Қуаныш СҰлтанов, Парламент Мәжілісінің депутаты



жүктеу 73.78 Kb.

Дата05.03.2017
өлшемі73.78 Kb.

 

02.12.2013 

Жаңа дәуір – жаңа дәстүр 

 

Қуаныш СҰЛТАНОВ, 



Парламент Мәжілісінің депутаты, 

«Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі. 

 

Тәуелсіз 



мемлекет, 

ерікті 


еркін 

ел 


бола 

алғанымыздың  арқасында  бұрын-соңды  тарихымызда 

кӛрмеген  жақсылықтарға  бүгінгі  ұрпақтың  қол  жеткізіп 

отыруы – ерекше  бақыт. 

Осы  күнге  жету  жолында  қаншама  асулар  мен 

белестерден ӛтті  халқымыз... 

...  Ӛткен  ғасырдың  80-ші,  90-жылдары  сол  кездегі 

Кеңес 


Одағы 

кеңістігі 

қайшылыққа, 

қоғамдық 

ағыстардың толқынына толы болды. 

Михаил  Горбачев  билікке  келгеннен  кейін  «қайта 

құру»  науқаны  басталды.  Бұрынғы  коммунистік 

партияның 

басшылығы 

қызметіне, 

коммунистік 

партияның  қоғамдағы  орнына  және  оның  қызметінің 

сыни  тұрғыдан  сарапталуына  айрықша  басымдық 

берілгендіктен  халық  әуел бастан ол идеяны қолдады. 

Бірақ,  жақсы  басталған  сӛз  созбалаңға  түсіп,  нақты  істердің  немесе  нәтижелердің 

тӛбесі  кӛрінбей,  қоғамда  тек  пікірталас  ӛршіп,  бұрынғының  бәрін  жоққа  шығарудан  аса 

алмай,  жаңа  қадамдар  байқалмады.  «Қайта  құру»  саясаты  идеядан  асып,  нақты  тиімді 

әрекеттерге  шешіліп  кірісе  алмағандықтан  оң  нәтиже  бере  қоймады.  Партияның 

белсенділігін  және  қоғамдағы  рӛлін  күшейту  туралы  әңгіме  неғұрлым  кӛп  болған  сайын, 

солғұрлым  партияның  арасында  қожыраушылық  күшейіп,  ӛріс  алды.  Күнделікті 

тіршілікке  тән  ұсақ-түйекке,  мысалы  вагондардан  азық-түлік,  құрылыс  материалдарын, 

кӛмір-отынды  түсіруге  дейін  Мәскеудегі  Орталық  партия  комитетінен  нұсқаулар  келіп, 

шаруашылық  басшылықтарының  орнына  партия  ұйымдары  араласып  кетті.  Шаруашылық 

мәселелеріне  тікелей  жауап  беретін  орындар  жұмыс  істеуді  қойды,  жауапкершіліктен 

шеттетілді.  Олар  партиядан  қойылып  жатқан  мәселелерді  партияның  ӛзіне  итеріп  салып, 

қандай  да  кемшіліктердің  бәрі  партияның  кемшілігі  саналатын  болды. Осы 

сияқты  «қайта  құру»  идеясы  дұрыс  болғанымен,  оның  ұйымдастыру 

стратегиясы  әуел  бастан  айқындала  алмай,  негізгі  мақсаттары  арнайы 

тұжырымдамамен  бекітілместен  кӛп  жағдайда  стихиялы  түрде  жүргізілді. 

Мұндай  «бастама»  партияның  жетекші  кадрларын  жерден  алып,  жерге 

салумен  ұштасып  кетті.  Горбачевтің  ӛзі  айтқан  «тӛс  пен  балғаның 

ортасында»  партияның  басшылық  қызметкері,  символикалық  түрде  «тӛс» 

деген  яғни  жұмысшы  табы,  «балға»,  орталық  билік,  ал  ортасында 

партияның  қызметкерлері.  «Таяқ  жейтін»  солар.  Жалпы  партияның  ӛзінде  кӛп  мәселелер 

тоғытылып,  жиналыс  кӛбейіп  кетті  де,  айтылған  мәселелердің  бәрі  сӛз  жүзінде  қалып, 

оның  орындалуын  ұйымдастыруға  екпін  берілмей  қалды.  «Қайта  құру»  идеясының  ӛзі 

аяғы осылай сиырқұйымшақтанып, құмға  сіңген судай болып жатты. 

Биліктің  жаңа  құрылымын  табу  мақсатында  сол  кезде  М.Горбачевтің КОКП Орталық 

Комитетінің  ұсынысымен  мемлекетті  басқарушы  президент  институты  енгізіліп,  КСРО 

Жоғарғы  Кеңесінің  жиналысында  Михаил  Горбачев  Кеңес  Одағының  президенті  болып 



сайланды.  Осы  үрдіс  алдымен  Ресейде,  одан  кейін  басқа  одақтас  республикалардың 

барлығында да енгізіле  бастады. 

1989  жылы  22  маусым  күні  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  пленумы 

болып,  сол  пленумда  бұдан  бұрын  бірінші  хатшы  болған  Геннадий  Колбин  Мәскеуге 

қызметке  кетуіне  байланысты  жұмыстан  босатылды  да,  оның  орнына  сол  кездегі  біздің 

республика  Үкіметін  басқарып  тұрған  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  Қазақстан 

Компартиясы  Орталық  Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Келесі жылы, 1990 

жылдың  сәуір  айында  Жоғарғы  Кеңес  пен  Қазақстан  Компартиясы Орталық Комитетінің 

шешімі  бойынша  Қазақстанда  президент  институты  енгізіліп,  Нұрсұлтан  Әбішұлы  На-

зарбаев Жоғарғы  Кеңесте Қазақ КСР-інің Президенті  болып сайланды. 

1991  жылдың  тамыз  айында  болған,  Мәскеудегі  Орталық  билік  ӛкілдері  сол  кездегі 

Кеңес  Одағының  вице-президенті  Г.Янаев,  яғни  мемлекеттегі  екінші  адам  бастаған  әйгілі 

«тамыз  бүлігі»  Коммунистік  партияның  құлауына  әкеліп  соқты. Осыны жедел әрі орынды 

пайдаланып,  бұрынғы  Кеңес  Одағының  құрамында  болған  Балтық  жағалауы  рес-

публикалары, 

Кавказдағы 

республикалар 

ӛздерінің 

Кеңес 

Одағы  құрамынан 



шығатындарын, тәуелсіз  мемлекет болатындарын жария етті. 

1991  жылдың  18-19  тамызындағы  оқиғалар  «тамыз  бүлігі»  деген атауларға ие болған. 

Біріншіден,  оны  ұйымдастырушылардың  кӛздеген  мақсатының  ойраны  шықты. 

Екіншіден,  олардың  сол  кездегі  Коммунистік  партияның  билігін  тұрақтандырамыз, 

арттырамыз,  Мәскеудегі  Орталық  билікті  күшейтеміз  деген  ойлары  жүзеге  асқан  жоқ. 

Керісінше,  Орталық  биліктің  абыройын  түсіріп,  Коммунистік  партияны  таратуға  басты 

себеп  болып,  олардың  әрекеті  «мемлекеттік  тӛңкеріс»  деп  танылып,  түгелдей  жауапқа 

тартылды. Оның құрамында Геннадий Янаев, сол кездегі Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесінің 

тӛрағасы  Анатолий  Лукьянов,  басқа  одақтық  дәрежедегі  лауазымдық  қызметкерлер 

болған. 


1991  жылы  «тамыз  путчінен»  кейін  қысқа  мерзімде  бізде  де,  Қазақстанда  ӛте  жедел, 

жинақы  түрде  Нұрсұлтан  Назарбаев  ӛзінің  толық  билігін  пайдаланып,  кезектен  тыс 

партияның  съезін  ӛткізіп,  бұрынғы  Коммунистік  партияны  таратты.  Кӛп  партиялылық 

жарияланды.  Осыдан  кейін  ресми  мемлекеттік билік партияның қолына емес, мемлекеттік 

ресми  құзырлы  орынның  қолына  кӛшті.  Бірақ  Президентті  Жоғарғы  Кеңес  сайла-

ғандықтан, оның билік құзыры соған да байланысты болды. 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  осы,  тағы  басқа  ішкі,  сыртқы  жағдайды  ескере  отырып,  елде 

бүкілхалықтық  сайлау  ӛткізуге  ӛзі  бастамашы  болды.  Кӛп  ұзамай  1991  жылдың  1 

желтоқсанына бүкілхалықтық сайлау жарияланды. Сол сайлау арқылы Қазақстанның жаңа 

дәуірге  бет алып тұрған кезеңінде халықтың кӛңіл-күйін,  шешімін  байқау  қажет болды. 

Сайлауға бүкіл  халық  үлкен ықылас, қолдау  кӛрсетті. 

Бүкілхалықтық  сайлаудың  негізгі  мақсаты  халықтың  билікке  сенімін  байқау  арқылы 

елдің  ынтымағын,  тұтастығын  қамтамасыз  етумен  бірге,  қандай  да  жаңа  реформаларға 

қолдау  алу  еді.  Сонымен  бірге,  Президент  билігінің  ешкімге  тәуелді  болмауы,  ешқандай 

мемлекеттік  құзырлы  орынға, ешқандай Кеңеске де, ешқандай партияға да тәуелді болмай, 

тек  қана  халықтың  алдында  жауапты  екендігі  туралы  анық  ұғым  қалыптастырып,  билік 

пен халық арасында жаңа қарым-қатынасқа жол салу ойда еді. 

Бұл  сайлау  –  тек  сайлау  ауқымы  мен  мәртебесін  кӛтеру  үшін  ғана  емес,  ең  алдымен 

халықтың  жаңа  санасына,  қоғамның  жаңа  сапасына  бет  түзеу  арқылы  халықтың  ӛз 

ӛкілеттігінің  шынайылығын  орнықтырып,  билікте  де,  қоғам  ӛмірінде  де  халықтың 

белсенділігін,  жауапкершілігін  арттыру  еді.  Бұл,  сӛз  жоқ,  бұқаралық  сананың  жаңа 

сатысы, жаңа сапасы болатын. 

Коммунистік  партия  таратылғаннан  кейін  1991  жылғы  тамыздың  аяғында  Президент 

Жарлығымен  жаңа  билік  құрылымдары  құрылып,  Қазақстан  Үкіметінің  жаңарған  құрамы 

бекітілді.  Солардың  қатарында  Баспасӛз  және  бұқаралық  ақпарат  құралдары  министрлігі 

құрылып,  соның  тұңғыш  министрі  болуға  Президент  осы  мақаланың  авторына  сенім 



кӛрсетіп,  Президенттің  сайлауымен  шұғылданатын  бірден-бір  жетекші  министрліктің 

біреуін  басқару  бақытына ие болдым. 

Қандайда  «сайлау»  деген  науқан  қоғамдық  пікір,  үгіт-насихат,  қоғамдық  кӛпшілік 

жұмыстармен  байланысты,  сондықтан,  әрине,  біздің  министрліктің  сайлауға  байланысты 

жұмысы да, жауапкершілігі  де молынан болғаны да табиғи. 

Сайлау  науқанына  Президент  лауазымында  жүрген,  әрі  сайлауға  үміткер  ретінде 

қатынасатын  Нұрсұлтан  Әбішұлы  ӛзі  бас  болып,  белсене  араласты.  Әсіресе,  ерекше  есте 

қалған оқиғалар – Президенттің  қалың елмен, сайлаушылармен  кездесулері  еді. 

Сол  кездегі  Нұрсұлтан  Әбішұлының  ел  алдындағы  елді баурап алатын шын жүректен 

шығып,  кӛмекейден  тӛгілген  адами  шешендік  сӛздері,  кӛпшіліктің  сұрақтарына  ұтқыр, 

арасында  жұмсақ  әзіл  аралас  жауаптары,  әр  кездесуі  қоғаммен  жұмыс  істеудің  тамаша 

үлгісі,  саяси  науқан  ӛткізудің  тұтас  университетіндей  болғаны  да  кӛз  алдымызда. 

Сайлаушылармен  кездесіп,  олармен  дидарласу,  пікір  алысу,  сұрақтарына  жауап  беру 

мақсатында  Президент  барлық  облыстарды  түгел  қамтып,  аралап  шықты.  Елде  естен 

кетпес кездесулер  ӛтті. 

Сайлау  кезінде  кейбір  Үкімет  мүшелері,  лауазымды  қызметкерлер  Нұрсұлтан 

Әбішұлымен  бірге  ӛңірлерге  барып, кездесулерге  қатынасу сеніміне  де ие болдық. 

Жамбыл,  Қарағанды,  Жезқазған  облыстарына  (ол  кезде  Жезқазған  облысы  бӛлек) 

барғанда  арнайы  мәдениет  сарайларының  ғимараттарында,  жұмыс  орындарында  халық 

ӛкілдерімен  жоспарлы  кездесулерден  тыс  кездесулер  де  халықтың  ерекше  кӛңіл  күйін, 

болашаққа  сенімін  кӛрсетті.  Сондай  кездесулердің  бірі  –  Тараз  (ол  кезде  Жамбыл) 

қаласының  Орталық  алаңында  театрдағы  кездесуден  соң  жоспарсыз  ӛтті.  Алаңда 

мыңдаған  адамдар жиналып тұрғанын кӛрген Президент автокӛлікті тоқтатып, қалың елге 

қарай  жүрді.  Сол  тұста  қауіпсіздік  қызметтерінің  мазасызданғаны  да  рас.  Бәріміз  үшін 

күтпеген  бұрылыс  кездесу  болды.  Мерзім  кеш  қараңғылығы.  Алаңда  мінбе  де,  микрофон 

да  жоқ.  Мұндай  кездесу  жоспарланбаған.  Нұрсұлтан  Әбішұлы  топтың  ортасына  кіріп, 

әңгімелесіп,  біраздан  кейін  микрофон  жалғанды.  Әңгіме  бір  сағаттан  астам  уақытқа 

созылды. Жиналғандар соңында риза болып, ұзақ қол соғып, Президентке сәт сапар тілеп

қимай қоштасты. 

Келесі  күні  Жезқазғанға  келдік.  Жезқазғанда  да  сондай  үлкен  кездесу  болды. 

Жезқазғаннан  кейін  Қарағандыға  келдік.  Қарағанды,  Теміртауда  да  орасан  кӛп  халық 

қатынасқан  үлкен  кездесулер  ӛтті.  Қай  жерде  де  Елбасына  деген  халықтың  сенімі  мен 

қолдауы  ӛте зор болды. 

Сайлау  бұрын-соңды  болмаған  халықтың  ықыласын,  сайлауға  мүдделілігін,  бірлігін 

кӛрсетті.  Бұл  –  шын  мәнінде  ӛзінің  мазмұны  жағынан  да,  ӛткізу  тәсілі  жағынан  да  жаңа 

сайлау  еді.  Сайлау  кезінде  балама  үміткерлер  туралы  да  ашық  әңгіме  айтылып,  балама 

сайлауға  ұсынылған  немесе  біреулер  ұсынған  адамдардың  барлығының  ӛздері,  іс 

басындағы  Президент  Нұрсұлтан  Әбішұлына  арқа  сүйеп,  «осы  тұлғаға  үміт  артамыз, осы 

кісіге  сенеміз,  болашағымызды  сеніп  тапсырамыз»,  деп,  бүкіл  халық,  тіпті  оппоненттік 

кӛзқарастағы  азаматтардың  ӛздері  Президентті  қолдап  шықты.  Сайлау  ерекше  рухани 

жаңару  жағдайын  кӛрсетті.  Халықтың  шексіз  сенімі  бүкіл  халықты  бір  мақсат,  бір мүддеге 

жұмылдырып,  сондай  алмағайып  заманда  ел  басқарар  ерінің,  жол  сілтер  кӛсемінің,  сӛз 

айта алар шешенінің  жанына топтаса алды. 

Ол  кезде  әлі  біз  Кеңес  Одағының  құрамындамыз.  Біздің  негізгі  ӛнеркәсіп 

орындарымыз  Мәскеумен,  Одақтың  кәсіпорындарымен  тікелей  байланысты,  ӛнеркәсіп 

саласының  93  пайызы  түгелдей  Мәскеуден  басқарылады.  Қаржы,  банк  мәселесі  түгелдей 

Мәскеудің  қолында.  Ӛнеркәсіп  орындары  тоқырап,  ӛнім  тӛмендеп,  тұрмыс  нашарлап, 

Одақ  кӛлемінде  экономика  дағдарысқа  ұшырап  жатты. Мызғымастай болған Коммунистік 

партия  құлап,  тарағаннан  кейін Одақтың не боларын біле алмаған қалың ел мұндайда тек 

сенімді  тұлғаға  ғана  арқа  сүйеп,  тағдырының  болашағын  соған  қосарына  тоқтады. 

Нұрсұлтан  Назарбаевпен  кездесулерге  –  мейлі  ол  жұмыс  орнында,  немесе  мәжіліс 


залдарында,  мәдениет  сарайларында,  тіпті,  ашық  алаңдарда  болсын  –  ағылған  елде  есеп 

жоқ. 


Сол  кездесулерде  ерекше  бір  ашықтық,  айрықша  сенімділік,  бүкпесіз  қолдау,  шынайы 

ұйымшылдық  болды.  Қоғам  жаңа  кезеңнің  қарсаңын  сезінгендей  рухани  ӛрлікке,  үмітке 

бет  түзеп,  еңсесін  кӛтерді.  Егемендік,  тәуелсіздік  туралы  әңгіме  қозғалғанымен  әлі  де 

Кеңес  Одағынан  бӛлініп  кетеміз  бе,  кетпейміз  бе  деген  екіұшты  толғақты  ой  тиянақтала 

қоймаған  кез.  Ӛйткені,  сол  жылдың  наурыз  айында  Кеңес  Одағы  бойынша  референдум 

ӛткізіліп,  Кеңес  Одағының  сақталуы  қажет  пе,  қажет  емес  пе  деген  сұраққа  Қазақстан 

сайлаушыларының  80  пайыздан  астамы  «Кеңес  Одағы  қажет»  деп  дауыс  берген.  «Кеңес 

Одағынсыз  жағдайымыз  қалай  болады?»  дегендей  дүдәмал  сенімсіздік  сананы  жайлап 

тұрған  кез.  Қазір  сол  кезде  солай  болды  дегенге  таң  қалатын  адамдар  кӛп.  Ӛйткені,  ол 

кездегі  түгел  тіршілік  Кеңес  Одағымен  тікелей  байланысты  еді.  Одақтың  құрамынан 

шығып кетсек,  қалай күн кӛреміз  деген ой басымырақ болғаны да шындық. 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  президенттікке  кандидат,  үміткер  ретінде  барлық  ӛңірлерде 

ашық  кездесулер  ӛткізіп,  республика  тарихында  болмаған  бұқаралық  белсенділікке  қол 

жеткізді.  Бүкіл  халық  қатынасты  кездесулерге.  Халық  ашық  –  «қайда  барамыз?»,  «не 

істейміз?»,  «кім  боламыз?»,  «қандай  жолмен,  қандай  құндылықтармен  жүреміз?»  деген 

бағытта  сұрақтарын  да  тӛгіп  жатты.  Тәуелсіздікке  байланысты  тың  ойлар  сол  кездесулер 

үстінде  айтылды.  Жаңа  экономикалық құрылым, жаңа бағыттар, жолдар, жаңа қоғам құру 

мәселелері  кездесулердің  ӛзегін  құрады.  Сонда  барлық  жағдайды  түсіндіріп,  Нұрсұлтан 

Әбішұлы:  «Қалай  болған  күнде  де  бізге  ешкім  бір  жапырақ  нанын  бӛліп  бермейді,  біз 

ӛзіміз  нан  табуымыз  керек  деген  ойда,  яғни  ӛз  күнімізді ӛзіміз кӛретін жағдайда болуымыз 

керек,  біз  ӛз  экономикамызды  ӛзіміз  жасауымыз  керек,  бізге  ешкім  жасап  бермейді.  Ол 

үшін  барлық  саланы  реформалауымыз  қажет,  жаңа  озық  технология  әкелуіміз қажет, бүкіл 

тіршілігімізді  жаңартуға  міндеттіміз.  Әрине,  ондай  жағдайға  жету  үшін  халықтың  бірлігі, 

ынтымақтастығы  керек,  қоғамның  тыныштығы,  түсіністігі  керек.  Тек  сондай  жағдайда 

экономикалық  реформалар  жасауға  мүмкіндігіміз  болады»,  деп,  экономикалық  реформа 

қажеттіктерін  және  сол  кезде  кейінгі  болған  жаңалықтардың  кӛпшілігінің  алғашқы 

баспалдақтарын халық  назарына жария етті. 

1  желтоқсанда  сайлаушылардың        98,  78  пайызының  дауысын  алған  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаев Қазақстанның Тұңғыш  Президенті  болып сайланды. 

Тұңғыш  бүкілхалықтық  Президент  сайлауы  –  біздің  мемлекетіміздің  тарихында, 

мемлекет  болып  құрылып,  тәуелсіздік  алардың  алдындағы  ең  шешуші  оқиғалардың  бірі 

болды. 


1991  жылғы  1  желтоқсан  күнгі  сайлау  аяқталғаннан  кейін  Үкімет  алдында  ұлықтау 

рәсімін,  ресми  қызметке  кірісу  мәселесін  конституциялық  түрде  ӛткізуді  ұйымдастыру 

міндеті  тұрды.  Бұл  жұмысты  жүргізу  Премьердің  орынбасары  Мырзатай  Жолдасбеков 

басқарған  топқа  жүктелді.  1991  жылғы  10  желтоқсан  –  тұңғыш  рет ұлықтау рәсімі болды. 

Ол  туралы  баспасӛзде  де  әлденеше  рет  жазылды.  Сондықтан  оған  кӛп  тоқталмайын, 

ұлықтау  рәсімі  кезінде  жұрт  кӛңілінде  қалған  бір  ғана,  қас-қағым  сәтті  айтпай  кете 

алмаспын. 

Сол  кездегі  Қазақстан  Туы  сахнаға шығарылып, Нұрсұлтан Әбішұлы елге, Ту алдында 

тізе  бүгіп,  Конституцияға  қолын қойып, мемлекетке адал қызмет ететініне тұңғыш рет ант 

берді.  Жаңғырған ұлттық сана жаңа дәстүрге жол ашты. 

Осы  кезде  оқыс,  ешкім  күтпеген,  кӛзімен  кӛрген  адамның  жүрегін  дір  еткізген  бір 

кӛрініс  болды.  Нұрсұлтан  Назарбаев  ант  беріп,  ӛзі  орнына  отырған  кезде  сахнаның 

артындағы  ауыр,  үлкен  шымылдықтың  лебімен  соққан  желдің  күшімен  флагштокқа 

шаншылып  тұрған  ту  құлай  бергенде  сәл  шалқайып  барып,  шап беріп ұстап қалды. Бұл  – 

ғажап  кӛрініс  болды.  Ту  құлап  бара  жатқан  кезде  жүрегіміз  ӛкшемізге  түсті.  Ол  туралы 

кезінде  Мырзатай  Жолдасбеков,  Сауытбек  Абдрахманов  (ол  кезде  Президент 

Аппаратында  бӛлім  меңгерушісінің  орынбасары  болатын)  жазды.  Сахнадағы  жүріс-

тұрыстың  бәріне  жауапты  қызметкер  ретінде  Сауытбек  бекітілген.  Сондықтан  оның бәрін 



тәптіштеп  айтып  жатудың  қажеті  болмас.  Осы  күнге  дейін таң қалатыным  – ту сыртында 

Тудың  құлап  бара  жатқанын  Президент  қалай  сезіп  қалған?!  Ӛзінің  сезімтал  сергек 

табиғатының,  әрі  жинақы,  ширақ,  спортпен  шұғылданып  жүргенінің  арқасы  болуы керек. 

Жел  лебімен  құлап  бара  жатқан  Туды  құлатпай,  бір  қолымен  діңінен  ұстап  қалған  кезде 

зал  қол  соғып  жіберді.  Сонда  біз  бәріміз  ішімізден  «Туымыз  жығылмайды  екен,  қазақтың 

туын  Нұрсұлтан  Назарбаев  қайтадан  кӛтереді  екен»  деп  ырымдадық,  кӛкірегімізге  сенім 

ұялады. Осы сәт менің үнемі кӛз алдымда, есімде. 

Міне,  осындай,  кейде  бір  ғажайып,  күтпеген  оқиғалар,  адамның  сана  сезіміне 

символикалық әсер ететін оқиғалар да болады. 

Шүкір,  халық  сеніп  тапсырған  ұлт  Туын  Нұрсұлтан  Әбішұлы  ӛрлікпен,  ерлікпен 

кӛтеріп-ақ  келеді. 

1991  жылдың  1  желтоқсан  күні  Қазақстанда  ӛткен  тұңғыш  бүкілхалықтық  сайлау, 

шын мәнінде, жаңа дәуірдің  жаңа жаршысы, бастамашысы  болды. 

Сайлау  Қазақстан  халқының  орасан  бірлігін,  тұтастығын,  ынтымақтастығын  кӛрсетті. 

Елдің  еңсесі  кӛтерілді.  Қоғамда  жаңа  қатынас,  жаңа  дүниетаным,  болашаққа  деген  сенім 

қалыптаса  бастады.  Халық  ӛз  тағдырын,  ӛзінің  даму,  ӛркендеу  жолын  ӛзі  таңдай 

алатынына кӛзі жетті. 

Сайлау жаңа ӛмірдің,  жаңа тарихтың беташар  парағы болды. 

Сайлау  ұлтымыздың,  халқымыздың  еркін,  тәуелсіз  мемлекет  құра  алатынына  сенім 

туғызды. 

Ұлықтау  (инаугурация)  ӛткеннен  соң  Тұңғыш  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

ұсынысымен  және  ӛзінің  белсенді  түрде  қатынасуымен  Қазақ  ССР-і  Жоғарғы  Кеңесі 

депутаттарынан  арнайы  жұмыс  тобы  құрылып,  оны  әйгілі  заңгер  Сұлтан  Сартаев  басқа-

рып,  құрамында  –  Салық  Зиманов,  Манаш  Қозыбаев,  Жабайхан  Әбділдин,  Әбіш 

Кекілбаев,  Зинаида  Федотова,  Шерхан  Мұртаза,  Ғайрат  Сапарғалиев  сияқты  кӛрнекті 

тұлғалар  бар,  заң  жобасын  жасады.  Сол  заң жобасы 15 желтоқсан таңертең жарияланып, 

екі  күн  талқылау,  пікірталастан  ӛтіп,  нәтижесінде  16  желтоқсан  күні  кешкі  сағат  он 

сегізден  аса  бере  Заң  талқылауы  аяқталып,  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 

тәуелсіздігі  туралы  Конституциялық  Заң  қабылданып,  ғасырлар  бойы  ата-бабаларымыз 

армандап, талай ұрпақ жолында құрбан болған Тәуелсіздігімізді  жария еттік. 

Міне,  сол  кездегі  біздің  мемлекеттік  тәуелсіздігімізге  бет  түзеген  ірі  оқиғаның 

бастамасы  –  1991  жылдың  1  желтоқсанында  ӛткен  Тұңғыш  Президенттің  тұңғыш 

бүкілхалықтық  сайлауы  еді.  Жаңа  дәстүр  жарыққа  келіп,  Тұңғыш  Президент  күні 

бүкілхалықтық  мереке  болып,  тұрмысымызға  енді.  Сондықтан  да,  бұл  күннің  еліміздің 

тарихындағы  орны  бӛлек.  Бұл  тек  –  жаңа  дәуірдің  жаңа  дәстүрін  бастап  берген  күн.  Ол 

дәстүр біздің  жасампаздық  жолымыздың бастауына айналды. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал