З. Ж. Жаназарова философия ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 3.58 Kb.

бет7/20
Дата07.03.2017
өлшемі3.58 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

3.2 Зайырлы және діндар отбасыларындағы төзімділік 
көрсеткіші
Діни  бағыттағы  отбасылармен  достық  қарым-қатынаста  болуға 
қатысты  қойылған  сұрақтың  жауабы  қазақстандық  отбасының  да-
муындағы  жағымды  тұстарды  анықтады:  діни  бағыт  отбасындағы 
өзара  қарым-қатынасқа,  тек  өзінің  діни  қауымдастығының  шең-
берінде ғана қалып қоюға еш әсер етпейді.  (6 сурет).
6 сурет. «Сіз қандай отбасыларымен достық қарым-қатынаста болуды 
қалайсыз?» сұрағының жауап бөліндісі, (%)
Тек сұралғандардың 14,2%-ы ғана, өз дініне жататындардың от-
басымен араласуды жөн санайды, осылай ол өзін қоғамнан шеттету-
де, тасалануда. Респонденттердің  11%-ы діни де, зайырлы да отбасы-
лармен араласады, 63,8%-ы қандай конфессияда екендігіне қарамай, 
қарым-қатынастағы  ең  бастысы  –  жайлылылық,  сенімділік  және 
бірін-бірі қолдау деп есептейді.
Бұл  мәліметтер,  біздің  мемлекетімізде  конфессиялық  айыр-
машылықтар  отбасылардың  бір-бірімен  араласуына  кедергі  жаса-
майтындығын  көрсетеді.  Қазақстандағы  төзімділік  көрсеткіші 
айтарлықтай  жоғары  және  этностардың  мәдени  ділінің  ғана 
емес,  сонымен  қатар,  қазақстандықтарды  бірегей  азаматтық  ұлт 
 
Мен үшін 
отбасының 
зайырлы немесе 
діни екендігінде 
айырмашылық 
жоқ 
 
  
  
 
 
63,8% 
Тек қана, зайырлы 
отбасылармен ғана, олармен біздің 
арамызда дүниетанымдық тұрғыдағы 
келіспеушіліктер жоқ 
 
 
  
 
 
 
5,7% 
 
Діни-зайырлы 
бағдардағы 
 отбасылармен 
ғана, себебі олармен 
араласудың  
мүмкіндігі зор 
 
 
 
 
 
 
 
 
11,0% 
 
 
Діни көзқарастарымыз  
бір болып табылатын  
отбасылармен ғана, себебі өмірлік 
 ұстанымдарымыз сәйкес келеді 
  
 
  
 
 
14,2% 
Жауап беруге қиналамын 
 
5,3% 

69 
ретінде  біріктіретін  ортақ  тарихи  тағдырының  ерекшеліктерімен 
айқындалған.  Отбасында  көрініс  тапқан  діни  төзімділікті  зерттеу 
арқылы,  көпконфессиялы  қазақстандық  отбасында  ынтымақтас-
тық  сақталғандығын,  яғни,  қазақстандық  отбасы  –  қазіргі  заманғы 
полимәдени  және  поликонфессиялы  әлемнің  талаптарына  сай 
келетін «әр алуандылықтың бірлігі» ұстанымын сипаттайтын қоғам 
тұрақтылығының басты негізі ретінде екендігі айқындалды.
Осы орайда, өзге сенімнің жетегінде кету сияқты лездетілген ак-
культурация үрдісінің қауіпі бар.
Отбасының  зайырлы  немесе  діни  бағдары  өзге  отбасыларымен 
ара- қатынасқа түсуге яғни, төзімділікке қаншалықты әсер ететіндігін 
анықтау  барысында,  еркектердің  59,7%-ы  және  әйелдердің  66,4%-ы 
отбасының зайырлы немесе діндар болуы маңызды емес, ең басты-
сы сенімділік, өзара қолдау екендігін айтты. Бұл ұстаным бойынша 
әйелдер  еркектерге  қарағанда  өзге  діни  бағыттағы  отбасыларымен 
қарым-қатынасқа түсуде неғұрлым төзімді екендігін аңғартты. 
Өзге  жауаптардан  да  осындай  үрдіс  байқалады.  Өзінің  діни 
сеніміндегі  отбасылармен  еркектердің  17,2%-ы,  әйелдердің  12,3%-ы 
араласады.  Келесі  көрсеткіштерде  де  ұқсас  жағдай:  еркектердің       
12,3%-ы,  әйелдердің  10,1%-ы  зайырлы  –  діндар  отбасыларымен 
қарым-қатынаста  екендігі  байқалып  отыр.  Еркектердің  5,1%-ы, 
әйелдердің  6,1%-ы  тек  зайырлы  отбасылармен  ғана  байланыс  ор-
натқан. Қазақстандық отбасыларында  өзге отбасыларымен достық 
қарым-қатынасқа түсуде әйелдер мен еркектердің арасында келісім 
жоқтығы  анықталып  отыр:  әйелдер  ашық  әрі  толерантты  болса, 
еркектер ұстамды әрі тұйық болып отыр. Жалпы алғанда, өзгелері 
де  отбасының  діни  бағдары  зайырлы  отбасымен  немесе  өзге  діни 
сенімдегі  отбасымен  қарым-қатынасқа  түсуге  кедергі  келтірмейді, 
осылайша шынайы сенім рухани феномен ретінде отбасы мүшелерін 
де, мемлекет азаматтарын да біріктіретіндігі расталып отыр.  
Осы  сұраққа  жауап  беру  барысында  барлық  жас  тобындағы-
ларда  төзімділіктің  деңгейі  жоғары  екендігі  анықталып  отыр. 
Әсіресе  жастар  өздерін  ерекше  танытып  отыр,  олардың  68,4%-ы 
үшін  отбасының  зайырлы  немес  діндар  екендігі  маңызды  емес. 
Қарым-қатынастағы ең бастысы сенімділік пен өзара қолдау көрсету 
болып  табылады.  Егде  жастағылардың  көрсеткіші  –  63,9%,  орта 
жастағылардың көрсеткіші – 60,9% және 62,8%.
Өзінің  діни  сеніміндегі  отбасымен  жастардың  15,1%-ы,  егде 
жастағылардың  12,9%-ы,  орта  жастағылардың  16,9%-ы  араласады. 
Жастардың аз бөлігі, яғни, 8,1%-ы, орта жастағылардың 11,1% және  
3  Қазақстандық отбасының дүниетанымдық ұстанымдарының 
өзгеруі мен базалық құрылымының сақталуы

70
Отбасы - Қазақстан қоғамы тұрақтылығының факторы 
13,0%-ы,  егде  жастағылардың  12,9%-ы  зайырлы  –  діндар  отбасыла-
рымен араласады. Тек зайырлы отбасыларымен араласатындардың 
көрсеткіші  мүлдем  төмен:  жастардың  4,8%-ы,  егде  –  4,1%-ы,  орта 
жастағылардың – 5,5% және 7,9%-ы осы ұстанымды таңдап отыр.
Жалпы  жас  ерекшелігі  бойынша  қазақстандық  отбасыларында 
толеранттылықтың көрсеткіші өте жоғары екендігі анықталып отыр, 
әсіресе  жастардың  көрсеткіші  жоғары,  бұл  дінаралық  келісімнің 
қазақстандық үлгісін тиімді жүзеге асырылуын дәлелдеп отыр
Сонымен  қатар,  бұл  сұраққа  жауаптар  өзге  ұлт  өкілдерінің 
қазақстандық  отбасыларында  діни  тұйықтықтың  жоқтығы,  өзге 
дүниетанымдағы отбасылармен араласуға дайын екендігін анықтап 
отыр.  Отбасының  діндар  немесе  зайырлы  екендігі  76%  орыстар, 
70,5%  өзге  ұлт  өкілдері,  54,4%  қазақтар  үшін  маңыздылығы  жоқ 
себебі  қарым-қатынастағы  ең  бастысы  сенімділік  пен  өзара  қолдау 
көрсету болып  табылады.  Бұл жерде орыстардың көрсеткіші өзге 
ұлт  өкілдеріне  қарағанда  20%-ға  жоғары,  бұл  олардың  жоғары 
төзімділік қатынас танытатындығын білдіріп отыр.  Өзге отбасылар 
басқаларымен  достық  қарым-қатынасқа  түсудегі  діни  фактордың  
маңыздылғын  жоғары  бағалайды.  21,2%  қазақтар,  9,4%  өзге  ұлт 
өкілдері,  5,1% орыстар тек өзге діни сеніміндегі отбасыларымен ара-
ласуды  жөн  санайды,  себебі  олар  бірін-бірі  жақсы  түсінеді.  Қазақ 
отбасылары  тек  өз  діни  сеніміндегі  отбасылармен  қарым-қатынас 
орнатуға  бейім,  ал  орыстарда  керісінше.  Қалған  респонденттер  за-
йырлы отбасылармен байланыс орнатуды қалайды, себебі олардың 
арасында  дүниетаным  тұрғысында  келіспеушілік  жоқ.  Барлық  ұлт 
өкілдерінде мұндай отбасылардың саны аз: қазақтарда – 6,6%, орыс-
тарда – 5,4%, өзге ұлт өкілдерінде  – 2,9%.
Зайырлы және діни құндылықтары үйлескен зайырлы – діндар 
отбасыларымен  қарым-қатынас  орнатуғды  қазақтардың  12,1%-ы, 
өзге  ұлт  өкілдерінің  12%-ы,  орыстардың  8,7%-ы  қалайды.  Барлық 
ұлт өкілдерінің қазақстандық отбасылары қарым-қатынасқа түсуде 
бірінші  орынға  діндарлықты  емес,  сенімділік  пен  өзара  қолдау 
көрсетуге әкелетін факторларды қояды. Қазақ отбасыларының басым 
бөлігі өз дініи сенімдегілерімен, ал өзге ұлт өкілдері мен орыстар за-
йырлы – діни бағдардағы отбасыларымен қарым-қатынас орнатуды 
қалайды. Жалпы қазақстандық отбасына тән діндарлықтың өсіп келе 
жатқандығы діни тұйықтыққа, әлеуметті байланыстың жойылуына 
әкелмейді, мұны жағымды үрдіс деп бағалауға болады. 
Респонденттердің  көпшілігі  (57,7%  бен  80%  арасында)  от-
басының дүниетанымдық бағдары (зайырлы немес діндар) қарым-

71 
қатынас  орнатуға  кедергі  келтірмейді,  себебі  сенімділік  пен  өзара 
қолдау көрсетуді басты өлшем деп санайды. 
Екінші  орында  қарым-қатынас  орнатуда  отбасының  дүние-
танымдық  бағдарына  аса  мән  беретін,  себебі  дүниетанымы  бір 
отбасылардың  өмірлік  ұстанымдары  бір-біріне  сәйкес  келеді  деп 
санайтындар тұр (11% бен 19,2% арасында). Үшінші орында зайыр-
лы  –  діндар  отбасын  таңдайтындар  тұр  (5%  бен  16,7%  арасында). 
Дүниетанымдық келіспеушіліктер орын алмайтын зайырлы отбасы-
мен ғана қарым-қатынас орнатуды білім бар респонденттердің  5,3% 
мен 15,4%-ы таңдады. 
Әр  түрлі  әлеуметтік-кәсіби  топтағы  респонденттердің  басым 
көпшілігі (61,8% жұмыс істейтінде мен  75,5% оқитындардың арасын-
дағылар) отбасының зайырлы немесе діни бағдарын маңызды емес, 
қарым-қатынас  орнатуда  сенімділік  пен  өзара  қолдау  көрсетуді 
ең  басты  ретінде  санайды.  Әрбір  төртінші  жұмыс  істейтін  зей-
неткер  (25%),  әрбір  оныншы  жұмыс  істейтіндер  (10,9%),  жұмыс 
іздеп  жүргендер  (9,9%),  жұмыс  істемейтіндер  (12,7%),  зейнеткер-
лер  (9,7%)  еркін  араласуға  мүмкіндік  беретін  тек  зайырлы-діни 
бағдардағы отбасымен қарым-қатынас орнататындықтарын айтып 
өтті.  Үшінші  орында  респонденттердің  өз  діни  сеніміндегілермен 
қарым  қатаныс  орнатуы  тұр,  себебі  олар  ондай  отбасылармен 
өмірлік ұстанымдары сәйкес келеді деп есептейді: әрбір алтыншы 
жұмыс істейтін (15,6%),жұмыс іздеп жүргендер (15,5%), зейнеткер-
лер (14,2%), әрбір оныншы жұмыс пен оқуды қатар алып жүргендер 
(12,5%), жұмыс істемейтіндер (10,3%) осылайша жауап берді.
3  Қазақстандық отбасының дүниетанымдық ұстанымдарының 
өзгеруі мен базалық құрылымының сақталуы

72
Отбасы - Қазақстан қоғамы тұрақтылығының факторы 
3.3 Отбасының тұрақтылығы мен ауызбірлігіне 
дүниетанымның тигізетін әсері
Егемен  Қазақстандағы  отбасының  тұрақтылығына  бағытталған 
діндарлық саласындағы айтарлықтай өзгерістер, зерттеушілердің ал-
дына отбасы дүниетанымына байланысты кикілжіңдер туралы қоғам 
пікірін бақылау қажеттілігі туындады. (7 сурет). 
Жауаптарды  талдау  барысында  көптеген  отбасы  үшін,  дін 
біріктіруші факторға айналғандығын көрсетеді.
7 сурет. «Сіздің ойыңызша, дін отбасын біріктіреді ме немесе 
керісінше кикілжіңдер тудырады ма?» сұрағының жауап бөліндісі, (%)
Респонденттердің 17,9%-ы, діни отбасына қарағанда зайырлы от-
басында шиеленістер аз кездеседі дейді, яғни, бұл жердегі көрсеткіш 
отбасының  зайырлы  болуы  тұрақты  әрі  татулықтың  кепілі  деген 
тұжырыммен келіседі. Ал, өзге 40%-ы  діни сенім отбасы мүшелерін 
қандай  конфессияға  жататындығына  қарамастан  біріктіреді  деген-
мен келіседі.
Алынған  нәтиженің  әдіснамалық  тұрғысынан  маңыздылығы  
зор,   оны  конфессияаралық сұхбаттың алғышарттарын анықтайтын, 
теориялық  деңгейге  шығаруға  болады:  мұндай  сұхбаттың  негізі 
әмбебап сенім болып табылады. 
40
27,2
17,9
3,8
0,4
10,7
0
20
40
60
 
40
 
27,2
 
17,9
 
3,8
 
0,4
 
10,7
 
0
 
20
 
40
 
60
 
 
Діни сенім, отбасы мүшелерін қандай 
конфессияға жататындығына 
қарамастан біріктіреді 
 
 
 
 
 
Діни  сенім,  отбасы  мүшелері  тек  бір 
конфессияға жатқанда ғана біріктіреді  
 
Зайырлы отбасында, діни отбасына 
қарағанда кикілжіңдер аздау
 
 
 
Діни сенім отбасы мүшелерінің 
дүниетанымы бір ме немесе әртүрлі 
болғанына қарамастан үнемі 
кикілжіңдерге әкеледі 
 
 
 
 
 
 
Діни сенім отбасындағы 
кикілжіңдердің орын алуына 
әкелмейді 
 
Жауап беруге қиналамын
 

73 
Сұралғандардың  27,3%-ы  отбасы  мүшелері  тек  бір  ғана  кон-
фессияға  жатса  ғана  берік  болады,  ал  сенімдері  әртүрлі  болған 
жағдайда, олардың отбасын екіге айырып жіберуі мүмкін дейді. Бұл 
жауап белгілі бір өмірлік тәжірибеден алынған. Әмбебап сенімнің 
біріктіруші  мүмкіндігі  бар  ма  немесе  сенім  белгілі  бір  конфесси-
ямен  теңестіріліп,  шиеленістердің  орын  алуына  себепші  болады 
ма,  ол  отбасының  білімдік  және  рухани-адамгершілік  әлеуетіне 
байланысты.  Респонденттердің  3,8%-ы  діни  сенім  отбасындағы 
шиеленістердің пайда болуына әкеледі деген пікірде. 
Жалпы қазақстандықтар, діни сенім отбасындағы рухани-адам-
гершілік негізі болып табылатынына сенімді. Бірақ, бұл сұрақ жа-
уап берушілер үшін күрделі болды, себебі олардың  10%-ы жауап 
беруге біршама қиналды. 
Еркектер  мен  әйелдердің  басым  көпшілігі  отбасы  өміріндегі 
діндарлық  факторының  маңыздылығын  атап  өтті.  Еркектердің    
0,5%-ы,  әйелдердің    0,3%-ы    діни  сенімді  отбасындағы  кикілжің-
дерге  әкелмейтіндігін  айтады.  Ал  қалғандарының  пікірі  бірнеше 
топқа  бөлінеді.  Олардың  басым  бөлігі  яғни,  еркектердің  39,5%-ы, 
әйелдердің  40,3%-ы  діни  сенім  отбасы  мүшелерін  олардың  діни 
белгілеріне  қарамай-ақ  біріктіреді  деп  санайды  гендерлік  салы-
стыру  әйелдердің  діни  көзқарастарға  бейім  екендігін  жоққа  шыға-
рады. Көрсеткіштердің айырмашылығы аса жоқ, бұл қазақстандық 
қоғамдағы еркектердің діндарлығы жоғары екендігін білдіреді. 
Бұл пікірді өзге көрсеткіштер де нақтылай түсті. «Діни сенім от-
басы мүшелері тек бір дінді ұстанғанда ғана біріктіреді» деген пікірді 
еркектердің  28,5%-ы және әйелдердің 26,5%-ы білдіріп отыр. Жалпы 
алғанда, әйелдер де, еркектер де діннің біріктіруші әлеуетін жоғары 
бағалап  отыр.  Қазақстандық  отбасындағы  діндарлықтың  жоғары 
екендігі байқалып отырғандықтан, қазақстандық отбасы бұрынғыдан 
да тұрақты әрі берік болып келе жатқандығын атап өту керек.
3,3% еркектер мен 4,1% әйелдер діни сенімді отбасындағы кикіл-
жіңдерге  әкеп  соқтыратындығын  айтады.  Зайырлы  отбасылар  дін-
дар отбасына қарағанда неғұрлым шиеленістерге бармайтындығын 
еркектердің  17,7%-ы және әйелдердің 18%-ы атап өтті, қазақстандық 
отбасының тұрақтылығына діни сенімнің жағымды әсер ететіндігіне 
қатысты пікірге қарағанда, бұл тезисті қолдаушылардың саны аз. 
10,5%  еркектер  мен  0,8%  әйелдер  сұраққа  жауап  беруден  бас 
тартты,  мүмкін  олардың  отбасылық  өмірінде  діни  сенімнің  әсері 
байқалмаған болуы болар. Бұл сұрақтың жауабы бойынша отбасы 
тобының діндарлығын жас және егде жастағылар жоғары бағалайды, 
бұл екі топтың пікірлері орта жастағылармен салыстырғанда үнемі 
сәйкес келеді.  43,8% жас отбасылар (18 бен 29 жас арасы) діни сенімді 
3  Қазақстандық отбасының дүниетанымдық ұстанымдарының 
өзгеруі мен базалық құрылымының сақталуы

74
Отбасы - Қазақстан қоғамы тұрақтылығының факторы 
отбасы мүшелерінің діни бағыттарына қарамастан біріктіретіндігін 
атап отыр. Кейін бұл көрсеткіш 33,9%-ға төмендеп (46 мен 60 жас ара-
сы) егде жастағыларда (61 жастан жоғары) – 41,5% ға барады. Жас және 
егде жастағыларда толренттылықтың көрсеткіші әлдеқайда жоғары: 
рухани феномен ретінде болып отырған сенімнің біріктіруші әлеуеті 
зор. Теоретиктер көп қозғап жұрген мәселе қазақстандық отбасының 
өмірінде орын алып, қоғаммен ара – қатынасына әсер етіп отыр.  
Екінші  орында  түрлі  жас  көрсеткішіндегілердің  арасында  діни 
сенім отбасы мүшелері тек бір дінді ұстанғанда ғана біріктіреді деген 
пікірді қолдайтындар аздау. Жастарда – 27,2%, орта жастағыларда – 
26,9%, егде жастағыларда – 29,9%. Дінді біріктіруші фактор ретінде 
санайтындар көбіне жастар мен егде жастағылар болып келеді. Ендігі 
тұста сенім әмбебап феномен ретінде емес, белгілі бір конфессияға 
тән діни ілім ретінде түсіндіріліп отыр. Бұл түсінік бойынша діннің 
біріктіруші  әлеуеті  төмендейді,  себебі  ол  тек  бір  діндегілерді  ғана 
біріктіреді.
«Діни  сенім  отбасындағы  кикілжіңдерге  әкеп  соқтырады»  де-
ген  пікірді  қолдайтындар  аз.  Жастардың  3,3%-ы  (18  бен  29  жас 
аралығындағылар),  орта  жастағылардың  3,8%-ы  (46  мен  60  жас 
аралығындағылар), және 5,4% егде жастағылар (61 жастан жоғары) 
осы  ұстанымды  ұстанып  отыр,  бұл  жерге  егде  жастағылардың 
көрсеткіші күрт өзгеріп отыр, логикаға сәйкес орта жастағылардың 
көрсеткішінен жоғары болу керек еді. «Зайырлы отбасында діндар 
отбасыларына  қарағанда  кикілжіңдер  аз»  деген  пікріді  қолдайтын 
жастардың саны  15,1%, 24,7% орта жастағылар, 11,6% егде жастағылар.
Барлық  жастағы  қазақстандық  отбасылар  діни  сенімнің  бірік-
тіруші  әлеуетін  жоғары  бағалап,  зайырлы  отбасына  қарағанда 
кикілжіңдер  аз  екендігін  айтады.  Бұл  қазақстандық  отбасындағы 
діндарлықтың  өсу  үрдісі  оның  тұрақты  әрі  берік  болуына    әкеледі 
дегенді білдіреді. 
Бұл  сұраққа  жауап  беру  барысында  отбасының  зайырлы  және 
діндар менталитетіне қарай пікірлер екіге бөлініп кетті.  14,4% қазақ 
отбасы, 25,2% орыс отбасы, және 13,7% өзге ұлт өкілдері діндар от-
басына қарағанда зайырлы отбасында шиеленістер аз деп санайды. 
Осы топта орыс отбасы зайырлы менталитетке бейімдеу келеді. 
Зайырлы отбасына қарағанда, діндар отбасында ауызбірлік жо-
ғары  деп  санайтындардың  пікірі  жоғары  болып  отыр.  Олардың 
пікірлері әртүрлі. 39,5% қазақ отбасы, 41,4% орыс отбасы, 38,1% өзге 
ұлт  өкілдері  діни  сенім  отбасы  мүшелерін  діни  белгісіне  қарамас-
тан біріктіреді деген пікірде. Ұлт белгісіне қарай алынған көрсеткіш-
тер  әртүрлі,  барлық  ұлт  өкілдерінің  басым  көпшілігі  отбасылық 
тәжірибеде  дін  рухани  феномен  ретінде  түрлі  конфессияларды 

75 
біріктіреді  деген  маңызды  теориялық  тезистің  шынайылығын  рас-
тап отыр. Бір отбасында мұсылмандар да, христиандар да, өзге діни 
бағыттағылар да болуы мүмкін, бірақ сенім оларды біріктіріп,  өзара 
түсіністік пен ауызбірлікке алып келеді. Осы типтегі отбасын құру 
қоғамдағы дінаралық келісімге жетудің үлгісі бола алады. 
Бірақ өзге де пікірлер бар. 31,8% қазақтар, 17,7% орыстар және  
33,1% өзге ұлт өкілдері дін отбасы мүшелерін бір дінді ұстанған кезде 
ғана біріктіреді деп санайды. Орыстар бұл жерде жоғары төзімділік 
танытып отыр. Жалпы алғанда респонденттер отбасындағы келісімге 
келудің  тағы  бір  үлгісін  ұсынып  отыр,  ол  діннің  рухани  феномен 
ретінде әмбебаптылығын ескермей, бір дінді ұстану.   
Осы сұрақтың жауабы келесідей ерекшеліктерді анықтап отыр:
Білім деңгейі жоғары респонденттер діни сенімнің мүмкіндікте-
рін үстіртін ғана бағалайды (16,8% білімі жоқтармен салыстырғанда, 
3,8%-ы  жауап  беруге  қиналды),  30,8%  ғылыми  дәрежесі  бар,  32,4% 
білімі  жоғары,  50%  білімі  жоқ  респонденттер  қандай  дінді  ұстана-
тындарына қарамастан, дін оларды біріктіреді деген пікір білдірді.  
Зайырлы  отбасындағы  кикілжіңдердің  орын  алуын  анықтау 
барысында респонденттердің білімі неғұрлым жоғары болған сай-
ын  зайырлы  отбасында  діндар  отбасына  қарағанда  кикілжіңдер-
дің  орын  алуына  жол  берілмейтіндігі  анықталды  (26,9%  ғылыми 
дәрежесі барлар және 0% білімі жоқтар). 
16,7% білімі жоқтар мен 7,7% ғылыми дәрежесі бар респондент-
тер діни сенімді отбасындағы келіспеушіліктердің алғышарты ретінде 
қарастырады.  Білімі жоғары әрбір үшінші респондент  (толық емес, 
аяқталған білімі бар және ғылыми дәрежесі бар) діни сенімді отбасы 
мүшелері бір конфессияның өкілі болса ғана біріктіретіндігін атады. 
Барлық білім деңгейіндегілер діни сенім отбасындағы шиеленістерге 
әсер етпейді деген пікірді білдірген жоқ.  
Бұл  сұрақтың  жауабы  әр  түрлі  әлеуметтік  топтағылар  бір 
ұстанымда  екендігін  анықтады:  бірінші  орынға  діни  сенім  отбасы 
мүшелерінің  қай  конфессияға  жататындығына  қарамастан  оларды 
біріктіреді деген пікір болса (38% бен 62,5% арасы), «діни сенім отба-
сы мүшелері тек бір дінде болғанда ғана біріктіреді» деген пікірлер  
(24,5% бен 33,3%) екінші орынға орналасты. Діни сенім отбасындағы 
кикілжіңдерге алып келеді деген пікірді респонденттердің 3,4% бен 
8,5%-  білдіріп отыр. 
Діндар отбасына қарағанда зайырлы отбасындағы кикілжіңдерді 
жоққа шығаратын  көбіне жұмыс істеуді жалғастырып жүрген  зей-
неткерлер (25%), жұмыс істейтіндер (19%), жұмыс іздеп жүргендер 
(18,4%), оқып жүргендер (15%) және 11% жұмыс істемейтіндер неме-
се зейнеткерлер болып табылады.
3  Қазақстандық отбасының дүниетанымдық ұстанымдарының 
өзгеруі мен базалық құрылымының сақталуы

76
Отбасы - Қазақстан қоғамы тұрақтылығының факторы 
4 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ 
АЯСЫНДАҒЫ ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ
4.1 Зайырлы және діндар отбасы: өзгеріп жатқан қоғамдағы 
бейімделу тиімділігінің көрсеткіші
Қазақстанның  егемендік  даму  кезеңі  өмірдің  барлық  маңызды 
салаларында  болған  жүйелі  өзгерістермен  тұспа-тұс  келді.  Дәл 
осы  тұрғыда,  сонау  «аумалы-төкпелі  кезеңде»  қандай  отбасылар 
(дүниетанымдық тұрғысында) жетістікке жете алғандарын анықтау 
маңызды болып табылады (8 сурет).
8 сурет. «Қазақстандағы қандай отбасылар қазіргі заманның 
жағдайына барынша бейімделе алды?  (білімге қолжетімділігі, жақсы 
жұмыс орнының болуы, өмір сүру деңгейі жағынан)?» 
сұрағының жауап бөліндісі, %
Респонденттердің  45,2%-ы  дінге  деген  қатынастың  нарық  за-
манындағы  отбасы  үшін  еш  маңыздылығы  жоқ  десе,  20,1%-ы  осы 
орайда  зайырлы  отбасыларының  мүмкіндігі  зор  деп  жауап  берді, 
 
Жауап беруге қиналамын  
 
6,1%
 
Дінге деген 
қатынас 
отбасының 
жетістікке 
жетуінің 
кепілі болып 
табылмайды
 
 
 
 
 
 
 
45,2%
 
 
Аралас отбасылар 
(діндарлары да, діндар еместері 
де бар 
отбасылар) 
 
 
 
 
17,5%
 
Діни отбасылар 
 
11,1%
 
Зайырлы отбасылар  
 
20,1%
 

77 
ал  17,5%-ы аралас отбасылар, ал 11,2%-ы діни отбасылар нарық ая-
сында жетістікке жете алады деген пікірде болды. Бұл мәселеге пікір 
білдіру  үшін,  неге  респонденттердің  үлкен  пайыздық  көрсеткіші 
отбасының  жетістіктеріне  діннің  еш  қатысы  жоқ  немесе  нарық  ая-
сында  зайырлы  отбасылардың  басым  бөлігі  жетістіктерге  жетеді 
деп  пайымдайтындығын  анықтап  алу  керек.  Бұл  жерде  алдымен  
«жетістік»  дегеніміздің  мәнісі  қандай  екенін  толығымен  анықтап 
алу  қажет:  мақсатқа  жету  үшін  заңға,  ережелерге  бағынбай, 
жетістікке жетуіне, отбасының материалды жағдайының өсуіне дін 
себепші    бола  алмайды.  Жетістік  деп  –  ар-ұят  мен  мейірімділік, 
қайырымдылық  сипаттағы  игі  істерді  атайтындардың  көрсеткіші 
11%,  олардың  пікірінше,  нарық  заманында  діни  ережелерді  орын-
дап, оларды сақтау арқылы ғана жетістікке жетуді нағыз жетістік деп 
санауға болады.
39,5%  еркектердің  48,8%  әйелдердің  басым  бөлігі  отбасы  дін-
дарлығының факторын қазіргі жағдайларға бейімделудегі әлеуетін  
басым  бөлігін  жоққа  шығарса,  ал  қалғандары  мойындайды,  бірақ 
берген  жауаптары  әр  түрлі.  Еркектердің  20%-ы  мен  әйелдердің   
20,1%-ы  көп  жағдайда  ұтатын  зайырлы  отбасы  дейді,  еркектердің 
19,7%-ы мен әйелдердің  16%-ы көбіне бейімделе алатын аралас от-
басылары  деген  пікір  білдереді,  ал  қалған  жағдайда  еркектердің 
14,4%-ы мен әйелдердің 9,2%-ы діндар отбасының бейімделу үдері-
сін бағалап өтті.  
Жас  ерекшелігі  бойынша  қазақстандық  отбасылар  діни  сенім-
нің  интеграциялық  әлеуетін  қалай  жоғары  бағаласа  оның  қазіргі 
жағдайға  да  бейімделуін  де  соншалықты  жоғары  бағалайды:  ең 
берік,  ынтымағы  жоғары  отбасының  мүшелері  ғана  әлеуметтік 
құрылымға жетістікпен қол жеткізе алады. Бірақ бұл жағдай біздің 
қоғамда  орын  алып  жатқан  жоқ,  оның  себебі  діни  менталитет 
рухани-адамгершілік  қағидалар  бойынша  жүруге  бағыттайды,  ал 
өмірдің  қатаң  шынайылығында  осы  қағидалар  еленбей  қалып  жа-
тады.  Сондықтан  суалнама  барысында  ұсынылған  ұстанымдардың 
ішінде  ең  жоғары  пайыдық  көрсеткішке  ие  тезис,  ол  «Дінге  деген 
қатынас  қазіргі  жағдайларға  бейімделу  үшін  маңызды»  дейтіндер, 
46,0%  жастар,  44,3%  бірінші  деңгейдегі  орта  жастағылар,  46,4% 
екінші  дейдегі  орта  жастағылар,  43,5%  егде  жастағылар  осылайша 
жауап берді. Пайыздық көрсеткіштер аса жоғары емес, бұл жердегі 
ең  саналысы  егде  жастағылардың  отбасы,  себебі  олардың  өмірлік 
тәжірибесі бойынша діни менталитет отбасының өмірлік стратеги-
ясын анықтап, қандай күшті қажет етсе де жетістікке яғни, мәнсап 
жолында  жоғарылауға,  білім  алуға,  өнегелік  өлшемдеріне  сәйкес 
4  Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени 
аясындағы отбасының рөлі

78
Отбасы - Қазақстан қоғамы тұрақтылығының факторы 
өмірлік  игіліктерге  қол  жеткізуіге  септігін  тигізеді.  Бейімделу  жо-
лында дінді ысырып тастау отбасының құлдырауына, тіпті заңның да 
бұзылуына әкеп соқтырады.  
Қалған  респонденттер  «зайырлы  –  діндар»  арақатынасының 
шеңберінде  пікір  білдіреді.  Жастар  мен  егде  жастағылардың 
пікірінше, аралас отбасылардың бейімделу мүмкіндігі жоғары. 19,5% 
жас  отбасы және  21,1%  егде  отбасылар дәл осындай  пікір  білдірді. 
Орта  жастағылар  бұл  сұрақ  бойынша  ұстамдылық  танытты:  13,6% 
(30 бен 45 жас) және 14,2% (46 мен 60 жас). Екінші орында тұрған за-
йырлы отбасы: 14,7% жастар және 14,3% егде жастағылар. Ал бұл те-
зис бойынша орта жастағылар керісінше белсенділік танытты: 22,7% 
(30 бен 40 жас) және 25,9% (46 мен 60 жас). 
Барлы  жастағы  респонденттердің  пікірінше,  нарық  заманын-
да  діндар  отбасының  бейімделу  мүмкіндігі  төмен  деп  санайтын 
жастардың  13,6%-ы  және  егде  жастағылардың  12,2%-ы.  Діндар 
отбасының  әлеуметтік  тұрғыдан  бейімделуіна  күмән  тудыратын 
әсіресе орта жастағылар: 11,1% (30 бен 45 жас) және 7,9% (46 мен 60 
жас). Жас көрсеткіші бойынша салыстыру арқылы әлі де бейімделу 
үстіндегі жастардың және бұл жолдан өтіп қойған егде жастағылардың 
діннің бейімдеу мүмкіндігіне қатысты берген  пікірлері бір жерден 
шықты.  Белсенді  түрде  бейімделу  үстінде  тұрған  орта  жастағылар 
діннің әлеуметтік мүмкіндігіне қатысты күмән танытты. 
Бұл  сұрақ  зайырлы  қоғамның  шартына  діндар  және  зайырлы 
отбасының  қаншалықты  бейімделе  алатындығын  анықтайды.  Тал-
дау  нәтижсі  қазақ  отбасыларының  діннің  бейімдеу  мүмкіндіктерін 
жоғары  бағалайтындығына  анықтаса,  орыс  отбасыла  сыни  пікір 
білдіреді, ал өзге ұлт өкілдері отбасыларының пікірі орташа деңгейде. 
36,1% қазақ отбасы дінге деген қатынастың отбасы жетістігімен байла-
нысы жоқ десе, бұл бағана бойынша өзге ұлт өкілдері  54,7%, орыстар 
55,6%  -  дық  көрсеткішті  берді,  яғни  бұл  отбасылар  қазіргі  жағдай-
ға  бейімделу  барысында  діндарлық  факторының  маңыздылығын 
мойындамай,  дінді  ысырып  тастайды.  Респонденттердің  келесі  бір 
тобы  діни  фактордың  маңыздылығын  жоққа  шығармайды,  алайда 
бейімделу  барысында  діндар  емес,  зайырлы  отбасы  жетістікке  қол 
жеткізеді деп өзгелерге қарағанда дінді теріс мәнмен толықтыра түседі 
яғни,  21,7% қазақ отбасы,  18,6% орыс және 17,3% өзге ұлт өкілдері 
осындай пікірде. Пайыздық көрсеткіштер арасында айырмашылық 
жоқ, бірақ қазақ отбасылырының көрсеткіші жоғарылау болып тұр. 
Келесі  респонденттер  тобы,  20,2%  қазақ  отбасы,  14,4%  орыстар 
және 14,4% өзге ұлт өкілдері құрамында діндар да, діндар еместері де 
бар аралас отбасыларды жетістікті деп санайды. Әлеуметтік бейім-

79 
делу барысында діндар отбасыларына 15,9% қазақтар,  7,9% өзге ұлт 
өкілдері және 5,1% орыстар басымдық береді. Бұл ұстаным бойын-
ша  барлық  ұлттар  да  төмен  көрсеткіш  беріп  отыр,  әсіресе  діндар 
отбасының  бейімделу  мүмкіндіктеріне  қатысты  орыс  отбасылар 
күмән білдіреді. Бұл қазақ отбасыларындағы діндарлық деңгейінің 
жоғары екендігін дәлелдейді, олардың пікірінше дін жетістікке қол 
жеткізуге  кедергі  келтірмейді,  ол  діндарлық  өлшеміне  негізделген, 
ал  ережелерді,  өнегелік  қағидаларын  бұзу  арқылы  қол  жеткізген 
жетістік  отбасы  мүшелерінің  құлдырауына  әкеледі.  Дін  өнегелік 
өлшемі  жоқ  жалған  жетістікке  қол  жеткізуге  тосқауыл  қойып,  ар-
намыс,  қайырымыдылық  пен  әділеттілікке  негізделген  жетістікке 
жеткізеді.
Қазақстанның нарық жағдайына бейімделу дүниетанымның өз-
геру  кезеңні  тұспа-тұс  келді.  Зерттеу  барысында  респонденттердің 
осы  бір  қиын-  қыстау  кезеңінде  қандай  отбасылар  жетістікке  қол 
жеткізегендігі  анықталды.  Талдау  нәтижесі  келесі  ерекшеліктерді 
анықтады:
- білім деңгейі бойынша респонденттердің басым бөлігінің жау-
абы (білімі жоқ респонденттерді есепке алмағанда) нарық аясында 
отбасының жетістікке қол жеткізуіне діннің қатынасы жоқ екендігін 
айтады  (42,1%–55% арасында);
- зайырлы отбасылардың жетістікке қол жеткізуі екінші орынға 
орналасып отыр (16,7% бен 26,9% арасында);
-  аралас,  яғни  зайырлы  –  діндар  отбасының  жетістікке  қол 
жеткізуін бағалау үшінші орынға орналасты (ғылыми дәрежесі бар 
респонденттердің пікірін есепке алмағанда 3,8% бен  50% арасындағы 
көрсеткіштер анықталды);
-  діндар  отбасылардың  нарық  заманына  бейімделу  барысы 
(ғылыми  дәрежесі  бар  респонденттердің  пікірін  есепке  алмағанда) 
төртінші орынға орналасты (8% бен 16,7%). 
Барлық  топтағы  респонденттердің  басым  көпшілігі  (зейнеткер-
лерді есепке алмағанда – 8,2%) дінге қатынастың нарық заманы ая-
сында отбасының жетістікке қол жеткізуіне қатысы жоқ (42% бен 62% 
арасындағы жұмыс істейтін зейнеткерлер мен жұмыс істемейтіндер) 
деген  пікір  білдірді.  Екінші  орынға  аралас  яғни,  зайырлы  –  діндар 
отбасылардың  жақсы  бейімделгеніне  қатысты  айтылған  пікірлер 
орналасты,    14,9%    жұмыс  істемейтіндер  мен  44%  зейнеткерлер 
осындай  пікірде.  Нарық  аясында  діндар  отбасылардың  жақсы 
бейімделгеніне  қатысты  әлеуметтік-кәсіби  топтың  респонденттері 
келесі көрсеткіштерді берді: зейнеткерлер (20,9%), білім алып жүр-
гендер (15,1%), жұмыс істейтіндер (12,8%), оқу мен жұмысты қатар 
4  Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени 
аясындағы отбасының рөлі

80
Отбасы - Қазақстан қоғамы тұрақтылығының факторы 
алып  жүргендер  (12,5%).  Зайырлы  отбасылардың  жетістікке  қол 
жеткізгендігі  жайлы  24,2%  жұмыс  істейтіндер,  15,5%  жұмыс  іздеп 
жүргендер, 12,5% жұмыс істемейтіндер және оқумен жұмысты қатар 
алып жүргендер,  11,2% зейнеткерлер және 8,3% жұмыс істейтін зей-
неткерлер өз пікірлерін білдірді. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал