З. Ж. Жаназарова философия ғылымдарының докторы, профессор



жүктеу 3.58 Kb.

бет1/20
Дата07.03.2017
өлшемі3.58 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  
Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты 
Институт философии, политологии и религиоведения  Комитета науки
Министерства образования и науки Республики Казахстан
Зарема Шәукенова, Грета Соловьева, Елена Бурова
ОТБАСЫ – ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫ 
ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ ФАКТОРЫ 
ИНСТИТУТ СЕМЬИ КАК ФАКТОР 
СТАБИЛЬНОСТИ КАЗАХСТАНСКОГО ОБЩЕСТВА
Алматы
2014

2
Отбасы - Қазақстан қоғамы тұрақтылығының факторы 
ӘӨЖ 
КБЖ 
И 
ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану
институтының Ғылыми кеңесі баспаға ұсынды
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, социология ғылымдарының докторы
профессор З.К. Шәукенованың жалпы редакциясымен
Рецензенттер:
философия ғылымдарының докторы, профессор З.Ж. Жаназарова
философия ғылымдарының докторы, профессор С.Е. Нұрмұратов
философия ғылымдарының докторы, доцент А. Сағиқызы
И        Шаукенова З.К., 
Соловьева
 
Г.Г., Бурова Е.Е.
Отбасы – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының факторы / З.К. Шәукенованың 
жалпы  редакциясымен.  =  Институт  семьи  как  фактор  стабильности 
казахстанского общества / Под общ. ред. З.К. Шаукеновой. –  Алматы: ҚР БҒМ ҒК 
ФСДИ, 2014. – 222 б.
ISBN –
Отбасы мәселесі әлеуметтік-мәдени институт ретінде тек ғылыми дискурста ғана емес, 
сонымен қатар жаһандық үдерістерге байланысты оның қайта құрылуы және оның жоға-
лып бара жатқан мәртебесі сияқты  практикалық өлшемдер өзектене түсуде. Қазіргі таңда 
отбасы  жеке  тұлғаның  тағдырын  анықтайтын,  оның  әлеуметтенуіне  әсер  ететін  дәстүрлі 
бірегейлендіру институттарының бірі. 
Ұсынылып  отырған  еңбек  оқырмандарды  дүниетанымдық  бағдарлардың  қазақстан-
дық  отбасыларға  тигізетін  әсерін  анықтауға  бағытталған  зерттеудің  қорытындыларымен 
таныстырып,  заманауи  отбасы  институтының  даму  үрдістеріне  қызығушылық  таны-
татындардың барлығына арналған. 
Проблематика семьи как соцокультурного института актуализируется не только в на-
учном  дискурсе,  но  и  в  практических  проекциях  в  связи  с  глобальными  тенденциями  ее 
трансформации и новым социальным статусом. В современных условиях семья оказывается 
одним из немногих традиционных институтов идентификации, который в существенной сте-
пени определяет не только судьбу индивида, но и судьбу всего общества.
Работа знакомит с результатами исследования, посвященного влиянию мировоззренче-
ских ориентаций на казахстанские семьи и адресуется всем, кто интересуется тенденциями 
развития современного института семьи. 
ӘӨЖ 
КБЖ
ISBN –                                          © ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану 
                                                            және дінтану институты, 2014
                                                                 © Шаукенова З.К., Соловьева Г.Г., Бурова Е.Е., 2014


МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ 
АЛҒЫ СӨЗ......................................................................................................................
5
1
ОТБАСЫ: ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІСТЕР ЖӘНЕ 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЯСЫ.....................................................................................
8
1.1 Шетелдердегі отбасылық өмірді зерттеудің негізгі 
тұжырымдары.........................................................................................................
8
1.2
Отбасы феноменінің мәнісі..................................................................................
13
1.3 Қазақстандағы отбасын зерттеудің тақырыптық аясы..................................
23
1.4 Қазақстандық отбасының қызмет ету үрдістерін 
зерттеуді тұжырымдамалау.................................................................................
26
2
ЗАЙЫРЛЫ ЖӘНЕ ДІНДАР ОТБАСЫЛАРЫНДАҒЫ 
ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ ПАРАДИГМАЛАР.............................................................
37
2.1 Қазақстандық отбасының дүниетанымдық 
таңдауларының үрдістері.....................................................................................
37
2.2 Қазақстандағы зайырлы және діндар отбасыларындағы 
әдет-ғұрыптар, дәстүрлер және құндылықтар жүйесі..................................
43
2.3 Отбасы типінің рухани–адамгершілік құндылықтардың 
қалыптасу үдерісіне әсер етуі...............................................................................
47
2.4 Қазақстандық отбасыларындағы діни дүниетанымға 
деген практикалық қатынас..................................................................................
53
3
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ 
ҰСТАНЫМДАРЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ МЕН БАЗАЛЫҚ
ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ САҚТАЛУЫ.......................................................................                                     61
3.1 Отбасының діни және зайырлы өмір сүру салты 
өлшеміндегі  «отбасылық демократия»............................................................
61
3.2 Зайырлы және діндар отбасыларындағы төзімділік 
көрсеткіші.................................................................................................................
68
3.3 Отбасының тұрақтылығы мен ауызбірлігіне 
дүниетанымның тигізетін әсері...........................................................................
72
4
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ 
АЯСЫНДАҒЫ ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ................................................................
76
4.1 Зайырлы және діндар отбасы: өзгеріп жатқан қоғамдағы 
бейімделу тиімділігінің көрсеткіші....................................................................
76
4.2 Қазақстандық отбасындағы азаматтылық 
пен отансүйгіштікті тәрбиелеу............................................................................
80
4.3 Отбасының әлеуметтенуі тұрғысынан экстремизмге 
қарсы әрекет ету әдістері......................................................................................
85
ҚОРЫТЫНДЫЛАР ЖӘНЕ  БОЛЖАМДАУ БАҒАЛАРЫ...............................
89
Қорытынды орнына. Қазақстан және ғаламдық дискурс: 
отбасы институтының болашағын анықтаудағы екі бағыт.......................
99

4
Отбасы - Қазақстан қоғамы тұрақтылығының факторы 
ПРЕДИСЛОВИЕ............................................................................................................
107
1
СЕМЬЯ: ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ ИМПЛИКАЦИИ 
И МЕЖДУНАРОДНЫЙ КОНТЕКСТ............................................................
110
1.1 Основные зарубежные концепты исследования 
семейной жизни....................................................................................................
110
1.2 О сущности семьи как социокультурного феномена..................................
116
1.3 Тематические контексты исследования семьи в Казахстане........................
126
1.4 Концептуализация исследования тенденций 
функционирования казахстанской семьи......................................................
130
2
ЦЕННОСТНЫЕ ПАРАДИГМЫ В СВЕТСКИХ 
И РЕЛИГИОЗНЫХ СЕМЬЯХ КАЗАХСТАНА.............................................
142
2.1 Тенденции мировоззренческих предпочтений 
в казахстанских семьях.......................................................................................
142
2.2 Уклад, традиции и система ценностей светской 
и религиозной семьи Казахстана....................................................................
148
2.3 Влияние типа семьи на процесс формирования 
духовно-нравственных ценностей...................................................................
153
2.4 Практическое отношение к религиозному 
мировоззрению в казахстанских семьях.........................................................
159
3
ТРАНСФОРМАЦИЯ МИРОВОЗЗРЕНЧЕСКИХ УСТАНОВОК И 
СОХРАНЕНИЕ БАЗОВОЙ СТРУКТУРЫ КАЗАХСТАНСКОЙ СЕМЬИ
.......
168
3.1 «Семейная демократия» в проекции на религиозный 
и светский образ жизни семьи..........................................................................
168
3.2 Индексы толерантности в светских и религиозных семьях.......................
175
3.3 Влияние мировоззрения на сплоченность и устойчивость семьи...........
179
4
РОЛЬ СЕМЬИ В СОЦИОКУЛЬТУРНОМ КОНТЕКСТЕ 
КАЗАХСТАНСКОГО ОБЩЕСТВА................................................................
184
4.1 Светская и религиозная семья: измерение эффективности 
адаптации в трансформирующемся обществе............................................
184
4.2 Воспитание в казахстанской семье гражданственности и патриотизма......
188
4.3 Методы противодействия экстремизму с позиций 
семейной социализации....................................................................................
194
ВЫВОДЫ И ПРОГНОЗНЫЕ ОЦЕНКИ................................................................
198
Вместо заключения. Казахстан и глобальный дискурс: 
два вектора в определении будущего института семьи.............................
208
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану 
институты туралы мәлімет........................................................................................
216
Информация об Институте философии, политологии 
и религиоведения Комитета науки Министерства 
образования и науки Республики Казахстан........................................................
218
Information on the Institute for Philosophy, Political Science 
and Religion Studies of Science Committee of the Ministry 
of Education and Science of the Republic of Kazakhstan........................................
220


А л ғ ы  с ө з
АЛҒЫ СӨЗ
Отбасы  мәселесі  қазіргі  замандағы  жаһандық  мәселелердің 
қатарында,  оған  осы  адамзат  өркениетіндегі  ежелгі  институт  төңі-
регінде болып жатқан  қарама-қайшы үдерістер себеп болып отыр. 
Дәл осы себептен отбасы дамуындағы үрдістер мен бағыттарды тал-
дау мәселесі адамзат өмір сүруінің тұлғалық және әлеуметтік болмы-
сы формасының негізі ретінде алдыңғы қатарға шығып отыр. 
Бір  жағынан,  қазіргі  қоғамда  отбасы  құрылымын  жетілдіруде 
жағымды  үрдістер  байқалуда,  мысалы  отбасының  патриархал-
ды  үлгісі  қазіргі  заманға  сай  эгалитарлы  типке  өтіп,  «отбасы» 
түсінігіне толығымен жауап беріп отыр.  
Ал екінші жағынан, адам-
зат  өркениетінің  іргелі  құрылымына  күмән  келтіріп,  тарихи  және 
мәдени  тұрғыдан  шартталған  әке  мен  ана,  бала  рөлін  анықтайтын 
дәстүрлі  отбасы  бірегейлігін  жойып,  жеке  тұлғаның,  таптар  мен 
қоғамның өзге де бірегейленуіне әсер етуге қадамдар жасалуда. 
Еуропаның кейбір елдерінде қарама-қайшы екі үрдіс орын алу-
да: біріншісі – уақыт талабына сәйкес өзгерістер, яғни  отбасы құры-
лымының  жетілдірілуі  болса,  екіншісі  –  кейбір  саясаткерлер  мен 
идеологтардың өркениеттің негізгі құндылықтарын жойып, адамзат 
қоғамының мыңжылдық дамуының нәтижесінде қалыптасқан отба-
сы феноменінің өзіне күмән келтіруге тырысушылығы. 
Заңдастырылған  «бір  жынысты  неке»  тәжірибесі,  осы  типтегі 
отбасылардың  бала  асырап  алуы,  кәмілетке  толмаған  жастардың 
жыныстарын  өзгертіп,  өзге  де  әрекеттерге  баруы  сияқты  саналы 
іс-әрекетке,  адамзаттың  өмір  сүруіндегі  не  әлеуметтік,  не  рухани-
адамгершілік  өлшемдерге  жатпайтын  бұл  қадамдар  өркениеттің 
бастапқы  құндылықтары  ретінде  отбасын  сақтап  қалу  мәселесін 
өзектендіре түседі. 
Қазақстанда  күмәнға  толы  мұндай  идеологиялық  және  сая-
си  бағдарламаларға  қарсылық  танытылады,  себебі,  бұл  Қазақстан 
халқының менталитетіне де, ұлттық мәдениеттің бойындағы зайыр-
лы  да,  діни  құндылықтарға  да  жат  қылықтар  болып  келеді.  Біздің 
елімізде отбасы институтын Қазақстан қоғамы тұрақтылығының фак-
торы  ретінде  жетілдіру,  нығайту  мәселесі  маңызды  болып  табыла-

6
Отбасы - Қазақстан қоғамы тұрақтылығының факторы 
ды және отбасы институтын жетілдіруде қазақстандық тәжірибенің 
рөлі зор. 
Осы орайда, Философия, саясаттану және дінтану Институтының 
ғалымдарының  бастамасымен  «Отбасы  Қазақстан  қоғамы  тұрақ-
тылығының  факторы  ретінде»  атты  ғылыми  жобасы  жүргізіліп, 
оның нәтижесінде  екі монография, сонымен қатар қорытынды зерт-
теу жұмысы дайындалды. 
Отбасы  қазақстандық  менталитеттің  басты  құндылығы  ретінде 
болып, сабақтастықты үзбей, мәдени дәстүрді сақтап, тасымалдай-
ды,  ұрпақтардың  әлеуметтену  үдерісін  жүзеге  асырады.  Өзгеруге, 
түрленуге  бейім  келетін  отбасы  институты  қоғам  жағдайының 
жақсаруына, қоғамдық қауіпсіздікке де айтарлықтай әсер етеді. Қоғам 
қауіпсіздігі факторларының бірі тұтастай алғанда дүниетаным, жеке 
алғанда – діни дүниетаным болып табылады. 
Соңғы кездегі діни ахуалдың күрделене түсуі, діннің азаматтық 
қоғам аясына қайта оралуына байланысты қазақстандық отбасының 
діндарлығының сипаты, бағыттары мәселесі өзекті болып табылады. 
Діннің рухани-адамгершілік әлеуеті зор, ол отбасымен қатар қоғамды 
да біріктіріп, нығайтып, рухани-өнегелік жаңғыру мүмкіндігін береді. 
Ал, екінші жағынан төзімсіздік белгілері, жалған діни бағыттардың 
отбасылық  топтың  бірлігіне  әсер  етуі,  діни  экстремизмнің  бастауы 
ретінде  діни  фанатизмге  бейім  келу  сияқты  діни  көзқарастардың 
жағымсыз қырлары да көрініс беріп жатады. 
Түрлі  дүниетанымдардың  барынша  белең  алуы  аясында 
дүниетанымды  қалыптастыру,  ұлттық  мәдени  бірегейлікті  сақтау, 
рухани  құндылықтарды  дәріптеуде  отбасының  рөлі  жоғары.  Кей 
жағдайда  қазақстандық  отбасыларында  дүниетанымдары,  көз-
қарастары  сәйкес  келмеуінің  нәтижесі  отбасының  күйреуіне  әкеп 
соқтыруда. Осы тұрғыда әртүрлі діни- дүниетанымдық көзқарастарға 
деген  төзімді  қатынас  орнатуда  және  дәстүрлі  мәдени-тарихи 
түсініктерді  және  оған  негізделген  сенімдер  мен  өмір  сүру  салтын 
дамытуда мемлекеттің беретін мүмкіндіктерін қарастыру маңызды.
Жұмыстың құрылымы мен логикасы зерттеу пәні мен сипатынан 
туындаған.  Бірінші  бөлімде  отбасын  шетелдік  және  қазақстандық 
зерттеу  дискурсында  қарастырудың  өзекті  тақырыптық  аясы  ашы-
лып  көрсетілген.  Әлеуметтік  институт  ретінде  отбасының  мәнісі 
жайлы қазақстандықтардың пікірі, жеке тұлға мен қоғам өміріндегі 
оның  орны  мен  қызметі,  гендерлік  рөлдер  және  т.  б.  анықтауға 


бағытталған  алдыңғы  кезеңде  жүргізілген  зерттеу  жұмыстары  мен 
аталған жұмыстың өзара байланысы көрсетілген. 
Кейінгі  үш  бөлімде  отбасы  діндарлығы  деңгейін  анықтауға 
бағытталған  әлеуметтанулық  зерттеу  талдауларының  негізінде 
қазақстандық  отбасы  саясатының  құндылықтық  бағдарлары  мен 
стратегиялары  ашып  көрсетілді,  қорытындылар  жасалынып,  тәуе-
келдері бағаланды және практикалық ұсыныстар берілді. 
Қорытынды бөлімі отбасы институтының болашағын зерттеудегі 
бағыттарды  өзектендіруге  арналған,  себебі  қазіргі  таңда  жойылып 
бара  жатқан  бірегейліктің  аясында  тек  отбасы  ғана  құндылығы 
жоғары сенімді болмыс мекені болып табылады.
А л ғ ы  с ө з

8
Отбасы - Қазақстан қоғамы тұрақтылығының факторы 
1 ОТБАСЫ: ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІСТЕР 
ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЯСЫ
1.1 Шетелдердегі отбасылық өмірді зерттеудің 
негізгі тұжырымдары
Отбасы институты өмірге ұрпақ әкелу және оны тәрбиелеу, үй 
шаруасы  және  экономикалық  функциялар,  байлық,  абырой  және 
билікті бөлісу сияқты жеке және қоғамдық мәселелердің негізгі түйіні 
болып табылады. Мұндағы алғашқы атағанымыз ешкімнің күмәнін 
тудырмайды, себебі әркім өзінің жеке тәжірибесі арқылы отбасының 
ұрпақты  дүниеге  әкелу  және  тәрбиелеудегі  негізгі  әлеуметтік  орта 
екендігін біледі.
Ал екінші атағанымызды көбі  кейінгі кездерге дейін толығымен 
жете түсіне қойған жоқ. Үй шаруасы әйелдің мойнына артылғанымен, 
оған қосымша ақша төленбейді, ол жалпы экономикалық жүйенің 
қатарына қосылады, сәйкесінше қоғамдық сипатқа ие. Үшінші фак-
тор болса, көбіне бұлыңғыр келеді, қазіргі заманғы зерттеулерде от-
басы  билікті  бөлісетін  алаң  ретінде  екендігі  негізделген.  Билік  бар 
жерде саясат туралы да әңгіме қозғауға болады. Осылайша отбасы – 
саясаттың бір саласы ретінде саналады және патриархалды, дәстүрлі 
отбасы  өзінің  саяси  мәнін  бекер  жасырып  келген  жоқ.  Ер  азамат-
тар байлық, абырой мен билікті өз пайдасына келтіру үшін отбасы 
арқылы дәстүрлі саясатты жүзеге асырып отырған. 
Гендерлік теория тұрғысынан, отбасы да жыныс сияқты әлеуметтік- 
мәдени конструкт болып табылады. Отбасының тарихи типтері түрлі 
факторлардың әсерімен қалыптасқан және осы жан-жақты әсерлер 
есепке алынбай жүрді. Тек қазіргі жағдайда яғни, дәстүрлі патриар-
халды отбасынан эгалитарлы (жыныстардың теңдігі) отбасы типіне 
өтіп  жатқан  кезеңде,  мақсатты  түрде    отбасының  жаңа  үлгісінің 
қалыптасып келе жатқандығын айтуға болады.  Бір қарағанда, бұл 
айтылған  тезис  отбасының  әлеуметтік  институт  ретінде  басынан 
өткеріп жатқан дағдарыстарының қазіргі үрдістеріне қарама-қайшы 
келеді.  Ажырасу  санының  артуы,  «дәстүрлі  емес»  жұптардың  (го-
мосексуалдар, лесбиянкалар) күн санап өсуі, көптеген еркектер мен 
әйелдердің  отбасынан  тыс  өмір  сүруді  қалап  және  бұл  әрекеттің 
оларды  толығымен  қанағаттандыруы  сияқты  деректер  отбасының 


1  Отбасы: теориялық мәністер және халықаралық аясы
күйреп,  құрдымға  кетіп  бара  жатқандығын  білдірмейді  ме?  Біздің 
көзқарасымызша,  отбасының  қазіргі  үлгісінің  қалыптасуы  бары-
сында    өте  күрделі,  жанға  бататын,  қарама-қайшы  үдерісті  бастан 
өткеріп жатыр. 
Ендігі  тұста  тарихқа  көз  жүгіртіп,  әлеуметтік  философия  тұр-
ғысынан  отбасының  тарихи  типтерін  сипаттап  беруге  тырысайық. 
Этнографтар, этнологтар, антропологтар тарихи жайттарға, мәдени 
жәдігерлерге, фольклор, дәстүр, салттар, рәсімдер, сонымен қатар, 
қазіргі  заман  аясында  өздерінің  тарихи  келбеттерін  сақтап  қалған 
тайпалардағы  туыстық  жүйелер  мен  отбасылық  өмірді  зерттеу 
арқылы түрлі мәліметтерге қол жеткізеді. Танымал француз этноло-
гы К. Леви-Стросс мұндай тайпаларды «суық қоғамдар» деп атайды, 
себебі оларды өркениеттің қызу даму екпіндері айналып өтті деп са-
найды. Ғалымдар осындай тайпалар мекен ететін аралдарға аттана 
отырып,  әлеуметтік  өзара  әрекеттесудің  ежелгі  түрлерін  зерттеуге 
мүмкіндік алады. 
Отбасының  тарихына  қатысты  жүргізілген  зертеулердің  арасы-
нан Л. Морганның «Ежелгі қоғам» (XIX ғасыр) және К. Леви-Стросс-
тың  «Туысқандықтың  ежелгі  құрылымы»  (ХХ  ғасыр)  атты  негізгі 
еңбектерін атап өтуге болады. Морган, жиналған эмпирикалық ма-
териалдармен  таныса  отырып,  отбасының  негізгі  тарихи  типтерін 
сипаттап берді (Энгельс бұл үдеріске кейін материалистік түсінікте-
ме берген болатын).  Ал Леви-Стросс болса,  көбіне гендер теориясы-
на сүйенетін туысқандық және отбасылық қатынастардың заманауи 
концепциясын  жетілдірді (құрылымдық антропология).
Жалпы отбасы тарихы неден басталады? Біріншіден, отбасының 
құрылымы  туысқандық  қатынастардың  құрылымымен  сәйкес 
келе  бермейді.  Мысалы,  ирокездер  тайпасында  әлі  күнге  дейін 
балалардың  бірнеше  анасы  мен  әкесі  бар,  өйткені  әрбір  ерекек 
бауырының  да  балаларын  өзінікі  деп  санайды.  Екіншіден,  отба-
сы  үнемі  дамып  отыратын,  жан-жақты  жүйе,  сондықтан  аталған 
күрделі әрі шырмауланған туысқандық жүйе бойынша, отбасының 
көнерген тарихи типтерін қайта қалпына келтіруге болады.  
Зерттеушілер,  алғашқы  қауым  (адам  терімшілікпен,  аң  ау-
лаушылықпен  айналысқан  тағылық  кезең)  үшін  топтық  неке    тән 
болған, мұнда әйел тайпа ішіндегі барлық еркекке тиесілі болған не-
месе керісінше.  Біз адамгершілік категориясына сәйкестендіре оты-
рып, бұл қатынастар түріне ешқандай да баға бере алмаймыз. Ин-
цест (қан араласу) түсінігі кейіндері пайда болған және ғылымда әлі 
де талас тудыруда. Зигмунд Фрейд инцестті 

 табиғат пен мәдениет 
арасындағы  шекара  ретінде  қарастырған.  Адам  алғашқы  қалауын, 

10
Отбасы - Қазақстан қоғамы тұрақтылығының факторы 
табиғи  серпінін  мәдени  нормалар  мен  тыйымдар  арқылы  баса-
ды, егер ол оның қолынан келмесе жүйке тозуына ұшырап кетеді. 
Фрейд бойынша мәдениет қарама-қайшы феномен, оның адамның 
өз  күшін  анықтауға  мүмкіндік  беретін  жағымды  тұсы  және  оның 
табиғи әуесін тыятын жағымсыз тұсы барын айтады. Инцест тарихы 
мен оны ұғыну – арнайы қарастыруды қажет ететін  үлкен, күрделі 
тақырып. Туған әпкесімен некеге отыру тек фараондар үшін қасиетті 
парыз болып табылған.
Топтық  неке  арқылы  екі  жұптың  болуы,  моногамия  сияқты 
қатынастардың  азаю  үдерісі  анықталды.  Бұл  үдерістің  барысын-
да  туысқандық  және  пуналуалды  отбасы  сияқты  формалар  пайда 
бола  бастады.  Бірінші  тип  бойынша  ағалы-қарындастың  барлығы 
әйелі  мен  күйеуі  ретінде  саналып,  болашақ  жарын  туыстарының 
арасынан  таңдалынып  алынады.  Пуналуалды  отбасы  күрделі 
қадамдарды жүзеге асырады, яғни бір ұрпақтар арасындағы сексу-
алды  қатынастарды  шектейді.  Топтық  некенің  барлық  түрінде  де 
баланың  анасы  кім  екендігі  белгілі,  ал  әкесі  беймәлім.  Сондықтан 
әйел қоғамдағы құрметті орынға ие және ұрпақтарды ана жағынан 
таратады (матриархат және ана құқығы).
Некенің келесі формасы ретінде егін егу, мал шарушылығымен 
айналысу  сияқты  қоғамдық  өндірістік  күштің  дамуымен  байланы-
стыратын жұптық некені атауға болады. «Ең бірінші жақын туыстар, 
кейін алыс туыстар арасындағы  топтық некені жоюдың нәтижесінде 
жұптық  неке  қалыптасты».
*
  Жұптық  неке  әлі  де  тұрақтана  қойған 
жоқ, екі жақтың бірі кез – келген сәтте некені бұзып, бала анасымен 
қалу құқығында болады. 
Өндірістік  күштер,  қолөнер  дамып,  өркениеттің  даму  жолы-
на  түскеннен  кейін  ана  құқығы  кедергі  ретінде  қарастырыла  ба-
стады.  Өндірістік  еңбек  барысында  еркектер  басты  орынға  шықты. 
Бірақ  олар  өздерінің  жиған-терген  мұрасын  толығымен  баласына 
қалдыруға  тырысады.  Дәл  осы  сәтте  адамзат  тағдырындағы  айту-
лы өзгерістер орын алды, оны ғалымдар «әйел атаулының әлемдік-
тарихи  жеңілісі»  деп  атайды  (Энгельс).  Ендігі  кезекте  туыстық 
қатынас еркек жағынан таратылды, ал бұл арнайы шараларды талап 
етті: ұлыңның ұрпақ жалғастырушың екендігіне сенімді болу керек, 
сондықтан  жұптық  неке  моногамиялық  некеге  айналып  еркектің 
билігі (патриархат) орнайды. 
Энгельс Ф. Происхождение семьи, частной собственности и государства. – М., 1973. 
– С. 49.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал