауға   қатысып   дауыс  берсе   де,   бермесе   де)   өз   еркі   деп 
санайды.   Енді   бірі   саяси   шешімдерді   немесе   сайланушы   үміткерді 
қолдамағандықтан деп түсінеді. Егер халықтың басым бөлігі  саяси өмірге 
осылайша селқостық танытса, өкімет  органдарының легитимдігіне нұқсан 
келеді. 
Аббаттық  –   орта   ғасырдағы   аббат   басқаруындағы   католик 
монастырі.   Аббаттың   иелігінде   ұлан-ғайыр   жер   болды.   Онда   көлемді 
шаруашылық   жүргізілді.Аббаттық   дін   уағыздарын   таратушы   орталық 
ретінде   қызмет   атқарып,   елеулі   саяси-экономикалық   ықпалға   ие   болды. 
Реформация және буржуазиялық революциялар кезінде аббаттықтың  бір 
бөлегі жойылды, қалғандары католицизм идеяларын насихаттау бағытын 
ұстады.
Абсолюттік   монархия  (Абсолютизм)   -   мемлекеттегі   саяси   билік 
билеушінің   қолыңда   шоғырланған,   мемлекеттік   басқару  формасы   (король, 
патша,   шах,   эмир,   император)  Конституциялық,   шектеулі   монархиядан 
биліктің жоғарғы деңгейде орталықтандырылғанымен ерекшеленеді.
Абыздар (жрецы) – 1.  Абыздар алғашқы дін тараған кезде шыққан. 
Олар   құлдық   қоғамда   үстем   тап   өкілдерінің   қатарында   болып,   топ   құра 
отырып,   дінге   табынатын   орындарда   дін   уағыздарын   таратты,   діни 
мәселелерге   талдау   жасау,   дін   жораларын   орындау   арқылы   байыды. 
Абыздардың   кейде   мемлекеттік   өкіметті   қолына   алған   кезі   де   болды. 
Мысалы: ертедегі Египетте,Қосөзенде, Мексикада т.б. Демек, абыздар да 
үлкен   саяси   роль   атқарған   адамдар   тобы   болды.   Абыздықтың   бүгінгі 
дінмен,   дінбасыларымен   сабақтастығы   бар.   2.   Абыздар   білгір,   көреген, 
тасаттық беруші, құрбандық шалушы мен құдайдың арасындағы делдалмын 
дегенді білдіреді.
Авангардтық   партиялар  –   ұйымы   жоғары   орталықтандырылған, 
барлық мүшелерінен белсенді жұмысты талап  ететін партиялар. Мысалы: 
бұрынғы СОКП.
Авантюризм  —   саясатта,   билік   жүргізуде   және   басқа   белгілі  бір 
мақсат,   мүддеге   жету   үшін   күдікті,   шүбәлі   жолмен   оңай   олжа   іздеушілік. 
Әдетте, мұндай саясат елдің қоғамдық саяси  жағдайын шиеленістіріп халық 
тағдырына ауыр зардабын тигізуі мүмкін.
Аванпорт  (фр.avan-port   –   алдыңғы   порт)   –   кемелер   тұратын,зәкір 
тастауға қолайлы орын, толқынға қарсы, қорғайтын қоршауы бар, кемелер 
жүгін түсіруге және тиеуге лайықталған порттың сыртындағы бөлігі.
213

Аврал  (   over   жоғары+aii,бәрі-бәрең   жоғарыға)   –   1.Кемедегі 
команданың тұтас немесе көп бөлігінің қауырт кірісіп, тегіс жұмыс істеу. 
2.Шұғыл тапсырманы орындау үшін барлық қызметкерлерді жұмылдыру, 
бүкіл   коллектив   орындайтын   шұғыл   жұмыс.   Мыс.   Стихиялық   апат 
жағдайында, т.б.
Аврора – 1. Ертедегі рим мифологиясында құдайларға да, адамзатқа 
да   күн   сәулесін   түсіретін   таң   шапағының   әйел   пірі.   2.   Балтық   флоты 
крейсерінің аты. Оның командасы 1917ж. Қазан қарулы көтерілісі кезінде 
зеңбіректен оқ атып,Қысқы сарайға шабуыл жасауға белгі берді.
Автаркия  - бұл тәсіл өз елінің өңдірісін дамытуға немесе басқа  да 
саяси   мақсатта   жасалады.   Елдің   немесе   аймақтың   экономикасын  басқа 
елдің   экономикасынан   оқшауландыруға   бағытталған   шаруашылық-
экономикалық саясат. 
Автономия - (гр. өзін-өзі басқару) бір мемлекеттің шеңберіндегі өзін-
өзі басқаруға құқық берілген саяси- ұлттық құрылым. 1) мемлекеттің белгілі 
бір   аймағындағы   ішкі   басқару:   2)   біртұтас   Конституция   негізінде 
басқарылатын мемлекеттердің ажырамас бөлігі.
Авторитаризм - (лат. билік) - демократиялық принциптерді жойып, 
жеке (авторитарлық) тұлғаның шексіз билігін орнататын саяси билік жүйесі, 
тоталитаризммен   салыстырғанда   мұнда   көпшілік   партия,   бірыңғай 
идеология   болмайды
 және   экономика   бақылауға   алынбайды. 
Тоталитаризмнің басқа  белгілері: террорлық режим, барлығын қамтитын 
орталықтандыру, сөзсіз бағыну, әскер күшіне сүйену,  мемлекеттің сайлау 
органдарын шектеу сақталады.
Автоктон - (гр. тұрғьшықты, тұрақты; қарама-карсы-аллоктон) - сол 
жерде пайда болған мәдениеттер.
Агрессия - мемлекет дербестігін, оның тәуелсіздігін территорияның 
тұтастығын әскери жағынан бұзу.
Агенттік   (агенство)  –   саяси   экономикалық   оқиғалар   туралы, 
ғылыми-техникалық   және   мәдени   өмір   туралы,   материалдар   жинайтын, 
дайындайтын мекеме. Мысалы: Баспасөз жаңалықтары агенттігі, Советтер 
одағының телеграф агенттігі, Юнайтед Пресс Интернейшнл.
Агора  –   ертедегі   грек   қалалаларындағы   халық   жиналысы   өтетін, 
сауда жасайтын алаң. Онда храм, мемлекеттік мекемелер,т.б. болды.
Агрессор  –   жаулап   алу   мақсатымен   шабуыл   жасаушы   мемлекет, 
империалистік   соғыс   саясатын   жүргізуші,   агрессияны   жүзеге   асырушы, 
басқыншы, тонаушы соғысты қоздырушы мемлекет.
Агротехника  – ауылшаруашылық дақылдарын өсіруді жетілдірудің 
(жер   жырту,   өңдеу,   тұқым   дайындау,   егу   тыңайтқыш   беру.   Күту,   т.б.) 
технологиялық әдістері.
Адам құқы - белгілі бір игілік алуды, өмір сүруді қамтамасыз ететін 
адамдар   мен   мемлекет   арасындағы   ережелердің  өзара   қатынастары, 
214

кепілдіктері. Олар, негізінен, 1948 жылы  Б¥¥ Бас Ассамблеясы қабылдаған 
"Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясында" көрсетілген.
Адамгершілік  -   әлеуметтік   институт.   Жұрттың   тәртібін   реттеп 
отыратын   жүйе.   Моральдық   өлшемдер   заңға  сүйенбейді,   қоғамдық 
көзқарас арқылы қалыптасады.
Адмирал  –   соғыс   теңіз   флоты   офицерлерінің   ең   жоғарғы   атағы 
немесе әскери атақ. Ол бірнеше дәрежеге бөлінеді. Контр-адмирал, вице-
адмирал, адмирал, т.б. адмиралдық атақ Европада ХІІ ғасырда,  Россияда 
генералдық, адмиралдық және басқа атақтар І Петр тұсында, ал ССРО-да 
адмиралдық атақтар 1940ж. енгізілді.
Адмиралтейство  –   1.   Революцияға   дейінгі   Ресейдегі   соғыс 
кемелерін   жасайтын,   жөндеуден   өткізетін   орталық   (басты   Петербургте). 
2.Ұлыбритания   соғыс-теңіз   күштерінің   жоғарғы   басқарма   ограны   және 
командованиесі.
Адъютант  –   1.   Әскер   бастықтарының   жанында   әр   түрлі 
тапсырмаларын   орындайтын   офицер   немесе   штаб   қызметін   атқаратын 
офицер.. 2. Орыс армиясында штабта, басқармада іс жүргізуші офицер. 3. 
Жеке әскри бөлімдердің жабдықтау жағын басқаратын офицер.
Азаматтық қоғам  - жеке тұлғаның емін-еркін дамуын  қамтамасыз 
ететін қоғам. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам  өміріне араласуына шек 
қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай 
құқықтары сақталады.
Азан – (арабша жариялау, шақыру деген мағынада) – Ислам дінінде 
міндетті   бес   уақыт   парыз   ретінде   оқылатын   намаздың   мезгілдерін 
жариялау және соған шақыру. Азаншы мешіттерді биіктеу жерде тұрып 
азан   айтып,   адамдарды   намазға   шақырады.   Балаға   ат   қоярда   дауыстап 
айтылатын намаздың кіріспе бөлімі.
Айырбас  - тұрмыстағы жағдай. Адам өз меншігінің кез  келген түрін 
қажетіне айырбастайды. Сауданың бір түрі
Аймақ – 1. Қандай да бір территорияның бөліктерге бөлінуі, бірақ ол 
көбінесе   көлемді   территория   болуы   керек,   Қазақ   тілінде   аймақ,   өлке, 
облыс, мекен, айнала мағынасында қолданылады. 2. Түркі, моңғол, бурят, 
тұңғыс-маньчжур тілдерінде ру, тайпа, аудан мағынасындағы сөз. Негізгі 
әкімшілік- территориялық бөлік. 3. Орта ғасырдағы феодалдық әкімшілік-
территориялық облыс немесе ірі феодалдық жер иелігі.
Азық-түлік салғырты - ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың 
тәсілі;   шаруашылық   күйзеліс,   азамат   соғысы  және   шет   елдік   соғыс 
интервенциясы   жағдайында   азық-түлік  салғырты   елді   азық-түлікпен 
қамтамасыз   етудің   мәжбүрлі   құралы   болды;   мұны   Халық   Комиссарлар 
Кеңесі соғыс  коммунизмі кезінде ірі саяси және экономикалық маңызы бар 
шара ретінде 1919 жылы 11 қаңтарда енгізді.
Азық-түлік салығы — 1921 жылғы жаңа экономикалық саясаттың 
бастауы, 1923 жылға дейін жүзеге асырылды. Шаруалардан алынған заттай 
215

салық   РК(б)П  X  съезінің  шешімімен   1921   жылы   көктемде   азық-түлік 
салғыртының орнына енгізілді.
Актуальді  –   қазіргі   уақыт   талабы   үшін   аса   маңызды,   көкейкесті, 
алда   шешімін   күткен   қажетті   мәселе.   Мысалы,   көктемгі   мал   төлдету, 
күздегі астық жинау науқаны, т.б.
Ақталу - айыпталған адамның кінәсі жоқтығының  дәлелденуі. 50-ж 
ортасынан бері жазықсыз жазаланғандарды ақтау қолға алынды.
«Ақтабан   шұбырынды,   алқакөл   сұлама»  -  1723   жылдың 
көктемінен 1730 жылғы дейінгі аралықта жасаған жоңғарлардың шабуылы 
қазақ халқы тарихында ауыр кезең болды. Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс 
аудандарына   басып   кірген   жоңғарлар   халықтың   мал-мүлкін   тонап,   ер, 
әйел,   бала   демей   мыңдаған   адамды   айдап   әкетті.   Қырып   жоя   отырып, 
қазақтарды   Талас   аймағына   ығыстырды.   Ес   таппай,   мал-жанын   тастап, 
қырғынға ұшырап, босқан халық Сырдарияға, Самарқанға қарай ағылды. 
Бұл оқиға «ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама» деген ат алды.
Алғашқы қауымдық құрылыс – адамзат тарихындағы ең алғашқы 
қоғамдық-экономикалық   формация.   Жер   бетінің   барлық   халықтары 
ондаған мың жылдар осы даму сатысында  болған. Тап, қанау  болмады. 
Өндіріс   төменгі   дәрежеде   қарапайым   еңбек   құралдарының   көмегімен 
қауымдасып   жүргізілді.   Өндірістік   қатынастың   негізгі   құрал 
жабдықтарына   қауымлық   меншік   болып,   өнім   қауым   мүшелерінің 
арасында   тең   бөлінді.   Ежелгі   адамдардың   табиғатқа   тәуелді   болуынан 
топтасып, бірлесіп, қиын жағдайда қажырлы еңбекпен өмір сүрген және 
рулық қауым кезін алғашқы қауымдық құрылыс дейді. Алғашқы қауымдық 
құрылыс   адамзат   қоғамы   пайда   болуынан   таптық   қатынастардың 
қалыптасуына дейінгі дәуірді қамтиды. 
Аманат  –   1.   кепілдеме.   Сенімділіктің   айғағы   есебінде   лауазымды 
адамдарды немесе олардың балаларын кепілге беруі. Патша өкіметі қазақ 
және   басқа   шығыс   елдері   халықтарының   Россияға   берілгендігі   және 
шартты қамтамасыз ету жөніндегі айғағы ретінде саяси кепілдеме алатын 
болған. Мысалы, 1738ж. Қожа Ахмет Сұлтан кепілге берілген, т.б. Мұндай 
кепілдеме   келісімді   қамтамасыз   ету   үшін   жасалған.2.   Біреуге   уақытша 
сақтауға, не келесі біреуге табыс етуге берілген нәрсе.
Анархия  -   (гр.   anarchic).   1)   басшысыздық,   өкметсіздік.  2) 
бытыраңқылық, ұйымдаспағандық;  тәртіпсіздік;  өндіріс  анархиясы - жеке 
меншіктен туатын капиталистік шаруашылық дамуындағы бытыраңқылық.
Антогонистік   таптар  –   социалистік   қоғамнан   басқа   таптық 
қоғамдардағы   бір   біріне   қас,   бірін-бірі   қанайтын   таптар.   Мәселен, 
феодалдық қоғамдағы феодалдар мен шаруалар, капиталисттік қоғамдағы 
буржуазиялар мен жұмысшылар.
Антикоминтерндік пакт - 1936 ж. Германия мен Жапония арасында 
жасалған   Коммунистік   Интернационалға   қарсы  бірлік   күресу   жөніндегі 
216

келісім.   Шын   мәнінде   КСРО-ға   қарсы  бағытталды.   1937   ж.   оған   Италия 
қосылды.
Анархизм  -   мемлекет   институттарынан   бас   тартуды  уағыздайтын 
саяси ағым, ол тұлғаның шексіз бостандығын қолдайды.
Аңырақай  –   Балқаш   көлінің   оңтүстік-шығысына   таяу   Итішпес 
көлінің маңындағы Аңырақай деген жерде 1730 жылы көктемде шайқас 
болды.   Бұл   ұрыста   Ақтабан   шұбырындыдан   кейін   біріккен   үш   жүздің 
жасақтары   жоңғар   басқыншыларына   күйрете   соққы   берді.   Бұл   өзінше 
қазақтың Куликовасы еді.
Апартеид  —   нәсілдік   дискриминация   және   түсті   халықтар  құқын 
шектеу саясаты.
Апогей  -   кез   келген   нәрсе   дамуының   ең   жоғарғы   нүктесі;   шың, 
гүлдену (кең тараған үғым "в апогее славы").
Апостол  –   1.   Әуелі   ел   аралап   христиан   дінін   уағыздаушы 
кезбелер.Кейін   апостол   деп   библиядағы   жаңа   өсиеттерде   жазылған 
христың 12 оқушысы айтылған. 2. қандай да бір ілімге, идеяға берілген, 
соның жолын қуаттаушы. 3. Христианның құдайға қызмет ету кітабының 
аты Апостол грек сөзі, елші деген мағына береді.
Араттар  – моңғол Халық республикасындағы, қытайда орналасқан 
Моңғол   аудандарындағы   мал   өсірушілер   және   Тува   АССР-індегі 
шаруалар.
Арабескілер
 –   мешіттердің,   храмдардың,   сарайлардың 
қабырғаларына   салынған   өрмелі   нақышталған   өрнектер,   өсімдіктердің 
жапырақтары,   гүлдері   стиліндегі   суреттер   және   геометриялық 
фигуралардан   құралған   күрделі   ою-өрнектер.   Арабтардың   осындай 
үлгілерінің   ықпалымен   ғимараттарды   әшекейлеу   Европа   көркемөнеріне 
кең тараған.
Арбалет  –   біршама   жетілдірілген,   көздейтін   тетігі   бар   құндақты, 
өздігінен атылатын садақ. Арбалетті болаттан жасалған жебемен ататын 
болған.
Аренда - (лат. қарыз беру).
Аристократия - 1) билеуші социумның жоғарғы, артықшылыққа ие 
болған тобы, бай немесе ақсүйектер. 2) билік ақсүйектер қолында болатын 
мемлекеттік басқару формасы.
Архаизм  - (гр. ежелгі) 1) ескірген сөздер, қолданыстан  шыққан; 2) 
ескірген құбылыс, ескілік қалдығы.
Археолог  –   археология   ғылымымен   айналысатын   маман   адам. 
Археолог   адамдардың   өткен   замандық   қоныстарын,   пайдаланған   түрлі 
қалдық   заттарды   зерттеуші,әрі   қоғам   жайын   анықтаумен   айналысатын 
ғылым.
Архонттар  – ертедегі Грецияның қала-мемлекеттеріндегі өкіметтің 
ең жоғарғы қызмет адамдары.
217

Асессор  – 1. Ертедегі римде сот өкіметін атқаратын қызмет адамы, 
претордың   көмекшісі.   2.   Революцияға   дейінгі   Рессейде   азаматтық 
шен.Мыс. колледж асессоры. 3. Буржуазиялық елдердегі сот заседателі.
Ассимиляция – бір халықтың немесе билігінің басқа халықпен оның 
тілін, дәстүрін меңгеріп, өз тілін, мәдениетін, ұлттық ой-санасын жоғалтуы; 
табиғи ассимиляция халыққа тиімді  жағдайда өтеді және шағын халықтың 
ірі этникалық қауыммен қосылуы; күшпен ұлттық, діни қанау жағдайында 
өтеді және белгілі бір халықтарды басуы.
Ақ гвардия  – қазан революциясынан кейін Кеңес республикасына 
қарсы болған антибольшевиктік күштердің әскери кұрамы.
Апат - күтпеген жұт, соңы ауыр салдармен аяқталады.
Ассимиляциялық   саясат  –   мемлекеттердің   шовинистік  саясаты, 
қаналған   халықтың   үлттық   ерекшеліктерін   жоюға  бағытталған,   оларға 
үстемдік етуші ұлттың тілін, мәдениетін, дінін күштеп тану арқылы жүзеге 
асырылады.
Атаман  – 1) мемлекеттік билікке тәуелсіз отряд басшысы 2) казак 
әскерлерінің жоғарғы басшысы.
Ауыл - тұрақ, ертеде көшпелі, қазір отырықшы.
Ә
Әскери коммунизм  – 1918-1920 жж азамат соғысы жағдайындағы 
кеңес   мемлекетінің   әлеуметтік-экономикалық  құрылыстан   капиталистік 
элементтерді шұғыл күштеп ығыстыру саясаты.
Әлеуметтік өзгерістер  – қоғамдық құрылысқа қатысты өзгерістер 
Қоғамдық құрылысты қайта құруға байланысты өзгерістер.
Әлеуметтік   реформалар  –   еңбекшілердің   хал-жағдайын   біраз 
жақсарту, немесе қоғамдық тәртіп-реттілік, не мекемелер жұмысын көтеру 
мақсатымен   жоғарғы   үкімет   орындарының   заң   шығару   жүйесінде 
жүргізген өзгерістері.
Әулет  – 1. бір рудан немесе бір атадан тараған туыс, үрім – бұтақ, 
өрен-жаран.   2.   бір   тектен   шыққан   билеушілердің   мұрагерлік   жолмен 
бірінен соң бірі өкімет басына келіп, ұзақ жылдар отыруы. Әулет бір рудан 
шыққан   билеушілерге   де   айтылады.   әулет   құл   иеленушілік   құрылыс 
кезінде   қалыптасқан,   Совет   өкіметі   тұсында   жаңа   мағынаға   ие   болды. 
Мәселен, малшылар әулеті, металлургттер әулеті.
Б
Бай - ірі жер иеленуші, мал бағушы, саудагер.
Баж салығы – 1. Ертедегі Грецияда портқа алып келген товарлары 
үшін саудагерлердің төлейтін сауда алымы. 2. Шетке шығарылатын және 
шет   елдерден   әкелінетін   товарлар   мен   мүліктерден,   т.б.   алынатын 
мемлекет салығы.
218

Барлау – 1. Жаудың әскер күші, қару жарағы, оның орналасуы, жер 
жағдайы,   т.б.   туралы   мәлімет   жинау   мақсатында   соғыста   барлау,   шолу 
жүргізушілдік.   2.   Жер   қойнауына   геологиялық   барлау   жасау.  
3. Медициналық барлау « әскери медициналық қызметке кіретін шаралар) 
4. Авиация арқылы барлау жасау.
Баскару әдісі  – үкіметтік органдардың ұйымдық тәртібі, сондай-ақ 
өлкенің   құрылуы,   ерекшеліктері   және   мемлекеттің   халықпен   өзара 
қатынасы.
Бейтарап   аймақ  –   екі   мемлекеттің   шекарасындағы   аралық   жер 
аймағы.   Онда   мемлекеттердің   екеуінің   де   әскер   ұстауға   правосы   жоқ. 
Сонымен қатар ол соғыс майданы болуға тиісті емес
Белсенді сайлау құқы – сайлау құқы (сайлауға қатысу) .
Бекзада – тегін, жаратылысын артық санайтын фараон, король, хан 
патша,   сұлтан,   тұқымдары   басынан   дәулет   кетпеген   ірі   бай   феодалдар. 
Б.э.б кездің өзінде ең шонжар бай адамдарды бекзада деп атаған.
Бодаңдық - монархиялық елдің басқа елді өзіне бағынуға мәжбүр етуі.
Би - "қарасүйектен" шыққан, патриархтық-рулық басшыларға жататын 
ақсүйек.
Бисаясаттық  –   қоғамдық   өмірге,   саясатқа   немқұрайды,   енжар 
қараушылық.   Халықтың   кейбір   жіктерінің   саяси   өмірге   немкетті 
қараушылығы.   Бұл   олардың   артта   қалғандығынан,   идея   жағынан 
өспегендігінен   немесе   билеуші   таптардың   саясатынан   түңілгендігінен 
болады. Саясатқа немқұрайды қарау буржуазияға пайдалы, өйткені саяси 
өмірден,   тап   күресінен   еңбекшілердің   бетін   бұрып   отыру   үшін   керек. 
Буржуазия насихатшылары халықтың саясаттан тыс болуын қалайды және 
уағыздайды.   Социалисттік   қоғамда   бұқараның   қоғамдық   саяси   өмірге 
қатынасуын жақтайды.
Большевизм - саяси ой ағымы және Ленин бастаған саяси қозғалыс. 
РСДРП-ның   (1930)   П   съезінде   басшы   органдар  сайлауы   кезінде   Ленин 
жақтастары көп дауысқа ие болып большевиктер деп атала бастады.
Большевиктер 
-   Россия   социал-демократтары   жұмысшы 
партиясының   фракциясы   (РСДП).   Революциялық  қозғалыста  шешуші 
бағытты   қолдады.   Большевиктер   көсемі   –  Ленин.  Фракцияның   ірі 
қызметкері - В.В. Боровский, А.В.-Лучарский, Л.Б.Каменов, Г.Е.Зиновьев. 
1917   жылы   қазанда   большевиктер   Петроградта   көтеріліс   үйымдастырып, 
билікке келді.
Біздің   эра  -   христостың   туған   күнінен   бастау   алатын  күн  парақ 
жүйесі. Осы уақытқа дейін өткен оқиғалар, біздің  дәуірімізге дейінгі деп 
есептеледі.
Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  -  1914-1918 жылдары болған  Австро-
Германия мен Англия, Франция және Ресей арасындағы соғыс. Бұған жер 
жүзіңдегі көптеген мемлекеттер катысқаң.
219

Билік  - бедел, құқық, қанау арқылы адамдар қызметіне  ықпал ету 
мүмкіңдігі. 1) беделді, күшті, құқықты, жігерді  қолдана отырып біреуге 
ықпал ету қабілеттілігі; 2) саяси үстемдік, саяси органдар жүйесі саясатты 
іске асыру құралы.
Болыс - әкімшілік-территориялық бірлік.
Бүлік - мемлекеттік төңкеріс. Қастандық жасаушы топтардың бүлік 
жасауы. Мемлекеттік төңкерісті көздейтін өкімет жұмысына қарсы топтың 
қарулы қақтығысы.
Буржуазия  -  әлеуметтік   топ,   қоғам   табы,   кейінгі  орта  ғасыр 
кезеңінде   пайда   болды,   буржуазиялық   революциялар  нәтижесінде 
үстемдікке ие болған.
Буржуазиялық революциялар - әлеуметтік революция. оның негізгі 
мақсаты - феодалдық құрылысты немесе оның қалдықтарын жою, буржуазия 
билігін орнату, буржуазиялық мемлекет құру.
Бутырь түрмесі (Бутырка) - ХVІІІ ғ. пайда болды.
Москва түрмесі XIX ғ. ортасына дейін қылмыскерлерге қолданылды, 
кейін қылмыскерлерді жөнелтетін түрме ретінде  қолданыла бастады. Онда 
қамалғандар Сібірге каторгаға немесе жер айдалуға бұйырылды.
БОАК - бүкілресейлік орталық атқару комитеті.
Бюрократ  -   1)   азаматтардың   мүддесіне   нұқсан   келтіріп,   өз 
міндеттерін   формальді   түрде   атқаратын   қызмет   адамы;  2)  басқарудың 
бюрократиялық жүйесіне жататын ресми қызметтегі адам.
Бюрократия - шенеуніктер билігі, билік жүйесі, ал қоғам алдындағы 
белгілі   бір   функциялар   мен   артықшылықтарға   ие   билік   аппараттардың 
көмегімен іске асырылады.
В
Варфоломей   түні   –  реформацияға   қарсы   күресте   ұйымдасқан 
католиктер   1572   жылы   24   тамызға   қараған   түнінде   «әулие   Варфоломей 
мерекесі   қарсаңында»   Парижде   шіркеуден   дабыл   арқылы   белгі   беріп 
протестанттарды жаппай қырды. Екі аптада «Париж бен провицияларда 30 
мыңнан аса адам өлтірілді. Бұл «Варфоломей түні» деп аталып кетті Папа 
ХІІІ   Григорий   бұл   қырғынды   қолдап,   оның   құрметіне   медаль   шығарды. 
Бүгінде   «Варфоломей   түні»   деген   сөзді   қарсыластарын   аяусыз, 
айуандықпен жазалау деген мағынада пайдаланылады.
ВКП(б) – Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы.
Вервь  – б.э. алғашқы ғасырларындағы Шығыс славяндардың және 
оңтүмстік славяндардың рулық қауымдары вервь деп атанған.
Г
Гегемон - қолбасшы, көсем.
Гегемония  -   (гр.үстемдік)   басшылық   ету   жағдайы,   саяси  күреске, 
қозғалысқа басшылық ету.
220

Генерал-губернатор - губерниялық әскери басшы.
Генералисимус  -   шендер   табеліне   енгізілмеген   Ресейдегі  жоғарғы 
әскери шен. Кеңестік кезеңде бұл атақ 1945 жылы  26  маусымда енгізіліп, 
сол айдың 27-сі күні И.Сталинге берілді.
Геноцид  – нәсілдік, ұлттың және діни белгілеріне қарай халықтың 
жекелеген топтарын жою.
Герб  (таңба, елтаңба) - қаланың, мемлекеттің тарихи қалыптасқан 
эмблемасы.

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал