Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



жүктеу 6.68 Mb.
Pdf просмотр
бет30/86
Дата05.11.2022
өлшемі6.68 Mb.
#23352
түріМазмұндама
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   86
Вавилондағы ең бай адам
«Балалық шаққа саяхат» Бердібек Соқпақбаев PDF, Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
66
секілдіміз, – деп ол сөзін жалғады. – Қане, онда бас-
қа жерлерден іздестірейік. Оны жоғалған әмияннан 
таппадық. Сондай-ақ ол ойын үстелі маңында да 
бола қоймады. Атжарысты алсақ, сендерге ашығын 
айтуым керек, ондағы ойыннан өмірімде ұтқаным-
нан ұтылғаным көп.
Ал енді өз кәсібімізге назар аударайық. Қайдағы 
бір, кейде бар, көбіне жоқ сәттіліктен гөрі, өз еңбегі-
міздің адал қайтарымына иек артайық, басты таби-
ғи табыс қайнары сол ғой, бұл орайда сәттілік емес, 
таза еңбек өз жемісін береді. Менің пайымдауымша, 
Құдайдың сыйлығына жаутаңдап отыру жөнсіз. 
Бәлкім, ол бізге өзінен ешбір қайыр күтпеген кезде 
көмектесетін шығар. Бұған кімнің алып-қосары бар?
Ақ киімді егде саудагер орнынан тұрды:
– Сенің рұқсатыңмен, құрметті Аркад, мен мы-
наны айтқым келеді: егер сен айтқандай, біз тек өз 
күшіміз бен қабілетімізге ғана сене алсақ, онда қо-
лымызға түсіп тұрып, сусып кеткен табыстар жөнін-
де әңгіме өрбітейік. Нағыз сәттілік – өте сирек құбы-
лыс, бұған керісінше сәтсіздік, яғни қолдан сусыған 
сәттілік жайын көбіміз де айта алар едік.
– Мағыналы ой, – деді Аркад келісіп. – Араларың-
да қолына қонып тұрған бақыт құсын қапелімде 
ұшырып алғандар бар ма?
Көп қол көтерілді, ішінде әлгі саудагердің де қолы 
бар.
– Өзің бастадың, енді бірінші сөз кезегін саған бе-
реміз. – Аркад осындай ұсыныс білдірді.
– Бір оқиғаны қоспасыз айтып берейін, – деді сау-
дагер.– Бұл жай адамның сәттілікке қолсозымдай 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
67
жерде тұрып, көзсіз әрекет жасайтынын, соның сал-
дарынан сәттіліктің теріс айналатынын көрсетеді. 
Кеш өкінесің.
Көп жыл бұрын, онда әлі жас кезім, жақында 
ғана үйленген едім, табысым да көңілдегідей бола 
бастаған. Бірде әкем келді де, бір іске ақша салуды 
ұсынды. Жақсы досының ұлы қала қорғанының 
сыртында бос жатқан жер телімдерін көріпті. Канал 
арнасынан жоғарыда болғандықтан, ол жерге су бар-
майды екен.
Әлгі жігіт бізге мынадай жоспар ұсынды: аталған 
жерді сатып алып, су тартатын үш үлкен құрылғы-
ны өгіздер арқылы қозғалысқа келтіріп, алқапты су-
ғаруға болады. Міне, осыдан соң алқапты телімдерге 
бөліп, қала тұрғындарына бау-бақша егу үшін сату 
пайдаға кенелтеді.
Аталған жоспарды жүзеге асыруға қажетті бар-
лық шығынды өтеуге жігіттің алтыны жете қоймап-
ты. Ол да мен секілді жас әрі оның да табысы мардым-
сыз екен. Әкесі де, менің әкем сияқты, көп жанды 
отбасының отағасы болғандықтан, баласына бөлетін 
артық қаржысы қайдан болсын. Сондықтан ол осы 
іске үлестерін қосатын адамдар іздепті. Бұл топ он 
екі адамнан құралып, топ мүшелерінің әрқайсысы 
жер сатуға дайын болғанша табыстарының оннан бір 
бөлігін ортақ іске қосып отыруға тиіс еді. Жоспар 
іске асқанда, әркім қосқан ақшасына қарай әділетті 
түрде бөлінетін үлесін алатыны қарастырылған.
– Ұлым, – деді әкем, – сен әлі жассың. Мен өмір 
бойы сенің ауқатты да құрметті азамат болуыңды 
армандадым. Енді менің қатемді қайталамауыңды 
тілеймін.



жүктеу 6.68 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   86




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет