Вестник пгу №1, 2011 32 серия педагогическая 33



жүктеу 68.96 Kb.

Дата15.09.2017
өлшемі68.96 Kb.

Вестник ПГУ № 1, 2011

32

серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

33

Горбушина Л.А. и Николаичева А.П. в работе «Выразительное 

чтение и рассказывание детям дошкольного возраста» ставят целью 

оказать помощь преподавателю в формировании у учащихся – будущих 

воспитателей – правильного понятия о выразительных средствах звучащей речи, 

выработке необходимых профессиональных умений и навыков пользования 

ими в практической деятельности.  Как отмечают ученые, особое значение в 

воспитательной деятельности приобретает речь воспитателя, так как дошкольник 

усваивает речь практически по подражанию, заимствуя у взрослых  и словарь, 

стиль, и тон, и манеру говорить.  У дошкольников слуховая чувствительность 

развита неодинаково. Воспитателю приходится считаться также   со способностью 

детей воспринимать речь, с умением сосредоточить внимание и определенное 

время сохранять его при слушании рассказа. 

Авторами приведен следующий алгоритм проведения выразительного 

чтения:

Подготовка детей к слушанию. Сюда относится и психологическая 



подготовка, и создание условий, способствующих восприятию читаемого 

произведения, и организация детей. Если  необходимо, воспитатель 

делает пояснения, ставит цель слушания рассказа,  басни, сказки или 

стихотворения.

Чтение детям произведения.  По ходу чтения могут быть использованы 

иллюстрации, картины, диапозитивы, таблицы учебного характера и 

другие наглядные пособия, конкретизирующие и обобщающие образы 

художественного произведения.

Обмен впечатлениями и беседа по содержанию прочитанного. 

Сюда можно отнести непосредственные высказывания  детей, вопросы 

к воспитателю, а также ответы на вопросы по прочитанному, передачу, 

передачу содержания, разного рода творческие работы ребят, связанные с 

прочитанным текстом.

Обобщение полученных детьми представлений о той или иной 

конкретной области действительности, которая отражена в художественном 

произведении. Обобщение возможно в беседе по вопросам воспитателя, в его 

рассказе, дополняющем или углубляющем тему беседы или прочитанного 

рассказа, стихотворения. 

Современный этап предшкольной подготовки требует поиска новых 

образовательных технологий, обеспечивающих дифференциацию, гибкость 

и вариативность содержания образования. Необходимость их использования 

в условиях реформирования системы образования объясняется тем, что 

технологии могут способствовать совершенствованию учебного процесса и 

достижению результатов в кратчайшие сроки.

ЛИТЕРАТУРА

1. Горбушина Л.А., Николаичева А.П. Выразительное чтение и рассказывание 

детям  дошкольного возраста: Уч.пособие для уч-ся пед. училищ по спец. 2002 

«Дошкольное воспитание» и 2010 «Воспитание в дошкольных учреждениях».- 

3-е изд., испр. и доп. -М.: Просвещение, 1985.-175 с.

2. Мендаяхова К. Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін 

оқытудың ғылыми - әдістемелік негіздірі (мектепалды даярлық топтары мен 

1 сынып). Автореферат дис...доктора наук, - Алматы, 2009.

3. Сидорчук Т.А. и Хоменко Н.Н. Технология развития связной 

речи дошкольников. Методическое пособие для педагогов дошкольных 

учреждений, - М., 2004.

4. Сидорчук Т.А., А.Б. Кузнецова. Технология составления творческих 

текстов  по картине. Пособие для преподавателей и студентов педагогических 

учебных заведений. М., 2004.

5. Чумичева Р.М. Дошкольникам о живописи: Кн. для воспитателя дет. 

сада. – М.: Просвещение, 1992. – 126 с.



Түйіндеме

Мақалада білім берудің қазіргі заман технологияларын қолдана 

отырып, мектеп алды шарттарындағы педагогикалық үдерісінің 

педагогикалық мәселелері қарастырылады.

Resume

The problems of technology of pedagogical process in the conditions 

before school time with the use of modern technologies are examined in 

the article.

ƏОЖ: 519.2.



ЫҚТИМАЛДЫҚТАР ТЕОРИЯСЫ МЕН 

МАТЕМАТИКАЛЫҚ СТАТИСТИКАНЫҢ ӘР 

САЛАДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН РӨЛІ

Г.Е. Берикханова

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті, Семей қ.

Қазіргі кезде ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика 

идеялары мен әдістері барлық жаратылыстану және техника ғылымдарында, 

экономикада, өндірісті жоспарлау және ұйымдастыру мәселелерінде, байланыс 

саласында, тіпті математикадан алшақ жатқан педагогика, психология, 


Вестник ПГУ № 1, 2011

34

серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

35

лингвистика, археология, геология сияқты ғылымдарда да  қолданылады. Қазір 

кездейсоқ оқиғалар мен ықтималдықтар туралы  түсінік-терді жеткілікті дәрежеде 

игермей, құбылыстар мен үдерістердің қатаң анықталған заңдылықтарға емес, 

одан күрделі заңдылықтарға бағынатынын түсінбей тұрып, физика, химия, 

биология саласында жұмыс істеу, өндірістік үдерістерді басқару мүмкін емес. 

Мысалға, физика материяның молекулалық құрылымына байланысты ретсіз 

қозғалып соғылысатын сансыз көп бөлшектердің  әрекеттерін зерттейді. 

Физикалық зерттеулердің  мақсаты осы хаостың негізінде алынатын нәтижелердің 

қандай заңдылықтарға бағына-тынын айқындау және мүмкін болатын 

ауытқулардың шамасы мен жиілігін анықтау.

Математикалық статистика әдістерін қолданбай химиялық үдерістерді 

терең түсіну және эксперимент  нәтижелерін өңдеу мүмкін емес.

Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың әдістері  

биология ғылымында да қолданылады. Мысалы, бір жердің топырағы 

өңделіп, сол жерге бидай егілсін. Күзде осы жердің бірдей бөлінген 

аудандарының әрбөлігінен жиналатын өнімнің мөлшері де, тіпті бірдей 

тұқымнан өсіп шыққан масақтардағы  дәндердің саны да әр түрлі болады. 

Әрбір дәннің салмағын  мұқият өлшеп көрсе, олардың  салмақтарында 

да айырмашылық болады. Бұл биологиялық құбылыстарды зерттеу үшін  

ықтималдық әдістердің  қажет болатындығын көрсететін бір мысал ғана. 

Сол сияқты биологияның генетика, популяция өсімі және т.б. салаларындағы 

зерттеулерде ықтималдықтар теориясының әдістері қолданылады.

Ықтималдықтар теориясының   басқа да  салалардағы  қолданбалы 

қырларына  толығырақ тоқталайық.

Телефон станциясында  20 минут ішінде  абоненттерден қанша шақыру 

(қоңырау шалу)  түсуі мүмкін? Бұл сұраққа әрине ешкім де алдын-ала 

дәл жауап бере алмайды. Шынымен, телефон станциясына бірдей уақыт  

аралығындағы түсетін шақырулар саны жеткілікті дәрежеде ауытқиды. Ал 

шақырулардың  түсу заңдылықтарын білу телефон  станциясының  жұмысын  

ұйымдастыру ісінде өте маңызды болмақ. Бұл байланыс жүйесінде  кездейсоқ 

құбылыстардың  заңдылықтарын  білу қажеттігін көрсетеді.

Осыған ұқсас медицина  саласынан  мысал келтірейік.  Дәрігерлік жедел 

жәрдем  көрсету станциясына кез келген уақытта  аурулардан  шақырулар 

түседі. Жедел жәрдем станциясының жұмысын қалай тиімді ұйымдастыру 

керек? Бір жағынан аурулар көмекті ұзақ күтіп қалмайтындай, екінші жағынан 

артық штат пен машиналарды қамтамасыз етіп, көп шығын шығармайтындай  

кезекші дәрігерлер мен машиналардың тиімді санын анықтау керек.

Тасымалдау саласында да ықтималдық-статистикалық білімнің 

қажеттілігін  мынадай мысал арқылы көрсетуге болады. 

Ақтау теңіз  портына  жүк таситын  кемелер келеді. Бір тәуліктің ішінде  

0, 1, 2, 3,... кеменің келу жиіліктері қандай болуы мүмкін? Бұл әрине алдын-

ала жасалған кесте немесе жоспар  арқылы анықталмайды, себебі кемелер 

портқа әр түрлі елдерден келеді және олар жолда көптеген ойда болмаған 

жағдайларға (теңіз дауылы, жүк тиеу кезінде кешігу т.с.с.) кездесуі мүмкін. 

Осылардың барлығы қозғалыс графигіне өзгеріс әкеліп, кемелер портқа дәл 

белгіленген уақытында жете алмауы мүмкін. Соның нәтижесінде порттағы 

жүк  түсіру жұмыстары кездейсоқтық сипатқа ие болады, өйткені кей кезде 

бірнеше кеменің  жүгін түсіру керек болса, кейде портта ешқандай кеме 

болмауы мүмкін. Бұл ықтималдық заңдарын білу мамандарға порт жұмысын 

ұйымдастыру мәселесін шешуде тиімді жолды  табуға көмектеседі.

Біздің күнделікті өмірдегі маңызды роль атқаратын ауа-райы 

құбылыстарында да статистикалық заңдылықтар байқалады. Ауа–райының 

өзгеруі, жауын-шашынның мөлшері, температураның өзгеруі т.б. құбылыс-

тарды зерттеуге ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика 

әдістері кеңінен қолданылады. 

Тіпті педагогикалық іс-әрекетте де әртүрлі кездейсоқ құбылыстарды  

ескеру керек болады. Әрбір сыныпта қабілеттіліктері, ықыластары, дене 

және психологиялық қасиеттері, темпераменттері (сангвинник, холерик, 

меланхолик, флегматик) әр түрлі оқушылар оқиды. Осы жағдайларды  ескере 

отырып, жақсы нәтижеге жететіндей сабақ беру тәсілін таңдап алу керек. 

Бұл кәдімгі кездейсоқ құбылысты  басқару жағдайы.

Сөйтіп, педагогика ғылымында да теориялық-ықтималдық әдістер 

қолда-ныс табуда, онсыз педагогикалық экспериментті жүргізу және 

өңдеу мүмкін емес. 

Біздің еліміздегі экономикалық өзгерістер жақын болашақта  қоғамға 

өндірістің  жаңа буын ұйымдастырушылары  мен жұмысшылары қажет 

болады және  олардың көпшілігі бүгінгі  мектеп бітірушілер болуы тиіс 

деп ұйғаруға мүмкіндік береді. Олардыі іс-әрекеттері  үшін ауадай қажет 

статистикалық мәдениетті жас кездерінен  бастап мектепте тәрбиелеу 

керек. Бұл мәселеге экономикасы дамыған елдерде зор көңіл бөліп отыруы 

тегін емес: ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың 

элементтерімен  оқушылар мектепте бірінші жылдан-ақ таныса бастайды 

да, оқуды бітіргенге дейін  күнделікті өмірде  кездесетін  ықтималдық-

статистикалық жағдайлардың  негіздерін игереді. 

Біздің елімізде де, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге және де ғылыми-

техникалық прогрестің дамуына байланысты, ықтималдық-статистикалық 

материалдарды мектепте міндетті математикалық  білім берудің негізгі 

тарауы ретінде  енгізу жайлы түбегейлі шешім қабылданған.

Жалпы орта білім беру мектептерінің жоғары сыныптарында  

математика курсына енгізілген  стохастика саласының мазмұнын екі блокка 

бөлуге болады: инвариантты және  вариативті.   



Вестник ПГУ № 1, 2011

36

серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

37

Инвариантты блокқа (бағдарламада анықталған) стохастикалық  

ұғымдар мен ережелер, фактілер кіреді, яғни оқушылар аталған саланың 

«ядросымен» танысады. 

Ал, вариативті блокта әр түрлі бағыт бойынша оқитын оқушылар үшін  

стохастикалық саланың мазмұны мен оны оқыту әдістемесі  жан-жақты 

қарастырылу қажет. Мұнда қандай да бір бағыт бойынша (біздің елімізде іс 

жүзінде екі бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде) жұмыс жоспарын құруда 

оқушылардың  қажеттіліктері, олардың дербес психологиялық ерекшеліктері, 

бейімділігі мен қызығушылықтары ескерілу керек.

Мысалы, жаратылыстану-математикалық бағыттағы  сыныптар болса, 

онда  бағдарлама бойынша оқытылатын тақырыптармен қоса мынадай  

бөлімдерді толығырақ қарастыруға болады: комбинаторика бөлімі бойынша 

(Бином Ньютонын), ықтималдықтар теориясы бойынша (толық ықтималдық 

пен Байес формуласын, тәуелсіз қайталамалы сынақтарды, кездейсоқ шаманың 

түрлерін және оларды беру әдістерін, үлкен сандар заңын); математикалық 

статистика бойынша (статистикалық бағалау және статистикалық болжамды, 

корреляция  теориясының элементтерін).

Техникалық және технологиялық салаларды таңдап алған оқушылар 

үшін ықтималдықтар теориясының негізін, яғни «ядросын» мынадай  

тақырыптармен толықтыруға болады: толық ықтималдық және Байес 

формуласы (мысалы, көптеген факторларға тәуелді болған ракета 

сынығының ықтималдығын табу), тәуелсіз қайталамалы сынақ (мысалы, 

бірдей құрылғыдан  тұратын аспаптың тоқтаусыз жұмыс істеуі жайлы есеп),  

кездейсоқ шама және оның түрлері (мысалы, байланыс жұмысы жайлы 

есеп), ал, математикалық статистиканы оқытуда мынадай тақырыптарды 

қарастырған дұрыс: статистикалық болжамды тексеру (мысалы, құрылғыға 

диодты қосқанда оның жұмыс жасауына әсерін тигізу) және корреляция 

теориясының элементтері (мысалы, жұмыс істеп тұрған құрылғының  

температурасының өзгеруімен және оның  жұмыс уақыты  арасындағы  

байланыс  тығыздығын анықтау).

Қоғамдық-экономикалық бағыттағы сыныптарда ықтималдықтар 

теориясы мен математикалық статистика негізін мынадай сұрақтармен 

толықтырылған дұрыс: толық ықтималдық және Байес формуласы (мысалы, 

әртүрлі әлеуметтік топтарда  сұрақ-жауап алу арқылы нақты пікір алу 

мүмкіндігінің ықтималдығын бағалау), кездейсоқ шаманың түрлері (мысалы, 

маркетинг саласындағы есеп), статистикалық болжамды тексеру (мысалы, 

психологтар жүргізген тренинг бойынша респонденттің «алдында» және 

«соңында» мазасыздану (тынышсыздығы) деңгейінің өзгеруі), корреляция 

теориясының элементтері (мысалы, халықтың сатып алуына қарай товар 

бағасының тәуелділігін анықтау) және регрессиялық талдау (мысалы, 

сұраныс және ұсыныс тәуелділігін құру).

Спорттық-қорғаныс саланы таңдап алған оқушыларды толық 

ықтималдық және Байес формуласымен (мысалы, әр түрлі қарудан атылған 

оқтың нысанаға тию ықтималдығы жайлы есеп), тәуелсіз қайталанатын 

сынақтармен (мысалы, бір мылтықтан бірнеше рет нысанаға ату жайлы 

есеп), кездейсоқ шаманың түрлері және оларды  беру әдістерімен (мысалы, 

снарядтың қаншалықты алысқа үшуы жайлы есеп), статистикалық болжамды 

тексеру тақырыптарымен (мысалы, екі қарудың тең мүмкінділігі жайлы есеп) 

таныстырған дұрыс. 

Оқушыларды, бұл көрсетілген қосымша тақырыптармен,    элективтік 

курстар арқылы  оқытуға болады.  

Мысалы, №18 жалпы орта білім беру мектебінің және де №16 Т.Ы.Аманов 

атындағы орта білім беру мектебінің жоғары сыныптарында стохастика  

саласы бойынша мынадай элективтік курстар жүргізілді: «Ықтималдықтар 

теориясы мен математикалық статистика  есептерін Mathcad  көмегімен  

шығару»,  «Ықтималдық және статистика бізді қошаған әлемде».

«Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика  есептерін 

Mathcad көмегімен  шығару» атты элективтік курс жаратылыстану-

математикалық бағыттағы 10-11- сынып оқушыларына арналған. Математика 

пәнінің негізгі тарауын ықтималдықтар теориясы мен математикалық 

статистика есептерін Mathcad көмегімен шығару арқылы, компьютерді 

математика сабағында қолдану барысында оқушылардың математикаға 

деген қызығушылықтарын арттыруға болады. Әдетте жоғары сынып 

оқушылары математика пәнін қызықсыз, құрғақ есептеулер көп уақыт алады 

деп есепетейді. Өйткені есептеулердің көптігі, бір есепті шығаруға кететін 

уақыттың ұзақтығы, сонымен қатар, оқушылардан тыңғылықты жұмыс 

жасау, бастаған есептеуді соңына дейін толық аяқтау, есептің графикалық 

шешімін табу сияқты математиканың өзіне тән қиыншылықтары бар.   

Бұл элективтік курс математика мен информатика ғылымдарының 

интеграциясына қатысты мәселелердің шешімін табуға бағытталған.   

Оқушылар қарапайым математикалық есептеулерден бастап,  математикалық 

статистика бойынша  қарапайым статистикалық қатар, жиілік кестесі, 

салыстырмалы жиіліктің кестесі, бағандық диаграммалар, полигон, дөңгелек 

диаграммалар, гистограммалар салу есептерін орындау және оларды зерттеуге 

дейінгі жұмыстарды   Mathcad жүйесінде орындайды. Аталған курсты оқып-

үйрену нәтижесінде оқушылардың математикалық пакетті қолдану дағдысы, 

ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика есептеулерін 

автоматтандыру біліктілігі қалыптасады. 

Ал, «Ықтималдық және статистика бізді қошаған әлемде» деп аталатын 

элективтік курста қазіргі кезде ықтималдықтар теориясы мен математикалық 

статистиканың ғылымда да, қолданбалы салаларда да маңызды роль 

атқаратыны көрсетіледі.   Мысалы, комбинаторикалық әдістер транспорттық 


Вестник ПГУ № 1, 2011

38

серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

39

есептерді шешуде,  кестелер, өндірістік жоспарлар  құрастыруда және өнімді 

өткізу мәселесінде қолданылатын болса,  көрсетіледі. 

Аталған элективтік курстар ықтималдықтар теориясы мен математикалық 

статистиканың түрлі салалармен байланысын ашуға, оқушылардың 

білімін жетілдіруге, ықтималдық интуициясын, комбинаторикалық ойлау 

қабілеттерін дамытуға көмектесетінін көрсетті. 

Сонымен қатар, жүргізілген жұмыстар нәтижелері осылайша материалды 

әр бағыт бойынша сұрыптап алу арқылы стохастика саласын оқыту, 

кәсіптік-қолданбалы бағытты іске асыратын, оқушылардың білім, білік, 

дағдыларын қалыптастыруға, жоғары сынып оқушыларын сын тұрғысынан 

ойлауға, олардың жалпы математикаға деген танымдық қызығушылықтарын  

арттыруға болатынын байқатты.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Бектаев Қ.Б. Ықтималдықтар теориясы  және математикалық 

статистика. – Алматы: Рауан, 1991. – 432 б.

2. Жаңбырбаев Б.С. Ықтималдықтар теориясы  және математикалық 

статистика. – «Мектеп» баспасы, 1988.  

3. Маневич Д.В. Теория вероятностей и статистика в школьном 

образовании. - Ташкент: «УКИТУВЧИ», 1989.



Резюме

В данной статье рассматриваются место, роль и значение 

теории вероятности и математической статистики в различных 

областях современной науки.

Resume

In given article the place,  role and importance of  probability theory 

and the mathematical statistics in various areas of a modern science are 

considered.

ƏОЖ 37.025



ҮШ ӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕ – 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН  

ДАМЫТУ НЕГІЗІ

К.К. Даутова

№ 25 қазақ қыздар гимназиясы, Екібастұз қ.

Мектепте оқытылатын тіл, әдебиет пәні оқушыларға өмірді, шындықты, 

қоғамды, сол қоғамда өмір сүретін адамдарды тануға жәрдемдеседі,  өмірге 

көзқарасын қалыптастырады, сөйлеу, жазу мәдениетіне баулиды. 

Қазіргі таңда жан- жақты дамыған дарынды, қабілетті, білімді тұлға 

тәрбиелеу әр ұстаздың мақсаты болып отыр.

Осы мақсатты жүзеге асыруға жаңа техналогиялардың ықпалы мол.

Жаңа технологияларды қолдана отырып, жас ұрпақтың шығармашылық 

қабілетін, қазақ тілі пәнінен күтілетін үш түрлі құзіреттіліктерін  дамытып, 

тілге, әдебиетке деген құштарлығын арттыруда - әр мұғалім өз үлесін 

қосуда.

Үш өлшемді әдістемелік жүйе технологиясының жетістігі - біріншіден 



«қабілетті», қабілетсіз» деп жіктеп бөлуді болдырмау болса, екіншіден 

оқушылардың сөз шеберлігін, тіл байлығын, көркем әдебиетке деген 

құштарлығын арттырудағы  шығармашылық жұмыстарының орны 

ерекше.


Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан  туады. Бұл жерде  

дана Абайдың «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар»  деген  ұлы сөзі еріксіз ойыңа 

оралады .Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет, 

қабілет іздете білу, өмірден өз орнын тапқыза білу қаншалықты қиын екені 

түсінікті. Басқа жолға түсіп  адасушылықтың негізгі себебі, ең алдымен, бір 

кездегі ұстаздары мен  мектебінде жатқан жоқ па деген сауалдың мұғалімдерді 

ойлантқаны жөн.

Бұл жұмыстар жеке тұлғаның танымдық іс - әрекеті арқылы жүзеге 

асады. Оқушылардың дарыны мен қаблеті шығармашылық жұмыстарда 

көрінеді. Дарын мен қабілет сол арқылы дамиды.

Шығармашылық жұмыстар - оқушылардың бұрын кезікпеген, шешімі 

белгісіз сұрақтардың жауабын табуға бағытталатын оқу еңбегінің жоғарғы 

деңгейіндегі түрі. Сондай-ақ көркем мәтінді оқу барысында иллюстрация, 

суреттер пайдалану, әр оқушының қабілетіне қарай өнерін шығару, сценарий 

жасату, оқыған шығармаларға, көркем суреттер бойынша пікір айтқыза білу 

–оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру түрлері  болып табылады. / 2.41/






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал