Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



жүктеу 6.68 Mb.
Pdf просмотр
бет31/86
Дата05.11.2022
өлшемі6.68 Mb.
#23352
түріМазмұндама
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   86
Вавилондағы ең бай адам
«Балалық шаққа саяхат» Бердібек Соқпақбаев PDF, Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
68
Мен де соны қалаймын, әке, – дедім.
– Ендеше, менің кеңесімді тыңда. Табысыңның 
оннан бір бөлігін бөліп ал да, пайдалы іске сал. Осы 
қадамның арқасында сен менің жасыма жетпей-ақ, 
лайықты өмір сүруге жетерлік қор жинап аласың.
– Сөзіңнің жаны бар, әке. Менің де байығым келе-
ді. Бірақ қазір менде әртүрлі шығыстар көп, бар та-
бысым содан артылмайды. Сондықтан бұл істі кейін-
ге қалдырамын, мен жаспын, алда әлі көп уақытым 
бар.
– Сенің жасыңда мен де солай ойлағанмын. Енді 
қарашы: көп жылдар өтті, ал мен әлі қор жинауды 
бастаған да жоқпын.
– Біз екі түрлі кезеңнің адамдарымыз, әке. Сенің 
қатеңді қайталамауға тырысамын.
– Сенің алдыңда мүмкіндіктің өзі есік ашып тұр
ұлым. Ол саған баюға мүмкіндік беруде. Бұл істі ке-
йінге қалдырмауыңды өтінемін. Ертең досымның 
ұлына бар да, табысыңның оннан бір бөлігін ортақ 
табысқа қосу жөнінде келісім жаса. Бұл істі кейінге 
шегеруге болмайды. Бүгін қолыңда тұрған мүмкін-
дікті уысыңнан шығарып алма.
Мен әке кеңесін тыңдамадым. Дәл осы кезде сау-
дагерлер Шығыстан көздің жауын алар киім-кешек 
әкелген екен, әйеліміз екеуіміз не де болса соларды 
алуды ұйғардық. Егер мен табысымның оннан бір 
бөлігін беруге келіскенімде, бізге әлгі және одан да 
басқа көңіл рақатынан бас тартуға тура келер еді. 
Мен шешім қабылдауды кейінге ысыра бердім, ақы-
ры кешігіп қалдым. Енді осы күнге дейін опынамын. 
Жігіттің жоспары басқалардың болжамынан да 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
69
пайдалы болып шықты. Менің қолдан сусыған бақы-
тым туралы хикая осындай еді.
– Бұл әңгімеден шығар қорытынды, меніңше, мы-
надай: сәттілік берілген мүмкіндікті жібермеуге ты-
рысатын адамды күтетін сыңайлы.– Қараторы жүзі 
оның шөлейттен екенін байқататын кісі осыны айт-
ты. – Өзіңе байлық жинау үшін әрқашан алғашқы 
қадам жасалуы керек. Ол табыстан бөліп жиналған 
бірнеше алтын немесе күміс тиыннан тұруы мүмкін. 
Менің қазір бірнеше табын малым бар. Қыруар ма-
лымның төл басы бала кезімде жалғыз ғана күміс 
тиынға сатып алған қашыр еді. Бар байлығым осы-
лай құралды.
Алғашқы осы бір қадамды жасау – әркім үшін 
үлкен сәттілік. Осы қадамға тәуекел еткен адам жа-
лақысына күн көретін қарапайым жұмыскерден ал-
тынының табысына өмір сүретін адамға айналады. 
Бұндай қадамды жас шағында жасайтындар шешуші 
әрекетті кеш бастайтындарға қарағанда байлыққа, 
әрине, ерте жетеді, ал бұндай қадам жасауға тәуекел 
ете алмайтындардың хал-ахуалы туралы айтпай-ақ 
қойсақ болады.
Егер де біздің саудагер досымыз бұл қадамға сәтті-
лік өзі келіп тұрған жас кезінде барғанда, ол бүгінде 
бұл дүниенің игілігін әлдеқайда молынан көрер еді. 
Сол сияқты сәттілік біздің тоқымашы досымызға да 
дер кезінде барғанда, ол көл-көсір байлықтың басы 
болатыны анық қой.
– Мен де айтайыншы, – деді жиынға қатысушы 
шетелдік. – Өзім сириялықпын. Сендердің тілде-
ріңде жақсы сөйлей алмаймын. Саудагер достарың 



жүктеу 6.68 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   86




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет