Учебных программ и учебных материалов по обновленному содержанию начального образования методическое пособие



жүктеу 5.01 Kb.

бет4/19
Дата27.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Ата-аталармен сұхбаттасуға арналған сұрақтары  
1.
 
Сіздің балаңызға мектепте оқыған ұнайды ма? Қалай ойлайсыз, неге?  
2.
 
Қандай пән туралы Сіздің балаңыз қызығушылықпен айтады?  
3.
 
Сіздің  балаңыз  көмек  жиі  сұрайды  ма?  Егер  сұраса,  көбінесе  қандай 
пән бойынша?  
4.
 
Сіздің балаңыздың дамуына мектепте оқу қалай әсер етті?  
5.
 
Сіздің балаңыз оқу жүктемесін орындай алады ма?  
6.
 
Сіздің  балаңыз  өзінің  оқудағы  қуаныштары  және  реніштерімен 
бөліседі ме?  
7.
 
Сабақ  барысында  мұғалімдер  оқушылармен  адамгершілік  және  
этикалық сұрақтарды талқылайтынын көресіз ба?  
8.
 
Балаңыз оқитын оқулықтар сізге ұнайды ма? Оқулықтағы дизайн мен 
суреттер Сізге ұнайды ма?  
9.
 
Сіз  осы  ОӘК  мен  басқа  оқулықтарды  салыстырдыңызба?  Егер 
салыстырсаңыз, сіздің пікіріңіз қандай?  
10.
 
Сізді мектепте балаңыздың оқуында бір нәрсе алаңдатады ма?  
 
 
 

35
 
2.4-қосымша  
 
Сұхбаттасудың хаттамасы парағы  
 
Күні  
 
Байқаушы (-лар)  
 
Мүделлі тараптар тізімі  
 
Қатысушылар саны  
 
 
1. Кездесу сипаттамасына қысқаша мазмұндама беру  
Сұхбаттасу  түрін  және  оны  ұйымдастыру  бойынша  сипаттасын 
көрсетіңіз  (мысалы,  кім  кездесуді  сұрады,  қайда  өтті  және  т.б.).  Сонымен 
қатар, сіз кездесуден қандай нәтиже күтесіз, қандай түйінді талқыланатын 
сұрақтар  бар  және  сол  сұрақтарға  қандай  жауап  күтесіз  –  соны  жазып 
көрсетіңіз.  Ол,  яғни,  кездесудің  жоспарын  құруға  мүмкіндік  береді.  Неден 
бастағыңыз келеді? Қандай нәтиже алғыңыз келеді?  
Сіз кездесу кезінде бұл бөлімді жасырын  түрде  қалдыра аласыз.  Мұндай 
жағдайда жазбаны бөлек қағазға жазып, кездесуден кейін орнына қойыңыз.  
2.  Білім  беру  бағдарламасы  бойынша  сұрақтар  және  оларды  жүзеге 
асыру  
Сұхбаттасу кезінде көтерілген әрбір сұрақты жазыңыз. Кім бұл сұрақты 
қойды  және  бұл  сұрақты  қойғанда  қандай  мысалдар  және  мәліметтер 
келтірді?  Мүмкіндік  болса,  қойылған  сұраққа  кім  қолдау  көрсетті  және  кім 
қарсы пікір білдіргенін жазып алыңыз?  
Егер  сұрақ  екі  рет  көтерілсе  қайталап  жазбаңыз.  Бірақ,  өзіңізге 
қайтадан  көтерілген  сұрақ  деп  ескерту  қойыңыз,  яғни,  бұл  –  мәселенің 
шешілмегенін көрсетеді.  
Мүмкіндік  болса,  білім  беру  бағдарламасы  құжаттарының  нақты 
бөлімдеріне сілтеме қойыңыз.  
3. Қорытынды/нәтижелер  
Өткізілген талқылаудың нәтижесінде алынған тұжырымдамалар мен іс-
әрекеттерді жазып алыңыз. Сонымен қатар, кездесудің сәтті өтуіне кедергі 
болған факторларды белгілеу қажет, мысалы, кездесу езінде біреуді шақырды 
ма, кездесу кезінде кімнің белсенділігі төмен болды және т.б.  
 
 
 
 
 

36
 
2.5-қосымша  
 
Сұхбат өткізу бойынша басшылық  
 
Мүдделі  тараптар  тобынан  мәліметтерді  жинау  үшін  қолдануға  болатын 
топтық  сұхбаттасудың  3  түрі  бар,  олар  –  бейресми,  құрылымдалған  және 
жанама сұхбаттасу.  
Бейресми  сұхбат  алдын ала анықталған мақсаттары және құрылымы  жоқ 
жоспарланбаған  және  кенеттен  өткізілген  сұхбат  болып  табылады.  Бейресми 
сұхбаттың артықшылығы – әңгімелесу шынды болып келеді және қатысушылар 
қойылған  сұрақтарға  ашық  жауап  береді.  Бірақ  жоспар  мен  құрылымының 
болмауы  қорытындыны  жазу  кезінде  қиын  болуы  мүмкін.  Мұндай  сұхбатты 
сабақтарды байқау; бейресми жағдайларда, мысалы асханада, онлайн-форумда 
немесе  басқа  да  кәсіптік  іс-шаралар  (конференциялар,  тренингтер  және  т.б.) 
кезінде өткізуге болады. Мамандарға осындай сұхбаттардан көбірек пайда алу 
үшін бұл бөлімде сипатталған дағдылар көмек береді.  
Құрылымдалған  сұхбат  ресми  және  бір  нарсеге  назар  аударатындай 
құрылымдалған  болып  табылады.  Олар  сұхбат  жүргізуші  болып  келетін 
тұлғамен ұйымдастырылады. Сұхбат жүргізуші күн тәртібін анықтап сұхбатты 
басқарады.  Сұхбат  жүргізуші  әңгімеге  тікелей  қатысады  және  бұл  модератор 
(төменде көрсетілген) екеуінің арасындағы айырмашылық болып табылады.  
Фокус-топтарымен сұхбаттасу бұл бір нақты мақсаты бар жоспарланған 
және құрылымдалған кездесу. Бұл сұхбатты модератор өткізеді және қандай да 
бір нысанға назар аударады, біздің жағдайда назар аударылатын нысан - білім 
беру бағдарламасы. Мұндай сұхбат білім беру бағдарламасын енгізу үдерісіне 
қатысушылармен әңгімелесуге мүмкіндік береді. Егер назар аударуға қажет бір 
нысан  қолданылса,  ол  туралы  ойлануға  ынталандыру  үшін  қатысушыларға 
алдынан ол туралы айту ұсынылады.  
Бейресми  және  фокус-топтарымен  сұхбаттасудың  негізгі  айырмашылығы 
қатысушылардың  арасындағы  әңгімені  құрылымдап  отыратын  модератордың 
бар  болуында.  Жақсы  құрылымдалған  сұхбаттасу  белсенді  қатысуға  және 
қорытынды  жасауға  жағдай  жасайды  (бұл  жағдайда,  ақпаратты  жинау). 
Модератор  ретінде  мониторингілеу  тобының  бір  мүшесі  тағайындалады.  Бұл 
адам  сұхбатқа  қатыспайды,  бірақ  теңгерім  мен  фокусты  сақтап  қалу  үшін  бір 
өзекті уақытта әңгімеге қатысу құқығы бар.  
Фокус-топтарымен сұхбаттасуға дайындық  
Сіз  тиімді  модератор  болу  үшін  өнімді  түрде  қарым-қатынас  жасау 
керексіз.  Мұндай дайындық  сұхбаттың  міндеттерін  анықтау  үшін бағытталған 
және  сұхбатты  басқару  дағдыларында  сенімділік  тудыруға  мүмкіндік  береді. 
Әрбір дайындық келесі факторларды қарастыруды талап етеді:  
1. Сіз сұхбат туралы не білесіз? Сұхбаттың мақсаты оң әсер ететіндей болу 
керек  және  сіз  сұхбатты  жағымды  жақтарынан  қалай  бастайсыз  екенін 
ойланыңыз.  Бұл  -  әңгімелесу  кезінде  сыни  және  сындарлы  ескерту  болмайды 
дегенді білдірмейді. Керісініше, апробация үдерісінде маңызды элемент болып 
табылатын  қатысушылардың  сындарлы  ойларымен бөлісетіндей  жағдай  жасау 

37
 
керек.  Сонымен  қатар,  сіз  сұхбаттан  қандай  ақпарат  алғыңыз  келетіні  туралы 
нақты көрініс болу қажет. Нақты мақсат шыққан жерін көрсетеді. Бұл ақпарат 
ақпараттың бастапқы талдауынан түсіп отырады.  
2.  Сіз  қатысушылар  туралы  не  білесіз?  Басқа  қатысушыларды  неғұрлым 
көп  түсінсеңіз,  сіз  соғұрлым  оларды  сұхбатқа  қатысуға  көбірек  тарта  аласыз. 
Барлық қатысушылар бір-біріне сенген жағдайда сұхбат жақсырақ өтеді. Бірақ, 
жорамал  жасау  кезінде  абайлаңыз,  себебі  сұхбат  кезіндегі  қылықтар  әрқашан 
ниетті көрсете бермейді.  
Мүмкіндік  болса,  мұндай  сұхбатқа  әріптесіңізбен  дайындық  жүргізіп 
алыңыз, немесе нақты жағдайда сіз қалай басқаратыңызды елестетіңіз.  
Фокус-топпен  сұхбатты  бастау.  Қатысушылардан  рұқсат  сұрап 
жеткілікті  уақыт  пен  ресурс  болғанда  толық  талдау  жасау  үшін  сұхбат  пен 
әңгімені  диктофонға  жазуға  болады.  Сұхбат  кезінде  жазба  жасап, 
тұжырымдасын  жалпылауға  болады.  Тиімді  болу  үшін  бір  адам  әңгімені 
жүргізеді, ал басқа адам диктофонға жазуға болады. Модераторға әңгімелесуді 
сұхбаттың  мақсатынан  бастаған  дұрыс.  Әңгімелесудің  нәтижесінде  не 
күтілетіні  туралы  айтып  кету  керек.  Бұл  қатысушыларға  әңгіме  мен 
модератордың  ролі  туралы  алдын  ала  біржақты  пікірдің  болдырмауына 
мүмкіндік  береді.  Сіз  сөйлеу  үшін  емес,  тыңдау  үшін  келгеніңізді  анықтап 
айтыңыз, сонымен бірге әрбір қатысушының пікір айтатындай мүмкіндігі болу 
керек. Мысалы:  
«Мен  ...  туралы  сөйлескім  келеді,  бірақ  алдымен  сіздің  пікіріңізді 
білгім келеді».  
«Менде  ...  туралы  дұрыс  түсінік  болса  деймін.  Мен  осы  туралы  сіздің 
пікіріңізді  білгім  келеді,  сонымен  қатар  сіздермен  менің  әріптестерімнің 
пікірлерімен бөліскім келеді».  
Әңгіме  кезінде  қатысушыларды  алаңдататын  немес  оларды  ыңғайсыз 
жағдайға  қоятын  сияқты  күтпеген  жағдайлардың  болмауы  –  жақсы 
бастама болады.  
Фокус-топта  сұхбаттасу  кезіндегі  модерация.  Әңгімелесуден  күтілетін 
нәтижеге жету үшін модератор қатысушылар өздерінің пікірлерін білдіретіндей 
өзін ұстау қажет. Достық қарым-қатынасты қолдау және басқаларды тыңдауға 
дайын  екенін  көрсету  басқа  қатысушылардың  мінез-қылықтарына  жағымды 
әсер тигізеді. Әңгімелесу кезіндегі басқарудың бір маңызды аспектілерінің бірі 
–  сұхбаттың  объективті  және  жағымды  өтуі  болады.  «Қауіпсіз»  ортаны  құру 
қарым-қатынасты  бұзбай,  қатысушылар  өздерінің  пікірлерін  айтуға  мүмкіндік 
береді. Талқылау нысаны мұндай ортаны құру үшін пайдалы болады. Нысанды 
(мысалы,  оқу  бағдарламасы  немесе  оқу  жоспары)  сұхбатқа  қатысатын 
адамдардан бөлу керек. Оны жан-жақты зерделеуге болады. Нысан туралы сөз 
басталғанда  әділ  және  нақты  болу  керек.  Олардың  мәлімдемелеріне  дәлел 
болатын  мысалдар  ұсынуды  сұрау  арқылы  әділ  және  жеңіл  бағаланатын 
мәліметтерді  алуға  болады.  Кейбір  уақытта  «не  ұнады»  және  «не  ұнамады» 
туралы әңгіме орынды болуы мүмкін, бірақ ол жеке түсініктеме беруге түрткі 
болады және субъективті жауап берілу мүмкін.  
Модератор  әңгімеге  қатысушылардың  кейбіреулері  басқаларының  өздері 

38
 
сияқты ойлайды дегенді есіне сақтау керек. Мұндай жағдайда сол қатысушыдан 
тым  айқынырақ  түсіндіруін  сұраңыз  және  ол  не  туралы  айтқанын  түгелі 
түсінгеніне  көз  жеткізіңіз.  Жақсы  дайындық  көмек  болады,  себебі  сіздің 
қатысушыларды  түсінгеніңіз  оларды  әңгімеге  тартуға  және  қарым-қатынас 
жасауға  жағдай  жасайды.  Егер  кейбір  қатысушылардың  белсенділігі  төмен 
екенін  байқасаңыз,  оларға  өздерінің  пікірлерімен  бөлісетіндей  тікелей 
көңіл бөліңіз.  
Олардың қимылдары мен мимикаларына қарап, сұхбаттың қай кезі оларды 
қызықтырғанын  және  қай  уақытта  өздерінің  пікірлерін  айтқылары  келетінін 
көруге  болады.  Кеңейтілген  сұхбаттың  басқа  тәсілі  –  бұл,  неғұрлым  белсенді 
қатысушыларды 
айқындап, 
оларды 
басқаларын 
жандандыру 
үшін 
қолдану болады.  
 
 
 
 
 

39
 
2.6-қосымша  
 
Сабақты бақылау бойынша басшылық  
 
Сабақты  бақылау  –  білім  алушылардың  жұмыстарын  бақылауға,  олармен 
сұхбаттасуға,  олар  не  істеп  жатқанын  сұрауға,  мұғалімнің  жазбалары  мен 
бағаларын  көруге  мүмкіндік  беретін  ерекше  жағдай  болып  табылады. 
Бақылаудың  нәтижесіндегі  жазбалар  жеке  мұғалім  туралы  пікір  мен 
көзқарастардан тұрмау керек. Мәліметтерді жинаудың бұл әдісі сабақтағы білім 
беру бағдарламасын іске асыруға шоғырланған.  
Сабақты  бақылауды  ұйымдастырудың  бірнеше  тиімді  әдістері  бар. 
Мүмкіндік болса  сабаққа  жұппен қатысып,  кейін бірлесіп сабақты  талқылаған 
дұрыс. Бақылаушының сабаққа қатысуы уақыты әртүрлі болуы мүмкін – сабақ 
бойы,  сабақтың  жартысы  немесе  сабақтың  бір  бөлігі.  Бастысы,  сол  аралықта 
бақылаушы  білім  беру  бағдарламасын  жүзеге  асыру  бойынша  нақты 
қорытындыға келу керек.  
Сабаққа  жұппен  20  минуттан  қатысуға,  кейін  10-15  минут  жеке  талдау 
жасап  және  жұптасып  10  минуттай  талқылау  жүргізуге  ұсынылады.  Сабақты 
бақылаудың мұндай түрі әрбір бақылаушыға көрген сабақты өздігінен талдауға 
және пікір алмасу кезінде өздерінің жазбаларын толықтыруға мүмкіндік береді, 
яғни ол мәліметтерді жинақтаудың анықтылық деңгейін арттырады.  
Сабаққа  қатысу  кезінде  өте  сыпайы  және  жайдары  болу  қажет,  себебі 
сабаққа бөтен адамның қатысуы мұғалімге де, оқушыларға да қысым жасайды. 
Егер  сабақтың  бірінші  бөлігіне  қатысу  жоспарланған  болса,  онда  сабақтың 
алдында  келіп,  мұғаліммен  танысып,  сабаққа  қатысуға  рұқсат  сұрап  және 
сабаққа  қатысудың  негізгі  мақсатын  айту  қажет.  Сабақта  қолданылатын 
сабақтың  жоспарымен  танысу  керек.  Осылайша,  сабақтың  мақсаты,  негізгі 
кезеңдері  және  мұғалімнің  беретін  тапсырмалары  туралы  жалпы  көрініс 
алуға болады.  
Егер  сабақтың  екінші  жартысына  қатысу  жоспарланған  болса,  онда 
сыныпқа кірер алдында мұғаліммен сәлемдесіп, сабақтың өті барысына кедергі 
жасамауға  тырысыңыз.  Бақылаушы  сабақтың  өту  кезінде  білім  алушыларға 
оқыту үдерісіне кедергі жасамай сыныптың ішінде жүре алады. Кетер алдында 
мұғаліммен қоштасып және сабаққа қатысқаны үшін ризашылық білдіру қажет. 
Бақылаудың  мақсаты  білім  беру  бағдарламасын  апробациялаудың  тиімділігін 
бағалау  үшін  мәліметтерді  және  дәлелдеулерді  жинау  болатынын  айқын 
түсіну қажет.  
Осылайша, 
бақылаудың 
негізгі 
нысаны 
мұғалім 
іс-әрекетінен 
оқушылардың  іс-әрекеттеріне  ауысады,  себебі  оқушылардың  білім  беру 
бағдарламасы  мен  рестурстарын  қабылдау  оны  сәтті  еңгізудің  негізгі 
көрсеткіші болып табылады.  
Сабақты  бақылаудың  үлгісін  қолданып,  келесі  сұрақтарды  көрсетуге 
тырысыңыз:  

 
Оқыту  мақсаттары  терең  оқытуға  және  жүйелік-әрекеттік  тәсілдің 
жүзеге асуына мүмкіндік береді ме?  

40
 

 
Сабақта ойлау дағдысының жоғарғы деңгейі дамиды ма?  

 
Оқушылардың  сабақтағы  іс-әрекеттері  оқыту  мақсаттарына  жетуге 
жағдай жасады ма?  

 
Оқыту үдерісі орын алды ма? Оқушылар неге үйренді?  

 
Оқушылар  мұғалімдерден  кері  байланыс  алады  ма  және  ол  оқыту 
үдерісіне жағдай жасайды?  
Сабақта  қолданылған  педагогикалық  әдіс-тәсілдер,  сабақтың  өту 
барысына,  сыныпта  мұғалімнің  қозғалуына,  оқушылардың  орындаған 
тапсырмаларына қатысты байқауларды тіркеу қажет.  
Бірақ,  сабақтың  өту  кезінде  жазбаларды  ықшамдауға  ұсынылады,  себебі 
бұл  бақылау  үдерісінен  алаңдатады.  Байқаудың  нәтижесін  сабақ  біткеннен 
кейін тіркеу қажет.  
Сонымен 
қоса, 
оқушылармен 
сабақтың 
үстінде 
сұхбаттасу 
ақпараттылықты  көтереді.  Оқу/оқыту  үдерісіне  араласуға  болмайды.  Сабақта 
өткен  тақырыптарға  байланысты  сұрақтарды  қоя  отырып,  оқушыларды 
сұхбатқа  тарту  қажет.  Егер  оқушылар  қандай  да  бір  тапсырманы  орындаумен 
айналасып отырса, онда берілген тапсырманы түсінді ме және орындау үшін не 
істеу  керек  екенін  біледі  ме  деген  сұрақтар  қоюға  болады.  Оқушылармен 
сұхбаттасу  кезінде  олармен  бір  деңгейде  болу  керек  екенін  ұмытпау  қажет 
(мысалы, бастауыш сынып оқушыларымен сұхбаттасу кезінде жанына отыруға 
болады).  
Сабаққа қатысу бойынша рефлекция:  
1.
 
Сыныптан  шыққаннан  кейін  бір  сабақтың  бақылаушылары  сабақ 
бойынша талқылау жүргізу үшін тыныш орын табу керек.  
2.
 
Жүргізілген  бақылауды  талқылаудың  алдында  сабақ  бойынша 
пікірлерімен  бөліспей  өзіндік  рефлекцияға  (ойлауға)  5-10  минут  уақыт  бөлу 
керек.  Әрбір  бақылаушы  талқылаудың  алдында  Сабақты  бақылау  парағына 
негізгі  кезеңдерді  белгілеу  қажет.  Бұл,  яғни  топта  немесе  жұпта  талқылау 
кезінде  кейбір  деректерді  қалтырып  кету  қатері  болғандықтан,  әрбір 
бақылаушыға  өзінің  қорытындысын  тұжырымдауға  уақыт  береді.  Сонымен 
қатар,  бұл  тәжірибе  көрген  сабақтың  маңызды  кезеңдеріне  көңіл  аударуға 
мүмкіндік береді.  
3.
 
Жеке  рефлекция  және  топтағы  талқылауды  алдымен  сабақтың 
жағымды аспектілерінен бастауға ұсынылады, кейін дамытуға қажетті аймақтар 
айтылады.  Бақылаушыларға  мұғалімнің  жеке  қаситеттеріне  емес  білім  беру 
бағдарламасының тиімді немесе сәтсіз енгізуіне назар аудару қажет.  
4.
 
Талқылау  кезінде  барлық  маңызды  кезеңдерді  тіркеп  жазып 
отыру қажет.  
5.
 
Талқылау  кезінде  мұғалімге  кері  байланыс  беру  үшін  сабаққа  негізгі 
ескертпелерді белгілеу қажет (қажет болған жағдайда).  
6.
 
Топтағы  талқылауды  10  минуттан  ұзақ  өткізбеген дұрыс,  себебі басқа 
сабақты бақылау жоспарлануы мүмкін.  
7.
 
Егер  мұғалім  өткен  сабақ  бойынша  кері  байланыс  беруді  сұраса, 
алдымен  ол  өзі  өткен  сабақ  бойынша  не  ойлайтынынын  сұрау  қажет,  яғни 
сабақта  не  сәтті  өтті  және  оқушыларды  тиімді  оқыту  үшін  не  жақсарту  қажет 

41
 
деген сұрақтар қоюға болады. Мұғалім өзінің пікірін айтқаннан кейін сабақтың 
жағымды кезеңдерінен бастап кері байланыс беру қажет.  
Сұхбаттасу мен бақылауды бірегей бағалау  
Білім  беру  бағдарламасын  жүзеге  асыруды  сапалы  бағалау  үшін 
адамдардың  топтасып  жұмыс  істеуінің  нәтижесінде  жинауға  болатын  көп 
мәліметтер  қажет.  Бірақ  мәліметтерді  жинау  мен  талдауды  бірнеше  адамдар 
ғана  жүзеге  асырады.  Барлық  алынған  ақпаратты  қолданып,  міндетті  орындау 
үшін анықталған құрылымды сақтай отырып, топтар мәліметтерді жинап және 
жазып отыру қажет.  
Мұнда  жоспарлау  өте  маңызды  және  жазбаша  есепті  дайындайтын  әрбір 
қызметкер  байқауды  қалай  өткізу,  не  жазып  алу  және  қалай  жазу  керек  екені 
туралы нұсқама алу керек.  
Осы  нұсқама  топтың  барар  алдында  өткізілуі  керек.  Сонымен  қатар, 
мектептерді аралау кезінде байқау мен жазбалардың келісілген талаптарға сай 
орындалғанын  бақылау  үшін  жауапты  адамдар  тағайындалады.  Өздерінің 
жазбалары  мен  байқауларын  мектепке  бару  кезінде  талқылаған  дұрыс,  яғни 
оған топ мүшелерінің үнемі кездесуі мен талқылауы жағдай жасайды.  
Мұндай кездесулерде топ мүшелері:  

 
бақылауларын талқылайды;  

 
өткен  сұхбаттарды  және  сұрақтарға  алған  жауаптарын  талқылайды 
және  нақтырақ  немесе  маңызды  жауап  алу  үшін  сұрақтарды  қалай  басқаша 
айтуға болатынын ойлайды;  

 
байқауларды  түсіндіру  мен  жазу  туралы  әртүрлі  идеяларды 
қарастырып, бір ойға келеді;  

 
дұрыс  тұжырымдамалар  мен  қорытындылар  жасаудың  жақсы 
мысалдарын келтіреді.  
 
Топтың  мүшелері  жасаған  бақылауларын  талдап,  алынған  ақпаратты 
бағалау  мен  мәліметтерді  жинау  үдерісін  қалай  жетілдіру  керек  екенін  ойлау 
керек.  Олар  өздерінің  ой-пікірлерін  түрлендіру  жолдарын  қарастыру  және 
қорытындыны  толығырақ  және  нақты  жазбаларын  жүзеге  асыруға 
талпыну керек.  
Оқушылардан мәліметтерді жинау бойынша басшылық  
Үш  жастағы  балалар  өздерінің  оқулары  туралы  айтып  бере  алатыны 
дәлелденген болатын. Бұл кіші оқушылар өздерінің оқулары туралы хабарлары 
бар екенін және оқушы ролінде болуы туралы ойларын білуге мүмкіндік береді. 
Бірақ, Скоттың (2008) болжамы бойынша жеке және топтық әңгімелесу кезінде 
балалар 7 жастан бастап сенерлік жауап береді.  
Кіші оқушылармен әңгімелесу әрқашан топта өту керек және:  

 
оқушылардың ынталары;  

 
өздерінің ойлары бойынша қандай прогресс жасап отыр;  

 
білім  беру  бағдарламасымен  оқыту  кезінде  олар  қандай  мәселелер 
кездестірді  және  оны  шешу  үшін  қанай  іс-әрекеттер  жасалғаны  туралы 
ақпаратты береді.  
Мұндай  талқылауға  оқушылардан  өздерінің  жұмыстарының  кейбір 

42
 
үлгілерімен келуге сұрауға болады. Модератор оқушылардың өз жұмыстарына 
ынталарын және басқа адаммен жұмыс  істеу ықыласын бағалай алады.  
Мониторинг жүргізетін топ кездесуге қатысатын барлық оқушыларға көңіл 
аудару  керек,  бірақ  олар  кездескен  оқушылар  бұл  мектептің  барлық 
қатысушылардың  тек  қана  бір  кішкентай  бөлігі  екенін  ұмытпау  керек. 
Модератор  кейбір  оқушылардың  ой-пікірлерін  басқалардың  зарарына  естіуі 
мүмкін.  Оқушылар  мектеп  туралы  пайдалы  мәліметтер  бере  алады,  бірақ 
оларды тексеру қажет.  
Оқушылармен сұхбаттасу.  
Оқушылардан  нақты,  шынайы  жауап  алу  үшін  мониторингілеу 
топтарының  мүшелері  мұқият  ойланып  сұрақ  қою  керек  екенін  есте  сақтау 
керек.  Сұхбат  кезінде  қолданылатын  құралдар  оқушылардың  жастық 
ерекшеліктерін  ескере  отырылып  бейімделу  керек  және  сұхбат  алушыға 
айтарлықтай икемді болу керек.  
Оқушылар үшін сұрақтарды әзірлеу кезінде төмендегілерді ескеру қажет:  
1.
 
Қарапайым  лексика  қолдану.  Оқушылар  сұрақтарды  түсінбеген 
жағдайда  нақты,  шынайы  жауап  бере  алмайды.  Сұрақ  түсінікті  ма  екенін 
тексеру  қажет.  Қысқартулар  мен  техникалық  терминдерді  қолданбауға 
тырысу керек.  
2.
 
Қысқа,  қарапайым  сұрақтар  қолдану.  Оқушыларға  ұзын  және  қиын 
сұрақтарды түсігуге қиын болады. Нәтижесінде олар тек қана жартылай жауап 
беру  мүмкін.  Жауабы  екі  бөліктен  тұратын  сұрақтарды  қоймаңыз,  себебі 
оқушылар шатасып қалады.  
3.
 
Сұрақ  қойғанда  нақты  мысалдар  келтіру.  Болжамдалған  сұрақтарға 
жауап фактіні көрсетпеуі де мүмкін (мысалы: «егер..., ні істеуші едіңіз?»).  
4.
 
Шынайы мерзімдерді қолдану. Көбінесе кіші оқушылар бір апта бұрын 
өткен тақырып бойынша қойылған сұраққа шын жауап бере алмайды.  
Екі  жақты  да  қорғау  үшін  оқушылармен  сұхбатты  ашық  ортада  өткізген 
дұрыс. Бір оқушымен әңгімелесу үшінші адамның қатысуысыз өтпеу керек.  
Оқушыларды бақылау  
Бастауыш  сынып  оқушыларының  тәжірибесі  туралы  толық  көріністі  алу 
үшін  ақпаратты  сұхбаттан  алынған  және  жүйелі  байқау  нәтижесінде  алынған 
мәліметтермен  күшейту  қажет.  Мұғалімдер  оқушылардың  үлгерімі  мен  ара-
қатынастарын жақсырақ бағалай алады, ал олардың жазбаларынан оқушылар не 
айтқанын  және/немесе  істегенін  көруге  болады,  ол  өз  алдына  оқыту  және 
дамыту және/немесе қандай да бір бар мәселелер туралы мәліметтерді береді.  
Барлық сұхбаттасудағы сияқты балалар тобы мен қатысушы ересектердің 
арасында  өзара  сыйластық  болу  қажет.  Модератор  балаларға  өз  сөздерін 
аяқтауға  мүмкіндік  беру  керек,  кейін  ғана  өзінің  жауабын  береді.  Сонымен 
қоса,  ол  балаларды  өздерінің  алғашқы  тұжырымдамаларына  толық  тоқталуға 
ынталандыру керек.  
Ересектеу  оқушыларды  әңгімеге  тартуға  болады,  себебі  олар  кіші 
оқушылармен ересек адамдардың арасында тиімді дәнекерші бола алады.  
Мүмкіндік болса,  әңгімелесу  үйреншікті  ортада өткізілігу  керек  (мысалы, 
бала  ойнап  отырғанда).  Кіші  балалар  сендіруге  жеңіл  беріледі  және  сұхбат 

43
 
алушыға  ұнау  себептеріне  сәйкес  өздерінің  жауаптарын  тез  бейімдей  алады. 
Үйреншікті  ортада  әңгімелесу  кезінде  оқушыларды  тестілеу  сезімінен 
алшақтауға  болады,  яғни  шыни  әғгімелесуге  әкеледі.  Мөлшерлік  ақпаратты 
сыныптық  іс-әрекет  арқылы  алуға  болады,  мысалы,  жауаптар  сызбасына 
көңілді  немесе  қайғылы  смайликтің  тұсына  өздерінің  жауаптарын  жапсыруды 
сұрауға болады.  
Мүмкін болса, түрлі іс әрекеттер кезінде оқушыларды бақылаған дұрыс.  
1. Ашық іс-әрекеттер түрлері – қандай да бір нәтиже немесе оқушылардың 
жетістіктері  бір-бірінен  айырмашылығы  бар  іс-әрекеттердің  түрі.  Бұл  іс-
әрекеттің  түрі  балаларда  қандай  білім,  дағды  және  түсініктер  дамытынын 
көруге болады.  
2. Жабық іс-әрекеттер түлері – мүмкін болатын нәтижелер шектеулі болып 
табылатын іс-әрекеттердің түрі. Бұл іс-әрекеттер арқылы оқушылар икемденген 
анықталған дағдылар туралы нақты ақпарат алуға болады.  
3.  Сұрақтарға  жауап  алу  (ашық  немесе  жабық  сұрақтарға)  оқушылардың 
түсініктері  туралы  мәліметтер  алуға  болады,  сонымен  бірге  оқушылар 
талқылауға қаншама белсенді қатысып отырғаны туралы анықтауға болады.  
 
Бақылау басырында:  

 
тапсырманы  таңдау  немесе  топта,  жұпта  жұмыс  істеу  кезінде 
оқушылардың шешімдерін, өздерінің пікірлерін түсіндіру біліктерін;  

 
анықталған  іс-әрекеттерді  орындау  үшін  міндеттерді  қалайша 
таңдайтындығын;  

 
тапсырманы  аяқтау  үшін  оқушыларға  мұғалім/топтан  қандай  қолдау 
қажет екенін;  

 
өздерінің пікірлері бойынша қаншама ілгері қозғалып  келетіні  туралы 
жеке оқушылармен әңгімелесу;  

 
топтық  жұмыста  оқушылардың  қатысу  сапасын,  мысалы  жұптасып 
жұмыс істегенде, талқылау кезінде тіркеу қажет.  
 
 
 
 
 

44
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал