Я & 2 а а б Қазақ тіл білімшің антологиясы X. Досиү\ачслүлы Қазақ қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы (таңдамалы) Павлодар 2010 I



жүктеу 0.6 Mb.

бет1/7
Дата10.09.2017
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
13179

Г * 7 .   Я & 2 А

А б *

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМШІҢ АНТОЛОГИЯСЫ

X. Досиү\ачслүлы

Қазақ қырғыз тіліндегі 

сингармонизм заңы

(таңдамалы)

Павлодар


2010

I


УДК 81'362 

ББК 81.2


Д64

Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 20 ж ы лды ғы на арналады

БАС РЕДАКТОР 

Арын Е.М.

ҚҮРАСТЫРУ ШЫ, ЖАУАПТЫ РЕДАКТОР

Құдабаев А.Ж.

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Айтбаев Ө., Әбілқасымов Б., Жанпейісов Е., Жанүзақов Т., 

Жүнісбеков Ә., Қалиев Ғ., Қайдар Ә., Қүсайынов К., Нақысбеков О., 

Оралбаева Н., Сайрамбаев Т., Сарыбаев Ш., Сарбалаев Ж.,

Серғалиев М., Сыздық Р., Хасанов Б.

Д 

64 



ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АНТОЛОГИЯСЫ. Досмүхамедұлы X.

Қазақ  қырғыз  тіліндегі  сингармонизм  заңы  (таңдамалы).  —

Павлодар:  С.  Торайғыров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік 

университеті, 

2010. -  80 б.

І8ВК 978-601-238-067-5

Бұл  кітапқа  X.  Досмұхамедұлының  (1883^939)  ғылыми  мақа- 

лалары топтастырылған.  Негізгі  мақаларының  бірі — Қазақ қырғыз 

тіліндегі сингармонизм заңы.

Дарынды  ғалымның  ана  тіліне  қоса  латын,  араб,  парсы, 

түрік,  орыс,  неміс,  француз  тілдерін  қажетті  деңгейде  меңгерген 

эмбебаптығын қалдырған еңбектері анық көрсетеді.

Осы кітап зиялы қауымға, ғалымдарға, аспиранттарға, қазақ тіл 

білімін терең білгісі келетін жалпы көпшілікке арналады.

Антология материалдары  1998 жылы «Ана тілі» баспасы басып 

шығарған X.  Досмұхамедұлының таңдамалысынан алынды.

р 

С.Торайғыг 



|( 

атындзғы  ПМ 

I академик 

ВвИ

атынл,..  . Ы)



УДК 8Г362 

ББК 81.2

І / І Т І  г

Досмүхамедүлы X. 

Қүрастырушы А.Ж. Құдабаев

ІЗВЗ^Г 978-601-238-067-5 

С. Торайғыров атынд.  ПМУ 2010



А Л Ғ Ы   С Ө З

ҚАЗАҚ  ТІЛ  БІЛІМ І  -   қазақ  тілінің  эр  жақтары  (дыбыс

жүйесі  мен  сөздік  құрамын,  грамматикалық  құрылымы)  мен 

салаларын  (фонетика,  лексикология,  грамматика)  олардың да- 

муын,  өзара  байланысын,  ішкі  заңдылықтарын  жан-жақты 

зерттейтін  гылым  саласы.  Қазіргі  қазақ  тілі  -   саяси,  ғылыми 

көркем әдебиет, публицистика, күнделікті радио мен теледидар 

хабарларында  қолданылып  жүрген  Қазақстан  Республикасы-

ның мемлекеттік тілі.

Қазақ  тілінің  өсуі  мен  дамуын  қазак  тіл  білімі  тұрғысы- 

нан  ғана  емес,  жалпы  түркология  ғылымы  тұрғысынан  алып 

қарағанда, шығып жатқан ғылыми еңбектерінің саны жағынан 

болсын, жаңа әдістерді қолдану, ғылыми проблемаларды шешу, 

мамандар  даярлау  жағынан  болсын,  әлемдік  түркологияда

алдыңғы қатарға шықты.

Тіл білімінің жаңа саласы статистика, қолданбалы лингвис- 

тика  әдістерін  түркология  ғылымында  алғаш  қолданған  да

Қазақстан ғалымдары болатын.

Бүгінгі  кезде  үлттық  тіл  зерттеулеріне  деген  сұраныстың 

көптігіне байланысты осы еңбекті шығару ісі қолға алынды.

Сіздердің қолдарыңызға тиген  «Қазақ тіл  білімінің  антоло- 

гиясы» атты сериялық басылымда ұлттық тілдің дамуына мол 

үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін  белгілі  жүйемен топтас-

тыруды жөн көрдік.

Қазақ  тіл  білімі  антологиясының  басты  мақсаты  -   клас-

сикалық  үлгідегі  жазылған  ғылыми  еңбектердің,  тілдік 

зерттеулердің, 

ғылыми 


ой-тұжырымдардың 

көрсеткішін 

кейінгі  жас  ғалымдарға,  ұрпағымызға  үлгі  ету.  Талдаудың, 

пайымдаудың, дәлелдеудің сан қырлы тәсілдеріне бойлатудың

нақты мүмкіндігін ұсыну.

Қай  елдің  болмасын  рухани  мұрасын  танып  — талдаудың,

бағалаудың  ғылыми  қалыптасқан  шарттары  бар.  Мұндағы

3


ғылыми  ізденістер  осы  талаптардың  биігінен  көріне  алған. 

Қазақ  ш а ----- -----------------  

барлық бастау көзінің бұлағы.



салаларының

Бұл


кезде  кітапханалардың  сирек  қорларында  өте  аз  эрі  санаулы

болғандықтан жэне кейбіреулері тіпті жетіспейтіндіктен қайта 

жинақтап, жариялату ісі қолға алынды.

Редакииядан.

4


ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ТІЛШДЕГІ СИНГАРМОНИЗМ ЗАҢЫ

Қазақ-қырғыз  жұрты  оянғаннан  бері  мәдениет  бәйгісінде 

ілгері кеткен жұртқа жетудің қамын қылып жатыр. Мәдениет-

тің негізі -  оілім.

Білімге  тіл  арқылы  жетіледі.  Білімді  жұрттардың  тілі  бай 

болады.


Оянған  жұрт  қарқынды  келеді.  Елестеген  мұратқа  жету

ұшін  көоіне  алды-артына,  жан-жағына  қарамаи  екпіндеиді. 

Әдет,  заң,  тіл  секілді  өзіндегі  барды  кемге  санап,  соларды 

жылдамырақ көңілдегідей өзгертуге салынады. Жайымен тер- 

геп,  ақырындап  тексеруге  талпынған  жұрек  сабыр  бермейді. 

Қарқынды  жарыста,  екпінді  жұмыста  елдің  елдігіне  негіз  бо- 

лып  түрған  нәрселердің  де  абайламастан  өзгеріп  кететіні  бо- 

лады.  Мәдениет  қуған  жұрттың  ең  алдымен  тілі  өзгермекші. 

Шеттен  кірген  біліммен,  әдетпен,  заңмен жаңалықтарға үғым 

беретін  жаңа  сөздер  келмекші.  Білімге  кірген  жаңа  сөздердің 

көбі үлгіге алынған мәдениетті жұрттың сөздері болмақшы.

Осы  күнгі  қазақтың  әдебиетінде  шеттен  кірген  сөздер  өте 

көбейіп  кетті.  Төңкерістен  соңғы  шыққан  журнал-газеттер- 

дің іші толған жат сөз.  Білім,  оқу әдебиеті де жат сөзге байы- 

ды.  Заманымыздағы  көркем  әдебиетіміз де  жат сөздерден  құр 

емес.


Оқытушыға  да,  үйренушіге  де,  ұгіттеушіге  де,  жазушыға 

да, білімдіге де, білімсізге де, шешенге де, ақынға да жат сөзсіз 

кұнелте алмайтын заман туды.

Топан  суындай  қаптап,  тілімізді  жат  сөздер  басып  бара 

жатқан мезгілде ескерілмей ұмытылуға айналған тіліміздің бір 

негізгі заңын еске салғымыз келеді.

Түрік  тілі  -   жалғамалы  тіл.  Жалғамалы  тілдегі  сөздердің 

тұбірі өзгермейді.  Сөз аяғына жалғанған қосымшалар  арқылы 

өзгереді.  Қазақ-  қырғыз  тілі  -   түрік  тілінің  бір  тарауы. 

Сондықтан  қазақ-қырғыз  сөздері  де  түбін  өзгертпей,  аяғына



 

5


қосылған  жалғауменен  өзгереді.  Бұл  заң  «Тіл  -   құралдан» 

белгілі.


Қазақ-қырғыз  сөзінің түбірі  не  солайымен жуан  айтылады, 

не солайымен жіңішке айтылады.

Жалқы сөздің түбіріндегі дыбыстардың біреуі  жуан  болып,

біреуі жіңішке болып еш уақытта естілмейді. Қазақтың негізгі

жалқы  сөзінің түбірінде  жуан дыбыстар  мен  жіңішке  дыбыс-

тар  араласып  үшырамайды.  Бір  сөздің  ішіндегі  дыбыстардың

бәрінің  бірдей дауыспен  (не  жуан,  не жіңішке) үйқасып  айты-

луын  білім  тілінде  «сингармонизм»  дейді.  Сингармонизм  де-

ген сөз, қазақша айтқанда, үндестік, үйқастық деген мағынада.

Сингармонизм түрік тілінің айрықша өзіне біткен қасиеті. Түрік

тілдерінщ көбі (Ыстамбүл түріктері, Қазан ноғайы, сарт-өзбек,

тағы талайлар) түрік емес халықтардың сөзін көп алғандықтан,>

жат жүрттарға көп  араласқандықтан, осы айрықша қасиетінен

айрылып қалып отыр.  Осы күндерде қазақ-қырғыз секілді шет

жүрттармен  жарытып  араласпай,  нағыз  түріктікті  сақтаған

елдердщ  тілдерінде  ғана  сингармонизм  заңы  өзгерместен 

қалып отыр. 

‘ 

’■



 з 

' '


Бірқатар  білгіштердің  ойынша,  сингармонизм  дауысты 

дыбыстардың үндес болып, үйқасып, бір дауыспен (не жуан, не 

жіңішке)  айтылуынан  шығады.  Дауысты  дыбыстар  қалай  ай- 

тылса, дауыссыз я жарты дауыс дыбыстар солай айтылмақшы. 

Бір сөздің ішіндегі дауысты дыбыстар бірігіп, өңге дыбыстарға 

ән береді, дауыссыз я жарты дауысты дыбыстар өз  алдына үн 

шығара алмайды, дауыстылардың берген әнін ғана үстайды. Да- 

уыстылар сөздің қалай айтылуын билеп түрған үйғарушылар 

әншілер.  Дауыссыздар  мен  жарым  дауыстылар  бүлардың 

соңына ерген дауыссыз нөкерлері болып шығады.

Сондықтан сингармонизм заңы дауыстылардың гәрмөндесу 

заңы я дауыстылардың гәрмөние заңы деп те айтылады.

Біздщ ойымызша, сөздегі дауысты (Бүл сөз түпнүсқада қате 

жазылған  болуы  мүмкін,  сондықтан  «дауыссыз»  деп  оқу  ке- 



6

рек. -  Ред.) я жарты дауысты дыбыстар үнсіз, мүлде сақау емес, 

бүлардың  аз  да  болса  дауысы  бар.  Бүлар  қостаушылар,  бірақ 

бүлардың дауысы дауыстылардікіндей ашық емес, саңыраулау 

естіледі.  Сөзді  әнге,  сөз  ішіндегі дыбыстарды қосылып  ән  ай- 

тушы  адамдарға  балауға  болады.  Мәселен:  бес  кісі  қосылып 

ән салса,  бір-екеуінің ғана дауысы анық естіледі де,  өңгесінің 

дауыстары  дүдәмәл  байқалады.  Сондықтан  біз  «дауысты- 

лар  гәрмөниесі» дегеннің орнына  «дыбыстар  гәрмөниесі» деп

аитқанды дүрыс көреміз.

Бір сөздің я жуан, я жіңішке болып екі түрлі айтылуы қазақ- 

қырғыз тіліндегі әр дыбыстың біресе жуан, біресе жіңішке бо- 

лып қос  айтылуынан. Дыбыс жуан  айтылғанда тілдің түбімен 

айтылып,  тамақтан  (көмейден)  шыққандай  болып  сезіледі; 

сол  дыбыс  жіңішке  айтылғанда  үшымен  сөйлегендей  болып, 

ауыздың алдыңғы жағынан шыққандай болып сезіледі. Дауы- 

сты дыбыстарда бүл анық байқалады, дауыссыз я жарты дауы- 

сты дыбыстарда дүдәмәл сезіледі.

Бүл  күнде  біздің  тілімізде  жалғыз  «е»  дыбысынан  басқа 

барлық дыбыс  қос  айтылады.  Осы күнгі  «е» дыбысы  «ә»-ден, 

«і»-ден туса керек.  Соңғы екеуі де қос дыбыс.  Сөздің қысқасы, 

қазақ  тіліндегі  дыбыстарда  жүптық  я  қостық  бар.  Бүл  -   ескі 

түрік тілінің заңы.

Мысал  үшін  дауысты  дыбыстарды  тергелік.  «Е»-ні 

шығарғанда, қазақ-қырғыз тілінде сегіз түрлі айтылатын төрт 

дауысты дыбыс бар. Бүлардың жуан түрі мыналар: а(алым, мас), 

о(ор, тор), ү(үр, түр),  ы(ылғал,  сыз).  Жіңішке түрлері  мыналар: 

ә(әлім, мәс), ө(өр, төр), ү(үр, түр), і(ілмек, із).

Дауыстылардан басқа қазақ-қырғыз тілінде он бес дауыссыз 

дыбыс бар, екі жарты дауысты дыбыс бар (у, й). Сонымен қазақ- 

қырғыз тілінде  бес дауысты  (бірі жіңішке, төртеуі  қос), он бес 

дауыссыз, екі жарты дауысты дыбыс бар.

Дауыссыз,  жарты  дауысты  дыбыстардың  бәрі  де  қос, 

қазақ-қырғыз  дыбыстарын  таңбалау  үшін  кішкене  өзгертіп


арабтың хәріфтерін алдық. Араб тілінде де шала қос дыбыстық 

байқалады,  әліпбиінде  кей  бір  дыбыстардың  жуан  түрін, 

жіңішке түрін айырып белгілеген таңбалары бар,

Қазақ-қырғызша  әліпби  түзегенде  арабтың  әліпбиіндегі 

қос дыбыстық түтасымен алынган жоқ, жазудың жеңілденетін 

жолы  байқалды.  Қазақ-қырғыздың  әліпбиінде  арабтың  қос 

дыбыстығы  екі  дыбыс  турасында  ғана  қолданылды.  «Қ,  ғ» 

хәріфтері  екі  дыбыстың  жуан  түрлерін  таңбалау үшін,  «к,  г» 

хәріфтері  сол  екі  дыбыстың  жіңішке  түрлерінгтаңбалау  үшін 

алынды.  Өңге  алынған  хәріфтер  дыбыстардың  жуан  түрін 

белгіледі.  Дыбыстың  жіңішке  түрін  белгілеу  үшін  жуан 

белгілеген таңбаның алдына дәйекші қойылатын болды.

Қазақ-қыргыздың сөзіндегі  дыбыстар  үйқасып,  үндесіп  ай- 

тылатын болғандықтан, сөздегі әр хәріфтердің алдына дәйекші

қоюдың керегі жоқ болды, бүтін сөздің алдына жалғыз дәйекші 

қойылса да жететін болды.

Қолданған  дәйекшіміз  сингармонизм  заңынан  туып  отыр. 

Дәйекшінің мағынасы осы. Мүны үмытпасқа керек.

Сингармонизм  заңы  тіліміздегі  дыбыстардың  таңбаларын 

екі еседей азайтьш жазуға көп жеңілдік беріп отыр. Дүрысында 

«қ» мен «ғ» дыбысының жіңішке түрін дәйекші қойып таңбалау

керек еді. «К» мен «г» харіфтерін тастау керек еді.

«Қ»  мен  «ғ»-ның  жіңішке  түрін  белгілеуге  алған  «к» 

мен  «г»  бір  жағынан  хәріфтердің  санын  көбейтсе  де,  екінші 

жағынан  дәйекшіні  азайтуға  себеп  болып  отыр.  Ішінде  «к,  г,

е» таңбаларымен белгіленген дыбыстары бар сөз сингармонизм

заңы бойынша әрқашанда жіңішке айты лмақ. Мүндай сөздердің

алдына дәйекші қоюдьщ керегі жоқ. Сондықтан қолданған «к» 

мен «г» хәріфтерін қолдана беру керек.

Жоғарғы  айтылғанның  бәрі  сөздің  түбірі  туралы.  Қазақ-

қырғызтіліндегісөздіңтүбірісингармонизмзаңынабағынатыны

анық. Енді жалғауларға, туынды сөздерге келелік.

8


Қазақ-қырғыз  тіліндегі  сөздердің  түбірі  еш  уақытта 

өзгермейді.  Қазақ-қырғыз  сөзі  өзгергенде  аяғына  жалғанған 

қосымшалар арқылы өзгереді.

Тіліміздегі қосымшалар: 1) жалғау, 2) жүрнақ, 3) жіктеу болып 

бөлінеді. Байқап қарасақ, жалғаулар сөздің түбіріне үйқасады. 

Сөздің түбірі жуан айтылса, жалғанған жалғау да жуан айтыла- 

ды. Сөздің түбірі жіңішке айтылса, тіркелген жалғау да жіңішке 

айтылады. Сондықтан жалғаулар қос болады.

Тіліміздегі  жуан  айтылатын  жалғаулар  мыналар:  1)  -ның, 

дың; 2) -ға, -қа, -а,-на;  3) -ды, -ны, -н; 4) -да, -нда;  5) -дан, -нан; 

6) -дар, -лар.

Бүлардың  жіңішке  айтылатын  жүптары  мыналар:  1)  -нің, 

-дің;  2)  -ке,-ге,  -е,  -не;  3)  -ні,  -ді,  -ін;  4)  -де,  -нде;  5)  -ден,  -нен;

6)  -лер, -дер.

Қазақ-қырғыздың өзіне меншікті түпкі сөздерінде бүлардан 

басқа жалғаулар жоқ. «Тіл -  қүрал» да осыны айтады.

Шеттен келген сөздерге -дә, -ндә, -дән, -нән, -ләр, -дәр деген 

жалғаулар бар деушілерге тілімізге кірген жат сөздерді тексер-

генде жауап береміз.

Жалғаулар айрықша сөз емес, сөздің мүшесі, буыны. Өз ал- 

дына  айтқанда,  бүларда мағына жоқ,  сондықтан  бөлек  айтыл- 

майды.


Қазақ-қырғыз тіліндегі  жалғаулардың  жалғасқан  түбірімен 

үйқасып, әндесіп сөйленетіндігі анық.

Жіңішке түбірге жуан жалғау я жуан түбірге жіңішке жалғау

еш уақытта қосылмайды.

Жалғыз  сингармонизм  заңымен  жалғасады.  Тәуелдіктер де 

жалғаулардың ізімен жүріп сингармонизм заңына көнеді. 

Жіктеудегі  жалғаулар  өте  көп.  Әр  райдың  жалғауы  басқа

болады.


Әр райдағы жалғауларды  алып тексеріп  қарасақ,  жіктеудің 

де сингармонизм заңымен жүретіндігі анық байқалады. Қазақ- 

қырғыз тіліндегі етістіктің түбірін я түқылын табу қиын емес.

9


Етістіктің болымды түрін жекеше жіктегенде билік райдың 

екінші  жағына  арналған  сөз  салт  һәм  сабақты  етістіктердің 

түбірі болады, өңге етістіктердің түқылы болады.

Үлгі үшін мынаны келтіреміз: сал, түр, жарыс, таран, түрғыз, 

алдыр, жеңіл, соғыстыр, жүлқыла, үйықтатыңқыра.

Етістіктің әр райдағы болымды, болымсыз түрін үш жақ, екі 

айырыс, үш шақ бойынша жіктегенде етістіктегі жалғаулардың 

түбірі түқылымен әндес екендігі анық байқалады.

Жіңішке  түбірге  я  түқылға  жіңішке  жалғау,  жуан  түбірге

я  түқылға  жуан  жалғау  арналған  жіктеуде  еш  уақытта  жуан

түбірге (түқылға) жіңішке жалғау я жіңішке түбірге (түқылға) 

жуан жалғау қосылмайды.

Жіктеуде  сингармонизм  соншама  мықты,  түбір  мен  жал- 

ғаудың  арасындағы  дәнекер  дыбыс  та  түбірге  әндес  келеді.



Ш ? .

 



* т  

саз, жүз деген сөздерді алайық: жсізсійын — жүзейін, 



жуземін, жазасың -  жүзесің, жазады I  жүзеді.

жаза.

Мұндай


Сингармонизм  заңы  көсемше,  есімше  етістіктерде  айқын

Ш

байқалады.



Түбірдің жуан, жіңішке айты л уына қарай үнемді көсемшедегі 

жалғаулар «-а» я «-е» болады (жаза бердім, жүре бердім). Ниетті

щ

жазгалы

жүргелі

Өткен шақтық есімшедегі «-ған»  (-қан) я «-ген» (-кен) деген



жазган

жүрген

Үйғарынды есімшедегі «-атүн» (жазатүн), «-етүн» (көретүн)

Деген  жалғаулар  да  сингармонизмге  бағынған.  Үйғарынды

есімшедегі «-атүн», «-етүн» жалғаулардың нағыз дүрыс қалпы

«-түғын», жаза-тугын,  бара-тугын,  журе-түгын,  көре-тугын, 

тагы талайлар.

10


Ұйғарынды  есімше  негізінде  екі  сөзден  құралған.  Тіл  ше- 

берленген уақытта есімшедегі  екі сөз қосылып,  бір сөз болуға 

бейімделген.

«Тұғын»  деген  сөз  өнемейін  қатты  айтылады.  Алдындағы 

жуан  сөзбен  біріктіріп  айтуға  болса  да,  алдындағы  жіңішке 

сөзбен біріктіріп айтуға болмайды. Екі сөзден бір сөз туғызғанда 

сингармонизм  заңына  хилап  келмес  ұшін  «-тұғын»  деген  сөз 

«-түң»  күйінен  өзгеріп,  қүйқылжымалы  «-түн»  деген  жалғау 

болған.

Сингармонизм  тіліміздің  негізгі  заңы  екендігіне  «түғын» 



өзгеріп  «түн»-ға  я  «түн»-ге  айналғаны  анық  дәлел.  Мұның 

жайында алдымызда әлі сөйлерміз.

Көсемше мен есімше  етістіктердің болымды түрлері де, бо- 

лымсыз түрлері де сингармонизм заңына анық бағынады.

Енді  жүрнақтарға  келсек,  мүнда  да  жалғаулар  туралы 

айтқанға жолығамыз.

Қазақ-қырғыз  тіліндегі  жүрнақтар  екі  түрлі:  бірі  -   шын 

жүрнақ, екіншісі -  шала жүрнақ. Шын жүрнақ сөз емес, айрықша 

айтылғанда  мағынасыз  болады,  сондықтан  бүлар  өз  алдына 

бөлек айтылмайды. Шын жүрнақ сөздің буыны, мүшесі.

Қазақ-қырғыз тілінде шын жүрнақтар өте көп, бүлар сөздің 

мағынасын өзгертіп, туынды сөздер тудырады.

Шын  жүрнақтың  бәрі  қос  болады.  Жуан түбірге  я  түқылға 

жуан  түрінде  жалғанады,  жіңішке  түбірге  я түқылға  жіңішке 

түрінде жалғанады. Бүл туралы сыпаттың керегі жоқ.

«Тіл  -   қүралда»  мынадай  шын  жүрнақтар  көрсетілген. 

Есімдерде:  -шы (-ші), -лық, -дық, -тық (-лік, -дік, -тік), -шылық 

(-шілік),  -шыл  (-шіл),  -шық  (-шік),  -ша  (-ше),  -қүй  (-күй,  -гүй), 

-лы, -ды,  -ты  (-лі,  -ді, -ті), -сыз  (-сіз),  -лас,  -дас,  -тас  (-лес,  -дес, 

-тес), шаң (-шең), -а (-е), -ла, -да, -та (-ле, -де, -те), -ғар, -қар (-кер), 

-сын (-сін), -шыла (-шіле), -дай (-дей), -дағы (-дегі), -ар (-ер), -ғыл 

(-гіл), -лау, -дау, -тау (-леу, -деу, -теу).

11

і


Етістіктерде:  -с,  -н,  -дыр  (-тыр),  -л,  -т,  -тыйтыр,  -сыйтыр,

-қыз,  -ғыз  (-кіз,  -гіз),  -қыйла,  -ғыйла  (-кійле,  -гійле),  -ңқыра

(-ңкіре), -у, -м, -с, -ш, -қыш, -ғыш (-кіш, -гіш), -уыш, -ғый (-гій),

-қ  (-к),  -қын,  -ғын  (-кім,  -гін),  -ма  (-ме),  -ба  (-бе),  -мал,  -бақыл

(-бекіл),  -мақыл  (-мекіл),  -ақ  (-ек),  -н,  -лық  (-лік),  -ұул  (-үул),

-ман  (-мен).  Бүлардың  бәрі  қос  айтылады,  сингармонизмге 

толық көнеді.

Етістіктегі  алғашқы  он  жүрнақ  -   түқылдағы  етіс  жүрнақ- 

тары. Тұқылдың өзі де сингармонизм заңына толық бағынады.

«Тіл -  қүралға» кірмеген шын жүрнақтар көп:

1) -лдырық, -лдірік (табалдырық, сагалдырьщ, тумылдырық, 

көзілдірік,  өмілдірік);

2) -ңғы, -ңгі, -ңқы, -ңкі (салбыращы, астыңгы, болдырыщы, 



ецкейіңкі,  үстіңгі, ауысыщы);

3) -қақ, -кек, -ғақ, -гек (жаргақ, қүргақ, шорқақ, піскек,  ілгек, 



уркек,  іскек); 

<;

4)  -қай,  -кей,  -ғай,  -гей  (балақай,  қарағай,  еңсегей,  әшекей, 

өңкей, найзағай, жөнегей);

5)  -қам,  -кем  (қалқам,  салқам,  жөргем,  көркем,  икем,  жел- 



кем); 

м

6) -ау, -еу, (қинау, жинау,  көрнеу,  ернеу,  кернеу);



7) -маң, -мең (қылмаң,  кулмең);

8) тағы талайлар. 

«

Жүрнақтың  бәрін  тізіп  жату  бүл  жерде  орын  емес.  Бірақ



жүрнақтардың  бәрін  толық  қылып  жинау  кезекті  жүмыстың 

бірі болуы керек.

Шала жүрнақ деп мағыналы сөзден өзгеріп жүрнақ қалыпқа 

түскен  сөзді  я  жүрнақтықтың  шын  қасиетінен  айырылып, 

қосалқы создің қалыбына аударылған жүрнақты айтамыз.

Шала жүрнақтар қазақ-қырғыз тілінде аз:



1) 

-еке деген шала жүрнақ «әке» деген сөзден өзгерген, жуан 

түрі бүгінде жоқ, алғашқы жуан түрі -аға (-ақа) болса керек.

12


2) -нікі (-дікі,  -тікі) деген қүрама жүрнақ. Бүл «нің» (дің) де- 

ген жалгау мен «кі» деген жүрнақтың қосылуынан туган. -Ніңкі 



(-діңкі) өзгеріп -нікі (-дікі) болған.

-  Нікі -   жүрнақтың  жіңішке  түрі,  жуан  түрі-  нықы.  Бпдің 

тілімізде  жуан  түрі  бүгінде  жойылған,  айтылмайды.  Ноғай 

тілінде бүл жүрнақтың екі түрі  (-ньщы,  -нікі)  осы күнде де ай- 

тылады.

«-Нікі» қазақ тілінде жүрнақтың шын қасиетінен айрылып,



қосалқы сөзге жақындаған.

3)  -Ғана  бүрын  шын  жүрнақ  еді,  жіңішке  түрі  -гене  (-гана,



-гене) еді.

-Гене бүл күнде қазақ тілінде айтылмайды, жойылған. - Ғана 

жүбынан  айрылған  соң,  шын  жүрнақтықтан  да  айрылған.  Бү 

күнде қосалқы сөз ретінде айтылады.

4)  -Күнем  (пайда-күнем,  мас-күнем,  қас-күнем).  -Күнемнің 

жуан түрі жоқ, сондықтан шала жүрнақ я қосалқы сөз ретінде 

сөйленеді.

Тілімізге  жат  тілдерден  (парсыдан)  кірген  жүрнақтар  бар: 

1) -кер (-гер),

2) 

-хор,  3)  -паз.  Жат тілден кірген  жүрнақтар  шала  жүрнақ- 

тарға қосылады, бүларда қостық жоқ.



-Кер  (-гер)  өнемейін  жіңішке  айтылады.  Алдындағы 

қосылатын түбір сөзі жіңішке болса, дүп-дүрыс болып сингар- 

монизм заңымен жүре береді (іс-кер - іскер).

Алдындағы қосылатын түбірі жуан айтылатын сөз болса, бүл 

сөзді  «-кер» жіңішкертіп алып қосылады:  саудагер -  сәудегер, 

хайлакер  -  хәйлекер,  яғни  айла-кер  -  әйлекер,  жүмыс-гер  - 

жүмыс-кер- жүмыс-кер, тағы талай үлгі келтіруге болады.

-Кер  (-гер) жүрнақ жат тілден келген шала жүрнақ болса да 

бү күнде шын жүрнаққа айналып барады.



-Паз  (әсем-паз,  өнер-паз)  өнеймейін  жуан  айтылады,  түбір 

сөзбен әндеспейді.

13


-Хор (пара-хор, алым-хор, жем-хор) өнемейін жуан айтылады. 

Бұ да алдындағы сөзбен әндеспейді.

Жұрнақтар  туралы  әңгімені  қорытқанда  мынадай  жазу 

қағидасы туады: 

.  ,  /

1)  Шын  жұрнақтар  сөзге  қосылып  жазылуы  керек.  Шала



жұрнақтар түбір сөзге жалғаспай сызықшамен бөл ініп жазылуға 

керек. 


"

-Кер  (-гер)  жүрнақ  шын  жүрнаққа  есептелінеді,  сондықтан 

түбірімен бірге жазылуы керек.

Жазудың осындай қағидасы сингармонизм заңынан шыгып 

отыр.


Демеулерде де  сингармонизм  заңы  анық  байқалады.  Сүрау

демеудің жуан түрлері: ма, ба, да; жіңішке түрлері: ме, бе, де.

Демеу алдыңғы сөзбен  үндеседі.  Алдыңғы  сөз  жуан  болса,



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал