Учебно-методическое пособие Integrated learning to English language



жүктеу 5.01 Kb.

бет3/26
Дата29.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

22
 
 
3  Ағылшын  тілі  және  информатика,  физика,  химия,  биология, 
жаратылыстану 
пәндерін 
кіріктіріп 
оқытудың 
педагогикалық 
технологиялары 
 
Оқытудың технологиясы – оқу ақпаратын өңдеудің, ұсынудың, өзгертудің 
және  ұсынудың  әдістері  мен  тәсілдерінің  жиынтығы;  мұғалімнің  оқыту 
барысында  қажетті  техникалық  және  ақпараттық  құралдарды  пайдалана 
отырып  оқушыларға  ықпал  ету  амалдары  туралы  ғылым.  Оқыту 
технологиясында оқытудың мазмұны, әдістері мен тәсілдері өзара байланысты 
және өзара шарттас болады [10].  
Бүгінгі  таңда  жалпы  орта  білімнің  мақсаттары  өзгеріп,  жаңа  оқу 
жоспарлары, жеке дара пәндер арқылы емес, кіріктірілген білім беру салалары 
арқылы  мазмұнды  көрсетудің  жаңа  көзқарастары  әзірленіп  отыр.  Әрекетті 
тәсілге  негізделген  білім  берудің  жаңа  тұжырымдамалары  жасалуда.  Бұл 
жағдайлар әдістеме аясында жаңа теориялық зерттеулер үшін негіз жасап, оқу 
үдерісін ұйымдастыруға жаңа көзқарастарды талап етеді.  
Білім  беруді  жаңарту  оқытуды  ұйымдастырудың  дәстүрлі  емес  әдістері 
мен  формаларын  пайдалануды,  соның  ішінде  пайдалану  нәтижесінде 
балалардың  бойында  дүниені  біртұтас  қабылдауы  пайда  болатын,  көп 
айтылатын  оқытудағы  дәл  әрекетті  тәсілдің  өзі  қалыптасатын  кіріктіріп 
оқытуды талап етеді.  
Кіріктіру  тек  пәндер  бойынша  білімдердің  өзара  байланыстары 
көзқарасынан  ғана  емес,  оқыту  технологиялары,  әдістері  мен  нұсқаларын 
кіріктіру ретінде қарастырылады.  
Педагогикалық  технологиялардың  түрлері  көп,  оларды  түрлі  негіздеріне 
қарап  ажыратады.  Дидактикада  технологиялардың  үш  негізгі  тобы  атап 
көрсетіледі:  
1.
 
Оқытудың түсіндіріп-көрсету технологиясы, оның түп мәні оқушыларды 
ақапарттандыру,  оларға  білім  беру  және  жалпы  оқу  сияқты,  арнайы  (пәндік) 
біліктерді  де  қатар  шыңдау  мақсатында  олардың  репродуктивтік  қызметін 
ұйымдастыру.  
2.
 
Тұлғаның  өздігінен  дамуын  орнатып  оқытуды  субъективтік  негізге 
ауыстыруға  бағытталған  тұлғалық-бағдарлы  оқыту  технологиясы  (Якиманская 
И.С.).  
3.
 
Негізінде 
мектеп 
оқушыларының 
тұлғалық 
дамуының 
ішкі 
механизмдерін  қосуға  бағытталған  оқыту  амалы  жатқан  дамыта  оқыту 
технологиясы [11].  
Осы топтардың әрқайсысы оқытудың бірнеше технологияларын қамтиды. 
Осылайша,  мысалы,  тұлғалық-бағдарлы  технологиялардың  тобы  деңгейлеп 
(саралап)  оқыту  технологиясын,  ұжымдасып  өзара  оқытуды,  білімді  толық 
меңгеру  технологиясын,  модульдік  оқыту  технологиясын  және  т.б.  қамтиды. 
Бұл  технологиялар  оқушылардың  жеке  ерекшеліктерін  ескеруге,  мұғалім  мен 
оқушылардың өзара әрекеттесуіндегі амалдарды жетілдіруге мүмкіндік береді.  
Бұл  оқу-әдістемелік  құралда  қарастырылатын  мәселелердің  мәнмәтінінде, 
көптеген  педагогикалық  технологиялардың  ішінен  тілдерді  оқытуда 

23
 
 
айтарлықтай  табысты  қолданылып  жүрген  СLIL  технологиясына  назар 
аударылуда.  
CLIL  өз  мәнінде  Content  and  Language  Integrated  Learning  білдіреді  –  бұл 
дегеніміз шет тілдің басқа оқу пәндерімен кіріктіріліп оқытылуын көздейді.  
CLIL негізін төрт C құрайды:  

 
CONTENT  (Мазмұн)  –  бұл  пән  саласындағы  ілгері  басатын  білімдер, 
біліктер мен дағдылар; 

 
COMMUNICATION  (Қатынас)  –  бұл  оқытуда  шет  тілін  пайдалану 
біліктері; 

 
СOGNITION  (Таным)  –  бұл  жалпы  түсінікті  қалыптастыратын  (нақты 
және абстрактілі) танымдық және ойлау қабілеттерін дамыту;  

 
CULTURE (Мәдениет) – бұл өзін мәдениеттің бір бөлігі ретінде ұғыну, 
сонымен қатар балама мәдениеттерді қабылдау.  
CLIL  –  бұл  түрлі  білімділік  мәнмәтінінде  қолданылатын  көзқарастардың 
тұтас  бір  қатарын  біріктіретін  өзінше  бір  термин.  CLIL  енгізудің  түрлі 
амалдарын  сипаттайтын  терминдердің  тұтас  бір  қатары  бар,  мысалы:  толық 
тілдік ену, ішінара тілдік ену, «тілдік нөсер» және т.б.  
CLIL-дің  негізгі  қағидаларын  анықтауда  түрлі  еуропалық  елдерде  мәдени 
және  тілдік  ортасын  қамтитын,  пәндік  және  білімділік  міндеттерді  шешуге 
бағытталған  оның  4  негізгі  қыры  бөліп  көрсетіледі.  Осы  4  қырының  әрбіреуі 
білім алушылардың жасына, әлеуметтік-лингвистикалық ортасы мен CLIL ену 
дәрежесіне қарай түрліше жүзеге асырылады.  
СLIL  технологиясы  бойынша  оқытудағы  негізгі  қағидалар  болып 
табылатындар:  
-
 
СLIL  ұғымы  шегінде  орналасқан  қағидалар.  Бұған  пәнаралық 
байланыстар, сонымен қатар тілдік құзыреттілік, тек оқуға ғана емес, сонымен 
қатар  жаңа  білімдерді  өмірде  пайдалануға,  сәйкесінше  өмірлік  мотивацияны 
арттыруға  дайындық,  табысқа  беталыс  жатады.  Осының  барлығын  CLIL 
оқытуының артықшылықтарына жатқызуға болады; 
-
 
жоғарыда  атап  көрссетілген  төрт  компонент  жүзеге  асырылатын  CLIL 
табысты сабағы;  
-
 
одан  өзге,  әр  сабақта  тілдік  дағдылардың  барлық  түрлері қолданылуы 
тиіс.  
CLIL технологиясы бойынша оқытудың мақсаттары:  
1)
 
оқытылатын пән арқылы шет ел тілін зерделеу;  
2)
 
пәнді шет ел тілі арқылы зерделеу.  
Осылайша, оқушыларды ана тілінде және оқып үйренетін тілде оқыту бір 
тұтасты  құрайды.  Ағылшын  тілі  арқылы  жаратылыстану,  биология,  химия, 
информатика, география және тағы бірқатар басқа пәндер оқытыла алады. Осы 
пәндерді  ағылшын  тілінде  оқыту  үшін  таңдап  алынуы  толық  негізделген.  Ол 
үшін бұл пәндер білім беру мазмұнының ұлттық емес құрамдасын құрайтыны 
туралы тұжырымды еске алғанның өзі жеткілікті, өйткені француз физикасынан 
өзгеше неміс физикасы (химиясы, математикасы және т.б.) жоқ және т.с.с. Бұл 
тұжырымды  тілдік  немесе  әлеуметтік-гуманитарлық  циклдағы  пәндерге 

24
 
 
қатысты  айтуға  болмайды:  олар  әрдайым  этникалық  тұрғысында  шығады, 
сондықтан  да  өзінің  жиынтық  мәнінде  білім  берудің  ұлттық  мазмұнын 
құраайды.  
Жалпы  білім  беретін  мектептерде  CLIL  әдістемесінің  негізін  келесідей 
постулаттар құрайды:  

 
тілді білу пән мазмұнын оқып білу құралы болып табылады;  

 
сабақтар  еліктіргіш  түрде  өткізіліп,  оқушылар  ғылыми  тәжірибелерді 
орындайды және түрлі эксперименттерді іске асырады;  

 
тіл жалпы білім беру бағдарламасына кіріктірілген;  

 
тілді  қызықты  тақырыптарды  талқылауға  мүмкіндік  беретіндей  етіп 
пайдалануға үйренудің мотивациясы арта түседі;  

 
сабақтар тілдік ортаға енуге негізделеді;  

 
мәтіндерді шет ел тілінде оқу қажетті дағдылар болып табылады.  
Кіріктірілген сабақтарды әзірлеу және өткізудің бірнеше кезеңдері бар:  
1. Пәндерді (біздің жағдайда олардың төртеуі тілдік емес және біреуі тілдік 
пән)  оқу  кезінде  жалпы  ұғымдарды  түсіндіруде  пәндер  бойынша  оқу 
бағдарламаларын қиыстыру. Оқу бағдарламаларын талдау, ғылыми-әдістемелік 
әдебиеттерді  ұсыну  барысында  мұғалімдермен  оны  зерделеу,  пысықтау, 
жинақтау  және  бақылау  кезінде  оқушылар  білімін  кіріктіруді  талап  ететін 
материалдар  іріктеп  алынады.  Бұл  үдерісте  терминологиялардағы,  түрлі  оқу 
пәндеріндегі  сол  бір  шамаларға  арналған  бірліктердегі  келіспеушіліктер 
жойылады.  Тақырыпты  өту  мерзімдері,  қалыптасатын  ұғымдар,  пәнаралық 
байланыстардың  түрі  және  т.б.  көрсетілген  кестені  құру  осы  жұмыстың 
нәтижесі болуы мүмкін.  
2.  Көрсетілген  пәндер  бойынша  өзара  байланысқан  тақырыптардың 
кіріктірілген  мазмұнын  қарастыру,  пәнаралық  байланысы  бар  сабақтың 
тақырыбы мен мақсаттарын таңдау.  
3. Кіріктірілген сабақтың түрін таңдау. Сабақтың жоспарын құру, бақылау 
әдістері және мектеп оқушыларының оқыту әдістері мен тәсілдерін бағалауды  
анықтау.  Оқыту  мазмұнының  өзара  әрекеттесуіне  (өзара  байланысуына), 
болашақ сабақтың уақытына алдын ала хронометражын өткізуге ерекше көңіл 
бөлінеді.  
Сабақты  жоспарлаған  кезінде  пән  мұғалімі  сабақтың  оқу  мақсаттарын 
да,  тілдік  мақсаттарын  да  тұжырымдай  алуы  керек.  Тілдік  мақсаттарды 
белгілегенде, пән мұғалімі көмек алу үшін тілдік пәндер мұғалімдеріне жүгіне 
алады.  Мұғалімдердің  мұндай  серіктестігі  сыныпта  қолайлы  білім  беру 
ортасының құрылуына мүмкіндік туғызады.  
Бірақ  ең  бастысы  –  сабақты  жоспарлау  барысында  мұғалімдер  «барлық 
мұғалімдер тілді үйретеді» деген жаһандық тұжырымды ұстануы тиіс [10].  
Пәнді-тілдік  кіріктірілген  сабақта  пәнді-тілдік  кіріктіре  оқытудың 
түбегейлі  амалдарның  бірі  мәтінмен  жұмыс  істеу  болсада,  сабақта  сөйлеу  іс-
әрекеттерінің  барлық  түрлері  болуы  керек.  Оқу  материалын  таңдап  алғанда 
оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  және  тілдік  дайындық  деңгейіне  жауап 
беретіндей,  стилі  жағынан  алуан  түрлі  түпнұсқалық  мәтіндерді  таңдау  қажет. 

25
 
 
Егер  мәтіндер  шағын  бөлімдерге  бөлінсе  және  иллюстрациялармен, 
сызбалармен,  суреттермен  және  т.б.  сүйемелденетін  болса,  жақсырақ 
қабылданады.  
Мәтіндерде  мәтіналды  (prereading)  және  мәтінсоңы  (afterreading) 
тапсырмаларды  болуы  керек.  Бұл  тапсырмалар  тек  тілдік,  сөйлеу  дағдыларын 
ғана  емес,  сонымен  қатар  когнитивтік  дағдыларды  да  қалыптастыруы  керек. 
Соңғыларына  қатысты  есте  сақтайтын  бір  жағдай,  олар  когнитивтік 
дағдыларды  қарапайым  ой  операцияларынан  (тану,  сәйкестендіру,  ұғыну
ойлаудың  күрделі  нұсқаларына  (талдау,  синтездеу,  бағалау)  қарай  өсірумен 
қалыптастыру  қажет.  Құрамында  диаграммалар  немесе  кестелер  бар  мәтіндер 
тану кезеңі үшін идеалды түрде сай келеді. Материалды мәтіннен кестеге түсіру 
оқушыға ақпаратты жіктеп, бастысын екінші дәрежелі материалдан ажыратуға 
көмектеседі.  
CLIL сабақтарында тілдік біліктер мен пәндік білімдерді дамытудың 
маңызы бірдей болғандықтан, ондай сабақ көбіне төрт сатылы сызбаға 
негізделеді:  
1.  Мәтінді  өңдеу.  Мінсіз  мәтінді  оқу  барысында  оның  визуалдылығын 
қамтамасыз ететін  безендірулер болуы керек. Шет ел тіліндегі мәтінмен жұмыс 
жасауда,  оқушыларға  мәтінмен  жұмысты  айтарлықтай  жеңілдететін,  мәтінді 
құрылымдық  белгілеу  (қатарларды,  азат  жолдарын  нөмірлеу,  бөлімдерге, 
шағын тарауларға аталым беру) қажет.  
2. Жете түсіну және алған білімдерді ұйымдастыру. Мәтіндер көбіне сызба 
түрінде  беріледі,  бұл  оқушыларға  мәтіннің  идеясын,  онда  берілген  ақпаратты 
анықтауға көмектеседі.  
3. Мәтіннің тілдік ұғынуы. Оқушылардың мәтіннің идеясын өзінің сөзімен 
жеткізе  алатынына  үміт  етіледі.  Оқушылар  қарапайым  тілдік  тәсілдерді  де, 
сонымен  қатар  айтарлықтай  алға  басқан  түрлерін  де  қолдана  алады,  бұл 
жағдайда қандай да лексиканы таңдауда анық үдеме болмауы тиіс, дегенмен де, 
мұғалімнің  оқушылардың  назарын  тақырыбы  мен  пәні  бойыша  сай  келетін 
белгілі лексикалық  бірліктерге аударуы қажет. Оған қоса, мұғалім назарын тек 
арнайы  лексикаға  ғана  емес,  сонымен  бірге  сабақтың  тақырыбы  мен  пәнге 
байланыссыз  қажет  болатын  фразалық  етістіктер,  тұрақты  сөз  тіркестері, 
салыстыру дәрежелері секілді әмбебап тілдік бірліктерге де аударуы тиіс.  
Тапсырмалар  оқушылардың  дайындық  деңгейіне,  оқыту  міндеттеріне, 
сонымен  қатар  оқушылар  талғамына  байланысты  болуы  керек.  Тыңдалымға 
арналған тапсырмалардың тізімі жобасы:  

 
тыңдап алыңыз да, диаграмма, кесте, карта және т.б. жасаңыз;  

 
тыңдап алыңыз да, кестені толтырыңыз;  

 
тыңдап алыңыз да, нақты ақпаратты табыңыз (күні, орны, уақыты);  

 
тыңдап алыңыз да, азат жолдарын дұрыс тәртібімен орналастырыңыз;  

 
тыңдап алыңыз да, кімнің сөз алғанын, оқиғаның өткен орнын және т.б. 
анықтаңыз;  

 
тыңдап  алыңыз  да,  әрекеттердің  орындалу  кезегін  анықтаңыз  (мысалы, 
нұқсаулық);  

26
 
 

 
тыңдап алыңыз да, мәтінде қалып қойған жерлерін толықтырыңыз;  

 
мәселені белгілеу: сұрақ-жауап, анықтама-термин, бөлік-тұтас;  

 
қалып  қойған  жерлерін  толтыруға  жататын  тапсырмалар  (көбіне 
сұрақтары бар парақшалар таратылады);  

 
нақты ақпаратты іздестіруге бағытталған тапсырмалар;  

 
сөзді табуды көздейтін ойындар;  

 
мәтін  бойынша 20 сұрақ  қойыңыз, бұл  арада  әр  түрлі сұрақтар көрнекі 
схема түрінде болады;  

 
визуалды қатарымен бекітілген жұмыстың ауызша тұсаукесері.  
4.
 
Мәтіннің  пәндік  бағдарлануы,  яғни  ағылшын  тіліндегі  мәтіндер  ҒЖЦ 
пәндерінің  лексикалық  материалдарынан  құрылуы  тиіс,  тек  сонда  ғана  пәндік 
және тілдік құзыреттіліктің дамуы пайда болады.  
Сонымен қатар сабақтарда аудио- және бейнематериалдарды пайдалануға 
болады.  Мұғалім  сабақты  материалдың  бір  бөлігі  аудиомәтін  түрінде 
ұсынылатындай,  ал  оқытудың  ізденіс  әдістерін  қолданумен  материалдың 
диалог  пен  сұхбат  арқылы  келетіндей  етіп  жоспарлауына  болады.  Оған  қоса, 
тыңдалым жазбаша тапсырмаларымен де үйлестіре алады (кестелерді толтыру, 
сызбаларды құру, өткізген жерлерін қалпына келтіру).  
CLIL әдістерін пайдалануда мұғалім келесілерді ескеруі тиіс:  

 
білімділік ортасы үш тілдің зерттелуіне және жетілуіне ықпал етуі тиіс; 

 
сабақтардың  кестесін  құрастыруда  тілдік  және  тілдік  емес  пәндер 
мұғалімдері арасындағы әріптестікті ұйымдастыру уақытын анықтау қажет;  

 
әдістемелік бірлестіктердің жұмысын жоспарлағанда, тілдік және тілдік 
емес  пәндер  мұғалімдері  әдістемелік  бірлестіктерінің  өзара  әрекеттесу 
жоспарын түзу қажет;  

 
тілдік  және  тілдік  емес  пәндер  мұғалімдерінің  арасында  сабақтарға 
өзара ену ісін ұйымдастыру;  

 
тілдік  ортаны  құру  үшін  мектептегі  тәрбие  жұмысының  жоспарына 
мақсатты тілдердегі сыныптан тыс іс-шараларды қосу қажет.  
Нақты әдістемені қолданудың негізінде келесі ой жатыр: тілді және пәнді 
біріктіріп оқыту, ең алдымен, толық және ішінара үңілу шарттарымен мақсатты 
тілдерде тілдік құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған.  
Бұл  ішінара  үңілуде  химия,  биология,  физика  және  информатика 
сабақтары  оқыту  тілінде  (қазақ  немесе  орыс),  бірақ  сабақ  барысына  ағылшын 
тіліндегі  терминдердің  өте  мұқият  ойластырылған  «енгізілулермен»  өтетінін 
білдіреді. Бұл жағдайда енгізілетін терминдердің мәнін түсіндіру оқыту тілінде 
өтеді.  Нақты  терминдердің  ағылшын  тіліндегі  түсіндірмесі  оқыту  тілінде 
беріледі.  
Осыдан тілдік және тілдік емес пәндер мұғалімдері өз сабақтарын даярлау 
барысында  ҒЖЦ  пәндерінің  мұғалімдері  терминнің  ағылшын  тіліндегі 
баламасын  дұрыс  ұсынуы  үшін  өзара  әріптестікте  болуы  тиіс,  ал  нақты 
терминді пайдаланумен сөйлемдер мен мәтіндер конструкцияларын құру – бұл 
ағылшын  тілі  мұғалімінің  міндеті,  ол  міндеттер  ағылшын  тілі  сабақтарында 
шешіледі. 

27
 
 
Толық  енуде  тұтас  сабақ  (химия,  физика,  биология,  информатика) 
мақсатты  тілде,  яғни  ағылшын  тілінде  жүргізіледі  (Қазақстанда  кіріктірілген 
оқытудың ондай нұсқасы тек жоғары сыныптарда жоспараланады).  
Ондай  сызбаны  көрнекі  көрсету  үшін  оқу-әдістемелік  құралдың  осы 
тарауында келесілер ұсынылады:  

 
әрбір пән мен сынып бойынша терминдер тізімі;  

 
сабақтардың жоспары, немесе қысқа мерзімді жоспарлар.  
Кіріктіріп  оқытудың  көрекілігі  ретінде  оқу-әдістемелік  құралданың  осы 
бөлімінде: 
-
 
әр пән және әрбір сынып бойынша терминдер тізімі; 
-
 
пәндер  бойынша  сабақтың  жоспары  немесе  қысқа  мерзімді  жоспарлары 
ұсынылады.    
Әрі қарай келесі пәндер бойынша терминологиялар берілген: 
-
 
5-9 сыныптар үшін  «Информатика» (2-кесте) [17]; 
-
 
7-9 сыныптар үшін  «Физика» (3-кесте) [18]; 
-
 
7-9 сыныптар үшін  «Химия» (4-кесте) [19]; 
-
 
7-9 сыныптар үшін  «Биология» (5-кесте) [20]; 
-
 
5-6 сыныптар үшін  «Жаратылыстану» (6-кесте) [21].    
  
2-кесте  –  5-9  сыныптарға  арналған  «Информатика»  пәні  бойынша 
терминология 
  
5-сынып 
Бөлім 
Терминдер 
Қазақ тілінде 
Ағылшын тілінде 
Компьютер және 
қауіпсіздік 
маңызды құрылғылар 
important equipment 
процессор 
central processing unit 
қатты диск
 
hard disk 
Интернеттегі 
қауіпсіздік 
көшірме жасау 
copying 
орнату 
setting 
өзгерту 
altering 
жүктеу 
download 
құпия сөз 
passcode 
Ақпарат және оның 
өңдеу 
ақпарат 
information 
программалық қамтамасыз ету 
software 
растрлық кескіндер 
pixel image 
құру 
design 
өңдеу 
editing 
Біздің өміріміздегі 
алгоритмдер 
анықтама 
specification 
алгоритм 
algorithm 
команда 
instruction 
командалар жүйесі 
set of instructions 
Әңгімелесеміз және 
программаны 
жасаймыз 
тармақталу командалары 
branch instruction 
цикл командалары  
cycle instruction 
программалау 
programming 
ойын программалау ортасы 
game framework of 
programming 

28
 
 
Жобаны құру және 
тұсаукесері 
анимация 
animating 
нысандар анимациясы 
animation of objects 
оқиғалар анимациясы 
animation of events 
бет параметрлері 
parameters of page 
алдын ала көру 
previewing 
құжатқа құпия сөз орнату 
set passcodes on documents 
6-сынып 
Компьютерлер 
жүйесі мен желілер 
эргономика 
ergonomic 
есептеуіш техника 
computing hardware 
компьютердің негізгі құрылғылары 
basic hardware of a computer 
операциялық жүйе 
operating system 
сымсыз байланыс 
wireless communication 
Мәтіндік 
құжаттардағы 
сілтемелерді 
ұйымдастыру 
гиперсілтеме 
hyper link 
атау 
contents 
түсіндірме 
footnote 
сілтеме 
reference 
Мәтіндік ақпаратты 
ұсыну 
мәтіндік ақпарат 
text information 
кодтау 
code 
кодтан шығару 
decode 
шифрлау әдістері 
cipher method 
екілік түр 
binary form 
Компьютерлік  
графика 
векторлық бейнелер 
vector based image 
растрлық графика 
bitmap graphics 
векторлық графика 
vector graphics 
Компьютерлік 
ойындар  қалай 
құрастырылады? 
компьютерлік ойындар 
computer games 
блок-схема 
block diagram 
Компьютерлік 
ойынды құру 
ойын әзірлеу кезеңі 
stage of the game 
development 
ойын программалау ортасы 
game framework for 
programming 
7-сынып 
Ақпаратты өлшеу 
және компьютер 
жады 
өлшеу бірліктері 
measurement units 
ақпаратты өлшеу бірліктері 
measurement units of 
information 
ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа 
өлшем бірліктеріне ауыстыру 
transferring from one 
measurement units of 
information to another one 
компьютерлік жады 
memory storage 
түрлі форматтар 
different formats 
түрлі форматтардағы файлдар 
files of different formats 
файлдар көлемі 
file sizes 
түрлі форматтағы файлдардың көлемі  file sizes of different formats 
бірдей ақпарат 
similar information 
Тапсырмаларды 
электронды 
кестелердің көмегімен 
шешу 
компьютерлік желілерді топтастыру 
classify computer networks 
зиянды программалар 
malicious software 
компьютерді зиянды 
программалардан қорғау 
protect computer from 
malicious software 
мәтіндік процессор 
word processor 
мәтіндік процессордағы кестелер 
tables in word processor 

29
 
 
электронды кесте 
electronic table 
форматтау 
Formatting 
мәліметтер форматы 
data format 
шартты форматтау 
conditional formatting 
Шешімдерді 
бағдарламалау 
программалау жүйесі 
programming system 
программалау тілдері 
programming languages 
жобаның интерфейсі 
project interface 
сызықтық алгоритмдер 
linear algorithm 
тармақталу алгоритмдері 
branching algorithms 
сызықтық алгоритмдерді 
программалау 
programming linear algorithm 
тармақталу алгоритмдерін 
программалау 
programming branching 
algorithms 
кіріктірілген орта 
integrated environment 
құрамды шарттарды программалау 
programming compound 
condition 
Нысандар мен 
оқиғаларды модельдеу 
үш өлшемді модельдер 
three-dimensional model 
нысандардың 3D редакторындағы 
модельдері 
models of objects in 3D editor 
оқиғалардың 3D редакторындағы 
модельдері  
models of events in 3D editor 
редакторға кіріктірілген нысандар 
objects built in editor 
нысандардың үш өлшемді модельдері   three-dimensional model of 
objects  
оқиғалардың үш өлшемді модельдері  three-dimensional model of 
events 
8-сынып 
Компьютер мен 
жүйелердің 
техникалық 
сипаттамалары  
ақпарат көлемі 
data amount 
алфавиттік амал 
alphabetic approach 
ықтималдық амал 
probabilistic approach 
процессор 
processor 
процессордың қызметі 
functions of processor 
процессордың негізгі сипаттамасы 
basic characteristics of a 
processor 
компьютерлік жүйелер 
computer networks 
Денсаулық және 
қауіпсіздік 
электронды құрылғылар 
electronic equipment 
жүйедегі қауіпсіздік 
internet safety 
Ақпаратты 
электронды 
кестелерде өңдеу 
абсолютті сілтеме 
absolute link 
салыстырмалы сілтеме 
relative link 
кіріктірілген функциялар 
built-in functions 
программалық қамтамасыз етудің 
жіктелуі 
classification of software 
жүйелік программалық қамтамасыз 
ету 
systematic software 
қолданбалы программалық 
қамтамасыз ету 
applied software 
программалау жүйесі 
systems of programming 
кіріктірілген ортаның компоненттері  components of integrated 
environment 
таңдау операторлары 
selection statement 
қайталау операторлары 
iterative statements 

30
 
 
параметрлі цикл 
for loop 
соңғы шартты цикл 
post-test loop 
алғы шартты цикл 
pre-test loop 
алгоритм трассировкасы 
tracking algorithm 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал