Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



жүктеу 6.68 Mb.
Pdf просмотр
бет29/86
Дата05.11.2022
өлшемі6.68 Mb.
#23352
түріМазмұндама
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   86
Вавилондағы ең бай адам
«Балалық шаққа саяхат» Бердібек Соқпақбаев PDF, Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
64
Мен оны адамдардың ұтқанынан ұтқызғаны көп 
ойын үстелі мен атжарыстан емес, адамдардың іс- 
әрекеті пайдалы және марапатқа лайық орындардан 
іздеймін.
Жерді өңдеп, әділ сауда жасап, кәсіптердің бірін 
игеріп, сол арқылы әрқашан пайда табу мүмкіндігі 
бар. Мүмкін, табыс төбе де көрсетпес, өйткені адам 
кейде қателеседі, кейде қатты жел немесе құрғақ-
шылық оның еңбегін еш етеді. Егер ол барынша та-
бандылық танытса, онда ақыр соңында марапатқа ие 
болады, себебі сәттілікке деген мүмкіндік әрқашан 
іс-әрекетшіл жанның қасынан табылады.
Егер адам құмар ойын ойнаса, жағдай мүлде кері-
сінше болады, өйткені бар мүмкіндік оған қарсы жұ-
мыс істейді де, ойынды ұйымдастырушы қожайын-
ның ішкі есебі дұрыс шығады. Оның таңдаған кәсібі, 
басқаша айтқанда, мамандығы сондай, ол ойыншы-
лардың ұтысқа салған ақшасынан мол пайда табуды 
жоспарлап қойған. Аздаған ойыншылар ғана ұтуға 
деген мүмкіндіктері шектеулі, ал ұйымдастырушы-
ның сыбағасы мол екенін сезеді.
Мысалы, ойын тасын алайық. Әр жолы оны лақ-
тырған сайын, біз ұтысқа ақша тігіп, оның қай беті 
жоғары қарап түсетінін болжауға тырысамыз. Егер 
ол қызыл жағымен түссе, ойынхана қожайыны бізге 
тіккен ұтыстан төрт есе көп ақша төлейді. Ал, егер 
қалған бес бетінің кез келген бірі түссе, біз ұтыс бы-
лай тұрсын, салымнан да айырыламыз. Бұл дегені-
міз – алты аунап түсер тастың бес бірдей беті бізге 
ұтылыс әкеледі. Алайда қызыл бір беттің ұтысы төрт 
есе болғандықтан, жалпы алғанда, қожайында үнемі 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
65
бес, ал ойыншыда төрт мүмкіндік сақталады. Егер 
бүкіл кеш бойғы ойында қожайынның пайда табу 
мүмкіндігі ойыншының ұтыс алу мүмкіндігінен ал-
дын ала жоғары етіп белгіленіп қойса, түбінде кім 
ұтылады? Әрине, ойыншы.
– Бірақ біреулер қыруар ақша ұтып жүр ғой, – деп 
қалды тыңдаушылардың бірі.
– Иә, ондайлар болып тұрады, – деп жауап берді 
Аркад. – Бірақ бұл сәттілік қаншалықты сенімді? 
Вавилондағы таныстарымның арасында ауқаттылар 
көп, бірақ олардың табысты жолын құмар ойыннан 
тапқан ақшамен бастағанын көрген де, естіген де 
емеспін.
Бүгін осында жиналған бәрің де қаламыздағы бай 
адамдардың көбісін білесіңдер. Мені қызықтыратын 
мына жайды білгім келеді: солардың қайсысы жетіс-
тікке жетудің бір мүмкіндігі ретінде құмар ойынын 
айтар екен. Ондайлар бар ма, білсеңдер, атын атап, 
түсін түстеңдерші.
Ұзақ үнсіздіктен соң отырғандардың бірі:
– Ойынхана қожайындарының өздері шығар, – 
деп үн қатты.
– Егер ойларыңа басқа ешкім түспесе, – деді 
Аркад,– онда өздерің туралы сөйлесейік. Араларың-
да қолы жүріп тұрған, сөйтіп, ойынхананы табыс 
көзі еткендер бар ма?
Оның сұрағына жауап ретінде артқы қатарда 
отырған біреудің наразы күңкілі мен жұрттың ду 
күлкісі естілді.
– Шамасы, біз сәттілікті оның құдайы жиі бо-
латын жерден емес, басқа жақтан іздеп отырған 



жүктеу 6.68 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   86




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет