Вестник жгу им. И. Жансугурова №1 / 2011



жүктеу 121.31 Kb.

Дата14.06.2017
өлшемі121.31 Kb.

ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



103 

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 



1.

 

Габдуллина  А.  Современное  состояние  научной  сферы  Казахстана.  //  Транзитная 



экономика. – 2004. - № 4. – С. 134-140. 

2.

 



Терехов  А.И.,  Терехов  А.А.  Перспективы  развтия  приоритетных  направлений 

фундаментальных исследований. // Проблемы прогнозирования.  – 2005. - № 1. – С. 

131-146. 

3.

 



Шакуликова  Г. Оценка ресурсного потенциала нефтегазового комплекса Казахстана. 

// Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана. – 2005. - № 3. – С. 23-28. 

4.

 

Муканов  Д.  Инновационное  развитие  металлургического  комплекса.  // 



Промышленность Казахстана. – 2005. - № 1 (28). – С. 38-40. 

5.

 



 Исабеков Б. Қазақстанда аралас экономика кезіндегі индустриалдық-инновациялық 

саясат  және  кәсіпкерлік:  мәселелер,  концепциялар, шешімдер.  – Түркістан: «Туран», 

2004. – 319б.  

 

 



Құрақбаева А.Ж., Мамилина С.К. 

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы 

 

ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІН  ДӘСТҮРЛІ  ЖӘНЕ КРЕДИТТІК  ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ 

НЕГІЗІНДЕ  ПАЙДАЛАНУ 

 

Использование  методов  обучения  в  условиях  линейной  и  кредитной  системы 



обучения 

The  article  deals  with  the  methueols  of  teaching  in  the  condition  of  line  and  credit  system 

of education 

Қазіргі  жеделдету,  демократияландыру  жағдайында  Қазақстан  Республикасының 

басты  міндеттерінің  бірі  –  ұлттық  ерекшеліктерді  еске  алып,  жастарға  терең  білім  мен 

тәрбие  беру  ісін  одан  әрі  дамыту  және  жетілдіру.  Бұл жөнінде Республикамызда көптеген 

мемлекеттік 

құжаттар 

жарналанды. 

Білім 


министрлігінің 

Тәлім 


– 

тәрбие 


тұжырымдамасында  (Ақпан,  1993)  былай  деп  жазылған:  «Бүгінгі  таңда  жастарға  әлемдік 

ғылым  мен  прогресс  деңгейіне  сәйкес  білім  мен  тәрбие беру, оның рухани, байлығы мен 

мәдениеттілігін,  ойлау  білу  мүмкіндігін  жетілдіру,  сонымен  қатар  әр  адамның  кәсіби 

біліктілігін,  іскерлігін  арттыру әділетті  қоғамның міндеті  болып табылады». 

Міне,  осы  тұрғыдан  қоғамға  жан  –  жақты  білімді,  жоғары  мәдениетті,  жұмысты 

шығармашылықпен  істей  білетін  жеке  адам  қажет.  Ондай  адамды  орта  және  жоғары  оқу 

орындары дайындайды. 

ХХI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен 

дамыту  мақсатымен  аттауымыз  үлкен  үміттің  басты  нышаны  болып  табылады.  Ұрпағы 


ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



104 

 

білімді  халықтың  болашағы  бұлыңғыр  болмайды.  Жас  ұрпаққа  сапалы,  өнегелі  тәрбие 



мен білім  беру – бүгінгі  күннің  басты талабы. 

Жасыратыны  жоқ,  бұрын  оқыту  ісіне  бір  жақты  қарап,  оқытуды  тек  сабақты жақсы 

беру  деп  санап  келдік. Соның салдарынан барлық ауыртпалық мұғалім мойнына түсті, ол 

өзі  сабақ  айтады,  сөйлейді,  сұрайды,  қосымшалармен  толықтырады,  яғни  сабақ  үрдісінің 

барысында ұстаздың қызметі  басым келді.  Бала тек тапсырманы орындаушы ғана болды. 

Қазір  бұл  әдіс  –  тәсілді  қоғамның  дамуы  қабылдай  ала  ма?  Жоқ.  Себебі,  заман 

талабына  сай  оқыту  мен  тәрбие  ісін  жаңаша  жетілдіруді  өмірдің  өзі  талап  етіп  отыр. 

Ендеше бұрынғы дәстүрлі оқыту жүйесінің озығын да, тозығын да қайта қарап, оқытудың 

жаңа инновациялық жүйелерін кеңінен ендірудің  уақыты жетті. 

ХХІ  ғасырда  білім  және  ғылым  саласындағы  болып  жатқан  өзгерістер  болашақ 

мамандарды  даярлауда  оқытушы-профессорлық  құрамына  жаңа  міндеттер  қойып  отыр. 

Соның  бір  дәлелі  –  оқыту  үдерісін  кредиттік  жүйемен  құру.  Кредиттік  жүйе  жоғары  оқу 

орындарында сабақ беру іс-әрекеті  кейінгі  жылдары тәжірибеде сыннан өтуде.   

Оқытудың  дәстүрлі  жүйесінде  студенттің  енжарлығы,  оңың  қызметі  –  тыңдау,  ал 

қазіргі  оқытудың  кредиттік  жүйесінде  оқыту  үдерісі  субъект-субъектілі  сипатта  болады. 

Субъектілердің  әрқайсысының  белсенділігін,  басқару  мен  бақылауда  оқытушы  тарапынан 

басымдылық  қөрсетуінің  болмауы  студенттердің  өздерінің  де  тең  құқықта  қатысуы 

көзделеді.  Кесте-1  Оқу  үрдісінде  кредиттік  және  дәстүрлі  білім  берудің  салыстырма 

компоненттері  көрсетілген. 

   



Кесте-1  Оқу үрдісінде  кредиттік  және дәстүрлі  білім  берудің  салыстырма 

компоненттері 

 

        Оқу 



Білім  берудің  түрлері 

Процесінің 

компоненттері 

Дәстүрлі 

Кредиттік 

Мақсаты 


Алдын 

ала 


ұсынылған 

кәсіби  және  жеке  тұлғалық 

сипатымен  маманды  даярлау; 

оқушыны  нақты  білім,  білік 

және дағдымен қаруландыру 

Педагогикалық 

жаңалықтарды 

қолдану  және меңгеру  қабілеті. 



ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



105 

 

Қатысушы тұлға 



Субъектілі-объектілі  қарым-

қатынас; 

оқытушы 

оқу 


процесінің  белсенді  субъектісі 

болып  табылады,  ал  оқушы 

мұғалімнің 

жүйелілік 

қатынасының  пассивті  объектісі 

болып табылады 

Субъектілі  -  субъектілі  қатынас; 

мұнда  оқушы  өз  оқуының  белсенді 

субъектісі  және  оқу  процесінің  тең 

құқылы қатысушысы  болып табылады 

Мазмұны 

Абстракті, 

кітап 

төңірегіндегі 



білім, 

дайын 


күйінде  меңгеру 

Педагогикалық  міндеттерді  шешу 

деңгейіне  жетілген  ғылыми білім 

Әдістері 

Түсіндірмелі 

иллюстративті: 

лекция, 

әңгіме,  әңгімелесу 

Проблемалық 

мазмұндау: 

танымдық  және  іскерлік  ойындар, 

педагогикалық 

ситуацияларды 

модельдеу  және талдау 

Меңгеру 

деңгейі 


Таныс  жағдайларда  білімді 

қолдану  және жаңғырту, тану 

Білімді  жаңа  жағдайларда  қолдану, 

альтернативті тәсілді  іздеу 

Қарым-

қатынас стилі 



Авторитарлық, 

эмоциялы бәсенді 

Демократиялық: 

оқушылардың 

қажеттілігі 

мен 


қызығушылығына 

бағытталуы, эмпатиялық, диалогты 

Бақылау 

формасы 


Оқытушы 

тарапынан 

сырттай бақылау 

Өзін-өзі 

бақылау, 

оқытудың 

нәтижесін  және  процесін  ішінара 

бақылау 


 

Жаңашыл  оқытудың  негізгі  түрлері оқытудың дербес және топтық түрлері оқытудың 

дербес  және  топтық  түрлері  болып  табылады.  Бұл  жерде  алға  қойылған  басты  мақсат  – 

оқушыға  деген  сенім,  оның  өз  ісіне  жауап  беру  мүмкіндігіне  сүйеніп  беделі  мен  қадір  – 

қасиетін  дамыту.  Ол  үшін  инновациялық  оқытудың  педагогикалық  шарттарын  игерген 

жағдайда ғана оқыту тиімді  болмақ. 

  Ғылым  мен  халыққа  білім  берудің  дамуы  елімізді  техникалық  прогреске  жеткізері 

мәлім.  Ал  техникалық  прогресс  –  қоғамдық  және  жеке  бастың  өмір  сүру  деңгейін 

көтеруші;  Ол  еңбек  өнімділігінің  жоғарлауына  әкелді.  Сонымен,  білім  беру  жүйесін 

қоғамдық өмірдің  өзге салаларының да негізгі  деп білуіміз  керек. 

Бүгінгі  таңда  білім  беру  саласында  әр  түрлі  сипаттағы  және  бағыттағы 

„инновациялар”  енгізілуде.  Азды  –  көпті  мемлекеттік  реформалар  жүргізіліп,  оқыту 

әдістері  мен  технологияларына  жаңалықтар  кіруде.  Білім  беру  саласына  енген 

жаңалықтарға мына өзгерістерді  жатқызамыз:   

 

оқу – тәрбие мекемелерінің  жаңашыл басқарылуын; 



 

білімнің  қоғамдағы орны, және сол жүйені қаржыландыру деңгейін; 



 

тәрбие және білім  жүйесі  құрылымын;  



 

білім  беру мазмұнын, яғни оқу жоспарларындағы және бағдарламадағы өзгерістерді. 



ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



106 

 

Инновациялық  мектептердің  дамуының  ең  бірінші  ерекшелігі  қазіргі  кездегі  пайда 



болған  оқытудың  жаңа  технологияларын  өздерінің  оқу  бағдарламаларына  кеңінен  енгізу, 

сонымен  қатар  жаңашыл  бағытта  жұмыс  жасайтын  мұғалімдерге  қойылатын  талапты 

арттыру.  Осылайша  білім  сапасын  заман  талабына  сай  көтеру.  „Инновация  өздігінен 

пайда  болмайды.  Ол  –  ғылыми  ізденістің  жекелеген мұғалімдермен тұтас ұжымның озық 

педагогикалық тәжірибесі”. 

Білімнің  бүгінгі  даму  жағдайында  инновациялық  бағыттардың  қажеттігі  бірнеше 

шарттардан туындап отыр, олар: 

 



әр  текті  оқу  орындарындағы  білім  беру  жүйесінің,  әдіснамасының  және  оқу  –  тәрбие 

процесін ұйымдастыру технологияларының жаңалануы; 

 

білім  мазмұнының күшті  адамилық (гуманитаризация) сипат алуы; 



 

оқу пәндері көлемінің  үздіксіз  өзгеріп  баруы; 



 

оқудың  жаңа  ұйымдастыру  формалары  мен  технологияларын  ұдайы  іздестіруді  қажет 



ететін жаңа оқу пәндерінің енгізілуі; 

 



мұғалімдердің  педагогикалық  жаңалықтарды  меңгеруі  мен  қолдануының  өзіне  болған 

қатынастар сипатының өзгеруі; 

 

жалпы білімдік  оқу мекемелерінің  нарықтық экономикаға  бет бұруы



 

жаңа оқу орындары, олардың арасында мемлекеттік  емес білім  ордаларының құрылуы; 



Күнделікті  тәжірибеде  инновациялық  процестер  сипаты  күтілген  нәтижелер 

мазмұнымен,  енгізілудегі  ұсыныстардың  күрделілік  және  тыңғылық  дәрежесімен,  сондай 

–  ақ  мектеп  мұғалімдерінің  инновациялық  іс  -  әрекетке  дайындық  дәрежесімен 

анықталады.  

Соңғы  нәтижеге  болжам  жасай  отырып,  мектептегі  инновациялық  процесті 

басқаруда  осы  қызметтің  негізгі  бөлімі  ұжымдық  талқыға  түседі.  Бағдарламалы 

инновацияға байланысты өте ірі шаралар топтық әдіспен дайындалады.  

Нақты  бағдарлама  түзіліп,  онда  ұжымдағы  әрбір  мүше  іс  -  әрекетінің  бастау  бағыты 

көрсетіледі,  соңғы  нәтиже  болжамы  түзіледі,  көзделген  мақсаттың  іске  асу  мерзімі 

айқындалады, бар жағдай – шарттардың жақсылана түсуі  қамтамасыз етіледі. 



Білім берудің жаңа технологияларын ендіру жолдары 

1.

 

Оқушылардың білім, білік, дағдысын қалыптастыру. 



2.

 

Ақыл – ойын дамыту. 



3.

 

Жеке бастың эстетикалық - өнегелілік ортасын қалыптастыру. 



4.

 

Жеке бастың өзіндік басқару механизмін қалыптастыру. 



5.

 

Жеке бастың практикалық - әрекет ортасын қалыптастыру. 

Мұғалімінің 

инновациялық 

іс-әрекетін 

қалыптастырудың 

педагогикалық 

шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-

әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; практикада 

дұрыс қолдану. 

Жаңа  технологиялардың  өріс  алуына  орай  оқыту  үрдісінде  «интерактивті  әдістер», 

«интерактивті  оқыту»  деген  терминдермен  жиі  кездесеміз.  Интерактивті  әдістер  мұғалімнің 

оқытуды  қандай  шеберлікпен  ұйымдастырғандығынан  көрінеді.  «Интерактивті  әдістер» 

және  «интерактивті  оқыту»  терминдерінің  ортақ  түбірі  -  интер  ағылшын  тілінің  «іntег» 



ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



107 

 

(между,  меж.)  аралық;  «асt»  (действовать,  действие)  әрекет  ету  деген  сөздерінен  енген. 



«Интерактивті  әдістер»  тіркесін  оқушылардың  өзара  әрекет  етуіне  жағдай  жасайтын  әдістер, 

ал  «интерактивті  оқытуды»  өзара  әрекеттесуге  негізделіп  құрылған  оқыту  деп  түсінуге 

болады.  Интерактивті  әдістердің  мәні  -  әрбір  оқушының  оқушылармен  өзара  белсенді 

байланыста  болып, мұғаліммен  бірлесіп  отырып, жұмыс жасап оқу-танымдық  нәтижеге  жетуі. 

Бұл  әдістер  оқыту  барысында  тәрбиеленушілерді  тұлға  ретінде  қалыптасуға  бірден  –  бір 

әсер  етеді.  Мұғалім  мен  оқушылар  бірлесіп  оқи  отырып,  субъект  –  субъект  ретінде  келеді. 

Мұғалімнің  рөлі  көбінесе  оқу  үрдісін  ұйымдастырушы,  топ  басшысы,  оқушылардың  ынта-

ықыласын белсенді  етуші  қалпында  керінеді.  Интерактивті  оқыту  әдістері  оқушылардың өз 

өмір  тәжірибесіне,  біліміне  сүйенулеріне  негізделген.  Сондықтан  да  олар  сабақта 

ынтымақтастық  педагогикасының  жүзеге  асуына,  бірлесіп  әрекет  етуге,  сабақта  жайлы  да 

жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Яғни, педагогикалық үрдісті 

демократизациялауға  жол  ашады.  Оқыту  нәтижесі  оқушылардың  бір-бірімен  байланыс 

бірлігінен  көрініп,  оқушылар  оқу  нәтижесіне  бір-бірінің  жауаптылығын  сезінеді.  Осылайша 

әр сабақта демократиялық принцип шын мәнінде орын алады.  

Сабақта интерактивті  әдістерді  пайдалануда мынадай шарттар орын алулары  тиіс: 

Мақсатты  нақты  белгілеу.  Мұғалім  оқушылардың  топпен  жасалатын  жұмыстарының 

мәнін, ережесін түсініп, топпен жұмыс жасауға дайын екендіктеріне  толық сенімді  болуы  керек; 

Мұғалім  оқытуды  ұжымның  ездеріне  тән  ерекшеліктерімен  есептесіп,  олардың  бірлесіп 

жұмыс жасауға дайындық деңгейіне  сай ұйымдастыру  қажет. 

Мұғалім  бұл  әдістің  мақсаты  мен  міндеттерінің  маңызды  көңіл  аударарлық  рөлін  естен 

шығармай,  әдісті  қандай  мақсатта  таңдағанын  көз  алдына  анық  елестете  білуі  керек; 

Мұғалім  пайдаланатын  әдістерінің  нәтижесін  болжай  отырып,  біртіндеп  кезең-кезең 

бойынша қолданылуын  алдын ала кере  білуге  тиіс. 

Интерактивті  әдістерді  қолдануда мұғалім кейбір  ережелерді  естен шығармауы  абзал: 

Бірінші ереже: Жұмысқа сынып мүшелерін түгел қатыстыру. Өйткені бұл әдістің негізгі 

мәні де оқушыларды түгел танымға жұмылдыру. 



Екінші  ереже:  Оқушылардың  осы  әдіспен  жұмыс  жасауын  психологиялық  жағынан 

дайындау.  Қатысушылар  өздерін  еркін  сезіну  үшін  түрлі  жаттығулар  жасатып,  сабақтағы 

қандай да болсын жетістіктерін жиі мадақтап, қолпаштап отырғаны дұрыс. 

Үшінші  ереже:  Оқушылардың  саны  көп  болмай,  жоғары  сыныпта  30  адамнан  аспағаны 

жөн.  Өйткені  әрбір  қатысушы  өз  пікірін,  көзқарасын  білдіріп,  дәлелдеп  беруге  мүмкіндік 

жасалу  қажет. 

Төртінші  ереже:  Жұмыс  жасайтын  (сабақ  өтетін  бөлменің)  орынның талапқа сай болуы. 

Яғни,  оқушылар топ, жұп құру үшін  орындарын  ауыстырғанда  еркін  жүріп-тұруға  жағдай 

жасалуы  қарастырылады.  Қатысушылар  бір-бірін  таңдау,  тақта,  компьютер, 

көрнекілікпен  жұмыс  жасау  үшін  еркін  ыңғайлы  қозғала  алатындай  жағдайды  алдын 

ала қарастыру. 


ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



108 

 

Бесінші  ереже:  Оқушыларды  проблема  шешу  барысында  топқа  бөлуге  мұқият 

қарау. Алғашқы кезеңде қатысушылардың өз еріктерінше  бөлінуге  жол беру, 

Интерактивті  әдістің  дәстүрлі  әдістерден  артықшылығы  оқушыны  қозғалысқа 

түсіру,  енжар  тыңдаушы  емес,  белсенді,  өз  бетімен  білім  іздеуші, табиғат, қоғам заңдарын 

«өз  бетімен  ашушы»  рөліне  енгізу.  Осындай  тұрғыда  тыныштықты  бұзу  қажет,  бұл  - 

қозғалыс,  талдауға  қатысу,  пікірін  дәлелдей  білу,  өзге  көзқарас,  пікірлермен  санаса  білу 

тәртіпсіздікті  емес,  ойлай  білетін  білімді,  мәдениетті  тұлғаны  тәрбиелеу  құралы.  Сол 

себепті  интерактивті  әдіспен  сабақ  жүргізуші  мұғалім,  сабаққа  қатысушы  педагогтар, 

ата-ана  т.б.  сабақтағы  қозғалыс,  дыбыстың  мән-мазмұнына  тереңірек  қарау  керек  деген 

пікірдеміз. 

Қазіргі  кезең  дидактикасы  интерактивті  оқыту  формасы  мен  әдістерінің  дәстүрлі 

оқытуда мынадай негізгі айырмашы лықтарын атап көрсетеді: 

 



оқушылардың танымдық қызметін  міндетті түрде белсенді  ету; 

 



сабақта  оқушының  белсенділігін  мүмкіндігінше  ұзақ  уақытқа  көтеру; 

 



оқушының проблемаларды шешу барысында (өз бетімен және топпен)  

 



белсенді қызмет ету үшін эмоцио налдық-еріктік жағдай танытуы; 

 



оқытушы  мен  оқушылар  арасындағы  қарым-қатынаста  үздіксіз  тура  және  кері 

байланыстың болуы; 

 

мұғалім  қызметінің  менеджер,  оқу  үрдісін  ұйымдастырушы,  кеңесші  рөліне 



ауысуы. 

Жалпы  интерактивті  оқыту  теориялық  та,  практикалық  та  тұрғыда  зерттеуді  қажет 

ететін  дидактика  міндеттерінің  бірінен  саналады.  Ал  интерактивті  оқыту  формаларын, 

әдістерін  пайдалану  мұғаліммен  оқушымен  қарым-қатынас  жағдайын  аса  шеберлік, 

білімділік,  демократиялық  бағытта  уақыт  талабына  сай  таңдауды  қалайды. 

Педагогикалық  үрдісте  жаңа  технологияларды  енгізіп,  интерактивті  оқытуды  пайдалану 

мұғалімдерді  шеберлік  жағынан  шыңдайтындығы  дау  тудырмайды.  Кесте  2  Интерактивті 

оқыту жағдайындағы мұғалім  мен оқушының іс-әрекеті  сипатталған.  

 

Кесте 2 Интерактивті  оқыту жағдайындағы мұғалім  мен оқушының  іс-әрекеті 



                                         І. Кіріспе – мотивациялық кезең 

 

Мұғалімнің іс - әрекеті 



Оқушының  іс - әрекеті 

1.1.Мәселелік 

жағдай 

туғызу; 


тақырыптың 

өзектілігін  түсіндіру. 

1.2.Тақырыпты  меңгеру  барысында  оқушылардың 

меңгеретін  білім,  білік,  дағдыларын анықтау. 

1.3.Оқушылардың  жеке  алынған  үй  тапсырмаларын 

орындау 


ретімен 

таныстыру, 

әдістемелік 

нұсқаулар беру.  

1.1.

 

Оқушылар  істелінетін  жұмыстар 



жоспарын 

талқылауға 

ат 

салысады:   



 

түсініксіз 



ұғымдарды 

нақтылайды; 

 

ұсыныстар жасайды. 



                                    ІІ. Танымдық – операциялық кезең 

 

                  2.1. Оқушыларды  қажетті  ақпараттармен қамтамасыз ету 



 

ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



109 

 



 

оқушылардың  жеке  басының  білім  деңгейі  мен 

қабілеттерін 

ескере 


отырып, 

теорияның 

органикалық  байланысын  олардың  жеке  іс 

тәжірибесімен  байланыстыру; 

 

оқушыларға 



қажетті 

ақпараттарды 

беруде 

олардың 


зейінін  шашыратып  алмау  үшін 

дидактикалық 

бірліктерді 

ірілендіріп, 

материалды  жеке  мазмұндық  блоктарға  бөліп 

қарастыру; 

 

дидактикалық 



оқу 

көрнекіліктері 

мен 

техникалық құралдарды тиімді  пайдалану. 



 

теориядан 



алған 

білімдерін 

өмірмен байланыстыра білу; 

 



 

оқушылар 

өздерінің 

білім 


деңгейлеріне  сәйкес,  теорияның 

органикалық байланыстыра алуы; 

 



 



өткен  материалды  үнемі  пысықтап 

отыру. 


 

2.2. Оқу біліктілігін  меңгеру 

 



 



оқу  іс  -  әрекетінің  ұжымдық  сипатта  болуын 

қамтамасыз  ету:  сабақта  әрбір  оқушының  жеке 

орны  мен  уақытша  атқаратын  рөлдері  болуы 

шарт; 


 

оқушылар  өздерінің  іс  -  әрекеттері  барысында 



білім  негіздерін  меңгеретіндей  оқу  үрдісін 

ұйымдастыру; 

 

оқушылардың  іс  -  әрекетті  мұғалімге  емес, 



оқушылар  ұжымына бағытталуы керек; 

 



алдыңғы өтілген материалды қайталау, жүйелеу;   

 



оқу  әрекеті  әрбір  оқушының  қабілет  деңгейіне 

қарай құрылады; 

 

оқу  үрдісін  құрарда  және  өткізу  барысында 



мұғалім 

әрдайым 


оқушылардың 

жеке 


қабілеттеріне,  ерекшеліктеріне  сүйенеді;   

 



алынған  нәтижелерді  бағалауда  оқушыларда 

нақты критерийлерінің болуын қамтамасыз ету.   

 

оқушының  өзіне  қажетті  рөлдерді 



орындап шығуы; 

 



 

қажетті  білімді  тек  өзінің  іс  - 

әрекеті  негізеде  меңгеруі; 

 



 

оқушылардың  ұжымда  жұмыс істеу 

қабілетінің  болуы; 

 



 

оқушының  өзінің  қабілетіне  қарай 

тапсырма алып орындауы; 

 



 

оқушы  өз  білімін  өзі  бағалайды 

және  жолдастарының  да  білімін 

мұғалімнің 

көмегінсіз 

бағалай 


алады. 

ІІ. Бақылау – бағалау кезеңі 

 

3.1. Оқу материалын қортындылау 



 

 



оқу 

материалын 

жалпылама 

қортындылау;  

 

оқушылардың  білімін  жалпылама  және 



жеке бағалау; 

 



оқушылар  ұжымын  дамыту  бағытындағы 

бағалау; 

 

оқушылардың 



жеке 

қабілеттерін 

ашатындай іс - әрекеттерді  бағалау.  

 



өтілген  тақырыпты  қортындылауға  әрбір 

оқушы  қатысады;  

 

білімді  жалпылама  бағалауға  барлық 



оқушылар  қатысады;  

 



сабақта  оқу  жұмысын  бағалауды  әрбір 

оқушы  жүргізіп,  оқушы  өзін  -  өзі 

бағалайды.  

 

Сонымен  әрбір  оқушының  дамуына жағдай жасайтын интерактивті  оқыту мынадай 



міндеттерді  шеше  алады: 

ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



110 

 



 

оқушының  базалық  білім,  білік,  дағдыларын  (білім  беру  стандарты  бойынша)  игеру 

жүйесін  жетілдіру; 

 



оқыту  үрдісінде  оқушының  теориялық  және  өнімділік  ойлау  әрекеттерін,  танымдық 

қабілеттерін  белсендіру; 

 

оқушылардың  танымдық қызығуын, оқуға деген мотивациясын дамыту;  



 

белгілі 



бір 

мәселе 


шешуде 

оқушылардың  ынтымақтастығын,  серіктестігін 

ұйымдастыру; 

 



көбіне  оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану; 

 



оқушының өзіндік  ізденіс  – зерттеу  жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру;  

 



оқушының өз біліміне,  күшіне  сенімін  арту; 

 



оқушының өзінің  көршісінің  (ұжымның) білімін  тексеруге,  бағалауға ат салысу; 

 



оқушының өз білімін  өзі бағалауы; 

 



оқу  үрдісінде  әр  түрлі  шапшаңдықпен  және  әр  түрлі  көлемді  (стандартқа  сәйкес)  оқу 

материалын игерудің  мүмкіншілігін  ашу;   

 

дамытушы  оқытуға арналған ойындарды қолдану; 



 

оқушының шығармашылық  қабілеттерін  ашу; 



Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіруі  үшін  қазіргі 

кезеңде  дарынды  да талапты оқушы тәрбиелеп шығару  –мұғалімдердің алдында қойылып 

отырған  басты  мәселе.  Ал  бұл  мәселені  шешуде  оқушылардың  шығармашылығын 

қалыптастыру  үшін  оқу  –  тәрбие  үрдісіне  интерактивті  оқыту  технологиясын  енгізудің 

маңызы зор. 

Біздің  ел  дамудың  демократиялық  жолын  таңдауына  байланысты,  бүгінгі  таңда 

қоғамды  шешім  қабылдауға  тартудың  маңызы  арта  түсті.  Осы  бағытта  2010-2011  оқу 

жылынан  бастап  оқушылардың  белсенділігін  арттыруға  мүмкіндік  беретін  «оқытудың 

белсенді  әдістері»,  «оқытудың  педагогикалық  технологиялары»  атты  жаңа  таңдау 

компоненттері енгізілді.   

Мақсаты:  болашақ  педагогикалық  мамандығының  мұғалімдерінің  белсенді  әдістердің 

теориялық-әдіснамалық даярлығын қалыптастыру. 

Міндеттері: 

-болашақ        мұғалімдерге  қазіргі    педагогика  ғылымының  педагогикалық 

технологиялардың  теориялық  негіздері  мен  білімді  меңгіру    мектепте  педагогикалық 

процесті ұйымдастыру үшін  қажетті  әдістер мен пайдалануға көмектесу; 

-білімгерлерді   белсенді, интерактивтік  әдістермен таныстыру. 

 Қорыта  келе  айтатынымыз,  адамзат  XXI-ші  ғасырға қадам басып дүниежүзілік ғаламдану 

процессін  бастан  кешіруде.  Заман  талабына  сай  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  бері 

стандартын  енгізу  ел  президентінің  Қазақстан  халқына  жолдауында:  басты  мақсатытың 

бірі  ретінде  білім  беру  аталды.  Білім  өмірде    -  таяныш,  жолдас,  қуанышта  –  бастаушы, 

қайғыда – қарсы айла – деп діни хадистерде бекерге  айтылмаған. 

Жаңа  ғасырдағы  білім  қандай  болу  керек?  – дегенге келсек, Тәуелсіз Қазақстан тірегі 

көп,  солардың  бірі  де  бірегейі  –  білім.  Ол  жағынан  дана  халқымыз  «Білегі  мықты  бірді 

жығады,білімді  мыңды  жығады»,  «Білімсіз  адамның  сөзі  білектей,  білімді  адамның  сөзі 

жібектей»,  «Өнерлінің  қолы  алтын,  өлеңшінің  сөзі  алтын»  -  деп  бұрыннан-ақ  айтып 

қойған. 


ВЕСТНИК   ЖГУ им. И. Жансугурова   № 1 / 2011

 

 



111 

 

Жақсы  ұстаз  өзі  біліп  қана,  сол  білгендерін  шәкіртіне  үйретіп  қана  қоймайды, 



сонымен  қатар,  оқушы  бойындағы  қабілетті  дөп тауып, оның сол талантының ашылуына 

ұйытқы  бола  біледі,  яғни  „бұлақ  көрсең  көзін  аш”-деген  мақалдың  теріс 

айтылмағандығына көз жеткізеді. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 

1.

 

Арысбаева  З.  “Инновациялық  әдіс-тәсілдерді  қолдану  ерекшеліктері”.  //  Қазақстан 



мектебі.  № 1. 2007 ж. 69-70 б. 

2.

 



Әмір  Шарапат.  “Педагогикалық  инновацияны  іске  асырудың  жолдары”  //  Қазақстан 

мектебі.  № 6. 2001 ж. 32-34 б. 

3.

 

Бейсембаева  А.  “Оқу-тәрбие  үрдісін  ізгілендірудің  мүмкіндіктері”.  //  Қазақстан 



мектебі.  № 4. 2001 ж. 12-13 б. 

4.

 



Көшімбетова  С.  “Оқыту  тиімділігі  –  озық  технологияларда”.  //  Қазақстан  мектебі.  № 

7. 2005 ж. 16-17 б. 

 

 

УДК 378.18:372.8:78   



Н.А. Митина 

Жетысуский государственный университет им. И.Жансугурова, г. Талдыкорган 

 

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ   НОВЫХ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ  ТЕХНОЛОГИЙ  В УЧЕБНОМ 

ПРОЦЕССЕ  ВУЗА 

 

Бұл  мақалада  жоғары  оқу  орнында  жаңа  педагогикалық    технологияны  оқу 

үрдісінде  қолдану барысы қарастырылған. 

The  problem  of  using  new  educational  technologies  in  teaching  at  the  University  is 

considered  in  this  article.   

 

Высшее  образование  наряду  с  некоторыми  индикаторами,  характеризующими 



инновационный потенциал страны, является одним из факторов конкурентноспособности 

экономики  Казахстана.  Решить  задачи  подготовки  специалистов,  отвечающих 

требованиям  времени,  может  помочь    внедрение  технологических  инноваций  в 

образовательный процесс высшей школы.  

Использование  новых  педагогических технологий в учебном процессе вуза создает 

совершенно новые возможности реализации дидактических принципов индивидуализации 



и  дифференциации  обучения,  положительно  влияет    на    развитие  познавательной 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал