Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



жүктеу 6.68 Mb.
Pdf просмотр
бет27/86
Дата05.11.2022
өлшемі6.68 Mb.
#23352
түріМазмұндама
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   86
Вавилондағы ең бай адам
«Балалық шаққа саяхат» Бердібек Соқпақбаев PDF, Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
60
дүниедегі ең бай әрі қуатты қала болуының негізгі 
себебі осында болатын-ды.
Ол бір алыстағы өткен шақта мектептер де, кол-
ледждер де жоқ-тын. Дегенмен өте тиімді әрі нақты 
жұмыс істейтін білім орталығы болды. Вавилонның 
көкке шаншылған құрылыс нысандарымен, яғни 
патша сарайымен, аспалы бақпен және құдайлар 
шіркеуімен бой таластырған бір ғимарат бар еді. Ол 
жайында тарихи кітаптарда ештеңе айтылмайды. 
Алайда ол сол кездегі адамдардың ой-санасына ора-
сан ықпал еткен-ді.
Ол Ілім сарайы еді, онда ерікті мұғалімдер шә-
кірттерге өткен кезең даналығын жеткізетін және 
баршаны толғандырған тақырыптар ашық басқосу-
ларда талқыға салынатын. Осында өтетін пікір ал-
масуларда құлдың өзі патша әулетіне жататын төре-
лердің пікірін жоққа шығара алатын және бұл үшін 
кінәлі саналмайтын.
Ілім сарайына жиі келетіндердің бірі Аркад деген 
ақылды әрі бай кісі болатын. Ол Вавилонның ең қал-
талы адамы еді. Бұл жерде оның жеке залы болды, 
онда әр кеш сайын үлкен бір топ жиналатын, олар-
дың арасында қарт та, бала да жүрді, ал, негізінен, 
тыңдаушылардың көпшілігін орта жастағылар құ-
рады. Олар өздерін қызықтырған түрлі тақырып-
тарды талдап, пікір таластырып жататын. Біз қиял 
кемесіне мініп, сол кездегі жиындардың біріне қаты-
сып көрейік, тыңдаушылар сәттілікті өздеріне қара-
ту тәсілін меңгерді ме екен, соны білейік.
Аркад әдеттегідей жиналғандар алдына, яғни мін-
берге шыққанда батып бара жатқан күннің сәулесі 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
61
шаңытқан құм тұманынан әрең жол тауып тұрды. 
Жерге төселген кілемшелерге жайғасқан сексенге 
жуық адам шыдамсыздана күтіп отырған. Әлі де ке-
лушілер аяғы үзілмеген.
– Бүгінгі кеште қандай мәселені талқыға сала-
мыз? – деп сұрады Аркад.
Аз-кем үнсіздіктен кейін ұзын бойлы тоқымашы 
орнынан тұрды:
– Мен көптен шешімін іздеген бір мәселе бар, бі-
рақ оны ортаға салмай келуімнің себебі жоқ емес, ол, 
Аркад, саған да, осында жиналған ақкөңіл достары-
ма да күлкілі болып көрінуі мүмкін, – деді.– Бүгін 
жолым болып, іші алтын тиындарға толы әмиян 
тауып алдым. Сәттіліктің әрқашан жанымда жүрге-
нін қалар едім, осында отырғандардың бәрі де бұл пі-
кіріммен келісетін шығар. Бақытты қалай өзіңе қа-
ратуға болады, оны қораға кіргізудің жолы бар ма? 
Міне, осыны талдап көрсек.
– Өте қызық тақырып,– деді Аркад бәсең үнмен. 
– Бұл – талқылауға тұратын құбылыс. Біреулер үшін 
сәттілік – ешбір мақсатсыз, себепсіз кезіге салатын 
бақытты жағдай. Басқалар сәттілік кілті Иштар 
құдайдың қолында, ол өзіне ынты-шынтымен құл-
шылық еткендерді жомарттықпен жарылқайды деп 
ойлайды. Сонымен, достар, бұл турасында кім не ой-
лайды? Сәттілікті әрбірімізге жолдас ететіндей құ-
зырет бар ма?
– Бар мәселе сонда ғой! – деп жиналғандар қопаң-
дасып қалды.
– Талқыны бастау үшін әуелі тоқымашы-
ға кезіккендей сәттілікті бастан кешкендердің 



жүктеу 6.68 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   86




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет