Ушатов марат әбдікаламұЛЫ



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/15
Дата23.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
 
 
 
ӘӨЖ 37.091.212.3                                                                     Қолжазба құқығында 
 
 
 
 
 
 
 
УШАТОВ МАРАТ ӘБДІКАЛАМҰЛЫ 
 
 
 
Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін 
дамыту 
 
 
 
6D010300- Педагогика және психология 
 
 
Философия докторы (PhD) 
 дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация 
 
 
 
 
Ғылыми кеңесші: 
п.ғ.д.,профессор 
Абсатова М.А. 
Шет елдік кеңесші: 
PhD доктор, профессор  
Fıgen Ereş 
 
 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы 
Алматы, 2016 
 


 
МАЗМҰНЫ 
 
НОРМАТИВТІК  СІЛТЕМЕЛЕР.........…..............................................................3 
АНЫҚТАМАЛАР......................................................................................................4 
БЕЛГІЛЕУЛЕР  МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР..........…................................................5 
КІРІСПЕ......................................................................................................................6 
 
1  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ЖОҒАРЫ  ОҚУ  ОРЫНДАРЫ  СТУДЕНТТЕРІНІҢ 
ЛИДЕРЛІК ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРI 
 1.1 Педагогика және психология ғылымындағы лидерлік мәселесінің дамуы..16 
1.2  Табысқа  жету  және  сәтсіздіктен  қашу  уәждері  студенттердің  лидерлік 
әлеуетін дамытудағы қозғаушы күш ретінде..........................................................34 
1.3  Педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  лидерлік  әлеуетін 
дамытудың психологиялық ерекшеліктері.............................................................45 
1.4  Педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  лидерлік  әлеуетін 
дамытудың  моделі....................................................................................................62 
 
2  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ЖОҒАРЫ  ОҚУ  ОРЫНДАРЫ  СТУДЕНТТЕРІНІҢ 
ЛИДЕРЛІК 
ӘЛЕУЕТІН 
ДАМЫТУДЫҢ 
ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ 
ЖҰМЫСЫ 
2.1  Педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  лидерлік  әлеуетін 
дамытудың зерттеуін  ұйымдастыру.......................................................................86 
2.2  Студенттердің  лидерлік  әлеуетін  анықтаудың    педагогикалық  –
психологиялық диагностикалық құралдары...........................................................97 
2.3  Педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  лидерлік  әлеуетін 
дамытудың әдістемесі.............................................................................................113 
2.4  Бақылау экспериментінің нәтижелері............................................................135 
 
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................150 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................152 
ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................161 
 
 
 
 
 


 
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 
 
Бұл  диссертациялық  жұмыста  келесі  нормативтік  құжаттарға  сілтемелер 
қолданылған: 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы.  27.07.2007 ж.,  №319-
III  ҚРЗ. Астана. Ақорда. 
Қазақстан  Республикасы  Үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  тәрбие 
тұжырымдамасы. Астана, 16.11.2009ж. ҚРБжғМ №521 бұйрығы 
ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы - 2050:  Бір  мақсат, 
бір мүдде, бір болашақ»  атты Жолдауы, Астана.14.12.2012ж. 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы. 07.12.2010 ж., ҚР Президентінің №  1118 
Жарлығы, Астана 
Қазақстан  Республикасының  Президенті-Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың 
«
Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  -Қазақстан  дамуының  басты  бағыты» 
атты Қазақстан халқына Жолдауы.Астана. 27 қаңтар 2012 ж. 
Жоғары  білім  берудің    мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты 
Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен бекітілген 23 тамыз 2012 жыл 
№ 1080   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
АНЫҚТАМАЛАР 
 
Бұл  диссертациялық  жұмыста  келесі  терминдерге  сәйкес  анықтамалар 
қолданылған: 
Әлеует  (Потенциал;  лат.  potentia  —  күш)  —  қолда  бар  және  белгілі  бір 
мақсаттарға  қол  жеткізу,  қандайда  бір  тапсырмаларды  орындау  үшін 
жұмылдырылуы мүмкін құралдар, көздер, қорлар
.
 
Кемеңгер  –  лат.  «genius»  («рух»)  –  адамдардың  өмірі  мен  тағдырларына 
ықпал  ететін  адам  сенгісіз  күші  бар  қамқоршы,  ақылшы,  мұғалім,  бұрынғы 
дәуірлерде  құдай мен адамдар арасындағы дәнекер деп атаған. 
Креативтілік  (жасампаздық)  –  жеке  адамның  шығармашылық 
мүмкіндіктері  мен  қабілеттілігі,  ол  белгілі  бір  заттарды,  іс-әрекет  пен 
белсенділік өнімдерін жасаумен байланысты іс-әрекеттің сан қилы үлгілері мен 
түрлерінде көрініс табады. 
Қабілеттілік  –  тұлғаның  жеке-дара  психологиялық  ерекшеліктері, 
қасиеттері,  олар  белгілі  бір  іс-әрекеттің  сәтті  орындалуына  жағдай  жасайды. 
Қабілеттілік іс-әрекеттің нақты бір түрінде дамиды. 
Мотивация (түрткі) – баланың уәждемелік-жеке тұлғалық ерекшеліктері, 
олар  белгілі  бір  пән  саласындағы  міндетке  жоғары  танымдық  қажеттілік  пен 
ішкі тұрақтылықтың (әуесқойлық) болуы арқылы көрінеді. 
Нышандар  –  биологиялық  (генетикалық)  мұра  болған  факторлар,  адам 
ағзасы  қабілеттіліктерінің  дамуының  іргетасы,  алғышарты  болып  табылатын 
жеке  дара  анатомиялық-физиологиялық  ерекшеліктері  (жоғары  жүйке 
жүйесінің, бөлек ми аймақтарының дамуының т.б. ерекшеліктері). 
Талап  –  дарындылықтың  жоғары  деңгейі,  ол  іс-әрекеттің  біртума  әрі 
жаңашыл, аса мінсіз әрі қоғамға пайдалы өнімін алуға мүмкіндік береді. 
Шығармашылық - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, 
өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.  
Шеберлік  -  кәсіби  немесе әуесқойлық  білімдердің  каңдай  да  болсын 
түрінде  істі  терең  танушылықпен,  дамыған  іскерлікпен  үйлестіріп  тиімді 
әрекеттерді жүзеге асырушылық. 
Педагогикалық  шеберлік  –үнемі  жетіліп  отыруды  қажет  ететін 
балаларды  оқыту  мент  тәрбиелеу  өнері.  Ол  өнерге  балаларды  сүйетін  және өз 
қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің 
шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті 
салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе, балалар психологиясының мәселелеріне 
қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. 
Лидер  -  белгілі  қоғамдастықтың  мүдделерін  қанағаттандыруға 
бағытталған  ортақ  істе  біріктіру  мақсатында  басқаларға  ықпал  ете  алатын 
тұлға. 
Лидерлік  әлеует-  бұл  бұл  жүйелі,  интегративті  тұлғалық  құрылым,  ол 
интеллектуалды,  мотивациялық,  эмоционалды-  еріктік,  кәсіби  –  құндылықты 
сапалар жиынтығын көрсетеді. 
 


 
 
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
ББЖ КБА КДИ   –
 
Білім беру  жүйесінде  кадрлардың біліктігін  арттыру 
және қайта даярлау институты 
БТ 
-  Бақылау тобы 
ЭТ 
-  Эксперимент тобы 
ЖОО 
-  Жоғары оқу орны 
ОЖЖ 
-  Орталық жүйке жүйесі 
Абай атындағы 
ҚазҰПУ 
-  Абай 
атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 
университеті 
БОПӘ 
-  Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 
МдОТ 
-  Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу 
П және П 
-  Педагогика және психология 
 МЖБС 
 
Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің  өзектілігі.  Қазіргі  таңда  әлеуметтік  және  экономикалық 
өзгерістер 
жағдайында 
қоғам 
адамгершілікті, 
рухани 
бай 
және 
шығармашылықты,  кәсіби  және  тұлғалық  мәдениеттің  жоғары  деңгейіне  ие, 
Қазақстанды  қайта  құру  үдерісіне  қатысуға  белсенді  қызығушылығы  бар 
адамдарға  өткір  қажеттілік  пісіп  жетілді.  Отбасы  мен  мектеп  жас  тұлғаның 
тұлғалық  өзіндік  ерекшелігінің  негізін  қалайды  және  оның  болашақтағы  мінез-
құлқының  стереотиптерін  қалыптастырады,  дегенмен,  тұлғаның  түбегейлі 
қалыптасуы студенттік жылдарда орын алады. 
Студенттер  –  жастардың  неғұрлым  белсенді,  ықпал  етуге  шалдыққыш 
және  болашаққа  бағдарланатын  бөлігі.  Сондықтан,  жоғары  кәсіптік  білім 
жүйесіне  бірқатар  мемлекеттік  құжаттарда  белгіленген  ерекше  талаптар 
қойылады.  Мысалы,  ҚР  президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы-2050: 
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Біздің болашаққа барар 
жолымыз  қазақстандықтардың  әлеуетін  ашатын  жаңа  мүмкіндіктер  жасауға 
байланысты.  ХХІ  ғасырдағы  дамыған  ел  дегеніміз  –  белсенді,  білімді  және 
денсаулығы  мықты  азаматтар.  Бұл  үшін  біз  не  істеуіміз  керек?  Біріншіден, 
Ұлттық  білім  берудің  барлық  буынының  сапасын  жақсартуда  бізді  ауқымды 
жұмыс  күтіп  тұр.  Сондықтан  оларға  заманауи  бағдарламалар  мен  оқыту 
әдістемелерін,  білікті  мамандар  ұсыну  маңызды»-  деп  әр  жыл  сайын 
сауаттылығы жоғары бәсекеге қабілетті, белсенді, яғни лидерлер қалыптастыру 
міндетін қойып отырғандығын байқаймыз [1].  
Сонымен  қатар,  Қазақстан  Республикасының  Білім  беруді  дамытудың 
2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  нәтижесінде  бірнеше 
әлеуметтік  -  экономикалық  тиімділіктер  қамтамасыз  етіледі  деп  күтілуде. 
Соның  бірі:  «Жаңа  формациядағы  мұғалімдердің  қажетті  санда  және  тиісті 
біліктілікте  қалыптастыру.  Еңбек  нарығының  сұраныстарына  сәйкес  келетін, 
азаматтардың  кәсіби,  қызмет  жолында  және  жеке  өсуіне  ықпал  ететін  адами 
сапаларын дамыту қажет» делінген. Яғни, оқытушылар алдына қоғам талабына 
сай  жоғары  интеллектуалды  және  коммуникативтік  қабілетке  ие,  нарықтық 
бәсекеде  басқаруға  бейім,  қойылған  мақсатқа  топтың  қызығушылығы  мен 
мүмкіндігін  ескере  отырып,  әр  түрлі  жолмен  жетуге  қабілетті  азаматтар 
тәрбиелеу міндетін қойып отыр [2]. 
Сонымен  қатар,  Қазақстан  Республикасының  2007  жылғы  27  шiлдеде 
бекітілген  «Бiлiм  туралы»  Заңында:  «Оқу  орындарында  белсендi  азаматтық 
ұстанымы  бар  жеке  адамды  тәрбиелеу,  республиканың  қоғамдық-саяси, 
экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажет, жеке адамның өз құқықтары 
мен  мiндеттерiне  саналы  көзқарасын  қалыптастыру  қажет»  -  деп  талап  қояды 
[3].  
 Осы  жайында 2013  жылғы    «Қазақстан-2050»  стратегиясы  –  қалыптасқан 
мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Елбасы  Жолдауында:  «Мемлекеттің 
міндеттемесі  –  азаматтарға  олардың  іскерлік  белсенділігін  жүзеге  асыруға 
барынша мүмкіндік беру... Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз 


 
сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай 
сауаттылық  жеткіліксіз  болып  қалғалы  қашан.  Біздің  азаматтарымыз  үнемі  ең 
озық  жабдықтармен  және  ең  заманауи  өндірістерде  жұмыс  жасау  машығын 
меңгеруге  дайын  болуға  тиіс....Біздің  жастарымыз  оқуға,  жаңа  ғылым-білімді 
игеруге,  жаңа  машықтар  алуға,  білім  мен  технологияны  күнделікті  өмірде 
шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, 
ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек»- деген [1,19б.]. 
Қазіргі қоғам жоғары интеллектуалды және коммуникативтік қабілетке ие, 
нарықтық бәсекеде басқаруға бейім, қойылған мақсатқа топтың қызығушылығы 
мен мүмкіндігін ескере отырып,  әр түрлі жолмен жетуге  қабілетті азаматтарға 
мұқтаж.  Қоғамға  ізгілікті  жолмен  жағдайды  сезінуге  қабілетті,  қарым  - 
қатынасқа  бейім,  жалпылай  айтқанда  қойылған  мақсатқа  жетуде  бастамашыл 
ұйымдастырушы студенттер дайындауға тырысуда, дегенмен заманауи жастар 
қиын мәселелердің шешімін табуда өзіне жауапкершілік алып, бастама жасауда 
белсенділік  көрсете  алмай  жатады,  сондықтан  білім  беру  ісі  жас  ұрпақтың 
біліктілігін  қалыптастырып  қана  қоймай,  олардың  бойында  жылдам  өзгеріп 
жатқан  бүгінгі  дүниеге  лайықты  өмір  сүруге,  қызмет  жасаудағы  тұлғалық 
қабілеттерді дамыту шараларын да іске асыруды ойластыруы қажет.  
Осы  міндеттерді  шешуде  жоғары  оқу  орны  болашақ  маманның  кәсіби 
қызметінің  алдындағы  шешім  қабылдағыш,  жауапты,  белсенді,  бастамашыл 
болуын  қамтамасыз  ететін  баспалдағы  болғанымен,  студенттердің  лидерлік 
әлеуетін  дамыту  мәселесінің  аз  зерттелуінен  аталған  тақырып  өзекті  мәселеге 
айналып отыр. 
Жалпы ұлттық деңгейдегі жоғары оқу орнының басты мақсаты – еліміздің 
әлеуметтік,  экономикалық  және  саяси  өміріне  белсенді  қатысуға  дайын
бәсекеге  қабілетті,  жеке  тұлғаны  дайындау.  Бәсекеге  қабілетті,  белсенді  жеке 
тұлға  дегеніміз  өмірдің  қай  саласында  болмасын  еркін  де  нақты, 
жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында 
шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлға болып табылады. 
Өз іс-әрекетіне маңыздылық дарыту үшін белгілі бір қабілеттерге ие болу 
жеткіліксіз,  оларды  дұрыс  көрсете  білу  қажет,  жағдайды  сезініп  керексіз 
шарттарды  өзгерту,  объективті  факторларға  сүйену  керек.  Студент  лидерлік 
әлеуетін  ашуға  түрлі  жағдайларды  тиімді  көрсету  мәселесі  аса  маңыздылыққа 
ие. Сол себепті лидерлік мүмкіндіктер және ұйымдастырушылық біліктіліктер – 
бұл  азаматтық-патриоттық  маңыздылық  позициясынан,  дербес  жеке 
қабілеттерін  көрсету  позициясынан  адам  белсенділігінің  құрылу  іргетасы 
болып табылады.  
Зерттеу  жұмысы  лидерлік  және  басқарушылық  мәселесі  қамтылған 
ғылыми  ізденістерге  сүйенеді:  Б.Д.Парыгин  [4],  А.С.Чернышев  [5], 
Н.С.Жеребова  [6],  Р.Л.Кричевский  [7],  Е.В.Кудряшова  [8],  лидерліктің 
тұлғалығын  қарастырған  Э.Богардус  [9];  ЖОО  жағдайындағы  кәсіби 
лидерліктің  ерекшеліктері  В.И.Власов [10],  Н.В.Голубева  [11],  А.Н.Жмыриков 
[12],  Б.И.Кретов  [13],  Е.С.Кузьмин  [14],  Дж.Берне  [15],  М.Мкколл  [16], 
Л.Понди  [17],  Р.Стогдилл  [18],  Б.Блум  [19];  жоғарғы  кәсіби  білім  беру 


 
жүйесіндегі басқарушылық пен лидерлік В.Ф.Ануфриенко [20], У.Бенине [21], 
М. Ломбардо [22], Н.Ф.Маслова [23], Д. Сиск және X.Россели [24] және т.б. 
Аталған  мәселенің  шешіміне  қажетті  мүмкіндіктерді  анықтау  үшін 
теориялық  зерттеу  барысында  әдебиеттерге  жасалған  талдаулар  бойынша 
лидерлік туралы мәселе ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында шет ел 
ғалымдарының  зерттеу  орталығына  айналғандығын  анықтадық.  Ресей 
ғылымында  жастардың  лидерлік  мәселесі  теориялық  негізі  екі  мектеп 
жағдайында,  бірі  Б.Д.Парыгин  және  оның  шәкірттерінің,  екіншісі 
Л.И.Уманский [25] мен А.С. Чернышев мектебінде қарастырылған. 
Көбінесе  ғалымдар  А.С.Чернышев,  Л.И.Уманский  топтағы  және 
ұйымдардағы  лидерлік  ерекшеліктерді,  Н.С.Жеребова  мектепке  дейінгі  және 
мектеп  жасындағы,  Р.Л.Кричевский  т.б.  лидерлік  мәселесін  қарастырған 
еңбектерінде  басшылық  пен  лидерлік  ұғымының  байланысы  қарастырылады 
және  бұл  балалық  топқа  қатысты  лидерлік  феноменіне  қатысты  алғашқы 
ғылыми  жұмыс  болды.  А.Н.Леонтьев  лидерлік  мәселесінің  шешімін  іздеу 
негізінде әрекет жолын әзірледі [26].  
Қазақстанда  лидерлік  мәселесі  бойынша  зерттеу  жүргізген  саясаттанушы 
Б.Т.Есполов  [27],  Б.Т.Куппаева  [28],  А.М.Рахимжанов  [29],  Н.А.Абуева  [30], 
В.И.Карасев  [31],  Б.Аяган  және  Г.Нурымбетов  [32],  А.Н.Нысанбаев  және 
Р.К.Кажыржанов  [33],  А.Самай  [34]  және  т.б.  еңбектерінде  жан-жақты 
ашылған.  
Отандық 
педагогика 
ғылымында 
лидерлікті 
зерделеген 
С.А.Наконечныйдың [35] зерттеуінде болашақ офицерлердің лидерлік сапасын, 
Б.М.Баймуханбетов [36] зерттеуінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 
лидерлік сапасын қалыптастыру мәселесі қарастырылған. 
Сонымен бірге, жоғары оқу орнында педагогтардың кәсіби дайындығының 
психологиялық негіздері, оқыту үрдісінің психологиялық астарлары,  тұлғаның 
қалыптасуындағы 
субъектілік 
мәселелерін 
отандық 
психологтардың 
еңбектерінде  Қ.Б.Жарықбаев  [37],  Ж.И.Намазбаева  [38],  С.М.Джакупов  [39], 
О.С.Сангилбаев [40], Х.Т.Шерьязданова [41], А.Р.Ерментаева [42] қарастырған. 
Лидерлік мәселесі нақты әлеуметтік- тарихи жағдайлардағы өзінің өмірлік 
жолында  субьектінің  шығармашылық  үрдісімен,  яғни  жеке  тұлғаның  өзіндік 
айқындалу мәселесімен байланыста ашылады.  
Лидерлік  әлеует  –  бұл  жүйелі,  интегративті  тұлғалық  құрылым,  ол 
интеллектуалды,  мотивациялық,  эмоционалды-  еріктік,  кәсіби  –  құндылықты 
сапалар жиынтығын көрсетеді.  
Әлеует  категориясы  жалпығылыми  ұғымдар  қатарына  кіреді,  олардың 
әдіснамалық  негізі  педагогика  үшін  аса  маңызды.  Әлеуеттік  педагогикалық 
қызметі  тұлғаның шығармашылық  іс-әрекеті бағытында  іске  асады, ол  өзіндік 
өмірдің  шығармашылық  қайта  құруына  жауап  береді.  «Лидерлік  әлеует» 
термині  «шығармашылық  тұлға»,  «тұлға  креативтілігі»,  «дарындылық»  деген 
ұғымдармен теңестіріледі. 
Ғылыми  әдебиетті  талдау  әлеует  көп  мағыналы  түсінік  екенін  көрсетті. 
Мысалы,  әлеует  туралы  қажет  жағдайда  қандай  да  бір  мақсатта  қолданылуға 


 
болатын барлық құралдар, қорлар, көздердің жиынтығы ретінде айтады. Әлеует 
қандай  да  бір  әрекет,  қандай  да  бір  функция  көрініс  табу  ықтималдығы 
дәрежесімен  байланыстырылады.  Әлеует  ретінде  күш  өрістерінің  кең  сыныбы 
сипатталатын  шама  (магнитті,  эклектикалық,  химиялық  әлеует  және  т.б.) 
түсініледі.  Әлеует  жекелеген  тұлға,  қоғам,  мемлекеттің  белгілі  бір  саладағы 
мүмкіндіктерін  де  білдіреді.  Гуманитарлы  және  әлеуметтік-экономикалық 
пәндерге  қатыстысы,  мұнда  әлеует  әдетте  адамның  ресурстары,  резервтері 
немесе  мүмкіндіктері  мен  белсенділіктерінің  синонимі  ретінде  қолданылады. 
Әрбір адам мұрагерлік тұқым қуалау арқылы және өмірлік тәжірибеге тәуелді 
болуы мүмкін белгілі бір әлеуетке ие деп айтуға болады. 
Жүргізілген  талдау  көрсеткендей,  ғылымның  басқа  салаларында  әлеует 
әдетте  ресурстардың  синонимі  ретінде  қолданылады  және  «кадрлық  әлеует», 
«өнеркәсіптік 
әлеует», 
«энергетикалық 
әлеует», 
«ғылыми 
әлеует», 
«эстетикалық  әлеует»  және  т.б.  үйлесімде  қолданылады.  Дәлел  ретінде 
Л.И.Абалкиннің  Әлеует  –  «орын  мен  уақытқа  байланған  ресурстардың 
жалпыланған, жинақталған сипаты» деп есептейтін пікірін келтіреміз [43]. 
 Психология-педагогикалық  әдебиеттерде  тұлға  әлеуетінің  алуан  түрлері 
зерттеледі:  шығармашылық  (Л.В.Елагина  [44],  М.В.Корепанова  [45], 
П.Ф.Кравчук  [46],  Л.В.Мещерякова  [47],  К.В.Петров  [48],  О.Г.Степанова  [49], 
Е.А.Шамин  [50]  және  т.б.);  зияткерлік  (В.И.Богдашев  [51],  Е.А.Косьмина  [52] 
және  т.б.);  коммуникативтік  (Р.А.Максимова  [53],  С.И.Самыгина  [54], 
Е.Н.Сурков [55], Л.Д.Столяренко [56] және т.б.); рухани, рухани-адамгершілікті 
және  эмоционалды-адамгершілікті  (Н.В.Попова  [57],  О.В.Трескина  [58]  және 
т.б.);  инновациялық  (Д.Ф.Ильясов  [59],  Е.А.Пагнаева  [60],  И.В.Резанович  [61] 
және  т.б.);  мансаптық  өсу  (А.А.Деркач  [62],  Ю.В.Синягина  [63],  О.В.Фаллер 
[64]  және  т.б.).,  мұғалімнің  әлеуеті  Б.А.Тұрғынбаева  [65],  маманның  кәсіби-
педагогикалық  әлеуеті  Н.Э.Пфейфер  [66],  педагогтың  кәсіби-педагогикалық 
әлеуеті  Р.К.Ержанова  [67]  т.б.  әртүрлі  кәсіби  траекторияларды  қарастыра 
отырып, ғалымдар «әлеует – ол әртүрлі құрамдас бөліктері бар және белгілі бір 
шарттары  бар  кәсіби  тұлғаның  кешенді,  интегративтік  сипаттамасы»  деген 
шешімге  келді.  Осылайша  О.О.Киселева  [68]  оқытушының  кәсіби  – 
педагогикалық  әлеуетін  дамытудың  теориялық  және  тәжірибелік  негіздерін 
зерттеді;  студенттердің  педагогикалық  әлеуетін  дамыту  мәселесін  дене 
шынықтыру оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқыту үрдісінде дамыту 
технологиялары  элементтерін  қолдану  арқылы  зерттеумен  А.В.Бондарева  [69] 
айналысқан;  шығармашылық  әлеуетті  дамыту  мүмкіндіктерін  өз  еңбектерінде 
қарастырған  В.Г.Рындак  [70],  Ю.В.Осколкова  [71];  P.A.Муртазина  [72] 
студенттердің  аксиологиялық  әлеуетінің  дамуын  зерттеді;  М.В.Денеко  [73] 
жоғары  оқу  орындарындағы  оқытушының  тұлғалық  әлеуетін  дамытумен 
айналысты;  Е.А.Леонтьев  [74]  болашақ  оқытушының  акмеологиялық  әлеуетін 
дамыту деңгейлерін көтеру технологиясын құрастырды.  
Жоғарыда  қарастырып  өткен  жағдайлар  студенттің  лидерлік  әлеуетін 
дамыту мәселелерін тереңірек зерттеу қажеттілігін айқындайды, алайда әртүрлі 
деңгейлердегі келесідей қарама қайшылықтарды назарға алатын болсақ: 

10 
 
-қазіргі заман қоғамының лидерлік әлеуеті бар оқытушыны талап етуі мен 
лидерлік әлеуетінің педагогикалық білім беру үрдісіндегі дамуына бағытталған 
үлгісінің, технология мен бағдарламаның жоқтығы
-ЖОО  педагогикалық  үрдісін  ұйымдастырудағы  ғылыми  білімдердің 
болуы мен педагогикалық жоғары оқу орындарындағы студенттердің лидерлік 
әлеуетін толыққанды зерттеудің жетіспеушілігі; 
-жоғары  оқу  орындарының  студенттерінің  лидерлік  әлеуетін  дамыту 
қажеттілігі  мен  маңыздылығы  және  осы  мәселелерді  шешудегі  педагогикалық 
жоғары оқу орындарының мүмкіндіктерін қажетті деңгейде қолданбауы. 
Бұл  қарама-қайшылықтарды  қарастыра  келе,  біз  студенттердің  лидерлік 
әлеуетін дамыту қажеттілігіне байланысты  тақырыбымызды «Педагогикалық 
жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамыту» деп алып, 
аталған тақырыпты зерттеудің мақсаты мен міндеттерін айқындадық. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал