Учебно-методическое пособие Integrated learning to English language



жүктеу 5.01 Kb.

бет2/26
Дата29.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

 
 
 
 
 
 
 

12
 
 
2 Кіріктіріп оқытуды ұйымдастырудың түрлері 
 
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері – бұл: 
–  тұрақты  және  логикалық  шегіне  жеткен  педагогикалық  процесті 
ұйымдастыруға  тән  жүйелілік  және  тұтастықтың,  оқушылар  құрамының 
қалыптылығының, өткізудің белгілі тәртібінің болуы; 
–  белгілі  тәртіп  пен  мерзімде  жүзеге  асырылатын  мұғалім  және 
оқушылардың келісілген іс-әрекеттері көрінісінің болуы [7]. 
Классикалық  дидактикада  оқытудың  ұйымдастыру  түрлерінің  жалпы 
ережелерінде,  мектепте  оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі  формасы  –  сабақ 
болып табылады деген пайымдау бар. Сабақ дегеніміз: 
–  кеңістіктік-уақыттық  анықтылық  (сабақтың  режимі,  сабақтың  өтетін 
орны, оқушылар мен мұғалімдер құрамы); 
– сабақтың құрылымы және жұмыс кезеңдерінің бірізділігі
– оқушылардың өз беттерінше жұмыс істей білулерінің жеткілікті деңгейі;  
– сабақтың дидактикалық мақсаты. 
Сабақтың 
негізгі 
қызметі: 
ықпалдастық, 
коммуникативтілк, 
басқарушылық. 
Сонымен  қатар  заманауи  дидактикада  дәстүрлі  және  стандартты  емес 
сабақтарды  бөліп  көрсету  қарастырылады.  Стандартты  емес  сабақтардың 
қатарына  іс-әрекеттің  әртүрлі  түрлерін  қамтитын,  танымдық  қызығушылықты 
арттыратын,  қиялдауды,  ойлауды,  зейінді  дамытатын,  оқушылардың 
шаршағандықтарын,  артық  күш  жұмсауларын  болдырмайтын  кіріктірілген 
сабақтар жатады. 
Кіріктіру 
өзін-өзі 
танытуға, 
өз 
ойын 
білдіруге, 
мұғалімнің 
шығармашылығн жүзеге асыруға, оқушылардың қабілеттерін ашуға мүмкіндік 
береді.  Кіріктіру  оқушылардың  түрлі  пәндерден  жүргізген  бақылаулары 
бойынша  жасаған  қорытындыларын  нақтылаудың  және  тереңдетудің,  жаңа 
фактілер табудың қайнар көзі болып табылады. 
Егер  дәстүрлі  сабақ  оқушыларды  біліммен  қаруландыруға  және  негізінен 
түсіндіру-көрнекілік әдісінде құрылатын жалпы білім беру міндеттерін шешуге 
бағытталған  болса,  ал  кіріктірілген  сабақтар  оқытудың  түрлі  әдістерінің  және 
құралдарының  үйлесуі  негізінде  құрылып,  сонымен  қатар  ғылыми-
жаратылыстану бағыты пәндері мен ағылшын тілі пәнінің көптеген міндеттерін 
шешеді.  Кіріктіру  барысында  түсіндіру-көрнекілік,  іздеу,  зерттеу  әдістері, 
пікірталас,  білімнің  түрлі  дереккөздері,  теледидар  бағдарламалары,  кино 
үзінділері,  мультимедиа  курстары,  интернет-технологиялары,  оқыту  мен 
бақылаудың  басқада  техникалық  құралдары  қолданылады.  Сонымен  қатар 
топтық, ұжымдық, жұптық, жеке жұмыс түрлері кеңінен қолданылады [8]. 
Бұндай сабақтарда танымдық міндеттерді, ұсыныстар жасауды, оқушының 
шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көп жағдай жасалады. 
Тіл  мен  пәнді  кіріктіріп  оқыту  ең  алдымен  тілдік  іс-әрекеттің  төрт  түрін 
(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгеруге бағытталған. 
Ғылыми-жаратылыстану  бағытындағы  пәндерді  оқыту  контексінде 

13
 
 
Қазақстандағы  мақсатты  тіл  –  ағалшын  тілі  болып  саналатынын  тағы  да  еске 
салайық. Сондықтан да кіріктіріп оқытуда негізгі орынды шет (біздің жағдайда 
– ағылшын) тілі сабақтары алады.  
Шетел тілі сабақтарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Қазіргі кезде басқа 
мәдениеттердің  әңгімесіне  араласу  және  олардың  мәдениетіне  араласу  шетел 
тілін  меңгерудің  жаһандық  мақсаты  болып  саналады.  Мәдениетаралық 
коммуникация  қабілетін  қалыптастыру  арқылы  бұл  мақсатқа  жетуге  болады. 
Басқа  тілді  коммуникацияға  оқыту  арналған  коммуникативтік  сипаттағы 
тапсырмалар  негізінде  ұйымдастырылған  оқыту,  шет  тілінің  заманауи 
сабағының ерекше өзгешелігі болып табылады.  
Басқа  тілді  коммуникация  тілдік  іс-әрекет  теориясына  негізделеді.  Шет 
тіліне  коммуникативтік  оқыту  іс-әрекеттік  сипатқа  ие,  себебі  тілдесу  «тілдік 
қызмет»  арқылы жүзеге  асырылады, ол  өз  кезегінде  «өзара  әлеуметтік  қарым-
қатынас» жағдайындағы адамның табысты іс-әрекетінің міндеттерін шешу үшін 
қажет.  Басқа  тілді  коммуникацияда  тілдесуге  қатысушылар  шет  тілінің 
көмегімен бірлескен іс-әрекеттің міндеттерін шешеді. 
Сол  себепті  де  оқушылардың  өзара  қарым-қатынастарының  және 
ынтымақтастықтарының,  сонымен  қатар  тілдің  коммуникативтік  шартын 
ұйымдастыруға  арналған  тілдік  тапсырманың  маңыздылығын  атап  өту  қажет. 
Коммуникативтік  оқыту  оқушыларды  басқа  мәдени  кеңістікке  «кіруге» 
бағыттайтын  тілдік  байланысқа  іштей  дайын  болуды  және  қабілеттілікті 
қамтиды.  Бұндай  оқыту  үшін  ең  алдымен  сабақты  өткізудің  дәстүрлі  емес 
формалары тән. Бұл жерде сөз кіріктірілген оқыту, яғни бинарлы сабақтар және 
пәнаралық  байланысты  кеңінен  қолданып  өткізілетін  сабақтар  туралы  болып 
тұр.  
Оқытудың бинарлық моделі екі мұғалімнің өзара қарым-қатынас жасауын 
қарастырады.  Бұндай  сабақтарды  құрастыру  барысында  байланысты  пәндер 
мұғалімдерінің  ынтымақтасып  жұмыс  істеуі  емес,  тілдік  пәннің  және  тілдік 
емес  пәннің  мұғалімдерінің  бірігіп  сабақ  өткізуі  негізгі  қиындықты  туғызады. 
Бинарлық  сабақтың  әдістемесі  дәстүрлі  сабақ  тақырыптарының  әдісінен 
ерекшеленеді, яғни кез келген тақырып бойынша екі мұғалім бір мезгілде сабақ 
өткізеді.  
Мұндай сабақ өткізу барысында келесідей негізгі мақсаттар орындалады: 
1.  Оқу  процесі  барысындағы  оқушылардың  іс-әрекетіне  қойылатын 
талаптар бірлігінің және туындаған проблемаларды қарастыру тәсілінің бірдей 
орындалуы.  
2.  «Химия  (физика,  биология,  информатика)  мұғалімі  –  ағылшын  тілі 
мұғалімі 
– 
оқушылар» 
үшбұрышының 
тілдесуінен 
туындаған 
қызығушылықтың  әсерінен  оқу  материалын  қабылдау,  бақылау  белсенділігі 
артады,  сезімдік  және  логикалық  ойлау  жанданады,  қиялдың  жұмыс  істеуі 
қарқыны ұлғаяды. 
3. Оқушылардың түрлі нұсқаларда берілген теориялық білімді: жедел және 
жан-жақты ойланған нақты шешім қабылдауды стандартты емес жағдаяттарда 
пайдалана білу білігін тәрбиелеу.  

14
 
 
Бинарлық сабақ өткізу барысында екі мұғалімнің іс-әрекетінің сәйкестігін 
келесі нұсқада ұсынуға болады (1-кесте): 
 
1-кесте. Бинарлық сабақ өткізу барысындағы сәйкестік 
 
 
Тілдік емес пән мұғалімінің іс-әрекеті 
 
 
Ағылшын тілі мұғалімінің іс-әрекеті 
 
Мақсат қою 
 
Өткен  сабақтардың  материалдары 
бойынша оқушыларды сұрау 
 
Орындалған 
тілдік 
дағдылардың 
меңгерілу сапасын тексеру 
Оқылатын  тақырыптың  теориялық 
сұрақтарын  баяндау.  Оқушылардың 
сұрақтарына жауап беру 
Ағылшын  тілінде  тілдік  іс-әрекеттің 
төрт  түрін  дамытуға  арналған  оқу 
тапсырмаларын  орындау  барысында 
тақырып 
бойынша 
теориялық 
тапсырмаларды 
пайдаланудың 
тәсілдерін түсіндіру 
 
Сабақтың  теориялық  материалын  қабылдау  және  тілдік  құзыреттіліктерді 
меңгеру деңгейінің сапасын бақылау  
 
Оқушылардың 
практикалық 
жаттығуларды түсініп орындауларын, 
теориялық 
тапсырмаларды 
тәжірибеде  дұрыс  пайдалануларын 
бақылау  
 
Тілдік  дағдыларға  жаттығу  процесі 
барысында  оқушыларға  ағымдық 
нұсқаулықтар беру 
 
Тақырыпты  аяқтау  барысында  қорытындылау,  бекіту  сабағы  ретінде 
бинарлы  сабақ  өткізу  өте  тиімді  болып  табылады.  Біріккен  жұмыс  барысында 
мұғалімдер оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жақсы байқайды. 
Дәстүрлі формалармен салыстырғанда бұндай сабақтарда оқу материалын 
неғұрлым терең және сапалы меңгеруге жағдай жасайтынын тәжірибе көрсетіп 
отыр.  Бинарлы  сабақтар  оқушыларға  теориялық  дайындыққа  жаңаша 
көзқараспен  қарауға  және  оны  зерделеудің  теориялық  білімді  нақты  өмірде 
пайдалану үшін қажет екенін түсінуге көмектеседі. 
Алайда, кез-келген жағдайда, барлық кіріктірілген сабақтардың типі ортақ 
болады. бұл сабақтар: 
–  оқу  бағдарламасымен  қарастырылған  ұғымдарды,  жаңа  фактілерді 
оқушылардың меңгеруі бойынша жұмысты ұйымдастыруға бағытталған жаңа 
білім қалыптастыру; 

15
 
 
–  оқу  бағдарламасына  сәйкес  оқушылардың  бойында  нақты  біліктер  мен 
дағдыларының  қалыптастыруға  бағытталған  біліктер  және  дағдыларға 
үйрету; 
– білімді тәжірибеде қолдана білу
–  оқу  тоқсанының,  жылының  аяғында  немесе  бағдарламаның  ірі 
тақырыптарын 
зерделеу 
барысында 
білімді 
тереңірек 
меңгеруге, 
қорытындылаудың  және  жүйелеудің  жоғары  деңгейіне  бағытталған  білімді 
қайталау, жүйелеу және жинақтау, біліктерді бекіту; 
– білім, білік және дағдыларды кешенді, ауызша және жазбаша бақылауды 
жүзеге асыратын білімдер және біліктерді бақылау және тексеру сабақтарын 
іріктеу. 
Алайда  кіріктіріп  оқытудың  мәні  оқытуды  ұйымдастырудың  түрлерін 
дұрыс және педагогикаға негізделген таңдауға байланысты болады, ол білімдік, 
дамытушылық,  тәрбиелік  мүмкіндіктердің  әрқайсысын  терең  және  жан-жақты 
талдаумен қамтамасыз етеді. 
Басқаша айтқанда, кіріктірілген сабақтың келесідей заңдылықтарын қатаң 
сақтау қажет: 
– сабақтың барлық кезеңі автордың түпкі ойына бағынышты; 
– сабақ негізгі оймен (сабақтың өзегі) біріктіріледі; 
–  сабақ  біртұтастықтан  тұрады,  сабақтың  кезеңдері  –  бұл  тұтастың 
үзінділері немесе кезеңдері
–  сабақтың  кезеңдері  мен  компоненттері  логикалық-құрылымдылық 
тәуелділікте болады; 
–  сабақ  үшін  іріктеліп  алынған  дидактикалық  материал  сабақтың  түпкі 
ойына сәйкес келеді; 
–  аталған  заңдылықтарды  сақтау  сабақты  ғылыми-іскерлік  құрылым 
ретінде  қарастыруға  мүмкіндік  береді,  онда  мазмұндылық  көзқарас 
тұрғысынан:  білімдер  және  біліктер  кешені  және  олармен  еркін  жұмыс  істеу; 
оқылған  мен  оқылатынның  ара  қатынасы;  жекелеген  сынақтарды  жалпы  бір 
сынаққа біріктіру; кемшіліктердің алдын алу маңызды болып табылады. 
Тіл  мен  пәнді  кіріктіріп  оқыту  жағдайында,  тілді  білу  пәннің  мазмұнын 
зерделеудің құралы болып табылатынын есте сақтау қажет. Бұл жағдайда зейін 
арнайы  мәтіндердің  мазмұнына,  сонымен  бірге  пәнге  қажетті  терминдерге  де 
аударылады.  
Тіл  оқыту  бағдарламасына  кіріктірілген,  ал  тақырыптық  материалды 
талқылау  үшін  тілдік  ортаға  ену  қажеттілігі  оқылатын  тақырып  аясында  тілді 
қолдануға  ынталандыруды  айтарлықтай  арттырады.  Бұндай  сабақтар  білімді 
меңгеруді  ынталандыру  және  пәндік  қажетті  біліктерді  дамыту  бойынша  көп 
жұмыс жүргізуді қарастырады. Бұған тек қана нақты пәнді зерделеу және тілді 
оқыту  үшін  қажетті  арнайы  іріктеліп  алынған  мәтіндерді  оқу  мүмкіндік 
жасайды,  олар:  лексикалық  және  грамматикалық  бірліктер  мен  құрылымдар, 
тілдік  іс-әрекеттің  барлық  түрлері:  оқылым,  айтылым,  жазылым  тыңдалым. 
Жұмыс  барысында  оқушылардың  қарастыратын  тілдік  материалының  көлемі 
едәуір  көп,  балалар  пәндік  қажетті  терминдермен  өздерінің  сөздік  қорларын 
толықтырады.  

16
 
 
Мұғалім  сабақтардың  пәндік  мазмұнын  ойластыруы,  оқу  курсының 
құрылымымен  сәйкестендіруі  және  түрлі  ресурстарды  қолдану  арқылы,  нақты 
пән  бойынша  оқылғанды  толықтыратын  немесе  қайталайтын  материалды 
мұқият іріктеуі қажет.  
Сонымен  қатар  тапсырмалардың  түрлерін  күрделілік  деңгейіне,  пәндік 
мазмұнға  сәйкес,  оны  түсінуге,  тексеруге  және  болашақта  талқылауға 
болатындай негіздеп әзірлеуі тиіс.  
Кіріктірілген сабақта келесі элементтер болуы тиіс: 
–  сабақтың  оқу-әдістемелік  міндеттері:  кіріспе,  бекіту,  ағылшын  тілді 
материалды жандандыру, қорытынды бақылау жұмысы; 
–  оқу  материалдары  мазмұнының  тақырыптары:  мәтін,  ауызша  тақырып, 
жаттығулар, жағдаяттар, әдістемелік тәсілдер, тілдік материал; 
– сабақтың жабдықталуы: көрнекілік, дидактикалық материалдар, сонымен 
қатар қолданылатын оқу-әдістемелік кешен компоненттері, АКТ; 
–  мақсатты  қою:  дағдыларды  және  ағылшын  тілді  тілдік  іс-әрекеттерді 
дамытуды  (тыңдалым,  айтылым  –  монологтік,  диалогтік  тілдесу,  оқылым, 
жазылым)  қалыптастыруға  бағыттау;  оқушыларды  тілдік  аспектілерді  (сөздің 
айтылуын,  лексиканы,  грамматиканы)  меңгерулеріне  бағыттау;  сабақтың 
кешенді мақсаттары (ағылшын тілінде тілдесуге үйрету, ағылшын тілін қолдану 
арқылы танымдық іс-әрекетке оқыту); 
–  сабақтың  тәрбиелік  мақсаттары:  адамгершілік,  эстетикалық,  еңбекке 
баулу,  өркениетті  тұлға,  ойлау,  тілдесу,  сезім  және  тәртіп  мәдениетін 
тәрбиелеу; 
–  сабақтың  жалпы  білім  беру  мақсаттары:  танымдық,  елтанымдық, 
лингвистикалық-елтанушылық, лингвистикалық ойлауды дамытушылық; 
–  сабақ  мақсаттарының  оқу  тақырыбын  зерделеудегі  оның  орнына, 
ағылшын  тілін  оқыту  бағдарламаларының  және  сол  сыныпқа  арналған  оқу 
жоспарының талабына сәйкестігі; 
–  ұйымдастыру  кезеңі:  оқушылардың  «ағылшын  тілі»  пәніне  ауысуының 
тиімділігі;  мұғалімнің  оқушылармен  ағылшын  тілінде  әңгімелесуі;  мұғалімнің 
сыныпқа  дайындық  туралы  сұрағы;  осы  сабақта  жүргізілетін  жұмыстың 
(жоспардың) 
сипаты 
туралы 
хабарлама; 
оқушыларды 
практикалық 
(коммуникативтік,  танымдық)  тәрбиелік,  жалпы  білім  беру  мақсаттарына 
жетуге  бағыттау;  мұғалімнің  оқушылармен  байланыс  орнатуы;  мұғалімнің 
оқушылармен  шағын  әңгімелесуді  қолдануы;  сыныпта  шығармашылық, 
іскерлік, тілектестік қарым-қатынас орнатуға арналған басқа да педагогикалық 
және әдістемелік тәсілдерді қолдануы, сабақтың оқу тақырыбы бойынша тілдік 
жаттығу  материалдарын  қолдану  және  тілдік  жаттығуларды  сабақтың 
мақсатына жетуге бағыттау
–  фонетикалық  жаттығулар:  сабақтың  негізгі  практикалық  мақсаттарына 
жетуге  бағыттау;  оқушыларды  тілдік  жаңа  материалмен  жұмыс  істеуге 
дайындау; фонетикалық дағдыларды дамыту; 
–  үй  тапсырмасы:  тапсырманы  сабақта  тексеру,  жаңа  оқу  материалымен 
жұмыс  істеу  барысында  оны  бақылау;  үй  тапсырмасының  орындалу  сапасы; 
тапсырманың  орындалмау  жағдайларын  оны  тексеруді  бастауға  дейін  есепке 

17
 
 
алу;  тапсырманың  орындалуына  мұғалімнің  түсінік  беруі,  оны  тексерудің 
түрлерін  қолдану;  ағымдағы  (келесі)  сабақ  барысында  кемшіліктердің  орнын 
толтыру  тәсілдері;  дағдылар  мен  біліктерді  қалыптастыруды  қамтамасыз  ету; 
үй  тапсырмасын  орындау  барысында  туындайтын  қиындықтарды  есепке  алу; 
бір  үлгідегі қателерді  талдап қорыту;  бұл  қателіктерді  болдыратын  себептерді 
түсіндіру; оларды жеңіп шығудың тиімді тәсілдерін қолдану; қателерді түзету; 
үй тапсырмасын тексеру барысындағы әдептілік және ізгі ниеттілік жағдайы
–  жаңа  материалды  кіргізу:  жаңа  материалды  кіргізу  формасы;  индукция 
(дедукция)  әдісін  қолдану;  тақтаны,  оқулық  материалын  қолдану;  пәндік, 
бейнелі  көрнекіліктерді,  жаңа  материалдың  тілдік  бірліктерінің  мағыналық 
мәнін  талдау  үшін  түсіндіруді,  анықтамаларды,  тасымалды,  мәнмәтінді, 
жағдаяттарды  қолдану;  оқыту  сатысының  тілдік  бірліктердің  сипатына  сәйкес 
келуі,  кіргізілетін  материалдың  күрделілігі,  оны  меңгерудің  мақсаттары; 
оқушылардың іс-әрекеттің шамалау негізін меңгерулерін қамтамасыз ету, тілдік 
жаңа  материалды  түсіндіру  барысында  білімді  меңгерулері;  тілдік  жаңа 
бірліктерді  түсінуді  бақылау;  оқушылардың  тілдік  бірліктерді  сөйлемдер 
мәнмәтінінде қолданулары; 
–  тілдік  жаңа  материалды  меңгеруді  қамтамасыз  ету:  тілдік  іс-әрекеттің 
әртүрлі түрлеріне арналған тілдік, шартты-сөйлеу және сөйлесу жаттығуларын 
пайдалану;  жаттығулардың  түрлі  типтерінің  өзара  тиімді  қатынасын  сақтау 
(тілдік,  шартты-сөйлеу  және  сөйлесу),  ауызша  және  жазбаша,  бағдарламалық 
және бағдарламалық емес, проблемалық және проблемасыз, ОТҚ және бейнелі 
көрнекіліктерді қолдану; 
– тыңдалымға үйрету: қойылған мақсатқа жету үшін мұғалімнің қолданған 
тәсілдері;  аудиомәтінмен  жұмыс  істеу  кезеңдерінің  әдістемелік  негізделуі; 
мәтінді  қабылдауға  (тілдік  қиындықтарды  болдырмау,  тілдік  тапқырлыққа, 
алдын-ала 
білуге 
үйрету) 
дайындықты 
ұйымдастыру; 
қабылдау 
қызығушылығын  ынталандыратын  мақсатты  тапсырма  қою;  магнитофон 
(күйтабақ  ойнатқыш)  қолдану;  тыңдауды  тиімді  пайдалану;  көзбен  көру, 
көркем  бейне,  суретті  көрнекіліктерді  және  тілдік  және  мағыналық  тіректерді 
пайдалану; жұмыстың нәтижесі;  
– айтылымға үйрету: сөйлеуге арналған диалог-үлгілер, мәтіндер (ауызша, 
жазбаша),  материалдарды  іріктеу;  ОТҚ,  көрнекіліктер  пайдалану;  оқушыларға 
көмек  ұйымдастыру  және  диалогтік  (монологтік)  пікір  айтуды  құрастыруды 
басқару;  тірек  түрлерін  (жоспар,  логикалық-синтаксистік  сызбанұсқа,  тірек 
сөздер,  бастамасы  және  соңы  және  т.б.)  қолдану;  мұғалімнің  қолданған  ойын 
тәсілдері мен проблемалық тапсырмаларының тиімділігі;  
–  оқуға  үйрету:  оқу  техникасы  дағдыларын  және  оқығанды  түсіну 
біліктерін  қалыптастыру;  мәтін  алды,  мәтін  кезіндегі  және  мәтіннен  кейінгі 
кезеңдерде түрлі тәсілдерді, тапсырмаларды және жаттығуларды қолдану; мәтін 
бойынша  жұмыс  істеудің  әр  кезеңі  міндеттерінің  дұрыс  шешілуі;  түсінуді 
бақылауға арналған (ұсынылған сұрақтардың дұрыс жауабын табу, тірек сөздер 
негізінде мәнмәтінді суреттеу, азат жолға ат қою) тиімді әдістемелік тәсілдерді 
пайдалану;  мәнмәтінді  ауызша  сөйлеуді  дамытуға  арналған  негіз  ретінде 

18
 
 
қолдану,  оқытудың  бұл  сатысында  мәтінді  осылайша  қолданудың 
мақсаттылығы; жаттығулардың тиімділігі;  
–  жазуға  үйрету:  тәсілдер  мен  тапсырмаларды  қолданудың  дұрыстығы; 
оқытудың  мақсатымен  сәйкестігі  (шығармада  жазбаша  мазмұндау,  диалогтегі 
қақпа  сөздердің  кеңеюі,  хат,  аннотация  жазу;  аудару,  болашақта  хабарлама, 
баяндама  жасаудың  жоспарын  құрастыру,  неғұрлым  маңызды  сөйлемдерді 
анықтау,  жоспар,  тезистер,  тірек  сөздер  және  сөз  тіркестерін  оқу  процесінде 
конспект құрастыру); 
– сынып жұмысы түрлерін қолдану: жеке және топтық, жеке және жұптық 
жұмыстардың  ара  қатынасы;  түрлі  тапсырмалар  қолданудың  тиімділігі;  өзара 
оқу  әрекетінің  түрлері  (оқушы  –  мұғалім,  оқушы  –  оқулық,  оқушы  – 
магнитофон,  оқушы  –  диапозитив  немесе  сурет,  оқушы  –  оқылатын  тіл  елінің 
нақты өмірі, оқушы – оқушы); 
–  есепке  алу,  бақылау  және  бағалау  құралдары:  оқушылардың  ағылшын 
тіліндегі  материалдарды,  ағылшын  тілінде  сөйлеу  дағдылары  мен  біліктерін 
меңгеру  деңгейі;  сұрақ-жауап  жұмысының,  жаттығулар  мен  тапсырмалардың 
орындалуының,  тестілеу,  суреттермен,  таратпа  материалмен  жұмыс  істеудің 
тиімділігі; 
–  келесі  сабаққа  арналған  тапсырма:  тапсырманы  түсінуді  бақылау;  оны 
орындау  бойынша  ұсыныстар,  тапсырмаларды  сыныпта  оқушылардың 
жартылай  орындауы;  сөйлеу  іс-әрекетінің  түрлерін  енгізу;  тапсырмалардың 
формалды, рецептивті, репродуктивті және продуктивті түрлерінің арасындағы 
өзара  қатынасының  дұрыстығы;  меңгерілген  материалдарды  бекіту; 
оқушыларды келесі сабаққа дайындау; 
–  сабақтың  қорытынды  бөлімі:  мұғалімнің  оқушылармен  әңгімелесуі; 
сабақтың  жоспарына  кірмейтін  сұрақтарға  жауап  беру;  әр  оқушының 
жұмысына жан-жақты баға беру; баға қою; 
–  жалпы  дидактикалық  ұстанымдарды  сақтау:  саналылық,  практикалық 
бағытталғандықты,  қарапайымнан  күрделіліге,  белгіліден  белгісізге,  нақтыдан 
абстрактылыға.  
Әдістемелік  ұстанымдарды  жүзеге  асыру:ағылшын  тіліне  оқытудың 
коммуникативтілік  бағытталғандығы,  ауызша  негізі  (ауызша  озық  жүру), 
функционалдылық және басқалар; 
–  сабақта  даралап  оқыту:  бір  уақытта  оқу  материалының  бірнеше  түрін 
қолдануды, 
тапсырмаларды 
таңдауда 
тұлғалық 
қызығушылықтарын, 
оқушылардың  түрлі  топтары  үшін  тапсырма  іріктеу  барысында  дайындықтың 
түрлі  деңгейі  және  жаңа  материалды  меңгерудің  түрлі  жылдамдығын  есепке 
алу;  пікірталасты,  талқылауды  ынталандыру;  оқушылардың  тұлғалық 
мінездемелеріне байланысты марапаттаудың және сөгістің сараланған түрлерін 
қолдану; 
–  мұғалім  және  сынып:  сабақтың  жалпы  жай-күйі  (оптимистік,  белсенді, 
іскерлік,  тілектестік);  мұғалімнің  сыныппен  байланысы;  мұғалімнің  кәсиби 
дайындығы,  ағылшын  тіліне  оқыту  әдістемесін  меңгеру  деңгейі;  мұғалімнің 
педагог  ретіндегі  жеке  қасиеттері;  мұғалім  тілінің  мәнерлілігі,  сарыны, 
стилистикалық әдептілігі, тілдік қателіктердің (болуы) болмауы, дауыс тембрі; 

19
 
 
– орындалатын оқу іс-әрекеттері мақсаттарын сыныптың (топтың) түсінуі; 
оқушылардың 
мұғаліммен, 
сыныптасымен 
тілдесу 
барысындағы 
бастамашылдығы;  оқу  әрекеттерін  таңдау  барысындағы  сұрақтар  мен 
ұсыныстардың  кенеттілік  сипаты;  өз  шешімдерін  ұсыну;  өз  пікірін  айту; 
ағылшын  тілін  қолдануға  ұмтылыс;  қателік  жіберу  қорқынышының  болмауы; 
оқушылардың  мұғалімге  маман  ретінде  баға  беруі,  мұғалімді  ұнатуы;  мұғалім 
пікіріне жоғары баға беру; оқу тапсырмаларын орындауға дайындық;  
– мұғалім мен оқушылардың тілдесуде ана тілін қолдануы: мұғалімнің ойы 
бойынша  оқушылардың  жекелеген  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  білмеуі 
барысында нұсқауды түсіндіруі үшін ана тілін қолдануы және бұл жағдаяттың 
орынды  болуы;  айтылған  неғұрлым  күрделі  пікірлерді  түсіну  үшін  ана  тілін 
қолдануы;  ағылшын  тілін  оқушылармен  тілдесу  құралы  ретінде  үнемі 
қолдануы; оқушыларды тек ағылшын тілінде сөйлеуге бағыттау үшін, олардың 
ойлау  қабілеттерінің  негізі  ретінде  ана  тілін  пайдалану;  неғұрлым  күрделі 
материалды,  басқа  мәдениеттің  ерекшеліктерін  және  тілдің  стилистикалық, 
фразелогиялық  ерекшеліктерін  түсіндіру,  психологиялық-педагогикалық 
күрделі  міндеттерді  шешу,  оқушыларды  өз  пікірлерін  айтуға  дайындалуда 
көмек көрсету, ағылшын тілінде тілдесудегі қателіктердің нәтижесін салыстыру 
үшін тілдік бірліктің мәнін, мағынасын анықтау процесінде ана тілін қолдану; 
ана тілінде айтылған өзінің пікірлерін ағылшын тілінде қайталау; оқушылардың 
ағылшын  тілін  қолданғысы  келуін  немесе  үнемі  қолдануын  қолпаштау 
тәсілдері;  оқушылардың  ана  тілін  қолднулары  (үнемі  немесе  қажетті  тілдік 
құралдардың жетіспеуі жағдайында ғана);  
– сабақ барысында уақытты тиімді пайдалану: мұғалім мен оқушылардың 
айтылым  уақытының  минуттары;  ұйымдастыру  кезеңіне,  үй  тапсырмасын 
тексеруге,  жаңа  материалды  презентациялауға,  оны  түзетуге,  жаттықтыру 
тапсырмаларына,  қорытынды  бақылауға,  үй  тапсырмасын  түсіндіруге, 
сабақтың  қорытынды  бөліміне  жіберілген  уақыт;  ана  және  ағылшын 
тілдеріндегі  сөйлесім  уақыты;  сабақ  жоспары  бойынша  уақыттың  бөлінуінің 
сәйкестігі [9].  
Кіріктіріп  оқытуды  ұйымдастыру  мұғалімнен  әр  сабақты  ұқыпты 
жоспарлауды  және  дайындалуды,  сонымен  қатар  заманауи  педагогикалық 
тәсілдерді және т.б. қолдануды талап етеді. Оқытудың мақсаттарына жету үшін 
келесі тұжырымдарды есте сақтау қажет:  
1.  Сабақта  тілдесу  әрекетінің  барлық  түрлерін  дамытуға  жағдай  жасалуы 
тиіс.  
Тыңдалым  дағдысын  дамыту  үшін  материалдың  бір  бөлігі  аудиомәтін 
түрінде,  сөйлесім  дағдысын  дамыту  үшін  –  диалог  және  әңгімелесу  арқылы 
берілуі  тиіс.  Тыңдалымды  жазумен  байланыстыруға  болады  (мысалы,  кесте 
толтыру, сызбанұсқа құрастыру, бос орындарды толтыру).  
Оқылым  дағдыларын  дамыту  үшін  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне 
және  тілдік  дайындық  деңгейіне  сәйкес  келетін  түрлі  стилдегі  түпнұсқалық 
мәтіндер  іріктеп  алу  қажет.  Мәтіндер  көлемі  жағынан  онша  үлкен  емес 
бөліктерге  бөлініп  және  суреттермен,  сызбанұсқалармен,  карталармен 
көркемделіп берілген жағдайда жақсы қабылданады. 

20
 
 
2.  Сабақты  жүргізу  барысында  сабақтың  мақсаттары  және  сабақтан 
күтілетін нәтижелер нақты айтылуы қажет; қажет болған жағдайда оқушыларға 
түсініксіз болған сөйлемдер мен сөздер бірнеше рет қайталануы мүмкін. 
3.  Білім  алушылардың  сөздік  қорын  толықтыру  және  арнайы 
терминдермен таныстыру бойынша жұмыс үнемі жүргізіліп отыруы тиіс. 
4. Сұрақ қою және жауап беру, өз ойын, пікірін айту, басқалардың пікірін 
тыңдау  біліктерін  қалыптастыру  (рөлдік  ойындар,  проблемалық  жағдаяттар, 
дебаттар және т.б.). 
Ағылшын  тілін  және  ғылыми-жаратылыстану  бағыты  пәндерін  кіріктіріп 
оқыту барысында қолданылатын формаларға тоқталайық. 
1.  Сөздер  мен  сөйлемдерді  өзара  тексеру.  Ағылшын  тілін  зерделеу 
барысында  қолданылатын  ынтымақтастықтың  ең  кең  тараған  түрі  –  бұл 
оқушылардың  жекелеген  сөздер  мен  сөйлемдерді  білу  бойынша  бірін-бірі 
тексеруі.  Бірін-бірі  тексерудің  әдістемелік  жағы  ерекше  маңыздылыққа  ие 
болады.  Оқушылардың  бұл  жұмысы  алуан  түрлі  болуы  мүмкін.  Мысалы,  бір 
оқушы оқылатын пән бойынша терминді айтады, ал екінші оқушы бұл терминді 
ағылшын  тілінде  айтады.  Терминдерді  аудару  қарсы  тәртіпте  де  орындалуы 
мүмкін:  бір  оқушы  оқылатын  мәтінде  кездесетін  жекелеген  сөздер  мен 
сөйлемдерді  айтады,  ал  келесі  оқушы  олардың  мағынасын  бірден  ана  тілінде 
айтады.  Есте  сақтауға  тиіс  сөздер  мен  жекелеген  сөйлемдерді  оқушылар 
дәптерлеріне немесе сөздіктеріне жазып алады. сабаққа дайындалу барысында 
оқушылар  дәптерлеріне  немесе  сөздіктеріне  жазып  алған  сөздер  мен 
сөйлемдерді қайталайды және мүмкін болған жағдайда бірін-бірі тексереді. 
 Кейбір  мұғалімдер  сөздер  мен  сөйлемдерді  жекелеген  текшелерге  жазып 
көрсетеді. Әр текшеде 10, 20 немесе одан да көп сөз болуы мүмкін. Мұғалімнің 
кеңесі  бойынша  оқушылар  жаңа  сөздер  мен  сөйлемдерді  сабақта  ғана  емес, 
сонымен  бірге  үй  тапсырмасын  дайындау  процесі  барысында  да  жаттаулары 
мүмкін.  Текшелер  бойынша  өзін-өзі  және  бірін-бірі  жылдам  тексерудің  бір 
нұсқасы: текшенің сол жағында бір бағанға, мысалы, оқылатын тілде (ана тілі 
емес) жиырма сөз жазылған, ал оң жағында сәйкесінше ана тіліндегі мағынасы 
жазылған. Тексеруші дәптермен немесе бір парақ қағазбен текшенің сол жағын, 
яғни  ана  тілінде  емес  берілген  сөздерді  жабады.  Жауап  беретін  оқушы  ана 
тіліндегі  сөздерді  ғана  көреді  және  оқылатын  тілдегі  сөздерді  жылдам  және 
дұрыс айтуға тырысады.  
Егер  барлық  сөздер  мен  сөйлемдер  дұрыс  және  неғұрлым  жылдам 
айтылған болса, онда тексеруші жауап беретін оқушыға тура осы тапсырманы 
белгілі  уақыт  арасында  орындауды  немесе  жекелеген  сөздерді  (ана  тілінде 
емес) басқа текшеге жазып белгілі уақыт ішінде аударуды тапсыруына болады. 
Бір кездесу барысында екі оқушы бірін-бірі бір ғана емес, екі, үш немесе одан 
да  көп  текшелер  арқылы  тексерулеріне  болады.  Мұғалім  текшедегі  кейбір 
сөздерге ерекше назар аудару, қайталап айту немесе дәптерге жазып алу үшін 
астын сызып қоюына да болады.  
2.  Жаңа  мәтін  бойынша  біріккен  жұмыс.  Жаңа  мәтіндермен  жұмыс  әр 
түрлі  жүргізілуі  мүмкін.  Мұғалім  уақыттың  бір  бөлігінде  оқушыларды  жаңа 
мәтіннің  және  оның  ана  тіліндегі  аудармасымен  таныстырады.  Бұдан  әрі 

21
 
 
оқушылар  жаңа  мәтіндер  алады  және  тұрақты  немес  ауыспалы  жұпта  оларды 
аудару  жұмысын  жүргізеді.  Әдетте  жұптағы  бір  оқушы  мәтінді  оқиды  және 
екінші оқушыны араластыра отырып әр сөзді аударады.  
Егер  жаңа  сөз  немесе  сөйлем  кездессе,  онда  екінші  оқушы  оның 
мағынасын  сөздіктен  іздейді.  Жұптың  әр  оқушысы  жаңа  сөзді  және  оның 
мағынасын өзінің жұмыс дәптеріне немесе сөздігіне жазып алады.  
Егер мәтін шағын болса, онда оны бір оқушы аударады.  
Егер мәтін үлкен болса, онда мәтін бірнеше бөлікке бөлінеді (азат жолдар 
бойынша  бөлінуі  мүмкін)  және  оны  бірнеше  оқушы  кезектесе  отырып 
аударады. 
3.  Өзара  диктанттар.  Жаңа  материалды  жақсы  меңгеру  үшін,  мұғалім 
диктант  жазылған  текше  карталар  әзірлейді.  Өзара  диктанттарды  оқушылар 
қазақ тіліндегі сабақтардағы тәртіп бойынша жүргізеді.  
4.  Монологтік  және  диалогтік  тілдесуді  дамыту  бойынша  жаттығулар 
орындау.  Оқушылар  диалогтік  тілдесуге  жаттығу  бойынша  сауалнама-
текшекартасын  толтырады,  содан  кейін  берілген  проблема  немесе  тақырып 
бойынша монологтік сөйлесуді (мазмұндауды) орындайды.  

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал