Вестник жгу им. И. Жансугурова №1 / 2011



жүктеу 406.7 Kb.

бет1/2
Дата28.01.2017
өлшемі406.7 Kb.
  1   2

ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



137 

 

 



 

 

 

 

Сыдықов Т. 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,Талдықорған қаласы 

 

РУХАНИ   ІЗДЕНІС,  СУРЕТКЕРЛІК  ҚАЙСАРЛЫҚ 

 

Танитынды танымай алыс тұрдық, 

Мәстектер мен тұлпарды салыстырдық. 

Түлкілерді   қолпаштап жылмаңдаған, 

Қарғаларды сұңқармен салыстырдық. 

 

Батық  Мәжитұлы 



В  статье  всесторонне  рассматриваются  творческий  путь,  гражданский  облик, 

общественная деятельность известного писателя, гуманиста Ануара Алимжанова 

The  article  deals  with  the  creative  way,  civial  aspect  and  common  activity  of  well-known 

writer,   humanist  Anyar  Alimzhanov 

 

Иә,  табандатқан  үш  ғасырға  таяу  Жоңғар  басқыншыларымен    бірде  жеңіп,  бірде 



жеңіліп,  жұтқан  асымыз  кеңірдегімізден  әрі  жүрмей,    бірде  өзіміз  қақалып,  бірде  жауды 

қақалтып,  ақыры  «болат  қайнауда  шынығады,  батыр  майданда    шынығадының»  кері, аю 

мен  айдаһар  «жемдеп»,  қанша  айтақтап  салғанымен,  сыры  мәлім  дұшпан  атысқанға 

жақсы  боп,  өз  арам  пиғылы  өзін  тауып,    сүйегі    шашылып  қалды...  Сосынғы  жерде  ата 

жауын құртқанмен, ұзақ соғыстан   титықтаған елді аз күш жұмсап, жығып, мәңгі құлдық 

қамытын  кигізіп,  барын  оңай  олжалап  алуды  аңсамаған  көршіміз  жоқ  еді.  Палуанға  оң, 

терісі  бірдей  деп,  кеуде  көтеріп,  қалжыраған  денеңді  қомпайтып,  жығылған  жалыңды  

күдірейткеннен  гөрі,  басыңды  иіп,  барыңды  бергенмен,    бағаңды  білетін, байлығыңды да 

тел  еметін,  бірақ  өзіңді  мүлдем  жойып  жібермей,  әліптің  артын  бағатын    зордан  қорған 

болуды  қалаған,  сара ақыл мен салқын сабырға жығылатын күн туды.  Орыс империясы 

мен Кеңестік империяның болат, қайыс ноқтасын да тағдыр 260 жыл мойнымызға  кигізіп


ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



138 

 

кімнің  отын  оттасаң,  соның  суын  сылқылдатып  ішірген  сан-сапалық  күн  кешкен  қаралы, 



жаралы  тарихымыз  артта  қалды.  Батар  күннің  атар  таңы  бар.  Зорлық-зомбылықты, 

қылмыс-қиянатты  қанша  қоздатқан    геноцидті    бастан  өткерсек  те,  сан-сапат  қиындық 

көрсек  те  қаны  таза,    қаһармандықты  жасаған  бірге  жаратқан  мәрт  халқымыз  ащыдан 

тұншығып,  тұщыдан    ұшынбай  жиырмасыншы  ғасырдың дауылын да қарсы  алды. Бірақ 

күннің жаманы  кеткенмен, адамның жаманы кетпейді екен. Адам – уақыттың төлі. Уақыт 

желкеден  басып,  күштеп  таңған,  зорлықпен  бойыңызға  сіңірген,  сүйекке  біткен  мінез, 

құлдық  психологияны    жуып-шаю,  тазартуға  жуық  арада  ешкімнің    күші  жетпесі  аян. 

Үстем  идеология    отаршылдық  пиғылын,  империялық,  өктемдік  саясатын  ұлттың 

тұлпарлары  мен    сұңқарларына, сүттің бетіндегі қаймағына аударды. Оларды мәстектерге 

бағындырып,    қарғалардың  қарқылын  тыңдады.  Кереңдік,  кесірлік,  жалтақтық, 

жағымпаздық,    екіжүзділік,  күншілдік,  арызқойлық,  ұсақтық,  сатқындық  –  бейдауа  дерт 

қоғамды  ірітіп-шірітіп  жатты.  Таптық  антогонизм,  әлеуметтік  расизм,  саяси  кекшілдік, 

ұлтсыздық,  ождансыздық,  космополитизм,  атеизм  аспандата  дәріптелді.  Басынан  сөз, 

алдынан  билік  асырмаған  тоталитарлық  жүйеде  пақыр  көп,  батырдың  аздығы  заман, 

уақыт,  қоғамның    әлеуметтік-саяси,  рухани-интеллектуалдық  деңгейі  тар  таптық 

идеологияға  негізделгендіктен,    дәлелден  гөрі  дақпыртқа,  ақиқаттан  гөрі  лақапқа    ыңғай 

тұратын мифологиялық санаға өріс ашты, бағынышты ұлттардан шыққан дарындылардың 

бағын  отаршылдар  байлап,  экономикалық-техникалық  кемелденудің  даңғыл  жолы 

кемелденуге  қарай  өрістемей,  тәуелділіктің  шынжырын  тұқырта  түсуге  бағытталды. 

Азаматтық  темпераментті  жабылық  психология  бойымен  басып,  тұншықтыруы 

көрегендік,  көшелілік  саналды.  Мұны  айтып    отырғанымыз,  «Әлем  таныған  Әнуар», 

«Біздің  Әнуар»  деп  оны    көзімен  көргендер,  рухына  енді бас игендер бүгін Әнекеңді үздіге 

еске  алып,  тірісінде  тісінің  арғы  жағында  сақтаған  азаматқа,  онда  да  сөзден  сарай 

тұрғызған суреткердің азабына лайық  түзу көңіл лебін, жылы ниет, ақжарылқап пиғылын 

бақилық  боп  кеткен  соң  жамырай  сездірулерінің  ақиқатқа  қаншалықты  жақындығын 

сараптап берудің  қажеттігіне  ден қойдыру. 

Көрнекті  жазушы  Эрнест  Хемингуэй:  «Нағыз  ақын,  нағыз  жазушы,    негізінен 

жетімдерден  шығады»,  -  деп  кесіп  айтқан  екен.  Ұлы  қаламгер  мұнда  әкесі-шешесі  

барлардан  нағыз  ақын,  жазушы  шықпайтынын  айтқысы  келмегені    белгілі.  Бесіктен  белі 

шықпай  жатып  жетімдік  тағдыр  бұйырып,  аш-жалаңаш  жүріп,    тірліктің,  тағдырдың 

тақсіретін  артығымен  татқан  баланың    көргені  де,  айтары  да,    қатыгез  өмірден  маңдай 

терін  сорғалата  еңбек  етіп,  ешкімге  есесін  жібермей  алары  да  көп  болуға  тиіс.  «Баба 

бүркіт  барлап  ұшады,  бала  бүркіт  парлап  ұшады».  Әнуарға  әкесі  барлардан,  жағдайы 

жетіскендерден  қалмай,  «халық  жауының»  баласы  деп  қолдан  жасалған  тосқауылды 

талқандап,  Алла  сыйға    тартқан  егіз  сәбиін  дүниеге  келтіре  алмай  өмірден  өксіп  өткен 

анасы  Меңсұлуға  да  сөз  келтірмей,  жамауын  жасқап,  жыртығын  бүтіндеп,  сыртқа сызын 

шығармай  алдыңғы  қатарда  жүру  маңдайына  жазылған.  Өйткені,  Әнуардың  қатарының 

жетісіп  тұрғаны  шамалы.  Әнуардың  да,  К.Қазыбаев,  Ә.Кекілбаев,  С.Мұратбеков, 

Ж.Нәжмеденов,  Қадыр  Мырза  Әлі,  Қалихан  Ысқақов,  Ә.Тарази,  О.Сүлейменов, 

А.Сүлейменов,  М.Мақатаев  т.б.  бәріміздің  де  балалық  шағымыз  Ұлы  Отан  соғысының  

ауыр  жылдарына  тап  келіп,  «күрең-қызыл  бауырсақ»    пен  «көкелеріміз»  түске  енген, 

«жартылай  жетім  өскен  жарым  көңіл  жастар»  (Қадір  Мырза  Әлі)  едік.  Әрине,  «өткен өмір 

-  өшкен  от»  емес,  етікші,  ағаш  ұстасы,  Түркісібте  құрылысшы,,  телеграфист,  өз  бетімен 


ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



139 

 

хат  танып,  почта  бастығына  дейін  көтерілген,  елге  ісімен  жаққан  әкесі  Тұрлыбекті 



күншілдікпен  жазықсыз  жала  жауып,  түбіне  жеткен  сумақай  сұмдар  мен  бірге  азынаған 

ауылды  жүрек  жылуы,  ниет  торқасымен  бөлеген  колхоз  бастығы  Капсаламов  Шынғожа, 

Алласы  аузындағы  Алшыораз  ана,  Кенжехан  ұста,  сауыншы  Үмітжан,  шешесінің  сіңлісі 

Бибікен,  ауылдас  апасы  Зылиха,  нағашы  әжесі  Жәкіш,  педучилище  деректоры  Бақыт 

Төрбековтерді  де  көзі  көрді,  олар  -  қазақы  жомарттық  пен  мәрттіліктің  үлгісі,  тұлдыр 

жетім  Әнуардың  «жаратқаны»  ғана  емес,  мықты  жебеушісі  де  болған  аяулы  жандар. 

Күйбең  тірлік,  пенделік,  ұсақтық  оларға  жат.  Кейін  Қарлығаш,  Екпінді,  Ойжайлау, 

Жоңғар  Алатауының  қайны-қонышын  қалдырмай  сүзіп,    көгілдір  тауларды,  биік 

шыңдардан  нәр  алған  Тентекті  тебірене    кестелеп,  ауыл  тұрмысының  әлеуметтік 

психологиясын  бойлап,  оны  тарихи  аспектіде  жіктеп,  жіліктеп,  үңіле  зерттеп, 

замандастары мен жерлестерінің жан-дүниесін, сезім байлығын өз табиғатынан айнытпай, 

өз  оралымына,  оралына  сай  қаз-қалпында  мөлдірете  бейнелейтіні  сол  балалық  шағында 

көзбен  көріп,    көңілге  түйгендерінің  көп,    мазмұнды  болғанынан  шығар.  Талантты 

дегеннің  бәріне  бірдей    жомарт  жүрек  дари  қоймайды.  Әнуарға  жомарт  жүрек  дарыған, 

сондықтан  ол  кіндік  қаны  тамған  Қарлығашын,  көгілдір  тауларын,  асау  өзендерін  үздіге 

сүйіп,    халқының  қадір-қасиетін,  моральдық  мөлдір  бейнесін  повесть,  романдары  мен 

публицистикалық толғауларында тамылжыта кестелеген. 

Ол  ұлттық  мұрат,  мемлекеттік  мүддені өз қара басының пайдасынан жоғары қойған 

бөлек туысты тұлға, құдай молынан сыйлаған таланты бар азамат ретінде халық жадында 

қалды.  Жарқылдап  күліп,  жадырап  желпініп,  ағынан  жарылып,  ақтарылып,  жұртына 

қамқор  болуға,  қалқан  болуға  жаратылған-ақ  тұлға  еді.  Талантының  кереметтігіне 

үңіліңіз,  ауыл  мектебі  «Екпіндіде»  жеті  сыныпты  тауысып,  Лепсинскідегі  педучилищеге 

түседі  де,  оны  тамамдай  салып,  С.М.Киров  атындағы  ҚазМУ-дың    журналистика 

факультетінің  студенті  атанады.  Оны  үздік  бітіріп,  «Алма-Атинская  правда»  газетінде 

қызмет  етіп,  «Ленинская  смена»  газетінің  орынбасары,  «Литературная  газетаның»  тілшісі, 

СОКП  Орталық  Комитетінің  органы  «Правда»  газетінің    Қазақстан    мен  Орта  Азия 

республикалары  бойынша    тілшісі,  «Қазақ  әдебиеті»  газетінің  редакторы,  Қазақстан 

Жазушылар  Одағының  төрағасы,  «Қазақфильм»  студиясының    бас  редакторы, 

Республикалық  тарихи  ескерткіштер  мен  мәдениетті  қорғау  жөніндегі  қазақ  қоғамы 

Орталық кеңесі Президиумының  төрағасы, Қазақ ССР және КСРО Жоғарғы кеңестерінің 

депутаты, Қазақстанның Халық жазушысы... Тұлпардың  ұшқыры бар, тойпаңы бар. Ауыл 

мектебінен  білім  алып,  таза  қазақ  ортасында  өскен  Әнуар,  Ойжайлаудағы  педучилищеде 

оқып  жүргенде  орысшаға  көбірек  көңіл  бөліп,  орыс,  шетел  жазушы-ақындарының 

кітаптарын  бас  алмай  оқып,  университеттің    журналистік  факультетінің  орыс  бөлімін 

үздік  дипломмен  бітіріп  шыққан.  Сөйтіп  ол  шапшаң    түбірлі  бәйтерекке  айналып, 

адамгершілігі  мен  азаматтығы  сыннан өтіп,  қарапайым  қазақ жігітінің таудай талабы мен 

дарыны астам көкірек  орыстарды да таңдандырып, Одақтың ірі басылымдарының кәтепті 

қара нарына айналады.   

Әнуардың  өмір  тартысына  батыл  барлау  жасайтын  алғырлығы,  көзқарас  кеңдігі, 

парасат  биігі,  қарапайымдылығы,  даңқойлыққа  жаны  қас  әдептілігі,  сабырлы,  ұстамды,  

әділдігі  жатты  жақынына  айналдырып,  үздіксіз  рухани  ізденістері,  тоқмейілсуді  білмейтін 

табанды  еңбегі,  биік  мұраттар  жолындағы  күресі    жыл  жылжып,  ай  аунаған  сайын 

биіктен-биікке  самғатқан.  Өнер  кесектігіне  мінез  кесектігі  қосылғанда  азамат 


ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



140 

 

жалпыадамзатты  мазалаған  ірі  мәселелерге  бас  тіге  араласпасқа    қақы жоқ. Ұлтымыздың 



ары,    ұлы  жазушы  М.Әуезовтің  қарақан  басы  саудаға  түсіп,  Сталиндік  репрессия  

қайталанған  шақта  студент  Ә.Әлімжанов  ұстазын  СССР  Халық артисі Қ.Қуанышбаевтың 

атына  жазылған  билетпен  Москваға  ұшырып  жібереді.  1991  жылы  «Дружба  народов» 

журналында  Алашорданың  көсемдерінің  бірі,  Кеңес  өкіметінің  қас-жауы  саналған 

Мұстафа  Шоқайды ақтаудың күні жеткенін батыл айтып мақала бастырды. Батыл, қайсар, 

азаматтық  ұстанымы  жоғары  Әнуар  Семей  полигонын  жабуға  да  орасан  зор  үлес қосты. 

Семейде  1989  жылы 17-19 шілде де өткен ғылыми-практикалық конференцияда баяндама 

жасады.  Шовинистік  пиғылдың  адамы,  полигонның  басшысы  генерал-лейтенант 

А.Ильенко  шаптыға  сөйлеп,  «халықаралық  маңызы  бар»  сынақ  алаңын  сөз  етпеуді 

арқырай  үн  қатқанда  Ә.Әлімжанов:  «Маршалдың  бұйырығы  бір  басқа,  халықтың  талап-

тілегінің  жөні  бір  басқа.  Сіз  қазір  халықтың  алдында  тұрсыз»,    -  деп  тілін  кәлимаға 

келтіреді,  қасқа  тісін  сындырады.    Халық  құдайдың  жердегі  аты  екенін  асау  генерал 

мойындамасқа  шарасы  жоқ-ты.  1990  жылы  Ұлыбританияда  Ядролық  қарусыздану 

бойынша  конференцияда  баяндама  жасайды.  Азия-Африка жазушыларының халықаралық  

конференциясын  Қазақстанда  өткізуге    мұрындық  боп,  елімізді  әлемге  танытуға  зор  үлес 

қосты.  «Жеңілдігі  шабыттай,  ауырлығы  табыттай»  зілбатпан  мәселелердің    жел  жағынан  

табылды.  Бұл  –  уақытпен  үндесу  емес,  мәңгілікпен  үндесу. Адамзаттың басты байлығы  – 

денсаулығына    қасақана  жасалынып  отырған,  әуелі  азабы  мен  тозағына  азаптап  барып 

ажал    аранына  жұтқызатын  кесепат  плантациялар  мен  қиянат  полигондарын  құртып,  

жаптыруға,  әсілі,  басын  ізгілік  жолында  жаңғырыққа  төсейтін  азаматтың  нары  ғана 

құлшынбақ.  Жеке  бастың  даңқын  аңсап,  дәреже,  шен-шекпенді  иеленуге  итін  салған 

пенделік  індеттен  бір  адам  таза  болса  –  ол  Әнуар  Әлімжанов  шығар.  Жеке  тұлға, 

халықтың  ұлы  перзенті  қиянаттан  азап  шегіп,  қан  сапырған  қатал  жылдардың 

құрбандығына  шалынар  сәтте  жастығына,  болашағы  өртке  шалынарына  алаңдамай, 

құтқарушы  қызыры  боп  ажалына  араша    түсу  де  басқа  емес  студент  Әнуардың  қолынан 

келіпті.  Сол,  кезекті  репрессияның  құрбандығына  шалынудан  құтқарып  қалған  рухани 

інісіне  ұлы  жазушы,  ұстазы  Мұхтар  Әуезов:  «Мен  үшін  басын  балтаның  астына  төсеген 

Әнуардың  азаматтығына  өлсем,    топырағым  риза»,  -  деп  кемеңгер  тегін  кемсеңдемеген 

ғой.  Осы  риясыз,  сатусыз,  жүздің  бірі  ғана  баратын  тәуекелді  В.Г.Белинскийше  «Жүректі 

тебірентетін  тек  қана  шындық»  деп  түйіндеген  жөн  шығар.  Осындай  ұлы  жүректердің 

ғана  еншісіне  лайық  еміренген  сезім,  тебіренген  сырлардың    тамырын  баса  отырып, 

олардың  тас  бұлақтың  суындай  мөлдір  сыншыл  демдері  жаныңды  жалындай  шарпиды. 

Алайда, бұл фәниде рухы, жаны жәнатта жатқан, пайғамбар жасына жеткенше орысқа да, 

шүршіт, арабқа да, парсы, индусқа даналығы мен даралығын мойындатып өткен қазақтың 

біртуар  ұлын    замандасы,  өзіміз  туған  әдебиетіміздің  корифейі,  абыз  ақсақалы, 

қайталанбас  ірі  ақынымыз  санап,  құрметтеп  жүрген  Қадыр  Мырза  Әлі  ағамыз:  «Иірім» 

атты  («Ата  мұра»  баспасы,  2004ж.)  естелік  кітабында  Ә.Әлімжановты:  «Жай  журналист 

емес,  мәшһүр    журналист.  Бірақ  үлкен  жазушы  деп  айта  алмаймын.  Журналистің  көбі 

өздерін  жазушы  санайды.  Ол,  әрине,  қате  –  журналистика  деген  бір  бөлек,  әдебиет, 

көркем  әдебиет  деген  бір  бөлек  өнер!  Ал  журналистика  өнер  емес!  Бірақ  көркемдік 

деңгейлері  ойдағыдай  емес.  Публицистикадағы  қабілетін  көркем  әдебиетте  барынша 

таныта  алмады,  көрсете  алмады»,  -  деп  не  мақтағаны,  не  мошқағаны  белгісіз  екіұшты 

пікір  қозғапты.  «Үлкен  жазушы  ма,  жоқ  па?»  жан-жақты  ғылыми  зерттеулердің  

нәтижесіне  қарап  берілетін  баға.  Журналистен  жазушы  шықпайды,  «публицистикадағы  



ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



141 

 

қабілетін  көркем  әдебиетте  барынша  таныта,  көрсете  алмады»  дейтін  тұжырымдары  да 



Қадыр  бауырымыздың  әдебиеттегі  беделін  түсірмесе,  айдарынан  жел  естіріп  тұрғаны 

шамалы.  Осы  кісі  бір  кезде  Әди  Шәріповті  Жазушылар  Одағының  бірінші  хатшылығынан  

босаттырып,  Әнуар  Әлімжановтың  сол  партизан  жазушы,  ғалым,  ірі  мемлекет,    қоғам 

қайраткерінің тағына отыруына «баспалдақ» болып, қолтығынан сүйеген, құлқы бір досы. 

Неге  Қадекең  досына  ыстық  ықыласын  мұздатып  жіберді екен деп отырсақ, оның гәбі де 

естелік-эсседеден  табылды.  «Әнуар  Әлімжанов,  -  депті  ол,  -  ниет  қылса,  кез  келген 

адаммен  тіл  табыса  алатын  тәп-тәуір  жігіт  еді.  Бірақ  оның  түбіне  жеткен  Ілияс 

Есенберлин  болды.  Көпті  көрген  кәрі  түлкі  аңғалдау  Әнуарды  қалаған  жауына  айдап 

салды  да  отырды.  Мен  оның  қарауында  екі-үш  жыл  жұмыс  істедім.  Сол  азғана  жылдар 

аралығында  Ілекеңнің  талай-талай  абройсыз  әрекеттеріне  куә  болдым»  (Иірім. 

«Атамұра»2004.  70-71  бб.).  Бізше,  осы  фактілердің  шындыққа  жанасымдылығы  күмәнді. 

Өйткені,  халық  жадында  Әнуар  да,  күллі  ұлтымыздың  тарихын  көркем   кестелеп, ұлттық 

санамызды  қалыптастырған  «Қазақтың  Карамзині»  Ілияс  Есенберлин  де,  ұлттық 

поэзиямызға,    балалар  әдебиетке  сарқылмас  байлық,  өшпес    мұра  сыйлап  жүрген Қадыр 

Мырза  Әлі  де  мәңгі  сақталары    сөзсіз.  Қазақ  «өлгеннің  жаманы  жоқ,  тірінің жамандаудан 

аманы  жоқ»  деп,  ешкіммен  енді  таласпайтын,  о  дүниеге  тек  6  метр  кебінімен  ғана 

аттанған  аруақтың    құлағын  шулатуды  жөн  көрмеген.  Қадекеңнің  «Иірімін», 

«Жазмышын»  оқып  отырғанда  төбе  шашың  тік  тұрады.  Ол  қоғам  қайраткері ме, әртіс пе, 

әнші,  ақын-жазушы  ма  көбіне  жағымсыз  қылық-әрекеттерімен,  мінез-құлқымен  көрінеді. 

Сонда  «қалың  елім  қазағымды»  жасампаздыққа  тәрбиелейтіндер  шетінен  мансапқор, 

өсекші,  арызқой,  зинақор,  маскүнем,  шенқұмар,  түлкі,  қабылан,  «құшағы  да  пышағы  да 

дайын  тұратын»  патуасыздар  болса,  «киеліміз»  күйелі  қалпымен  кімнің  жанын  ағартып,  

кімге  шікірә,  жанына  рухани  дәру,  көсем  болмақ?..  Әр  ұжымның  сыртқа  шығармайтын,  

өз  ортасында  айтысып  та,  айқасып  та  түзететін,  емдеп-жазатын  «ауруы»  ұшырасары 

заңды.  Жалпы  жұртқа  керегі-ақын-жазушының  жақсы  шығармасы.    Ол  да-пенде,  өмір 

сүру  үшін  қилы  жағдайды  бастан  өткеріп,  қилы  әрекеттерге  баруы  ешкімді 

таңдандырмайды.  Қысқасы, қаламгердің пенделігінен гөрі оқырманға жоқтан бар жасаған 

жасампаздығы,  өнері  қат.  Қазір  бізде  не  көп,  естелік,  мемуар,  роман  эсселер  көп. 

Солардың  көбінде  кітап  авторы  кезінде  бір-бірімен  айқасып  өтіп,  қыжылын  қайтара 

алмаған  о  дүниелік  әріптесін  тілі  жеткенше  қаралап,  иманды  болғырдың  аруағын  ластап 

бітеді.  Ондай  жазушылардың  шығармаларын  бүгінгі  ұрпаққа  насихаттау  осынан  кейін 

қанша  азапқа  түсетінін  ойлап  көріңізші.  А.И.Герцен:  «Книга  –  это  духовное  завещание 

одного  поколения  другому,  совет умирающего старца юноше, начинающего жить; приказ, 

передаваемый часовым, отправляющимся на отдых, часовому, заступающему его место», - 

деп  кітаптың,    рухани  өсиеттің  мақсаты  мен  мәнін,  қандай  деңгейде    дүниеге  келуін 

байыптап  бергендей. 

Әсілі,  тірлігінде  сөзі  мен  ісі  үйлеспеген,  адамшылығына  кір  жұқтырған,  арының 

ақауы  бар  жазушысы  мақтан  таң  айы-күні  толып  туған  перзент  өмірге  келуі  неғайбыл. 

Өсиет  –  кітап  қандай  болуы  керек  деген  сауалға  Ғ.Мұстафин:  «Өткен  өмірді біздер айтып 

кетпесек,  борыш  арқалап  кеткен  болар  едік.  Мемуар,  естеліктер  тек  шындық  болу  керек. 

Өтірікті  қосты-ақ  авторды  құдай  атқаны.  Кейінгі  жас  ұрпақты  адастырмақ  болғаны. 

Ондай  авторға    халық  та,  тарих  та  лағынет  айтады»,  -  деп  дене  дерті  өзіңді,  өтірік 



ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



142 

 

айтылған  қаралайтын  сөз,  мінез  дерті  басқаны  қинайтынын  кейінгі  бізге  жол  етіп 



ұсынады, қазақ әдебиетінің  аузы дуалы абызы.  

Әнуар  Әлімжанов  шындығында  да  жай  журналист  емес,  мәшһүр  журналист.  Ол 

ондай  қабілетке  ие  болмаса,  «сен  тұр  мен  атайынға»    ұмтылып  тұрған  талантқа   зәрулігі 

жоқ,  азу  тісі  балғадай  «Алма-Атинская  правда»  («Огни  Алатау»),  «Ленинская  смена» 

газеттері  оған  төрі  тұрмақ  табалдырығын  тоспасы  хақ.  Облыстық  басылымның  қара 

жұмысына  жегіліп,  газет  шығару  технологиясын  «ішек  қырындысына»  дейін  меңгерген 

алғыр  да    жалынды,  намысы  әйдік  жас  журналисті  «Ленинская  смена»  аттүйедей  қалап,  

редактордың  орынбасары  қызметіне,  биік  таққа  алшита  отырғызады.  Әнуар  ол  қызметке 

журналистика    саласындағы  терең    білімі,  білмейтінін  меңгеруге  елгезектігі,  не  тапсырса 

да  кекіреймейтін  кемеңгерлігі,  жайдақтанбайтын  жайбарақаттылығы,  қарадүрсінсіз 

қарапайымдылығымен,  жамандықтан  жақсылықты  іздеуге,  ескіліктен  жаңалықты  табуға 

ұмтылып  тұратыны,  тозғаннан  озғындықты  көре  білетін көрегендігімен жетті. Күні кешегі 

аңғалдығы  мен  адалдығы,  алақұйын  мінезі  қалмаған,  кекшіл  бозбала  орыс 

журналистикасының  қатал  мектебінен  шынығып,  кәсіби  ыспар  маманға,  көпшіл,  үлкен 

зерденің,  сарабдал  ойдың  адамына  айналды.  «Ер  жігіттің  қадірін,  ағайын  білмес,  жат 

білер»  (Бұхар).  Мақала,  очерк,  публицистикасында  жан-жүрегіңді  елжіретер  терең 

психологиялық  сезім  алаулап  тұратын,    өмір  туралы  толғамы  тұңғиық  реализмнен 

әдіптеліп,  романтикалық  қуат  толқыны  ойының  шеңберіне сыймай асып-тасып жататын, 

оқырманымен  тау  самалындай  емен-жарқын табысып, үйіріп, аялап отырып бауырласып 

кететін,  әдемі,  бояуы  қанық тіл, сыршылдық Одақтық беделді басылымдар «Литературная 

газета»  мен  СССР-дың  бас  газеті  «Правда»  Әнуардың  табанын  жерге  тигізбей,    ұлттық 

шеңберде  қалдырмай  алып  империяның  биігінен  таланты  түлеуін,  халықаралық  үлкен 

мінберден  сөйлеуін  қалады.  Олар  неге  таңдауды  басқадан  емес,  Әнуардан  бастағанын  

академик  М.Қаратаев:  «...  басқа  кейбір  жалаң  да  жадағай,  тек  цифр  мен  тізімге  құрылған 

«журналистік»  материалдарға  қарағанда,  жас  журналистің  жазғандарында  өмір 

шындығын  еңбек  адамының  кескін-кейпін    көркем  бейнелеп  көрсететін    суреткерлік 

қабілеті  байқалған-ды»,  -  деп  оның  очерк,  публицистикасының  өзі  повесть  шеңберінде 

қалауын  табатынын,  өткір  проблемалы,  танымдық  қасиеті  жоғары  болып,  мазмұн 

тереңдігі,  көркемдік  өренің  биіктігі,  кең  құлаш  –  масштабтылық  аңғарылып,  уақыт 

тынысын,  дәуір  сипатын  еркін  жеткізе  алатын  қалам  қарымына  тәнті  еткенін  дұрыс 

бағамдаған. Бастысы, Әнуар ұлттың ұлы бола тұрып, жалпы адамзаттың перзенті болудан 

қашпаған,  бойындағы  нәрін  сығып  беруден  тартынбаған.  Агафон:  «Между  тем 

единственный  верный  способ  построить  похвальное    слово  кому  бы  то  ни  было  –  это 

разобрать,  какими  свойствами  обладает  тот  о  ком  идет  речь,  и  то,  источником  чего  он 

является»,  -  демекші,  Әнуар  Әлімжановтың  очерктері  тақырыбы,  идеясы,  көтерген 

проблемалары,  сонау  тарихи  тұлғаны  кәдімгі  бастан  кешіп  отырған  өмірдегімен 

салғастырып    саралайтын  өнерімен,  ізденімпаз  экспериментаторлығымен  ерекшеленеді. 

Ол  очерктерінде  жұмыр  жерді    мекен  еткен  адамдардың  бостандығын,  тәуелсіздігін, 

теңдігі,  бақытын,  әлем халықтарының достығын аңсады, патриот журналист өз Отанына, 

халқына,  ата-баба  жеріне  перзенттің  сезімін    әлсіретіп  көрген  жоқ.  Гуманистік 

принциптен  айнымайды.  Мәселен,  «Литературная  газетада»  жарияланған «Дихан туралы 

аңыз»  очеркінде  ерен  еңбегімен  дүние  жүзіне  аты  мәшһүр,  екі  мәрте  Социалистік  Еңбек 

Ері  атағын  алған  сахараның    ұлы  перзенті,  күрішші  Ыбырай  Жақаевтың  ешбір 


ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



143 

 

академигіңіз  де  қол  жеткізе  алмайтын    үздік  жетістіктерге  жетуінің  жеті  қат  сыры  ақылға 



  1   2


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал