Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



жүктеу 6.68 Mb.
Pdf просмотр
бет34/86
Дата05.11.2022
өлшемі6.68 Mb.
#23352
түріМазмұндама
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   86
Вавилондағы ең бай адам
«Балалық шаққа саяхат» Бердібек Соқпақбаев PDF, Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
74
саудагер. – Менің бұл мінезім ылғи да ой-жоспарым-
ды быт-шыт етуге даяр дұшпаным болып шықты. 
Сендерге айтқан оқиға – көптеген ұқсас жайлардың 
бірі ғана. Егер дер кезінде байқай алсаң, ол дұш-
панмен күресу қиын емес. Бірде-бір адам қоймасы 
мен қорасын ұрыға шарлатып қоймайды. Дәл сол 
сияқты, ешбір адам жауының өз тұтынушыларын 
үркітіп, пайдадан айырылуына жайбарақат қарап 
отырмайды. Мен де өз дағдыларым өзіме зиян кел-
тіретінін білген сәттен бастап, олардан құтылудың 
жолына түстім. Сондай-ақ кез келген адам Вавилон 
байлығынан өз үлесін алғысы келсе, ішінде бұғып 
жатқан жайбасарлық әдет-дағдымен ымырасыз кү-
ресуге тиіс.
Аркад, сен бұған не дейсің? Вавилондағы ең бай 
адам екендігіңнен шығар, сені жұрт жолы болғыш 
жан деп есептейді. Адам өзінің жайбасарлығынан 
толық құтылу арқылы ғана жетістікке жетеді десем, 
келісер ме едің?
Сөзіңнің жаны бар, – деді Аркад. – Ұзақ ғұмы-
рымда мынаны байқадым: өмірде жетістікке жету 
жолында ұрпақтар алмасып отырады. Ол адамдардың 
баршасы мүмкіндіктерден сырт қалған емес. Алайда 
солардың ішінде кейбіреулері ғана сәті түскен істі 
дөңгелетіп, аңсаған тілектерін орындауға қарай се-
німді қадам басса, көпшілігі жайбасарлық танытып
сенімсіз әрекет етіп, көш соңында қалып жатты.
Ендігі кезекте Аркад тоқымашыға бұрылды:
– Сен сәттілік туралы пікір алысуға шақырдың. 
Ал өзіңнің бұл жайында не ойлағаның бар?
– Қазір сәттілікке басқаша қарайтын болдым. 
Бұрын адамға кездейсоқ келген сәттілікті бақытқа 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
75
балаушы едім. Енді оның адамды іздемейтінін түсін-
дім, оны өзіңе қаратуың керек. Ол оңай емес. Бүгінгі 
әңгімелерден түйгенім– сәттілік қолда бар мүмкін-
дікті пайдалана білу. Сондықтан да бұдан былай 
кез келген мүмкіндікті қалт жібермеуге тырысатын 
боламын.
– Пікір алмасу кезінде өрбіген әңгіменің мәйегін 
жақсы ұғыпсың, – деді Аркад. – Біз қызығатын сәт-
тілік, негізінен, мүмкіндікпен бірге жүреді, ал басқа 
жолмен келуі сирек, неғайбіл. Егер сәттіліктің ұлы 
құдайы жіберген мүмкіндікті пайдалана алғанда 
біздің саудагер досымыз қуанышқа бөленер еді. Сол 
сияқты, бір отар қойды сатып алып, қайта сату бары-
сында мол пайда тапқанда, мал алып-сатумен айна-
лысатын досымыздың да сәттілік шапағатына бөлен-
дім деп қуанары анық емес пе?
Бүгінгі әңгіменің арқауы сәттілікті өз жағымыз-
ға тартуға жәрдемі тиер құралды іздестіру болғаны 
белгілі. Меніңше, біз дұрыс жол тапқандаймыз. Екі 
хикая да бізге сәттіліктің мүмкіндікке еретінін көр-
сетті. Ақиқат, міне, осында: егер сен мүмкіндікті 
пайдалана білсең, сәттілік саған жолдас болады.
Кімде-кім мүмкіндікті пайдалана алса, сол адам 
сәттілік құдайының назарын өзіне аударады. Ол өзі-
не кім қызмет етсе, соған көмектесуге әрқашан да-
йын тұрады. Оған бәрінен де іскер адамдар жақсы 
қызмет етеді.
яяяяяя
СӘТТІЛІК ҚҰДАЙЫ ІСКЕР АДАМДАРҒА
ШАПАҒАТЫН ШАШАДЫ
яяяяяя



жүктеу 6.68 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   86




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет