Учебно-методическое пособие integrated learning academic subjects



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/24
Дата19.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі 
Министерство образования и науки Республики Казахстан 
The Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
Национальная академия образования имени И. Алтынсарина 
The National Academy of Education named after I. Altynsarin
Астана 
2016
 
ҰЛ
Ы
Т
Ғ
Т
А
Ы
Д
Қ
Н
 Б
Ы
І
Т
Л
А
І
 
М
Н
 А
И
К
Р
А
А
Д
С
Е
Н
М
Ы
И
Т
Я
Л
С
А  
Ы
.
Ы
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ЖƏНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА 
БАҒЫТЫНДАҒЫ ПƏНДЕРДІ (ИНФОРМАТИКА, ФИЗИКА, 
ХИМИЯ, БИОЛОГИЯ, ЖАРАТЫЛЫСТАНУ) КІРІКТІРІП ОҚЫТУ 
  ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
ИНТЕГРИРОВАННОЕ ОБУЧЕНИЕ АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ 
И УЧЕБНЫМ ПРЕДМЕТАМ ЕМЦ (ИНФОРМАТИКА, 
ФИЗИКА, ХИМИЯ, БИОЛОГИЯ, ЕСТЕСТВОЗНАНИЕ)
УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ
INTEGRATED LEARNING ACADEMIC SUBJECTS 
(INFORMATICS, PHYSICS, CHEMISTRY, BIOLOGY, SCIENCE) 
AND ENGLISH LANGUAGE
STUDY GUIDE

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  
Министерство образования и науки Республики Казахстан  
The Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan 
 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  
Национальная академия образования имени И. Алтынсарина  
The National Academy of Education named after I. Altynsarin 
 
 
 
 
 
 
Ағылшын тілін және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді 
(информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану)  
кіріктіріп оқыту  
 
Оқу-әдістемелік құрал  
 
Интегрированное обучение английскому языку  
и учебным предметам ЕМЦ 
(информатика, физика, химия, биология, естествознание) 
 
Учебно-методическое пособие 
 
Integrated learning to English language 
and science and mathematical course subjects  
(informatics, physics, chemistry, biology, science) 
 
Study guide 
 
 
  
 
 
 
Астана  
2016  

2
 
 
Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен  баспаға  ұсынылды 
(2016 жылғы 22 шілденің № 6 хаттама)  
Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии  образования  им.  И. 
Алтынсарина (протокол № 6 от 22 июля 2016 года)  
Recommended for publication by Board of Studies of the National Academy of Education named after 
I. Alt
ynsarin (record № 6 dated 22 July 2016) 
 
Ағылшын тілін және жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді (информатика, физика, 
химия, биология, жаратылыстану) кіріктіріп оқыту. Оқу-әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин 
атындағы ҰБА, 2016. – 94 б.  
Интегрированное  обучение  английскому  языку  и  учебным  предметам  ЕМЦ  (информатика, 
физика, химия, биология, естествознание). Учебно-методическое пособие. – Астана: НАО имени И. 
Алтынсарина, 2016. – 111 с.  
 
Integrated learning to English language and science  and mathematical course subjects
 
(informatics, 
physics, chemistry, biology, science) Guidance book. - Astana: The National Academy of Education named 
after I. Altynsarin, 2016. - 95 p.
 
 
 
 
Оқу-әдістемелік  құралда  ағылшын  тілін  және  жаратылыстану-математика  бағытындағы 
пәндерді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) оқытудың принциптері, әдістері, 
түрлері  және  педагогикалық  технологиялары,  сонымен  бірге  CLIL  технологиясы  (тілдік-пәндік 
кіріктіріп  оқыту),  ағылшын  тілін  және  информатика,  физика,  химия,  биология,  жаратылыстану 
сабақтарында  кіріктіріп  оқыту  барысында  оқушылардың  білімін  бағалау  жүйесі  қарастырылған. 
Сонымен  қатар  кіріктіру  сабақтарының  үлгілері,  қазақ  және  ағылшын  тілдерінде  информатика, 
физика, химия, биология, жаратылыстану пәндерінің терминологиялары берілген.  
Оқу-әдістемелік  құрал  жалпы  білім  беретін  мектептердің  пән  мұғалімдеріне,  білім 
басқармалары  өкілдеріне,  білім  беру  ұйымдарының  жетекшілеріне,  мұғалімдердің  біліктілігін 
арттыру институттарына арналған.  
 
В  учебно-методическом  пособии  рассмотрены  принципы,  подходы,  формы  и  педагогические 
технологии обучения английскому языку и предметам ЕМЦ (информатике, физике, химии, биологии, 
естествознанию),  в  том  числе    технология  CLIL  (предметно-языковое  интегрированное  обучение), 
система оценивания знаний учащихся при интегрированном обучении на уроках английского языка и 
информатики,  физики,  химии,  биологии,  естетствознания.  Предложены  поурочные  планы 
интегрированных уроков, терминология по информатике, физике, химии, биологии и естествознанию 
на русском и английском языках.   
Учебно-методическое пособие предназначено учителям-предметникам общеобразовательных 
школ, руководителям организаций образования, институтов повышения квалификации учителей.  
 
Study guide  deals with principles, approaches, forms and teaching technologies of English language 
and science and mathematical course subjects (informatics, physics, chemistry, biology, science) learning, 
including CLIL technology (content and language integrated learning), evaluation system of pupils' 
knowledge in integrated learning at the lessons of English  language  and informatics, physics, chemistry, 
biology
 ,natural science. Suggested lesson plans of integrated lessons, terminology in informatics, physics, 
chemistry, biology and science in  Russian and English languages.
 
Study guide is intended for subject teachers of comprehensive schools, heads of educational 
institutions, teachers advanced training institutes. 
 
 
© Ы. Алтынсарин атындағы  
Ұлттық білім академиясы, 2016.  
© Национальная академия образования  
им. И. Алтынсарина, 2016. 
The National Academy of Education 
named after I. Altynsarin 2016 

3
 
 
Кіріспе 
 
Педагогикалық  жүйе  әр  тарихи  дәуірде  елеулі  өзгерістерге  ұшырап 
отырады.  Экономикасы  дамыған  елдердің  білім  беру  жүйесінде  реформа 
орташа  есеппен  алғанда  әр  он  жыл  сайын  жүргізілетінін  әлемдік  тәжірибеден 
көруге  болады.  Бұл  ретте  қоғам  дамуының  барлық  кезеңдерінде  жаңа 
стратегиялар  және  педагогикалық  жаңа  технологияларды  талап  ететін  білім 
алушылардың сапалы дайындығына назар аудару қажет.  
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін, оның ішінде 
жалпы  орта  білім  беруді  жетілдіру  бойынша  кең  көлемді  іс-шаралар  жүзеге 
асырылуда. 
«Қазақстан Республикасында білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 
жылдарға  мемлекеттік  бағдарламасының»  басты  мақсаттарының  бірі  жалпы 
орта  білім  берудің  мазмұнын  жаңарту  болып  табылады  [1].  Бұл  оқытудың 
құзыреттілікке бағдарланған оқыту моделіне біртіндеп өтуге жағдай жасайтын 
білім  беру  жүйесін  дамыту  бағдарламасын  әзірлеуді  және  жүзеге  асыруды 
талап  етеді.  Мұндай  бағдарламалардың  бірі  -  «Үш  тілде  білім  беруді 
дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы». Аталған бағдарламаны 
орындаудың  негізгі  жолдарының  бірі  пәнді  (информатика,  физика,  химия, 
биология,  жаратылыстану)  және  тілді    кіріктіріп  оқыту  бойынша  оқу-
әдістемелік құрал әзірлеу болып саналады [2]. 
Пәндік-тілдік  кіріктіріп  оқыту  ұстанымын  қолдану  шет  тілін  оқуға 
бөлінген  уақыт  мөлшерінің аздығынан және оны  меңгеру  деңгейіне  қойылған 
талаптардың жоғарлауынан пайда болып отыр. 
Бұл тәсіл бір мезетте екі пәнді бірдей оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік 
береді, алайда негізгі назар тілге де, тілдік емес пәнге аударылуы мүмкін. 
Кіріктіріп оқыту әдісі жалпы барлық дидактика тәрізді, қазіргі кезде қиын 
кезеңнен  өтуде.  Жалпы  орта  білім  берудің  мақсаттары  өзгерді,  жаңа  оқу 
жоспарлары және пәндерді кіріктіріп оқытудың жаңа тәсілдері әзірленуде. Ал 
білім беру мазмұнын жаңарту оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі емес әдістері 
мен түрлерін, сондай-ақ түрлі пәндерді кіріктіріп оқыту сабақтарын қолдануды 
талап етеді. Сол себепті де білім берудің жаңа технологиялары пайда болуда, 
олардың бірі – CLIL пәндік-тілдік кіріктіріп оқыту технологиясы. 
CLIL 
технологиялары  шет  тілін  басқа  пәндерді  оқытуда  оқудың  қажетті 
құрал  ретінде  қарастырады.  Яғни  тілді  үйрену  кез  келген  пән  саласы  арқылы 
жүргізіледі,  демек  CLIL  шет  тілі  сабағы  емес,  шет  тілінде  өтетін  пән  сабағы. 
Сонымен  бірге  оқушылардың  тілдік  қарыс-қатынастағы  қажеттілігі  мен 
мүмкіндіктерін ана тілінде ойлануларына жағжай жасайды. 
Жоғарыда  айтылғандар,  оқу  материалының  мазмұнына  сәйкес  жаңа  оқу 
ақпаратын  құруды,  жаңа  технологиялармен  оқу-әдістемелік  қамтамасыз  етуді 
талап ететін оқытудағы кіріктіру мәселесінің өзектілігін айқындайды. 
Ұсынылып  отырған  оқу-әдістемелік  құралдың  мақсаты  –  CLIL 
технологиясы 
негізінде 
жаратылыстану-математика 
бағытындағы 
(информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) пәндер мен ағылшын 
тілін кіріктіріп оқыту әдістемесін әзірлеу. 

4
 
 
Аталған мақсат келесі міндеттердің шешімін табуды қарастырады: 
– 
«Информатика»,  «Физика»,  «Химия»,  «Биология»,  «Жаратылыстану» 
пәндерінің «Ағылшын тілі» пәні мазмұнымен түйісу шегін анықтау; 
– 
ағылшын тілі пәнімен ЖМБ пәндерін кіріктіріп оқытудың ұстанымдары 
мен әдістеріне сипаттама беру; 
– 
кіріктіріп оқытуды ұйымдастыру түрлерінің ерекшелігін белгілеу; 
– 
ЖМБ пәндердің мазмұнын кіріктіру негізінде ағылшын тіліне кіріктіріп 
оқытудың педагогикалық технологияның мәнін ашу; 
– 
ЖМБ  пәндерді  және  ағылшын  тілін  кіріктіріп  оқытуды  ескере  отырып 
тілдік құзыреттілікті бағалаудың ерекшеліктерін баяндау. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

5
 
 

Ағылшын  тілі  және  жаратылыстану-математика  бағытындағы 
пәндерді  (информатика,  физика,  химия,  биология,  жаратылыстану) 
кіріктіріп оқытудың ұстанымдары мен тәсілдері 
 
Оқу-әдістемелік  құралының  бұл  бөлімінде  педагогикалық  кіріктіру 
теориясының  кейбір  ғылыми  ережелерін/әзірлемелерді  қарастыруды  жөн 
көрдік,  оқытудағы  кіріктіру  деген  ең  жалпылама  түрінде  келесі  түсініктерді 
қарастырады: 
– 
ғылымдардың  арасындағы  байланысты  жүзеге  асыратын  пәнаралық 
байланыстарды дамыту және тереңдету; 
– 
әртүрлі  пәндерді  келісе  оқытудан  оларды  өзара  терең  байланыста 
оқытуға көшу. 
Алдымен кіріктіріп оқыту, кіріктірілген сабақ ұғымдарын қарастырайық. 
Кіріктіріп оқыту дегеніміз: 
– 
біріншіден,  сабақта  пәнаралық  байланыстарды  дамытуды  және 
тереңдетуді,  олардың  ғылымаралық  байланысының  түпнұсқасы,  яғни  түрлі 
пәндерді  оқытуды  қиыстырудан,  олардың  өзара  терең  байланысуына  өтуді 
қарастыру болып табылады [3]; 
– 
екіншідер,  жекелеген  пәндер  бойынша  білімді  біріктіретін, 
ұштастыратын жүйе, осының негізінде балалардың әлемді тұтастықта қабылдау 
қалыптасады; 
– 
үшіншіден, оқушылардың ойлау қабілеттерін белсендендіруге, танымдық 
белсенділіктері  мен  қызығушылықтарын,  өз  бетінше  жұмыс  істеуін  дамытуға 
ықпал  етеді,  түрлі  ғылым  слаларына  қатысты  білімді  қорытындылауға 
бағыттайды [4]. 
Пәнаралық  байланысты  жұмыстың  мақсаты,  мазмұны,  әдістері  және 
тәсілдері  бойынша  пайдаланы  кіріктіріп  оқытудың  негізі  болып  табылады. 
Кіріктіріп  оқыту  барысында  идеялар  мен  ұстанымдардың  ұқсастығы  айқын 
байқалады,  сонымен  бірге  алынған  білімді  түрлі  салаларда  пайдалану 
мүмкіндігі  пайда  болады.  Сондай-ақ,  кіріктіріп  оқыту  барысында  екі  немесе 
одан да көп пәнді қарастыру және әлемдегі құбылыстар мен нысандардың өзара 
тығыз байланысын көрнекі көрсету мүмкіндігі болады. 
Кіріктіріп  оқытуда  жалпы  білім  беретін  мектептерге  арналған 
қолданыстағы  оқу  бағдарламалары  және  оқулықтардың  аясын  кеңейтетін, 
әртүрлі пәнаралық проблемалар қарастырылады. Бұндай тәсіл оқытудың түрлі 
әдістерімен  (баяндама  және  әңгімелесу,  түсіндіру,  бақылаужәне  тәжірибе, 
салыстыру,  талдау  және  жинақтау,  сонымен  бірге  компьютерде  оқыту) 
үйлесімді байланыста болады. 
Пәндерді  кіріктіріп  оқытудың  ұстанымдарының  басты  мақсаты  – 
оқушылардың ойлау қабілетін дамытуды жүзеге асыруға бағытталған.  
Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу міндеттерін сапалы шешуге мүмкіндік 
беретін  оқу  процесін  кіріктіруді  құрастыру,  келесі  мүмкіндіктерге  жағдай 
жасайды: 
1)  пәнішілік  байланыстан  көппәндік  байланыстарға  өту  білім 
алушылардың  әрекет  тәсілдерін  бір  нысаннан  басқаларға  көшірулеріне,  оқу 

6
 
 
процесін  толығырақ  түсінулеріне  және  әлемнің  (қоршаған  ортаның)  толық 
бейнесін құрастыруларына мүмкіндік береді;  
2)  пәндерді  кіріктіру  құрылымындағы  проблемалық  жағдаяттардың 
көлемін  ұлғайту,  мектеп  оқушысының  ойлау  әрекетін  белсендендіреді  және 
оны оқудың тұлғалық нәтижелеріне жетуге жетелейді және жақындатады;  
3)  кіріктіру  білім  алушыға  мақсаттан  нәтижеге  дейінгі  аралықта 
жүргізілген барлық әрекеттердің орындалу процесін бақылауына, әлемнің тұтас 
бейнесін  қалыптастыруына  және  жұмыстың  әр  кезеңін  саналы  қабылдауына 
мүмкіндік береді;  
4)  кіріктіру  метаппәндік  ұстанымын  жүзеге  асыру  арқылы,  сабақтың 
ақпараттық көлемін ұлғайтады;  
5)  кіріктіру  білім  алушылардың  түрлі  пәндерді  оқу  барысында  жасаған 
қорытындыларын  қалыптастыра  отырып  және  оқытудың  тұлғалық  тәсілін 
жүзеге  асыра  отырып,  нақты  бақылауларды  дәлелдейтін  немесе  тереңдететін 
жаңа факторлар табуға мүмкіндік береді;  
6)  кіріктіру  оқу-танымдық  әрекетті  белсендендіруге  көмектеседі, 
оқушылардың  білім  алу  үшін  көп  күш  жұмсауларын  жеңілдетеді  және 
шаршағыштықты болдырмайды, ынталандыру құралы болып табылады.;  
7)  оқу  материалдарын  кіріктіру  білім  алушылардың  шығармашылығын 
дамытуға,  алған  білімдерін  өмірдің  нақты  жағдаяттарында  қолдана  білулеріне 
жағдай  жасайды.  Мәдениетке  тәрбиелеудің,  табиғатқа,  адамдарға,  өмірге 
мейірімді,  тұлғалық  қасиеттерді  қалыптастырудың  маңызды  факторларының 
бірі болып табылады [5]. 
Кіріктіру жүйесі мектеп пәндерінің сабақтың әр кезеңінде бір-біріне сәйкес 
келетін  және  бірін-бірі  толықтырып  отыратын  тақырыптарын  тең  мөлшерде 
біріктіруді қарастырады. 
Екінші негізгі ұғым – кіріктірілген сабақ – бұл арнайы ұйымдастырылған 
сабақ: 
– 
мақсатқа  әртүрлі  пәннен  алынған  білімді  біріктіру  барысындаға  ғана 
оның жетуге болады;  
– 
зерттелетін  мәселені  оқушылардың  қабылдауын  жинақтайтын,  толық 
жетуіне мүмкіндік беретін, қандайда бір аралық проблеманы қарастыруға және 
шешуге бағытталған; 
-
 
әртүрлі ғылымдардың әдістерін өзiмен гармониялық үйлестірген 
және тәжірибеге бағытталған  
Кіріктірілген  сабақта  оқушылар  әртүрлі  пәндердің  ақпаратын  қолдана 
отырып,  оқиғалар  мен  құбылыстарды  мүлдем  жаңаша  түсіне  отырып  терең 
және жан-жақты білім алу мүмкіндігіне ие болады. Кіріктірілген сабақта білімді 
жинақтау,  бір  пәннен  алынған  білімді  басқа  пәнде  қолдану  білігін 
қалыптастыру мүмкіндігі бар.  
Осыған байланысты кіріктірілген сабақтар оқушыларға алынған білімдерді 
біріктіруге  және  оқушылардың  пәнге  қызығушылығын  белсендендіруге 
көмектеседі.  

7
 
 
Кіріктірілген  сабақтардың  құрылымы  дәстүрлі  сабақтардан  келесі 
сипаттамалар арқылы ерекшеленеді: 
– 
оқу материалының нақтылығы, ықшамдылығы және қысқалығы; 
– 
өзара  логикалық  шарттастығы,  кіріктірілетін  пәндер  материалының 
сабақтың әр кезеңіндегі өзара байланыстылығы; 
– 
сабақта  қолданылатын  оқу  материалының  кең  ақпараттық 
сыйымдылығы. 
Жалпы  алғанда  кіріктіріп  оқытудың  негізінде  өзіндік  ерекшеліктері  бар 
кіріктірілген сабақтар жүйесі жатыр: 
1)  арнайы  ұйымдастырылған  сабақ,  яғни,  егер  ол  арнайы 
ұйымдастырылмаған болса  ол мүлде болмау  мүмкін  немесе  ол ортақ  мақсаты 
жоқ жеке сабақтарға бөлінуі мүмкін; 
2)  мақсат  қойылуы  мүмкін,  мысалы,  а)  оқылатын  тақырыптың  мәнін 
тереңірек  қарастыру;  б)  оқушылардың  пәнге  қызығушылығын  арттыру;  в) 
тақырып  бойынша  оқылатын  сұрақтарды  тұтас,  жинақтап  қабылдау;  г)  оқу 
уақытын үнемдеу және т.б.); 
3)  түрлі  пәндерден  алынған  білімді  кеңінен  қолдану,  яғни  пән  аралық 
байланысты мазмұндық деңгейде жүзеге асыру. 
Жалпы  алғанда  кіріктірілген  сабақтар  уақытты  үнемдеуге,  әлемнің  тұтас 
бейнесін қалыптастырумен қатар, түрлі пәндерде бір материалды қайталамауға 
мүмкіндік береді.  
Жоғарыда  айтылғандарды  ескере  отырып,  ағылшын  тілі  және 
жаратылыстану-математика  бағытындағы  пәндерді  кіріктіріп  оқытудың 
ұстанымдарының негізі болып:  
1)  танымдылық  көзқарас  тұрғысынан  түпнұсқалық  оқу  материалын 
кеңінен қолдану ұстанымы;  
2)  оқыту  процесінде  мұғалімге  белсенді  демеу  және  көмек  көрсету 
ұстанымы;  
3) екінші немесе шет тілді өнімді және қарқынды меңгеру ұстанымы;  
4) көпмәдениеттілік ұстанымы;  
5) жоғары дәрежеде ойлау дағдыларын дамыту ұстанымы;  
6
) оқытудың тұрақтылығы ұстанымы [6]. 
Аталған 
ұстанымдардың 
бірінші, 
түпнұсқалылық, 
ақпараттың 
толықтылығы және когнетивті жүктеменің нақты деңгейі оқу материалдарына 
қойылатын  негізгі  талаптар  екенін  білдіреді.  Бұл  түпнұсқалық  интерактивті 
материалдар тек жоғары уәждемелік әлеуетпен ғана емес, жасанды тілдік орта 
құру үшін негіз ретінде және жоғары деңгейлі қиын тапсырмалар әзірлеумен де 
қолданылуы мүмкін екенін көрсетумен де байланысты. Мұғалім осы ұстанымға 
байланысты  екінші  тілді,  яғни  мақсатты  тілді  белсенді  қолданады  (біздің 
жағдайда – ағылшын тілін), ол оқушылар үшін «тілдік модель» ретінде жүреді; 
2)  екінші  ұстаным  қойылған  мақсатқа  жету  үшін  оқушы  мұғалім 
тарапынан  қажетті  көмек  алу  тиіс  екенін  білдіреді.  Оқушының  басқа  тілді 
құзыреттілігінің қалыптасуына қарай, мұғалім тарапынан көрсетілетін көмектің 
көлемі  мен  қарқыны  біртіндеп  азаяды.  Аталған  ұстанымды  қолдану  мақсатты 
тілде  таныс  емес  материалдың  мазмұнын  оқу  барысында  когнитивті  және 

8
 
 
лингвистикалық  жүктемені  қысқартуға  мүмкіндік  береді.  Мұғалім  ұсынатын 
тапсырмалар,  қойылған  міндеттерді  оқушының  орындай  алуы  үшін  белгілі 
түсініктемелермен  толықтырылып  отыруы  тиіс.  Сонымен  бірге  екінші  немесе 
шет  тілін  меңгеру  үшін  ерекше  қажетті  тілдік  қызметтің  төрт  түріне  де 
(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) үлкен назар аударылады. 
3) үшінші ұстаным, проблемалық оқыту әдістемелік тәсілдердің көптеген 
түрін  ұсынатынын  көрсетеді  және  түпнұсқалық  коммуникацияны  сабақ 
аясында белсенді пайдалануға бағытталған, себебі екінші немесе шет тілдеріне 
оқыту  коммуникативтік  мақсаттардың  және  қарым-қатынастың  маңызды 
жағдайларының  болуы  барысында  неғұрлым  жетістікті  жүзеге  асады. 
Проблемалық  оқытудың  негізгі  сипаттамаларының  бірі  –  «бос  орын» 
ұстанымын  пайдалану  болып  табылады.  Бұған  байланысты  түпнұсқалық 
коммуникация нақты коммуникативтік кемшіліктер болған жағдайда ғана орын 
алады. Мұғалімдер бұл әдісті түпнұсқалық коммуникация жағдаяттарын жасау 
үшін қолдануларына болады, өйткені бұндай тапсырмалар орындау барысында 
оқушылар бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасайды; 
4)  төртінші  ұстаным  кіріктіріп  оқыту  әдісі  тақырыптарды  түрлі  мәдениет 
жағынан  қарастыруға  мүмкіндік  беруімен  байланысты.  Ол  әртүрлі  мәдениет 
иелерінің  көптеген мәселелерді  қабылдануының  арасындағы  айырмашылықты 
ескереді; 
5)  бесінші  ұстаным  ойлау  дағдыларының  дамуы  дәрежесі  –  заманауи 
ақпараттық қоғамдағы жетістіктің кепілі болып табылатынын көрсетеді. Б.Блум 
таксономиясында  когнитивті  процестердің  және  педагогикалық  мақсаттардың 
тізімі  төмен  деңгейлі  когнитивті  процестерден  неғұрлым  жоғары  деңгейлі 
когнитивті процестерге қарай, яғни жеңілден ауырға қарай принципі бойынша 
берілген.  Б.Блум  таксономиясына  сәйкес  оқушы  ұғымды  есіне  сақтамайынша 
жете түсіне алмайды, сонымен бірге не жайлы сөз болып жатқанын түсінбесе, 
алған  білімін  дұрыс  қолдана  алмайды.  Аталған  теория  бойынша  мұғалім 
оқушыларға ойлау дағдыларының төменгі дәрежесін жандандыратын сұрақтар 
(не? қашан? қайда? қайсы? сөздерінен басталатын арнайы сұрақтар) қоюы тиіс. 
Сонымен  бірге  неғұрлым  ауыр  талдау  және  бағалау  дағдыларын  дамытатын 
сұрақтар да қосу қажет. Бұл топқа жауапты құрастыру барысында аса күрделі 
тілдік  құрылымдарды  пайдалануды  қарастыратын,  неге?  қалай?  қалайша? 
сөздерінен  басталатын  сұрақтарды  жатқызуға  болады.  Контенттің,  ойлаудың 
және  тілдің  өзара  әрекеттесуі,  ойлаудың  күрделі  процестерін  тұжырымдау 
қабілеті  ана  тілінде  де,  оқылатын  екінші  және  шет  тілінде  де  жүйелі  дамыту 
мен жаттықтыруды талап етеді; 
6)  алтыншы  ұстаным,  оқытудың  тұрақты  мәнімен  анықталады,  оны 
келесідей түсіндіруге болады: мұғалім оқыту процесі барысында оқушылардың 
ұзақ  мерзімді  есте  сақтау  және  білім  алу  қабілеттерінің  белсенді  екеніне, 
сонымен қатар сабақ барысында немқұрайлықтан белсенділікке өткендіктеріне 
көзі жетуі тиіс. Бұл жерде тұрақты оқыту бірінші дәрежелі маңызға ие болады, 
себебі  мұғалім  пәннің  мазмұнын  оқуға  да,  сонымен  бірге  екінші  немесе  шет 
тілін оқуға жағдай жасайды. Тілді білу ерекшелігі пәннің мазмұнын зерделеудің 
құралы  болып  табылады.  Тіл  оқу  бағдарламасына  кіріктірілген  жағдайда 

9
 
 
оқушылардың  назары  арнайы  мәтіндердің  мазмұнымен  қатар,  пән  бойынша 
қажетті  терминдерді  меңгеруге  де  аударылады,  ал  тақырыптық  материалды 
талқылау мүмкіндігі болу үшін тілдік ортаға ену қажеттілігі оқылатын тақырып 
контексінде тілді қолданудың маңыздылығын арттырады. 
Аталған  ұстанымдарды  сақтау  барысында  тілді  зерделеу  мақсатқа 
бағытталады,  өйткені  тіл  нақты  коммуникативтік  міндеттерді  шешу  үшін 
қолданылады.  Сонымен  бірге  білім  алушы  оқылатын  тілдің  мәдениетін 
жақсырақ  білу  және  түсіну  мүмкіндігіне  ие  болуымен  қатар,  бұл  оқушының 
әлеуметтік-мәдени  құзыреттілігін  қалыптастыруға  жағдай  жасайды.  Білім 
алушы  тілдік  материалдың  үлкен  көлемін  өзінің  бойынан  өткізеді,  бұл  тілдік 
ортаға  толық  ену  мүмкіндігін  береді.  Сондай-ақ  түрлі  тақырыптармен  жұмыс 
істеу  білім  алушының  пәндік  терминдермен  сөздік  қорын  толықтыруға  және 
алған  білімдері  мен  біліктерін  қолдануға  және  одан  әрі  зерделеуге  жағдай 
жасайтын  арнайы  терминдерді,  белгілі  тілдік  құрылымдарды  жаттап  алуға 
мүмкіндік береді.  
Осылайша  шет  тілін  және  тілдік  емес  пәнді  бір  мезетте  оқу  білім  беру 
мақсаттарына жетуге арналған қосымша құрал болып табылады және шет тілі 
мен тілдік емес пәнді оқуда тиімді жағдайларға ие болады. 
Әрине,  оқудың  мұндай  түрі  пәнді  ана  тілінде  оқытуды  толығымен 
ауыстыра  алмайды,  бірақ  оны  айтарлықтай  дәрежеде  толықтыра  алады. 
Сондықтан да пән бойынша оқу материалы оқушылардың ана тіліндегі пәндік 
білім  деңгейінен  сәл  төмен  күрделілік  деңгейінде  іріктеліп  алынуы  тиіс.  Оқу 
материалдарын  таңдау  пәннің  құрылымы  мен  ерекшелігіне байланысты  болады. 
Сонымен  бірге  мәтінді  өңдеу  бойынша  тапсырмалар  оқушыларды  түсіну 
процесіне  жұмылдыру,  мәтіннің  басты  ойын  талқылау  және  тексеру  арқылы, 
пәннің  мазмұнына  назар  аударумен  құрастырылуы  тиіс.  Тапсырмалар 
лингвистикалық  форманың  ерекшеліктерін  көрсетуі,  оларды  құрастыру  білігін 
жетілдіруі,  оқушылардың  өз  бетінше  және  шығармашылық  іс-әрекеттерін 
бақылауға,  бағалауға  және  ынталандыруға  жағдай  жасауы  тиіс.  Барлық 
тапсырмалар  ең  алдымен  коммуникативтік,  яғни  шет  тілінде  жазбаша  және 
ауызша қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға бағытталған болуы тиіс. 
Пәнді және тілді кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамалары:  
1) 
көпжақтылығық қыры:  
– 
тілді оқыту пән және тілмен қолдау табады;  
– 
пән мазмұнын меңгеру тіл сабақтарында қолдау табады;  
– 
пәндерді кіріктіру жүзеге асырылады;  
– 
оқытуға рефлексия жасау жүргізіледі;  
2) қауіпсіздікті болдыратын (сапаландыру) оқу ортасы:  
– 
жаңалыққа қарсы шығатын іс-әрекеттер және тілдік орам қолданылады;  
– 
зерделенетін  пәндік  мазмұн  және  тілдік  құрылымдар  көрнекі 
бейнеленеді;  
– 
тілдік  қателер  түзетілмейді,  бірақ  мұғалім  тілдік  құрылымның  дұрыс 
қолданылу моделін береді;  
– 
тілді  саналы  меңгертуге  арналған    оқу  материалдардың  түпнұсқасы 
қолданылады;  

10
 
 
– 
оқушының бойында тілді меңгеру туралы сана-сезім дамиды; 
3) түпнұсқалық және дереккөзге жақындық: 
– 
оқушылар сөйлеу, жазу, сонымен қатар өздерінің ауызша және жазбаша 
тілдік дағдыларына рефлексия жасау мүмкіндіктерін қолданады; 
– 
оқушы өз қызығушылығын есепке ала алады; 
– 
оқу материалы оқушының күнделікті өмірімен байланыстырылады; 
– 
бұқаралық  ақпараттық  құралдарының  және  басқа  да  дереккөздердің 
өзекті материалдары қолданылады; 
4) белсенді оқыту: 
– 
сабақта мұғалімге қарағанда оқушылар көп сөйлейді; 
– 
пәндік  мазмұнды  меңгеру  және  тілдік,  сонымен  бірге  оқу  дағдыларын 
дамыту үшін оқушылар мақсаттар мен тапсырмаларды өздері тұжырымдайды; 
– 
оқушылар  оқудың  нәтижелерін  және  оларға  қол  жеткізу  жолдарын 
сипаттайды; 
– 
сабақ  барысында  жұпта  және  топта  жұмыс  істеудің  тиімді  болуы  үшін 
жағдай жасалады; 
– 
оқушылар  мен  мұғалім  әңгімелесу  және  түрлі  тапсырмаларды 
орындаудың көмегімен пәндік және тілдік материалдың мәнін түсінеді; 
– 
мұғалімнің  рөлі  –  сыныптағы  үш  процесті  басқару  мен  мүмкіндік 
туғызуға жағдай жасау (оқу процесі, ынтымақтастыққа әкелетін топтағы қарым-
қатынасты дамыту процесі, тұлғаның даму процесі); 
5) тірек құрылым: 
– 
білім  беру  процесінде  мұғалім  оқушының  тәжірибесіне,  біліміне, 
білігіне, пікіріне және қызығушылықтарына сүйенеді; 
– 
сабақты  жоспарлау  және  өткізу  барысында  оқушыларды  оқытудың 
түрлері есепке алынады; 
– 
шығармашылық  және  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамытуға  көңіл 
аударылады; 
– 
оқушыға  қиын  жағдайларда  болуына  мүмкіндік  беріледі  және  оған  сол 
қиындықтарды жеңу үшін эмоционалдық тұрғыдан көмек көрсетіледі;  
6) ынтымақтастық: 
– 
пән сабақтары, тіл бойынша сабақтар және тақырыптар  
– 
пәндік сабақтар, тіл бойынша сабақтар және тақырыптар мұғалімдердің 
жұмыс  барысындағы  қарым-қатынасы  және  ынтымақтастығы  арқылы 
жоспарланады; 
– 
ата-аналар  оқу  процесіне  оқушылардың  ана  тілін  және  мәдениетін 
меңгерулеріне  көмектесу  үшін,  сонымен  бірге  мақсатты  тілді  пайдалану  үшін 
де қатысады; 

жергілікті  жердің  қоғамдастығы,  лауазымдық  ведомстволар,  жұмыс 
берушілер  және  басқа  да  мақсатты  топтар  білім  беру  процесіне 
қатыстырылады. 
Оқу  процесінде  ағылшын  тілі  және  жаратылыстану-ғылыми  бағыты 
пәндерін  кіріктіріп  оқытудың  ұстанымдарын  сақтау,  келесідей  нәтижелер 
береді: 
– 
оқушылардың ғылыми ойлауына мүмкіндік жасайды; 

11
 
 
– 
ғылыми-жаратылыстану  танымдық  әдісті  кеңінен  қолдану  мүмкіндігін 
береді; 
– 
мектеп оқушыларын ғылыми-зерттеушілік әрекетке баулиды; 
– 
қоршаған  ортаның  дәлелді  байланыстарын  көрсететін  кез-келген 
мәселеге 
жаратылыстану 
ғылымдары 
кешеніне 
ортақ 
көзқарас 
қалыптастырады; 
-
 
жаратылыстану  ғылымдары    бағытындағы  пәндерге  оқушылардың 
қызығушылығын арттырады және дамытады; 
– 
білім алушылардың информатика, физика, химия, биология пәндерінен 
жалпы  түсініктерін  қалыптастырады,  есептеу,  өлшеу,  модельдеу,  бақылау, 
эксперимент  жүргізу,  сызбалар  құрастыру  және  т.б.  білігі  мен  дағдыларын 
қалыптастырады;  
– 
оқушылардың  сенімін  қалыптастырады,  оқулықта  берілгеннен  де  қиын 
материалдарды түсініп, зерделеуіне мүмкіндігі болады; 
– 
оқу  процесінде  оқушылардың  өздері  құрастырған  авторлық 
компьютерлік  бағдарламаларын  (кіріктіру  арқылы  жасалған)  қолдануға 
мүмкіндік береді; 
– 
оқушылардың  ой-өрісін  кеңейтеді,  шығармашылық  мүмкіндіктерін 
дамытуға  жағдай  жасайды,  жаратылыстану-математика  бағытындағы  оқу 
пәндерінің  (информатика,  физика,  химия,  биология)  негізгі  курсының 
бағдарламалық  материалдарын  неғұрлым  тереңірек  түсінулеріне  және 
қабылдауларына, сонымен қатар алған білімдерін, біліктерін және дағдыларын 
күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда қолдана білуге көмектеседі. 
Оқу  процесін  кіріктіру  арқылы  ұйымдастырудың  кейбір  мүмкіндіктері 
білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің міндеттерін сапалы және ойдағыдай 
жүзеге  асыруға  көмектеседі.  Сонымен  бірге  ғылыми-жаратылыстану 
бағытындағы  пәндерін  және  ағылшын  тілін  кіріктіріп  оқытудың  нәтижесінде 
алынған білімді күнделікті өмірде қолдану мүмкіндігі пайда болады.  
Жоғарыда  айтылғандардан  шығатын  қорытынды:  пәнді  және  тілді 
кіріктіріп  оқыту  барысындағы  басты  нәтиже  оқушылардың  ғылыми-
жаратылыстану  бағыты  пәндерінен  алған  білімдері  емес,  мақсатты  тілді 
меңгеруі (біздің жағдайымызда – ағылшын тілі) болып табылады. 
Аталған  ұстанымдарды  кіріктіріп  оқытуда  жүзеге  асыру  үшін  арнайы 
әдістер  мен  педагогикалық  технологиялар  әзірленген  және  қолданысқа 
енгізілуде,  солардың  бірі  халықаралық  деңгейде  танымал  болған  СLIL 
әдістемесі  болып  табылады.  Бұл  әдістің  толық  сипаттамасы  және  оны  нақты 
оқу процесінде қолдану бойынша ұсыныстар осы оқу-әдістемелік құралдың 4-
бөлімінде берілген. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал