Қуат ҚҰрмансейіт, «Мысты өңір». Алаштың аспанында жасындай жарқ ете түсіп



жүктеу 33.3 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі33.3 Kb.

"БАУБЕК МЕНІҢ 

НАҒАШЫМ ЕДІ"-



Қуат ҚҰРМАНСЕЙІТ, 

«Мысты өңір». 

Алаштың аспанында жасындай жарқ ете түсіп, 

жұлдыздай ағып өткен қыршын талант 

Баубек Бұлқышевтың есімі қашанда ел жүрегінде. 

Оның ұлағатты өмірі мен жауынгерлік жолы

оқ пен оттың ортасында жүріп жазған асқақ рухты 

публицистикалық толғаулары отаншылдықтың, 

елжандылықтың шынайы үлгісі. 

Баубек — Ұлытау ұланы, өз өлкеміздің тумасы. 

Әйтсе де, сонау 1944 жылы 28 жасында қан майданда 

опат болған біртуар перзентіміздің көзін көргендер 

бүгінде өте санаулы. Солардың бірі Баубектің жиені

жезқазғандық Ұлы Отан соғысының ардагері 

ЕСЕЕВ Қасымбек ақсақал 

Әділін айту керек, қаламыз-

да Баубектің көзін көрген, әрі 

оған жиендік жолы бар осындай 

қария туратынын айтып, бізге 

қозғау салған адам қадірменді 

Сағындық аға Қожамсейітов бо-

латын. Редакциямызға ара-тура 

ат ізін салып туратын бул ағамыз 

соңғы бір келгенінде: 

— Жігіттер, осында Баубек-

ке жиен болып келетін Қасым-

бек атты бір қария бар екен. 

Кездесіп, әңгімелессеңдер, ай-

тары аз емес шығар. Мақұл де-

с е ң д е р , ол кісіні  т а б у ғ а да 

көмектесейін, — деген еді. 

Секең сөзінде турып, Қасым-

бек ақсақалдың  м е к е н - ж а й ы 

жазылған тілдей қағазды көп 

узамай-әқ қолымызға ұстатты. 

Бұдан соң біз де уақыт оздыр-

май, көрсетілген мекенді бетке 

алдық. 


Қасекең сексеннің алтауына 

аяқ басса да, көп нәрсені жадын-

да сақтаған, әрі сөзге де ширақ 

қарт екен. Әу баста біздің келу 

мақсатымызды білгенде: 

—  Ш ы р а қ т а р ы м ,  Б а у б е к 

менің нағашым екені рас.  Ш е -

шем Әпіш Баубектің апасы еді. 



дейді Ұлы Отан соғысының ардагері Қасымбек ақсақал 

Әрине, мен мұны орынды мақтан 

е т е м .  Ж а у ы н г е р  ж а з у ш ы н ы ң 

аруағын риза етіп, атын жаңғырт-

сақ деген сендердің ниеттерің де 

құптарлық. Бірақ, менен сендер 

қанағаттанатын көп әңгіме шыға 

қоймас, — десе  д е , шешіле келе 

біраз әңгіменің басын қайырды. 

Қасекеңнің айтуынша Баубек 

нағашысымен бір шаңырақ астын-

да турып, бірге ғұмыр кешкен 

кездері де болыпты. Бұл туралы 

қария былай әңгімелейді. 

— Отызыншы жылдары біздің 

үй Қарсақбайда тұратын. Ол кез-

д е  м е н  б а л а м ы н .  Ә к е с і  д е , 

шешесі де  ж о қ тұл жетім Бау-

бек  Ф З О - д а оқитын болып, 

біздің үйге келді. Үй деймін-

ау, ол кездегі баспанамыз 

ж е р д е н  қ а з ы п  ж а с а ғ а н 

кәдімгі жеркепе еді. Өзі 

айналуға келмейтін тар. 

Көңіл сыйса бері сияды 

д е г е н рас  қ о й , сол 

ж е р к е п е д е  Б а у б е к 

Ф З О - н ы бітіргенше 

біздің отбасымызбен 

бірге тұрды. 

Оның менен 5-6 жас үлкендігі 

б а р - т ы н .  Қ а т е л е с п е с е м , сол 

уақытта мен 12-13 жастамын, Бау-

бек 17-18 жас шамасындағы қыл-

шылдаған жас жігіт. Адамгершілігі 

м е н  б і л і м г е  қ ұ м а р л ы ғ ы н , 

е л г е з е к т і г і  м е н кішіпейілдігін 

үлкендер бізге үлгі ететін. Көрікті 

д е , келісті жігіт еді. Бүгінгі қазақ 

көз тойып, көңіл сүйсінер жігітті 

көрсе «солидный жігіт екен» деп 

жатады ғой, басбармақпен баға-

лауға тұратын нағыз «солидный» 

жігіт сол Баубек болатын. 

Кері  қ о й д ы ң жасындай ғана 

ғұмырым қалғанда жалған сөйлеп 

қайтейін, нағашымның өлең  қ ұ -

марлығын білсем  д е , өзінің өлең 

жазатынын тап сол уақытта біле 

қоймаппын. Бәлкім, бұған балалы-

ғым, қарын қамын ғана ойлатқан 

замана қиындығы да себеп болғ-

ан шығар. 

Нағашылы-жиенді жақындығы-

мыздың сыртында бір үйде тұрып, 

б і р дастарханнан  д е м татып 

жүрген соң шығар, екеуміздің та-

тулығымыз тамаша еді. ФЗО-ны 

бітірген соң ол көп ұзамай оқу 

іздеп Алматыға аттанды. Сел 

кейінірек баспалар мен" газет-

журналдарда әр түрлі қызмет 

істеді. Сол уақытта үзбей хат  ж а -

зысып  т ұ р д ы қ .  Ә р жылы  ж а з 

мезгілінде ауылға келетін. Сонда 

қуана табысып, мез-мейрам бо-

лып қалушы ек. 

1940 жылы мен 19 жасымда 

міндетті әскери борышымды өте-

уге шақырылдым. Сол жылы Ба-

убек те әскерге алынды. Алға-

ш қ ы уақытта жиі хат жазысып 

тұрушы едік, соғыс басталып кет-

кен соң оған мүмкіндік бола қой-

мады. Әйтеуір, анда-санда қысқ-

аша амандық білісіп тұрғанымыз-

ды ол да, мен де қанағат еттік. 

Амал не, 1942 жылдың күзінен соң 

хат-хабарымыз үзіліп қалды. Ең 

соңғы хатында «Жағдайым жаман 

емес. Бүгін түнде ұрысқа кіргелі 

тұрмыз» деп жазыпты. Сол хат-

тың сыртындағы адреске жолда-

ған хатыма жауап ала алмадым. 

Осындай бірнеше талабымнан 

нетиже шықпаған  с о ң , «басқа 

бөлімге ауысып кеткен болар, тірі 

болсақ кездесерміз» деп ойла-

ғам. 1944 жылы «Баубек Украина 

ж е р і н д е ерлікпен қаза тапты» 

деген қаралы хабарды естідім... 

Аты аңызға айналған нағашы-

сы туралы аз-кем естелігін осы-

лай ауыр күрсініспен аяқтаған 

Қасымбек ақсақал келесі сәтте 

жалпы Баубек турасындағы ой-то-

лғамдарын сабақтап кетті. 

— Ел басына күн туған қиын-

қыстау шақта бәріміз қолға қару 

алып,  ж а у м е н шайқастық.  А л , 

Баубектің қолында бір емес қос 

қару болды. Оның екінші қаруы 

кедімгі қалам. Мұз төсеніп, қар 

жастанып  ж ү р с е де қолынан 

қаламын тастамапты-ау, қайран 

сабаз! Егер, Баубек тірі болғ-

анда бүгінгі ақынмын, жазушы-

мын деп жүргендердің талайын 

жолда қалдырар еді. Ол өзінің 

сол қамшы сабындай ғана қысқа 

ғұмырында қалдырып кеткен аз 

д ү н и е с і м е н - а қ , қала  б е р д і 

өнегелі өмірімен талайлардан 

биік тұр. 

Міне, туған жұртының ортақ 

перзенті, өзінің нағашысы Бау-

бек туралы Қасымбек қарияның 

түйінді пікірі осындай. Бұл пікірге 

біреулердің қосары болса да, 

а р т ы қ айтылыпты деп алары 

ж о қ екеніне біз де сенімдіміз. 

Осы жүздесу барысында Қасекеңді өзі жайлы әңгімеге 

де тартып байқағанбыз. "Бүгінгі әңгіме Баубек туралы 

еді ғой» деп аса шешіле қоймады. 

Бар білгеніміз — соғыстан жараланып оралған. 

Бірталай орден медаль иесі.Соғыстан соң 

Қарсақбай мыс зауытында, кейінірек 

Жезқазған байыту фабрикасында еңбек еткен. 

Қария өзі туралы шешіле сөйлеп кетер ме деген 

дәмемен орайы келген бір сәтте «Ақсақал, соғыста неше 

немісті жер жастандырдыңыз?» деп 

«қиғаштау» сауал тастадық. 

Баубектің жиені емес пе, мүдірмеді. 

 Ертеде соғыстан оралған біреуге ауылдастары дәл 

осындай сауал қойыпты. Сонда ол 

«Атып жатырмын, атып жатырмын, сірә, 

біраз неміс өлді-ау деймін» деген екен. 

Сол секілді мен де командирлер ат десе аттым, 

шап десе шаптым, сірә біраз немісті өлтірдім-ау деймін, 

 деп бір-ақ ауыз әзіл сөзбен ұтымды жауап қайтарды. 

ЖЕЗҚАЗҒАН. 



Мысты өңір.-2006.-31 наурыз.-7 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал