Уа, Алаш баласы! Ақсарбас айтып, сүйінер



жүктеу 0.69 Mb.

бет1/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.69 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

№195 (647) 3 қараша

бейсенбі 2011 жыл

Уа, Алаш баласы! 

Ақсарбас айтып, сүйінер 

күн бүгін! «Өлі разы бол-

май, тірі байымайтынын» 

бағамдаған аталы елдің 

ұланы ұлт болып сүйінер, 

сүйіншілер іс атқарса, 

ақсарбас айтпай, не дер-

міз! 28 қазан күні Алаш 

арыстары, арманда кет-

кен аталарымыз Әлихан 

Бөкейханұлы мен Нығмет 

Нұрмақов жерленген 

Мәскеудегі Дон зира-

тында қос арысымыздың 

рухына тағзым етіліп, 

ескерткіш-тақта орна-

тылды.

ДАТ!

6-б

етте

Ләззат ИБРАГИМОВА:

Кәсіпкерлікке қолдау 

жеткілікті, мәселе 

бизнесменнің 

белсенділігінде болып тұр

ПАРЫЗ


www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

148,04

204,09

4,85

23,30

1,37

11657,96

1510,59

1145,00

110,05

1711

Қара тастың бетіне Алаштың қос 

арысының бейнесі таңбаланып, туған 

жыл дары мен атылған күндері туралы 

де рек берілген. Сол деректердің ете-

гі не қарай Қасым Аманжоловтың:



«Ей, тәкаппар дүние,

Маған да бір қарашы.

Танисың ба сен мені,

Мен – қазақтың баласы!» – деген 

өлең жолдары жазылған!

Ескерткішті қойған – белгілі қоғам 

қай раткері,  Қарағандыдағы  «Бола-

шақ» университетінің ректоры, заң 

ғы лымының докторы Нұрлан Дулат-

бе ков. 

1937 жылы 27 қыркүйекте атылған 

Алаш ардагерлері Дон зиратында №1 

ортақ қабірге жерленген. Бұл ту ра сын-

да өткен жылдардан бері белгілі әли-

хантанушылар Болат Мүрсәлім мен 

Сұл танхан Аққұлы елге сүйіншілеп жа-

зып келе жатқан болатын. Дон қо ры-

мында тәндері мәңгі дамыл тапқан қос 

ардагер ерімізге ескерткіш қойған Нұр-

лан Дулатбеков: «Бұл – менің аза мат-

тық, мұсылмандық парызым! Жал пақ 

жұртқа жариялап, жарнамалау қа жет 

емес», – дейді. Бірақ осынау ата лы істі, 

парасатты парызды атқарған жан ның 

есімін елге жария етпеу – бізге сын!

Ал зираттың ортасындағы алаң-

қай да орналастырылған ескерткіштер 

ара сынан қара тасқа бейнелері бедер-

лен ген қос қайраткеріміздің ескерткіш 

тақ тасы ерекше көзге түседі. 

Әлихан мен Нығмет аталарымыз 

жат қан №1 ортақ қабірдің тұсында 

жа  зық сыз  атылған  жандардың  мүр де-

сін өртеген крематорий әлі күнге дейін 

тұр, бірақ қазір шіркеу ретінде пай да-

ла нылады  екен.

Алаш арыстарының арманы бол ған 

Тәуелсіз елдің өрені енді Мәскеу бар са, 

аталарымыздың басына тәу ете алады. 

Ал Әлекең мен Нығмет ата ла ры мыздың 

б асына ескерткіш қойған Нұр лан Дулат-

беков мырза болса – сол ата ларымыз 

туған өңірдің тумасы, Алаш рухына 

қанығып өскен, ардагер арыстарымыз 

басқан топырақта өнген азамат. 

Арыстарымыз жатқан қорымға 

ескерт кіш қойылды, енді елдік мұрат-

та рымыз жолында сол аталар арманын 

ал 


ға асыру өзгемізге парыз болса 

керек.


Қарағанды

Хан Кененің басы табылса,

Елбасы оны елге әкелуге күш салады 

Серік САҒЫНТАЙ

Алаш арыстарының зиратына ескерткіш қойылды

Кешегі Мәжілістің отыры-

сында Кенесары ханның ба-

сына қатысты мәселе тағы 

бір ауқым сөз болды. Әсілі, 

дәл осы әңгімеге тоқтам 

тек Ханның басы шынымен 

табылғанда ғана бола-

тын шығар. Әмсе сол күнді 

күтеміз. Ал әзірше мәдениет 

министрі Мұхтар Құл-

Мұхаммедтің сөзіне сенсек, 

«өкінішке қарай, қазақтың 

соңғы ханының басы туралы 

еш жерде дерек жоқ». Ал 

нақты деректің шеті шықса, 

Елбасының өзі Кенесары 

ханның басын туған еліне 

әкелуге күш салар еді. 

Тарихтың түрлі толқынында қазақ өзіне тиесілі мә де ни 

құндылықтардың біразынан айырылғаны мағлұм. Ке шегі 

отарлаудың патшалық тұсы былай тұрсын, Кеңес Одағы 

кезінде де ата-баба мұрасы, төрде сақталған төл ескерт-

кіштің біразы «ел көрсін, жұрт таныссын» деген аң ғал 

ниетпен орталыққа ағылғаны және белгілі. Оның ішінде 

де орыстың атақты мұражайларына қазақтың хан дарынан

ақсүйек-төрелерінен бастап, қарапайым жұр тының тәбә-

рік ке сақтап келген құндылығы жөнел тіл ді. Өзбекәлі Жәні-

бе ковтің жанкештілікпен теріскей асқан Түркістанның Тай-

қазанын тұғырына қайта қон дыр ғаны секілді бірді-екілі 

мы салдар болмаса, қазақ да ласынан орыстың мәдени-мұ-

ражайлы шаһарларына аттанған құндылықтар қайтпай 

қал ды. Кеңес Одағы қирандыға айналған тұста жасалған 

ке лісімге сәйкес, ондай құндылықтар қайтарылмайды да, 

сол елдің мә дени құндылығы ретінде сақталып қала береді. 

Бұл – ке шегі тарих барысындағы кеткен олқылық. Ал ондай 

ол қы лықтар қайталанбас үшін не істеу керек? Қолда бар 

мә 


дени құндылықтарды сұғанақ қолдардан сақтап, 

шетелге асудан қорғау үшін не қам керек? Бұндай қамды 

ке шегі отырыста мәжілісмендер жүзеге асырды. Атап айт-

қан да, депутаттар «Мәдени құндылықтарды заңсыз әке-

луге, әкетуге және оларға меншік құқығын беруге тыйым 

салу мен олардың алдын алуға бағытталған ша ра лар ту-

ра лы кон венцияны ратификациялау туралы» заң жобасын 

ма  құл даған  болатын.

Конвенцияда көзделген мәдени құндылықтарға нені 

жат  қызуға болады? Оған әрбір мемлекет археология, та-

рих қа дейінгі кезең, тарих, әдебиет, өнер және ғылым үшін 

маңызы бар деп қарайтын діни немесе зайырлы си паттағы 

құндылықтар жатады. Яғни Париж кон вен ция сына сәйкес, 

мәдени құндылықтар санатына сирек кездесетін флора 

мен фауна үлгілері, ірі тарихи оқиға мен белгілі адамдарға 

қатысты заттар, археология жаңа лық тары, сирек қолжаз-

ба лар, көне кітаптар мен пошта мар калары, сондай-ақ 

жасал ғанынан 100 жылдан астам уақыт өткен тиындар, 

мөр лер, жиһаздар т.б. заттарды жатқызуға болады. 

Қанат ҚАЗЫ

Жалғасы 3-бетте 

Ғани ҚАСЫМОВ,

Сенат депутаты: 

– Бүгінде сегіз миллион фунт 

дегеніміз – бірінші лигадағы еу ро-

па лық футбол клубтарындағы ор-

та ша бір ойыншының құны. Біздің 

еліміз үшін ондай ақшадан айы ры-

лу мемлекеттік қызметкердің жүз 

теңге жоғалтып алуымен бір дей. 



(Британдық экс-премьер Тони 

Блэрдің ақылы түрде 

қазақстандық жобаларға жұмыс 

жасауы жөнінде. megapolis.kz 

сайтынан)

...де

дiм-ай, а

у!

2-бет

2-бет

5-бет

Тәуелсіздік айнасы

Ғаламдық 

анықтамалықтың қазақ 

тіліндегі қоры артты 

«Алаш көсемсөзі»

10 томға арқау болды

ШЕШІМ


БТА Банкінің Әбіләзов пен банктің басқа да жетек ші-

ле ріне және олардың сыбайластарына қарсы талап-

арыз дары бойынша өткен сот отырысы барысында 

Англияның Жоғарғы соты сотты сыйламағаны үшін Пол 

Киф реотиске бір жыл тоғыз ай мерзімге түрмеге қамау 

түрінде жаза тағайындау жөнінде шешім шығарды. Пол 

Кифреотис Әбіләзовтің негізгі сыбайластарының бірі 

болды және өз бизнесі арқылы Кипрде Әбіләзовке ар-

нал ған оффшорлық компаниялар желісін басқарды. Дәл 

осы Кифреотис пен оның қызметкерлері ондаған оф ф-

шор лық компанияның номиналды акционерлері, бе не-

фициарлары және директорлары болған, БТА-дан 

ұрланған қаржы солар арқылы шығарылып, әрі қарай 

жіберіліп отырған. Кифреотис БТА-ның сомасы 300 млн 

доллар болатын құнды қағаздарын жымқырумен бай-

ла нысты шығынды өтеу туралы Әбіләзовке, Солодченкоға 

және тағы бірқатар адамдар мен компанияларға қарсы 

талабы бойынша ортақ жауапкер болды. Осы талаптың 

шеңберінде Англияның Жоғарғы соты Кифреотистен 

оның активтері, сонымен бірге қаржының қайда ау да-

рыл ғаны туралы ақпараттарды жария етуді талап еткен 

бұйрық шығарды. Кифреотис өзінің жауаптарында өзге 

ортақ жауапкерлер тарапынан қысым көргендіктен сотқа 

жалған ақпарат бергенін мойындады.

Алайда банк сотқа жаңадан табылған хаттарды ұсын-

ды. Онда Кифреотис Әбіләзовтен және оның жұбайының 

бауыры Шалабаевтан 4,5 млн фунт төлеп беруді та лап 

етеді. Ол Кипрда тұрақтаған Британия азаматы бо ла тын. 

Банк бұл мәліметтердің Кипрде де қуатталуы үшін арнайы 

шараларды қарастырып жатыр. Сондай-ақ Кипр де жер-

гілікті заңдық тәртіп бойынша сотқа құрмет көр сетпегені 

үшін Кифреотистің үстінен қосымша іс қа ра лу да. 

Кифреотисті түрмеге қамау туралы жазасы Жоғарғы 

сот өкілдерінің БТА Банкінің арызы бойынша шығарған 

үшінші шешімі болып табылады. Мұндай жағдай 

Шалабаев пен Степановтың ісінде қайталанған болатын. 

Сотты сыйламағаны үшін  Әбіләзовтің өзіне де қатысты 

жауапқа тарту процесі 2011 жыл дың 28 қарашасында 

басталады. Дегенмен оның заңгерлері мен қор ғау-

шылары істі ба рын ша созып, мүмкіндігінше тоқтатуға 

әре кет тенуде.

Әбіләзовтің 

сыбайласы сотталды

Англияның Жоғарғы соты сотты сыйламағаны 

үшін Пол Кифреотиске бір жыл тоғыз ай мерзімге 

түрмеге қамау түрінде жаза тағайындау жөнінде 

шешім шығарды.

ОЙ-КӨКПАР 



Қырғызстан Кедендік одаққа кірген жағдайда еліміз үшін тиімді бола ма? 

ЖОҚ

– Біріншіден, Қырғызстанның Кедендік 

одаққа ену-енбеу мәселесі әлі толық ше шіл-

ген жоқ. Шешілу жолы да белгісіз. Себебі ол 

үшін Қырғызстан ДСҰ-дан шығуы ке рек не-

месе Кедендік одаққа мүше елдер ДСҰ-ға 

енуі керек. Қырғызстандағы кедендік баж 

са  лы ғының көлемі өте төмен. Ал біз де, кері-

сін ше, жо ғары. Қырғызстан өнімді сырт тан 

та  сы мал  даушы  болса,  Кедендік  одақ  –  отан-

дық өнім дерге (Кедендік одақ аумағындағы) 

ба  сымдық беретін құрылым. Бұл тұп-тура 

қа  рама қарсы сәйкессіздік бо лып отыр. Оны 

реттеудің оңтайлы жолын әлі ешкім ұсынған 

жоқ. Сол сәйкессіздіктерге қа рамастан, саяси 

ырық қа салып енгізіп жі берсек те, бұл шешім 

бәлендей жемісін бере қояды деп айта ал-

маймыз. Саяси жа ғынан да, экономикалық 

тұрғыдан да ауыз толтырып айтарлықтай 

тиім ділік көріп отыр ған жоқпын.   



ИӘ

– Қырғызстанның Кедендік одаққа енуі 

дұрыс қадам болады деп есептеймін. Әсіресе 

саяси мәселелерде бұл қадам Қазақстан үшін 

де тиімділігін көрсетер еді. Қазақстан Кеден-

дік одақтың ішінде де өзіне жақын әріптес 

табар еді. Мәселен, Кедендік одақтың ішінде 

Қазақстан өзінің мүддесін қорғай алмай жа-

тыр деген пікір жиі айтылады. Егер Белорус-

сия мен Ресей өзара жақынырақ елдер болып 

есептелсе, Қырғызстан Қазақ стан ға жақындау. 

Бұл – Кедендік одақтың өз ішін дегі балансты 

сақтауға тамаша мүм кін дік.

Экономикалық тұрғыдан алып қарағанда 

да тиімді тұстары аз емес. Қырғызстанның 

Кедендік одаққа енуі алдымен баға нарығына 

жағымды әсер ететіні анық. Мәселен, Қытай 

және басқа да елдерден енген тауарлар Ке-

дендік одақ аймағына тиімді бағалармен 

тарауы мүмкін.  



3-бетте

Андрей ЧЕБАТАРЕВ, 

«Альтернатива» өзекті мәселелерді 

зерттеу орталығының директоры:

Замир ҚАРАЖАНОВ, 

саясаттанушы:

Қырғызстанның Кедендік одаққа ену мүмкіндігі 

жайлы әңгіме – өткен жылдан бері жиі қозғалған 

тақырыптардың бірі. Мұндай қадамға баруға 

Қырғызстанның ДСҰ-ға мүшелігі айтарлықтай 

кедергі келтіретініне қарамастан, қырғыз ба-

уырлар мүшелікке деген ұмтылысын жасыр-

майды. Роза Отынбаева кезеңінде басталған бұл 

мәселе президенттік сайлауда жеңіске жақын 

қалған Алмазбек Атамбаев билікке келгеннен 

кейін де жалғасын табары сөзсіз. Себебі Қырғыз 

премьері бұған дейін Кедендік одаққа ену бас-

тамасын өзі де қолдаған болатын. Алайда бұл 

жаңалық Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін? 

Бұл жөнінде отандық сарапшылар әртүрлі 

болжам жасайды. 

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№195 (647) 3.11.2011 жыл, бейсенбі



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

ӨРКЕНИЕТ


Жылыжайды кім ойлап тапқан?

ІЗ.ДЕН.ІС



«Алаш көсемсөзі» 10 томға арқау болды

Қанат ҚАЗЫ

Бұл онтомдықты алаш тұсының мәт бұ-

ғат тық шежіресі ретінде ғана емес, Алаш 

арыс тарының жүрегінен жалындап жарып 

шыққан үндерінің жаңғырық жиынтығы 

десе де болатындай. Сондықтан да өшкенді 

жаңғыртып, «Алаш көсемсөзі» онтомдығын 

шығаруға күш салған Л. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университеті Журналистика 

мәселелерін зерттеу институтының дирек-

то ры, профессор Намазалы Омашұлына 

зор ықылас білдірген артықтық етпес. 

«Осыдан 90 жылдай бұрын жазған ма-

қа ласында Ахаң «Қазақ жем болудан дек-

рет қуатымен құтылмайды, мәдениет қуа-

ты мен құтылады» деген екен. Аталған мә-

де ниеттің сәулелі көріністерінің бірі – бас-

пасөз. Баспасөзді күшті ету арқылы жұрт-

тың өзін күшті етуге тырысқан да – тағы 

солар. Қараңғыда қамалып жатқан жұртқа 

түң лік түріп «Қазақ» деп газет ашты. Сөйт-

кен «Қазақты» көзі қарақтылардың оқы-

май қалғаны кем. «Қазақ» та өз оқырманын 

күзгі таңның салқын желіндей ши рық ты-

рып, өлім ұйқысынан оятты, етек-жеңін 

жи ғызды. «Қазақ» газетінің осындай өр-

не 

гін көріп, Ахаңдар мектебінен тәлім 



алып, іс майданына көз һәм құлақ болуға 

содан кейін де бірқыдыру баспасөз тобы 

келді», – деп бастайды сөзін Намазалы 

Омаш ұлы. Бұл ретте профессор «Қазақ» 

газетінің ізін басып, Тәуелсіздікке ту тік пек-

ке, ұлттық мұрат жырын жырламаққа бел 

буған баспасөз туралы әлі де жалқы тү-

сініктер, жалаң пікірлер айтылып жүр гені-

не назар аудартады. Расында, осы мә се-

леде түбегейлі түсінік беру, талдау мен 

мо 

нографиялар жоқтың қасы дерлік. 



Сондықтан да профессор Н. Омашұлы 

жарық көрген «Алаш көсемсөзін» дәл қа-

зір гі таңда жаңғыртудың бірнеше себебін 

алға тартады. «Біріншіден, Алаш қайрат-

кер лері ел Тәуелсіздігі мен азаттығы туралы 

кемінде осыдан 70-80 жыл бұрын ілгерірек 

ойлады. Бүгінгі күні тәуелсіздікке тұғыр бо-

ла 


тын ойларды, идеяларды Алаш мұ-

раларынан молынан табамыз. Олар жазған 

кө 

семсөздердің, айтқан ойлардың зор 



ықы лас пен қабылданып, қажеттілікке ай-

на луының сыры да осында. Екіншіден, 

аяулы тұлғалардың көсемсөзі халық сана-

сы нан әдейілеп өшірілді. Қысқа уақыт ара-

лы ғында араб жазуынан – латынға, одан 

ки риллицаға көшіру саясаты халықтың 

бүт кіл рухани әлеміне зардабын тигізді. 

Алаш қайраткерлері ақталған күннің өзінде 

бүгінгі ұрпақ олардың не жазғандарынан 

бейхабар. Себебі шағатай, араб жазуларын 

кез келген бүгінгі толқын еркін оқи ал-

майды. Тәуелсіздік алған жылдардан бері 

Алаш қайраткерлерінің саяси қызметі, 

әде би шығармалары, тарихы біраз зерт-

тел ді. Ал көсемсөздері тұңғыш рет көп том-

дық ретінде енді ғана шығып отыр. Белгілі 

бір тарихи оқиғаларды зерттеп, оларға 

баға берерде сол кезеңде жарық көрген 

баспасөзге, онда жарияланған көсемсөзге 

жүгінбеу мүмкін емес. Өйткені сол кезеңнің 

шын дығын, уақыттың үнін айна-қатесіз 

беретін – баспасөз. Осындай игілікті істі 

ны санаға алып Журналистика мәселелерін 

зерттеу институты бұған дейін ғылыми 

айна лымға толық түспеген, еліміздің және 

шетелдің мұрағаттарында жатқан алаштық 

бас пасөз өнімдерін көптомдық етіп, көп-

шілікке ұсынуды қолға алды», – дейді 

профессор. 

«Алаш көсемсөзі» 10 томдығының 

ерек  шелігі – бұнда бұрын-соңғы ғылыми 

ай налымға түспеген ХХ ғасырдағы ұлт 

бас пасөзінің жауһарларынан сыр шертеді. 

Ондағы журналистикалық шеберлік те 

оқырманға сол қалпында жеткізіледі. 

«Алаш көсемсөзінің» 1-2-томы «Шолпан» 

жұр 

налына, 3-4-том «Жас Түркістан», 



5-томы – «Сана», 6-7-томы – «Таң», 

8-томы «Абай» жұрналдарына бұйырса, 

9-10-томы «Сарыарқа» газетіндегі Алаш 

қайраткерлерінің мұраларын қамтыған. 

Расында, шаң басқан архивтерден том 

томдық еңбектерді аршып алып, қазақ 

журналистикасын зерттеуге құлшыныспен 

кіріскен 

Еуразия 

университетіндегі                     

Н.Омаш ұлы бастаған ынталы топтың осы 

бастамасын зор табыс деп атауға болады. 

Оның бір себебі жоғарыда көрсетілсе, 

екіншіден, қайсыбір баспасөздің түп нұс-

қасы, негізінен, шетелдерде ғана сақ тал-

ған. Соның бірді-екісіне тоқталсақ. «Жас 

Түркістан» журналы   Мұстафа Шоқайдың 

редакторлығымен 1929-1939 жылдары 

Бер линде Түркістан халқына ортақ шағатай 

тілінде жарық көрді. Біртұтас Түркістан 

тәуел сіздігі идеясын көтерген, түркі жұр-

ты ның азаттығы үшін күрескен басылым. 

Оның түпнұсқасы елімізде жоқ, АҚШ-тың 

Колумбия университетінде. «Бұрын Мұс-

та фаның жеке-дара еңбектері қарас ты-

рыл са, бұл көптомдықта бүкіл басы лым-

дағы жарияланымдары тұтасқа жуық бе-

рі ліп отыр. «Алла елімнің тәуелсіздікке қол 

жет кізгенін көруді нәсіп етсе, мен тек үгіт-

на сихат ісімен айналысар едім», – депті 

М.Шоқай. Ол тәуелсіздіктің қымбаттығын 

осылай сезінген», – дейді Н.Омашұлы. 

«Жас Түркістанның» тек Еуропа мен Түр-

кия ның белгілі жерлерінде ғана емес, со-

ған қоса Иран, Ауғанстан, Қытай, Жапония, 

Сирия, Арабстанда да оқырмандары бол-

ғаны да анықталыпты. Ал «Шолпан» жур-

на лы – Ташкентте 1922 жылғы қазаннан 

бас  тап  1923  жылдың  маусымына  дейін 

айына бір рет шығып тұрған саяси, білім 

мен әдебиетті қамтыған қырғыз-қазақ ба-

сы лымы. «Шолпанның» түпнұсқасы да Өз-

бекстанда сақтаулы. «Қазір өзбек мұ ра-

ғатынан екі томдық басылым түгіл, екі 

бет тік қағаз алу қиын. Ал шекарадан шы-

ғару тіпті мүмкін емес. Осындай кедер гі-

лерге қарамастан, «Шолпанды» түгелге 

дерлік Алаш оқырманының қолына тигізіп 

отырмыз», – дейді Н.Омашұлы. 

Сонымен, «Алаш көсемсөзі» жұрт шы-

лыққа жол тартты. Ал бұл бағыттағы қы-

руар жұмысты, негізінен, үш адам атқар-

ғанға ұқсайды. Олар: жоба авторы әрі же-

Шарманка қандай аспап? 

Осының бәрін бүгінгі жұртқа, ертеңгі 

ұрпаққа насихаттап, өнегелі өсиет қылуда 

жырдан шебер құрал жоқ. Сол себепті де 

Қазақ стан Жазушылар одағының Астана 

фи лиалы Астана әкімдігі мен Мәдениет 

бас қармасының қолдауымен биыл «Тәуел-

сіздікке тарту» деген тақырыппен рес пуб-

ли калық мүшәйра жариялап отыр. Ақын 

Несіпбек Айтұлының сөзімен айтсақ, бұл 

мү шәйраның алтын өзегі – Тәуелсіздік! 

Мұндай мүшәйра Жазушылар одағының 

Астана филиалында бұрын-соңды бол ма-

ған. Қаржы жағы да айтарлықтай қомақты. 

Бас бәйге – «темір тұлпар!» 



Несіпбек АЙТҰЛЫ, ақын:

– Біздің мүшәйраның басқаларынан 

ерекшелігі – оның қазылар алқасы кім 

екенін бүгінге дейін ешкім білмейді. 

Оны айтпаймыз. Жариялап қойсақ, 

бая ғы телефон соғу, жең ұшынан жал-

ға су, кісі салу, өтініш айтулармен әділдік 

болмай қалады. Сондықтан оны құпия 

ұстап отырмыз. Бұл – бір. Екінші ерек-

ше лігі – біз ашық мүшәйра жариялап 

отырмыз. Яғни 2011 жылы баспасөзде 

жарияланған Тәуелсіздігімізді жыр лай-

тын топтама өлеңдерге, толғауларға, 

поэ маларға, сондай-ақ әлі жария лан-

баған, жаңа туындыларға ашық конкурс 

жарияладық. Конкурс шарты бойынша 

қарашаның 20-сына дейін шығар ма-

лар ды қабылдаймыз. 20-сы күні кешкі 

алтыда шығарма қабылдауды доға ра-

мыз, әрі қарай 10 күндей қазылар ал-

қасы жұмыс істеп, желтоқсанның біріне 

жеңімпаздарын анықтайтын болады. 

Содан кейін бәйге алған, жүлдегер 

ақындарымызды шақырып, шамамен 

желтоқсанның 10-ына қарай мара пат-

тау ды жоспарлап отырмыз. Нақты қай 

күні екенін таянғанда хабарлайтын бо-

ламыз.

Айбын БАҚЫТҰЛЫ

Мүшәйраның 

алтын өзегі – 

Тәуелсіздік!

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы 

жас Қазақ мемлекетінің 

тарихындағы аса маңызды, 

келер ұрпақ үшін тәлімі мен 

тағылымы мол оқиға болуы 

тиіс. Осы мерекеде біз әлем-

жәлем тойға емес, өткен 20 

жылда еңсерген асуларымыз 

бен жүріп өткен белестерімізді 

таразылауға мән бергеніміз 

жөн. Ал бұл жолда басқа 

түскен тауқыметіміз де, ме-

рейімізді асырып, көңілімізді 

тасытқан зор жетістіктеріміз де 

баршылық. 

ШАРА


Ғаламдық анықтамалықтың қазақ тіліндегі қоры артты 

ұлттық әл-ауқат қоры мен Nokia ком па-

ния сының атынан бағалы сый-сия пат тар-

мен марапатталды.




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал