В. И. Ленин В. Д. Бонч-Буревичпен бір әңгімесінде халықтың




Дата03.03.2017
өлшемі66 Kb.

Қ А Р А Ғ А Н Д Ы  Ж Ұ М Ы С Ш Ы Л А Р Ы Н Ы Ң  Ө Л Е Ң - Ж Ы Р Л А Р Ы 

МЕН  А Ң Ы З - Ә Ң Г І М Е Л Е Р І  Т У Р А Л Ы 

Мәдениет байлығының жасалуында еңбекші халықтың ролі зор. 



«Ол — мәдениет байлығының таусылмайтын бір ғана  құнарлы бұ-

лағы»


1

. Мәдениет байлығының күрделі бір саласы — халықтық шы-

ғармалар, ауыз әдебиеті. 

Өткен ғасырдың 50-жылдарында туып, XX ғасырдың бас кезін-

де  қалыптаса бастаған жұмысшы табының өлең-жырлары мен 

аңыз-әңгімелері  қазақ халқының ауыз әдебиеті мұрасына жатады. 

Ол жырлар мен әңгімелер  қазақ жұмысшыларының біз білмейтін 

жағдайларын толығырақ түсіндіріп, әр жақты баяндайтын шежіре-

ге  ұқсас. 

Алексей Максимович Горький: «Халықтың ауыз әдебиетін біл-

мейінше, еңбекші халықтың тарихын да, шын мәнінде білуге бол-

майды»


2

, — дейді. Олай болса  қазақ жұмысшыларының өлең-жыр-

лары мен аңыз-әңгімелері халқымыздың мәдениет байлығын мо-

лайту үшін ғана емес, жұмысшы табының таптық санасының  қа-

лыптасу тарихын зерттеу үшін де  құнды материал екендігін атап 

айту керек. Жұмысшы табының тарихын зерттеуде тек архивтерде 

ғана сақталған материалдарға сүйену жеткіліксіз болады. Жұмыс-

шылардың ой-пікір, сол өмірге деген көзқарастары тек өздерінің 

арасында күнделікті өмірімен байланысты туып жатқан өлең-

жырлары мен аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтелдерінде де айты-

лады. 

В. И. Ленин В. Д. Бонч-Буревичпен бір әңгімесінде халықтың 



сыры мен сипатын мазмұнына түйген сол халықтың терең мағына-

лы, сырты жұпыны шығармаларын аса зор бағалады. 

«... халықтық шығармалар, — деді В. И. Ленин — олардың әр 

кездегі көзқарастарын көрсетеді...»

3



Демек,  қазақ жұмысшыларының да аңыз-әңгімелері мен өлең-



1

 М.  Г о р ь к и й . Литературно-критические статьи. М., Гослитиздат, 1947, 

стр. 26. 

2

М .  Г о р ь к и й . О литературе. М., 1953, стр. 709. 

3

 «Советская этнография», 1954, № 4. стр. 120. 

-жырлары сол жұмысшылардың әр дәуірдегі көзқарастарын біл-

діретіндігі даусыз болмақ. 

ІІ 

Советтік ғалымдар жұмысшылардың өлең шығармалары мен 



аңыз-әңгімелерін жинауға шұғыл кірісті. Олар өндіріске, экспеди-

цияға барды; жұмысшылардың мәдени мұрасын — ауыз әдебиетін 

жинады. Экспедициялық жұмыстардың нәтижесінде 30-және 40-

жылдары орыс жұмысшылары ауыз әдебиетінің бірнеше жинақта-

ры мен арнаулы зерттеулері шықты. 

Ал,  қазақ жұмысшыларының әңгіме-жырларын жинап, оны 

зерттеу әдебиет тану ғылымында соңғы уақытқа дейін күрделі мә-

селе етіліп  қойылмай келгені белгілі. Бірақ творчествосы жеке жи-

нақ болып оқушыларға  ұсынылып отырған (осы кітапты айтамыз) 

Қарағанды жұмысшыларының Октябрьге дейінгі өмірінен туған 

кейбір әңгіме-жырлары 30-жылдардан бастап-ақ баспа бетін көре 

бастады. Бұл жылдары Жабай Тоғандықовтың (13—14 жасынан 

бастап өмірін жұмысшылықпен өткізген адам) 1916 жылы шығар-

ған «Қорек  қып жарым  қадақ  қара нанын» (17/ІХ— 1936) де-

ген өлеңі мен 1939 жылы авторы белгісіз «Арқаның  қос өзені Есіл, 

Нұра» деген өлеңдер «Советтік  Қарағанды» (12/ІХ— 1939) га-

зетінде жарияланды. Осы газеттің 1936 жылы 15 августегі санын-

да «Ердің сыры» деген тақырыппен  қарт кенші Мағауия Рақышев-

тің естелігі басылды

4



1946 жылы  Қазақ ССР Ғылым академиясының Тарих, археоло-

гия және этнография институты бастырып шығарған Балхаш 

Әбиевтің «Қарағанды кені» дейтін кітабында: 

Жолығар пәнде өмірдін әр ісіне, 

Нілдінің тас  ұнталар дәрісіне. 

Қыдырғанда  қызырдың ізін басып, 

Кез келдім Байшағардың өлісіне (23-бет). 

Және: 


Әуелі бісміллә деп сөзді бастап, 

Бұлбұлдай тілді безеп мен бір  қақсап, 

Ел тозған, заман азған турасында, 

Артыма кетейінші аз сөз тастап. 

Жатқанымыз ағылшынның казарма үйі, 

Лас, былық, жан тынығар  ж о қ бір күйі. 

Жүргеніміз жер асты күңгірт білте шаммен 

Адамның айналғандай баста миы. 

Сатыдан күнде түсіп блужка

5

 алып 

Осындай күйде жатыр талай халық. 

Ж а с өмір жапан түзден күн кешіп ек, 

Япырмау көрерміз бе енді жарық? 

Қайғылы мұңды болып ғазіз басы, 

Төзімсіз күйде кешіріп өмір жасы. 

Зорлықты тартып жатқан сан мұлықпыз (34-бет),— 

Осы жинақтағы 14-санды әңгіме-естелік. 

5

 Октябрьге дейінгі шахтерлердің жер астында  ұстайтын  қара не көк май-

мен жанатын шамы. «Блужка» — «блуждать» деген сөзден туған. 

деген тексті келтіріліп, бұл өлеңдердің біріншісінің авторы 1934 

жылы  қайтыс болған Соқыр-Қақпан екендігі, екіншісінің авторы 

белгісіз, бірақ  Қарағанды жұмысшыларының арасында туғандығы 

айтылады. 

А. Хавин өзінің «Қарағанды — СССР-дің үшінші көмір базасы» 

(орыс тілінде, 1951) деген кітабында көптеген  қарт кеншілердің 

естелігін пайдаланады.  Қарт кеншілердің революцияға дейінгі 

өмірінен туған әңгімелеріне 1952 жылы «Советтік  Қарағанды» 

газеті арнаулы бет береді

6



1924 жылы «Жас  қазақ» газетінің 10—11-сандарында халық 

арасында 1915—1916 жылдардан бастап  қазақ тілінде таралған 

орыс жұмысшыларының революциялық гимні «Батыл бас аяқты, 

жолдастар!» деген өлеңінің бір нұсқасы жарияланады. 

Қарағанды жұмысшыларының дәм-тұзын көп татқан, өткені ту-

ралы әңгіме, жырларын көп тыңдаған жазушы Ж. Өмірбеков,  Қ. 

Мұқышев, Д. Әкімбеков сияқты ақындар да  қазақ жұмысшылары-

ның өлең-жырларын жинауға көп үлес  қосты. 

Қазақстан Орталық партия Комитетінің 1947 жылғы идеология-

лық мәселелерге байланысты  қаулысынан кейін  Қазақ ССР Ғы-

лым академиясының Тіл мен әдебиет институты да жұмысшылар 

ауыз әдебиетіне назар аударды; әдебиет тану ғылымында таяу ара-

да зерттелуді керек ететін күрделі тақырыптардың бірі етіп  қазақ 

жұмысшыларының әңгіме, жырларын жинау, оны зерттеу мәселе-

сін  қойды. Осыған байланысты Тіл мен әдебиет институты 1951 

жылдан бастап  Қазақстандағы ірі өндіріс орындарының бірі—Қа-

рағандыға және  Қарағандымен іргелес жатқан Екібастұз, Успенскі, 

Жезқазған өндірістеріне бірнеше экспедициялар шығарды. 

Экспедициялар жинаған материалдар жұмысшылар ауыз әде-

биетінің революцияға дейін де болғандығын анықтады және совет 

дәуірінде оның дами түскендігін дәлелдеді. Соның нәтижесінде  қа-

зақ халқының ауыз әддебиеті жөніндегі соңғы жылдары шыққан 

зерттеулерде  қазақ жұмысшылары ауыз әдебиетінің де кейбір мә-

селелері әңгіме болды.

7

 Академик Мұхтар Әуезовтің «Ертегілер»



деген көлемді еңбегінде тап тартысының шиеленіскен дәуірінде 

туған жаңа тап — жұмысшылар арасында бұрынғы халықтық ер-

тегілердің жаңа түр, жаңа мазмұн алғандығы және бұрынғы салт 

ертегілерінің жалғасы ретінде жұмысшылардың өмірбаяндық «бол-

ғандар» үлгісінде аңыз-әңігімелерінің туып,  қалыптасып келе жат-

қандығы айтылады. Осымен байланысты сол әдебиеттік асыл 

бұйымдардың соңғы уақытқа дейін жиналмай келгендігін аша оты-

рып

9

 болашақта өзгеше  ұқыптылықпен жинап, тарихи дәуірімен 



ұштастыра зерттеудің  қажеттігі айтылады. Сондықтан да сауат-

сыз халықтың арасында ол шығармалар ауызша туып, ауызша та-



6

 «Советтік  Қарағанды», 1952, 30 август. 

7

 Очерки казахской народной поэзии советской эпохи, т. I, Алма-Ата, 1955; 

Ц.  Ш а л а б е к о в . Империалистерді әшкерелейтін жырлар, «Әдебиет және ис-

кусство», 1953, № 6. 

8

 «Әдебиет және искусство», 1956. № 2 — 3. 

9

 Сонда. № 3. 117-бет. 

ралады. Суырып салып айтылған бұл өлеңдердін көбі  ұүмытылған; 

ел есінде жұмысшылар өміріндегі есте  қаларлық белгілі бір оқи-

ғаға байланысты айтылғандары ғана  қалған және айтушылардың 

өзі де — сол өлеңдердің тууына себепші болған оқиғалардың куәсі, 

не сол оқиғаларды естіп білген адамдар. Бізге жеткендері де сон-

дайлары ғана. 

Совет дәуіріндегі жаңа өмір, жаңа тұрмысқа байланысты жұ-

мысшылардың өскен рухани ой байлығына советтік баспасөз  қада-

ғалап  қамқорлық жасап отырды. 

Сөйтіп, совет дәуіріндегі жұмысшы поэзиясы ел арасынан жина-

лумен  қатар  Қарағандының облыстық халық творчествосы үйінің 

архивінен және «Советтік  Қарағанды» газетінен іріктеліп алынды. 

Бұл мақалада сол жұмысшылардың әңгіме-естеліктері мен өлең-

жырларының тарихтылығына және туу мәселесіне ғана тоқтала-

мыз. 

III 

Осы жинаққа кіріп отырған  Қарағанды, Екібастұз жұмысшы-

ларының өлең-жырлары мен аңыз-әңгімелерінің туу тарихы және 

оның дамуы жұмысшы табының тууы және  қалыптасу тарихымен 

тамырласып жатады. Ал, жұмысшы табының тууы мен  қалыптасуы 

өндірістің ашылуы және ірілей дамуымен байланысты. 

Ел аузындағы аңызға  қарағанда,  Қарағанды көмірін тұңғыш 

рет Апақ деген  қойшы тапқан. 

1833 жылдың жазында  Қарағанды маңындағы өзек жерде Апақ 

деген  қойшы  қой жайып жүріп, суырдың  қазған інінен жып-жыл-

тыр  қара тас тауып алады. Әуелде оны «қара бояу» деп ойлайды. 

Кешкілікте үйіне келген соң жүн бояп көреді. Бірақ, бояу емес 

екеніне көзі жетеді. Бұл тастың не екенін үй іші болып шеше алма-

ған Апақ ауыл адамдарының сарабына салады. Кешкіліктегі жа-

ғылған оттың жарығымен аударып, төңкеріп  қарасып отырғанда 

тастың бір түйірі отқа түсіп кетеді, тас жана бастайды. Сол жерде 

бүл жәй тас емес, «жанатын тас» екен деген  қорытындыға келеді. 

Ертеңінде-ақ «отқа жанатын ғажайып тас» туралы хабар  қа-

лың елге тарап кетеді. Бұл хабар сол кездегі  қыр  қазақтарынан 

алдап-арбап арзанға мал алып, Хива менен Бұхардың базарына 

өткізіп жүрген Петропавельдің Никон Ушаков деген атақты сау-

дагер байының  құлағына шалынады.  Ұрымтал жерден отын іздес-

тіріп жүрген Ушаков Апақ тапқан көмірді көзімен көріп, сол жер-

ді сатып алады. ' 

Кірін жуып, кіндігін кескен, мал жайылымдық ата-қоныс меке-

нінен айрылған халық күйзеліске  ұшырайды.  Қарағанды облысы-

ның 1950 жылы  қайтыс болған  қарт ақыны Жолдекей Нұрмағам-

бетовтен 1947 жылы ақын  Қ. Мұқышев жазып алған «Боздақтың 

Қарабақсы бел баласы» деген бір өлеңінде Нілді жерінен айрылған 

жергілікті халықтың сол кездегі аянышты халі: 



Боздақтың  Қарабақсы бел баласы 

Ашылды кесірінен ел арасы. 

Төренің, сары ала шен меншігіне 

Нілдінің айналды ғой кең даласы,— 

деген жолдармен басталады. Ал, Нілді жерін ең алғаш компания-

ға сатушы Боздақов  Қарабақсы екендігін дәлелдейтін тарихи анық-

тама бар


10

. Бұдан былай Нілді жерін «өз мекенім, өз жерім» деп 

айтудан  қалған халық осы өлеңнің соңғы шумағында өз басының 

мұңын былай баяндайды: 



Өскен жан бауырыңда көзі жасты, 

Қ а м көңіл  қапаланып  қайғы басты. 

Қолында  қайла, күрек балғасы бар 

Қопарып  құлатады та у мен тасты. 

Бұл ғасырлар бойы жайылған ата мекенін тастап, күн көрудің 

қамымен кетіп, өмірден тиянақ таппай торыққан халықтың мұңы. 

Ауыр өмір азабына көнбіс халықтың арзанға түсетін мол кү-

шін пайдаланып, мол пайдаға белшесінен батуға болатын  қазына-

лы  қазақ даласына батыс Европа империалистерінін де назары 

ауа бастады. 

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың бас кезінде ағылшын және 

француз капиталистері  Қарағанды маңына Нельсон Фелл, 

Миссинг, Де-Кателен сияқты инженер тыңшыларын жіберіп, шол-

ғыншылық жұмыстар жүргізді. 1901 жылы француз монополисте-

рінің жалдамалы адамдарының бірі барон Де-Кателен өзінің шет-

елдік  қожайындарына: «Қырғыздардың (қазақтардың - Д. Ш.) 

арасында  қайшылықтар өте көп... Шахталарда жұмыс істейтіндер 

де - сол  қырғыздар. Өздері еңбекақыны аз тілейтін және айтқа-

ныңды бұлжытпай орындайтын момын жұмысшылар»

1

', - деп ха-



барлады. XX ғасырдың басында  Қарағандының көмірі, Успенскінің 

рудасы, Спасскінің мыс  қорытатын заводы француз, ағылшын капи-

талистерінің  қолына көшті. Жезқазған американ монопалистерінің 

меншігіне айналды. Өйткені В. И. Ленин айтқандай, шетел импе-

риалистері үшін: «Мұндай артта  қалған елдерде әдетте пайда мол 

келеді, өйткені оларда капитал аз, жердің бағасы басқаларға  қа-

рағанда онша көтеріңкі емес, жалақы төмен, шикі материалдар 

арзан»


12

Шетел капиталы кіре бастаған бұл  қарсаңда  қазақ ауылында 



да тап жігі тереңірек ашыла түсті. «Үзім нан мен ескі-құсқылары 

үшін байлардың барлық жұмыстарын істеп берді»

13

. Осындай ауыл 



өмірінен көңілі торығып, күн көруден күдерін үзген кедейлер руд-

ник, шахта, заводтарға шұбырды. Екібастұзда  1 6 - 1 7 жасынан осы 

күнге дейін жұмысшылықпен өмірін өткізіп келе жатқан жетпіс 

екі жастағы  қарт кенші Жақсыбай Мұқашев сол дәуірді есіне ала 

келіп былай дейді: 

«Менің  1 6 - 1 7 жастағы кезім... Әкем екеуіміз Екібастұзға 



10

  Қазақстан Орталық архив бөлімінің фондысы. № 9, 140-іс,  2 2 - 2 3 - б е т т е р . 

11

 Д е-К а т е л е н. Очерки исследования рудных владений. Киев, 1901. стр. 31. 

12

 В. И. Л е н и н. Шығармалар, 22-том, 252-бет. 

13

 Россия, біздің Отанымыздың толық сипаттамасы. XVIII том. СПб., 1903, 

211-беттер. 

келдік. Келсек біз секілді жұмыс іздеп келушілер өте көп екен. 

Тіпті бала-шағаларымен шұбырып келушілер де бар екен. Келген-

дерге үй де бермейді. Тіпті бұрынғы ескі жұмысшылардың өзде-

рінде де үйлері жоқк екен. Сондықтан үйсіз, азықсыз,  қорғансыз 

қалған босқындар күні-түні далада жатты. Жонды алып кетті. 

Кешкілікте от басына айнала отырған халық  қайғылы әнге сала-

тын еді. Соның небір жері ғана есімде  қалыпты: 

Келдік біз Ерейменнің даласынан. 

Қашқан көп ағайыннын жаласынан. 

Қамалдық Екібасқа барша халық, 

Ағылған Ертіс, Баян саласынан. 

Жазылар күн болар ма біз сорлыға, 

Денеге салған тұрмыс жарасынан...» 

Арада  ұзақ жылдар өткеніне  қарамастан сол бір жастық ша-

ғында естіген осы өлеңнің туу тарихын әңгімелегенде Жақсыбай 

қарттың көңілі босап, көзіне іркіліп жа с та келді. Әңгімесін аяқта-

ғаннан кейін де  ұзақ, үнсіз отырып  қалды. Бір кезде жерге  қа-

далған көзін жоғары көтеріп алды да  қайта сөйледі: 

«О шіркін, дүние десейші! Нені көрмедік, нені естімедік! Жи-

налған халықты жұмысқа бүгін аламыз, ертең аламыз деп, күзгі 

суық түскенше  қамамасы бар емес пе! Ақырында жұмысқа да  қал-

тасында пұлы бар адамдар ғана алынды.  Қалғандары  қар түсе 

бет-бетімен шұбырып кетті». 

Қарағанды, Ақмола маңындағы елдерден жазылып алынған 

нұсқаларға  қарағанда, бұл өлеңнің сол кезде ауыл кедейлерінің 

арасына кең таралғандығын аңғарамыз. Әрине, мұндай өлеңдер-

дің кең таралуы да заңды нәрсе. Өйткені мұнда сол кездегі күн 

көріс іздеп ауылдан өндіріске, өндірістен ауылға шұбырған халық-

тың жанына жара салған ауыр тұрмыс жөнінде айтылады. 

1901 жылдың күзінде Екібастұзға жұмыс іздеп келушілердің 

саны бес мың кісіге жетеді. Ал,  Қарағанды, Спасскі, Успенскі өнді-

рістерінде де осындай жағдайлар болды. Бірақ, олардың көбі жұ-

мысқа  қабылданбайды.  Қабылданғандарға жұмысты көп істеткізіп, 

еңбекакыны аз төлейтін болады. Көмірі  қуалай алынған  қараңғы 

үңгірдің асты саз, әрі су, жарықсыз, тіреусіз болатын.  Қазылған 

көмірді сол үңгірдің бойымен шахтерлер шанаға, болмаса ташкеге 

салып бадьяға

14

 жаяу сүйреп әкелетін. Осындай тұрмыс — жұмыс-



шылардың өлең-жырларында ерте  қалыптасып, олардың басты 

тақырыптарының бірі болды. 

Бұл тақырыптағы өлең шығармаларда тіреусіз забой ішінде 

үнемі бастарын  қатерге тіккен лирикалық геройдың ауыр еңбек 



азабын тартқан аянышты халі әңгіме болады. 1950 жылы  Қараған-

14

 Октябрь революциясына дейін жер астына тік  қазылған  құдықтың бойы-

мен сымнан есілген жуан арқанға байлап диаметрі мен биіктігі бір метрдей те-

мір шелек жіберетін. Кеншілер оны көмірге толтырған соң жер астынан  қайыра 

тартылып алынатын. Сол шелек өндіріс тілінде «бадья» деп аталынады. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал