Єабит Мїсірепов



жүктеу 3.1 Mb.
Pdf просмотр
бет3/8
Дата08.11.2022
өлшемі3.1 Mb.
#23483
1   2   3   4   5   6   7   8
8296
 
Алғы сөз.
Тұңғыш көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, 
Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан 
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ғабит Мүсірепов – 
халқымыздың осындай аяулы перзенттерінің, оның 
маңдайында жарқыраған жарық жұлдыздарының бірі еді. 
Әр жұлдыздың туар кезі, тұрар орны болады. Ақ сәулесін 
анық түсіріп, айқын жарқырар шағы болады. Дәуір 
тынысын дәл аңғарып, оның талабына қарай қарекет 
еткен қайраткер адамға әрі–беріден соң уақыттың өзі 
қызмет етеді.
Анау бір жылдары қазіргі оңтүстік астанамыздағы 
Билік үйінің бір сәулетті залында Ғабит Мүсіреповке 
салтанатты жағдайда Социалистік Еңбек Ерінің Алтын 
Жұлдызы тапсырылды.
Сол кездегі СОКП Орталық Комитетінің Саяси 
бюросы мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 
мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 
бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев жазушы 
омырауына «Орақ пен Балға» медалін тағып тұрып
Ғабеңнің қазақ кеңес әдебиетіне сіңірген еңбегін де, 
бүкіл кеңес мәдениетіндегі алатын құрметті орнын да, 
сондай–ақ қаламгердің қоғам қайраткері ретінде халыққа 
танылған қажыр–қабілетін де аз сөзбен тұжырымдап 
жеткізе айтты.
3


Ғабит Мүсірепов өзінің алды-артындағы үйелменімен 
келген үлкен жұлдыздардың ішінде маңдайалдылардың 
бірі болды. Жазушының қазақ әдебиеті мен мәдениетін 
өркендетуге сүбелі үлес қосқаны, оны өткеннен нәр 
алған жаңа негізде өз қолдарымен жасаған «мықты 
шоғырдың» ішінде болғаны қазір баршаға мәлім.
Бүгінгі қазақ қауымдығы, қазақ мәдениетінің 
қазынасындағы Ғабит Мүсірепов атты үлкен ұғымды, бір 
кезде оған көрсетілген жалпы халықтық бағаны үлкен 
жазушының қаламгерлігі мен қайраткерлігінің ортақ 
биігі, заңды мерейі деп қабылдауымыз керек.
Қобда
аудандық
орталықтандырылған 
кітапханасының ақпараттық – библиографиялық бөлімі 
көркем сөздің зергері, жазушы, қоғам қайраткер қазақ 
әдебиетінің идеялық – көркемдік дамуына қомақты үлес 
қосқан үлкен жазушылардың бірі - Ғабит Мүсіреповтің 
туғанына 110 жыл мерейтойына орай ұсыныстық 
библиографиялық көрсеткішін ұсынып отыр. 
Көрсеткіште жазушының өмірбаяны, шығармалары
мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар және 
картотекалар жүйесіндегі әдебиеттер тізімі қамтылды. 
Осы ұсыныстық құрал көпшілік оқырман қауымға 
арналады.
4
33




жүктеу 3.1 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет