Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



жүктеу 6.68 Mb.
Pdf просмотр
бет17/86
Дата05.11.2022
өлшемі6.68 Mb.
#23352
түріМазмұндама
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   86
Вавилондағы ең бай адам
«Балалық шаққа саяхат» Бердібек Соқпақбаев PDF, Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
40
әдіс-тәсілді қолданып бақтым. Ақыры оның тиімді 
деген жетеуіне тоқтадым.
Бүгін осында жиналғандарға бос әмиянды тол-
тыруға апаратын жеті жолды ұсынамын. Кімде-кім 
алтынды көп иеленгісі келсе, мұқият тыңдасын. Бір 
апта бойы, яғни күн сайын сендерді аталған жеті 
жолдың біреуімен таныстырып отырамын.
Айтқандарымды қалт жібермей тыңдаңдар. 
Айтылған мәселені бірге талдаймыз, сабақтан соң 
өзара пікір алмасыңдар. Қысқасы, әмияндарыңа 
байлық тұқымын себетін бұл сабақтарды жақсылап 
игеріңдер. Алдымен өз жағдайларыңды жақсартып 
алыңдар, содан кейін өздерің игеріп болған соң ғана 
бұл ілімді өзгелерге бере аласыңдар.
Сендерге әмиянды толтырудың қарапайым тә-
сілдерін үйретемін. Бұл алғашқы саты болмақ. 
Байлықтың бастапқы сатысын баспай тұрып, бірде-
бір адам оның биік шыңына шыға алмайды
Ал енді алғашқы жол туралы әңгіме-дүкен 
құрайық.
БІРІНШІ ЖОЛ
э
Әмиянды толтыруды бастаңдар
Аркад екінші қатарда ойға шомған кісіге қарап:
– Айтшы маған, достым, кәсібің не? – деді.
– Сазтақталарға жазба түсірумен шұғылданамын.
– Мен де дәл осы кәсіппен алғашқы мыс 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
41
бақырларды тапқан едім. Демек, сенде де игілікке 
жетудің мүмкіндігі бар.
Ендігіде ол әріректе отырған қызыл шырайлы кі-
сіге назар аударды.
– Сен айтшы, қалай нан тауып жүрсің?
– Қасапшымын, – деді ол. – Шаруалардан сатып 
алған ешкілерді сойып, етті – отбасыларға, ал терісін 
етікшілерге сатамын.
Жұмыс істеп, ақша тауып жүр екенсің, демек, 
мен сияқты жетістікке жетуге сенің де мүмкіндігің 
бар.
Осылайша Аркад жиналғандардың күнкөрістері 
туралы біліп алды. Шағын сауалнамадан соң әңгіме-
ні былай жалғады:
– Көрдіңдер ғой, шәкірттерім менің, ақша та-
батындай мамандық та, кәсіп те жетерлік. Қаржы 
табудың әр тәсілі – біле білгенге алтын жылға, тек 
оның ағысын әркім әмиянына қарай бұра алады. 
Ақша ағыны әмиян арқылы өтеді. Оның қандай бол-
мағы өздеріңе байланысты. Осыған келісесіңдер ғой.
Бәрі бастарын шұлғыды.
– Егер сендер бақуатты адам болуға ұмтылсаңдар, 
онда істі өздеріңе азды-көпті таныс байлық көзінен 
бастағандарың дұрыс емес пе?
Олар тағы да келісе кетті.
Енді Аркад өзін жұмыртқа сатушы ретінде таныс-
тырған ұялшақтау кісіге назар аударды.
– Егер себетке ертеңгісін он жұмыртқа салып
кешкісін тоғызын ғана алып отырсаң, не болар еді?
– Уақыт өте келе ол жұмыртқаға толар еді.
– Неге?



жүктеу 6.68 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   86




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет