Вестник жгу им. И. Жансугурова №4 / 2011



жүктеу 47.15 Kb.

Дата21.02.2017
өлшемі47.15 Kb.

                 ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   №  4 / 2011

 

 



 

45 


 

4.

 



Проблемалық  тапсырма  ретінде  оқу есептері, сұрақтары, практикалық тапсырмалар 

т.б. болуы қажет.  

5.

 

Меңгеруге  тиісті  бір  сұрақ  көлемінде,  әр  түрлі  тапсырмалар  түрінде  проблемалық 



ситуациялар пайда болуы мүмкін. 

6.

 



Егер  оқушы  проблемалық  жағдайдан    шыға  алмаса,  яғни  шешім  таба  алмаса, 

мұғалім  пайда  болған  жағдайды  тұжырымдап,  не  себептен  орындалмағанын  көрсету 

қажет және жаңа шешімді  табу үшін  жаңа оқу  материалын түсіндеруге  кірісу  қажет. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР   



1.

 

Менчинская  Н.А.  Оқуға  қабілеттілік  пен  ізденіс  (аударған  Бұзаубаева  Қ.Ж.)  - 



Алматы, 2002 ж. 

2.   Бұзаубаева  Қ.Ж.  Ізденіске  үйрететін  жаңа  педагогикалық  технологиялар  -    Алматы, 

2003 ж.  

3.

 



Махмұтов  М.Ш.  Мектепте  проблемалық  оқытуды  ізденімпаздыққа  баулу  негізінде 

ұйымдастыру - Алматы, Мектеп,

 

1981 ж.


 

 

          ӘОҚ  376.8:811 



 

Ж.А. Жунусова,  А.А. Камалбекова  

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы 

 

АРНАЙЫ  МЕКТЕПТІҢ  ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА  ОҚУШЫЛАРДЫҢ 

БАЙЛАНЫСТЫРЫП  СӨЙЛЕУ  ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 

 

Works  developing  intertelated  conversational  speech  of  students  in  Kazakh  language  lessons  in 



special schools are observed.  

В  данной  статье  рассматриваются  особенности  развития  связной речи в  специальной школе 

на уроках казахского языка. 

 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің  басты 



міндеттерінің  бірі  –  ғылым  мен  тәжірибенің  жетістіктері  негізінде  алынған  білімді  нақты 

жағдайда  пайдалану  икемділігін  меңгерген,  өз  бетінше  дұрыс,  тиімді  шешімдер  қабылдауға 

қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру»  болып  табылатындығы  жазылған.  Бұл  міндеттер 

мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  да  қатысты  және  ол  «Кемтар  балаларды  әлеуметтік  және 

медициналық-педагогикалық  түзеу  арқылы  қолдау  туралы»  Заңында  өз  бекітуін  алған.  Бұл 

заңды  жүзеге  асыру  барысында  республикамызда  ана  тілінде  оқыту,  соның ішінде мүмкіндігі 

шектеулі  балаларды  ана  тілінде  оқытудың  психологиялық-педагогикалық  теориясы  мен 

тәжірибесінің  дамуына  жағымды  алғышарттар  жасалуда.  Қазіргі  кезде  елімізде  дамуында 

ауытқуы  бар  балаларға  арналған  арнайы  мектептер,  арнайы  бала  бақшалар,  жалпы  білім 

беретін  мектептер  ішінен  арнаулы  сыныптар,  жалпы  бала  бақшалар  ішінен  арнайы  топтар 

көптеп  ашылуда.  Бірақ,  ғылыми-теориялық  негізде  қарастырылған  оқу-әдістемелік 

құралдардың,  ғылыми  зерттеулердің  жеткіліксіздігі  арнайы  мекемелерде  оқу-тәрбие  үрдісін 

тиімді  ұйымдастыруға  кері  әсерін  тигізуде.  Қазіргі  кезде  арнайы  педагогика  саласында 

дамуында  ауытқуы  бар  балаларды  оқыту  мәселесіне  қатысты  тың  зерттеулер  жүргізілуде. 

Осындай  өзекті  мәселелердің  бірі  –  арнайы  мектеп  оқушыларының  байланыстырып  сөйлеу 

тілін  дамыту  мәселесі.   

Байланыстырып  сөйлеу  тілі  –  бұл  сөйлеу  әрекетінің  ең  күрделі  түрі.  Байланыстырып 

сөйлеу  тілі  –  тек  өзіне  тән  белгілерімен,  сонымен  қатар  жүйелілікпен,  бірізділікпен,  баяндау 

ерекшелігімен  сипатталады  және  сөйлеудің  толық,  кең  түрде  берілуі  болып  табылады. 

Байланыстырып  сөйлеу  тілі  дегеніміз  –  логикалық  бірізді  және  грамматикалық  дұрыс 



                 ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   №  4 / 2011

 

 



 

46 


 

құрылған  белгілі  бір  мазмұнның  нақты  кең  түрде  баяндалуы.  Байланыстырып сөйлеу тілі екі 

жақты  процесс.  Ол  сөйлеу  және  сөйлеушінің  сөйлеу  тілін  түсінуден  тұрады.  Зиятында 

ауытқуы  бар  оқушыларды  диалогтық  және  монологтық  сөйлеу  тілі  де  зақымдалған. 

Зиятында  ауытқуы  бар    оқушылар  қарым-қатынасқа  түсуде,  тыңдаушы  позициясынан, 

сөйлеуші  позициясына  ауысуға  қианалады  және  сөйлеушінің  сөзіне  қызығушылық 

білдірмейді. 

Бұл  балалардың  монологтік  сөйлеу  тілінде  кезектілігі  мен  байланысы  бұзылған,  сөздік 

қорының  аздығы,  тақырыптан  ауытқуымен  сипатталады.  Арнайы  мектептің  жоғары  сынып 

оқушыларында  байланыстырып  сөйлеу  тілі  біршама  қалыптасқан,  бірақ  арнайы 

ұйымдастырылған,  жүйелі  оқытусыз  бұл  балалардың  байланыстырып  сөйлеу  тілі  өздігінен 

қалыптасып,  жетілмейді.  Арнайы  мектептерде  байланыстырып  сөйлеу  тілін  дамыту  барлық 

сабақтың  мақсаты.  Арнайы  мектептерде  қазақ  тілі  сабақтарында  тіл  дамытуға  байланысты 

компоненттер  ескеріле  отырып,  сабақ  кешенді  түрде  жүргізіледі:  дыбысты  дұрыс  айту, 

сөздің  мағынасын  түсініп  толық  сөйлем  құрастыру,  осы  сөйлемдерді  байланыстыра отырып 

мәтін құрастыру. 

Арнайы  мектептерде  қазақ  тілі  сабақтарында  байланыстырып  сөйлеу  тілін  дамыту 

оқушыларды  диалогқа  түсуге  жаттықтыру  бағытында  жүргізіледі.  Жаттығудың  негізгі  түрі  – 

мұғалімнің  оқушылармен  әңгімелесуі.  Мұғалім  оқушылардың  қойылған  сұрақтарға  толық 

жауап  беруін  қадағалауы  тиіс.  Мұнда  оқушыларды  тек  сұрақтарға  жауап  беруін  ғана  емес, 

сонымен  қатар  өз  беттерінше  сұрақ  қоя  білуге  үйрету  болып  табылады.  Байланыстырып 

сөйлеу  тілін  дамытуда  диалогтың  «Оқушы-Оқушы»,  «Оқушы-Мұғалім»  сияқты  түрлері 

қолданылады.  «Оқушы-Оқушы»  диалог  түрінде  оқушылар  бір-бірлеріне  түсінбеген  сөздері 

бойынша  және  оқыған  мәтіндері  бойынша  сұрақтар  қояды.  «Оқушы-Мұғалім»  диалог 

түрінде  оқушылар  мұғаліммен  қарым-қатынасқа  түседі.    Оқушылардың  диалогтік  сөйлеу 

тілін  дамытумен  қатар,  монологтік  сөйлеу  тілін  дамыту  жұмыстары  да  жүргізіледі.  Мұнда 

оқушылар  сұрақтарға  толық,  ауқымды  жауап  береді,  оқыған  мәтіндерін  әңгімелеп  беру, 

белгілі  бір  затты  ауызша  суреттеп,  сипаттап беру, берілген сөздер бойынша әңгіме құрастыру 

және т.б. 

 

Байланыстырып  сөйлеу  тілін  жетілдіре  отырып,  жеке  сөздердің  тура  мағынасы  мен 



ауыспалы  мағынасына,  сөздің  көп  мағыналылығына,  яғни  сөздің  сематикалық  жағына көңіл 

бөліп  отыруы  қажет.  Ұқсас  және  біртекті  заттарды  атайтын  жалпы  есімдерді  (киім,  тағам, 

жиһаз  т.б.),  антоним,  синонимдерді,  теңеу,  салыстыру  мағынасын  беретін  бейнелік  көркем 

сөздерді  үйрету.    Байланыстырып  сөйлеу  тілін  дамыту  сөздің  дыбыстық    жағын  дұрыс 

айтумен  де  тығыз  байланысты.  Себебі,  сөздің  дыбысталу  мәдениетін  меңгерту  жеке 

сөйлемдерді  аңғаруға,  сөйлемнің  басталу,  аяқталу  кезін  сезініп,  үн,  ырғақ,  дауыс  қарқынын 

ажырата  білуге  негіз  болады.    Арнайы  мектептерде  оқушылардың  байланыстырып  сөйлеу 

тілін  дамытуда  бірнеше  әдістер қолданылады: 

1.

 

Әңгімелесу,  әңгімелету,  әңгіме  құрату. 



2.

 

Оқылған шығарма  мазмұнын әңгімелету.   



3.

 

Суреттерді  көрсетіп,  әңгіме  құрату. 



4.

 

Ойыншықтарды сипаттатып әңгімелету. 



5.

 

Өз тәжірбиесі  бойынша әңгіме  құрату. 



6.

 

Өздігінен  әңгіме  құрату.   



1.    Әңгімелесу  әдісі.  Диолог  түрінде  сөйлеуге  үйрету  мақсатын  көздейді.  Әңгімелесу 

баланың  зейінін түгелдей қажетті объектіге аударып, оны өз ойын, көрген түйгенін жүйемен, 

рет-  ретімен  айтып  беруге  дағдыландырады.  Әңгімелесу  - бағдарлама мазмұнын меңгертуге, 

баланың  алған  білімінің  тиянақты  саналы  болуына,  диолог  түрінде  сөйлеуге  жаттықтырып, 

сұраққа  толық сөйлем құрап жауап беруге  негіз  болады.  

Әңгімелету  әдісі:  баланың  монолог  түрінде  сөйлеуге  үйретеді.  Әңгімелету 

бағдарламада  көрсетілген  тақырыптарға сәйкес, барлық сабақта жүргізіледі.   


                 ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   №  4 / 2011

 

 



 

47 


 

2.  Оқылған  шығарма  мазмұнын  әңгімелету.  Мұндай  сабақтарда  алға  қоятын  мақсат 

балалардың  байланыстырып  сөйлеу  дағдыларын  жетілдіру,  оқылған  шығарма  мазмұнын 

дұрыс  түсініп,  грамматикалық  жағынан  дұрыс  байланыстырып,  жүйелі  әңгімелеп  беруге 

үйрету.  

а)  Кіріспе  ретінде  әңгімелесуде  баланы  оқылатын  шығарма  мазмұнының дұрыс түсінуі, 

зейінін  жаңа сабақ мазмұнына аударуы  ескеріледі.   

ә)  Шығарма  оқу.  Шығарманы  кейіпкердің  іс-  әрекетіне  қарай  дауыс,  үн  қарқынын 

өзгертіп,  мәнерлі  оқу.  Баланы  шығарма  кейіпкерлерінің  мінез-құлық  ерекшелігін  байқауға, 

өздігінен  әділ  баға беріп, сипаттап айта білуге  үйрету.  

б)  Оқылған  шығарма  туралы  әңгімелесу.  Әңгімелесуден  соң  қойылатын  сұрақтар 

шығарма  мазмұнын баланың қаншалықты түсінгенін  айқындау мақсатын көздеу  керек.   

4) Шығарманы қайталап оқу. Шығарманы оқыр алдында балаларға оны мұқият тыңдап, 

түсініп  алыңдар, қайталап әңгімелеп  бересіңдер деп ескерту  қажет.   

5)  Әңгімелеп  айтқызу.  Бұл  сабақтың  ең  басты  бөлімі.  Балалар  оқылған  шығарманың 

мазмұнын өзгертпей, жүйелі түрде әңгімелеуге  тиісті.   

Сабақтың қорытындысын балалар жасайды. Шығарма не туралы еді, оны кім әңгімелеп 

береді.  Тәрбиелік  мәніне мұғалім  көп көңіл аудару  керек.   

3.  Сурет  мазмұнын  әңгімелеу.  Балалардың  сурет  мазмұнын  түсіну,  қабылдай  білу 

дағдыларын  біртіндеп  қалыптастырады.  Сюжетті,  шағын  сюжетті  және  жеке  затқа 

байланысты суреттер бойынша әңгімелеп беруге  балаларды үйрету керек.   

4.  Ойыншықтар  көрсетіп  әңгімелету.  Балаларға  әртүрлі  іс-әрекетті  бейнелейтін 

ойыншықтар беріп  сипаттап, әңгімелету.  Бір-бірінің  әңгімесін  қайталамауды  ескерту  керек.  

5.  Өз  тәжірбиесі  бойынша  әңгіме  құрату.  Бұл  сабаққа  мұғалім  көрнекі  құрал 

пайдаланбайды. Өздігінен  әңгіме  құрап айтуға балаларды үйретеді.    

6.  Өздігінен  әңгіме  құрату.  Бұл  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  әңгімелей  білуге 

үйретуде  маңызды.  Мұнда  балалар  бір  оқиға  мазмұнын  өздері  ойдан құрастыруды үйренеді. 

Өздігінен  әңгіме  құрастыру  тәсілдері:  әңгіменің  тақырыбын  ойдан  табу,  айқындау,  әңгіменің 

басталуы, аяқталуы.   

Арнайы  мектеп  оқушыларының  қазақ  тілі  сабақтарында  оқушылардың байланыстырып 

сөйлеу  тілін  дамыту  бағытындағы  жүйелі  жүргізілген  жұмыстар  дамуында  ауытқуы  бар 

балалардың  әлеуметтенуі  мен  қоғамда  еркін  өз  бетінше  өмір  сүруіне  жағымды  әсерін 

тигізеді. 

ӘДЕБИЕТТЕР   

1.

 

Аксенова А.К. Методика обучения русскому  языку  в коррекционной школе.  –М.: 



- Владос, 2004 

2.

 



Гнездилов М.Ф. Методика руссого  языка во вспомогательной школе.  – М., 1965 

3.

 



Воронкова  В.В.  Обучение  грамоте  и  правописанию  в  1-4  классах  вспомогательной 

школы.  – М.:  1988 

 

 

        ӘОҚ  376.8:811              Ж.А. Жунусова,  Н.Д.  Байтасова  



І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы 

 

АРНАЙЫ   МЕКТЕПТІҢ   ҚАЗАҚ ТІЛІ  САБАҒЫНДА   

СӨЙЛЕМДІ ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ 

 

Types  of  works  with  sentence  in  Kazakh  language  lessons  in  special  schools  are  observed  in  this 



article. 

В  данной  статье  изложена  методика  работы  над  предложением  в  специальной  школе  на 



уроках казахского языка.  

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал