«Воспитание в си стеме непрерывного образова ния: последовательность и преем ственность»



жүктеу 0.72 Mb.

бет1/7
Дата19.04.2017
өлшемі0.72 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

6 ноября 2014 года кафедрой воспитания и социа-

лизации личности филиала АО «Национальный центр 

повышения квалификации работников образования 

«Өрлеу» Институт повышения квалификации педа-

гогических работников по Западно-Казахстанской 

области» проведена областная 

научно-практическая конферен-

ция на тему «Воспитание в си-

стеме непрерывного образова-

ния: последовательность и преем-

ственность». 

Цель конференции: повы-

шение статуса воспитания в об-

ществе, формируя аспекты по-

следовательности и преемствен-

ности поколений в процессе вос-

питания. 



Задачи: - обеспечение со-

трудничества и единства между 

заинтересованными в успешной 

социализации личности и повышении качества вос-

питания организациями;  - создание условий для озна-

комления с лучшими опытами педагогов; - соблюде-

ние последовательности в процессе воспитания; - раз-

витие преемственности воспитания между школой и 

семьей; - оказание поддержки новым идеям и эффек-

тивным опытам, новаторским инициативам по про-

блеме повышения статуса воспитания в обществе; - 

рассмотрение эффективных путей организации работ 

экспериментальных площадок начального образова-

ния в связи с обновлением содер-

жания 12-летнего образования.

В работе  конференции при-

няли  участие  профессорско-

преподавательский состав ка-

федр филиала, представители 

областного управления образова-

ния,  методисты по воспитатель-

ной работе и дополнительному 

образованию  районных (город-

ских) образовательных учрежде-

ний, заместители директоров по 

воспитательной работе средне-

специальных, технических и про-

фессиональных учебных заведе-

ний и школ, классные руководители школ и кураторы 

колледжей, наставники, социальные педагоги, психо-

логи школ, воспитатели и методисты интернатов, дет-

ских садов, педагоги и методисты дополнительного и 

специального образования, представители ассоциаций 

родителей – всего 112 человек. 

В рамках конференции рассматривались актуаль-

ные вопросы формирования последовательности и 

преемственности воспитания, новые технологии, ис-

пользуемые в учебно-инновационной практике и до-

стигнутые результаты, сотрудничество образователь-

ных учреждений, внешкольных центров и ассоциации 

родителей в планировании внеурочной деятельности 

и свободного времени учащихся, их взаимоподдерж-

ка, направленные на результат воспитательные меро-

приятия, вопросы профессиональной компетенции 

педагогов в построении воспитательной системы и 

организации коррекционно-развивающих работ, про-

блемы организации работ экспериментальных площа-

док по апробации учебных программ начальных клас-

сов 12-летней школы. 

Пленарное заседание открыла директор филиа-

ла АО «Национальный центр повышения квалифи-

кации работников образования «Өрлеу» Институт 

повышения квалификации педагогических работ-

ников по Западно-Казахстанской области», к.п.н.  

С.Измуханбетова, согласно программе конференции 

со вступительной речью выступила старший препода-

ватель кафедры воспитания и социализации личности 

Р.Бахтиярова, далее по вопросам воспитания высту-

пили ветеран системы образования области, предста-

витель ассоциации родителей М.Кадыров, поэт, член 

Союза журналистов Казахстана, главный редактор 

областной педагогической газеты «Жайық ұстазы» 

А.Таубаева, к.п.н., доцент Западно-Казахстанской Гу-

манитарной академии А.Иргалиев, к.и.н., начальник 

отдела управления религиозных дел ЗКО С.Гиззатов, 

магистрант факультета психологии ЗКГУ имени 

М.Утемисова Г.Кубашева, магистр 

технических наук, старший препо-

даватель кафедры воспитания и со-

циализации личности А.Дандибаев, 

начальник отдела развития допол-

нительного образования и воспита-

тельной работы областного управ-

ления образования Л.Батыргалиева. 

Заместитель директора института 

Е.Сафуллин подвел итоги пленар-

ного заседания и вручил «Благо-

дарственные письма» педагогам, 

которые работают в тесном сотруд-

ничестве с институтом повышения 

квалификации педагогических ра-

ботников, делятся своим опытом работы по воспита-

нию детей с педагогами области в ходе курсовых ме-

роприятий.

В ходе конференции работали 4 секции: І секция. 

Передовой опыт и приоритетные направления воспи-

тания  в комплексном воспитательном плане. ІІ сек-

ция. Современные технологии воспитания и эффек-

тивность использования их в воспитательном процес-

се. ІІІ секция. Воспитание и социализация учащихся 

во внеурочной деятельности   путем  возможностей 

развивающей среды. ІҮ секция. Под-

готовительные работы к апробации 

учебных программ начальных клас-

сов 12-летней школы  (базовые шко-

лы: № 36 СОШ имени М. Ихсано-

ва, Чаганская СОШ Теректинского 

района).


Формы проведения: информа-

ционный салон, дискуссия, мастер 

класс, пресс-конференция,  презен-

тация, экспериментальная площад-

ка и т. д..

По итогам работы были приня-

ты рекомендации конференции. Ста-

тьи и доклады представленные на 

пленарном заседании и секции, опубликованы на сай-

те института, по материалам конференции составлен 

электронный сборник. Выступившие с докладами по-

лучили сертификаты.



Рысханым БАХТИЯРОВА,

старший преподаватель кафедры воспита-

ния и социализации личности филиала 

АО «НЦПК «Өрлеу» ИПКПР по ЗКО»,

Гаухар РАМАЗАНОВА,

лаборант кафедры воспитания 

и социализации личности филиала 

АО «НЦПК «Өрлеу» ИПКПР по ЗКО»

«Ұлт 

көшбасшысы - 

Ел 

көшбасшысы»

ұ   с   т   а   з   ы

№21-22 (302-303)

11 желтоқсан,

2014 жыл

 

Ақпараттық, танымдық және әдістемелік басылым

Ж А Й Ы Қ

«Өрлеу» тынысы - Новости «Өрлеу»

Воспитание в системе непрерывного образования: 

последовательность и 

преемственность 

Воспитание в системе непрерывного образования: 

последовательность и 

преемственность 

Д ө ң г е л е к   ү с т е л 

о т б а с ы л ы қ   қ а р ы м - қ а т ы н а с т а р ғ а   а р н а л д ы

Д ө ң г е л е к   ү с т е л

 

о т б а с ы л ы қ   қ а р ы м - қ а т ы н а с т а р ғ а   а р н а л д ы

7  қарашада  Орал  қаласы, 

М.Ықсанов атындағы №36 ЖББОМ 

базасында болған Облыстық дөңгелек 

үстел жұмысына 36 педагог қатысты.

Тақырыбы: 

Оқушыларды 

отбасылық  өмірге  дайындау  және 

тәрбиенің гендерлік аспектілері



Мақсаты: тәрбиенің гендерлік 

аспектілері бойынша педагогтердің  

теориялық  білімдерін  тереңдету, 

оқушылардың  бойында  отбасы 

қатынасының мәдениетін қалыптастыру 

бағытында оларға әдістемелік көмек 

көрсету,  өзара  тәжірибе  алмасуға 

жағдай жасау.



Қатысушылар: А(Қ)ББ әдіскерлері, мектеп 

директорларының тәрбие ісі бойынша орынбасарлары, 

ата-аналар қоғамдастығы өкілдері.

Әлмұханова Светлана Әділқызы – облыстық 

әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат 

жөніндегі комиссияның хатшысы,

Әлжанова Гүлнар Жәрдемқызы – облыстық 

тілдерді дамыту басқармасының өкілі,

Исатай  Арайлым  Бақытқызы  –  ата-аналар 

қауымдастығының өкілі,  № 41 МЛ «Аналар клубы» 

жетекшісі,

Құсанова Гүлшара Қадырболатқызы – №41 

мектеп-лицей директорының тәрбие жұмысы бойын-

ша орынбасары,

Төлеуова Жеміс Хамидоллақызы –  № 45 ЖББОМ 

жоғары санатты психологы.



Талқылауға арналған сұрақтар: Қазіргі мектеп-

терде оқушыларды отбасылық өмірге дайындаудың 

жағдайы туралы пікіріңіз?  Оқушыларды отбасылық 

өмірге дайындауда мектеп пен отбасының бірлескен 

жұмыс бағыттары қандай болу керек? Мектептегі 

«Ұл  баламен»  және  «Қыз  баламен»  жұмыс: 

қажеттілік пе әлде 

қағазбастылық па? 

Гендерлік  тәрбие 

туралы  не  айта 

аласыз?  Бұл  бізге 

қажет пе? Гендерлік 

тәрбие беруде ата-

ана мен мұғалімнің 

рөлі қандай болу ке-

рек? Оқушыларды 

отбасылық өмірге дайын-

дауда жыныстық тәрбиенің 

маңызы бар ма? Қандай? 

«Бала  тәрбиесінде  ата-

ананың беделі түсуде, ұрпақ 

сабақтастығы жойылуда» де-

ген пікірге қалай қарайсыз? 

Осыдан 20-30 жылдан кейінгі 

қазақтың ұл-қыздары қандай 

болмақ? Тақырыпқа байла-

нысты айтылған әңгіме, пікірлерден сіз не түйдіңіз, 

осы мәселенің шешімін табу үшін не ұсынасыз?

Дөңгелек  үстел  барысында  оқушыларды 

отбасылық өмірге дайындау мәселесі қазіргі таңда 

өте өзекті мәселелердің бірі екені аталып өтілді. 

Оқушыларды отбасылық өмірге дайындауда мек-

теп пен отбасының бірлескен жұмыстарын №41 

МЛ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

Г.Қ.Құсанова  қала мектептерінде әр түрлі іс-шаралар 

өтіп жатқанын айтты. Мысалы: «Гендерлік тәрбие 

- жанұя тұтастығы» атты әкелер конференциясы, 

«Гендерлік тәрбие: аңыз бен ақиқат» тақырыбында 

пікірталастар, әртүрлі 

тақырыптарда  ата-

аналар  жиналыста-

ры «Үйінде ұл-қызы 

бардың, 


көгіңде 

сөнбес жұлдызы бар», 

«Жылы ұяда өскен 

баланың ертеңі де жы-

лы», «Адамның бар 

қызығы бала деген», 

«Ата-ананың отбасындағы 

жауапсыздығы ертеңгі күн 

тоғышарлығы»,  «Жақсы 

әке – балаға өмірлік азық» 

т.б.  Отбасындағы гендерлік 

теңдікке қол жеткізу үшін – не-

ке мен отбасы құндылықтарын 

насихаттау қажеттігі айтыл-

ды. Ұрпақтардың әлеуметтік 

және мәдени сабақтастығын 

қамтамасыз  ететін  және  азаматтық  қоғамның 

тұрақтылығы мен орнықты дамуына игі ықпал ететін 

отбасы беделін көтеру, мектеп пен отбасының бірігіп, 

ынтымақтаса шешу жолдары айтылды. 

Мектеп пен жанұяның ынтымақтастық әрекеті 

ретінде клубтар жұмыс жасап жатқанын, әжелер клу-

бында ардагер ұстаздар мен оқушыларымыздың 

ұлағатты әжелерінен құралған топ жұмыс жасап 

жатқанын баяндады.  Бұл клубтың мақсаты: халықтық 

дәстүрді жаңғырта отырып,  әжелеріміздің екінші 

ұрпағы – немерелеріне тәрбие беру мәселесі жайында 

ой толғау. 

Қазіргі қоғамдағы әкенің беделін, 

отбасында ер баланың рөлін көтеру 

мақсатында әкелер клубы  жұмыс 

жасап жатқанын дөңгелек үстелге 

қатысушылар баяндады. Дәстүрлі 

әкелер конференциясы оздырылғанын,  

әкелері  мен  балалары  арасында 

«Ұранды ердің ұрпағы - қайсар» ат-

ты  спорттық  жарысты  «Мирас» 

әкелер клубының жетекшісі ата-ана 

Қайыржан Таубаев ұйымдастырғанын 

тілге тиек жасады.

№11 С.Сейфуллин атындағы ДБА-

МИК «Сырласу» клубының жетекшісі 

Т.Сейтақова ұлтты тәрбиелеу үшін, 

отбасында ер азаматтың ролін көтеру үшін қыз бала 

тәрбиесін қолға алу керектігін айтты

Қоғамның  ұлт  дамуы  барысында  зор 

жауапкершілікті  қыздардың санасына сіңіріп, жан 

жақты тәрбиелеу мақсатымыз екенін ұмытпайық.

Тәрбие қашан да ұлттың өзіндік ерекшелігін, 

құндылықтарын сақтауы керек. Ал ұлттық құндылық 

дегеніміз - гендерге бөліп қарастырылмайды,  қай 

уақытта да бір мақсатқа бағытталады, яғни, салауатты, 

ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу. 

Қорытынды. Бұқаралық ақпарат құралдары 

арқылы насихаттау жұмыстарын жүргізу;

Ата-аналармен ағарту жұмыстарын жүргізу;

Мерейлі отбасы байқауын жандандыру, жарасым-

ды отбасын насихаттау.

Жеміс ЕРКЕҒАЛИЕВА,

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы 

БҚО ПҚ БАИ тұлғаны тәрбиелеу 

және әлеуметтендіру кафедрасының 

аға оқытушысы

27 қараша күні «Өрлеу» біліктілікті арт-

тыру ұлттық орталығы АҚ филиалы БҚО 

ПҚБАИ-ның мәжіліс залында ҚР Тұңғыш 

Президенті күні мерекесіне арналған филиал 

қызметкерлері  арасында «Ұлт көшбасшысы 

– Ел көшбасшысы» атты мәнерлеп оқу сайы-

сы өтті. 

Елбасына деген ел құрметін айрықша 

айғақтауға  арналған  мерекелік  ша-

ра Қазақстан Республикасының Гимнімен 

ашылды. Алдымен институт директоры 

С.Измуханбетова  ұжымды Тұңғыш Пре-

зидент күнімен құттықтап, Елбасының 

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»  ат-

ты Қазақстан халқына Жолдауын насихат-

тап өтті. 

Сайыс барысында Елбасы, Қазақстан, 

Отан, туған жер, Астана туралы өлеңдер 

оқылып, олардың мәнерлеп оқу шеберлігі

өлең мазмұнын аша білуі, өлеңді жатқа оқу 

шеберлігі және өлеңдегі ойды бейнелеп беруіне 

баса назар аударылды. 

Аталмыш  шараға  тоғыз  үміткер 

қатысты. Қатысушылар К.Салықовтың 

«Орындалған арман», С.Ғалымұлының «Үш 

анық»,  О.Сүлейменовтың  «Трасформа-

ция огня», Ғ.Қайырбековтің «Елбасына», 

Д.Әбіловтің «Қазақстан – Республикам 

менің», Н.Айтұлы «Отан», А.Өтегеновтің 

«Ақбоз ат мінген Елбасы», С.Адай «Сен, 

қазақсың», Б. Есеновтің «Асқақтасын абы-

рой» атты өлең-жырларын жатқа оқыды. 

Сондай-ақ байқауда әріптестер Елбасы тура-

лы түрлі слайдтар, буклеттер қолданды. 

Шара  соңында  І  орынды  деңгейлік 

бағдарламалар орталығының жетекшісі 

Ш.Ғабдрахманова,  ІІ  орынды  тұлғаны 

тәрбиелеу 

және 

әлеуметтендіру 

кафедрасының аға оқытушысы Р.Бахтиярова, 

ІІІ орынды әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері 

бойынша басқарма басшысы Г.Джумагалиева 

иеленді. Байқауға қатысқан барлық әріптестер 

түрлі номинация бойынша марапатталды.  

Толқын ЗӘКАРИЯҚЫЗЫ, 

баспа қызметі және қоғаммен 

байланыс  бөлімінің бас маманы


Қараша айының 14-і күні Орал қаласында 

«Нұр Отан» партиясы ғимаратында өткізілген 

облыс активі жиналысында Қазақстан Республи-

касы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол» 

атты халыққа Жолдауын түсіндіру және іске 

асыру шаралары талқыланды.

Актив жиналысында баяндама жасаған об-

лыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев әлемдік 

экономикалық дағдарыстың, ұлы державалардың 

санкциялық «соғысының», еліміздің кейбір 

көршілері мен әріптестерінің тұрақсыздық 

көріністерінің теріс әсері, таяудағы жылдардың 

жаһандық сынақтар жылы болатындығы туралы 

сөз қозғай келіп, Елбасының: «Мұндай күрделі 

кезеңнен тек жұдырықтай жұмылған халқы 

бар мемлекет қана өте алады», - деп нақтылап 

айтқандығына баса назар аудартты.

Міне, осындай нақты қауіптер мен сын-

қатерлерді негізге ала отырып, экономиканы 

тұрақты дамыту, еліміз халқының әл-ауқатын 

қамтамасыз ету, оның қауіпсіздігінің әлсіреуіне 

жол бермеу мақсатында Елбасы халыққа «Нұрлы 

жол» атты жаңа бағдарлама ұсынды.

Актив жиналысында Елбасының «Нұрлы 

жол» Жолдауын талқылауға Батыс Қазақстан 

облысы кәсіпкерлер палатасының төрағасы 

К.Абсатиров, облыстық мәслихат депутаты, 

кәсіпкер А.И.Василец, Зеленов ауданының 

Достық ауылындағы орта мектеп директо-

ры С.Н.Голубева, «Қазақстан – елім» ЖШС 

директоры Қ.С.Таушанбаев, Орыс мәдениеті 

орталығының  жетекшісі  С.М.Погодин, 

Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-

техникалық университетінің ІІІ курс студенті

ҚР Елбасы атындағы шәкіртақының иегері 

Әйгерім Ерланова қатысып, әрқайсысы өз сала-

лары бойынша ел дамуына қосқан үлестері ту-

ралы ой қозғап, Жолдау алға қойған міндеттерді 

орындауға өз үндерін қосты.

Еліміздің Жаңа экономикалық саясаты 

«Нұрлы Жолдың», біздің алдымызға тартқан 

басты  қағидаты:  «Қазақстан,  тек  алға!», 

болашағымыздың кілттері: біз топтасқан бо-

луымыз керек, өзара сенімді нығайтуға тиіспіз, 

бір-бірімізге толерантты болуымыз, бірлігіміз 

бен этносаралық келісімді  сақтауымыз керек. 

Тұрақтылық пен келісім: бұл – отбасылық әл-

ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол 

әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы 

және балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік – 

ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге 

сенім. 


Бейбітшілік және тұрақтылық – ол күн 

сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет 

ететін жалпыхалықтық жетістік. 

Жолдау  ұсынған  Жаңа  экономикалық 

саясаттың өзегі – инфрақұрылымдық даму. Бұл:

1. Көлік-логистикалық инфрақұрылымды 

дамыту.

2. Индустриялық инфрақұрылымды дамыту.



3. Энергетикалық инфрақұрылымды дамы-

ту.


4. ТКШ инфрақұрылымын және сумен және 

жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту.

5. Тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту.

6. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту.

7. ШОБ-ты және іскерлік белсенділікті 

қолдау.


Міне, ұлт көшбасшысының еліміз үшін 

аса маңызды әрі қажет экономикалық фактор-

ларды алға тартқан Жолдауы да талқыланып, 

оны облысымызда іске асыру іс-шаралары 

нақтылануда, тиісті басқармалар мен жауап-

ты адамдарға, лауазым иелеріне тапсырмалар 

жүктеліп, жиналыс қарары қабылданды. Ендігі 

мақсат – осы шараларды іске асыру.



 

 

      (Өз тілшімізден)

 

2

Жайық ұстазы

11 желтоқсан, 2014 ж.

«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» 

атты Елбасы Жолдауы талқыланды

Б а р ы с - к е л і с   ж е ң і л д е п ,



с а у д а - с а т т ы қ   ж а н д а н а д ы

“Нұрлы жол - болашаққа бастар жол”

«Көлік инфрақұрылымы – индустриялық  

экономика мен қоғамымыздың тамырына қан 

жүгіртетін жүйе».

Н.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: 

бір мақсат, бір мүдде, бір  болашақ»  атты 

Жолдауынан. 

Қазақстанның ең алып материк Евра-

зия құрлығының кіндік ортасында орналасуы 

көліктік-транзиттік әлеуетін ұтымды пайда-

лану жолында көлік инфрақұрылымдарын да-

мытып, транзиттік дәліздің тиімді қызметін 

жетілдіруге мүмкіндік береді.

Көлік – экономиканың, «қан жүргізетін» 

жүйесі, стратегиялық мәселе. Сондықтан 

жоғары дамыған тұрақты жұмыс істейтін 

көлік жүйесін қалыптастыру – елдің өсіп-

өркендеуінің негізгі жағдайларының бірі. 

Осы орайда Елбасының «Нұрлы жол – 

болашаққа бастар жол» атты Жолдауында 

айтылған: «Жолдар – Қазақстан үшін өмір 

желісі. Біздің кең байтақ жерімізде жолдар 

бойында әркезде де өмір пайда болған және да-

мып отырған. Біз Астанадан барлық жақтарға 

автомобиль, теміржол және авиациялық маги-

стральдар тарайтындай көлік желісін құруға 

тиіспіз. Жүректен тарайтын артериялар 

секілді. Күннен тарайтын шұғыла сияқты» - 

деген жолдар еліміздің жарқын болашағына 

сенімділік ұялатады. 

Бүгінде Қытайдан бастау алып, Орта Азия 

елдері арқылы тартылған «Ұлы Жібек жолы» 

(8445 км) қайта жаңғырып көрініс табуда. 

Қазақстандық «Ұлы Жібек жолының» саяси, 

сауда және халықаралық туризмді дамытудағы 

әлеуеті зор. Қазіргі таңда еліміз арқылы Батыс 

пен Шығысты жалғастыратын «Батыс Евро-

па – Батыс Қытай» (2787 км) транзиттік тас 

жолы салынып жатыр. Мұхитқа шығар жолы 

жоқ Қазақстан Шығыс пен Батысты байла-

ныстырар тиімді көпіріне айналуына барын-

ша әрекет етіп жатқаны әлем елдеріне мәлім. 

2013 жылы пайдалануға берілген Түркменстан 

арқылы өтетін теміржол Иран және Пар-

сы шығанағы елдерімен байланыстырады. 

Әрбір ел таяу және алыс көрші елдерімен 

тиімді сауда-экономикалық байланыс орнату-

ды мақсат етеді. 

Бұл осы аймақ елдері арасындағы бір-

біріне сенімділік пен бейбітшілік қарым-

қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Осынау 

ұлы мақсаттарды жүзеге асыру үшін «Жаңа 

Жібек жолы» бағдарламасын қолға алып, Пав-

лодар мен Семей қалаларын қосатын Ақсу-

Дегелең (184 км), 2003 жылы солтүстіктегі 

астықты Қостанай облысын батыс өңірімен 

байланыстыратын Хромтау – Алтынсарин 

(403 км) жолдары салынды. Тәуелсіздікке қол 

жеткізген еліміз ендігі теміржолын дербес 

дамытуда, Ресейге тәуелділіктен құтылу үшін 

Өскемен – Шар (150 км), жақында Жезқазған 

-  Бейнеу (1036 км) теміржолы пайдалануға 

берілді.

Жолдар салу арқылы байтақ елімізге ша-

шырап қоныстанған халықтың барыс-келісі 

жеңілдейді, сауда-саттығы жанданады. Елба-

сы айтып өткендей, теміржол желісі бірден 

бірнеше салаға қозғалыс әкеледі, түбіне үңілер 

болсақ, ұлы Абайдың «Ойдағы ел, қырдағы ел-

мен араласып» деген сөздерімен астасып жа-

тыр.

Бұл  –  Қазақ  елінің  өскендігінің, 

өркендегенінің,  өз  күші  мен  қуатына, 

әлеуетіне нық сенгендігінің көрсеткіші. Осы 

жұмыстардың бәрі Елбасының биік мақсаты 

–  Қазақ  елінің  Мәңгілік  Ел  болуы  үшін 

атқарылуда. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан 

халқына жолдаған «Қазақстан жолы – 2050: 

бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ат-

ты Жолдауында: ХХІ ғасырдағы дамыған 

ел дегеніміз – белсенді, білімді, денсаулығы 

мықты азаматтар» деген болатын. Өмірдің 

барлық саласындағы атқарылатын істердің 

негізі  білімге  келіп  тіреледі.  Болашаққа 

темірқазық етіп ұстанып отырған 30 елдің 

қатарына қосылу мақсатымыз жас ұрпаққа 

сапалы білім, саналы тәрбие бергенде ғана 

шындыққа айналатынын ұстаздар қауымы зор 

жауапкершілікпен түсінуге тиістіміз.


  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал