«Ветеринарлық медицина» кафедрасының 3 –ші курс студенттерінің 6-ы семестрінде 6В09111-«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша



жүктеу 1.31 Mb.
бет3/116
Дата24.11.2022
өлшемі1.31 Mb.
#24448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116
терапия лекция-1
Пайдаланған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер.

  1. Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары. К.Н. Қожанов. Семей 2005ж.

  2. Ауыл шаруашылық малдарының жұқпайтын ішкі аурулары. Құрбанов С., Мамбетали О.Д., Құрбанова К.С. Шымкент, 2010 ж

  3. Малдың ішкі жұқпалы емес және инвазиялық аурулары. Тулеметова С.Е. Шымкент 2012ж

  4. Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары. М. Қожабаев, Ш.М Қаратаев. Шымкент 2006ж

  5. Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных . Курбанов С., Курбанова К.С. Шымкент 2010г

  6. Внутренные болезни животных. Г.Г. Щербаков Москва. 2006г

  7. Ветеринариялық клиникалық диагностика. Оқу құралы. Құрастырған М.А.Молдагулов. Алматы: Мерсал, 2004 г.

  8. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы. М.А.Молдагулов. Алматы,2007

Қосымша әдебиеттер
1. Внутренние болезни животных. Г.Г.Щербаков, А.В.Коробов. Санкт-Петербург,
2005 г.
2. Внутренние незаразные болезни животных. И.М. Карпутя Минск «Беларусь» 2006г
3. Клиническая диагностика внутренних болезней сельскохозяйственных Животных. Под редакцией профессора В.И. Зайцева М. 1971 г.
2 дәрістік сабақ.


Тақырыбы: Ауру процесін білу. Ауру жағдайын бағалауда симптомдар мен синдромдар. Диагноз, оның түрлері мен дәлдігі. Аурудың субклиникалық түріне түсіндірме. Болжам туралы түсінік

  1. Ринит (мысал ретінде)

  2. Стоматит (мысал ретінде)

  3. Перикардит (мысал ретінде)

Танауқуысыныңқабынуы - Ринит, барлық малдарда, әсіресе төлдерде жиі кездеседі. Басалқы және қосалқы; жіті және созылмалы; катарльды, крупозды және фолликулярлы түрлері болады.
Негізгі себеитері:

  • малдарды күту жөне азықтандыру төртібінің бұзылуы, әсіресе рационда каротиннің жеткіліксіздігі;

  • организмге салқын ауаның, ылғалдылықтың және басқа да механикалық, химиялық факторлардың әсерлері;

  • малдардың шаңды жерде дем алуы;

  • организмде болатын аллергиялық кұбылыстар мен патогенді микроорганизмдердің әсерінен көбінесе аурудың крупозды, фолликулярлы түрлері пайда болады;

  • мал қораларының ластануы;

  • індетті, құрт жене жұқпалы емес аурулардың асқынулары.

ДАМУЫ. Аурудың себептері- кілегей қабықтарды тітіркендіру арқылы қабыну процессін тудырады. Кілегей қабықтары ісінеді, танауда эксудат жинақталады да ауаның өтуін қиындатады. Ары карай тыныс алудың жеткіліксіздігі дамиды.
Зат алмасу, бірінші кезекте газ алмасу, процесі бүзылады. Патогенді микроорганизмдердің өсуі жылдамдайды. Осыныңсалдарынан түзілген улы заттар қанға еніп, дене қызуы көтеріледі.
Ауру асқынғанда көршілес танау қуыстарына, жұтқыншақ, көмекейге жайылуы мүмкін.

жүктеу 1.31 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет