Xx ғасырдың бас кезінде Алаш зия лылары отарлық езгіде азап шегіп жатқан



жүктеу 172.04 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі172.04 Kb.

XX ғасырдың бас кезінде Алаш зия-

лылары отарлық езгіде азап шегіп жатқан 

қ

азақ халқының аянышты халін көріп, оны 



құ

тқарып алудың жолын іздеп шарқ  ұрды. 

Халықты отарлық бұғаудан  құтқару үшін 

азаттық, бостандық  ұранын ту  қылып тігіп, 

бүкіл халықты осы жолда бірлесіп күресуге 

шақырады. Тәуелсіздікті армандаған Алаш 

зиялылары 1917 жылы желтоқсанда Орынбор 

қ

аласында Алаш автономиясын жариялады. 



Оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов 

сайланды. Бұл Алашорда өкіметінің негізгі 

мақсаты-тәуелсіздікке қол жеткізіп, халықтың 

тұрмыс-халін жақсарту еді. 

Қ

азақтың мүддесін  қорғайтын Алашор-



да өкіметі  құрылғанын естіп білген  қазақтың 

саналы азаматтарының да, халықтың да 

қ

уаныштарында шек болмады. «Отарлық 



бұғаудан  құтылдық  қой» - деп бөріктерін 

аспанға атты. Бірақ бұл  қуаныш баянды емес 

еді. Отарлық саясаттан  қол үзбеген Уақытша 

өкімет те, Колчак өкіметі де Алаш автономи-

ясын  қолдамады. Кеңес өкіметі Алаш автоно-

миясын қолдау түгіл, Алаш көсемдерін  қуғын-

сүргінге  ұшыратып, ақыры оларды «Халық 

жаулары» деген желеумен 1937-1938 жылдары 

жаппай  қырып тастады. Бұлармен бірге Алаш 

саясатын  қолдамаған Кеңес үкіметіне бірлесе 

қ

ызмет атқарып жүрген  қазақ зиялыларын да 



құ

ртып жіберді. Сөйтіп, Кеңес өкіметі көзге 

түскен адамдарды аяусыз жазалап, халықты 

қ

орқытып, зәресін алып бұқтырып тастаса да 



әділетсіз  қоғамға іштей  қарсылық еш уақытта 

тоқырап  қалған емес. 

Кеңестік тоталитарлық жүйенің жендет-

тері асқан  қатыгездікпен  қатал тәртіп орна-

тып отырса да азаттықты аңсаған кейбір са-

Махмет  Т Е М І Р О В 

налы жастар өз 

қ

атарларының 



ұ

лттық санасын 

оятуға  ұмтылып 

келді. Мектеп 

оқушыларынан 

бастап, жоғары 

оқу орындарындағы заман ағымын аңғара 

бастаған кейбір саналы студенттер  қазақ 

халқына жасалып отырған зорлық пен 

қ

иянаттарды көздерімен көріп, әділетсіз 



қ

оғамға өздерінің наразылықтарын әр жерде 

білдіріп отырды. Олар өшіп бара жатқан өз 

халқының тіліне, дініне, салт-санасына жаны 

ашып, келешекте  қазақ халқы өзінің  ұлттық 

қ

алпын сақтай алмай жоғалып кетеді-ау деп 



қ

айғырып, азаттық алса екен-ау деп арманда-

ды. Енді туған халқының азаттық алуын ар-

мандап, өз бастарына төніп тұрған  қатерден 

де сескенбеген абзал азаматтар туралы сөз 

қ

озғайық. 



1940-1941 оқу жылында  Қарағанды об-

лысы Нұра ауданындағы Казгородок (қазіргі 

Кертінді) ауылындағы орта мектепті бітірген 

бір топ оқушылар  Қарағандыдағы екі жылдық 

оқытушылар институтына келіп, оқуға түстік. 

Бәріміз де бір бөлмеде жатамыз. Ауылдағы 

мектепте радио жоқ еді. Мұнда күндіз-түні ра-

дио сайрап тұр. Радиодан әр түрлі хабар естіп, 

қ

азақтың тамаша ән-күйлерін тыңдап, руха-



ни азыққа кенелдік те  қалдық. Өзіміз бұрын 

көрмеғен газет, журналдарды да тауып алып, 

қ

ызыға оқимыз. Кітап оқығың келсе,  қалалық 



кітапханаға барасың. 

Институтта біздерге  қазақ әдебиетінен 

Айтбай Нарешев лекция оқитын. Ол лек-

ция оқығанда бәріміз де  ұйып тыңдап, ел-



тіп  қалғандай болатынбыз. Өйткені  қағазға 

да, кітапқа да  қарамай түсіндіріп отырған 

ақындардың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айта-

тын. Институттағы «Жас  қалам» деп аталатын 

үйірмеге өзі басшылық етті. Онда оқып талдай-

тын кітаптарды да өзі әкеліп отыратын. Оның 

әдеби үйірмені басқарып жүргізіп отырудағы 

тікелей көмекшісі Бүркіт Ысқақов болды. 

Бір күні Айтбай Нәрешев ауырып  қалып, 

институтқа келмеғен соң, Бүркіт екеуіміз үйіне 

бардық. Төсек тартып жатыр екен. Амандық-

саулық сұрасқаннан кейін інісі Рамазанға кітап 

сөрелерінен бір-екі кітап алғызып берді. Оның 

жеке кітапханасындағы кітаптардың көптігінен 

бұрын мұндайды көрмеген Бүркіт екеуіміздің 

есіміз шықты. Біз көзбен сүзіп, таңдана  қарап 

жатырмыз. Ашық тұрған кітап сөрелерінің 

қ

асында  құлыптаулы бір шкаф тұр екен. Онда 



да кітап толып тұр. Оны ашып  қарауға бізге 

ұ

лықсат бермеді. Біз не болса да соны ашып 



көруге  құмарта түстік. Кейіннен ағасының 

үйде жоқтығын пайдаланып, інісі Рамазанға 

жалынып шкафты аштырып көрсек, іші толған 

«халық жаулары» Сәкеннің, Бейімбеттің, 

Ілиястың т.б кітаптары. Шкафтың ең төменгі түп 

жағында бізді ерекше  қызықтыратын арапша 

әріптермен жазылған Ахмет Байтұрсыновтың 

«Маса», «Қырық мысал» кітаптары, Міржақып 

Дулатовтың «Оян,  қазақ!» сияқты кітаптары 

сақтаулы екен. 

Бүркіт екеуімізді ерекше  қызықтырған тағы 

бір кітап Сәбит Мұқановтың  « X X ғасырдағы 

қ

азақ әдебиеті» (1-бөлім, 



ұ

лтшылдық 

- байшылдық дәуір.  Қазақстан баспасы. 

1932 жыл.  Қызылорда. Латын әріптерімен 

жазылған) деғен кітабы болды. Бүркіт еке-

уіміз бұл кітаптарды біртіндеп  қана білдірт-

пей алып, ешкімге көрсетпей оңаша оқып 

шықтық. Өзімізге  ұнаған өлеңдерді дәптерге 

жазып алып, жаттап отырдық. 

Біздің жататын жеріміз институттың ең 

төменгі  қабатында. Жоғарғы  қабатындағы 

бөлмелер оқу кабинеттері. Олар лекция біт-

кеннен кейін  құлыпталмай ашық тұрады. 

Бүркіт екеуміз басқа студенттер ұйықтағаннан 

кейін сол бөлмелерде оңаша оқып жүрдік. 

Алаш ақындары мен олардың көсемдері 

жайында түсінік алып, олардың не үшін 

күрескенін білгеніміз-біздердің ұлттық намы-

сымызды оятып, ерекше рухтандырып жібер-

ді. Алдағы уақытта сол Алаш азаматтарының 

жолын  қуып, туған еліміздің азаттығы, 

бостандығы үшін күресуге бел будық. 



Елім-ау, бір сен үшін міндік атқа, 

Қ

олдан жем  қылмаймыз деп сені жатқа. 

Қ

олға алып Алаш туын  ұрандадық, 

Қ

арамай шапқан  қылыш, атқан оққа. 

Осы сияқты туған елі үшін жан аямай еңбек 

ете білген Алаш ақындары М. Дулатовтың, 

А. Байтұрсыновтың т.б өлендерін оқып, 

өмірлерінен түсінік алғаннан кейін  қазақ 

халқының нағыз жанашырлары Алаш азамат-

тары екенін білдік. 

Азаттықты аңсап жүрген Алаш 

азаматтарының бәрі де туған елін отарлық 

бұғаудан 

құ

тқарып, бостандық, азаттық 



әперу үшін төніп тұрған  қауіп-қатерден де 

қ

аймықпай, шыбын жандарын да пида етуге 



дайын тұрған. 

Бұған Мағжанның мына өлеңі толық дәлел 

бола алады: 

Желе бер жаным  қ а р а көк, 

Желкілде желмен айдарым. 

Қ

олымда найза көк болат, 

Ерлігіме айғағым. 

Ұ

лт дегенде көпіршіп, 

Жарайсың  қаным  қайнадың! 

Ұ

лтымнан мен садаға 

Бекіндім, белді байладым 

Білгенін енді істесін, 

Өлімменен ойнадым! 

Бұдан асқан туған халқы үшін жасайтын 

ерлік болар ма! 

Осы сарындас жазылған өлеңдер біздерге 

жігер беріп, рухымызды көтере түсетін еді. 

Немесе Аймауытовтың: 



Арғы атам - ер түрік, 

Біз  қазақ - еліміз, 

Самал тау шалқар көл, 

Сарыарқа жеріміз. 

Бұғаудан босанған 

Біз-долы арыстан, 

Долданса болмайтын 

Жаңа дәу-періміз. 

Ер түрік ежелден, 

Оқ тескен етіміз. 

Қ

аймығып еш жаудан 

Қ

айтпаған бетіміз. 

Жаусын оқ, ақсын  қан, 

Шықсын жан,  қорқу жоқ 

Алаштың жолында 

Жан  қимақ-ниетіміз. 

Осы сияқты Алаш ақындарының өлеңдері 

біздің жастық жігерімізді желпіндіріп, 

Алаш арыстары орындаймыз деп  ұмтылған 

азаттық, бостандық идеясын біз де әрі  қарай 

жалғастырып, тәуелсіздік үшін күрессек-ау 

деп армандадық. 

Елімізді коммунистік партия емес, Алаш 

партиясы билесе,  қазақ халқы ешқандай 

күйзеліске,  қырғынға  ұшырамаған болар еді. 

Қ

азақтар 1931-1933 жылдары аштықтан жап-



пай  қырылып жатқанда Компартия ешқандай 

көңіл аудармай: «Біздің елде бәрі де бар, 

бәрі де тамаша» - деп, лепіріп жүре берді. 

Қ

азақтар біржолата  құрып кетсе де  қиналып, 



қ

айғыратын түрі болмады. 

Бүркіт екеуіміз өзіміздің сенімді де-

ген достарымызға жаттап алған Алаш 

ақындарының өлеңдерін ауызша айтып 

жүрдік. Байқасақ, естіп, тыңдағандардың бәрі 

де сүйсініп өте  ұнататын болды. Екеуімізді де 

бұл жағдай өте жігерлендіре түсті. Енді Алаш 

партиясы сияқты халықты сүйетін, тек халық 

үшін  қызмет қылатын жаңа партия  құрсақ деп 

ойлай бастадық. Ондай партияны қалай деп ата-

уымыз керек деген ой көп толғандырды. Әуелі 

«Жас алаш» деп атамақ болдық. Мұны  қойып 

«Жас  қазақ» демек те болдық. Ақыры «Елін 

сүйген ерлер партиясы»  қысқарта айтқанда 

«ЕСЕП» деп атадық. Бұл 1941 жылдың ақпан 

айының аяқ кезі еді. 

Енді мұны пікірлес достарымызға жария 

етпекпіз. Өзіміз жатқан жатақхананың бір 

бөлмесіне тегіс жиналдық. Бәріміз отырмыз. 

Бүркіт түрегеп тұр. Оның күлімдеген түрінен 

барлығы да бір жаңа хабар күткендей тып-ты-

ныш бола  қалды. 

Ол 1928 жылы Кеңес үкіметінің  қазақ 

байларын зар жылатып мал-мүлкін тартып 

алғанын, бұл тәркілеудің нәтижесінде бай-

ларды ғана емес, олардың жұмысын істеп, 

бала-шағаларын асырап жүрген кедей-жал-

шыларды да ауыр жағдайға  ұшыратқанын ай-

тып берді. 

1929-1930 жылдары «колхоздастырамыз» 

- деп барлық  қазақтың күнелтіп отырған 

малын түк  қалдырмай тартып алып, бүкіл 

халықты аштық алапатына, жаппай  қырғынға 

ұ

шыратқанын, тіпті 



қ

азақты біржола-

та  құрта жаздағанын тәптіштеп түсіндірді. 

Мұнан кейін есеңгіреп  қалған елдің есін 

жиғызбай, «халық жауларын әшкерелеу» 

Елін сүйген ерлер партиясын  құрған ақын, 

ғалым Бүркіт ЫСҚАҚОВ (оң жақта) пен 

оның серігі, досы Махмет ТЕМІРОВ 

деген сұмдық науқан бастап, ел басқарып 

жүрген халықтың зиялы  қауымын да, сауат-

сыз  қарапайым адамдарды да жазықсыздан-

жазықсыз  қуғын-сүргінге  ұшыратқанын айт-

ты.  Қатынасқандардың бәрі де  ұйып тыңдап 

отыр. Сөздің соңында: «Халықтың басына 

түскен осындай ауыртпалықтарға, жан төзбес 

қ

айғы-қасіретке кім кінәлі деп ойлайсыңдар?» 



- деп сұрақ  қойды. Ешкім үндей  қоймады. 

«Ендеше» - деп әрі  қарай жалғастырды өзінің 

айтар пікірін: «Бұған бүкіл елді билеп-төстеп 

тұрған компартия және оның көсемдері айып-

ты. Егер олар халықтың  қамын ойлап,  қызмет 

атқарса, халықты  қайғы-қасірет, күйзеліске 

ұ

шыратпаған болар еді. Сондықтан бүкіл 



халыққа, әсіресе  қазақ халқына елін сүйіп 

қ

ызмет ететін ғана партия керек. Сондай 



жаңа партияны өзіміз  құрып алуымыз керек» 

- деді. Бүркіттің бұл пікірі отырғандарды тегіс 

қ

ызықтыра, ынтықтыра түсті. Олардың ұнатып 



отырғанын білгеннен кейін шабыттана түсіп: 

«Жолдастар, - деді ол, біздің  құрайық деп 

отырған жаңа партиямыз «Елін сүйген ерлер 

партиясы» деп аталады.Оны қысқаша айтқанда 



«ЕСЕП» дейміз, осы отырған бәріміз бүгіннен 

бастап осы «ЕСЕП» партиясының мүшесіміз 

деп есептей беріңдер» - деп тұжырымдады 

өзінің пікірін. Тыңдап отырғандар тіпті риза 

болып,  қол шапалақтап жіберді. 

Сөйтіп, өзіміз жаңа бір саяси партия  құрып 

алдық деп  қуаныстық. Алдағы уақытта оның 

бағдарламасын да, жарғысын да жазып, 

шығарып  қабылдаймыз деп келістік. Оларды 

тездетіп жазу Бүркіт екеуімізге тапсырылды. 

Осы күннен бастап студенттер,  қызметтегі 

жастар тіпті жоғарғы сыныптардағы оқушылар 

арасында үгіт жүргізіп, пікірлесіміздің санын 

өсіре беруге талпындық. «ЕСЕП» партиясы-

ның қазіргі мүшелері деп мына төмендегілерді 

есептедік: Бүркіт Ысқақов (көсемі), Махмет 

Теміров (орынбасары), Елеш Бимағанбетов, 

Дәкен Шалабеков, Аманжол Дүйсенбаев, 

Әшім Сүлейменов, Жанайдар Әубәкіров. 

Бұлар институтта оқып жүрген студенттер. 

Бұлардан басқа ауылда тұратын пікірлес до-

старымыз да партия мүшелері деп есептелді. 

Олар: Рақыш Бұйрабеков, Кәмәли Рахметов, 

Қ

ажыкен Тінтаев, Аққошқар Мұқанов, Ба-



лапан Сәкібаев, Орынбай Сауқанов, Сайда-

лы Кенжебаев (кейіннен Мақуов), Дәулетбек 

Әкімбеков,  Қыздарбек Әкімбековтер еді. 

Құ

пия түрде болса да біздің пікірлестеріміз, 



тілектестеріміз біртіндеп өсе берді. 

Бүркіт екеуіміз бірге оқып жүрген студент-

терге ғана емес, сол кездегі бүкіл  Қарағанды 

қ

аласындағы Жамбыл атындағы жалғыз  қазақ 



мектебіне барып, өзіміз жатқа білетін Алаш 

ақындарының өлендерін айтып, оқушылардың 

ұ

лттық намысын ояту үшін әңгімелесіп 



қ

айтамыз. Бұл мектеп ескі  қалада. Жаңа 

қ

аладан жаяу келіп, жаяу  қайтамыз. Сөйтіп, 



пікірлестер шоғыры мектеп оқушылары ара-

сынан да шыға бастады. Институттағы сту-

денттермен әңгімелесіп, олардың пікірлерін, 

мінез  құлықтарын біліп алғаннан кейін ғана өз 

жағымызға тартуға тырысатынбыз. Біздермен 

пікірлес болғандар тарих факультетінің 

студенттері: Нүркенов Ахметжан, Сейі-

тов  Қайлеш, Аманбаев Мұқаш, Әубәкіров 

Хайритдендер еді. Институтта Бүркітпен 

жақын жүргендердің бірі Жаппар Өмірбеков. 

Біздер кейінірек әдебиет үйірмесінде 

Алаш ақындарының шығармаларын оқып, 

талқылайтын болдық. Мұндай жаңалық үйірме 

мүшелеріне де қатты ұнайтын еді. Талқылауды 

Ахаңның (Ахмет Байтұрсынұлының) «Маса», 

«Қырық мысал» кітаптарынан бастадық. 



Қ

азағым-елім, 

Қ

айқайып белің, 

Сынуға тұр таянып. 

Талуда малың, 

Қ

амауда жаның, 

Аш көзіңді оянып. 

Қ

анған жоқ па әлі 

ұ

йқың 

Ұ

йықтайтын бар не сиқың?! 

деген өлеңін бірден  ұнатып, бәрі де жаттап 

алды.  Қайран данышпан-ай, халқының басына 

қ

аралы күндер туып, ақыры аштық алапатына, 



қ

уғын-сүргінге  ұшыратып  қайқайып белі сы-

нып,  құрып кетуге де айналатынын  қалай бол-

жап айтқан деп таң  қалатын едік. Жақаңның 

(Міржақып Дулатовтың) 

Көзіңді аш, оян  қазақ, көтер басты, 

Өткізбей  қараңғыда бекер жасты. 

Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп, 

Қ

азағым енді жату жарамас-ты. 

деген өлеңін оқығанда ақын біздерді, 

қ

азақ жастарын әділетсіз  қоғаммен күресуге 



шақырып тұрғандай сезінетінбіз. 

Мағжанның «Баян батыр» поэмасы-

мен басқа шығармаларын оқығаннан кейін 

бұрын  қате түсініп жүрген көп дүниені 

қ

айта түсіндіріп, көзімізді ашып жіберген-



дей болды. Абылайды да, Кенесарыны да 

қ

анішер, мейірімсіз, жауыз хандар деп су-



реттейтін. 

Ал Мағжанның: 



Қ

иын күн туған алаш баласына, 

Шұбырып жаппаның сары даласында. 

Кез болған жаудан үркіп, «Ақтабанға» 

Дұшпанның  қалғандай боп табасына. 

Арқаға аяқ салып, түскен барып, 

Екі оттың-орыс,  қытай арасына. 

Күндерде сонау-қара, тапсырған ел, 

Тағдырын Абылайдай данасына. 

Сол күнде ел қорғаған Абылайдың 

Қ

ылсаң да аз  қанша тәуеп моласына. 

дегені біздерді Абылайдың аруағына бас 

идіріп, көңілімізге оған деген сүйіспеншілік 

тудырған еді. Шындығында ақын жазып 

отырғандай бытырап кеткен  қазақтың басын 

қ

осып, ел тағдырын  қолына алып, жау жүрек 



батырларды, беделді билерді маңына жи-

нап, «көп жаудың бірін шауып, бірін арбап», 

даналықпен ел басқара білген көреген хан 

екенін білдік. 



Арқада Бурабайға жер жетпейді, 

Басқа жер ойды ондай тербетпейді. 

Арқада Бурабайға жер жетпесе, 

Алашта Кенеханға ер жетпейді. 

Мағжанның осы сияқты өлеңдері біздердің 

Кенесары туралы  қалыптасып қалған бұрынғы 

теріс түсініктерімізді біржолата өзгертіп жі-

берді. Оны өзінің қара басы үшін хандық дәуірі 

аңсап жүрген  қатыгез, мейрімсіз  қарақшы 

сияқты суреттеп келсе, енді оның барлық іс-

әрекеті отарлық бұғауда туып-өскен шұрайлы 

жерлерінен, мал-мүлкінен айрылып,  қан 

қ

ақсап  қалған  қазақ халқын отарлық бұғаудан 



құ

тқарып, өз алдына дербес тәуелсіз мемле-

кет  құру үшін күресіп, жанын пида  қылғанын 

түсіндік. 

Мағжанның мына өлең жолдары: 

Кене мен Абылайдың жолын  қумай, 

Жапанда жайылудың мәні  қалай?! 

деп біздерді - жастарды азаттық үшін 

күреске шақырып тұрғандай әсер ететін 

еді. Шіркін, халқымыздың азаттығы үшін 

күресетін  қолайлы бір күн туа  қалса, біздер 

жан аямай айқасар едік-ау деп армандадық. 

Алаш арыстарының негізгі көздеген 

мақсатын білгеннен кейін біздердің оларға 

деген сүйіспеншілігіміз өсе түсіп, Кеңес 

өкіметіне деген өшпенділігіміз өрши түсті. 

Бүркіттің пікірін толық  қолдап, дос 

болғандардың ішінде ерекше айтатын-

дары Онайбек 

Құ

дышов пен Орын-



бай Айтмағанбетовтер еді. Сөйтіп біздің 

тілектестеріміздің саны біртіндеп өсе бер-

ді. Осылай шабыттана  қатарымызды өсіріп 

жүрген кезімізде 1941 жыл 22 маусым күні 

Германиямен сұрапыл соғыс басталып кетті. 

Таңертеңгі тамақты ішкеннен кейін Бүркіт 

екеуіміз оңаша бөлініп кеттік. Жаңа ғана бас-

талып кеткен соғыс туралы пікірлесіп жүрміз. 

- Бұл соғыста  қай жақтың жеңгені біздер 

үшін пайдалы деп есептейсің? - деп сұрады 

менен. 

- Менің пікірімше, Кеңес одағының 



жеңілгені дүрыс  қой деп ойлаймын - дедім. 

- Әрине, солай. Солай болуға тиіс - деп өз 

пікірін әрі  қарай жалғастырды.  Қазақ халқы 

ғасырлар бойы патша өкіметінің отары бо-

лып, зар жылап келді. Сөйтіп жүргенде ақпан, 

Қ

азан төңкерістері болып, патша өкіметі құлап, 



өмірден түңіліп жүрген халықтарға жылт ет-

кен үміт сәулесі көрінгендей болды. Бірақ, бұл 

үміт те ақталмады.  Қазақ халқы сорлағанның 

үстіне сорлай берді. Енді міне, біздің халықты 

құ

ртатын  қырғын тағы басталды.  Қазірде 



қ

азақтардың еркектер саны әйелдерден 

әлдеқайда көп. Себебі, 1931-1933 жылдардағы 

аштықта үй ішіндегі балалардың бәріне бір-

дей тамақ тауып бере алмаған ата-аналар ар-

тымызда отымызды өшірмей аман  қалсын 

деп бір ер баланы аман  қалуын тілеген. Енді 

міне, сол жастардың бәрі де  қырғынға барып, 

қ

ыршынынан  қиылмақ. Халықты  қырғыннан 



аман сақтап  қалу үшін не істеу керек?  Қалай 

ойлайсың? - деп маған сұрақ  қойды. Мен ой-

ланып  қалдым. Менің жауабымды күтпей-ақ 

өзі әрі  қарай өз ойын жалғастыра берді. 

- Ендеше, - деді ол мүмкіндігі болса, 

соғысқа бармау керек. Біз кімді  қорғап, кім 

үшін, не үшін соғысамыз? Бізде жанды салып 

қ

орғайтындай тәуелсіз болып отырған өз мем-



лекетіміз бар ма? Әрине, жоқ. Кеңес одағы деп 

отырғанымыз еріксіз  қамалған халықтардың 

абақтысы. Сол абақты күйрегенде ғана ішін-

дегі  қамалғандар еркіндікке шығады. Кеңес 

өкіметі  қазақтарды ылғи  қырғыннан  қырғынға 

ұ

шыратып келеді. 



Олай болса, өзімізді  құртып келе жатқан, 

тіпті біржолата жоқ  қылатын ойы бар 

қ

оғамды, мемлекетті не үшін  қорғаймыз? 



Бізге оның аман  қалуы емес, күйреп жеңілуі 

керек, отарлық бұғауда отырған халықтар 

сонда ғана бостандық алады деғен пікірге 

тоқталдық. 

Бүркіт екеуіміз азаттықты аңсап, Кеңес 

өкіметінің күйреуін тілеп, тіпті өзімізде соған 

үлес  қосамыз ба деп ойлаған едік. Бұл ойы-

мыз жай  қиял, арман ғана екен. Дүлей күш 

өз дегеніне көндірмей  қоймады. 1942 жылы 

қ

араша айында Бүркіт соғыс майданына ат-



танды. Мен кейінірек еңбек майданында бол-

дым. «ЕСЕП» - тің басқа мүшелері де әскерге 

алынып, майданға жөнелтілді. Бірақ ұйымның 

алғашқы мүшелері тарап кеткенмен «ЕСЕП» 

идеясын насихаттау соғыстың  қызу жүріп 

жатқан кезінде де әрі  қарай жалғаса берген. 

1944 жылы  Қарағандыда бір топ жастарды 

кеңес өкіметіне  қарсы жүргізіп жүрген сая-

си насихаттары үшін  қамауға алған. Оларға 

«ЕСЕП» деген кеңес  қоғамына  қарсы  ұлтшыл 

ұ

йым  құрды деген айып тағылған. Бұлар: 



Зейнолла Әбділдин, Бейсембай Жақсылықов, 

Асығат Рүстемов және Жаппар Өмірбековтер 



болатын. Оларды  қатты  қысымға алып: 

«Қоғамға  қарсы мұндай жат пікірді сендерге 

кім үйретті?» дегенде бәрі бірдей Бүркіт 

екеуіміздің аттарымызды атаған. Олардың 

мұнысы жапқан жала емес, шындықты жасыр-

май айтқаны еді. 

Асығат Рүстемов пен Зейнолла Әбділдин 

жастау болған соң өздеріне керекті деректер-

ді алып, бірсыпыра  қинап,  қолдарынан  қолхат 

алып, босатып жіберген. Жаппар Өмірбековты 

бір жыл бойы түрмеде  қинаған. Бейсембай 

Жақсылықовты он жылға соттап жіберген. 

«ЕСЕП» - тің идеясын жалғастырушылар 

мұнымен тоқтап, тоқырап  қалмаған. Азаттық 

идеясын үгіттеуді саналы студенттер әрі  қарай 

жалғастыра берген. 

1960 жылдан бастап Орталық Қазақстандағы 

жоғарғы оқу орындарында «Жас  қазақ» не-

месе «ЕСЕП» атты жасырын  ұйым  құрылған. 

Бұлар кеңес өкіметінің жүргізіп отырған са-

ясаты  қазақ  ұлтының тілін де, мәдениетін де 

құ

ртып жіберу екенін түсіндірген.  Ұлттық 



іскер кадрларға үнемі  қысым көрсетіп, 

оларға жауапты жоғарғы дәрежедегі  қызмет 

атқаруға мүмкіндік бермей, ондай  қызметкерге 

үнемі орыс коммунистерін ғана тағайындап 

отырғанын,  қазақ мектептері жабылып, барлық 

мектептерде оқу орыс тілінде жүргізіліп 

отырғанын айтқан үндеу парақтарын таратып 

отырған.  Қазақ жастарының  ұлттық намысын 

ояту мақсатында үндеу парақтары (қағаздары) 

басқа  қалалардағы жоғарғы оқу орындары-

на да жіберілген. Бұлар  қандай бүркеншік ат 

қ

олданса да,  қолға түсіп, жазаланған. Олар 



Зейнолла Игіліков пен Кәмел Жүнісовтер еді. 

Бұларды  қолға түскеннен кейін  қысымға алып, 

қ

ылмыстарын мойындап, 4 жылға соттап, 



РСФСР-дің Орал тауындағы саяси тұтқындар 

лагеріне жіберген. Бұлардан кейін «ЕСЕП» 

партиясына тілектес болып, Кеңес өкіметіне 

қ

арсы үгіт жүргізгендер деп Кәрім Сауғабаев, 



Мақсым Омарбековтерді жазалаған. 

Сөйтіп, 1941-1942 жылдары азаттықты 

аңсап, «ЕСЕП» деп ат  қойып, Бүркіт екеуміздің 

жастардың ұлттық санасын оятамыз деп жүргіз-

ген үгіт-насихатымыз өз нәтижесін көрсетіп, 

біздерден кейін де өзінің  қолдаушыларын та-

уып, әрі қарай жалғаса берген. 

Азаттықты аңсау идеясы  қай жерде,  қай 

жұмыста жүрсек те кеудемізден шыққан емес. 

Қ

ауіпсіздік комитеті жендеттерінің  қармағына 



ілігіп, саяси  қылмыскер есебінде сотталып кет-

кенше бірге жүрген сенімді деген жолдас-жо-

раларымызды ішке тартып, әңгіме айтудан өмір 

бойы жалыққан емеспіз. Бүркіт «Лениншіл 

жас» газетінде жауапты хатшы болып істей-

ді. Мен шеттілдер институтында студентпін. 

Шеттен келген студенттер жатақханада жата-

мыз. Сенбі, жексенбі күндері әдебиетке  құмар 

бірнеше студенттер бір жерге жиналып алып, 

қ

азақ тіліндегі кітаптарды оқып талқылаймыз. 



Жақан Сыздықовтың «Әлі  қарттың әңгімесі» 

мен Нұрқан Ахметбековтың «Күләндам» поэ-

маларын оқып, талқылағанда кеңес өкіметінің 

қ

азақ халқына жасаған  қиянатын, зорлық-



зомбылығын алғаш рет естіп отырған сту-

денттер өздері осыған дейін мектептегі 

тәрбиенің нәтижесінде  ұнатып келген  қоғамға 

күдікпен  қарай бастады. Алаш ақындары: 

Ахаңның (Ахмет Байтұрсыновтың), Міржақып 

Дулатовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек 

Аймауытовтың өлең-жырларымен танысқанда 

қ

азақтардың  қамын ойлаған  қайраткерлер тек 



осылар екенін түсіне бастады. Бұл үйірме 1941-

1942 жылдары  Қарағандыда  құрылған «ЕСЕП» 

ұ

йымының тікелей жалғасы еді. Үйірмеде 



«халық жаулары» деп аталып кеткен Сәкеннің, 

Бейімбеттің, Ілиястардың да шығармаларын 

оқып жүрдік. Мұнда Жекен  Қалиев, Мұстахым 

Азанбаев, Адырбек Аманқұлов сияқты талап-

ты студенттер белсене  қатысып отырды. 

Сөйтіп, Алаш ақындарының азаттық 

аңсаған идеясы көңіл  қойып оқыған, тыңдаған 

жастарды өзіне тартып, баурап алатын еді. 

1950 жылдың желтоқсан айында «Прав-

да» газетінде Шойынбаев, Айдарова, 

Якуниндердің «Қазақстан тарихы мәселелерін 

маркстік-лениндік тұрғыдан баяндайық» деген 

мақаласы жарияланды. Мұнда олар Ермұхан 

Бекмахановтың «XIX - ғасырдың 20-40 

жылдарындағы Қазақстан» деген кітабын қатты 

сынаған. Онда Кенесары қозғалысы феодалдық-

монархиялық  ұлтшылдықтың көрінісі бол-

ды, оның ешқандай бұқаралық сипаты болған 

жоқ деп тұжырымдады. Кітаптың авторын ба-

рып тұрған  ұлтшыл, ескішіл, хандық дәуірді 

көксеген жат пікірлі адам деп сипаттады. Бұл 

мақала Бүркіт екеуімізді де қатты толғандырып, 

тіпті ашу-ызамен булықтырды. Мақаланы оқып 

шығып: «Ия, - деді Бүркіт ренішті түрмен, өзі 

өскісі келсе, өсіп бара жатқанды етектен тар-

татын  қазақтың күншілдігінің көрінісі ғой бұл. 



Бекмаханов теңізде жүзетін алып кеме болса, 

аналар (Шойынбаевтарды меңзеп отыр М.Т) 

жай ғана  қалтылдаған  қайық емес пе? Енде-

ше алдында тұрған еңселі кемедей кемеңгерді 

құ

латса,  қалтылдаған  қайыққа да жол ашылмай 



ма?! Патша отаршылдарына тайсалмай  қарсы 

шықкан Кенесарыдай туған елі мен жерін 

жан-тәнімен сүйген ерлерді жамандау тарих-

ты бұрмалаған азғындықтың нағыз өзі ғой» 

- деп, өзімен бірге  қызмет істеп жүргендерге 

өз пікірін ашық айтып жүрді. 

Бүркіт екеуміз Шойынбаевтардың мақаласы-

на  қарсы Кенесарыны  қазақтың  қамын ойлап, 

халықты отарлық бұғаудан  құтқаруға  ұмтылған 

халық  қаһарманы деп дәлелдеп «Правданың» 

өзіне жіберу үшін және Алматыдағы беделді 

газеттерде жариялау үшін мақала дайындадық. 

Ол кезде Бүркіт «Лениншіл жас» газетінде жа-

уапты хатшы болып істейтін. Кандидаттық дис-

сертация  қорғауға дайындалып жүрген кезі. Бұл 

мақаланы жариялау үшін Бүркіт беделді тарих-

шыларды тартпақ болды. Біздер бұл кезде әбден 

өз ойымызбен  қызынып алып, басымызға төніп 

тұрған  қауіп -  қатерді еске алмаппыз. Бүркіт 

екеуімізді  Қауіпсіздік комитетінің жендеттері 

сыртымыздан толық бақылауға алып, тек  қана 

қ

амауға алудың сылтауын күтіп жүрген екен. 



Біздің Кенесары мен Бекмахановты  қорғап, 

ашық пікір айтқанымыз «құланның  қасынуына, 

мергеннің басуы» тура келген екен. 

1951 жылы 18  қаңтар күні Бүркіт екеуміз-

ді тұтқындап, абақтыға әкеліп  қамады. Бізге 

КГБ жендеттері өздері әбден машықтанып, 

бұрыннан  қолданып жүрген  қысым атаулының 

бәрін  қолданып бақты. 

Алғашқы күндері Алаш ақындарының кі-

таптарын оқығанымызды да, «ЕСЕП» деген 

саяси  ұйым  құрғанымызды да мойындамаған 

едік. Ақыры өз айтқандарына көндіріп, бәрін 

де мойындатты. 5-6 айға созылған азапты тер-

геу жұмыстарын аяқтап, «Бүркіт Ысқақов пен 

Махмет Теміровтың ісі» деген  қалың-қалың 4 

папканы толтырып, біздің ісімізді сотқа берді. 

1951 жылдың 14-15 маусымында  Қазақ 

республикасының Жоғарғы соты РСФСР 

қ

ылмысты істер кодексінің 58 бабының 10-11 



тармақтары бойынша Бүркіт Ысқақов, Махмет 

Теміров (осы мақаланың авторы) және Айт-

бай Нәрешевтерді 25 жылға соттап,  қосымша 

5 жыл бойы азаматтық  құқығынан айыру тура-

лы  қатал үкім шығарды. Мұстахым Азанбевты, 

Рамазан Нәрешевті, Жекен  Қалиевты, Адырбек 

Аманқұловтарды 8-10 жылға соттады. 

Сөйтіп, біздерді кеңес өкіметіне  қарсы 

ұ

лтшыл  ұйым  құрған  ұйымның мақсаты Орта 



Азия республикалары мен  Қазақстанды Кеңес 

Одағының  құрамынан бөліп, Түркияның 

қ

олдауымен буржуазиялық  ұлттық мемле-



кет  құру болған. Кеңес  қоғамына  қарсы үгіт-

насихат жүргізген, тыйым салынған әдеби 

кітаптарды көпшілікке таратып отырған 

деп айыптады. Бұл айыптау Бүркіт екеуіміз 

үшін жабылған жала емес, нағыз шындық. 

Қ

олымыздан істей  қоятын ештеңе келмесе 



де өз алдымызға тәуелсіз мемлекет болсақ-ау 

- деп үнемі армандаған едік. 

Біздер әр түрлі лагерьлерде азап шегіп жүр-

ген кезімде 1956 жылы ақпан айында Ком-

мунистік партияның XX съезі «жеке 

басқа табынушылық және оның зардап-

тары» туралы мәселе  қарады. Сталин мен 

оның сыбайластарының  қылмысты істерін 

әшкереледі. Олардың талай жазықсыз жан-

дарды  қырып-жойғандарын,  қуғын-сүргінге 

ұ

шыратқандығын айыптады. Бұл жөнінде 



Н. С. Хрущев батылдық көрсетіп, дұрыс бағыт 

ұ

стады. Осыдан кейін көп ұзамай-ақ жазықсыз 



жапа шегіп жүргендерді әр жерде арнаулы ко-

миссия  құрып, босата бастады. Солардың бірі 

болып 1956 жылдың маусым айында мен де бо-

сатылып шықтым. 

Бүркіт екеуміз әр түрлі лагерьлерде алты 

жылдай азап шегіп, 1956 жылы тамыз айында 

Алматыда кездестік. Елге оралғаннан кейін-

гі байқағанымыз Кеңес өкіметі  қазақтардың 

жеке  ұлт есебінде өмір сүруін тежеуге бір-

жолата кіріскен екен.  Қазақ жеріне бұрынғы 

қ

аптатып көшіріп әкелген халықтар аздай-



ақ, енді «тың жерлерді игереміз» деген желе-

умен жаңа кеңестік отаршылдарды  қаптатып 

алып келіпті.  Қазақтар өзінің туған Отанын-

да отырып азшылыққа айналған.  Қазақ мек-

тептері жаппай жабылған. Сондықтан өз 

ана тілін білмейтін, өз  ұлтын менсінбейтін-

дер пайда бола бастаған. Бүкіл  қазақ халқы 

қ

алың тобырдың ішінде  құмға төгілген тары-



дай боп,  құрып көрінбей кетуге айналған. «Іш 

қ

азандай  қайнайды, күресуге дәрмен жоқтың» 



кебін киіп, Бүркіт екеуміздің ішімізді жегідей 

жеді де  қойды. Бұрынғы кеңестік даурықпа 

саясаттың ықпалымен тың игеру науқанын 

күні бүгінге дейін мақтанышпен атай беруіміз 

бұл науқанның астарын толық түсіне алмауы-

мызда болып отыр. Кеңес өкіметі бұрынғы пат-



ша өкіметі толық аяқтай алмай кеткен  қазақ 

даласын біржолата отарлауды орындаған да 

шыққан. Мұның несі  қуаныш, несі жетістік?! 

Тың игеру науқаны кезінде  қазақ халқының 

тілі де, діні де, салт-санасы да жойылып кету 

қ

аупіне  ұшырағанын сезген Мәскеуде оқып 



жүрген саналы сезімтал студенттер жұрт 

қ

амын ойлап, ел еңсесін көтеруге тырысқан. 



Мұрат Әуезов (жетекші), Мақаш Тәтімов, Ер-

сайын Тәпенов «Жас тұлпар» атты мәдени-са-

яси  ұйым  құрып, ел аралап концерт көрсетіп, 

лекция оқыған. Болған жерлерінде оларды 

халық зор  қошеметпен  қарсы алып, ерекше 

сүйіспеншілік білдіріп отырған. Тың игеру 

науқаны басып-жаншып тастаған елдің рухын 

көтеріп,  ұлттық салт-санасын сақтап  қалуға 

үндеген. Аз уақытта-ақ «Жас тұлпардың» дүбірі 

бүкіл республикаға жайылып, әр облыстағы 

жастар осы сияқты  ұйымдар  құра бастаған. 

Республика көлеміне кең тарап, жаппай жайы-

ла бастаған  қазақтың ұлттық намысын оятатын 

жастар  ұйымдарынан  қауіптенген  Қазақстан 

Компартиясының Орталық комитеті бұған 

ерекше көңіл аударып, «Жас тұлпар»  ұйымын 

таратқан. Барлық жерлерде алдағы уақытта 

мұндай жастар ұйымын  құруға тыйым салған. 

Тоталитарлық жүйе  қанша  қаталдықпен 

өзіне  қарсы дегендерді аяусыз жазалап отырса 

да жастардың азаттық аңсап, әділетсіз  қоғамға 

наразылығы ешуақытта тоқтап  қалған емес. 

1969 жылы Павлодар  қаласындағы № 3 

мектептің жоғарғы сынып оқушылары Ар-

ман  Қаниевтың бастауымен «Жас  ұлан» де-

ген саяси жасырын  ұйым  құрып, жастардың 

ұ

лттық сана-сезімін оятып, азаттық алуды 



армандаған. Бұл уыздай жастарға да  қатал 

шара  қолданған. 

Жастайынан азаттықты аңсап, Кеңес 

өкіметінің тоталитарлық-отарлық саясаты-

на  қаймықпай  қарсы шыққан жастардың 

бірі - Хасен  Қожа-Ахмед еді. Ол көптеген 

мақалалар, өлеңдер, үндеулер жазып,  қоғам-

ның әділетсіздігін әшкерелеген. Келешекте 

туған елдің тәуелсіздігі үшін жан аямай күресе 

білетін жастарды топтастырып, тәрбиелеп 

шығу мақсатында «Жас  қазақ» деген жасы-

рын  ұйым  құрған. 1977 жылы Компартияның 

ұ

лт саясатына  қарсы шықты деген айыппен 2 



жылға сотталған. Ол 1986 жылғы желтоқсан 

көтерілісіне де белсене  қатысқан  қазақтың 

нағыз патриот ұлы. Сол үшін оны 4 жылға со-

ттап жіберген. 

1979 жылы  қыркүйек айында Целиноград 

қ

аласында (қазіргі Астана) бүкіл жастар жи-



налып, Ерейментауда  ұйымдастырылмақшы 

болған Неміс автономиялық облысына  қарсы 

шеруге шыққан. Осының нәтижесінде Неміс 

автономиясы  құрылмай  қалды. 

Азаттықты аңсаған  қазақ жастары әділетсіз 

қ

оғамға наразы болып,  Қазақстанның көп 



жерінде  құпия  ұйымдар  құрып отырған. 

Ондайлардың  қолға түсіп  қалған кей-

біреулерін жария 

қ

ылмай-ақ жасырын 



тұншықтырып тастап отырса, кейбіреулері 

амалсыздан жария болып  қалған. Туған 

елдің ауыр халін көріп жүрген жастар оның 

тәуелсіздігін, азаттығын армандап, Батыс 

Қ

азақстандағы Жалпақтал ауылында Кеңес 



өкіметіне  қарсы жасырын  ұйым  құрған. Оны 

«Қазақ халқын  құтқару  ұйымы» деп атаған. 

Бұл  ұйымды басқарған: 

Көз алдымда жоқ болды таныстарым, 

Кетті  қаиша атылып арыстарым!? 

Бірігейік, жігіттер, бір  ұйымға, 

Жалғыз өзім жөн болмас алысқаным -

деп жар салған жалынды жас Ғұбаш 

Әнесов еді. Бұл  ұйым 1941 жылы  құрылған. 

Бұған дейін олар 1939-1940 жылдары Кеңес 

өкіметіне  қарсы жасырын үндеу парақтарын 

таратып, халықты азаттық алу үшін күреске 

шақырған. Олар кейінірек Сталинге Одақтан 

бөлініп шығу мақсатында 14 жігіт  қол  қойған 

хат жазып жібереді. Олар мұнда әр одақтас 

республиканың өз алдына бөлініп шығуына 

құқ

ығы бар дегенді медеу тұтқан. Бұлар 



қ

андай жолмен болса да халықтың азаттық 

алуын армандаған. Ақыры Ғабиден  Қолбасов 

деген сатқынның көрсетуімен 1941 жылы 

олар НКВД-ның  қамауына алынып, мектеп 

түлектері Орал түрмесінде азап шегеді. 1943 

жылы «үштіктің» шешімімен  ұйым жетекшісі 

Ғұбайдолла (Ғұбаш) Әнесовты ату жазасы-

на кесіп,  қалғандарын Сейтқали Бажекенов, 

Сәтқали Молдағалиев, Ғұмар Тұрымовтарды 

19 жылға, Иманғали Насыров, Өтеген Ама-

нов, Сүндетқали  Қаражанов,  Қайырғали Са-

паралин,  Қамал Мақұлбаев, Сайфолла Шора-

баев, Иғали Мұханбетқалиев, Мәззап Әлиев, 

М. Ахметов, Мұханбетжан Нұралиндерді әр 

түрлі мерзімге соттап жіберген. Бұлардың 

ішінен 20 жылға сотталып, тек  қана Сәтқали 

Молдағалиев елге тірі оралған. Бәрі де 

азаттықты армандап,  құрбан болған. Олар 


«Халқым түбі бостандық алар менің» деп ке-

лешекке үлкен сеніммен  қарап өткен. 

1986

 жылғы желтоқсандағы 



қ

азақ 


жастарының ашықтан-ашық әділетсіздікке 

қ

арсы шығуы - азаттық, тәуелсіздік үшін 



күрестің шарықтау шегі болды. Бұл көтеріліс 

кеңес өкіметінің бұғауында  қамалып отырған 

басқа халықтарға да бостандық үшін күресудің 

жолын көрсетіп, ақыры  қызыл империяның 

күйреуімен аяқталды. 

Сөйтіп,  қазіргі тәуелсіздік патша отар-

шылдарына  қарсы жан аямай соғысқан жау 

жүрек батырларымыздың төгілген  қанының, 

Алашорда арыстарының жан пида ғып туған 

елінің азаттығы үшін күресінің, бұлардың жо-

лын  қуып, олардың азаттық идеясын  қолдап, 

қ

атал тәртіптен де сескенбей, ұлттық намысты 



қ

ару  қылып, әділетсіз  қоғамға  қарсы шыққан 

«ЕСЕП», «Қазақ халқын  қорғаушылар одағы», 

«Жас тұлпар», «Жас  қазақ», «Жас  ұлан» 

ұ

йымдарының күресінің, арманының, ақыры 



1986 жылғы желтоқсандағы жастардың ерек-

ше ерліктерінің арқасында орнап отыр. Енде-

ше туған халқының азаттық, бостандық алуын 

аңсап, осы жолда  қыршын жастық өмірлерін 

құ

рбандыққа шалған, жан төзбес ауыр аза-



птарды бастарынан кешкен,  қуғын-сүргінге 

ұ

шыраған жастардың  ұлттық рух, намыс пен 



жігерленіп, ерлікпен істеген істерін кейінгі 

жас  ұрпаққа үлгі есебінде көрсетіп, жариялап 

түсіндіріп отырса  қандай ғанибет болар еді! 

Қ

азірде туған елміз  Қазақстанның еркіндік 



алып, өз алдына егеменді ел болып, өркендеп 

отыруы-біздерге  Құдайдың берген баға жет-

пес үлкен сыйлығы. Осы  қасиетті Отаны-

мызды бәріміз де  құрметтей де, жан-тәнімізді 

салып  қорғай да білуіміз керек. Тәуелсіз 

елімізді басқарып, жоғарғы лауазымда  қызмет 

атқарып жүрген кейбір  қазақ жігіттері  қазақ 

тіліне де, оның салт-санасына менсінбей 

осқыра  қарайды. Бұл олардың бойына туа біт-

кен  қасиет емес, кеңестік рухта тәрбиеленіп 

шығудың әсері. Ендеше келешекте жас 

ұ

рпағымыздың бәрін де отансүйгіштік рухта 



тәрбиелеп шығару үшін Алаш арыстарының 

істеген істерімен де, жазылған еңбектерімен 

де, шығарған өлеңдерімен де таныстырып, 

түсіндіріп отырса, олар Алаш рухын, идеясын 

бойларына сіңіре берер еді. Өйткені Алаш иде-

ясы отанына беріле  қызмет етудің, оны шексіз 

сүйе білудің ең жоғарғы үлгісі. Олардың  қай-

қ

айсысы болса да туған халқын  қалтықсыз 



сүйіп, оны отарлық бұғаудан  құтқарып, оларға 

азаттық алып беру үшін жан аямай күрескен 

азаматтар. Бұл пікірімізді Мағжанның мына 

өлең жолдары дәлелдеп шығады: 



«Не көрсем де алаш үшін көргенім, 

Маған атақ  ұлтым үшін өлгенім! 

Мен өлсем де алаш өлмес, көркейер 

Істей берсін  қолдарынан келгенін!» 

Керек болса туған халқы үшін шыбын жа-

нын да пида  қылып, оны шексіз сүюдің нағыз 

үлгісі осы емес пе! 

Биылғы 2009 жылғы санақтың алдын ала 

көрсетіп отырған  қорытындысы көңілге зор 

қ

уаныш  ұялатып отыр. Кеңес өкіметі тұсында 



ашаршылық апатына,  қуғын-сүргінге, соғыс 

жылдарындағы  қырғынға  ұшырап алты 

миллионнан екі миллионға дейін азайып, 

өмірден біржолата өшіп кетуге айналған 

Қ

азақстандағы  қазақ халқының саны он 



миллионнан да асып, оның үлесі 67 пайызға 

дейін жеткен. Бұл бүкіл  қазақтар үшін зор 

қ

уаныш. Бұл алдағы уақытта біздің  ұлтымыз 



өмір көшінен жойылып кетпей, өркендеп өсе 

беретін болды деген сөз. Саны молайып өсе 

берсе, халқымыздың бедел, абыройы да арта 

бермек. Өздері толыққанды  қазақ бола тұра 

тілін де, әдет-ғұрпын да менсінбейтіндердің 

саны азая түспек.  Қазақ болу,  қазақ болып 

туу тіпті зор мақтанышқа айналмақ. Бұл ту-

ралы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына 

өлендерінде айтылғандай: 

Мен -  қазақ,  қазақпын деп мақтанамын, 

Ұ

ранға алаш деген атты аламын. 

Сүйгенім - қазақ өмірі, өзім -  қазақ, 

Мен неге  қазақтықтан сақтанамын?! 

Бүгінде ата мекенімізде бір-бірімізбен өз 

ана тілімізде сөйлесіп,  қасиетті Отанымыздың 

өркендей беруіне, халқымыздың  қатары өсе 

беруіне үлесімізді  қосып, «Мен  қазақпын» 

- деп масайрап, еркін жүруіміз - бір есептен, 

жоғарыда айтылған жастардың төгілген  қаны 

мен азапты еңбегінің жемісі деуімізге болар 

еді 

Махмет ТЕМІРОВ, 

зейнеткер, 

Қ

азақстан жазушылар 

одағының мүшесі. 

Қ

арағанды облысы, 

Нұра ауданы. 

Жаңа Сарыарқа. - 2009. - № 3. - 11-19 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал