Вестник апн казахстана. 2016. №4. С. 48-52



жүктеу 59.19 Kb.

Дата26.05.2017
өлшемі59.19 Kb.

Вестник АПН Казахстана. - 2016. - №4. - С.48-52 

Есекешова М.Д., Саймбетова Ж.Т. 



Болашақ педагогтерге көптілді білім беру 

 

Мақалада  жоғары кəсіби  білім  беру  жүйесінде  көптілді  білім  берудің 



яегізгі  мəселелері  жəне  жоғары  оқу  орындарында  көптілді  білім  берудің 

педагогикалық  мүмкіндіктері  қарастырылады.  С.Сейфуллин  атындағы 

Қазақ  агротехникалық  университетінің  «Кəсіптік  оқыту»  мамандығы 

негізінде  болашақ  кəсіптік  оқыту  педагогтеріне  көптілді  білім  беруді 

дамыту  үшін  ұсыныстар  жасалып,  көптілді  білім  беруді  дамытудың 

міндеттеріне  сəйкес  бакалаврларды,  магистранттарды,  докторанттарды 

жəне университет оқытушыларына ағылшын тілін деңгей бойынша оқыту; 

бакалаврларға  кəсіби-бағытталған  ағылшын  тілін  оқыту;  магистранттар 

мен  докторанттарға  академиялық  мақсаттарға  арналған  ағылшын  тілін 

үйрету;  ағылшын  тілін  деңгейлі  жəне  мақсатты  оқытудың  мəселелері 

туралы  кафедра  оқытушылары  жəне  білім  алушыларына  көптілді  білім 

беруді  дамытуға  ұсыныстар  қарастырылып,  білім  алушыларды  ағылшын 

тілінде  оқытуға  ауысуының,  сонымен  қатар  білімнің  мазмұнын 

жаңартудың шынайы жағдайы бейнеленеді. 

 

Кіріспе 

 

Жаһандау  жағдайында  ел  коғамы  жаңғырту,  жаңалау  жəне  əлемдік 



интеграциялы  үдерістерге  талпынуымен  сипатталады.  Жаңғырту  үдерісінде 

білім  беру  жетекші  орын  алады.  Өз  азаматтарына  сапалы  жəне  қазіргі 

заманғы білім алуларына лайықты жағдай жасай алатын қоғам ғана табысты 

дамып,  əлемнің  жетекші  мемлекеттер  қатарына  кіре  алады.  Қазақстан 

Республикасының 2011-2020 жылдарға  арналған  тілдерді  дамыту 

мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыты ретінде қазақстандықтардың 

тіл мəдениеті деңгейін көтеру белгіленді. Мақсаты: «Дамыған тіл мəдениеті - 

зиятты  ұлттың  əлеуеті».  Еліміздің  қазіргі  заман  талабына  сай  ҚР  «Білім 

туралы»  заңының 5-бабында  «Барлық  оқу  орындары  мемлекеттік  жалпы 

міндетті  стандартқа  сəйкес  мемлекеттік  тіл  ретінде  қазақ  тілін  білу  мен 

дамытуды,  орыс  тілі  жəне  бір  шетел  тілін  оқып  үйренуді  қамтамасыз  етуге 

тиіс» деп көрсетілген.  

 

Еліміздің  қоғам  өмірінде  өзгеріске  көбірек  ұшырайтын  тіл  саласы 



болып  отыр.  Осыған  байланысты  тіл  саласында  білім  беру  жаңаша  сипатқа 

ие  болуда.  Елімізде  білім  беруді  дамытуға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламалардың басты мақсаты: жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін 


қанағаттандыру  үшін  стратегиялық  даму  жоспарының  басымдықтары 

негізінде  көп  деңгейлі  білім  берудің  ұлттық  жүйесін  жақсартуды  көздейді. 

Бұл  бағдарламаның  негізгі  міндеттері - сапалы  білімге  қол  жеткізу,  білім 

берудің  ұлттық  жүйесінің  іске  асу  бағамын  жетілдіру,  қазақстандық 

ұлтжандылыққа,  төзімшілдікке,  биік  мəдениетке,  мемлекеттік  тілді  басым 

дамытуға  бағытталған,  отандық  дəстүрлерді  əлемдік  тəжірибе  мен  тұрақты 

даму  қағидалары  негізінде  білім  берудің  мазмұнын,  құрылымын  жаңарту, 

дамыған елдер қатарына қосылуға даңғыл жол салу. 

 

Көптілділік,  полилингвизм - нақтылы  коммуникативтік  жағдайдың 



əсер етуімен белгілі бір əлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп 

тілде  сөйлей  білушілік.  Мұның  өзі  жеке  адамның  көптілділігі  жəне  ұлт  пен 

ұлыстың  көптілділігі  болып  бөлінеді.  Көптілділіктің  үш  тілді  меңгеру 

дəрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, 

əлеуметтік,  экономикалық,  мəдени  өмірі,  тұрмыс-тіршілігі  секілді  көптеген 

факторларға  байланысты.  Ұлттық  құрамы  бірыңғай,  бір  ғана  этнос 

мекендейтін  мемлекетте  көптілділік  сирек.  Онда  жеке  адамның  ғана 

көптілділігі ұшырасады. 

 

Көп  тіл  білетін  тұлға — бірнеше  тілді  өте  жақсы  білетін,  мынадай 



сипаттамаларға ие: сөз тұлғасы - жеке тұлғаға сөз қызметін бірнеше тілдерде 

жүргізуіне мүмкіндік беретін психофизиологиялық ерекшеліктер жиынтығы; 

байланыс тұлғасы - бірнеше тілді лингвоқауымдармен тілдесу құралы ретінде 

шешен  қолдану  қабілеттерінің  жинағы;  сөздік  немесе  этносемантикалық 

тұлға - дүниетанымды 

нұсқамалардың, 

құндылықтардың, 

тəрбие 


тəжірбиелерінің,  бірнеше  тілдердің  лексикалық  жүйесінде  интеграциялану 

арқылы 


біріктірілуі. 

Көп 


тілде 

білім 


беру 

бұл - мақсатты, 

ұйымдастырылатын,  реттелетін  үш  үдерісте  оқыту,  тіл  жəне  ауызша 

қызметтерде, тіл мен мəдениетке əсерлі қатынастарда тіл білімі мен ептілігін 

іске асыру, жеке тұлғаның көп тілді тұлға ретінде бірнеше тілдерді меңгеруі. 

Көп тілде оқыту өзара байланысты əрі өзара тəуелді əлем жағдайларында жас 

ұрпақты дайындау құралы ретінде қарастырылады. 

Негізгі  бөлім 

 

Қазіргі  танда  елімізде  көптілді  білім  беру - жоғары  білім  беру 



саласының  негізгі  бағыттары  болып  саналады.  Көптілді  тұлғаны 

қалыптастыру  жолында  жоғары  оқу  орнының  рөлі  зор,  себебі  негізгі 

құндылықтар мен өмірлік қағидалар осы уақытта қалыптасады. Жоғары оқу 

орнында  студент  өзінің  мəдени-ұлттық,  этникалық  қажеттіліктерін  жүзеге 

асырып,  оның  бойында  гуманистік,  жалпы  адамзаттық  қасиеттердің 

қалыптасуына қолайлы жағдай жəне орта жасалады. 



 

Көптілді  білім  беру  барысында  əрбір  ұлттың  негізгі  құндылықтарын 

негізге  алу  халықаралық  деңгейде  қарастырылып,  отандық  жəне  шетелдік 

ғалымдардың  да  ғылыми  зерттеулерінің  нысаны  болып  отырғаны  анық. 

Көптілділіктегі  теңсіздік,  көптілді  білім  беру  негізіндегі  сауаттылық,  жəне 

көптілді  аудиториялық  білім  беруде  теориялық  тұрғыдан  мұғалімдерді 

даярлау,  шетелдік  студенттерді  екі  тілде  оқытудың  дидактикалық 

мүмкіндіктері мен билингвалды жүйені іске асыру жəне т.б. зерттеулер біздің 

зерттеу жұмысымыз үшін теориялық тұрғыдан өте құнды болып табылды. 

 

С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық  университетінде 



көптілді білім берудің мақсаты аграрлық бағыттағы жоғары білікті, бəсекеге 

қабілетті,  қазақ,  орыс  жəне  ағылшын  тілдерін  бір  уақытта  меңгерген  жəне 

тілдік  құзыреттілікке  ие,  халықаралық  білім  кеңістігі  мен  еңбек  нарығында, 

мəдениетаралық 

коммуникацияға 

қабілетті 

мамандарды 

дайындау 

мақсатында көптілді білім беруді дамыту. Осыған байланысты университетте 

«Биотехнология», «Экология», «Аграрлық техника мен технология», «Сəулет 

өнері», «Радиотехника,  электроника  мен  телекоммуникация», «Есеп  жəне 

Аудит», «Кəсіптік  оқыту»  жəне  т.б.  мамандықтары  бойынша  бакалавриат, 

магистратура  жəне  докторантура  деңгейлері  бойынша  студенттерді  үздіксіз, 

көпдеңгейлі  көптілді  дайындығына  бағытталған 2012-2016 жылға  арналған 

көптілді  білім беруді дамытудың стратегиясы мен бағдарламасы  əзірленген. 

Аталмыш  мамандықтар  бойынша  көптілді  топтар  құралған,  оқушылардың 

құрамы  мен  олардың  білім  деңгейлері  анықталып,  ғылыми  дəрежелері, 

шетелде оқу мен жүмыс тəжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар жұмысқа 

тартылды,  негізгі  бейінді  пəндер  бойынша  сабақ  беретін  оқытушылардың 

тілдік құзыреттіліктері анықталды. 

 

Жоғары  білікті,  бəсекеге  қабілетті,  халықаралық  білім  кеңістігі  мен 



еңбек  нарығы  үшін  мобилді  мамандарды  дайындауда  оқытушының  өзге  де 

талаптардың  қатарында  тілдік  құзыреттілігі  маңызды  рөл  атқарады. 

«Үштілдік  оқыту»  бағдарламасының  аясында  «Кəсіптік  оқыту»  мамандығы 

бойынша  білім  алып  жатқан  студенттердің  үш  тілде  білім  алуы  жəне 

профессорлық-оқытушылар  құрамының  үштілде  білім  беруі,  атап  айтқанда 

мемлекеттік  жəне  ағылшын  тілдерін  кəсіби  терминология  тұрғысынан  оқуы 

жүзеге  асуда.  Осыған  орай  «Кəсіптік  білім  беру»  кафедрасы  оз  алдына 

келесідей мақсаттар қояды: 

  

-үш  тілде  сабақ  жүргізу  үшін  профессорлық-оқытушылар  құрамының 



бір бөлігін тарту;  

  

-профессорлық-оқытушылар  құрамын  шет  тілінен  оқу-əдістемелік 



құралдарман қамтамасыз ету; 

  

-еліміздің  жоғары  оқу  орындарындарының  негізінде  отандық  жəне 

батыс  мамандарының  қатысуымен  қарқынды  кəсіби-лингвистикалық 

курстарын ұйымдастыру; 

  

-шет  тілін  меңгеру  деңгейін  арттыру  үшін 1-3 курс  студенттері  мен 



оқытушылардың үздіксіз, тілдік  дайындығын ұйымдастыру; 

  

-«Болашақ»  бағдарламасы  арқылы  жəне  серіктес  шетел  жоғары  оқу 



орындарында тілдік тағылымдаманы ұйымдастыру. 

 

Оқу  үдерісі  көптілді  білім  беру  талаптарына  сай  ұйымдастырылған: 



шет  тілін  оқытудың  деңгейлік  əдістемесі  енгізілген,  көптілді  білім  берудің 

методологиялық  негізі  (үш  тілдегі  оқу-əдістемелік  құжаттама,  силлабустар 

мен  ПОƏК)  əзірленген,  көршілес  мемлекеттерден  келген  профессорлардың 

қатысуымен  профессорлық-оқытушылар  құрамы  мен  студенттердің 

дайындығы іске асырылды. 

 

Болашақ  кəсіптік  оқыту  педагогтеріне  көптілді  білім  беруді  жүзеге 



асыру нəтижесінде «Кəсіптік білім беру» кафедрасы 2015-2016 оқу жылында 

келесідей жоспарларды орындауда: 

  

-мемлекеттік, ресми жəне шет тілдерін  90%  меңгеру



  

-көптілді оқытуды іске асыру мақсатында жаңартылған оқу-əдістемелік 

базамен қамтамасыз ету; 

  

-көптілді  оқыту  саласының  мамандарын  дайындаумен  олардың 



біліктілігін арттыруды жүйелі түрге келтіру; 

  

-көптілді  оқыту  бағдарламасы  бойынша  оқитындардың  санын  жалпы 



оқушылар құрамының  25% жеткізу; 

  

-көптілді оқытуды есепке ала отырып, бакалавриат жəне магистратура 



оқу бағдарламаларын əзірлеу; 

  

-табиғи-ғылым циклі бойынша отандық жəне шетелдік оқу-əдістемелік 



кешендермен 100% қамтамасыз ету; 

  

-профессорлық-оқытушылар  құрамын  шет  тілінде  сабақ  жүргізуге 



дайындау үшін интенсивті шет тілі кустарын ұйымдастыру; 

  

-профессорлық-оқытушылар  құрамын,  ғылыми  қызметкерлер  мен 



студенттерді  жетекші  шетел  университеттері  мен  алдыңғы  қатарлы 

кəсіпорындардың 

негізінде 

академиялық 

ұтқырлық 

бағдарламасы, 

біліктілікті арттыру мен қамтамасыз ету; 

  

-республиканың  жəне  шетел  жетекші  кəсіпорындарында  «Кəсіптік 



оқыту»  мамандықтар  бойынша  кəсіби  тəжірибеден  өту  базаларын 

ұйымдастыру; 

  

-шетел  бейінді  ЖОО-мен  халықаралық  бағдарламалар  мен  жобаларды 



іске асыруға үздіксіз қатысу; 

  

-халықаралық  аккредитациядан  өткен  докторлық  бағдарламалары  бар 



шетел  жетекші  ЖОО-мен  бірге  РhD  докторларының  дайындығын  жүзеге 

асыру,  ЖОО-ның  кафедрааралық  байланыстары  негізінде  магистратура 

бағдарламасы бойынша қос дипломдық білім беруді іске асыру; 


  

-шет  мемлекеттердің  ЖОО-ның  өкілдерінің  мастер  кластары  мен 

сабақтарының үздіксіз практикасы; 

  

«Кəсіптік 



оқыту» 

мамандығы 

негізінде 

шетел 


ЖОО-ның, 

инновациялық  өнім  өндіретін  ұйымдар  мен  кəсіпорындар  консорциумын, 

ғылыми-педагогикалық  кадрларды  дайындау  мен  кеңес  беру  қызметтерін 

ұйымдастыру. 

 

Болашақ  кəсіптік  оқыту  педагогтеріне  көптілдік  білімді  дамыту  үшін 



мынадай ұсыныстар қарастырылады: 

  

1)  тілдік  стандарт  негізінде,  жалпы  жоғары  білімге  арналған  қазақ, 



орыс жəне ағылшын тілдерінен Үлгілік оқу бағдарламаларын əзірлеу; 

  

2)  «Кəсіптік  оқыту»  мамандықтары  үшін  «Пəнді  ағылшын  тілінде 



оқыту» атты үлгілік оқу бағдарламасын əзірлеу; 

  

3) үш тілді меңгеру индикаторларын əзірлеу; 



  

4)  қазақ,  орыс  жəне  ағылшын  тілдерінен  Тілдік  стандарттарға  сəйкес 

отандық оқулықтарды жəне ОƏК əзірлеу, санын ұлғайту; 

  

5)  «Кəсіптік  оқыту»  мамандықтарындағы  пəндер  бойынша  ағылшын 



тіліндегі отандық оқулықтарды жəне ОƏК əзірлеу, санын ұлғайту; 

  

6)  «Кəсіптік  оқыту»  мамандықтарындағы  пəндер  бойынша  ағылшын 



тіліндегі  үштілдік терминологиялық сөздіктерді əзірлеу; 

  

7)  1-3  курс  студенттеріне  ағылшын  тілінде  зерделенетін  пəндер 



бойынша  аудиториялық  сағаттан  тыс  жұмыстың  жобалық  бағдарламаларын 

əзірлеу; 

  

8)  үштілдік  білім  үшін  педагог  кадрлардағы  қажеттілікке  мониторинг 



жүргізу; 

  

9)  болашақ  кəсіптік  оқыту  педагогтеріне  көптілді  білім  беруді  іске 



асыру  үшін  педагогикалық  жəне  басқарушылық  кадрларды  даярлау  жəне 

олардың біліктілігін арттыру бойынша жоспарларды əзірлеу; 

   

10)  көптілді  білім  беру  бағдарламасы  бойынша  оқыту  үдерісін 



жүргізетін  профессор-оқытушыларға  тілді  білу  деңгейіне  қарай  үздіксіз 

тілдік оқу курстарын ұйымдастыру; 

  

11)  жыл  сайын  көптілді  білім  беру  бағдарламасы  бойынша  оқитын 



бакалавриат  жəне  магистратура,  мамандықтарының  оқулықпен,  оқу-

əдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізу; 



  

12)  кітапхана  қорын  осы  заманғы  көптілді  əдебиеттермен  (оқу, 

əдістемелік, ғылыми жəне т.б.) толықтырып отыру; 

  

13)  кітапхананың  электронды  базасын  көптілді  əдебиеттермен  жəне 



мультимедиялық  материалдармен толықтыру. 

Қорытынды 

 

Қорыта  айтатын  болсақ,  жасалған  ұсыныстар  болашақ  кəсіптік  оқыту 



педагогтеріне  көптілді  білім  беруді  дамытудың  міндеттеріне  сəйкес  келіп, 

көптілді  білім  беру  жүйесінің  білім  алушыларын  ағылшын  тілінде  оқытуға 

ауысуының,  сонымен  қатар  білімнің  мазмұнын  жаңартудың  шынайы 

жағдайын  бейнелейді.  Көптілді  білім  беру  жүйесінде  барлық  пəндерді 

оқытқанда  стандарт  бойынша  қойылған  білім  алу  нəтижелеріне  қол  жеткізу 

жəне  сонымен  қатар  екінші  тілді  сол  пəнге  берілген  сағат  мөлшерінде 

меңгерту  күрделі  жəне  арнайы  оқыту  технологиясын  қажет  етеді.  Базалық 

пəндерді  екі  тілде  қатар  оқытып,  үшінші  тілге  сол  базалық  пəндердің 



мазмұнына сəйкес қолданбалы курстар арқылы үйретуге болады. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал