З. Ж. Жаназарова философия ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 3.58 Kb.

бет5/20
Дата07.03.2017
өлшемі3.58 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

2.3 Отбасы типінің рухани-адамгершілік құндылықтардың 
қалыптасу үдерісіне әсер етуі
Дүниетанымдық  бірегейлік  пен  өмір  салтын  таңдау  үшін  ең 
маңыздысы  отбасында  қабылданған  және  әдетке  айналған  рухани-
адамгершілік  құндылықтар  жүйесі  болып  табылады.  Талдау 
қорытындысы  қазақстандық  отбасылардың  рухани-адамгершілік 
құндылықтардың  қалыптасу  үрдісіне  аса  мән  беретіндігін  көрсетті  
(3 сурет). 
3 сурет. «Сіздің ойыңызша, қандай отбасыларында рухани-
адамгершілік құндылықтардың қалыптасуына зор мүмкіндік бар 
(сүйіспеншілік, рақымшылдық, өзаратүсіністік, келісім, төзімділік)?»  
сұрағының жауап бөліндісі(%)
31,6
23,3
17,3
11,8 9,2
6,9
05
10
15
20
25
30
35
-
 
 
31,6 
23,3 
17,3 
11,8 
9,2 
6,9 


10  15  20  25  30  35 
 
 
 
Мұндай мүмкіндік көбіне дәстүрлі діндар 
отбасыларында болады 
 
 
 
Көбіне қолайлы рухани-өнегелік жағдай  
 

 діни-зайырлы отбасыларында қалыптасады 
 
-  
Біздің қоғамда, зайырлы да, діндар  
отбасыларында да рухани-адамгершілік 
тұрғыдан дамуға деген құлшыныс 
жоқ 
 
 
   
Рухани-адамгершілікдай тек зайырлы 
отбасыларында қалыптасады 
Жауап беруге қиналамын 
2  Зайырлы және діндар отбасыларындағы 
құндылықтық парадигмалар

48
Отбасы - Қазақстан қоғамы тұрақтылығының факторы 
Тек  11%-ы,  біздің  қоғамда  зайырлы  да,  діни  отбасының  да 
рухани-адамгершілік  дамуға  деген  талпынысы  жоқ,  себебі,  қоғам-
да  материалдық  тұтынушылық  басым  дейді.  Сұраққа  жауап  бер-
гендердің  81%-дан  астамы  нарық  заманына  қарамастан,  рухани-
адамгершілік құндылықтар отбасы және қоғам өміріндегі шешуші 
рөлді  атқарады  десе,  31,6%  (респонденттердің  үштен  бір  бөлігі) 
рухани-адамгершілік құндылықтардың қалыптасу үрдісі отбасының 
діни  немесе  зайырлы  бағдарына  байланысты  емес  деп  есептейді. 
Рухани-адамгершілік  құндылықтардың  бастауы  дін  болғанымен, 
зайырлы  бағыттағылар  бұл  бастауға  тұлғаның  рухани-өнегелік 
тұрғыдан дамуына бағытталған мәдениет арқылы ғана жете алады, 
біздің қоғамда бұл үрдіс онсыз да іске асып жатыр. Респонденттердің 
төрттен бір бөлігі, яғни – 23,3%-ы махаббат пен қайырымдылықтың 
өлшемі  анық  көрініс  тапқан    дәстүрлі  діни  отбасыларында  ғана 
сүйіспеншілік, мейірімділік өзаратүсіністік қалыптасады дейді. Бұл, 
сенім  –  адам  жанына  үміт  пен  жүрек  жылуын  сыйлаған,  мейірім-
ділік  пен  өзара  түсіністікке  жетелейтін  ең  маңызды  деген  өмірлік 
маңызы  бар  сұрақтарға  жауап  беретін  құндылықтар  жүйесінің 
негізі  болып  табылады  деп  есептейтін  отбасылар.  Сұраққа  жауап 
бергендердің  17,3%-ы  мұндай  қатынас  ең  бастысы,  зайырлы  мен 
діни құндылықтары үйлестік тапқан зайырлы – діни отбасыларында 
ғана қалыптасады десе, респонденттердің  9,2%-ы қазіргі замандағы 
өзгерістер  аясындағы  рухани-адамгершілік  бағдарлар  тек  зайырлы 
отбасыларында  ғана  қалыптасады  дейді.  Осылайша,  отбасындағы 
рухани-адамгершілік  құндылықтардың  қалыптасуы  маңыздылы-
ғын  есепке  ала  отырып,  респонденттердің    40,6%-ы,  дін-отбасында 
қолайлы  рухани-адамгершілік  қатынасты  тудырады  деп  санай-
ды.   
Сұраққа  берілген  жауап  арқылы,  қазақстандықтардың  әсіресе 
еркектердің,  кейін  әйелдердің  пікірі  бойынша  гендер  мен  діннің 
арасында  қарама-қайшылық  жоқ,  себебі  басым  бөлігі  дін  адам-
ды  сүйіспеншілікке,  өзара  түсіністікке,  қамқорлыққа,  төзімділікке 
тәрбиелейді  (гендерлік  теңдік  те  аталған  құндылықтарға  бағыттал-
ған) деп санайды. Еркектердің 24,4%-ы діндар отбасыларында руха-
ни  –  адамгершілік  құндылықтардың  қалыптасуына  мүмкіндік  бар 
десе,  олардың  16,7%-ы  зайырлы  –  діндар  отбасында  қалыптасады 
дейді,  екеуін  қосқанда  еркектердің  41,1%-ы  осы  үдеріске  діннің 
толық  қатынасы  бар  дейді.  Әйелдердің  көрсеткіші  еркектерге 
қарағанда  төмендеу,  яғни  –  40,3%.  Респонденттер  көбіне  зайырлы 
отбасын  таңдайды:  еркектердің  10,3%-ы,  әйелдердің  –  8,5%,  яғни 
мұнда еркектер, әсіресе әйелдер отбасындағы рухани-адамгершілік 

49 
құндылықтардың  қалыптасуындағы  діни  компоненттердің  маңыз-
дылығын ескеріп отыр.
Өзге  де  пікірлер  бар.  Еркектердің  12,6%-ы,  әйелдердің  11,3%-ы 
біздің  қоғамда  материалдық  тұтыну  басым  болғандықтан,  рухани- 
адмгершілік дамуға талпыныс жоқ деген пікірде. Бұл респонденттер 
өздерінің отбасына тән бағдардын бүкіл қазақстандық қоғамға тара-
туда, біздің қоғамда кейбір таптар расымен де прагматизмге талпы-
нып, рухани саланы ескермейді, кейде нарық талаптарына қарамас-
тан адамзат маңыздылығын жоғарылататын рухани құндылықтарды 
сақтау, дамыту сияқты мүлдем қарама-қайшы үрдістер де кездеседі, 
бірақ еркектердің 29,7% бен әйелдердің 32,7%-ы олардың қалыптасу 
үдерісі діни менталдылықпен байланыстырмайды .
Жалпы  гендерлік  салыстыру  арқылы  рухани-адамгершілік 
құндылықтардың  қалыптасу  барысында  отбасындағы  діни  ком-
поненттерді еркектер жоғары бағалайтындықтары анықталды.
Респонденттердің  басым  бөлігі,  рухани-адамгершілік  құнды-
лықтардың  қалыптасу  үдерісі  отбасының  зайырлы  және  діни  
бағдарына  байланысты  деп  санайды.  Бұл  осы  ұстанымның  өзге 
көрсеткіштерімен  салыстырғанда  әлдеқайда  жоғары,  әсіресе  жас 
ерекшелігі  бойынша  қарастырсақ,  жастарда  –  32%  және  екінші 
деңгейдегі орта жастағыларда – 36% (46 мен 60 жас аралығы). Бірінші 
деңгейдегі  орта  жастағылардың  көрсеткіші  егде  жастағылардың 
көрсеткішіне сәйкес келеді (30 бен 45 жас аралығында) – 27,9%. Жа-
стар  мен  ең  белсенді  әлеуметтік  топтар  өзгелермен  салыстырғанда 
діндарлық факторы мен рухани-өнегелік тәрбиені бағалай бермейді, 
бұл жерде зайырлы да, діндар да және белгілі бір бағдары жоқ от-
басылары  да  өзге  параметрлерді  маңыздырақ  санайды.  Әрине, 
өнегелік қағидасы кез-келген дүниетанымдық бағдарындағы отбасы-
ларында қалыптаса береді. Дінге сенбейтін адам да қайырымды және 
мейірімді болатындығын ешкім жоққа шығармайды. Руханилық пен 
өнегеліктің  бастауында  діни  қатынас  тұрғандығын  ескеру  қажет, 
бұл  қатынасқа  тек  шынайы  мәдениет  формасы  арқылы  түсуге  бо-
лады. Мұны барлық жастағы респонденттер атап өтеді,  діндарлық 
рухани-адамгершілік  құндылықтардың  әсіресе  толеранттылықтың  
қалыптасуы үдерісіндегі негізгі фактор болып табылады. 
«Біздің қоғамда, зайырлы да, діндар отбасыларында да рухани-
адамгершілік тұрғыдан дамуға деген құлшыныс жоқ, материалдық 
тұтыну  басым»  деген  ұстанымды  таңдауда  жастардың  көрсеткіш-
тері  төмен  –  7,7%,  бұл  олардың  қоғамның  жағымды  қырын  сипат-
тайтын  азаматтық  санасының  жоғары  екендігін  дәлелдейді,  орта 
2  Зайырлы және діндар отбасыларындағы 
құндылықтық парадигмалар

50
Отбасы - Қазақстан қоғамы тұрақтылығының факторы 
3 Қазақстандықтардың отбасы құндылықтары 
мен гендерлік рөлдер туралы пікірлері
жастағылар сыни көзқарас танытты: бірінші деңгейі – 13,1%, екінші 
деңгейі – 15,9%, ал егде жастағылардың көрсеткіші – 9,5%.
Соңғы  ұстанымдар  бойынша  жастар  өзге  көзқарас  танытты. 
Жастардың  басым  көпшілігі  яғни  21%-ы  дәстүрлі  діндар  отбасын 
таңдайды. Орта жастағылардың көрсеткіші – 23,9% және 19,7%. Егде 
жастағылардың пайыздық көрсеткіші – 32%. Екінші орында аралас 
отбасылар, бұл ұстанымды жастардың – 20,2%-ы (орта жастағылар-
дың  –  17,2%-ы  және  12,6%-ы,  егде  жастағылардың  саны  –  19,7%) 
таңдады. Зайырлы отбасын жастардың аз бөлігі ғана таңдады – 9,6%, 
орта  жастағылардың  пайыздық  көрсеткіші  –  13%  және  15,9%,  егде 
жастағы респонденттердің үлесі – 9,5%.
Жалпы  алғанда,  барлық  жастағы  респонденттердің  тең  жарты-
сы  рухани  құндылықтарды  тәрбиелеу  үдерісі  аясында  діни  және 
аралас  отбасыларына  басымдық  береді  және  келесі  тең  жартысы 
діндарлықты  да,  зайырлылықты  да  рухани-адамгершілік,  өнегелік 
құндылықтардың қалыптасуының анықтаушысы еместігін алға тар-
тады.  Орта  жастағылардың  көрсткішіндегі  айырмашылықтарды 
ескермегенде,  жастар  мен  егде  жастағылардың    көзқарастары  көп 
жағдайда сәйкес келеді.  
Зайырлы отбасылар саны мүлдем аз. Осы орайда, қазақстандық 
отбасының  діндарлығы  жоғарылап,  әсіресе  соның  ішінде  дін 
қазақстандық  отбасының  рухани-өнегелік  аясын  өзгертетін  негізгі 
факторына айналып отыр, сәйкесінше қоғам да жағымды үрдіс та-
нытуы қажет. Алайда мұнда тек мүмкіндіктер жайында ғана болып 
отыр, көздеген мақсатыңа жету үшін мемлекет пен азаматтық қоғам 
тарапынан қолдау сияқты әлі талай фактор қажет.  
Рухани-адамгершілік  құндылықтардың  қалыптасу  үрдісі  от-
басының  зайырлы  және  діни  бағдарына  байланысты  еместігін 
түрлі ұлт өкілдерінің басым бөлігі атап өтті.  Өзге ұлт өкілдерінің                 
46,8%-ы,  орыстардың  –  36,6%-ы,  қазақтардың  24,4%-ы  бұл  үдеріс 
діни  бағдар  немесе  немесе  өзге  де  факторларға  байланысты  отба-
сында жүзеге асырылуы да, асырылмауы да мүмкін екендігін айтты. 
Бұл жерде мүмкін білім деңгейі, мәдени мұраны игеру мәселесі де 
қозғалып отырған болар. Респонденттер дінді рухани дамудың бас-
тауы  екендігін  толығымен  бағалай  қойған  жоқ,  әсіресе  бұл  көбіне 
өзге ұлт өкілдеріне тән, ал орыстардың көрсеткіші төмен.  
Материалды тұтыну басты орынға шығып отырғандықтан, біздің 
қоғамдағы  зайырлы  да,  діндар  отбасыларында  да  рухани  –  өнегелік 
дамуға  деген  талпыныс  жоқтығын  алға  тартатын  радикалды  ұста-
нымды ұстанатындар да бар. Орыстарда – 12,3%, қазақтарда –  11,7%, 
өзге ұлт өкілдерінде – 10,8% сияқты көрсеткіштер анықталып отыр. 

51 
Діндарлық  факторының  әсерін  мойындайтын  респонденттер 
екі ұстанымды ұстанып отыр. Бірінші ұстаным бойынша қазақтар-
дың  27,8%-ы,  орыстардың  19,5%-ы,  өзге  ұлт  өкілдерінің  15,1%-ы 
дәстүрлі  діндар  отбасыларында  сүйіспеншілік  пен  төзімділік 
құндылықтарының  қалыптасу  мүмкіндігі  жоғары  деп  бағалайды. 
Нәтижелер көрсетіп отырғандай, қазақ отбасы өзгелерге қарағанда 
діннің рухани-өнегелік әлеуетін жоғары бағалайды. Екінші ұстаным 
бойынша зайырлы отбасыларындағы рухани-адамгершілік ахуалды 
қазақтар  –  9,6%,  орыстар  –  8,7%,  өзге  ұлт  өкілдері  –  8,6%-дық  көр-
сеткішпен  төмен  бағалайды.  Ал  осы  аталған  екеуінің  арасындағы 
топқа жататын, құрамында атеистерде, діндарлары бар аралас отба-
сылары  сүйіспеншілік пен төзімділікке толы екендігін қазақтардың 
18,7%-ы, орыстардың 17,1%-ы, өзге ұлт өкілдерінің 12,2%-ы көрсетіп 
берді.  Бұл бағанада да өзге ұлттарға қарағанда діндарлықтарының  
басым екендігін көрсетіп, қазақтар көш бастап тұр. Жалпы алғанда 
өзге  ұлт  өкілдеріндегі  респонденттердің  тең  жартысы  діндар  от-
басының  мейірімділік,  сүйіспеншілік,  қамқорлық,  толеранттылық 
сияқты  рухани-адамгершілік  құндылықтарының  қалыптасуына 
барлық мүмкіндікті беретіндігін мойындайды. 
Жауаптарды  талдау  барысында  респонденттердің  келесідей 
бағалауларына басымдық беріледі:
-  білімі  бар  респонденттердің  басым  көпшілігі  (28,5%  бен  45% 
арасында) рухани-адамгершілік құндылықтардың қалыптасу үдерісі 
отбасының  діни  немесе  зайырлы  бағдарына  байланысты  еместігін 
алға тартады;  
- екінші орында барлық білім деңгейіндегі топтың респондент-
тері дәстүрлі дінді ұстанатын отбасыларында рухани-адамгершілік 
құндылықтардың  қалыптасуына  мүмкіндік  жоғары  екендігін  алға 
тартатындар тұр (15% бен 66,7% арасында);
-  үшінші  орында  зайырлы  –  діндар  отбасында  рухани-
адамгершілік  құндылықтардың  қалыптасуына  жағдай  жасалынған 
деген ұстанымды ұстанатындар (15% пен 21% арасында);
-  төртінші  орында  қазақстандық  қоғамда  рухани-адамгершілік 
құндылықтардың дамуына талпыныс жоқтығы жайлы пікірлер тұр 
(9,3%–16,7%);
-  бесінші  орында  тек  зайырлы  отбасыларында  ғана  рухани-
адамгершілік  құндылықтардың  қалыптасуына  жағдай  жасалын-
ғандығы  жайлы  пікірлер  (5%  пен  11,5%)  тұр.  Бұл  сұраққа  рес-
понденттердің 4 пен 11,5%-ы жауап беруге қиналды. 
2  Зайырлы және діндар отбасыларындағы 
құндылықтық парадигмалар

52
Отбасы - Қазақстан қоғамы тұрақтылығының факторы 
Бұл  жерде  «рухани-адамгершілік  құндылықтардың  қалыптасу 
үдерісі  отбасының  зайырлы  немесе  діни  бағдарына  байланысты 
емес»  деген  көзқарас  басым  болып  отыр.  Мұндай  пікірді  жұмысы 
жоқ және жұмыс іздеп жүргендердің – 40,2%-ы, оқу мен жұмысты 
бірге алып жүргендердің – 37,5%-ы,  оқитындардың – 32,1%-ы, жұ-
мыс жасайтындардың 31,4%-ы, зейнеткерлердің 30,6%-ы, жұмыс жа-
сайтын зейнеткерлердің – 25%,  жұмыс іздеп жүргендердің – 22,5%-ы 
атап өтті. 
Екінші  орында  «мейірімділік,  сүйіспеншілік  өлшемдерімен 
ұштасқан  дәстүрлі  діндар  отбасында  рухани-адамгершілік  құн-
дылықтардың  қалыптасуы  мүмкін»  деген  ұстаным  тұр,  бұл 
ұстанымды  зейнеткерлердің  29,9%-ы,  жұмыс  жасайтын  зейнет-
керлердің  25%-ы,  оқитындардың  28,3%-ы,  жұмыс  жасайтын  және 
жұмыс  іздеп  жүргендерлдің  22–23%-ы,  жұмыс  іздеп  жүргендердің 
19,7%-ы,  оқу  мен  жұмысты  қатар  алып  жүргендердің  12,5%-ы 
таңдады.
Үшінші орынға орналасқан «рухани-адамгершілік ахуал дін мен 
зайырлылық құндылықтары ұштасқан зайырлы – діндар отбасыла-
рында қалыптасқан» деген пікірді жұмыс жасайтын зейнеткерлердің 
20,8%-ы,  жұмыс  жасамайтын  зейнеткерлердің  20,1%-ы  және  16,7% 
бен 19,7% арасындағы өзге әлеуметтік – кәсіби топтар білдірді. 
«Тек  зайырлы  отбасында  ғана  рухани-адамгершілік  құн-
дылықтар  қалыптасқан,  себебі,  ондай  отбасында  қазіргі  заман 
жағдайы есепке алынып, құндылықтар бірте-бірте өзгере түседі» 
деген  пікірді  түрлі  топтағы  респонденттердің  5,7%  бен  11,3%-ы 
білдірді.  
«Біздің  қоғамда  зайырлы  да,  діндар  отбасында  да  рухани-
адамгершілік  құндылықтарды  дамытуға  талпыныс  жоқ,  себебі 
материалдық  тұтынушылық  басым»  деген  пікірді  жұмыс  жасай-
тын зейнеткерлердің  16,7%-ы, жұмыс жасамайтындардың  14,9%-ы,  
жұмыс жасайтындардың 12,5%-ы, жұмыс іздеп жүргендердің  11,3%-
ы, оқитындардың  9,4%-ы, зейнеткерлердің  – 8,2%-ы таңдады.

53 
2.4 Қазақстандық отбасыларындағы діни дүниетанымға 
деген практикалық қатынас
Респонденттерге  тек  өз  отбасындағы  ғана  емес,  туыстары  мен 
жақындарының  –  көршілерінің,  жолдастары  мен  әріптестерінің 
отбасындағы  діни  жағдайды  анықтайтын  бірнеше  параметрлерді 
бағалау ұсынылған болатын (4 сурет).
4 сурет. «Сіздің отбасыңыздың немесе достарыңыз, әріптестеріңіз, 
көршілеріңіздің өмірінде орын алған әдеттегі ұстанымдардың бірін 
таңдаңыз» (маңыздылығына қарай әр жолды белгілеңіз) сұрағының 
жауап бөліндісі, (%)
24
16
16,5
19,6
9,8
23,4
8,3
29,8
11,7
31,2
30
16,1
43,5
17,4
30,3
18,3
19,5
17,5
7,1 27
6,1
41,6
6,9
40,2
30,2
12,5
42,5
23
0
10
20
30
40
50
 
24
 
16
 
16,5
 
19,6
 
9,8
 
23,4
 
8,3
 
29,8
 
11,7
 
31,2
 
30
 
16,1
 
43,5
 
17,4
 
30,3
 
18,3
 
19,5
 
17,5
 
7,1
 
27
 
6,1
 
41,6
 
6,9
 
40,2
 
30,2
 
12,5
 
42,5
 
23
 
0
 
10
 
20
 
30
 
40
 
50
 
 
Дінтанулық білім міндетті болмау керек: оқушылар 
пәнді өздері таңдайды 
 
Дінтанулық білім маңызды
 
Діни тәлім-тәрбие қажет
 
Діни білім жетіспейді
 
 
Этностық және діни шығу тегі сәйкес емес, өзге діни 
сенімге ауысып кетті 
 
Этностық және діни шығу тегінің сәйкестігі   
Отбасында космополитизм идеясы басым 
Отбасында өзге дүниетанымға деген төзімсіздік 
қатынас танытылуда 
 
Отбасында өзге дүниетанымға деген төзімділік 
қатынас тәрбиеленіп келеді 
 
Зайырлы өмір сүру салты 
Өмір сүру салты діни доктринаға байланысты 

 
Өмір сүру салты діни ме немесе зайырлы ма, оның 
маңыздылығы жоқ 
 
Қазақстандықтардың  жаңа діни тәжірибеден өтуге құқықтары 
бар және біздің ділімізге сәйкес келмейтін дәстүрлі емес діни 
көзқарастар мен сенімдерді таңдау құқығы да бар 
Достар, 
әріптестер, көршілердің  
отбасында
 
Өз және жақындарыңның    
отбасыларында
 
2  Зайырлы және діндар отбасыларындағы 
құндылықтық парадигмалар

54
Отбасы - Қазақстан қоғамы тұрақтылығының факторы 
Тұтастай  алғанда  зерттеу,  төзімділік  идеясының  әлеуметтік 
болмыстың  түйіні  болып  табылатындығын,  яғни,  бұл  идеяның 
қазақстандық  отбасының  өміріне  барынша  енгенін  дәлелдеді,  осы 
бағытта мемлекет пен қоғам  қолданып жатқан шаралардың тиімді-
лігі де байқалды. Дегенмен, бұл нәтижеге қуану әлі де ерте, өйткені 
конфессияаралық келісімнің ұлттық үлгісіне қарсы келетін,  өз отба-
сыларында өзге дүниетанымдағыларға төзімсіздік танытатындар да 
бар: сұралғандардың 6,9%-ы өз отбасыларында өзге дүниетанымдар 
мен  діни  доктриналарға  төзімсіздік  танытатындарын  айтты.  Бұдан 
да  өзге  қисынына  келтірілген  жанама  сұрақтардың  жауабы  төзім-
сіздіктің  өте  жоғарғы  көрсеткішіне  ие  болуы  мүмкін  еді.    Көбіне 
бұл жағдай респонденттердің өзімен емес, көршілерімен, достары-
мен немесе әріптестерімен болып жататын сияқты көрінеді (11,7%). 
Кейбір қазақстандық отбасылар дінаралық сұхбаттың қағидаларын 
ұстанбай, керісінше қарама-қарсы позицияны қолдайды, ал бұл өз 
кезегінде діни шиеленістердің орын алуына түрткі болады.
Қоғамдағы рухани-өнегелік жағдайды қалыптастыру мақсатында 
діни және дінтанулық білім беру маңыздылығы бойынша қойылған 
сұраққа респонденттердің жауаптары қайшылыққа толы болды. 
Респонденттедің  16,5%  дан  19,5%-ға  дейінгілері  діни  білім  мен 
діни  тұрғыдағы  тәлім-тәрбиенің  жеткіліксіздігін  айтады.  Дінтану-
лық  білімнің  маңызды  екенін  сұралғандардың  18,3%-ы  ғана  атап 
өтті  және  отбасының  16%-ы  достары,  көршілері  мен  әріптестері 
де  осы  көзқараста  екенін  алға  тартты.  Дінтанулық  білімнің  мін-
детті  емес  екендігін  респонденттердің  30%-ы  айтса,  24%-ы  айна-
ласындағылардың осы көзқараста екендігін білдірді. 
Осылайша,  респонденттердің  басым  бөлігі  көпконфессиялы 
қоғамда дінтанулық білім арқылы төзімділікке тәрбиелеуді аса қажет 
деп  есептемейді,  әрі,  осы  бағытта  мемлекеттік  саясат  пен  сарап-
шылар  қауымдастығы  деңгейінде  мұндай  қажеттілік  есепке  алып, 
тәжірибелік қадамдар да жасалған болатын. Ендігі тұста, қолда бар 
оқулықтарды жетілдіріп, салыстыра тексерілген әдіснама мен нақты 
дүниетанымдық позицияға, яғни, әмбебап сенімнің бірегей рухани 
негізін сақтау мақсатында поликонфессиялы білімге  сүйене отырып, 
жаңа оқулықтарды жарыққа шығару маңызды. 
Ең  жағымдысы,  респонденттердің  41,6%-ы  өз  отбасыларын-
да,  ал  айналасындағылардың  29,8%-ы  ғана  отбасында  азаматтылық 
пен патриотизмді тәрбиелеуге атсалысуда дейді. Осы тұста тағы да 
өз  отбасыларын  өзге  отбасылардан  жоғары  бағалайтын  көріністі 
байқаймыз. Жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу бағытында 
әлі талай жұмыстар алда тұр. 

55 
Бұл сұрақ Қазақстандағы зайырлы және діндар отбасыларын-
дағы  құндылықтар  жүйесін  зерттеуге,  зайырлы  және  діндар 
отбасылардың  ара-қатынасын  анықтауға  бағытталған.  Бұл 
бағытта  еркектердің  30,5%-ы,  әйелдердің  30%-ы  зайырлы  өмір 
салтын  ұстанатындарын  айтты.  Еркектердің  13,3%-ы,  әйелдердің 
11,9%-ы  өз  обасыларын  діни  доктринамен  байланыстырады. 
Бұл  көрсеткіштер  шынайы  әрі  анық.  Не  зайырлы,  не  діндар  от-
басы  екендігі  анықталмағандардың  көрсеткіші  өте  жоғары.  Ер-
кектер  мен  әйелдердің  жауабы    42%-ға  тең.  Бұлар  біздің  сауал-
намада көрсетілген аралас отбасылар, егер аралас отбасылардың 
құрамында діндарлар да, дін жолында жүрмегендер де бар болса, 
оларды  өз  бағдарын  анықтамаған  отбасы  ретінде  көрсетіп  отыр-
мыз. Қазақстанда мұндай топтардың саны көп болып отыр.   
Келесі  бағыт  отбасын  зайырлы  немесе  діндар  деп  бөлмей-ақ, 
олардың құндылықтық бағдарларын анықтауға бағдарланған. Бүгінгі 
күндегі ең бастысы мен маңыздысы отбасында өзге дүниетанымдарға 
төзімділік  танытуға  тәрбиелеу  болып  отыр.  Еркектердің  41,5%  -  ы, 
әйелдердің  39,3%-ы  өз  отбасыларында  аталған  тәрбиені  жүзеге 
асыратындықтарын  айтады.  Бұл  отбасылар  төзіміділік  қағидасына 
теориялық  негіздеме  бере  алмаса  да,  мәселенің  мәнісін  түсінеді: 
демократиялық мемлекеттерде әр  отбасы діндар, зайырлы немесе 
аралас болуын өз еркілерімен таңдайды. Ең бастысы, ол таңдаудың 
дінаралық  келісімнің  ұлттық  үлгісіне  сәйкес  келсе  болғаны,  бұл 
дегеніміз  өз  дүниетанымдық  бағдарыңды  таңдай  отырып,  өзге 
көзқарастарды да мойындау болып табылады. Мұны дүниетанымдық 
плюрализм  дегеннен  бұрын  мәдени  және  діни  әр  алуандылықты 
сақтай отырып, бірлікке қол жеткізу деуге болады.  
Еркектердің 5,9%-ы және әйелдердің 7,5%-ы отбасы аясында өзге 
дүниетанымдарға  төзімділік  таныта  білуге  тәрбиелейтіндіктерін 
мойындады. Бұл ұсатынымда әйелдер радикал болып келеді. Діни 
тәрбие  маңыздылығына  қатысты  берілген  жауаптарда  гендерлік 
айырмашылықтар жоқ: еркектердің 18,7%-ы мен әйелдердің 18%-ы 
бұл факторды маңызды санайды, еркектердің 30,5%-ы және 30,1%-ы 
дінтанулық білімді маңызды деп санамайды, білім беру үдерісі үшін 
бұл аздық көрсеткіш. 
Қазақстандық  отбасындағы  құндылықтар  жүйесіндегі  ең  ма-
ңызды  ұстаным  –  азаматтылық  пен  патриотизмге  тәрбиелеу. 
Мұны еркектердің 45,9%-ы және әйелдердің 38,8%-ы мақтанышпен 
жеткізеді.  Бұл  жерде  еркек  респонденттердің  әлеуметтік  бағыты 
басымырақ болып отыр. 
Дүниетанымдық ұстаным мен барлық типтегі қазақстандық от-
басыларының  құндылықтық  бағдарлары  осы  сұраққа  берілген  жа-
2  Зайырлы және діндар отбасыларындағы 
құндылықтық парадигмалар

56
Отбасы - Қазақстан қоғамы тұрақтылығының факторы 
уап негізінде анықталды. «Қазақстандықтар жаңа діни тәжірибеден 
өтуге  құқықтары  бар»  бағанасындағы  көрсеткіштер  шамамен  бір 
деңгейде, жастарда – 25,4%, орта жас деңгейіндегілерде – 23,6% және 
20,1%.  Егде  жастағылардыың  көрсеткіші  –  21,8%.  Барлық  жастағы 
қазақстандықтарда  жаңа  діни  ағымдарға  қатысты  қатаң  таптаурын 
қалыптасып  қалған,  оларды  демократиялық  және  заманауи  отба-
сы  деуге  болады.  Отбасын  күйретіп,  еркіндігіңді  жойып  жіберуге 
әкелетін шектен асқан сенімділік пен аңғалдылықты алдын- алу үшін 
түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. 
«Отбасында  өзге  дүниетанымға  деген  төзімділік  қатынас 
тәрбиеленіп  келеді»  деген  бағана  бойынша  көш  бастап  тұрған  жа-
стар  мен егде жастағылар – 41,2% және 44,2%, орта жастағылардың 
көрсеткіші төмен болғанымен, қатардан қалып тұрған жоқ – 38,2% 
және  39,3%.  Өзге  дүниетанымға  төзімсіздік  танытуды  жастардың 
6,3%-ы,  орта  жастағыларда  сәл  жоғары,  егде  жастағылардың                         
8,8%-ы  мойындады.  Бұл  үрдістер  сақталып  келеді,  ал  соңғы 
көрсеткішке келетін болсақ, ол егде жастағылардың әлеуметтік салаға 
аз араласатындықтан, әлеуметтік сезімталдылығының төмендігімен 
түсіндіріледі. 
Дінтанулық білім беруге қатысты берілген пікірлер екіге бөлініп 
кетті.  «Дінтанулық  білім  беруді  маңызды»  деп  жастардың  21,7%-ы,      
егде  жастағылардың  22,4%-ы,  орта  жастағылардың  –  18,1%  және 
12,1%-ы санайды.
Екінші  топ  қарсы  пікірді  білдіреді:  жастардың  29,0%-ы,  орта 
жастағылардың  31,8%  және  26,8%-ы  және  егде  жастағылардың    
26,8%-ы  дінтанулық  білім  міндетті  болмау  керек  деп  санайды. 
Қазақстандық қоғамдағы дінтанулық білім беру мәселесіне қатысты 
пікірлер  келісілмеген,  тіпті  дінтанулық  білімнің  міндетті  болуына 
қарсылық танытатындардың саны басымдау.  
Жас  көрсеткіші  бойынша  «Отбасында  азаматтылық  және  па-
триотизм  тәрбиеленіп  келеді»  ұстанымы  жоғары  көрсеткіштерге 
ие: жастарда – 46,7%, орта жастағыларда – 42,3% және 39,7%, ал егде 
жастағыларда  –  33,3%.  Бұл  мәліметтер  діни  және  ұлттық  белгісіне 
қарамастан  қазақстандық  жастардағы  жоғары  азаматтылықтың 
көрсеткішін анықтады.  
Қазақстандықтардың  жаңа  діни  тәжірибеден  өтулеріне 
құқығы  бар  және  біздің  ділімізге  сай  келмейтін  дәстүрлі  емес 
діни бағытты ұстана алатындығын қазақтардың 27,6%-ы, орыстар-
дың  19,2%-ы,  өзге  ұлт  өкілдерінің  14,4%-ы  қолдады.  Бұл  жерде 
қазақтар жоғары пайыздық көрсеткіш көрсетіп, көш бастап тұр, 
алайда  сұрақтың  жауаптары  анықтағандай,  осы  құқықты  жүзеге 
асыратын қазақ отбасыларының саны аз. Барлық ұлт өкілдерінің, 

57 
әсіресе  қазақтардың  жағымды  көзқарас  танытуы  бірнеше  се-
бептермен  түсіндіріледі:  біріншіден,  қазақстандықтар,  әсіресе 
қазақтар, өзіндік рухани ізденістегі адам құқығын жүзеге асыруға 
талпынады;  екіншіден,  көптеген  діни  ағымдардың  астарында 
тұрақтылықты бұзуды мақсат ететіндігін қалың көпшіліке жеткізу 
үшін діни білім таяздау болып  отыр. Мұнда рухани ізденіс, еркін 
діни тәжірибе мәселесі қозғалмайды. Керісінше, тұлғаны жойып, 
санасын билеп, қазақстандық отбасын күйерту көзделеді. 
Отбасын  төзімділікке  тәрбиелейтіндіктерін  өзге  ұлт  өкілдері-
нің  47,5%-ы,  орыстардың  40,2%-ы  және  қазақтардың  38,2%-ы  атап 
өтті.  Отбасыларында  төзімсізділік  тәрбиеленіп  келе  жатқандығын  
қазақтардың 8,5%-ы, орыстардың 5,1%-ы, өзге ұлт өкілдерінің 5%-ы 
айтты.  Жауаптарға  қарасақ,  барлық  ұлт  өкілдері  өз  отбасыларын 
төзімділікке  тәрбиелеп,  төзімсіздік  танытудан  бас  тартады.  Бұл 
үрдісте орыстар мен өзге ұлт өкілдерінің көрсеткіші жоғары, оның 
себебі елдегі ұлт мәселелесімен байланыстырылады. Қазақ отбасы-
лары  көрсеткіш  бойынша  өзгелерінен  артта  қалса  да,    басым  ұлт 
ретінде төзімділіктің жоғары көрсеткішіне ие.
Есесіне  қазақ  отбасылары  азаматтылық  пен  патриотизмді  тәр-
биелеуде  46,6%-бен  алдыңғы  қатарға  шықты,  ал  орыстарда  33,3%, 
өзге  ұлт  өкілдерінде  –  42,4%.  Орыстар  өз  отбасының  болашағын 
өзгелерге қарағанда Қазақстанмен аз байланыстырады, оның себебі 
мемлекеттік тілді меңгеру қажеттілігімен түсіндіріледі. 
Орыстардың  35,4%-ы  дінтанулық  білім беруді міндеттегендерін 
қаламайды,  олардың  тек  11,1%-ы  ғана  оның  маңыздылығын  атап 
өтті.  Өзге  ұлт  өкілдерінің  де  көрсеткші  орыстардың  көрсеткішіне 
сәйкес:  30,2%-ы  дінтанулық  білімнің  қажеттілігін  мойындамаса,  
17,3%-ы оның міндетті түрде енуін қолдайды. Қазақ отбасыларының 
қатынасы өзгеше: 27%-ы дінтанулық білімді міндетті емес деп санаса,   
23,1%-ы оның маңыздылығын атап өтті.  
Жалпы  барлық  ұлт  өкілдерінің  қазақстандық  отбасылары 
діндарлық факторының артуына қарамастан қоғамдағы руханилық 
пен төзімділік ахуалын қалыптастырудың негізі ретінде дінтанулық 
білімнің маңыздылығын қажет деңгейде түсіне қойған жоқ. Мүмкін 
халық бұл білімді беру барысында қандай қағидаларды басшылыққа 
алу керектігін жетік білмеу себебінен болар? Бұл пән бір діннің не-
месе  бірнеше  діннің  негізінде  қарастырылады  ма,  атеистік  немесе 
діни  тұрғыдан  білім  беріледі  ме  деген  сияқты  сан  сауалдар  туын-
дайды. БАҚ, Интернет желісінде дінтануды дінаралық білім ретінде 
болжап, зайырлылық тұрғысынан оқытылу керектігін белсенді түр-
де  түсіндіріп,  тарату  қажет.  Егер  атеизм  дін  мен  оның  жағымды 
2  Зайырлы және діндар отбасыларындағы 
құндылықтық парадигмалар

58
Отбасы - Қазақстан қоғамы тұрақтылығының факторы 
қырларын терістесе, ал зайырлылық үлгі үшін дін мемлекеттен бө-
лінген азаматтық қоғамның маңызды факторы ретінде болып отыр.   
Респонденттер келесілерге қатысты бағалау пікірлерін берді:
а)  өмір  сүру  салты  (зайырлы,  діни,  немесе  дүниетанымдық 
бағдары жоқ); б) дәстүрлі ұлттық және мәдени – тарихи тұрғыдағы 
діни белгісі; в) тарихи тұрғыдан діндарлық пен діни конверсияның 
бір  –  біріне  сәйкес  келмеуі;  г)  отбасындағы  өзге  дүниетанымдарға 
қатысты  діни  төзімділік/төзімсіздік;  д)  космополитизм  идеалының 
таралуы; е) діни білімнің қажеттілігі; ж) діни білім мен білім берудің 
рөлі мен орны.
Респонденттер  белгіленбеген  параметрлерді  де  көрсетіп  отыр    
(1 кесте).
1 кесте

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал