Вестник жгу им. И. Жансугурова №2-3 / 2012



жүктеу 88.88 Kb.

Дата04.06.2017
өлшемі88.88 Kb.

ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2012

 

 



147 

 

Сәкеннің    туған  жердің  табиғатын  суреттей  отырып,  өткен  дәуір  шындығын  айрықша 



шабытпен жырлаған шығармасы. 

 

Атақты  зерттеуші  ғалымдар  С.  Мұқанов,  Е.  Ысмайылов  «Көкшетау»  поэмасы 



туралы  еңбектерінде  Сәкен  шығармасының  көркемдік  табыстарын  аса    жоғары 

бағалады  [5,68].  Жалпы,  әдебиет  тарихында  «Көкшетау»  поэмасы  ұлттық  мәдени 

мұрамызға енген тамаша  туындылардың бірі  болып есептеледі. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 

1.

 

Сейфуллин С. I том. Өлеңдер мен   поэмалар. - Алматы: Жазушы,  1986ж. 



2.

 

Ысмайылов Е. Ақын және революция. Монография. Алматы, 1964ж.  



3.

 

С. Сейфуллин атындағы облыстық кітапхананың  архив материалдары. 



4.

 

Сейфуллин С. Көкшетау.  - Алматы: Жазушы,  1994ж. 



5.

 

Кәкішев  Т., Сейфуллин С. - Алматы: Жалын, 1976ж. 



 

      

           ӘОЖ: 81 366.573 

 

С.А. Уалиева,  К.М. Чинибаева  

 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 

kchinibaeva@mail.ru 

 

ЫРЫҚСЫЗДЫҚ  -  ФУНКЦИОНАЛДЫ-СЕМАНТИКАЛЫҚ  КАТЕГОРИЯ 

 

 Бұл  мақала,  негізінен,  ырықсыздық  категориясын    функционалды-семантикалық 

тұрғыдан  сипаттауға  арналған.  Функционалды-  семантикалық    өріс  тұрғысынан  ырықсыздық 

категориясы    тілдің  әр  түрлі  деңгейлерінен  көрініс  табатын  грамматикалық  мағыналардың 

жүйесі ретінде қарастырылады. 

              Ырықсыздық  категориясын  білдіретін  тілдік  құралдардың  өзгешелігі    әр  елде  осы 

категорияның    ұлттық  ерекшелігін,  оны  құрайтын  тілдік  құралдардың  тіркесімі  мен 

семантикалық үйлесімін айқындап тұрады. Ырықсыздық категориясы семантикалық мазмұнға 

ие функционалды-  семантикалық өрістердің кешені болып табылады. 

              Мақалада  ырықсыздық  категориясының  тілдік  сипаты,  осы  категорияға  жататын 

мағыналар,  оларды  білдіретін  тілдік  құралдар  және  ырықсыздық  категориясының  

функционалды-семантикалық  өрісі  сияқты ерекшеліктері көрініс  табады.  

Данная  статья  посвящена  в  основном  функционально-семантическому  описанию 

категории залога пассив. Категория залога пассив рассматривается как система грамматических 

значений  разных  языковых  уровней.  Категория  залога  пассив  выражается  в  разных  языках 

посредством  определенных  языковых  средств.  Пассивный  залог,  имея  семантическое 

содержание,  является  компонентом  функционально-семантического  поля.  В  статье 

рассматриваются языковые описания категории залога пассив (значение, языковые средства, 

относящиеся к данной категории), а также его функционально -семантическое поле.    

This article “The article functional  – semantic description of passive voice” is delighted 

basically to functional  – semantic description of passive voice.  Passive voice is considered as a 

system of grammatical meanings of different linguistic levels. Passive voice expressed in various 

languages by means of definite linguistic means.  Passive voice is a base of functional- semantic field. 

In the article linguistic description of passive voice, meaning, linguistic means, referring to the 

category and its functional-semantic field were considered.

   

 

Тірек  сөздер:  ырықсыздық,  функционалды-семантикалық  әдіс,  функционалды- 

семантикалық  өріс  (поле),  имплицитті  түр,  актив,  пассив,  прагматикалық  потенциал, 

сөйленім, рефлексивті  етістік   

 


ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2012

 

 



148 

 

   

Ырықсыздық  лексика-грамматикалық  категорияның  шеңберіне  сыймайтын 

тілдік  категория  екендігі  дәлелденген  соң,  ол  синтаксистік  категория  ретінде  сипаттала 

бастады.  Бірақ  синтаксистік  категория  тілдегі  ырықсыздықты  білдіретін  тілдік 

құралдардың  әр  түрлілігін  толық  түсіндіріп  бере  алмайды.  Өйткені  ырықсыздық 

мағынасын    білдіретін  тілдік  құралдар  лексикалық,  морфологиялық  және  мәтіндік 

деңгейлерге қатысты болып келеді. 

           Ырықсыздық  категориясының  табиғатын  толық  ашуға,  тілдік  категорияларды 

сипаттауда  семантикалық  принципке  негізделетін  және  олардың  берілу  құралдарының 

әр  деңгейлілігін  көрсететін  функционалды-семантикалық  әдіс  арқылы  қол  жеткізуге 

болатын  сияқты.  Бұл  әдіс  қазақ тіл білімінде жаңа бағыт болып саналады. Ырықсыздық 

категориясын  қазақ  тілінде  функционалды-семантикалық  тұрғыдан  зерттеуге    арналған 

еңбектердің  болмауы осы категорияны сипаттауда қиындық туғызады. 

            Аталмыш  категорияның  тілдік  табиғатын  ашуда  төмендегідей    мәселелер 

күрделендіре  түседі:  1)  ырықсыздық  категориясының  семантикалық  аумағын,  яғни 

ырықсыздық  мағыналарды  және  осы  категорияның  тілдің  басқа  категорияларының 

арасындағы  орнын  тануда  ғалымдар  арасындағы  көзқарастардың  әр  алуандығы;                             

2)  ырықсыздық  мағыналарды  білдіретін  тілдік  құралдардың  толықтай  анықталмауы;                   

3) ырықсыздықтың категориялық  статусын танудағы  түрлі пікірлердің  болуы. 

           Функционалды-семантикалық  өріс  тұрғысынан  ырықсыздық  категориясы  тілдің 

әр  түрлі  деңгейлерінен  көрініс  табатын  грамматикалық  мағыналардың  жүйесі  ретінде 

қарастырылуы  тиіс.  Ырықсыздық  категориясын  білдіретін    тілдік  құралдардың 

өзгешелігі  әр  елде  осы  категорияның  ұлттық  ерекшелігін,  оны  құрайтын  тілдік 

құралдардың  тіркесімі  мен  семантикалық  үйлесімін айқындап тұрады. Сондықтан әрбір 

тілде  ырықсыздық  категориясын  аталмыш  концепция  тұрғысынан  зерттеуге  ұқсас 

ғылыми  пікірлер  ертеректе,  функционалды-семантикалық  әдіс  ұсынылмастан  көп 

бұрын  да  басталған  деуге  негіз  бар.  Бірақ  ондай  еңбектерде  бұл  теориялық  пікір 

имплицитті  түрде  айтылып,  жеке  зерттеу  саласына  әлі  айналмағаны  белгілі.  Мысалы, 

Махмуд 


Қашқаридың 

«Диуани 


луғат 

ит-турк»  сөздігінде  –л/-ул/-үл/-ыл/-іл 

тұлғаларының үш жағдайда қолданылатыны көрсетіледі.            

           Бірінші,  екі  әріпті  етістікке  –л  әрпі  қосылғанда,  ырықсыз  етіс  қызметін  атқаратын 

үш  әріпті  сөз  жасалады:  йа  қурулды  (жай,  орын  құрылды),  ер  урулды  (адам  ұрылды, 

соққыға  жығылды).  Бұл  етістіктердің  түбірлері,  автордың  көрсетуінше:  қурды  және 



урды

           Екінші,  «салт»  (өтімсіз)  етістіктерден  жасалған  ырықсыз  етіс:  ол  йерге  барылды 

(ол  жерге  барылды),  ол  нәң  көрүлді  (ол  нәрсе  көрілді/көрінді).  «Кейде  бұл  әріп  өзінен 

кейінгі  әріппен  үйлеседі»  деп,  оған  бітік  бітінді  (хат  жазылды),  ер  ітінді  (адам  әлсіреді) 

сияқты  мысалдар  келтіреді.  Автор  соңғы  мысалдың  «ітілді»  тұлғасында  да 

жұмсалатынын айтады: (бір  нәрсе итеріліп  тасталды). 

          Үшінші,  бұл  мағыналардан  тыс,  дербес  етістіктер  болады:  өлүк  тірілді  (өлік 

тірілді),  сүт  сағулды  (сүт  сауылды).  Ғалым  «араб  тілінде  салт  етістіктен  ырықсыз  етіс 

жасалмайтынын,  ал  түркі  тілінде  мұндай  құбылыс  бар»  екенін  ескертеді:  евге  барылды 

(үйге  барды),  тағдин  инілді  (таудан  төмен  түсті).  Бұл  сөздікте  ырықсыз  етіс  жасаушы 

тұлғаларға  мұнан  басқа  да  мысалдар  берілген.  Олар  –н/-ын/-ін/-ун/-үн:  капуғ  ачлынды 

(есік  ашылды),  таш  ытлынды  (тас  тасталды),  иығаш  бутанды  (ағаш  бұталды),  эт 



тузланды  (ет  тұздалды)  т.б.  [1,160].  Демек,  ғалымның  жазып  қалдырған  талдаулары 

мен  тілдік  материалдары,  сол  кездегі  түркі  тілдерінің  өзіндік  болмысын,  түрін,  ішкі 

және  сыртқы  тұлғалық  құбылыстарының  әр  алуан  ерекшеліктерге  ие  бола  алатынын 

көрсетеді.    

            Әдетте,  ырықсыз  етіс  тұлғасының  негізгі  қызметі  актив  қимылдың  пассивке 

айналуы,  яғни  іс-қимыл  субъектіге  емес,  іс-қимылға  ұшырайтын  объектіге  теліну  екені 

белгілі.  Егер  ырықсыз  етістің  негізгі  грамматикалық  мәні  осы  деп  қарасақ,  мұндай 


ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2012

 

 



149 

 

грамматикалық  мән-мағына  түркі  тілдерінің  алғашқы,  тарихқа  белгісіз  кезеңдерінде  нақ 



осы  аффикстер  арқылы  берілмегенін  көруге  болады.  Махмуд  Қашқари  сөздігінде  ула 

болса, йол азмас, біліг болса, сөз азмас (белгі жол бұзылмас, білім болса, сөз бұзылмас), 

алын  арслан  тутар,  күчүн  көсгүк  тутмас  (айламен  арыстан  тұтылар,  күшпен 

қорқақтық  ұсталмас)  тәрізді  мақал-мәтелдер  бар.  Бұлардың  құрамындағы  етістіктер 

ырықсыз  тұлғасында  келмеген,  бірақ  ырықсыз  етіс  мағынасын  береді.  Етіс  мәнін 

арнаулы  қосымшасыз  беру  қыпшақ  жазбалары  тілінен  де  ұшырасады:  Анда  тапғайсыз 



тоғырған  оғлан  чупреке  чулғанмыз  (Ана  жақтан  жаңа  туылған  шүберекке  оралған 

нәрестені табасыз). 

           Ескі

жаңа  түркі  тілдерінде  ұшырасатын  бұл  фактілер  ырықсыз  етіс 

қосымшасының  етіс  мәнін  туғызатын  арнайы  грамматикалық  формант  болып,  кейін 

тілдің  өсу,  даму  дәуірлері  бойында  қалыптасқандығын  айта  отырып,  автор  тілдік 

категорияны  тануда  «мағынадан  тұлғаға  қарай»  бағыттын  ұстанған  деп  есептейміз. 

Демек,  функционалды  грамматиканың  бұл  бағыты  ғалым  еңбегінде  имлицитті  түрде 

беріліп  тұр [2,119-122]. 

           Тіл 

білімінде 

ырықсыздықты 

функционалды-семантикалық 

аспектіде 

қарастырған  зерттеу  жұмыстары  баршылық.  Бұл  еңбектерде  ырықсыздық  өрісіне  тән 

белгілер  көрсетіледі:  ырықсыздық  категориясын  құрайтын  әр  түрлі  тілдік  құралдар; 

өрістің    барлық тілдік құралдарының ортақ инвариантты функциялары. Өріс құрылымы 

ядро  мен  периферияға  бөлінеді.  Өріс  ішінде  бір-біріне  қарама-қарсы  мағыналардың 

санына  байланысты  олар  шағын  өрістерге  бөліне  алады.  Демек,  әрбір  ырықсыздық 

мағына  тілде  формальды  түрде  берілу  құралдарымен  бірлікте  қарастырылатын 

семантикалық  немесе  семантика-прагматикалық  мазмұнға  ие  семантикалық  тұтас бола 

алады.  Олай  болса,  ырықсыздық  категориясы  семантикалық  мазмұнға  ие 

функционалды-семантикалық   өрістердің  кешені  болып шығады.  

           Ырықсыздық  категориясының  тілдік  сипаты,  бұл  категорияға  жататын 

мағыналар,  оларды  білдіретін  тілдік  құралдар  туралы  айтылғандықтан,  біз  енді 

ырықсыздық  категориясын  функционалды-семантикалық  өріс  ретінде  қарастырған 

еңбектерге ғана тоқталамыз.  

   

Ырықсыз  етіс  тұлғасына  берілген  анықтама  тек  іс-әрекет  пен  субъект,  объект 



арасындағы  қарым-қатынастармен  ғана  шектелмейді.  Яғни,  ұғымдық  аспектіден 

қарастыратын  болсақ,  субъекті  және  объекті  бар  жерде  іс-әрекетті  жасаушы  субъект,  ал 

сол  іс-әрекеттің  объектіге  қатысты  болатыны  белгілі  жағдай.  Осы  тұрғыдан 

А.Б.Салқынбай      субъекті  мен  объектіні  сөйлемнің  синтаксистік  құрылымындағы тілдік 

бірліктерге  сай  келетін  семантикалық  категория  тұрғысынан  қарастыра  отырып, 

оларды  синтаксистік  актанттар  немесе  предикативті  сөзтұлғаның  актанттары  дейді. 

Дәстүрлі  терминология  бойынша  бұл  бастауыш,  тура  не  жанама  толықтауыш  болып 

табылады. 

            Зерттеушілердің  пайымдауынша,  қызметтік  тұрғыдан  алғанда,  етіс  өрістерінің 

арасында  «активность»  және  «пассивность»  өрісі  ерекше  орын  алады.  Мысалы, 

А.Б.Салқынбай  іс-әрекеттің  орындалу  амалы  белгілі  бір  субъекті  емес,  объект  арқылы 

орындалатынын  белгілеу  үшін  яғни  «пассивность»  терминінің  орнына  тұлғасыз  етіс 

терминін  қолданады.  Бұл  терминді  алуының  мәнін  былайша  түсіндіреді:  мұнда  таңба 

өзінің  бастапқы  қызметінде  емес,  контекстегі  мәні  арқылы  сөйлеудегі  қызметі 

анықталатынын  айтады.  Таңбаның  өзінің  негізгі  қызметіне  жұмсалатынына 

байланысты активті тұлғалы етіс деп алды.  

Біздің  ойымызша,  етіс  категориясының  қызметтік  ерекшеліктерін  аңықтауда,  тек 

қана  морфологиялық,  синтаксистик,  лексикалық  деңгейлермен  ғана  шектелмей, 

прагматикалық аспектіде  қарастыру  керек.  

 

Е.И.Шендельстің  көзқарасында  грамматикалық  категорияның  прагматикалық 



потенциалы  бір  мағыналы  емес.  Автор  грамматикалық  категорияны  үш  топқа 

ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2012

 

 



150 

 

жатқызады:  прагматикалық  әлді,  прагматикалық  әлсіз,  прагматикалық  бейтарап.  



А.М.Пешковский  мен  В.Г.Адмонидің  грамматикалық  категорияларды  топтастыруына 

сүйене  отырып,  Е.И.Шендельс    грамматикалық  категорияның  прагматикалық 

потенциалын  былайша  бөледі:  прагматикалық  әлділерге  жататындар  субъектілі-

объектілі  (А.М.Пешковскидің  бөлуі  бойынша)  немесе  коммуникативті-грамматикалық 

(В.Г.Адмони  бойынша)  категориялар.  Оларға  жататындар:  етіс,  рай,  жақ,  белгілі  және 

белгісіз  категориясы.  Объектілі  немесе  логика-грамматикалық  қарым-қатынасты 

білдіретін  грамматикалық  категорияны  прагматикалық  әлсіз  категория  дейді,  мысалы, 

сандар  категориясы.  Ал  прагматикалық  бейтарап  категориясына  тілдегі  құрылым 

қатынастарын анықтайтын септеу, род категориялары жатады [3,19].   

           Қазақ  тілі  мен  неміс  тіліндегі  етістіктің  ішкі  семантикалық  мүмкіндігі  жағынан 

келетін  болсақ,  салт  етістіктерге  қарағанда  сабақты  етістіктің  ішкі  потенциалы  жоғары 

екендігін  байқауға  болады.  Салттық  пен  сабақтылық  етістік  түбірі  мен  етіс  жалғаулары 

арқылы  анықталғанмен,  негізінен,  сөз  тіркесі  арасында  болатын  тілдік  жағдай.  Қазақ 

грамматикасында  етістіктің  салттылық-сабақтылық  мәні,  біріншіден,  семантикалық 

сипаты,  екіншіден,  «тумысынан  тән»  ерекшелігі  екені  баса  көрсетілген.  Яғни  әрі  салт, 

әрі  сабақты  болуы  тілдің  дамып  жетілуінің  жемісі,  тілмен  бірге  оның  бір  элементі 

ретінде  етістік  және  оның  қырлары  да  дами  отырып,  өзгеріске  түсіп  отырады. 

Сондықтан  мұны  тек грамматикалық категория ретінде емес, түбір морфемалар арқылы 

берілген  семантикалық категория ретінде  танимыз.  

 

Етіс  оппозициясы,  яғни  Kolumbus  endeckte  Amerika  –  Amerika  wurde  von 



Kolumbus  entdeckt    сияқты  құрылым  тек  сабақты  (transitive)  етістіктерге  ғана  тән. 

Қалыптасқан  дәстүрлі  көзқарастарға  келісе  отырып,    неміс  тіліндегі  сабақты  етістіктер 

тек  қана  тікелей  толықтауышты  басқара  алатын  етістіктер,  яғни  табыс  септігіндегі 

толықтауыш.    Сабақтылыққа  тек  қана  тікелей  толықтауышты  керек  ететін  етістіктер 

жатады,  яғни  пассив  формасын  жасай  алатын  дей  келе, автор соңғы кезде сабақтылық  

өте  тар  ауқымда  қолданып  жүргеніндігін  айтады  [4,  53-54].  Бірақ  «сабақты  етістік» 

термині  дәстүрлі  ұғымда  тек  қана  кең  ауқымда  қолданумен  қатар,  пассив  жасауға  өте 

икемді,    сондықтанда  оған  жаңа  мағына  (Passivfähige  Verben)  беру  керек  дейді 

Е.И.Шендельс.   

           Функционалды-семантикалық  әдістің  мәнін  тілді  зерттеудің  коммуникативтік 

аспектісі  толықтырып  отырады,  яғни  қандай  да  бір  семантикалық  мазмұнды  білдіруге 

жұмсалатын  әр  алуан  тілдік  деңгейдегі  құралдарды  бірлескен  түрде  көрсетеді.  Тілдің 

коммуникативті  аспектісі  ретінде  тілдік  жүйенің  қарым-қатынас  аясындағы  қолданылу 

міндеттері  мен  таңдауды  түсінеміз.  Яғни,  коммуникативті  әдісте  тілді  нақты  сөйлеу 

актілерінде  қолданумен  байланысты  сөйлеу  және  тілдік  варианттылығы,  тілдік 

бірліктерді  қолдану  мен  таңдаудың  экстралингвистикалық  факторларға  тәуелді  болуы 

сияқты  мәселелерге  айрықша  көңіл  аударылады.  Сонымен,  коммуникативті  аспект 

тілдің 


өздік 

табиғи 


құрылымын, 

сөйлемдегі 

семантика 

мен 


синтаксис 

құрылымдарының  өзара  үндестігін,  сөйлеудің  жалпы  заңдылықтарын,  интра-және 

экстралингвистикалық факторлардың  және басқа да көптеген мәселелерді  қарастырады. 

           Ақпаратты  беру,  адресатқа  әсер  етуді  жүзеге  асыру  процестері  тілдің 

коммуникативтік  қызметі  болып  табылады.  Егерде  сөйлеуші  коммуникативтік  процесс 

арқылы  нақты  бір  ойды  айтуға  ұмтылса,  яғни  осы  ойды  жарыққа  шығаруда  қандай  да 

бір  семантикалық  категория  қатысады.  Демек,  сөйлеушінің  сөйлеу-ойлау  іс-

әрекеттерінің  нәтижелерімен  және  реалды  процестермен  байланысты  бір  формада 

семантикалық 

категория  қолданылады.    Ақпарат  конвенционалды  немесе 

бейконвенционалды  әдісі  арқылы  көрініс  табуы  мүмкін.  Конвенционалды  әдісі  тура 

сөйлеу  актілерінде  тілдік  бірліктер  арқылы  олардың  жүйелік  мағыналарында  жүзеге 

асса, ал бейконвенционалды әдісі жанама сөйлеу актілерінде  берілуі  мүмкін  [5,180]. 


ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2012

 

 



151 

 

            Ырықсыз  етістің  сөзжасамдық  деңгейін  сипаттағанда  коммуникация  актісіне 



сүйенбеу  мүмкін  емес.  Біріншіден,  мысалы:  жүр,  отыр  т.б.  етістіктерге  ырықсыз  етіс 

жұрнағын  жалғар  болсақ,  жаңа  туынды  жасалып,  жаңа  ұғым  пайда  болғандықтан, 

жаңаша  таңбалау  мүмкіндігі  туындайды,  яғни  жүргіз-іл-ді,  отырғыз-ыл-ды.  Бұл  жерде 

іс-әрекеттің  иесі  жанама  сипатта  көрінеді  де,  іс-әрекетті  орындаушы  үшінші  субъекті 

арқылы орындалатыны айқын байқалады.  

           Екіншіден,  оның  қоғамда  атқаратын  қызметін  түсіну.  Ырықсыз  етіс  негізінен 

жауапкершілікті  көп  қажет  етпейтін,  негізгі  міндетті  басқа  біреуге  жүктейтін  тұлға. 

Көбінесе әкімшілік  тарапынан көп қолданыс табатын үрдіс. 

           Бұл  аталған  мәселелер  тілді  зерттеудің  коммуникативтік  бағытының  сөйленімнің 

семантикалық  құрылымын  сипаттауда  маңызды  екендігін  көрсетеді.  Сөйлем 

арасындағы  байланыстардың  лексика  грамматикалық  деңгейдегі  көріністерін 

анықтауға,  структуралық  түрі  мен  семантикалық  құрылымын  айқындауға  мүмкіндік 

туғызады. 

Демек, 


сөйленімді 

коммуникативті  тәсіл  тұрғысында  қарастыру 

функционалды-семантикалық  өріс  концепциясының  принциптерімен  ұштасатынын 

байқауға  болады. 

 

           Неміс  тілінде  ырықсыздықты  функционалды-семантикалық  өріс  тұрғысынан 



зерттеудің    бір  үлгісі  ретінде  О.И.Щубиктің  еңбегін  атауға  болады.  Ғалым  еңбектерінде 

етіс  категориясының  грамматикасы  мен  өрісіне  қатысты  көптеген  мәселелерді 

қарастырған.  Етіс  формаларын  қарастыру  екі  жақтық  тәсілмен  берілген:  бірінші  бағыты 

айтылудың  бастапқы  тәсілінен  семантикалық  қызметіне  қарай,  екіншісі  семантикалық 

қызмет  бағытынан  айтылудың  формальды  тәсіліне  қарай.  Автор  етістің  теориялық 

мәселелерін  өзара бірлікте  саралайды [6, 26-40]. 

           Функционалдық  бағытта  жүйелеу  тәсілдерін  рефлексивтік  мағынада  беруді 

А.М.Горлатовтың  ғылыми  еңбектерінен  кездестіруге  болады.  Автордың  зерттеулері 

функционалды-семантикалық 

тұрғыда 


құрылғандықтан, 

рефлексивті  етістіктер 

функционалды-семантикалық  өрісте бірлесіп  тұр. 

           В.Г.  Адмони  өз  талдауында  активті  кең  грамматикалық  өріс  ретінде  көрсете 

отырып,  «тілдің  грамматикалық  категорияларының  әр  түрлі  түрлеріне  әр  дәрежедегі 

өрістік  құрылым  тән»  екенін  айтады.  Яғни,  бұл  грамматикалық  категорияның  әр  түрлі 

аспектілі  белгілерге  лайық  көптеген  жеке  грамматикалық  құбылыстардан жасалатынын 

білдіреді.  (Бұл  белгілерді  «жинақтама»  деп  атайды).  Бұл  құбылыстың  басқа  бөлігі 

кейбір  жиынтық  белгілеріне  ие,  бірақ  жиынтық  белгілерінің  үстіне  тағы  басқа  белгілер 

ие  болуы  мүмкін.  Осылайша,  әрбір  грамматикалық  категория  белгілі  бір  «өзекке»  ие, 

бұған  грамматикалық  белгілері  бар  кейбір  грамматикалық  құбылыстардың  саны, 

сонымен  қатар    сырттағы  жиынтықсыз  құрамдас    белгілердің  едәуір  маңызды 

құбылыстар саны кіреді  [7, 25].    

         Қазақ  тілінде  ырықсыз  етіс  мәселесі  функционалды-семантикалық  бағытта  әлі 

арнайы  зерттелмей  келеді.  Бірақ  қазақ  тіл  білімінде,  түркітануда    етіс  мәселесі  біршама 

зерттелген.  Етіс  туралы  А.М.Щербак,  С.С.Леонтьев,  Э.В.Севортян,  Н.А.Баскаков, 

Н.К.Дмитриев,  А.А.Юлдашев  сияқты  белгілі  түркологтар  пікір  айтқан  болса,  қазақ  тіл 

білімінде  Ы.Мамановтың,  А.Ысқақовтың,  А.Қалыбаева-Хасенованың,  М.Оразовтың, 

А.Б.Салқынбайдың  зерттеулері  маңызды саналады. 

        Қорыта  келсек,  екі  тілдегі  ырықсыздықты  зерттеудегі  функционалдық  әдіс  оның 

деңгейлік  сипатын  ғана  көрсетіп  қоймайды,  сонымен  бірге  ырықсыз  етіс  тұлғасынын 

басқа  категориялармен  қатынастық  байланысын  және  тілдік  құралдардың  өзара үндесу 

жүйелілігін  айқындауға  мүмкіндік  туғызады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР   

1. Қашқари  Қ. Түрік  сөздігі.  Диуани луғат-ит-түрк. 1-том.-Алматы, 1997.-105 б. 

2. Томанов М. Қазақ тілінің  тарихи грамматикасы. Алматы.1981; 119-122 б. 



ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 2-3 / 2012

 

 



152 

 

3. Салқынбай А.Б. Функционалды грамматика  очерктері.  – Алматы:  Қазақ 



университеті, 2003. 27-40, 62-69 б. 

4. Brinkmann  1971:202-203; Duden.  Grammatik  der deutschen 

Gegenwartssprache1984:107:  Helbig,Buscha  1984: 53-54б. 

5. Беляева Е.И.Функционально-семантическое поле модальности в английском и 

русском  языках.  Воронеж, 1985, 180б. 

6.  Шубик  С.А.  Категория  залога  и  поле  залоговости  в  немецком  языке. 

Л.,1989.26-40 б. 

7.  Admoni  W.  Der  deutsche  Sprachbau:  Теоретическая  грамматика  немецкого 

языка. 4-е изд., дораб. М., 1986. 

 

 



 

                                                            

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал