Вестник жгу им. И. Жансугурова №4 / 2011



жүктеу 82.3 Kb.

Дата09.02.2017
өлшемі82.3 Kb.

                 ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   №  4 / 2011

 

 



 

86 


 

4.   Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі  – Алматы. ЮРИСТ. 2009. 164 б. 

5.  Косдавлетов  К.К.  Правовые  основы  экологической  безопасности  Республики 

Казахстан:  Автореф.  дис. канд. - Алматы, 2000. - С.10. 



 

 

Ф И Л О Л О Г И Я 

 

 

         ӘОҚ  385                                 Ш. Ә. Кыяхметова,  Н. Малаева 



І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы  

 

СОДЫРЛЫ  СЫНДАР  СОЙҚАНЫ   

 

В статье рассматривается ранняя стадия изучения творчества Ильяса Жансугурова. 

The article is I.Zansugurov's actioities first period reslareh. 

 

Ғасыр  мен  ғасыр,  қоғам  мен  қоғам  алмасқан  күрделі  кезеңде  өмір  сүрген  ұлы  ақын, 

жазушы,  фольклорист,  публицист,  драматург,  аудармашы,  Жетісу  тарихын  зерттеуші,  қоғам 

қайраткері  І.Жансүгіровтің  шығармашылығы  жөнінде  1928-1938  жылдар  аралығында  60-қа 

жуық  сын  мақалалар  «Еңбекші  қазақ»,  «Қазақ  әдебиеті»,  «Социалды  Қазақстан»,  «Лениншіл 

жас»  газеттерінде,  «Әдебиет  майданы»  журналында  және кейбір облыстық газеттерде жарық  

көрген.  

Сәбит  Мұқановтың  Ілиястың  1928  жылы  шыққан  «Сағанақ»  жинағына  айтқан 

беташары  -  қаламгер  шығармалары  жайындағы  алғашқы  сын  -  пікір  болды.  Беташарда 

Ілиястың  қара  шаруа  ақыны  екендігі,  кедейге  бетін  азырақ  бұратындығы,  бірақ  «ел»  деген 

сөзді  көп  қолданатындығы,  мұндай  пікірдің  кате  екендігі,  бірақ  Ілияс  кей  жерінде  жалшылар 

туралы,  аз да болса айтатындықтан, одан үміт күтуге  болатындығы жазылған.  

1929  жылы  Қызылордада  сыншы  Ғаббас  Тоғжановтың  жиырмасыншы  жылдан  бергі 

қазақ 


әдебиетіндегі 

табыстарды 

қорытындылап, 

жеке 


ақын-жазушылардың 

шығармашылығына  талдау  жасауды  алдына  мақсат  етіп  қойған  «Әдебиет  және  сын 

мәселелері»  деген  көлемді  кітабы  шықты.  Ол  бұл  еңбегінде  Ілиястың  1926  жылға  дейінгі 

шығармашылығына  ұлтшылдық  айдарын  тағады.  «Ілиястың  1926  жылға  дейін жазып келген 

өлең,  әңгімелерінің  көбінде  халықшылдық,  ұсақ  байшылдық,  ұлтшылдық  әсерін  табасың»,- 

деп,  тұжырым  жасайды.  «Майдан»  өлеңінен  ұлтшылдықты  көрсе,  «Ауылдың  алды», 

«Көктемде»,  «Әнші»  өлеңдерінде  идеялшылдық,  халықшылдықтың  әсері  бар»,-  дейді. 

«Қосаяқ»,  «Толғау»  атты  өлеңдерін  идеялық  жағынан  жат  шығармалар  етіп  көрсетеді. 

Біздіңше,  бұл  өлеңдер  -  идеялық,  көркемдік  дәрежесі  жоғары,  поэзияға түр, мазмұн жағынан  

жаңалық  әкелген,  сол  кездегі  саяси-әлеуметтік  мәселелер  төңірегінде  келелі  пікір  қозғаған 

шығармалар. 

Әйтіке  Мусин  «Еңбекші  қазақ»  газетінің  1929  жылдың  17  сәуірдегі  санында 

жариялаған  «Көркем  әдебиет  мәселесіндегі  айтыстар  туралы»  мақаласында  Ғаббастың 

«Сәкен,  Бейімбет,  Сәбит  пролетариат  жазушылары  деген  атты  алуды  көтермейді,  бұлар 

төңкерісшіл  жазушылар»  деп  айтқанын  қолдайтынын  білдіре  отырып,  кейбір  сыншының 

оларды пролетариат жазушылары  ретінде танитынымен келіспейді.   

Жақан  Сыздықұлы  «Еңбекшi  қазақ»  газетiнің  1929  жылдың  24  сәуiрдегі  санында 

шыққан  «Ақын-жазушыларымыз  туралы»  атты  мақаласында:  «Осы  күнге  дейiн  әдебиет 

тарихын  алсақ,  әрбiр  жазушы,  ақынға  бас-басына  сын  берiлгенiн  көремiз.  Олардың 

жазғандарын,  өлеңдерiн, поэмаларын тұтасынан алып, тегiсiнен сынағандарын көремiз. Бiзде 

әлi  бұл  болған  жоқ.  Бейiмбет,  Сәкен,  Сәбит,  Iлиястар  бiрсыпырадан  қаламын  қолға  алып 

жазып келедi. Ғабит, Асқар қаламын қолға алғалы едәуiр болып қалды. Бұлардың бiр де бiрiне 



                 ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   №  4 / 2011

 

 



 

87 


 

әлi  тиiскенiмiз  жоқ,  сынағамыз  жоқ,  тәрбиелегемiз  жоқ»,-деп,  әдеби  сынға  көңілі  толмай 

жүргендігін  жазады.   

Өзара  сынның  беталысы  күшейді.  Әдебиетте  жікке  бөлу  пайда  болды.  Ақын-

жазушылар  бір-бірін  сынау  үшін    өз  араларынан  қолдан  жасаған  «жікшілдікті»  іздей 

бастайды.  Ілияс  «Еңбекші  қазақ»  газетінің    1930  жылдың  17  ақпандағы  санына  «Жікке  жол 

жоқ»  деген  көлемді  мақаласын  жазып, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ә.Байділдинді қатты сынға 

алады.  Осыдан  кейін-ақ  Ғ.Мүсірепов  «Әдебиеттегі  жікшілдікке  қарсы»,  С.  Мұқанов  «Жікке 

қарсы  жік»,  Ө.Мұсаұлы  «Жікшілдіктің  түбі  жолбикелік»,  Ә.Тәжібаев  «Әдебиеттегі  ауа 

жайылушылықтарға  қарсы»,  Ғ.Тоғжанов  «Жолдастық  хат»,  деген  мақалалар  жазып,  әдеби 

айтысты  жандандыра  түседі.  Таяқ  Ілиясқа  да  тиіп  жатты.  Бұл  жылдардағы  әдеби  сынның 

идеялық  әлсіздігі,  теориялық  дәрежесінің  төмендігі  әдеби  құбылысқа  тұрпайы 

социологиялық тұрғыдан қарап, теріс  қорытынды шығаруға  әкеліп  соққан. 

 «Еңбекші  қазақ»  газетінің  1930  жылғы  2  қарашадағы  санына  Әбдiлда  Тәжiбаевтың 

«Iлияс  туралы  бiр-екi  сөз»  және  М.Қайыпназарұлы,  Қалымбекұлының «Iлияс жолбике емес» 

деген  мақаласы  шыққан.  Ә.  Тәжiбаев  «Ілияс  жолдас  туралы  жазу,  өткен  күндегі  беттерін 

жұртқа  көрсесту,  қазіргі  қателіктерін  әл  келгенше  айту  –  кәмунистік  міндет»,-деп  мақаласын 

бастайды  да,  оның  өлеңдерінен  байшылдық,  ұлтшылдық  іздейді.  Ілиястың  «Ызалы  қиял», 

«Ақынға»,  «Көк  өгіз»  өлеңдерін  талдап,  оны жолбике ақындардың қатарына қосады. «Ғаббас 

Тоғжанов  «Әдебиет  және  сын  мәселелері»  деген кітабында Ілиясты жолбикелердің қатарына 

қосу  керек  еді,  Ілиястың  өткен  өткелектерін  оқушыларға  тізіп  бергенде  тарихқа  да  қиянат 

қылмаған  болар  еді»,-дей  келіп,  С.  Мұқановтың  «Сағанаққа»  жазған  алғы  сөзіндегі  Ілияс 

жайлы сынды қолдайтындығын айтады. Сол кезде сынға көп ұшыраған «Ызалы қиял», «Қиял 

өмір»,  «Өмір-көмір»  сияқты  өлеңдері  ақынның  кей  шақтардағы  көңіл  күйіне  және  кейбір 

асыра сілтеушіліктің  жеке фактілеріне    байланысты туған. 

М.Қайыпназарұлы, Қалымбекұлы «Iлияс жолбике емес» деген мақалаларында: «Әбдiлда 

жоғарғы  мақаласында  Iлиясты  жолбике  деп  отыр.  Iлиясты  жолбике  деп  танысақ,  Iлиясты 

ҚазАПП  ұйымына  басшы  қылуға  жарамайды.  Iлиястың  дәл  қазiргi  күндерi  жолбике  болып 

және  пролетариат  жазушылар ұйымына мүше болуы бiр-бiрiне жанаспайтын нәрсе. Бiздiңше, 

Iлияс  жолдасты  қазiргi  күнде  жолбике  деп  тануға болмайды», - дейді. «Ал ұшамын аспанға», 

«Ақынға»,  «Көк  өгiз»  өлеңдерiн  сынайды.  Толық  пролетариат  жазушысы,  қателерi  жоқ  деп 

бiз  де  айта  алмаймыз.  Әбдiлда  айтқандай  жолбике деп тағы айта алмаймыз. Iлияс Қазақстан 

пролетариат  жазушылар  ұйымының  мүшесi.  Мүшесi  болуға  жарайды  деп  ойлаймыз»,-деп 

сөзін қорытындылайды.  

Ғаббас  Тоғжанов    «Жолдастық  хат»    мақаласында:    («Еңбекші  қазақ»  газеті,  20  қазан 

1930ж.)  «Әбділда  жолдас,  Ілиясты  жолбике  қатарына  қосуға  бола  ма?  Әрине,  болмайды. 

Жолбике  болса,  ҚазАПП  ұйымына  мүше  қып  алуға бола ма? Әрине, болмайды. Рас, әлде де 

болса  Ілиястың  кемшіліктері  мол.  Толық  пролетариат  жазушысы,  қателері  жоқ  деп  біз  де 

айта  алмаймыз.  Әбділда  айтқандай  «жолбике»  деп  тағы  айта  алмаймыз»,-  деп  өз  ойын 

білдіреді. 

Міне,  осылайша  қаламгерлер  бір-бірінің  шығармаларынан  жат  ниет  іздеп,  сынның 

сойылын  соға  берді.  Мұндай  қызу  талас-тартыс  қазақ  зиялыларының  екiншi  рет  қамауға 

алынуына  әкеп  соқтырды.    1930  жылғы  қыркүйек-қазан  айларында  40  шақты  адам 

тұтқындалады. Бірақ  бұл жолғы қудалаудан  да I. Жансүгiров  аман қалады.   

Ілияс  шығармашылығының  1930-жылдың  бас  кезіндегі  зерттелуі  мәселесіне  М. 

Әуезов,  F.  Мүсірепов,  С.  Мұқанов,  Қ.  Жұмалиев,  М.Қаратаев,  3.  Кедрина,  I.  Қабылов,    С. 

Сейфуллин, Ө. Тұрманжановтар ат салысып отырды. Олар қазақ кеңес жазушыларының тілге 

шебер,  өлеңге  ұстасы  да,  алдынғы  саптағысы  да,  көрнектісі  де    -  Ілияс  деген  бағытта  баға 

берген.   

1932  жылы  Қазақстан  пролетариат  жазушыларының  1  съезі  өтеді,  онда  Мұстафа 

Қайыпназарұлы    «Қазақ  әдебиетінің  жайы мен кезектегі міндеттері туралы» деген тақырыпта 

баяндама жасайды. Баяндама «Әдебиет майданы» журналының 1932 жылғы №3 санына  (26-



                 ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   №  4 / 2011

 

 



 

88 


 

29  февраль)  жарияланады.  Ілиясқа  қатысты  тұсы төмендегідей: «І.Жансүгірұлы - жазушылық 

жағынан  Сәкен,  Бейімбеттермен  қатар  жазушы.  Ілияста  көп  қателіктер  болды.  Мұның қатесі 

өзгелерден  гөрі  де  басымырақ.  Ілияс  бір  кезде  ұлтшыл  алашорданы,  мұратшылдықты 

жырлап  жүрді.  1923-жылдары  «Мен  не  көрем?»,  «Жарапазан»  сияқты  әңгімелерін  жазды. 

Бастан  аяқ  оқып  отырсаңыз,  айтатыны  бір  сарын.  Дүниеде  көңіл  сүйсінерлік  жақсылық, 

игілік  қалған  жоқ.  Бәрі  қараңғы,  бәрі  бір  түн.  Ардақты  әлемнің  жақсылығы  түннен  көрі    көр 

болды  дейді.  «Мерген  Бекен»  әңгімесінде  қиялшылдыққа,    сарыуайымға  жығылады, 

үмітсіздікке  түседі...  Ілияс  1925  жылдан    бастап  өзгелер  сияқты  алаштан  іргесін  айырып, 

кеңеске  қосыла бастады. Ілияс - өсіп келе жатқан ақын...».  

 Қарап  отырсақ,  сынның  беталысы  қиын.  Дегенмен,  ендігі  жерде  там-тұмдап  болса  да 

оң  пікірлер  айтыла  бастады.  Соның  бірі  -  С.Мұқановтың  «Социалды  Қазақстан»  газетінің  

1933жылдың  5  маусымдағы  нөміріне  шыққан    «Поэзия  мәселесі»  мақаласы.  Ол:  «Ілияс 

«Даладан»  кейін түр жағынан да, мазмұн жағынан да төмендеген жоқ»,-деп оң баға береді. 

Ілияс  поэмалары  туралы  ең  алғашқы  салмақты  сөзді  кеңес  жазушылар  ұйымының 

ұйымдастыру  комитетінің  1932  жылы  желтоқсанда  болған  бірінші  пленумында  Ғабит 

Мүсірепов  айтты.    «Дала»  осы  күнге  дейінгі  ұлылы-кішілі  жазылған  поэмаларымыздың 

алды»-деп,  ерекше  атап  өтіп,  Ілияс  Жансүгіровтің  әдебиеттегі  бағыты  мен  ұстанған 

позициясы  туралы    объективті  көзқарас  білдірген.  Е.Бекенов  1933  жылы  «Социалды 

Қазақстан»  газетінде  «Неге  шабан  өсеміз?»  деген  мақала  жазып,  онда  Ілиястың  «Бақтың 

әдісі»,  «Ташкендікке  тарт»,  «Қуыршақ»  атты    бірқатар  сатиралық  әңгімелеріне  назар 

аударады. 

 І.Жансүгіровтің  драмалық  туындылары  жайлы  Ғ.  Мүсірепов  «ҚазААП  жаңа  дәуірде» 

(1932ж.),  О.  Бекұлы  «Қазақ  театырының  қысқы  ойынға  даярлығы»  («Социалды  Қазақстан» 

газеті,  23  сентябрь  1933ж.),  «Қазақстан  театры  мен  драматургиясының  өсу  белестері» 

(«Қазақ  әдебиеті»  газеті,  7  июль1934ж.),  М.Әуезов  «Жақсы  пьеса-сапалы  әдебиет  белгісі» 

(«Социалистік  Қазақстан»  газеті,  28  апрель1934  ж.)  «Драматургияның  бүгінгі  жайы  мен  

алдағы  міндеттері»  («Қазақ  әдебиеті»  газеті,  7  июль1934ж.),  Ілияс  Қабылов  «Қазақ 

әдебиетіне    маркстік-лениндік  сын  керек»  («Социалды  Қазақстан»  газеті,  15  август  1934  ж.), 

Р.  Уәлиахметұлы  «Семейдегі    қазақ  театры  туралы»  («Қазақ    әдебиеті»  газеті,  13  октябрь 

1934  ж.),    Орынбек    «Драмтеатрдың    жайы»  («Қазақ  әдебиеті»  газеті,  13  октябрь1934  ж.), 

Ақынжанов  М.  «Исатай-Махамбет»  пьесасы.  («Әдебиет  майданы»  журналы,    №7.  8-37  бб. 

1938ж.)  деген  мақалалар  жариялады.  М.Әуезов  «Түрксиб»  пьесасы  жайлы:  «Әзірге  қазақ 

пьесаларының  ішінде  драма  техникасын  нық  ескерген  пьеса  осы  болар»  -  деп  жазды.  Бұл 

мақалалар Ілиястың драматургтік  қырын сөз еткен алғашқы  сындар еді. 

Қайырқан  Еркебайұлы  «Қазақ  әдебиеті»  газетінің  1934  жылғы  10  августегі  нөміріне 

«Ілияс  ағайға  ашық  хат»  деген  мақаласын  бастырады.    Мақала  Ілиястың    «Жаңа    туған»  

поэмасын  сынауға арналған.  

Қазақ  поэзиясын  түрі,  мазмұны  жағынан  дамытудағы  Ілияс  еңбегі  Қазақстан 

жазушыларының  1934  жылғы  І-съезінде  ерекше  аталып  өтеді.  Съезде  Қ.  Жұмалиев: 

«Ілиястың  қазақ  поэзиясына  әкелген  жаңалығы  -  жаңа  өлең  жазу  тілі  бар»  -  дей  келіп, 

бірнеше  басты ерекшеліктерін  атап, құнды пікірлер  айтқан. 

А.С.Пушкиннің  қайтыс  болғанына  100  жыл толуы қарсаңында  І.Жансүгіров «Евгений 

Онегин»  романын  аударады.  Оған  алғашқылардың  бiрi  болып  М.  Әуезов  «Евгений 

Онегиннің»  қазақшасы  туралы»  деген  мақала  жазады.    Мақала  1936  жылы  6  январьда  

«Социалды  Қазақстан»  газетінде  жарық көрдi. Оған ілесе С. Жамагетовтың  «Ақынға алғыс» 

(«Социалистік  Қазақстан»  газеті,  6  январь  1937ж.),  Телжан  Шонановтың  «Евгениий 

Онегиннің»    аудармалары  туралы»  («Социалистік  Қазақстан»  газеті,  8  февраль  1937ж.),  Р. 

Жаманқұловтың    «Пушкин  шығармасы  қазақ  тілінде»    («Қарағанды  пролетариаты»  газеті,  15 

февраль1937ж.)  мақалалары жарияланды.  

1936  жылдары жалпы қазақ әдебиетінің табыстары қорытындыланып, өзінің объективті 

бағасын  ала  бастаған  кезең  еді  және  Мәскеуде  Қазақстан  әдебиетi  мен  өнерiнiң  он  күндiгi 



                 ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   №  4 / 2011

 

 



 

89 


 

өткен  болатын.  Мұның  бәрі  ақын-жазушыларға  құлшыныс  тудырып,  жаңа  шығармаларды 

өмірге  әкелулеріне  себеп  болады.  Ақынның  «Құлагер»  поэмасы  –  осы  кезеңнің жемісі. Ілияс 

«Құлагер»  поэмасын  «Социалды Қазақстан» газетінде  шетінен  жариялай бастайды.  

 Ілияс  Жансүгіров  поэмалары  бойынша  сынның  бастамасын «Қазақ әдебиеті» газетінде 

(1936  жыл,  10қаңтар)  ұйымдастырылған  айтыс  ашты.  Айтыс  С.Мұқановтың  «Ілиястың 

поэзиясы  туралы»  деген  мақаласымен  басталды.  С.  Мұқанов:  «Ақындық  күші  көптің  көзіне 

көрініп,  үлгі  аларлықтай  болған  басты  ақын,  меніңше,  Сәкен  мен  Ілияс.  Бұл  екеуін  қазақ 

совет  поэзиясының  классигі  деуге  аузымыз  бара  алады...  Сәкеннің  «Советстаны»,  Ілиястың 

«Даласы»,  Бейімбеттің  «Майданы»  -  белгілі  дәуірдің  көркем  қорытындысы»,-  деп,  жазды. 

Бұл  жайында  Есмағамбет  Исмайлов:  «Ілияс  Жансүгіровтің  «Дала»  атты  лирикалық  поэмасы 

халық  басынан  кешірген,  бірнеше  тарихи  кезеңдер  туралы  сыр  шертеді.    Мұнда  жазушы 

үлкен  шеберлік  көрсеткен»,-десе,  Мұхаметжан    Қаратаев  «Дала»  поэмасын  кейбір  көркемдік 

композициялық    кемдіктеріне  қарамастан,  жалпы    поэзиямызда  қазақ  халқының  ақындық 

шежіресі  есебінде  ірі  бастама  жасаған  поэзиялық  тарихи  -  философиялық  ұзақ  салалы 

«шығарма  дей аламыз», - деп бағалады. «Дала» поэмасына берілген бұл бағалардың қайсысы 

болмасын, шығарманың құндылығына  шек  келтірмейді.   

 Сол  жылдары  жазылған  К.  Алтайскийдің  «Жансүгіров  тасып  төгіліп  тұрған  дарқан 

дарын,  өз  халқының  тіл  маржанын  жүзіктің  көзінен  өткізген  батыл,  жаңашыл,  ғажайып 

зергер  еді.  Ол  ізденуді  сүйетін,  ізденісі  жеміссіз  болмайтын.  Оның  «Дала»  поэмасы  өз 

халқының  тарихын  ақын  тілімен  жырлап  берген  қазақ  «Илиадасы» десе де болғандай» деген 

бағасы  әділ  бағалардың  бірі  болды.  Есмағамбет  Исмаилов  «Сын  поэзияны  қалай  тану 

керек?»  деген  мақаласында:  «Құлагер»  -  осы  күнге  дейін  болып  келген  поэмамыздың  ең  бір 

асыл, ең кесек  қазынасының бірі  екені  талассыз»,- деп, әділ бағасын берді. 

Қадыр  Қуанышұлының  мақаласында  поэманы  нақтылы  талдау  талабы  байқалады. 

Бірақ  күйдің  әлеуметтік  мәні  мен  эстетикалық  қасиетін  жете  түсінбеу  салдарынан  поэманы 

жан-жақты  зерттеп,  дұрыс  қорытынды  шығара  алмаған.  «Қазақ  әдебиеті»  газетінің 

1936жылғы  10  январьдағы  санына  Қ.  Әбдіқадырұлының  «Күйшіні»  түсіне  білу  керек»,  Ө. 

Тұрманжанұлының    «Күйшінің  күйі  туралы»,  Ә.  Қоңыратбаевтың  «Сын  туралы  бір-екі  сөз» 

атты мақалалары жарияланған.  

«Күйші»,  «Дала»  поэмалары  бойынша  айтыстың  өз  кемшіліктері  болды.  Айтыс  

науқаншылық  сипатта  болды,  екіншіден,  айтыс  материалын  жариялауға  газеттің екі беті ғана 

берілді,  сондықтан  оған  басқа  сыншылар  қатыса  алмады;  үшіншіден,  сыншылар  Ілияс 

поэмаларын  көркемдік  тұрғыдан  талдауды  назардан  тыс  қалдырды.  Осы  айтысқа 

қатынасушы  Құлмырза  Өтеповтің  мақаласы  «Әдістегі  қателік»  деп  аталады.  Қ.  Өтепов 

«Дала»,  «Күйші»  поэмаларындағы  жазушының  әдісі  қате  деген  пікірді  ұстанып,  бұл 

поэмаларда реализмнен гөрі  символика басым деген теріс  қорытындыға келеді.   

   Е.  Ысмайылов  «Әдебиеттегi  формализм  мен  натурализмге  қарсы»  атты  мақаласында 

(«Социалды  Қазақстан»  газеті,  4  сәуiр  1936  жыл)  Iлиястың  «Қуат»  деген  туындысын 

«формализм  сарынымен  жазылған»,-  дейдi.  Ал  1936  жылғы  11  сәуiрде  осы  мәселеге 

байланысты  үлкен айтыс өткiзiлген. Баяндама жасаған Әзiмбай Лекерұлы Iлиястың «Жорық» 

поэмасын  натурализмге  жатқызды.  Челюскин  жорығын  суреттейдi.  Ақын  суреттейтiн 

оқиғасына  атүстi  қараған,  өзiнiң  айтатын  оқиғасын  жете  зерттемеген,  сөйтiп  социалды 

реализмнiң  шарттарын  қолданбаған»,  -  дейдi.  Р.Жаманқұлов:  «Бiздiң  15-20  жыл  жазушылық 

стажы  бар  Сейполлаұлы,  Майлыұлы,  Жансүгiрұлы,  Әуезұлы,  Мұқанұлы  сияқты  iрi 

жазушыларымыз  болса да кеңестер одағының әдебиетiне қазына боларлықтай кесек шығарма 

бере  алған  жоқ»,-  деп  тиiстi.  Iлиястың  «Жаңа  туған»  шығармасын  натурализм  әдiсiмен 

жазылған деп есептедi.     

   1936-1937 жылдары газет-журнал беттерінде сыншы К. Зелинский, А. Селиванский, А 

Қ.  Алтайский,  П.  Магердің  т.  б  мақалалары  басылды.  К.  Зелинский  «Күйшіні»  жоғары 

бағалайды  және  поэмадан  астарлы,  бүркеншік  сыр  іздеудің,  оған  символиканы 

жабыстырудың қателігін  атап көрсетеді. 



                 ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   №  4 / 2011

 

 



 

90 


 

ВКП  (б)  Орталық  комитетiнiң  1936  жылғы  желтоқсанда,  1937  жылғы  ақпан-наурыз 

айларында  өткен  пленумнан  кейін  жаппай  қудалау басталды. Бұл зұлмат қазақ  азаматтарын 

айналып  өтпеді.    Аспанды  торлаған  қара  бұлт  қоюлана  бастады.  Ел  ішінде  үрей  туды.  

Өлкелік  комитеттің  тамыздағы    пленумында  жаппай  әшкерелеу  iсiн  күшейту  жөнінде  нұсқау 

берілді.  Қаламгерлер арасындағы айтыс-тартыстар басқа бағытқа кетті.  

Нағыз  қанды  қырғын  жасайтын    тілдеу,  ғайбаттау,  жала  жабу  бағытын  ұстанған 

мақалалар басылым бетінде үсті-үстіне жарияланып жатты. «Әдебиет майданы» журналының 

үшінші  санында  С.Сейфуллин,  Б.Майлин,  І.Жансүгiров,  Ғ.Тоғжановтарды  «ұлтшыл  фашист, 

жауыз»  деген  бағытта жазылған мақала жарияланды. «Халық дұшпандарын түгел әшкерелеп, 

көзiн  мүлде  құртайық»  деген  бас  мақала  (  «Социалды  Қазақстан»  газетi,  9  қаңтар  1937  ж.),  

Көркем  әдебиеттегі  ұлтшыл  фашистердің  зиянкестігін  түп  тамырымен  құртайық.  («Әдебиет 

майданы»  журналы,  №3,  1937ж.),  Р.Жаманқұловтың  «Қырағылықты  күшейтейiк»  («Қазақ 

әдебиетi»  газеті,  18  қаңтар),  «Жазушылардағы  есуастық  дерт»  («Лениншiл  жас»  газеті,  11 

сәуiр),  «Әдебиеттегi  алашорда  агентi»  («Лениншiл  жас»  газеті,  21  қаңтар),    Дәукенов 

Кәріжанның    «Барып  тұрған  зиянды  контрабанды»  («Қазақ  әдебиеті»  газеті,  30  шілде 

1937ж.),  М.  Қаратаевтың  «Жазушылар  ұйымы  жаңа  мiндеттер  алдында»,  Ә.  Тәжiбаевтың 

«Большевиктiк  өзара  сын,  сапалы  шығарма  керек»  (Социалды  Қазақстан  газеті,  24 

сәуiр1937ж.),  М.Қаратаевтың  «Қазақ  әдебиетіндігі  Авербақовшылдықтың  қалдығын  толық 

жою  керек»    («Социалды  Қазақстан»,  29  тамыз  1937ж.),  «Буржуазияшыл  ұлтшылдардың 

ұясын  тас-талқан  жасау  керек»  («Лениншіл  жас»  газеті,  16  қазан  1937ж.)  сынды  даттау 

мақалалар тарихымызда ақтаңдақ  бет болып қалатын күндерді  жақындата түсті.   

Репрессияға  ұшырағандар  түрмеге  тоғытылды.  Олардың  бел  ортасында  Ілияс 

Жансүгіров  та  болды.  Ілияс  1937  жылы  13тамызда  абақтыға  қамалды.  Ілияс  Жансүгіровтің 

шығармашылық  өмір  жолы  осылай  оқыстан  аяқталды,  шығармашылығының  зерттелуінің 

алғашқы  кезеңі  де кілт  тоқтады.   

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



1. Мұқанов С. «Күресте ержеткен әдебиет». // «Қазақ  әдебиеті»  газеті  1965ж. 

2. Мұқанов С. «Жансүгіровпен  жігіміз».  // "Еңбекші  қазақ"  газеті,  1930 жыл, 22 сәуір.      

3. Еркебайұлы Қ. «Ілияс ағайға ашық  хат».  //«Қазақ  әдебиеті»  газеті,  1934жыл, 10 тамыз. 

4. Мұқанов С. «Ілиястың поэзиясы туралы». //«Қазақ  әдебиеті»  газеті,  1936жыл, 10 қаңтар.  

 

 

        ӘОҚ 378.147.2:811.112.2 



С.А. Уалиева,  К.М. Чинибаева 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы 

 

ЕТІСТІҢ  ФУНКЦИОНАЛДЫ СЕМАНТИКАСЫ 

 

В данной статье рассматривается  структура и функции активных и пассивных конструкций 



The structure and functions of Aktive and Passive constructions are considered in this article 

 

Кейінгі  кезде  лингвистикада,  грамматикалық  категориялардың  табиғатын  түсіндіруде, 



оларды  жеке  дара  шеңбер  аясында  ғана  емес,  басқа  тіл  бірліктерінің  элементтерімен 

байланыстыра  қарастыруға  ерекше  мән беріліп жүр. Мұндай амалдармен берілген зерттеулер 

тілдің  табиғатын  жете  түсінуге  жол  ашады.  Сондықтанда  ырықсыз  етіс  категориясын 

функциональды-семантикалық 

өріс 

теориясы 



тұрғысынан 

қарастыра 

отырып, 

ырықсыздықтың  жасалу  тәсілдері  мен  жасалу  кезеңін  білдіретін  барлық  тілдік  құралдарды 

пайдалана отырып аталған категорияның табиғатын толық тануға болады. 

Өрістің  қандай  да  бір  өзіндік  сипаттамасы  бар  жүйе  немесе  құрылым    ретінде 



анықталатындығы    ғалым  А.Б.Бондарко  ұсынған  «функциональды-семантикалық  өріс» 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал