Учебное пособие для студентов средних педагогических учебных заведений. 2 е изд М: Издательский центр



жүктеу 75.41 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі75.41 Kb.
түріУчебное пособие

2.

 

Болотина Л.Р., Комарова Т.С., Баранов  С.П.  «Дошкольная  педагогика: Учебное  пособие для 



студентов средних педагогических  учебных заведений.  2 - е  изд.».  - М: Издательский центр 

«Академия», 1997. - 302 с. 

3.

 

Свадковский И.Ф. Нравственное воспитание. - М.: Учпедгиз, 1972. - 144 с. 



4.

 

Петрова  В.А.,  Стульник  Т.И.  Нравственное  воспитание  в  детском  саду  методические 



рекомендации. М.: Мозаика, 2006. - 80 с. 

5.

 



Нечаева В.Г., Маркова Т.А. Нравственное воспитание в детском саду. М.: Просвещение, 1975. 

256 с. 



6.

 

Петрова В.И., Стульник Т.Д. Нравственное воспитание в детском саду – М.: Мозаика-Синтез, 



2006. 

7.

 



Куцакова Л. В. Нравственно-трудовое воспитание в детском саду – М.: Мозаика-Синтез, 2007. 

 

 



 

УДК 372. 3 

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ 

 

Бектемісова А.Ө. 

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 



 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңы  біздің  болашағымызды  жаңа 

бағытпен  рухта  тәрбиелеу,  олардың  дүние  танымын  қалыптастыру,  жаңа  адамды 

жанжақты,  білімді,  өнерлі  етіп  тәрбиелеу  бүгінгі  күннің  түбегейлі  мәселенің  бірі 

екендігін  заңдылық  етіп  берді.  Осыған  орай,  ендігі  кезеңде  жаңа  адамды  жан–жақты 

дамыған,  білімді,  өнерлі,  еңбексүйгіш  өндірістік  бағытта  тәрбиелеп,  білім  беру 

проблемалары алдымызда тұр [1]. 

Жан–жақты  тәрбиенің  бүкілі  жүйесінің  табиғи  бір  бөлігі–эстетикалық  тәрбие. 

Эстетикалық  тәрбие  болмыстағы  және  өнердегі  сұлулық  пен  әсемдікті  дұрыс 

қабылдауға  және  эстетикалық  мәдениетті,  эстетикалық  түснікті  сезім  мен  талғамды 

тәрбиелейді. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге 

үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды. 

Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бір баланың 

эстетикалық  белсенділігін  тәрбиелеу.  Ол  әдемілікті  сезіп  және  заңдарын  түсініп  қана 

қоймай,  осы  заңдар  бойынша  өзін  қоршаған  айналаға  өзгеріс  жасауы  қажет.Өмірге 

енген  эстетикалық  (еңбек,  табиғат  эстетикасы,  адамдар  қатынасы  жәен  жай–жағдай 

эстетикасы) адамды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке 

өз үлесін қосып, оны көрікзіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет. 

Балаларды  эстетикалық  белсенділікке  тәрбиелей  отырып,  оларды  өздігінен 

ілтипатты  оқырман,  қайырымды  көрермен,  сезімтал  тыңдаушы  болуға  үйрету  керек. 

Балалар  әдебиетті  оқуға,  кинофильмді,  теледидарды,  спектакльді  көруге,  музыканы 

тыңдауға өте ынталы болады. Әр түрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс–әрекеттің 

оқиға  желісін  дұрыс  түсіну  үшін  балаларды  көп  ізденуге  үйрету,  бағыт  беру  – 

ұстаздардың басты міндеті. 

Мектепке    дейінгі  балалардың  эстетикалық  тәрбиесі  серуенді  өткізу  және 

ұйымдастыру процесінде іске асырылады.  

Мектепке  дейінгі  ұйымда  серуендеуді  өткізу  балалардың  тілін  дамыта  отырып, 

тәрбиеші  табиғатқа  қарап  әңгіме  құрауды,  әсер  алған  уақиғаларды  айтып  беруді, 

қиялында жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып, 

 

 



31 

оларды  рухани  күші  дамиды.  Мектепке  дейінгі  ұжымда  серуендеуді  өткізу  және 

ұйымдастыруда балалардың жақсы қасиеттерінің дамуына мүмкүндік жасалады [2].  

Табиғаттың  ұлылығы,  көркемдігі,  сыры  серуенді  өткізу  және  ұйымдастыру 

кезінде  ашылады.  Мектепке  дейінгі  балалар  табиғи  құбылыстардың  бай  эстетикалық 

сымбаты  жөнінде  мәліметтер  алады.  Суреттік  шығармалар  мектепке  дейінгі 

балалардың  эстетикалық  дүниетанымын  байытады.  Сонымен,  серуенді  өткізу  және 

ұйымдастыру  мектепке  дейінгі  балаларға  эстетикалық тәрбие  берудегі  ролі  орсан  зор 

десек  асыра  бағалау  болмас  еді.  Мектепке  дейінгі  ұжымда  серуендеуді  өткізу  және 

ұйымдастыруда эстетикалық тәрбие мектепке дейінгі балалардың тәрбие жұмысының 

жүйесінде кеңінен пайдаланады. Эстетикалық тәрбиенің өмір елегінен өткен көптеген 

формалары  бар.  Шығармашылық  үйірмелер–балалардың  жұмыстарының  басты 

формаларының  бірі–көрмелер,  сайыстар.  Сайыстар  мектепке  дейінгі  балаларды 

қуанышқа  бөлейді,  келешекке  үмітін  тұтандырады.  Онда  мектепке  дейінгі  балалар 

тыңдаушыларды  өз  шығармалары  жайында  пікір  алмасады,  ұсыныстар  айтылады. 

Шығармашылық  конферецияларда  мектепке  дейінгі  балалардың  зерттеу  жұмыстары 

туралы  баяндамалары  талқыланады.  Олардың  жұмыстары  жөнінде  құнды  пікірлер 

айтылып, ұсыныстар беріледі.  

Мектепке  дейінгі  ұжым  бойынша  алдын–ала  жасалған  жоспарларға  сәйкес 

эстетикалық саяхат өткізіледі. Саяхаттың негізгі объектілері көркем галерея, мұражай, 

табиғат,  театр,  түрлі  көрмелер.  Эстетикалық  тәрбие  жұмысына  көмектесуде  мектеп 

кітапханасының көп мүмкіншіліктері бар. Бұл жұмыс түрі мектепке дейінгі балалардың 

еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады [3].  

Мектепте мектепке дейінгі балалардың эстетикалық мәдениетіне басқа факторлар 

әсер етеді. Мысалы, жарық бөлме, қолайлы жұмыс орны мектепке дейінгі балалардың 

эстетикалық  танымын,  белсенділігін  көтереді.  Көп  түрлі  эстетикалық  жұмыстарды 

тиімді  ұйымдастыру  мектепке  дейінгі  балалардың  эстетикалық  дүниетанымының 

негізгі көзі болады. Басты мәселе, күнделікті өмірдегі әсемдіктің адам мен табиғаттың 

бірлескен әрекетінің күшімен пайда болғанын ұғындыру.  

Халық  әрдайым  әсемдікті  іздеді,  қолдан  жасады  және  оны  өмірде,  тұрмыста, 

еңбекте  бекітуге  тырысады.  Оны  халқымыз  үй  жиһаздарын  жасауынан  және  оны 

әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады. 

Халықтық  эстетикалық  тәрбие  жүйесінде  лирикалық,  үйелмендік  тұрмыстық, 

әдет–ғұрыптық, еңбектік және т.б. ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбиенің 

құралдары  ретінде  қызмет  етті.  Халқымыздың  тұрмысына  енген  қолданбалы  қолөнер 

бұйымдары, олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. 

Ағаш,  тері,  металл  өңдеудегі  өнері  әлемге  әйгілі.  Эстетикалық  тәрбиеде  халық  ауыз 

әдебиетінің  маңызы  өте  зор.  Оның  мазмұны  халқымыздың  бүкіл  өмір  тәжірибесін 

қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын, қажеттілігін билейді.  

Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған 

педагогикалық  білімі  мен  тәрбие  тәжірибесіне  сүйенуіміз  қажет.  Эстетикалық  тәрбие 

тұлғада  әсемдік  сезімін  дамытады.  Адам  әсемдікті  сезінуден,  өз  өмірін  сұлулық 

заңымен  құруға  ұмтылады.  Эстетикалық  тәрбие  адамгершілік,  ақыл–ой,  еңбек  және 

дене  тәрбиесімен  тығыз  байланысты.  Табиғатқа,  әдебиетке,  театрға,  музыкаға, 

поезияға,  көркем  сурет  жәен  т.б.  өнерге  деген  сүйіспеншілік  адамның  жан–жақты 

саналы дамуына әсер етеді. Адамгершілік қалыптасуда эстетикалық тәрбиенің маңызы 

зор. Әсемдік рахатты әр адамды жақсылыққа, ұжымшылдыққа, адал еңбекке жетелейді 

[4].  

Мектепке дейінгі мекемеде эстетикалық тәрбие берудегі бірде–бір құрал табиғат. 



Табиғатты жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты қардың жаууы, күннің күркіреуі, 

ағаштардың  бүршік  жарып,  гүлдердің  түрлі  түске  еніп  гүлденуі,  құстардың  жылы 

 

 

32 



жаққа  ұшып  кетуі,  қайта  ұшып  келу  т.б.  мұның  бәрі  баланың  эстетикалық 

сезіміне,эмоциясына әсер етіп, қоршаған ортаға қызығушылығын арттырады.  

Балалардың  сезімін  тәрбиелеудегі  табиғаттың  ролі  жөнінде  К.С.  Станиславский 

«Табиғаттың  өзі  теңдесі  жоқ  әсем  дүние,  сондықтан  оған  зер  салып,  үңіле  қараңыз. 

Алдымен  гүлді  немесе  жапырақтарды,  өрмекші  торын  немесе  терезе  әйнегіндегі  аяз 

өрнегін алыңыз. Мұның бәрі–ұлы суретші» дейді.  

Тәрбиеші мектепке дейінгі балаларды табиғи құбылыстармен таныстыра отырып 

таңертеңгі әсемдікті байқауға күннің шығуы мен сәулесінің жер бетіне шашқан нұрын 

көре  білуге,  сылдырап  аққан  су  дыбысын,  орман  шуылын  құстардың  сайраған  үнін, 

жапырақтар мен шөптің сылдырын естіп, түсіне білуге баулиды. Балаларды табиғатта 

жұмыс  істейтін  адамдар  еңбегімен  таныстыра  отырып,  олардың  қимылы  мен  еңбек 

барысында  әсемдікке  көңіл  аудартады.  Соның    нәтижесінде  балалақдың  табиғат 

сұлулығына,  еңбекке  деген  эстетикалық  сезімдері  оянып,  сол  әсемдікті  аялай  білу 

дағдылары қалыптасады. Міне, осы мүмкіндіктерді ескере отырып, балалармен тиімді 

ұйымдастырылған  мақсатты  серуен  мен  бақылау  жұмыстары  эстетикалық  тәрбие 

жүйесін  қалыптастырып,  фольклор  жанырларымен  таныстыруда  өз  нәтижесін  береді. 

Мысалы: серуенді өткізу және ұйымдастыру кезінде мектепке дейінгі балаларды өзенге 

саяхатқа  шығаратын  болсақ  бірінші  жұмыстың  үлгі  жоспарымен  таныстырамыз. 

Балаларды  көктем  кезіндегі  өзен  жағалауындағы  өзгерістермен  таныстыру,  теңіз 

өсімдіктері,  теңіз  жағалауындағы  құстар  және  өзендегі  балықтар  жайындағы 

түсініктерін  кеңейту,  қоршаған  ортадағы  әсемдікке  қызығушылығымен  өз  эмоциясын 

білдіру  дағдысын  тәрбиелеу,  айтайын  деген  ойын  толық  сөйлеммен  жеткізе  білуге 

дағдыландыру, тілін дамыту.  

Тәрбиеші  мектепке  дейінгі  балаларды  қасына  жинап,  өзенге  баратындықтарын 

хабарлап, мектепке дейінгі балаларға жолда жүру ережесін қайталайды. Міне осындай 

жұмыстар  жүргізу  арқылы  тәрбиеші  мектепке  дейінгі  бала  бойындағы  табиғат 

көмегімен әдемілікті сезуде, эстетикалық сезімді, көзқарасты қалыптастырады. Табиғат 

адамды қуанышқа бөлейді, эстетикалық түінігін байытады. Адам табиғатты бақылаушы 

ғана емес, ол тұтынушы, сұлулықты жасаушы. Шығармашылық қызметкер, сондықтан 

өзінің  күшін,  қабілетін  адамдар  бақытты  өмір  сүру  үшін  бақытты  өмір  сүру  үшін 

бақыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсауы керек.  

Еліміздің елдігін әлемге танытатын, оны жетілдіретін, дамытатын да жас ұрпақ. 

Сондықтан  да  еліміздің  болашағы  осы  жас  жеткіншектердің  білім  дәрежесінің 

тереңдігінен айқындалады. Ал балаларға бұл күнде әр саладан жан–жақты білім беру 

жүйелері  жеткілікті.  Олардың  ішінде  қоршаған  орта,  дүниетану  әлемінен  берілетін 

білімнің орны ерекше. Себебі, бала дүниеге келген күннен бастап ата–анасынан кейін 

өмірден байқап көретіні және таитыны осы қоршаған орта мен табигат, оның әсемдігі 

мен құбылыстары. 

Мектепке  дейінгі  балалары  сыртқы  әсерді  қабылдағыш  келеді,  балаларды  неге 

үйретсе,  соның  бәрін  ақиқат  деп  сенеді.  Сондықтан  мектепке  дейінгі  балаларға 

адамгершілік тәрбие беру жұмысында олардың өміріндегі бір күнді де босқа жіберуге 

болмайды.  Сондықтан да, балалардың нақты табиғат жайында ұғымын қалыптастыру 

үшін ең тиімді бақылау әдісі деп есептейміз. Себебі, жас баланың өмірінің біразы табиғат 

жайында ұғымын қалыптастыру табиғат аясында (сурет, ойын, саяхат, еңбек кезінде) өтеді.  

Бала  айналадағы  тау–тас,  өзен–көл,  жасыл  жапырақ,  су,  аспанда  нұрын  төккен  күн 

сәулесін шашқан ай, жымындаған жұлдыздар бәріне қуана қарайды. Олар әрқашан табиғат 

құбылыстарын  (күннің  күркіреуі,  найзағайдың  жарқылдауы,  мөлдір  шықтың  тұруы, 

жаңбырдың,  қардың,  бұршақтың  көрінуін  т.б.)  тамашалайды.  Ондай  құбылыстар  мен 

заттарды  бала  тікелей  көріп,  ұстап,  сезген  жағдайда  ғана  білім  дәлелдірек  болады. 

Балаларды адамгершілік сезімге тәрбиелеуде оларға еңбектің қандай да болмасын бір түрін 

 

 

33 



шындыққа  дұрыс  көзқарастарын  қалыптастыру  үшін  қажетті  оқиғаны  көрсетуге  әрқашан 

жағдайлар бола бермейді. 

Қазіргі  уакытта  Қазақстан  Республикасының  ''Мектепке  дейінгі  тәрбие 

тұжырымдамасында" және жаңа бағдарламаларға сәйкес ересек топ балаларының алдына 

іскерлік–дағдыларды  одан  әрі  жетілдіре  түсу,  оны  халықтық  сәндік  ою–өрнекті  бейнелеу 

әрекетіне  пайдалану,  сәндік–қолданбалы  өнермен  таныстыру,  оның  негізінде  табиғатпен 

тығыз қарым–қатынасқа тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр. 

Балалармен жүргізілетін негізгі жұмыстарды төмендегіше топтауға болады: 

 

балаларды сәндік – қолданбалы өнермен таныстыруда берілетін табиғат заттары мен 



құбылыстары элементтерінің алуан түрлілігін анықтау арқылы ұйымдастыру; 

 



өлі табиғат заттары мен құбылыстарының мәні, сондай–ақ олардың адам өміріндегі 

маңызы жайлы бала түсінігін қалыптастыру; 

 

мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  ұлттық  әшекей  элементтерімен  таныстырудың 



бірізді жүйесін жасау; 

 



сәндік  әшекейлерді  жасау  әрекетінде  –  практикалық  іскерлік  пен  дағдыларды 

қалыптастыру. 

Балаларды  табиғат  құбылыстарымен  және  оны  сәндік  әшекейлер  жасау  әрекетінде 

бейнелеу ісі тиімді әдіс–тәсілдерді пайдалану жолдары арқылы жүзеге асады. Оның ішінде 

белгілі бір түсінікті бала санасына бейнелі жеткізетін көркем сөздің алар маңызы ерекше. 

Бұл орайда, баланың қабылдауына қызғылықты да жеңіл тиетіні – жұмбак. 

Тақпақ, мақал–мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды тиімді пайдалану жаңа білімді игеру 

үрдісін  жеңілдете  түседі.  Табиғатқа  қызығушылықты  қалыптастыру  және  оны  сәндік 

әшекейлеу әрекетінде пайдалана білудің шешуші міндеттері мыналар: 

 



балалардың  табиғат  құбылыстарының  өзара  байланысын  пайымдай  білуі  және 

себеп–салдарын анықтауы; 

 

әртүрлі  әдіс–тәсілдер  және  әрекет  түрлерін  пайдалану  арқылы  мектеп  жасына 



дейінгі балалардың табиғатты танып–білуге ұдайы қызығушылығын қалыптастыру; 

 



тәрбиешілердің жаратылыстану ғылымдарының негіздерін және оны лайықты түрде 

бала санасына жеткізу әдістемесін білуі [5]. 

Балалардың  табиғатқа  қызығушылығын  тәрбиелеуде  оның  обьектілерімен  және 

құбылыстарымен  таныстырудың  әдістері  мен  түрлерін  дұрыс  таңдаумен  қатар  белгілі 

түсініктер  мен  құбылыстарды  ажырата  білудің  де  мәні  зор.  Мәселен,  «аспан  денелері» 

түсінігіне  әлем,  күн,  жұлдыз,  ай  кірсе,  ал  «табиғат  құбылыстары»  тобына  найзағай, 

жаңбыр, қар т. с. жататынын нақтылап түсіндіру қажет. 

Аспан денелерінің ішіндегі бізге ең жақын орналасқаны – ай. Ай бетіндегі "теңіздер 

көлеңкесін", таулы қыраттарды жай көзбен–ақ, егер дүрбі болса, тіптен айқын ажыратуға 

болады. Балалар айдың көк жүзіндегі қозғалысын бақылап отырып, оның бейнесінің – орақ 

тәріздес  жарты  ай  және  толық  ай  болып  үш  кезеңге  ауысуын  байқай  алады.  Сондай–ақ 

жұлдызды аспанды бақылау және жұлдыздармен танысуды күз айларының ымырт үйіріле 

жүргізген  ынғайлы.  Таныстыру  жұмыстарын  "Жеті

 

қарақшы"  жұлдыздар  шоғырынан 



бастағап  жөн.  Балалар  "жеті  қарақшыны"  оңай  таба  алатын  жағдайға  жеткеннен  кейін 

"Темірқазық" және "Кіші жетіқарақшы" жұлдыздар шоғырымен таныстыруға болады. 

Балаларды  айды,  жұлдыздар  әлемін  бақылау  өте  қызықтырады,  бірақ  бұл  жұмысты 

балабақша жағдайында ұйымдастыру мүмкін емес. Сол себепті ата–аналарға кешкі серуен 

кездерінде  мүмкіндікті  пайдалана  білуге  кеңес  беріледі.  Мысалы:  өткен  заманда  көшпелі 

тірлік кешкен ата–бабаларымыздың "қазыкты" – қазық деп атап, жеті қарақшының қалған 

алты жұлдызы сол қазық–жұлдызға байланып тұрғаңдай, түнімен орнынан тапжылмайтын 

қазықты "қойлар" айналып шығады деген түсініктерін ояту балаларға қызықты [6]. 

Іс–әрекет  барысында  ойын  әдісін  пайдалану  балаларды  жағымды  эмоциялық  сезім 

мен  көңіл–  күйге  бөлеп,  сурет  салу,  қию,  жапсыруды  үйрету  үрдісінің  тиімділігін 

арттырады.  Ойын  тәсілімен  жүргізілген  қайталау  және  жаттығу  жұмыстары 

бірсарындылықтан  аулақтатып,  балалардың  жалығуына  жол  бермейді.  Ойын  әдісін 

 

 

34 



пайдалану  кезінде  әр  балаға  "шебер",  "ыдыс  бояушы",  "тігінші",  "зергер"  т.  с.  с.  рөлдері 

бөлініп берілсе, балалар үшін одан сайын қызықты болмақ. 

Сәндік  әшекей,  ою–өрнек  жасау  әрекеті  үрдісінде  балалардың  табиғат  туралы 

білімдерін  бекіту  үшін,  жоғарыда  аталған  әдістермен  қатар  арнайы  түсірілген  слайдтар, 

диафильмдер  мен  кинофилъмдерді  ұжымдық  көруді  ұйымдастыруға  болады.  Мектепке 

дейінгі жаста балаларды табиғат заттары мен құбылыстарының элементтері туралы түсінік 

беруге  негізделген  сәндік–ою–өрнек  жасау  үрдісіне  қатыстыру,  тарту  –  олардың  сезім 

мәдениетінің  жетілуіне  едәуір  ықпалын  тигізеді.  Сондай–ақ  анализаторлардың  жетіле 

түсуі,  сезімдік  тәжірибенің  қорлануы,  балалардың  логикалық  ойлауын,  зейінін,  тілін 

ширатып, байқампаздық пен қызығушылық қасиеттерін қалыптастырады. 

Жалпы  алғанда  осындай  нысаналы,  жүйелі  тәсілдер  арқылы  балалардың  көркемдік 

тәрбиесін жолға қоя отырып, адамгершілік қасиеттерін, жан дүниесінің баюын, көркемдік 

талғам мен шығармашылық қабілеттерін оятуға мүмкіндік туары кәміл. 

 

 



 

Әдебиет: 

1.

 



Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. – Астана: Жеті Жарғы,  2007. –15 б. 

2.

 



Керімбаева Р. Табиғат. Бала. Тәрбие // Отбасы және балабақша. – 1997. - № 1. – Б. 50 – 52. 

3.

 



Қоқанбаева Р. И. Эстетикалық тәрбие беру. // Отбасы және балабақша. – 2006. № 5. – Б. 20 – 

22. 


4.

 

Эстетическое  воспитание  и  развитие  детей  дошкольного  возраста.  Учебное  пособие  для 



студентов высших педагогических учебных заведений / Е.А. Дубровская, Т.А. Казакова, Н.Н. 

Юрина и др. Под ред. Е.А. Дубровской, С.А. Козловой. М., издательский центр «Академия». 

2002 – 256 

с. 


5.

 

Эстетическое  воспитание  в  детском  саду:  Пособие  для  воспитателей  дет.сада  /  Под  ред. 



Н.А.Ветлугиной. – М.: Просвещение, 1995. – 215 б. 

6.

 



Әбілова 3. Мектепке дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру. – А., 1972.–200 б. 

 

 

 

УДК 372. 3 

 

СЕРУЕНДІ ӨТКІЗУ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ 

 

Бектемісова А.Ө. 

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 

Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңында  «...білім  беру  жүйесі 

міндеттерінің  бірі  ретінде  белсенді  азаматтық  ұстанымы  бар  жеке  адамды  тәрбиелеу, 

республиканың  қоғамдық–саяси,  экономикалық  және  мәдени  өміріне  қатысу 

қажеттігін,  жеке  адамның  өз  құқықтары  мен  міндеттеріне  саналы  көзқарасын 

қалыптастыру» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің 

базалық буыны болып саналатын жалпы орта білім беру мектептерінің мектепке дейінгі 

балаларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған жерінің табиғатын қорғайтын 

тәрбиелі тұлға етіп қалыптастырудағы атқарар рөлі зор екені даусыз [1]. 

Ел  Президенті  «Қазақстан  –  2030»  бағдарламасында  табиғат  жағдайының  қиын 

кезеңде тұрғанын нақты атап өтіп: «...экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 

жиырма пайызына себеп болып отыр. Қоршаған ортаны ластаушыларға берік тосқауыл 

қойылу  қажет»,  –  деген  болатын.  Бұл  мәселенің  тиімді  шешілуі  мектепте  мектепке 

 

 



35 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал